Қала құрлысы мен сәулет өнері



Кіріспе
І ТАРАУ Қала құрлысы мен сәулет өнері
1.1. Архитектура
1.2. Әдебиет өнері
1.3. Тіл, ғылым
ІІ ТАРАУ Алтын Орда қалаларының қолөнері
2. 1. Керамика
2. 2. Сүйек ою
2. 3. Метал өрнек
2. 4. Ою.өрнек
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Менің бітіру жұмысымның тақырыбы “Алтын Орда қалаларының өнері” (Сарай Бату, Сарай Берке материалдары бойынша)
Өзектілігі – бұл тақырыптың өзектілігі Алтын Орда қалаларының қалай пайда болғанын, оған не түрткі болғаны, ондағы қала мәдениеті қалай дамығандығы, өнері, қолөнері, сауда қалай жүргендігі туралы. Сондағы Сарай Бату және Сарай Берке қалаларының шығу тегі жөніндегі тартыстар. Ол қалалардың астана болудағы рөлі. Сол астана болып тұрғандағы оның маңызы. Сол қаланың қолөнері әсіресе керамика, өрнектеу архитектурасы және басқа да өнер туындылары болып табылады және баяндалады.
Алтын Орда кезеңіндегі Орта Азия, Иран қалаларымен байланысы жүрді.
Тарихнамасы – бұл тақырып бойынша көп зерттеген ғалым Федоров- Давыдов еңбектерін атауға болады. Оның “Искуство кочевников и Золотой Орды” М. 1976. Тағы сол кісінің еңбегі “Культура и общественный быт золотоординских городов” М. 1964. Федоров-Давыдовтың көптеген мақалалары ол Советская Археология журналында баяндалған.
Раскопки Нового Сарая С.А. 1946 №1,
1966 №2
Тизенгаузен В.Т. Смизо 1884 т. 1,2. Булатовтың “Классификация каменной полиной керамики. Золотоординских городов Нижнего и Северного Кавказа” М. 1969.
Тіл өнеріне байланысты Усманов М. О языках особенностях надписи из Нового Сарая С.А. 1963 №3 және Наджип Э.Н. Хосрау и Ширил тюркологический сборник М. 1966 Хорезм Мухаббатнама М. 1961. Айтуға болады. Кызласов Л.Р. “Резная костяная рукаятка из могилы Ак-кою”. Краткие сообщения института истории материальной культуры вып ХХХVI М. 1951. Баллад В.Р. “Старый и новый Сарай столицы Золотой Орды” Казань 1929. Егоров В.Л. “Историческая география Золотой Орды” вып ХІІІ-ХІІ М. 1983.
1. Федоров – Давыдов Т.А. Культура и общественный быт. Золотоординских городов М. 1964
2. Федоров – Давыдов Т.А. Искуство кочевников и Золотой орды. Очерки културы и искусство народов Евразиский степей и золотоординских городов М. 1964
3. Тизенгаузен СМИЗО 1884
4. Босворт К. Э. Мусульманский династии М. 1947
5. Ибрагимов Н. Ибн Батута и его путишествие по средней азии М. 1988
6. Егоров В.Л. Причины возникновения
7. Якобсон А.Л. Закономерности в развития средне вековой архитектуры Л. 1985
8. Федоров – Давыдов Т.А. Искуство кочевников и Золотой орды. М. 1976 стр. 122
9. Ртвелаузе Два мавзолея золотоординского времени в районе пятигорья // советская Археология М. 1969 №4 стр.264
10. Мухамадиев А.Т., Федоров – Давыдов Т.А. Раскопки богатой усадьбы в новом Сарае // Советская Археология М., 1970 №3 стр.153
11. Федоров – Давыдов Т.А. Раскопки богатой усадьбы в новом Сарае // Советская Археология М., 1964 №7 стр.248
12. Егеменді Қазақстан А. 1998, №18 4-бет
13. ҚҰЭ А.1998 1том 316-бет
14. Түркістан Халықаралық Энциклопедиясы А. 2000 72-бет
15. Қазақ совет Энциклопедиясы А. 1984 1-том
16. Алтын Орда ескерткішінің тілі А. 1987 20-бет
17. Қазақстан Шыңғысхан мен оның мұрагерлері дәуірінде ХІІ-ХІV…А. 1992 25-бет
18. Усманов М. Оязыковыз особеностях надписи из нового сарая // Советская Археология М. 1963 №3
19. Вайнер, Федоров – Давыдов Т.А. О надписи и рисунке на кости из нового Сарае // Советская Археология М., 1963 №3
20. Қазақстан тарихы А. 1998 1 том
21. Қаз Ұлттық Энциклопедиясы А. 2002, 4 том
22. Пугаченкова Т.А. Мастер керамики Мухаммед Али Иноятин из Мерва// Советская Археология М., 1958 №2
23. Греков Б.Д., А.Ю. Якубовский Золотая Орда и ее падение М.-Л., 1950

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
І ТАРАУ Қала құрлысы мен сәулет өнері
1.1. Архитектура
1.2. Әдебиет өнері
1.3. Тіл, ғылым
ІІ ТАРАУ Алтын Орда қалаларының қолөнері
2. 1. Керамика
2. 2. Сүйек ою
2. 3. Метал өрнек
2. 4. Ою-өрнек

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Менің бітіру жұмысымның тақырыбы “Алтын Орда қалаларының өнері”
(Сарай Бату, Сарай Берке материалдары бойынша)
Өзектілігі – бұл тақырыптың өзектілігі Алтын Орда қалаларының қалай
пайда болғанын, оған не түрткі болғаны, ондағы қала мәдениеті қалай
дамығандығы, өнері, қолөнері, сауда қалай жүргендігі туралы. Сондағы Сарай
Бату және Сарай Берке қалаларының шығу тегі жөніндегі тартыстар. Ол
қалалардың астана болудағы рөлі. Сол астана болып тұрғандағы оның маңызы.
Сол қаланың қолөнері әсіресе керамика, өрнектеу архитектурасы және басқа да
өнер туындылары болып табылады және баяндалады.
Алтын Орда кезеңіндегі Орта Азия, Иран қалаларымен байланысы жүрді.
Тарихнамасы – бұл тақырып бойынша көп зерттеген ғалым Федоров-
Давыдов еңбектерін атауға болады. Оның “Искуство кочевников и Золотой Орды”
М. 1976. Тағы сол кісінің еңбегі “Культура и общественный быт
золотоординских городов” М. 1964. Федоров-Давыдовтың көптеген мақалалары ол
Советская Археология журналында баяндалған.
Раскопки Нового Сарая С.А. 1946 №1,
1966 №2
Тизенгаузен В.Т. Смизо 1884 т. 1,2. Булатовтың “Классификация каменной
полиной керамики. Золотоординских городов Нижнего и Северного Кавказа” М.
1969.
Тіл өнеріне байланысты Усманов М. О языках особенностях надписи из
Нового Сарая С.А. 1963 №3 және Наджип Э.Н. Хосрау и Ширил тюркологический
сборник М. 1966 Хорезм Мухаббатнама М. 1961. Айтуға болады. Кызласов Л.Р.
“Резная костяная рукаятка из могилы Ак-кою”. Краткие сообщения института
истории материальной культуры вып ХХХVI М. 1951. Баллад В.Р. “Старый и
новый Сарай столицы Золотой Орды” Казань 1929. Егоров В.Л. “Историческая
география Золотой Орды” вып ХІІІ-ХІІ М. 1983.
Дерек көзі – бұл тақырыптың деректері. Марко Поло, Ибрагимов Н., Ибн-
Баттуты и его путишество по Средней Азий М. 1988. Вилель де Рубрук, Плано
Кирпин еңбектері жатады.
Менің бітіру жұмысым мынадай тараулардан тұрады.

Кіріспе
І ТАРАУ Қала құрлысы мен сәулет өнері
1.1. Архитектура
1.2. Әдебиет өнері
1.3. Тіл, ғылым
ІІ ТАРАУ Алтын Орда қалаларының қолөнері
2. 1. Керамика
2. 2. Сүйек ою
2. 3. Метал өрнек
2. 4. Ою-өрнек

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Дала тарихымен мәдениетінде ерекше орын алатын ол ХІІІ-ХІV ғ.ғ. Алтын
Орда қалаларына қарағанда ол қалалар белгілі бір тарих үрдістен кейін пайда
болған жоқ. Ол қалалар алтын орда хандарының жарлықтарымен қысқа
мерзімдерде тұрғызылады. Олар бірінші кезде мемлекетті басқару үшін,
әкімшілік орталықретінде пайдаланды. Осы қалаларды жаулап алған жерлерден
әкелінген құлдармен қолөнершілер тұрғызды.1
Бірінші кезде бұл орталықтар ақсүйектердің қамалдарының шоғыры
болатын, монғолдардың нөкерлері мен нояндарының, хан сарайының маңайына
тұрғызған еді. Кейінірек қамалдардың маңайына құлдардың үйлері тұрғызылады
және керекті адамдар қолөнершілер тұрғын үйлері бой көтере бастады.
Бұрынғы құлдар – құрылысшылар тұрған жерлер, қаланың кедейленген
кварталдарына, көшелеріне айнала бастады.
Алтын ОРда екі элемент ол дала көшпенділері және дала қалалары олардың
қолөнерімен және саудасымен көрінді. Қала салу және даладағы урбанизм
күшейді. Бұл көшпелі ордалардың тұрақты бір жерде тұруы және қалалар,
олардың қолөнерімен саудасы бірігіп, ханның деспоттық билігінде ғана
бағынып, соның күшінде ұсталып отырды.2
Дала көшпенділерінің мәдениетінің ішінен біз басқа бір мәдениеттердің
көріністерін көреміз. Олар орта азиялық және кавказ қалаларынан шығыс
мәдениеті, мұсылман келбеттері айқын байқалады.
Алтын ОРда хандарының мұсылмандыққа көңіл бөлуі және қалаларының
ортаазиялық – Иран типіне ұқсатуы, ол оңтүстік орыс даласында, исламнан
алшақ жатқан жерде, кенеттен көшпенділердің керемет жарық шығыстық
ортағасырлық мәдениеті көтеріле бастады. Онда қыштан жасалған ыдыстар,
мозайкалар, араб жұлдызнамалары, парсы өлеңдері және мұсылман рухани
білімі, құранды түсіндірушілер және математика – алгебра болды. Бұл
мәдениеттің өмірі ұзақ болмады және Еділ өзенінің оңтүстігіндегі
отырықшылыққа сүйенбеді. Ол жаулап алушы халықтардың әсерімен тұрғызылған
болатын.
Осы қала мәдениетінің күштілігі және алтын орда астаналары Сарай мен
Жаңа Сарай ХІV ғ. дүниежүзінде әсем қалалардың бірі екендігін араб
тарихшысы, саяхатшы Ибн Баттута былай дейді: “әсем қалалардың бірі, тез
көтерілген, адамдарға толы, базарлары әдемі және кең көшелері бар.” Бір
күні біз жылқымен қаланың бір шетінде тұрдық, азанда шығып, қаланың келесі
шетіне жету үшін түс ауғанда жеттік. Бұның бәрі үйлерден қатарлап
тұрғызылған, көшелері бос жерлер жоқ және бақтар да жоқ дейді. Қалада 30
мешіт бар, тағы да кішігірім мешіттер бар болған. Онда көптеген халықтар
тұрады: монғолдар, олардың көбі мұсылмандар, қыпшақтар, черкестер, русьтер,
византиялықтар тұрады. Әр бір халық өз территориясында тұрады. Онда
өздерінің базарлары, мешіттері бар. Саудагерлер болса бөлек тұрады.
Көпестер Ирактан, Египеттен, Сириядан келгендер.3 (Тизенгаузен Смизо 1884.
306 бет)
Екінші бір араб жазушы ХІV ғ. Ал-Омари. Алтын Ордадан келген
көпестерден Сарай қаласы Берке ханның әмірімен Итим өзенінің жағасында
салынған. Ол дуалы жоқ жазық жерде тұр. Келгендерге – үлкен сарай бар, оның
үстінде алтын жаңа ай орналасқан. Сарайды дуалдар қорғап тұр, баня, үйлер
орналасқан. Бұл сарайды олардың қыстауы. Бұл өзен (Еділ) Нілдің көлеміндей,
кейбір жерлері екі-үш есе үлкен болып келеді. Онда үлкен кемелер жүзіп
тұрады, орыстарға, славяндарға барып тұрады. Бұл өзеннің бастауы Славян
жерінде ол (Сарай) ұлы қала; өзінде базар, баня, мешіттер, тауар сақталатын
жерлері бар болған. Ортасында көлшік осы өзеннен тартылған. Ондағы су тек
жұмысқа арналған ішу үшін суды өзеннің өзінен алады.4
Бұл мағлұматтар Алтын Орданың бірінші астанасы Еділ өзенінің Ақтөбенің
құлар жерінде болғанын көрсетеді.
1330 ж. Өзбек хан астананы жаңа қала – Жаңа Сарайға көшірді. Осы
қаланың қалдықтарын Археологиялық зерттеулер арқылы табылған заттардан
көретініміз бұл қаладан үлкен мәдени, әкімшілік орталық болғандығын
көреміз.5 ХІХ ғ. орыс археологі А.В. Терещенко мағлұматы бойынша кеңістікте
табылған. “Төртбұрыш кеңістікте табылған заттар: әйнектерден жасалған
ыдыстар, терінің қалдықтары, жібек мата, шәйнектер, құмыралар, балта,
қазандар, мыстан жасалған құмыралар, кеселер, қайшылар, шегелер, есік
құлыптары, күйдірілген нан қалдықтары, бидай, арпа, тары, сұлы, грек
жаңғақтары, орман жаңғақтары, анар шырындары, өріктер көрсетілген. Осы
табылған жердің төменінде тастан жасалған бөлмеде кристалдық бөлшектер,
бояулар: қызыл, сары, көк, жасыл, қызыл-ақ, үзеңгілер, ер-тағалар, смола,
мыс, қайрақтар, бояу өшіретін тастар, шар, мыс сым. Табылған заттардың әр
түрлілігіне қарап бұл жерде базар болғанын көуге болады. Басқа жерлерде А.
Терещенко және оның жұмысшылары бай, үлкен үйлер тапты. Олар онда қола
айналар, күміс әшекейлер, мозайка, өрнектелген ыдыстар, мыс ыдыстар, қола
шамшырақ, май шамдар табылды.”6
Хандар Орта Азиядан, Ираннан, Египеттен, Ирактан ақындарды, ғалым
астрономдарды, математиктарды алып кетіп отырған. Сарайда Хорезмнен келген
белгілі дәрігер Номад-ад-дин туралы “ол логиканы, диалектиканы,
медицинаны”оқып жүр деп және оны өз кезеңінің ең білімді ғалымдары деп
санаған. Сарайдағы астрономияның және геодезияның дамығандығын біз
археологиялық қазбалардан көреміз.
Сарайдың күнделікті ауыз екі тілін біз осы қаладан табылған
жазбалардан көре аламыз. Алтын Орда қалаларында әдеби тіл қалыптасты, яғни
ол “еділ әдеби мұралар жазылған және олар бізге дейін жеткен. Атап айтқанда
сарайшықтағы үлкен құмырада түрік түрінде жасалған жазба. Осы құмырадағы
жазуды оқысақ, Арыммен беделімді айырып, сен менің алтын кесемді алдың.”
Сайри Сарайдың поэмасы Соодидің “Тюлистын” поэмасын аударудан тұрады.
Парсы тілімен әдебиетін ұнататын, соған байланысты, Алтын Ордада оны көп
оқитын делінген. Аударма 1391 ж. Басталған. Бұл туралы Сайри – Сарай былай
деп жазады: “Бір күні біз бақтың ортасында ғалымдармен ғылым туралы
сөйлесіп отқанды мен бірнеше лирикалық өлеңдер оқыдым. Сол жерде біреуі
менде саған бір өтінішім бар. Сен шейх Саадидің “Түлістан” Түрік тіліне
аудар, сонда сенің есімің мәңгі қалатын болады дейді.” Бұл жерде біздің
көретініміз Алтын Орда ғалымдары парсы тілін жақсы білгендігін көрсетеді.
Парсы тілінің өлеңдерінің формасымен жанрының Алтын Орда түрік поэзиясына
әсер еткенін біз “Махаббат - наме” поэмасынан көреміз. Бұл поэма
Сырдарияның төменгі ағысының қалаларында, яғни Жошы ұлының сол қанаты
орналасқан жерде жазылған.
Бұл поэма парсы поэмасының классикалық түрінде, оның сөз саптауы, оның
құрылысы бәрі бар. Толық парсы поэмасының көшірмесі ретінде құтбаның
“Хұсрау мен Шырын” поэмасы 1341 ж. Жазылып, Тыныбек ханзадаға арналған
болатын.

І ТАРАУ. Қал құрлысы мен сәулет өнері

1.1. Архитектура
Алтын Орда қалалары өзінің даму дәуірінде архитектурасы Орта Азиялық
мешіттермен минареттен ағаш үйлер және көшпелі киіз үйлерден тұрды. Жаңа
Сарайда қазба жұмыстарының нәтижесінде көп бөлмелі ақсүйектер сарайлары
табылды. Ол сарайлар күйдірілген кірпіштерден, дуалдары қалың, едендері
мықты шатыры биік, минарет күмбез тұр. Бұл сарайларда ортаазиялық
архитектура өнерінің көшірмесі көрінеді. Көп мөлшерде мұсылман
архитектурасы жергілікті жерлердегі мешіттерден айқын байқалады.
Біз оны Мешіт қалашығы (Волгоград облысы) Увекте Саратов маңында ХІV
– XV ғ. мовзолейінен, Моджарах Кавказдан, Оңтүстік Оралдағы сақталған
“Тамерлан күмбезі”. Кисян өзенінің маңайында және “Болғайын күмбезі, Батыс
Башкирядағы және жерасты мешіттер Сарайдағы көрініс табады.”7
Волгоград облысынның Водянік қалашығында 1971 – 1972 жылдары ХІV
ғасырда үлкен саборлық мешіт табылды. Дуалдары тастан мықты жалпақ болып
бекітілген.
Алтын Орда қаласының араласқан мәдениеті үй – тұрғындарын тұрғызуда
архитектура, мұсылман типтегі үйлермен салынған қарапайым үйлер болды. Орта
Азиялық үйлер, олардың дуалдары ағаштардан құрастырған бөлшектерден
тұрғызылды. Ол кірпіштің үстінде тірды.8 Сыртқы бейнесінде төртбұрышты
үйдің өзіне тән киіз үйлік көріністері болды. Көптеген кезде көп кірпіш
үйлердің кіру есігі ішке қарай иіліп тұрғызылады. Бұндай архитектураны ХІІІ
ғ. Монғолияда кездеседі. Ал жылыту жүйесінде Орта Азиядан еденнен төмен
гипокаустер жасаған.
Алтын Орда қалаларының монументальдық архитектурасы мұсылман культтік
шеберлігімен Орта Азия және Закавказдық байланыста болды. Көптеген
сақталған мекемелерде Азербайжан және Кіші Азиялық сельжук шеберлігі
байқалады. Сондай мовзалейдің бірі “Тұрахан сарайы”, Уфаның маңында
“Тамерлан күмбезі”, Ескі Қырымда 1317 жылғы мешіт сақталған.9 Мешітке
медресе қосылып салынған. Ауласында фонтан бар және оқушылар үшін жататын
орындар болды.
Ал енді Алтын Орданың астанасы Сарай Бату – Сарай Берке қалаларының
архитектурасына келейік.
Жаңа Сарай қалашығының археологиялық қазба жұмыстары негізінен сол
жердегі үлкен үйлер жиыны. Бұл үйлер қаланың шығыс бөлігі ақсүйектер
тұратын жерде орналасқан. Оның орталығы үлкен дөң. Ол дөң 1967 –1968
жылдары қазба жұмыстары жүргізілген. Онда Алтын Орда бай адамының үйі екен
екі тұрғызу кезеңін өткізіпті және ол астанадағы үй тұрғызу құрлысының
өсуін немесе ақсүйектердің өсуін көрсетеді.
Бірінші құрлыс кезеңге жататын үлкен үй. Оның солтүстік, батыс және
шығыс дуалдары төрт қатарлы кірпіштен көтерілген, яғни солтүстік және батыс
жақтағы дуалдардың көтерілуінің кірпіштері күйдірілген қызыл болатын. Бұл
дуалдардың ені 80 – 85 см, олар қара топырақты жерде орналасқан биіктігі
жөнінде қазіргі кезге дейінгі сақталған ұзындығы 50 – 70 см. Солтүстік
шығыс бөлігіндігі дуалдар толығымен екінші құрлыс кезеңінде қираған.
Оңтүстік бөлігіндегі дуалдың ені 60 см. үш қабатпен таза топырақ кірпішпен
тұрғызылған. Осы үйдің оңтүстік бөлігіне қарай менидиандық ені 62 см. үш
қабат кірпіштен тұрғызылған дуал бар.
Осы айтылған дуалдардың арасында күйдірілген кірпіштер кездеседі.
Оңтүстік дуалдың 3см. ақ әкпен сыланған. Шығыс меридиандық дуалда осындай.
Бұл үйдің едені құм төселіп үстіне күйдірілген кірпішті қатарымен қойған.
Осы қатармен қойылған кірпіштердің ішкі кірпіштері күйдірілген.
Осы үйдің батыс бөлігі іштен іштен күйдірілгенкірпішпен салынған.
Солтүстік батыс бұрышында еденде жылқылардың сүйектері табылған. Шығысында
бұл еденде 30см. ағашпен бекітілген. Ол ағаш солтүстікке перпендикуляр
тұр. Осы ағаштың шығысына қарай тағы күйдірілген кірпішпен еден тұрғызған.
Ол еден 10см. құмның үстінде тұр. Ал құм болса жердің үстіндегі әктастармен
төселген қабаттың үстінде орналасқан. Осы үйдің солтүстік шығыс бөлігінде
бұрышта пеш тұрғызылған. Пеш шығыстан қарап жағылатын болған. Пеш көлемі
60х70см. Пештің алдында 10 см. тереңдікке қазылған. Пештің батыс бөлігінен
екі құдық 60см. дейін сақталыпты. Құдықтардың күйдірілген оттың іздері
байқалады. Пеш көптеген қайта тұрғызуға ұшыраған.10
Екінші құрлыс кезеңінде осы айтылған үйдің үстіне тұрғызылған. Бұл
үйдің дуалдары толығымен күйдірілген кірпіштерден тұрғызылған. Бұл дуалдар
алибастрамен сыланған. Кей жерлерінде қызыл, қара бояулармен бояп қойған.
Дуалдардың сыртқы жағы төрт қатарлы кірпіштен тұрады. Ені 95 – 98 см.
келеді. Кірпіштің құрамы саз балшық. Оңтүстік дуалдың ортасында қираған жер
бар. Бірақ ені жердің төменгі жағындағы кірпіштері сақталған. Сол
оңтүстікте сыртқа қарай тұрғызылған дуалдарды көреміз. Сондықтан бұл жерде
есік бар деп айтуға болады. Оңтүстік шығыс және оңтүстік батыс бұрыштарында
ұзын күмбездер салынған. Күмбездердің диаметрі 170 см. Үй үш меридианды
төрт немесе үш түтін жүретін құдық табылды. Келесі бір бөлмеде тандыр
сақталған. Екінші құрлыс кезеңінде мұнда ортаазиялық құрлыс архитектурасы
көріне бастады. Барлық үй күйдірілген кірпіштен тұрғызылғаны, ол сол Алтын
Орда ақсүйектерінің отырықшылыққа толық көшкенін көрсетеді.11

1.2 Әдебиет өнері
ХІІІ ғасырдың екінші жартысынан ХV ғасырдың соңына дейін өмір сүрген
Алтын Орда мемлекетінің жазба мұралары. Бұл мемлекеттің тұрғын халықтары
этникалық құрлымы жағынан әр түрлі еді. Алтын Орда дәуірінде бай әдебиет
жасалды. Бұған Құтб, Хорезми, Сайф Сарай, Әли, Сиди, Ахмед, Жұсам Хатиб
сияқты ақын жазушылар Әбу Хайан ибн Мухани сияқты ғалымдар ат салысқан.
Алтын Орда дәуірінде пайда болған жазба мұралардың көпшілігі жоғалып
кетті. Алтын ОРда дәуірінде біздің заманымызға келіп жеткен жазба
нұсқалардың бастылары мыналар: 1353 ж. Жазылған “Мұхиббитнаме” мәнауи (әр
екі жолы өзінше үйқасатын өлең) түрінде кездеседі. Кітаптың соңында мінәжат
(Алмаға жалбарыну), Қыта (философиялық түйіні) шағын әңгіме берілген.
Негізгі бөлім – он бір арнада ғашық болған жігіттің сұлу қызға
сүйіспеншілігі жырланады. Ақын арнауларында адамның кіршіксіз сезімін, асыл
махаббатты ардақтауды жыр етеді.
“Хусрау мен Шырын” дастанының тақырыбы Хұсрау деген жігіт Шырын
есімді қыздың арасындағы сүйіспеншілік шынайы махаббат.13
Дастанда арамдық аен зұлымдық қастандық пен сатқындық, өсек пен
өтірікті, әділдік пен адалдықты жеңіп шығатындығы жарияланады. Хұсрау мен
Шырын туралы аңыз Таяу және Орта Азия Үндістан Орта Шығыс ауыз әдебиетінде
кең тараған “Хұсрау мен Шырын” дастанын Низами салжұқ сұлтаны Тоғрылбектің
өтініші бойынша жазған. Халық сүйіспеншілігіне бөленген осы эпикалық жырды
Алтын Орда ақыны Құтб парсы тілінен түркі тіліне аударды, бірақ ол бізге
жетпеген. Қол жазбаның жалпы көлемі 240 бет. Әр бетте 21 бәйіт бар.
Низамидің “Хұрау мен Шырын” 130 тараудан тұрса, Құтбтың аудармасы 90 тарау.
Осыған сәйкес Низамидің 7000 бәйіті орнына Құтбта 4700 бәйіт болып шыққан.
Құтб ақын Низамидің композициясы мен сюжетін сақтай отырып, өз халқының
түсінігі мен дәстүріне лайықтап, еркін аударма жасаған.
Тулистан би-т Турки “Тулистан Шығыстың көрнекті ақыны Сағдидың
қаламынан туған дастан. Мұны Мысыр ғұламаларының өтініші бойынша Алтын Орда
ақыны Сайф сұлтан 1391 ж. Парсы тілінен түркі тіліне аударды.”
Осы аударманың біздің заманымызға келіп жеткен жалғыз көшірмесінің
көлемі 371 бет. Әр бетте 13 жолдан жазу бар. Кітаптың кіріспе бөлімін Сайф
Сарай қара сөз араластырып өлеңмен жазған. Кітаптың соңына сегіз түркі
ақынының өлеңдері және олардың әр қайсысының Сайф Сарайдфң қайтарған
жауаптары тіркелген. Соңғы беттерде ақынның бұдан басқа да ғүзалдары мен
төрттағаптары бар. Сонымен негізгі аударма 10 беттен басталып 335 – бетпен
аяқталады. Кітап сегіз тарауға үлкенді – кішілі хикая, әңгімелер
топтастырылған. Өз заманындағы “Тулистан” сияқты аса көрнекті шығармалар
қолға алып аударуы Сайф Сарайдың үлкен ақындары Әли (ХІІІ ғ.), “Қисса
Жүсіп”, Жусам Қатиб (ХІV), “Қисса Жүсіп”, Жұма-жұма, Сайд Ахмед (ХV),
“Ташиуқнаме” – Хорезмидің шығармаларына еліктеп жазған. Алайда бұлардың
тілдік, стильдік поэтикалық ерекшеліктері жете зерттелген емес.
Азаматтық тақырыпқа арналған шығармалар мен қатар, Алтын Орда
дәуірінде діни мазмұнды аудармалар да пайда болды. Солардың бірі – “Қисса
ул-әнбид” Авторы – Наср әд-дин ибн Бұрхан. әд – дин әр Райғұзи.14 Автордың
айтуынша “Пайғамбарлар туралы қысқаша әңгімелер” деп аталатын бұл еңбегін
араб, парсы шығармалардан іріктеп, құрастырылған. Алдын ала осындай
жұмыстарды атқарып барып түркі тіліне аударған. Жинақта 79 қисса – хикая,
ертегі, аңыз, әңгімелер, өлең, тарих, шежіре бар. Ол “Ниһдж ул Фарадис” деп
аталады. Қазақша аудармасы “Фарадис пейішіне апаратын жол.”Авторы Махмұд
ибн Әли. Еңбек Алтын Орданың астанасы – Сарай қаласында жарық көрген. 444
беттентұратын бір қол жазбасы Стамбулда сақталады.15 Кітап 4 тараудан
тұрады. Бірінші тарау пайғамбардың өмірін баяндауға арналған. Екінші тарау
пайғамбардың серіктерін алғашқы халифтар. Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли
туралы өмірбаяндық және тарихи деректер келтіреді. Ол – үшінші тарауда
исламның негізгі тәртіптерін сақтау туралы, арам мен адал, қиыншылыққа
шыдау туралы үгіт – насихат айтылып, төртінші тарауда қан төгудің
зинақорлықтың, ішімдіктің, қылмыс екендігі түсіндіріледі. Тәкәппарлықтан,
өсек - өтіріктен өсімқорлықтан сақтандырады. Соңғы шығармалардың мазмұны
жағынан ерекше мәңгі болмаса да, стилдік ғылыми этнографиялық тұрғыдан
маңызы зор.
Алтын Орда дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің қай – қайсысы да қыпшақ
– оғыз немесе қыпшақ тілінде жазылған. Қазақ тілі қыпшақ тілдерінің бір
тармағы болып есептелетіндігін ескерсек Алтын Орда дәуіріндегі әдебиеттің
қазақ әдебиетіне ортақ мұра деп қарастыру әбден орынды.16

1.3 Тіл, ғылым.
Ғылым, өнер қайраткерлері сөз еткенде Алтын Ордамен мәдени, дипломат,
тығыз қатынас жасаған Мәмлүктер Египетін айтпай кетуге болмайды.
Тарихшылардың мәліметтеріне қарағанда, арабтың Мұхтар ибн Махмұд әз Заки
Махмұд ибн Ахмад ибн Мұса сияқты ғалымдары Алтын Орда астанасы Сарайда
тұрып еңбек етсе, Махмұд ибн Фатлаһ ас – Сарай, Мәхаб әд – дин Сарай,
Махмұд ибн Абдоллаһ әбу-т Тина ас Сарай сияқты қыпшақтар мәмлүктер
египетінде орталығы Каирде ұстаздық еткен.
Сондықтан олардың шығармалары тіл үйрету, сабақ оқыту мақсатымен
жазылған “Китаб әл идрак ли - мисин әл – атрак” Түркі тілінің түсіндірме
кітабы авторы - әбу Хайан.
“Китаб әл – тухрат әз – закима фи – лұғат ат түркиа” (Түркі тілі
туралы ерекше сыйлы кітап) авторы белгісіз, “әл – Қауанин әл – Кумима ли
дабти – л - лүғати” (Түркі тілдерін үйрететін толық құран авторы белгісіз)
сияқты толып жатқан сөздіктер мен трактаттар осы екі мемлекетке ортақ мұра
болып есептеледі. Сөйтіп Алтын Орда дәуірінде жалпы түркілік әдеби тілдің
бір нұсқасы есебінде өз әдеби тілі қалыптаса бастаған.17
1961 жылы Жаңа Сарайда археологиялық қазба жүргізілу барысында
өгіздің жалпақ сүйегі табылды. Онда екі адам бейнесімен арабша жазу бар
екен. Бұл сүйек саз кірпіштің астында табылды. Осы табылған үйдің заттары,
қыш ыдыстары, тиын ақшалары ХІV ғасырға жататыны анықталды.18 Бұл үй Жаңа
Сарайдың сыртқы оң беткейінде орналасқан. Ондағы сүйектің ең қызықтысы
жазуы еді. Ол жазулар нашар сақталған болатын. Лабораториялық зерттеулерден
кейін Б. Л. Знаминскийдің көмегімен жазуды оқудың сәті түсті. Жазу
негізінен екі бөліктен тұрды. Суреттен сол жаққа қарай төртбұрыштар фигура
бейнеленген. Ең соңғы суретті анықтау мүмкін болмады. Жазудың бірінші
бөлігі былай: ол әзілдік жазу болып шықты. Екінші бөлігі қыпшақ тілінде
жазылған. Бұл жазу қыпшақ тілінің ескерткіші деп атауға болады. Бұл тіл
Алтын Ордада кең тараған тіл болатын. Бұл тіл Алтын Орда мен қалаларының
басты тілі болуы мүмкін.
Тағы бір Алтын Орда кезінде қыпшақ тілінің ескерткіші “Кодекс
куманикус” – қыпшақ тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын
кітап 82 парақтан 164 беттен құралған қолжазба. Бірінші бетінде 1303 деген
жазу бар. Еңбектің авторы мен жазылған жері белгісіз. Түріктану ғылымындағы
жаңа деректербойынша бұл еңбектің түп – нұсқасы 1294 жылы жазылған да, оның
бірінші көшірмесі 1303 жылы жасалған. Ол 1330 жылы толығымен көшіріліп
біткен.20
1303 жылы Кодекс куманикс түпнұсқадан Алтын Орда мемлекетінің
астанасы Сарай қаласында жанындағы – Джан әулиенің ғибадатханасында
көшірілген. Бірінші бөлім (1-10 беттер). Үш бағана етіп жазылған латынша –
парсыша, куманша сөздік. Екінші бөлім (111-164 беттер). Осы бөлімдегі
мәтіндер мен жұмбақтарды көрнекті неміс түріктанушысы Фон Табен “Кумандар
әдебиетінің үлгісі” деп таниды. Көптеген қыпшақ сөздері латын тілінде неміс
тілінде аударылып берілген.21

ІІ ТАРАУ. Алтын Орда қалаларының қол өнері
2.1 Керемика
Керамиканың археологияда дерек беруі маңызды. Құмыра жасау өнері
көптеп жасалады, олар жақсы көп жылдар бойы сақталады. Сол арқылы оның
жылын, қалай жасалғандығын анықтауға болады.22
Алтын Орда мәдениетін зерттеу 1969 – 70 жылдары кең етек алды. Ол
кенеттен болған іс емес. Сол кездегі Алтын Орда Орта Азия жеріндегі
монғолдар жаулап алған кездегі олардың мәдениетін қызықтырды. Алтын Орда
қалаларының қолөнерінің даму себебі олардың жаулап алған жерлеріндегі
қалаларының керамкасының жоғары дәрежеде болғанын білеміз. Сондықтан
монғолдар сол қалалардан мықты деген қолөнершілерін өздерінің қалаларына
әкетіп отырған.23
Алтын Ордадағы барлық керамика екі топқа бөлінеді. Бірінші каминдік
қоспадағы керамика, екіншісі қызыл балшықты керамика. Одан басқа әкелінген
ыдыстар да бар.
Камин – бұл аса жарқын керамикалық қоспа, оған құм, каалин, клей кірген.
Каминдік керамиканың пайда болуы Иранда Х-ХІ ғасырлар арасы.
ХІІІ ғ. бастап каминдік керамика Хорезмде белгілі бола бастады. Алтын
Орда, Кавказда, Волга бойында белгілі бола бастады. Каминдік керамиканың
беделді болуы Алтын Орда қалаларында жетпіс пайызға дейін жетті. Бұл
беделді болу олыс қалаларында да көптеп табыла бастады. ХІV ғ. Новгородта,
Москвада, Владимрде табылды. Каминдік керамиканың Қырымда жоқ болуы таң
қалдырды. Оның дамуы тек Маджар және Зак меридиандарында ғана жетті. Онда
табылмау себебі татар – монғолдар жаулап алуына дейін Қырымда Қолөнердің
дамуында үлкен мектептері бар еді. Қырымда Каминдік керамика тек ХV ғ.
пайда бола бастады.
Каминдік керамиканың шығуы туралы еңбек еткен А.Ю. Якубовский, Н.Н.
Вактурская, Т.А.Нугаченкова, А.Ф. МЕдведеверді айтуға болады.
1. Өрнектелген түссіз керамика.
Бұл жиі кездесетін каминдік керамиканың бір түрі. Көлемдері
мұсылмандық шығыста коп тараған пиала, құмыралар, ваза, тәрелке түрінде.
Өрнектер ішкі жағында жасыл түспен өрнектелген және көк нүктелермен
бейнеленген. Бұндай түсті өрнектер ХІІ – ХІІІ ғасырлардың басындағы
қаладларда көп кездеседі.
2. Өрнектелген керамика.
Бұл керамика түрі Алтын Ордамен мұсылмандық елдерде көптеп
табылған. Бұндай ыдыстар формалары мұсылмандық елдердегі формалар: пиала,
тәрелке, шар тәрізді құмыралар. Бұл барлық формаларға тән нәрсе емес,
төменнен бастап домалақ басталуы. Бұндай керамика Орта Азияда, Иранда,
Кавказда ХІІІ – ХІ ғ. белгілі болған.24
3. Тимуридттік керамика.
Бұл каминдік керамика қоспасының үстіне айна тәрізді қоспа мен
беті жағылған. Онда натрии калий, кальций бар. Ол әрқашан түссіз жарық
болып келеді. Жазу монохромдық пайдаланылатын түске, байланысты ол ыдыс
“кобальт” атты, ал қолданылу уақыты жағынан тимуриттік.
Алтын Орда қалаларының ішінде мұндай керамика Сарай Беркеде көп
кездеседі. Тағы Водянік және Шаджар қалшықтарында да бар. Сарай Батуда да
аздап кездеседі.
Кобальттық керамика орта ғасырлар бойы дамып келе жатқан шығар. Ол
екі жерде Қытайда, Иранда. Ең күшті кобальт Ираннан алынды, сөйтіп қытайға
жіберіліп отырды.
Қызыл топырақты керамика.
Қызыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдени орталықтар
Астана қаласының географиялық, саяси-экономикалыұқ орны
Астана-менің қалам-замандас досымның қаласы
Латын тілінің жалпы тарихы және ғылымдағы маңызы
Авторлық құқық туралы
Қалалар мен қалалық қоныстар
Өскемен қаласы
Бейнелеу өнерін оқыту әдістері
Экскурсияны дайындаудың әдістемесі
Шілікті алқабындағы Бәйге төбе қорғанының құрлысы
Пәндер