Жаратылыстану дамуының ерекшеліктері



Глоссарий
Жаратылыстанудың даму кезеңдері
Ертедегі грек ғылымының даму кезендері
Атомизм концепциясы
Әлем бейнесін ғылыми тұрғыдан жүйеге келтіру әрекеті. Аристотельдің жаратылыстық ғылыми төңкерісі
Евклид геометриясы
Эллинизм дәуіріндегі ғылымның дамуы
Архимедтің заттар тепе.тендігі туралы ғылымы
Әдебиет
Жаратылыстанудың даму кезеңдері
Жаратылыстануды уақыт дамуына қарай зерттей отырып меңгеру оңайырақ болады. Сонымен ғылымның өткен өміріне сапар шегіп керелік. Қазіргі жаратылыстану жүйесіне Табиғат туралы жаңа ғылымдармен қатар ежелгі грек натурфилософиясы, орта ғасырлардағы жаратылыстану, Жаңа уақыт ғылымы және XX ғасырдың басына дейінгі классикалық жаратылыстану сияқты білімнің тарихи салалары да кіреді. Бұл адамзаттың біздің ғаламшарымыздағы өз ғұмырында ұзақ жылдар бойы жинаған барлық білімдерінің нағыз түпсіз қазынасы. Осы салаларды біз арнайы ғылымдардағы табиғаттың фундаментальдық идеялардың ашылуымен, ал революцияларды - белгілі парадигмалар мен көзқарастардың өзгеруімен байланыстыра отырып қарастырамыз (парадигма — осы күнгі типтік немесе базалық схема, мәселелерді қоя білу мен шешу үлгісі). "Ғылыми революциялар" ішінен "физикадағы ғылыми революцияларды" жеке бөліп қарастыруға болады, себебі олар жаратылыстанудағы кардиналды өзгерістердің негізгі себептері болды.
Бір этаптан басқа этапқа өту және бір революциядан басқаға өту адам ойының триумфальды түрдегі аяқ алысына мүлдем ұқсаған жоқ. Ғылымның магистральды бағытта дамуы көптеген "айналмалы жолдар", "кейін шегіну", "бір орында тұрып қалу" сияқты кезендер арқылы жүріп отырды. Ғылым ол кезде баяу дамыды, бірақ та оның нәтижелері жаратылыстанудағы парадигмалардың ауысуына әкеліп тұрды. Енді осы өткен замандарға қарай сапар шегейік!
Әдебиет

1. С.Д.Фазылов, З.М.Молдахметов, А.М. Ғазалиев. Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциялары, Алматы 2003 ж.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ДАМУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Глоссарий
Жаратылыстанудың даму кезеңдері
Ертедегі грек ғылымының даму кезендері
Атомизм концепциясы
Әлем бейнесін ғылыми тұрғыдан жүйеге келтіру әрекеті. Аристотельдің
жаратылыстық ғылыми төңкерісі
Евклид геометриясы
Эллинизм дәуіріндегі ғылымның дамуы
Архимедтің заттар тепе-тендігі туралы ғылымы
Әдебиет

Глоссарий
Галактика – жүздеген миллиард жұлдыздардан және ондаған немесе
жүздеген мың жарық жылдарына тең диаметрлі үлкен жұлдызды жүйелер.
Геоцентризм (лат. gео — Жер) — біздің планетарлық жүйеміздің ортасында
Жер тұр, ал Күн мен басқа планеталар (ғаламшарлар) оны айналып жүреді деген
тұрғыдағы концепция.
Гелиоцентризм (грек. һеlіоs - Күн) — Күн жүйесінің ортасында Күн
орналасқан, ал басқа планеталар оны айналып қозғалады тұрғысындағы
концепция.
Бірінші жаратылысты-ғылыми төңкерістің нәтижесі - Аристотельдің
геоцентрлік жүйе туралы ғылымының жасалуы.
Архимед (б.э.д. 287-212) — ертедегі Грецияның механика заңдарын жұмыс
істейтін машиналар құрылмасында іске асыруға талпынған математикалық
физиканың алғашқы ғалым-өкілі (иінтірек заңын, салмақ ортасы туралы ілім,
денелердің жүзуі және басқалар).
Архимед заңы - "Сұйыққа батырылған денеге дене ығыстырған сұйықтың
салмағына тең кері итеруші күш әсер етеді.
Иллинизм дәуірі - Александр Македонскийдің жеңістерінен кейін грек
мәдениеті мен ғылымының осы империяның барлық елдеріне тарай бастау кезеңі.
Бруно Д. - Коперниктің идеясын қызу қолдаған доминикандық монах.
Католик шіркеушілері шіркеуге қарсы дін бұзарлық күпірліктің көрінісі деп
діннен азғандығы үшін отқа жағып жіберді.
Галилейдің салыстырмалы принципі - "Жабық жүйенің ішінде жүргізілген
ешқандай механикалық тәжірибелермен жүйенің тыныштықта немесе бірқалыпты
және тік сызықты қозғалыста екендігін анықтау мүмкін емес".
Жаратылыстанудың даму кезеңдері
Жаратылыстануды уақыт дамуына қарай зерттей отырып меңгеру оңайырақ
болады. Сонымен ғылымның өткен өміріне сапар шегіп керелік. Қазіргі
жаратылыстану жүйесіне Табиғат туралы жаңа ғылымдармен қатар ежелгі грек
натурфилософиясы, орта ғасырлардағы жаратылыстану, Жаңа уақыт ғылымы және
XX ғасырдың басына дейінгі классикалық жаратылыстану сияқты білімнің тарихи
салалары да кіреді. Бұл адамзаттың біздің ғаламшарымыздағы өз ғұмырында
ұзақ жылдар бойы жинаған барлық білімдерінің нағыз түпсіз қазынасы. Осы
салаларды біз арнайы ғылымдардағы табиғаттың фундаментальдық идеялардың
ашылуымен, ал революцияларды - белгілі парадигмалар мен көзқарастардың
өзгеруімен байланыстыра отырып қарастырамыз (парадигма — осы күнгі типтік
немесе базалық схема, мәселелерді қоя білу мен шешу үлгісі). "Ғылыми
революциялар" ішінен "физикадағы ғылыми революцияларды" жеке бөліп
қарастыруға болады, себебі олар жаратылыстанудағы кардиналды өзгерістердің
негізгі себептері болды.
Бір этаптан басқа этапқа өту және бір революциядан басқаға өту адам
ойының триумфальды түрдегі аяқ алысына мүлдем ұқсаған жоқ. Ғылымның
магистральды бағытта дамуы көптеген "айналмалы жолдар", "кейін шегіну",
"бір орында тұрып қалу" сияқты кезендер арқылы жүріп отырды. Ғылым ол кезде
баяу дамыды, бірақ та оның нәтижелері жаратылыстанудағы парадигмалардың
ауысуына әкеліп тұрды. Енді осы өткен замандарға қарай сапар шегейік!
Ертедегі грек ғылымының даму кезендері
Ең ерте заманғы ғылымдарға Египет пен Междуречья жрецтері жасаған
астрономияны, геометрияны және медицинаны жатқызамыз. Осы бағыттағы үлкен
табыстар Ертедегі Қытай мен Ерте заманғы Индияда да болды. Айта кету керек,
бұл ғылымдар сол кезде жеке ғылым түрінде болған жоқ, олар философтік-
діндік ойдың бір бөлімі ретінде болды.
Әлемді тылсым күштердің көмегінсіз-ақ түсіну және түсіндіру әрекеті
алғаш рет ежелгі гректер тарапынан жасалды. Ғылымның тууы шын мәнінде
б.з.д. VII-VI ғасырларда Ежелгі Грецияда басталды. Бұл ғылым натурфилософия
(латынның natura - табиғат) деп аталды, ал сол кездің данышпандары әрі
философ, әрі ғалым болды. Мұнда бірінші ғылыми мекемелер: Платонның
академиясы, Аристотелдің лицейі, Александриялық мұражай пайда бодды.
Ертедегі грек ғылымы біртұтас табиғат, қоғам туралы ғылым еді. Сол кездің
данышпандарын әрі физик, әрі математик, әрі астроном, әрі тарихшы деп
айтуға болатын. Грек философтары қоршаған ортаны байқаудан шыққан
фактілерді жинақтап, оларға анықтама беріп, немесе олардың санын көбейтумен
ғана айналысқан жоқ, олар қайта деректерді бір жүйеге келтіріп, олардың
арасындағы байланысты іздеп, логикалық түрде жаңа білімдер жасады.
Ертезаман данышпандары тек қана ойлау, қиялдау күшімен ешқандай да жүйелі
тәжірибелерге сүйенбей-ақ қоршаған әлемді түгел қамтып түсіндіруге тырысты.
Дәл осы Грецияда бірнеше рет Әлемнің материалдық біртұтастығы мен оның
дамуы туралы идеялар ұсынылды. Мысалы, данышпандар Фалестің (б.э.д. 625-
547), Анаксимандрдің (б.э.д. 610-547), Гераклиттің (б.э.д. ҮІ-Ү ғ.),
Анаксагордың (б.э.д. 500-428) ілімдерінде Әлемнің біртұтастығы мен барлық
заттың бір заттан (судан (Фалес), оттан (Гераклит), ауадан (Анаксимен),
апейроннан (Анаксимандр)) пайда болуы туралы тұжырымдар қарастырылады.
Математика, астрономия мен физика салаларындағы көптеген жетістіктер
Пифагордың (б.э.д. 582-500) және оның оқушылырының жетістіктерімен
байланысты.
Медицинаның жеке ғылым ретінде дамуы Гиппократтың (б.э.д. 460-370)
есімімен байланысты, ол оған ғылыми статус әкеліп, оны әр түрлі әдістермен
қамтамасыз етті. Гиппократтың медициналық еңбектері өте көп және әр түрлі.
Оның еңбектерінің негізгі тезисі - медицина әр түрлі ауруларды дәл
әдістермен жүйелі, байланысты түрде сипаттау негізінде дамуы керек.
Сол заманның аса үлкен данышпаны Аристотель (б.э.д. IV ғ.) өзінің
атақты шығармаларында ("Физика", "Метафизика") сол уақытқа дейінгі
жинақталған барлық деректерді біріктіріп, грек ғылымының жеткен биік
жетістіктерін көрсетті.
Атомизм концепциясы
Античтік атомистика - материяның дискретті құрылысы туралы біздің
эрамызға дейінгі VI-V ғ. Ертедегі Грецияда пайда болған материалистік ілім.
Античтік атомизмнің негізін құрушылардың бірі ертезаманғы ұлы
данышпандардың бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) барлық дүние тек бос кеңістік
пен атомдардан тұрады деп тұжырым жасады. Античтік атомизм себептің қатаң
үстемдігін мойындап, табиғаттағы барлық заттардың айырмашылығы олардағы
атомдардың әр түрлілігімен түсіндірілді. Демокрит ертедегі атомистиканың
негізін салушылардың бірі Левкипптің (б.э.д. 500-400) оқушысы еді. Ол
атомдар барлық заттардың ең соңғы негізі (түбірі), олар еш бөлінбейді және
олардың ішкі құрылысы жоқ деді. Олар жаңадан пайда болмайды және
жоғалмайды.
Демокрит ілімінің мәні мынада:
1. Атомдар мен таза кеңістіктен басқа ештеңе де жоқ.
2. Атомдар саны жағынан шексіз жөне қалпы жағынан шексіз әр түрлі.
3. "Ештеңе жоқтықтан" ештеңе шықпайды.
4. Ештеңе де кездейсоқ болмайды, тек қана белгілі бір негізге және
қажеттілікке байланысты болады.
5. Заттар арасындағы айырмашылық олардың атомдарының санының
көлемінің қалыбының және ретінің айырмашылығына байланысты болады.
Демокрит ілімін дамыта отырып, Эпикур (б.з.д. 341-270) атомдық
көзқарастардың негізінде барлық жаратылыстық, психикалық және әлеуметтік
құбылыстарды түсіндірмекші болады. Егер Демокрит пен Эпикурдың барлық
пікірлерін жинақтап көрсек, онда, жақсы қиялымыз болса, олардың
еңбектерінен атомдық және молекулярлық-кинетикалық теорияның нышандарын
көруге болады. Ежелгі гректік атомшылардың ілімі бізге Лукрецийдің (б.э.д.
99-56) әйгілі "Заттар табиғаты туралы" поэмасы арқылы жетті.
Әлем бейнесін ғылыми тұрғыдан жүйеге келтіру әрекеті. Аристотельдің
жаратылыстық ғылыми төңкерісі
Дүние туралы білімдердің жинақталу шамасына қарай оларды жүйеге
келтіру міндеті өзекті бола түсті. Бұл міндетті көне дәуірдің ұлы
ойшылдарының бірі, Платонның оқушысы Аристотель (б.з.д. 384-322) жүзеге
асырды. Аристотель Ескендір Зұлқарнайынның ақырғы күніне дейінгі ұстазы
болды. Ол бірінші болып жаратылыстанудың ғылым ретінде негізін салды,
көптеген жеке жаратылыстану ғылымдарының дамуына жол салды. Аристотель
тақырыбы, көлемі, маңыздылығы әр түрлі көптеген еңбектер жазып қалдырды.
Олардың ішінде оның мына еңбектерін атап өтуге болады: "Категориялар", "
Физика", "Метеороголика", "Метафизика", "Жануарлар тарихы", "Жануарлар
құрам бөліктері", "Жануарлардың қозғалуы туралы", логика туралы
трактаттар және т.б. Осы еңбектерінде ол өзінің жан-жақты және
терең білімділігін көрсетеді. Солардың бірі "Физикада" ол материя мен
қозғалыс туралы, кеңістік пен уақыт, шектілік пен шексіздік, өмірдегі
себеп-салдарлар туралы мәселелерді қарастырды.
Өзінің "Аспан туралы" деген еңбегінде ол Жердің жайпақ тарелка
тәріздес емес (сол кездегі пікірге сәйкес), дөңгелек шар екендігіне екі
салмақты дәлел келтіреді.
Біріншіден, Аристотель айдың тұтылуы Жер Ай мен Күннің арасына
келгенде болатындығын аңғарды. Жер Айға ылғи да деңгелек көлеңке түсіреді,
ал бұл жағдай егер Жер шар тәріздес болса ғана болуы мүмкін.
Екіншіден, өз саяхаттарының тәжірибесінен гректер Поляр жұлдызының
аспанда оңтүстік аймақтарда, солтүстіктегіге қарағанда, төменірек
орналасатындығын білді. Поляр жұлдызы Солтүстік полюсте бақылаушының дәл
төбесінде тұрды. Ал Экватордағы адамға ол көкжиек сызығының деңгейінде
тұрған сияқты болып көрінеді. Поляр жұлдызының осылай орналасуынан бұл
көріністің Мысыр мен Грециядағы айырмашылығын біле отырып, Аристотель
Экватордың ұзындығын есептеп шығарды. Рас, бұл ұзындық біршама артық болып
шыққан (жобамен екі есе), дегенмен, бәрібір сол уақыт үшін бұл үлкен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаратылыстану дамуының негізгі кезеңдері
Ғылыми концепциялар мәселесі
Ғылым тарихы мен философиясының дамуының әлеуметтік мәні
«Қазіргі жаратылыстану концепциялары» курсы бойынша дәрістер
12 жылдық жалпы орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері
ГЕОГРАФИЯ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тарихи-педагоги-калық негіздері
Мектеп курсында генетиканы зерттеудің ерекшеліктері
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 жылдық білім беру мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы
Салыстырмалы педагогика ғылым ретінде
Пәндер