Өнегелі елдің өнерпаздары


ӨНЕГЕЛІ ЕЛДІҢ ӨНЕРПАЗДАРЫ
Қашанда өнегелі елдің өнерпаздары көп. Өнерпаз қауым өнегелі елден шығады. Өнерпаз ел сауықшы болатыны белгілі. Мысалға Абай ауылын атауға әбден болады. Ол ауылдан, әсіресе ақындар көп шыққан Абай, Көкбай, Ақылбай, Шәкәрім тағы да басқалардың дәстүрін Мұхтар Әуезов жалғастырып, аты әлемге әйгілі ұлы жазушы болды.
Мен қазіргі Қызылқұм ауданын тек экономикасы өсіп, өркендеген ел ғана емес, сонымен қатар мәдениеті өскен өнерге бай өнегелі ел деген болар едім. Атақты ғалым Әл-Фараби туып өскен жерді мекендеген ел өнерсіз болмауға тиіс.
Мен Қызылқұм ауданында екі жыл қызмет істедім. Сол мерзімнің ішінде екі нәрсеге көзім жетті. Бірі- қызылқұмдықтар еңбек сүйгіш, екінші жағынан өнерпаз ел. Сол жылдары ауданның негізгі байлығы - қаракөл саулықтарынан аудан бойынша 128 -129 (әр жүз саулыққа) қозы алынып жүрді. Ал 1965 жылы аудан бойынша әр жүз саулыққа 145 -тен қозы алынды. Кейбір совхоздар, фермалар бұдан да жоғары көрсеткішке ие болды. 150-180 -ге дейін қозы алған шопандар жүздеп саналатын.
''Овцевод'' совхозының шопаны Ілияс Қыдырбаев мал бағудың шебері еді. ''Шәуілдіір'' совхозынан Сақ Өтетілеуов. ''Темір'' совхозынан Туғанбай Бердібаев 100 салықтан 170-180 қозы алып, аман өсіріп жүрді. Осы аталған үш шопанда кейіннен Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. Айтпай мен Хәлелдің атағы тек ауданға, облыс емес, республикаға мәлім болған еді. Олардың тәжірибесінің үйрену үшін республиканың түпкір-түпкірінен көптеген шопандар, басшылар келіп жататын. 1964 жылдың көктемінде Айтбай Мұсаевтің тәжірибесі жайында республика бойынша аудандық комсомол комитеттерінің 1-ші секретарьларының семинар-жиналысы өтті. Семинарды сол кездегі Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің бірінші секретары Ө. Жәнібеков басқарды.
Өнершіл, сауықшыл демекші, аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі Көмекбай Мұсаевтің өзі домбыраның құлағында ойнайтын, неше түрлі куй-әндерді құйқылжыта домбыраға қосып айтатын өнерлі жігіт. Аудан территориясының тім үлкендігіне шаруашылықпен шаруашылықтың араларының қашықтығына қарамастан, аудан өнерпаздарының басын біріктіріп, ойын-сауық ұйымдастыруға қәбілеті күшті еді. Ауданда өтетін үлкен жиындардан кейін (конференция, малшылар жиналысы) Мұсаев ұйымдастырған концертті көріп, жұрт бір демалып қалар еді. Бұл концертке неше түрлі ән шырқалатын, күй тартылатын, би биленетін. Қазақ әндері ғана емес, орыс, өзбек, қырғыз өлеңдері айтылатын. Жоғарыда келген кейбір жолдастар қызылқұмдықтардың концертін көргеннен кейін ''Мынылар профессианал артисттерден артық болмаса, титтей де кем емес'' деп мақтап жатушы еді. Аудан өнерпаздарының өскел биігін анықтаған бір жайытты айытқым келеді. 1964 жылдың күзінде Россия әдебиеті мен мәдениетінің Қазақстандағы он күндігіне қатысқан қайраткерлердің бір тобы Қызылқұмға келді. Олардың ішінде Россияның атақты жазушысы Сартаков, көрнекті атаға Долматовский бар еді. Бас аяғы 20-ма шақты адам. Олардың арасында Асқар Тоқмағанбетов бастаған Қазақстанның бір топ әдебиет және өнер қайраткерлері, өлкелік партия комитетінің секретары Е. Қашағанов өлкелік атқару комитеті председателінің орынбасары Е. Қасенов бар еді. Олардың келетіні бізге 5-6 күн бұрын хабарланған
Мейрамдарда қалай қабылдап алу керек екендігін ақылдасып алып, жұмысқа кірісіп де кетті. Қонақтар бізге Кентау қаласы жағынан келетін болды. Біз оларды ''Темір'' совхозында қабылдауға ұйғырдақ. Совхоз-экономикасы жағынан да, мәдениеті жағынан да ауданның алдыңғы совхоздарының бірі. Директоры Шерім Ерманов-көпті көрген, тәжірибесі мол, беделді азамат. Партия комитетінің секретары Н. Әзімханов та салмақты, сабырлы, шындалған қызметкер еді. Қонақтарды совхоздың сыртында Қарақоңыр станция жағынан қарсы алатын болдық. Қазақтың ұлттық киімін киіп, сәнді ер-тоқымы бар, суытылған жақсы сәйгүліктерге мініп, он шақты қыз бен он шақты жігіт шығатын болды. Олардың атқа мінгізіп, киіндіріп, бірнеше рет репитиция жасап көрдік. Совхоз еңбеккерлері мен мектеп оқушылары да қонақтардың алдынан шығатын болды. Ш. Ерманов еңбекшылар колоннасының алдында жүріп, нан-тұз ұсынатын болды, қонақтарға Көмекбай Мұсаев ойын-сауық ұйымдастырып жүр. Концерт 40, 50 минуттан аспау керек деп ұйғарды.
Осы кезде Е. Доматовскийдің ''Небесное соседство'' деген өленің ''Правда'' газеті басып шығарған. ''Жолы болғыш жігіттің жеңгесі шығар алдынан'' дегендей Ш. Қалдаяқов ''Темір'' совхозына демалысқа келіп қапты. Біз өтініп жүріп, Шәмшіге Доматовскийдің орысша өленіне қазақша музыка жаздырдық. Дайын болғанда өзіміз тыңдадық. Тамаша шыққан. Өзі орысша, әні қазақша. Енді тек өлеңді айтатын орындаушы ғана керек. Уақыт тығыз. Орындаушыны табу керек. Көмекбай оны тапты да. Денелі толық жігіт екен-шофер болып істейді. Дауысы биік әрі жуан. Қәзір аты-жөні есімнен шығыпты. Сол жігіт өлеңді орындауға дайындала берді.
Бәріміз қонақтарды күтетін жерге барып тұрдық. Қарақоңырдан қонақтардың машинасы көріне бергенде -ақ, аттылы қыз-жігіттер олардың алдынан шықты. Қонақтар машинасын тоқтатты. Қарсы алушылар аттан түсіп, оларға атқа мініп жүруді ұсынып жатыр. Кейбіреулері атқа қаздиіп отырып алып, сабылып жүріп кетті. Ал кейбіреулері ердің басынан ұстап алып құлап алып кететіндей етпеттеп жатып алған. Қонақтардың алдынан Ш. Ерманов бастаған совхоз еңбекшілері нан-тұз алып шықты.
Қонақтардың құрметіне кездесу кешін бастадық. Москвадан келген қонақ он алты кісі екен, өтініштері бойынша бәріне де сөз бердік. Әр қайсысы 3-5 минуттан артық сөйлеген жоқ. Олардан кейні Асқар Тоқмағанбетов сөйледі.
Кездесудің соңынан концерт болды. Сымбатта да сұлуша келген шофер жігіт Доматовскийдің ''Небесное соседство'' деге орысша өленің қазақ әніне қосып орындағанда залға тыныштық орнады.
Зал жым-жырт . Тек сымбатты жігіттің шырқатып аспанда та айтқан биік дауысы, қоңырқай үні жұртты баулап алған. Мен қандай ләззат алды екен деп Доматовскийге қараймын. Алғаш толқып кеткені байқалды. Сонан кейін қос жанарынан мөлтілдеп жас ақты. Аққан жасын орамалмен сүртіп қояды. Қуанатын да жөні бар еді. Кеше ғана, осыдан 5-6 күн бұрын жарық көрген өленің алыстағы қазақ ауылының композиторы музыкаға түсіріп, оны қатардағы шофер жігіт профессиональ артистен кем соқпай орындап тұрса, кім де боса қуанар еді.
Жолда бірәз адасып қалып, ренжіген атақты ақын шаршағаны баслып, мәмірежай болып қалды. Шофер жігіт өлеңді аяқтағанда зал дабыра болып, ду қол шапалақталып кетті. Доматовскиий орнынан жас жігіттей ұшып тұрып, өлең айтқан жігітті құшақтай сүйіп жатыр. Сол түнгі қырық минуттық қысқа концерт өте тамаша өтті. Орыс достарымызға қатты әсер.
Концерттен кейін совхоздың асханасында қонақтарды қабылдау болды. Өзінің сөйлеген сөзінде Сартаков былай дейді:
- Біз ұлт республикаларының совет дәуірінде жан-жақты өркендеп өскенің білетін едік. Ал, осында Қазақстанға келгелі бері соның куәсі де болып жүрміз. Бірәқ совхоздан бүгін көргендеріміз біздің ойлағанымыздан асып түсті. Кеше ғана шыққан орыс ақынының өленің бүгін қазақ әніне қосылып айтылады деп күтпеген едік. Осы бір кішкентай ғана детальдің өзі қазақ халқының мәдениетінің қалай өсіп -өркендеуінен көрсетеді. Халықтар достастығының қалыптасып кеткенінің куәсі болады, - деді.
Мен бұл жәйтті айтып отырғанда өнер тек қана қызылқұм ауданына ғана тән дегім келіп отырған жоқ, әрине. Қызылқұмдықтар өнерін тілге тиек етіп отырғанымның өзінше мәні де бар. Ол бастан - ақ лаулап жанған өнер жалынын бүгіндері Қызылқұмның қос бұлбұлы Әселхан мен Тәушен-одан әрі лаулата түсті, аудан атағын, облыс абройын биікке шарықтата түсті.
Әселханды мен теледидардағы көрсетіліп жүрген айтыс өлеңдері арқылы білемін. Көрген сайын маған ол тағы бір қырынан ашылатын сияқты. Мен Қызылқұмда қызмет істеп жүргенде Әселханның аты естілмейтін. Ол кезде ол жас шығар, мектепте оқып жүрген шағы болар.
Әселхан -суырып салма ақын. Өлеңге қосып айтатын мақамы құлаққа жайлы, жылы естіледі, тыңдарманды ығыр етпейді, қайта-қайта ести бергісі келеді. Әселхан айтысында артық бөлектеніп, өлеңнің сәнін кетіріп тұрған сөздер жоқ. Ол асықпай ән шырқағанда оның көмейіне шумақтар бірінен кейін бірі келіп, ''мен мұндалап'' тұратын сияқты.
Тәушен кеш көрінді, ауыл ішінде әбден қайнап, пісуі жеткен сары қымыздай қайнап шықты. Шыға салып жұртты аузына қаратты, тамсандырды, таңырқатты. Сөздерінде сөлекеттік жоқ, бәрі маржандай тізіліп өз орыныда тұр. Айтысып отырып лағып кетушілік, қарсыласына нақты жауап бермеушілік кей ақындардан кездесе береді, ал Тәушеннен ол кездеспейді. Суырып салып, табан астында шығарған өлеңдерін бейне бір қалыптан шыққан қайыс етіктей жарасымды болып кетеді, не қиып тастайтын, не қыршып тастайтын артық жерлері жоқ, жұп-жұмыр болып келеді. Енді не айтар екен, қарсыласының айтқан кейде қисынды, кейде қисынсыз сөздеріне не деп жауап берер екен деп тыңдармандар оның жауабын ынтыға күтеді. Тәушен- бұлттан шыққан жарық жұлдыздай жарқ ете қалған тұлға.
Өкініштісі сол, біз Тәушенді кеш таныдық. Кішіпейіл адам болған соң өздігінен ешкімнің көзіне түсе бергісі келмеді, ал топтан озатын жүйрікті уағында көріп, бағалай білетін бапкер болмады.
Ештен кеш жақсы. Тәушенді бағалай білейік, баптауын табайық, атақты ақындармен айтыстырып, атағын шығарайық. Әрине, Тәушен атаққұмар адам емес, бірақ әр солдаттың генерал болғысы келетіні сияқты оған да кең өріс, биіктік керек.
Қалай да бұл екі бұлбұлдың өлеңдері жазылып алынып, басбадан басылып шығуы керек. Бұлардың және де басқа айтулы ақындарын айтыстарын, ұрпақ білуі керек. Қазір Шәуілдір мектебінде, аудан орталығындағы Мәдениет сарайында жастарға арналған түрлі үйірмелер бар көрінеді. Соның ішінде айтыс үйірмесі де бар екен. Оларда сабақты Әселхан мен Қаныбек Сарыбаев жүргізетін сияқты.
Қаныбек демекші, бірде Шымкентте жазушылардың облыстық мәжілісі болып, тиісті мәселелер талқыланып жатты. Маған біреуі бір жапырақ қағаз берді. Онда былай деп жазылған өлең бар екен.
Алпыс төртте Шәуілдір қыстағында,
Шырылдадым бір бастық қыспағында.
Бес ай бойы есепке алмаған соң
Келдім сізді бетіме ұстадым да.
Заманымда мәселем шешілді оңға,
Әлгі бастық жоғалтты есін сонда…
Сізден қайыр тимесе, құдай ақы,
Қалар еді-ау шашылып көшім жолда.
Содан бастап мен сізді ер санадым,
Сөзіңізге имандай зер саламын.
Бір адамдай кітапқа көшірдіңіз
Қаратаудың аңқыған жел-самалын!
Үзіліс кезінде келіп, қолымды алып, өзін таныстырған қара торы жігіт Қаныбек Сарыбаев екен. Жеке адамға жазған өлеңін рұқсатсыз көпшілікке жария еткенім үшін Қаныбек маған кешірім жасар, ренжімес. Мен бұл өлеңді мені мақтағаны үшін емес, Қаныбектің ақындығын айту үшін түгел келтіріп отырмын.
Әділеттілікті аңсаған ақын, іздегенін тез тапқан соң жүрегі жарыла қуанған екен. Бұл өлеңінде ақын қиянатты даттап, әділдікті мақтап, қәзіргі жариялылық заманына үн қосып отырғандай.
Қаныбек танымал ақын. Оның ''Тұнғыш кітап'', ''Отырар оттары'', ''Елім менің-өленім'', '' Жүріп келе жатырмын'', ''Сезімдерінен сарайынан репортаж'' атты кітаптары жұртқа мәлім.
Ал Қаныбек сонымен бірге айтыскер ақын. Айтыс өлеңде көкпарды көсілте тартып, алдыңғы топтың ішінде жүрмесе де, доданың қақ ортасында жүргені хақ.
Қызылқұм өңірінің тағы да көптеген өнерпазын атауға болар еді. Бір жақсысы олар көкп саладан көрініп, көрікті іс тыңдыруда. Қызылқұм жастары Тәушен, Әселхан, Қаныбек сынды саңлақтарының өнерін дамытып, өркендете береді, жалғастыра береді деген сенім зор.
Әбжаппар Жылқышиев, СССР Жазушылар одағының мүшесі. Оңтүстік Қазақстан.
Ақын апамен кездесу
Республикалық ақындар айтысының жеңімпазы Тәушен Әбуова Москвада өткен халықаралық фольклорға қатысып қайтты. Біз ақынға жолығып, сапары жайлы әңгімелестік.
-Москва-Отан астанасы, -деді ол. Шынымды айтсам, бұл қалада боламын деп ойлаған емеспін. Москваға баратынымды естігенде қатты толқыдым. Бірақ партия мен үкіметтің өнер адамдарына деген құрметін жүргіммен сезіндім. Самолеттен түскеннен астаналықтардың құрметіне бөлендім.
Жайлы орында, көлік те, қысқасы не қажеттің бәрі де дайын екен. Түрлі ұлт өкілдерімен туыстастай араласып кеттік. Фестиваль сахнасына Қытай Халық Республикасынан келген өнерпаздармен бірге шықтық. Мына белгі Қытайлықтардың ескерткіші, -деп Т. Әбуова омырауына тағылған ерттеулі ат жетектеген адам бейнеленген белгіні көрсетіп.
-Москваны аралап, көрікті жерлерің көрген шығарсыздар?
-Әрине. Астананы көруді Қызыл алаңнан, В. И. Ленин мовзолейінен бастадық. Мұнан кейін ''Россия'' театры, космонавтар музейін көрдік. Ал, биіктігі 583 метрлік мұнара ресторанында отырғанда астана алақанында тұрғандай болады. Екі аптадан асатам уақыт ішінде Москваның көптеген көрікті жерлерін көрдік, астана жұршылығының ілтипатына риза болдық.
Фестивальға Қазақстаннан Гурьев облысынан бишілер тобы, Арал қаласынан семьялық ансамбль, Шымкент облысының өнерпаздары жұн сабау, ұршық иіру, арқан есу, киіз басу, алаша, кілем тоқу, саз сырнайды ойнау, ақындар айтысы, той бастау, беташар нөмірлерін орындады. Бөгендік Көпбай Омаровпен сөз сайсына түстім. Сонда айтқандарым есімде:
Халқым берген өнерге жақсы баға,
Ұлы достық бір-бірін жатсынама.
Кең -байтақ Қазақстан өлкесінен,
Ыстық сәлем әкелдім Москваға!
Бір қуаныш билеген жүрегімді,
Жасасын, ризамын бұл өмірге!
Бір анадан туғандай бүкіл халық,
Фестиваль деп жиналдық Кремльге- деп жүрек толғанысымды білдірдім. Астана жұршылығы Отырар саз сырнайын халпына келтіруші Кендебай Қарабдаловтың өнеріне де риза болды.
Халықаралық фольклорлық фестивальдың ләуреаты, ақындар айтысының жеңімпазы Т. Әбуова Москваға барып қайтқан сапары жайлы тартымды әңгімеледі. Астана әсерлерін жыр жолдарымен толғауға уәде. (арнаулы тілшіміз)
Өрнегі елге, көрнегі ерге үлгі өнер мерекесі
Бүгінгі таңдағы ел мерейі асып, мерекесі көбейген, мәртебесі тасып, көсегесі көгерген осынау бақытты заманда, әділетті қоғамда Ұлы Октябрь социалистік революциясының 70 жылдық торқалы тойын атап өтудің ерекше сипаты бар. Бүкіл совет халқы сияқты біздің облыс еңбекшілері де барша адамзат қоғамының дамуына еркіндік пен теңдіктің арайлы таңын әкелген ұлыстың ұлы күнін мерекелеуге жан-жақты әзірленуде. Ол үшін жүздеген, мыңдаған еңбек колективтері, өндіріс озаттары, шаруашылық шамшырақтары, үлгілі мәдениет-ағарту қызметкерлері еселенген жігер -қайрат танытуда. Олар мереке құрметіне арнайы социалистік міндеттемелер қабылдап, лайықты той шашуы үшін табыс тасқынын тасытуда.
Ұлы Октябрь социалистік революциясы қазақ елін таптық қанаудың темір құрсауынан босатып қана қоймай, оның халық творчествосы гүлденіп дамуына жол ашты. Пролетариаттың ұлы көсемі В. И Ленин еңбекші халық твочествосын аса жоғары бағалай білді, оған әр уақытта жанашырлық жасап отырды. Ол Совет өкіметінің алғашқы жылдарында -ақ: ''Егер Октябрь революциясына дейін үстемдік еткен қанаушы тап халықтың өзінде, оның творчествосында бағаламаса, Совет өкметі еңбекші халықтың творчестволық талабы мен өнеріне, творчесволық күшіне ерекше мән береді, оларды дамыту ісін қолға алып, дұрыс жолға қояды'', - деген болатын. Мұнымен бірге социалистік мәдениетті өркендеу ісінде халық творчествосының алатын орны зор екендігін атап өтеді.
Бұл орайда жуырдағы облыстық ақындар айтысының да халық творчествосы өнерпаздарының Ұлы Октябрь социалистік 70 жылдығына арналған Бүкілодақтық екінші фестивалі көлемінде өтуі өте жарасты -ақ. Өйткені, қазақтың ақындар айтысын аудандарда, оқу орындарында, облыстарда, республикада өткізілуі кең қанат жайды. Сенбі, жексенбі күндері Шымкент қаласындағы Ж. Шанин атындағы облыстық драма театры үйінде өткен облыстық ақындар айтысы сөзіміздің куәсі. бұл өнер сайысына қатысушылар да Ұлы Октябрдің ұлан -ғайыр жемістерін, Коммунистік партияның жасампаз ұлы істерін, халқымыздың ерлікке толы жемістерін, Отанымыздың ынтымақ-жарастығын, туысқан ұлыттардың зор достығын, Оңтүстік өңірінің мол ырысын жырлады. Еңбек адамдарын партия нұсқауларын, сьезд шешімдерін жүзеге асыруға шақырды, халық игілігі үшін қалтқысыз адал қызмет етуге үндеді. Аудандардағы, қалалардағы, совхоздар мен колхоздардағы, кәсіпорындармен мекемелердегі еңбегімен ел аузына іліккен шопандарды шабыттана жырға қосты. Әсіресе, Ұлы Октябрь революциясының торқалы тойы айтыстардың басты өзегі болды.
Мәселен, ақындар айтысын бірінші болып бастаған түркменстандық Әбдікәрім Манапов:
-Езілгенге қол беріп,
Нұр сыйлаған Октябрь.
Ақындарға шабытты
Жыр сыйлаған Октябрь!
-деп тебірене толғаса, ал Ленин ауданынан келген байырғы ақын Өмірсерік Қалдыбаев:
-Жетпіс жас құтты болсын, Ұлы Октябрь,
Шырқалсын жаңа өмірдің асқақ әні.
Көп жаса, мәңгі жаса, Ұлы Октябрь,
Асулар жатыр алда асқаралы,
-деп ақ тілегін айқара ақтарады.
Айтысқа қатысқан өзге де өнер иелері, әншілер, термешілер осы тақырып ауқымында көп шығармалар орындады.
Екі күнге созылған ақындар айтысын түркістандық Әбдікәрім Манапов пен кировтық Мұхтар Құралов бастағаны газетте бұдан бұрын хабарланған болатын. Түркістан қаласында Мәдениет үйінің директоры болып қызмет істейтін Әбдікәрім осындай облыстық айтысқы екінші рет қатысып отырса, ал Киров аудандық Мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі Құралдың мұндай өлең сөз додасына үшінші келуі еді. Сондықтанда алғашқы сөз қағысудан -ақ олардың бір кездегі балаң қанаттары қатайып қалғанын аңғардық. Алма -кезек жауаптасып, бірін-бірі тақымдаған сайын екуіндегі облыстық, республикалық айтыстарда тектен-тек жүлдегер атанып жүрмегенін терең сезіне түстік. Әбдікәрімнің де, Мұхтардың да суырып салмалығы салған жерден көрерменді тәнті етті. Олар әдепкі қарқында -ақ тез ұстасып, айтыс-тартысына төселгендік байқатты. Әдемі достық әзіл мен ашшы сын қатар өрілді.
Алыстан орағытып келіп, аңысын алуға алғыр Құрал:
-Көрем де қуанамын шат күніңді,
Әбдікәрім, менімен қосшы үнінді
Айтысам деп сонымен осы тойда,
Үзбесем жарар еді достығымды, - деп келіп:
-Жүз сиырдың отызы- ақ бұлау алып,
Жүріпсің құр бекерге салақтап -ай.
Енді кеп қайран жетпіс қайда екен деп,
Отырсың жан-жағына алақтап -ай, -деп тұтқиылдан тиісе кетті. Онымен тұрмай бұқалардың күтімі нашар екендігін тілге тиек етті. Әрине, мұның бәрі дәлелді кінә. Сөйте тұрған мен оның қарсыласы тірелген тұйықтан жол тауып ғана қоймай, қарсы шауып, оның өзін сөзбен бастырмалатты:
-Шамырқанған мінезің теңіз болды,
Мақтанғаның әйтеуір семіз болды.
Мұхтар-ау, басқа сөзін таусылды ма,
Айтарың тек бұқа мен өгіз болды, - деп алып, Киров ауданындағы бірқатар оқылықтарға ойысты.
-Ұят болар деп сірә ойладың ба,
Кемістік себебіне бойладың ба?
''Өзбек ССР 40 жылдық'' совхозында,
Орын алған кемшілікті жоймадың ба?
Бригадир: Сейдазимов, Ниязовтың,
Қай өнеге жүр екен ойларында?
Үш центнер гектардан жинатқанша
Мақтаны еккізбей-ақ қоймадың ба?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz