Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың 2006 –2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы



Кіріспе
1. Ақпараттық кеңістіктегі бәсекелестік ұғымы
2. Қазақстан Республикасы ақпарат нарығының қазіргі жай.күйі
3. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері
4. Тұжырымдаманы іске асыру бағыттары мен тетіктері
4.1. Ақпарат саласы мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру
4.2. Отандық БАҚ.тардың бәсекеге қабілеттілігін дамыту
4.3. Мемлекеттік БАҚ.тардың бәсекеге қабілеттілігін дамыту
4.4. Ақпараттық.телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту.
Цифрлық теледидарды енгізу
5. Тұжырымдаманы іске асыру мерзімдері мен кезеңдері
Қорытынды
Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың 2006 – 2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясына сәйкес және Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің 2006 жылғы 1 наурыздағы шешімдерін орындау үшін әзірленді.
Тұжырымдамада ғаламдық ақпараттық кеңістікті және Қазақстан Республикасының ақпарат нарығын дамытудың негізгі үрдістері, қазіргі заманғы ақпарат нарығындағы бәсекеге қабілеттіліктің өзекті проблемалары талданады. Мемлекеттік саясаттың ақпарат саласындағы негізгі қағидаттары, стратегиялық мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ оларды іске асыру тетіктері айқындалды.
Тұжырымдама алдағы кезеңге (2006-2009 жылдарға) арналған нысаналы бағдарламалар, заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілер әзірлеуге негіз болады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
 
Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің бәсекеге
қабілеттілігін дамытудың 2006 –2009 жылдарға арналған
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Кіріспе
 
Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін
дамытудың 2006 – 2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі –
Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы
Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясына сәйкес және Қазақстан
Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің 2006 жылғы 1 наурыздағы шешімдерін
орындау үшін әзірленді.
Тұжырымдамада ғаламдық ақпараттық кеңістікті және Қазақстан Республикасының
ақпарат нарығын дамытудың негізгі үрдістері, қазіргі заманғы ақпарат
нарығындағы бәсекеге қабілеттіліктің өзекті проблемалары талданады.
Мемлекеттік саясаттың ақпарат саласындағы негізгі қағидаттары, стратегиялық
мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ оларды іске асыру тетіктері
айқындалды.
Тұжырымдама алдағы кезеңге (2006-2009 жылдарға) арналған нысаналы
бағдарламалар, заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілер
әзірлеуге негіз болады.
 
1. Ақпараттық кеңістіктегі бәсекелестік ұғымы
 
Деңгейі нарықтық құрылымның әртүрлі үлгілері үшін өзгешеленетін бәсеке
қазіргі заманғы ақпарат нарығының аса маңызды сипаттамасы болып табылады.
Бәсекеге қабілеттілік - күрделі экономикалық санат, ол мынадай бірнеше
деңгейде:
тауардың немесе көрсетілетін қызметтің бәсекеге қабілеттілігі;
тауар өндірушінің немесе қызмет көрсетушінің бәсекеге қабілеттілігі;
салалық бәсекеге қабілеттілік;
елдердің бәсекеге қабілеттілігі ретінде қарастырылуы мүмкін.
Бүкіл осы деңгейлердің арасында тығыз ішкі және сыртқы тәуелділік бар.
 Елдегі және саладағы бәсекеге қабілеттілік  түптеп келгенде нақты тауар
өндірушінің немесе қызмет көрсетушінің бәсекеге қабілетті тауар шығарудағы
немесе қызмет көрсетудегі қабілетіне байланысты.
Әлемдік тәжірибеде дамыған бәсекеге қабілетті ақпарат кеңістігінде мынадай
ұғымдар пайдаланылады:
бәсекелестік артықшылық – бәсекелес шаруашылық субъектілерінің тиісті
көрсеткіштерімен салыстыру арқылы нарықта анықталатын артықшылық және
шаруашылық жүргізуші субъектінің бәсекеге қабілеттілігін айқындайды.
Маңызды бәсекелестік артықшылыққа: өндірістің табыстылығы, инновациялық
қызметтің сипаты, еңбек өнімділігінің деңгейі, стратегиялық жоспарлау мен
менеджмент тиімділігі, нарықтың өзгермелі талаптары мен жағдайларына жылдам
бейімделу қабілеті жатқызылады. Шаруашылық субъектісінде (фирмада), оның
ішінде қазіргі ақпарат өрісінде бәсекелестік артықшылықтары жиынтығы мен
олардың сапалық сипаттамалары жоғары болған сайын, оның нарықта жемісті
қызмет істеуі үшін неғұрлым қолайлы алғышарттар мен жекелеген нарықтық
сегменттерде барынша орнықты тұғырларды  иеленеді;
ақпарат өнімінің (көрсетілетін қызметтің) бәсекеге қабілеттілігі –
ақпараттық өнімнің (көрсетілетін қызметтің) ішкі, сондай-ақ сыртқы нарықта
табысы ретінде анықталатын тұтынушылық, бағалық және сапалық
сипаттамаларының кешені. Тауардың (көрсетілетін қызметтің) бәсекеге
қабілеттілігін ұқсас тауарлармен (көрсетілетін қызметтермен) салыстыру
арқылы ғана анықтауға болады;
салыстырмалы артықшылық тұжырымдамасы – экономикалық ілім тұжырымдамасы,
оған сәйкес елдің нақты қоғамдық және экономикалық өмірі салаларындағы
табысы өндірістік (жұмыс күші, жер, капитал және табиғи ресурстар)
факторлардың барынша тиімді пайдаланылуымен  түсіндіріледі, оның үстіне
нарықтық күштердің өздері  елдің ресурстарын олар барынша тиімділікпен
қолданылуы мүмкін тұстарға тоғыстырады. Тиісінше, ел өзінде бар факторлар
қарқынды пайдаланылатын салаларда салыстырмалы  артықшылыққа ие болады. Осы
салалардың өнімдері экспортқа шығарылады, ал өндіруде салыстырмалы түрде
факторлар тапшылығын бастан кешіріп отырған елде тауарлар мен көрсетілетін
қызметтер импортталады;
еңбек өнімділігі – ақпараттық тауардың  (көрсетілетін қызметтің) нарықтағы
бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі, өйткені
бәсекенің материалдық негіздері нақ өндіру үдерісінде қалыптасады, ол
нарықта бағалар мен пайданың салыстырмалы деңгейі арқылы көрінеді;
тік өсім – бір өнімді түрлі сатыда өңдеуші өндірісті кеңейтуге байланысты
өсім. Мысал ретінде меншіктегі баспахана базасын, көтерме-бөлшек саудада
тарату желісін құру есебінен кеңейтілетін баспалық бұқаралық ақпарат
құралдарын (бұдан әрі – БАҚ)  келтіруге болады. Тік өсім бір медиа-
кәсіпорын шеңберінде барлық өндірістік-маркетингтік тізбектерді біріктіруді
көздейді;
көлбеу өсім – компанияны өз бизнесін жүргізетін  салада кеңейту, өндірісті
кеңейту (өндірілетін ассортименттерді жаңа ұқсас тауарлар есебінен кеңейту)
арқылы немесе ұқсас компанияларды сатып алу (бәсекелес құрылымдарды сатып
алу немесе басқа географиялық нарықтарға шығу) есебінен компанияның
нарықтық үлесін ұлғайту;
қиғаш өсім - бірдей өнімдер шығармайтын және ортақ өндірістік үдеріске
қатыспайтын компаниялардың бірігуін білдіреді. Бұл қазіргі кезде барынша
кең тараған  стратегия болып табылады, өйткені ол баға белгілеуді
бақылауға, ресурстарды құрылымдар ішінде қайта бөлуге қабілетті  көпсалалы
әртараптандырылған құрылымдар құруға әкеледі.
Ақпарат саласында осы стратегия негізінде ірі медиа-кәсіпорындар құрылады,
оларға телерадио хабарларын тарату компаниялары, баспа өнімдері,
баспаханалар, компьютерлік және желілік ақпараттық  қызметтер ұсыну
жөніндегі компаниялар, медиалық емес кәсіпорындар кіруі мүмкін. Осының
нәтижесінде бір немесе көптеген мемлекеттер аумақтарында түрлі бейіндегі
кәсіпорындарды иеленетін және оларға бақылауды жүзеге асыратын ұлттық
конгломераттар мен трансұлттық корпорациялар құрылады;
жергілікті нарық - бір елді мекеннің (ең бастысы, қаланың) және  сонымен
іргелес аудандар нарығын білдіреді.
Қазақстанда осы нарықта облыстық, қалалық және аудандық БАҚ: Алматы
ақшамы, Вечерный Алматы және басқалары, Астана қаласының теледидары,
Эра-ТВ  және басқалары жұмыс істейді;
өңірлік ішкі нарық - онда бір-біріне іргелес және жақын (халқының құрамы,
тарихи өткені, дүниетанымы жағынан) аумақтардағы аудиториялардың
көрермендері үшін ақпарат тарататын БАҚ-тар жұмыс істейді.
Мәселен, АҚШ-та солтүстік-шығыс (Жаңа Англия), оңтүстік-шығыс (Алабама, қос
Каролина, Вирджиния, Флорида, Джорджия), оңтүстік (Луизиана, Джорджия,
Техас, Аризона), жартасты (Миннесота, Иллинойс, Юта, қос Дакота), батыс
(Калифорния, Орегон, Вашингтон) өңірлері болып  бөлінеді.
Қазақстанда осы нарықта КТК, 31-арна, Рахат ТД, Астана қаласының
теледидары және басқалар жұмыс істейді;
 жалпыұлттық нарық - жалпыұлттық аудитория үшін ақпарат таратушы БАҚ-тар
жұмыс істейді.
 АҚШ-та ол US NEWS and World Report газеті, CNN телекомпаниясы,
Ұлыбританияда – Independent, Guardian газеттері, SKY, BBC
компаниялары.
 Жалпыұлттық БАҚ-қа қатысушылар қатарына MTV, History, Discovery,
ЕSPN, FOX Movie Network, MS-CNBC (АҚШ), RAI Utile, RAI Sport 
(Италия) сияқты мамандандырылған тақырыптық құрылымдарды (спорттық, іскер,
мәдени, ғылыми, білім беру, көркем-деректі, музыкалық, басқаларын)
жатқызуға болады.
 Осы нарықта Қазақстанда Казахстанская правда, Егемен Қазақстан,
Панорама сияқты газеттер, Континент, Мысль сияқты журналдар,
Қазақстан, Хабар, Ел арна сияқты телеарналар,  Мир ХТРА-сы және
басқалар жұмыс істейді;
өңірлік сыртқы нарық - екі және одан да көп мемлекеттермен іргелес
аумақтардың аудиториялары үшін ақпарат тарататын БАҚ-тар жұмыс істейді.
 БАҚ-тың осындай бағдары Батыс Еуропада таралған. Мысалы, неміс
телеарналары, газеттері мен журналдары өзінің ұлттық аудиториясына ғана
емес, сонымен бірге неміс тілінде сөйлейтін іргелес мемлекеттердің –
Австрияның, Швейцарияның, Италияның, Польшаның, Данияның, Францияның
аудиторияларына да бағдарланған.
 АҚШ-та белсенді ақпараттық қызмет, оның ішінде солтүстік Мексика, оңтүстік
және оңтүстік-шығыс Канада, Кариб бассейнінің аралдағы мемлекеттерімен
іргелес аумақтардағы франко- және испан тілдес БАҚ-тар жұмыс істейді.
 Осы нарықта ішінара алғанда Қазақстан, Хабар, Ел арна телеарналары
сияқты отандық БАҚ-тар жұмыс істейді, Мир ХТРА Қазақстан Республикасының
оңды бет-бейнесін жасауда 10 жылдан астам уақыт жемісті  жұмыс істеп
келеді. 
 құрлықтық нарықта - бірнеше іргелес өңірлер деңгейінде ақпарат тарататын
БАҚ-тар жұмыс істейді.
 Мысал ретінде Euronews,  RAI Africa телеарналарын келтіруге болады.
 Қазақстан осы нарықта әзірге жалғыз Caspionet спутниктік арнасымен
көрінуде;
 ғаламдық нарықта - негізінен элиталық, тиісінше элиталық сипатқа ие
ғаламдық аудитория үшін ақпараттар тарататын БАҚ-тар жұмыс істейді.
 Олардың қатарында – америкалық баспалық БАҚ-тар: Time, Newsweek,
National Geographic, CNN Internatiоnal телеарналары, британдық The
Economist журналы, BBC One телеарнасы бар.
 Ғаламдық нарықта жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат құралдарының көпшілігі
мемлекеттің шетелге хабар таратуы жөніндегі арнаулы құрылымдары ретінде
әрекет етеді. Олардың қатарында жапондық NHK, немістің Deutsche Welle,
италиялық RAI Uno, қытайлық CCTV, ресейлік ОРТ-Әлемдік желі, РТР-
Планета телеарналары бар.
 Ғаламдық нарықта отандық БАҚ-тар жұмыс істемейді;
 бұқаралық ақпарат құралы (БАҚ) – мерзімді баспасөз басылымдары, радио-
және телебағдарлама, киноқұжаттама, дыбыс және бейнежазба мен көпшілік қол
жеткізе алатын телекоммуникациялық желілердегі (Интернет және басқалары)
WEB-сайттарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзімді немесе үздіксіз
жария таратудың басқа да нысаны;
 елдің бәсекеге қабілеттілігі – елдің еркін бәсеке жағдайында әлемдік
нарықтың талаптарына сәйкес тауарлар шығару мен қызметтер көрсету, оларды
өткізу арқылы елдің және оның жекелеген азаматтарының әл-ауқатын арттыру
қабілеті. Елдің бәсекеге қабілеттілігі тауар (көрсетілетін қызметтер) мен
тауар (көрсетілетін қызметтер) өндірушінің бәсекеге қабілеттілігін
біріктіретін және елдің әлемдік нарықтағы жағдайын сипаттайтын жиынтық
көрсеткіш болып табылады;
тауардың (көрсетілетін қызметтің) бәсекеге қабілеттілік факторлары –
тауардың (көрсетілетін қызметтің) құны мен сапасына әсер ететін және
тауардың (көрсетілетін қызметтің) бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын
өндіріс шығыны, еңбек өнімділігі мен қарқындылығы сияқты факторлар. Қазіргі
уақытта әлемдік бәсекеге қабілеттілікте бағалық емес факторлар алғы шепке 
шығып отыр, оның ішінде тауардың (көрсетілетін қызметтердің)  сапасы, оның
жаңалығы мен ғылымды қажетсінуі аса маңызды сипат алуда. Сондықтан әлемнің
көптеген елдері өз тауарларының (көрсетілетін қызметтердің) бәсекеге
қабілеттілігін ғылыми-техникалық әлеуетін дамытпайынша оларды жасау мүмкін
болмайтын инновацияларды пайдалану, жоғары технологиялы өнімдер әзірлеу
есебінен қамтамасыз етеді.
Әлемдік ақпарат нарығы өзінің мәні жағынан тауарлар мен қызметтердің
дәстүрлі нарығы болып табылмайды. Оның сыры мынада - оған стратегиялық
сипаттағы саяси, идеологиялық, мәдени-дүниетанымдық себептер бойынша
мазмұны әлемдік экономикалық (ақпараттық) қатынастар субъектілері арасында
еңбекке мамандану және сонымен ілесе жүретін біріктіру болып табылатын
классикалық халықаралық еңбек бөлінісі тән емес.
Осыған  байланысты ақпарат  нарығында экономикалық бәсекенің классикалық
формуласы барлық уақытта бірдей әрекет ете бермейді, әдеттегідей,
біріншіден нарық талап ететін өнімдерді - тауар немесе қызметтерді;
екіншіден, сапасы өте жоғары және үшіншіден, өткізу құны ең төмен өнімді
кім шығарса, сол ұтады.
Бұл ақпарат саласындағы бәсекеге қабілеттілік (ақпараттық бәсекеге
қабілеттілік) ұлттық бәсекеге қабілеттілікпен ұштасып жататынын білдіреді
және тұтастай алғанда сол арқылы айқындалады.
Тұтас алғанда мемлекеттердің ақпарат кеңістігіндегі және атап айтқанда,
ақпарат нарығына кәсіби қатысушылардың жеделдете ғаламдану мен ақпараттық
қоғам құрудың қазіргі заманғы жағдайында бәсекеге қабілеттілігіне тікелей
әсер ететін шешуші жаңа факторлар мыналар болып табылады:
адам ойының бүкіл сана шегінен және биологиялық мүмкіндіктерінен де тысқары
қолжетімді ақпараттың ұлғаюы. Ол ақпарат шоғырының үзіндісі, бір жағынан
қалың жұртшылықты қамту, екінші жағынан адамдар үшін ақпараттар ағысын тез
және тиімді сұрыптау мүмкіндігін жасау мақсатында ақпараттың барынша
қарапайым және егжей-тегжейлі берілу үрдісін айқындайды, яғни жеке адамның
саналы түрде (және санаға бағынбай) таңдау құқығы өте нақты іске асырылады;

ақпараттар ағынының трансшекарасы мезеттік және сапалы ақпарат хабарларын
таратуға арналған мейлінше жетілдірілген арналар арқылы ұсынылатын
ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен көрсетілетін қызметтердің 
арзандауы есебінен жұртшылықтың кез келген ақпаратқа шектеусіз 
қолжетімділігінің кеңеюі:
ішкі (ұлттық) ақпараттық кеңістікті қатар жұмыс істейтін екі – бұқаралық
(тек қана жергілікті жерге тән қолжетімді және кейде кабельді теледидар;
жергілікті баспалық БАҚ) және элиталық (ғаламдық спутниктік теледидар,
ақпарат агенттіктері, баспа басылымдары) бөлікке біртіндеп сегменттеу.
Қазірдің өзінде, әлемнің барлық елдерінде қоғамда принципті түрдегі әр
түрлі екі дүниетанымның және ұстанымның - бұқаралық және элиталық ұстаным
үлгілерінің бар екені анық;
ақпараттың мазмұнды бөлігін (контентті) көпшіліктің қабылдауына қолайлы
ойын-сауық, оның ішінде жаңалық, саяси, әлеуметтік, мәдени шоу нысанына
көшіру. Сонымен бірге  контенттің ойын-сауық (әзіл-оспақ, ток-шоу, танымдық
бағдарламалар) форматындағы зияткерлік әсері күшейтіледі, ол саясилану
үрдісіне ие болады;
ағылшын-америкалық (англосаксондық) форматты тіл, ой мен таптаурындар
тұрғысында, сондай-ақ пайдаланылып жүрген регламенттеу, тетіктер мен
құралдар мағынасында да ғаламдық және ұлттық ақпарат кеңістігінің базалық
және үстем форматы ретінде орнықтыру.
Бұл факторлар жаңа қатерлер мен сын-тегеуріндердің пайда болуын білдіреді,
сондай-ақ ғаламдық ақпарат кеңістігінің барлық деңгейінде де бәсекенің
күшейе түсуін көрсетеді.
Осыған байланысты мынадай тұстарға назар аудару қажет:
мәдениетті, дүниетанымды, әлеуметтік психологияны, таптаурындарды әмбебап
ету үрдістерінің пайда болуы, ол ғаламдық тұтыну қоғамын қалыптастыру үшін
қолайлы жағдай жасайды;
ұлттық бірегейлік қағидаттарының ара жігін ажыратпайтын мөлтекмәденишілдік
пен сан алуандық идеологиясының дамуы;
ақпарат нарығын бақылап-реттейтін ақпарат кеңістігінің негізгі
субьектілерінің мүмкіндігінің әлсіреуі;
өз мүдделерін ілгерілету мақсатында өңірлік және ғаламдық ақпарат
кеңістігіндегі өктем ақпараттық-насихаттық қызметке жетекші әлемдік
ойыншыларды тарту;
жекелеген жобалар мен бағдарламаларға тапсырыс беру мен оларды
қаржыландыру, өздерінің ақпараттық бөлімшелерін құру, өз мүдделеріне орай
үкіметтерге және халықаралық құрылымдарға ықпал ету мақсатында ақпарат
нарығының жұмыс істейтін кәсіби қатысушыларына бақылау орнату жолымен
ақпарат нарығына ғаламдық трансұлттық (салалық, оның ішінде энергетикалық
және синдикаттық) компанияларды белсенді енгізу.
Осы жағдайда Қазақстан Республикасының ақпарат кеңістігі  ақпараттық
дербестігінен айырылу баламасының алдында тұр, ол мемлекеттілік пен
тәуелсіздікке төнген тікелей қауіпті білдіреді, не сыртқы тәуекелді
факторларға иммунитетті қалыптастыратын (заңнамалық, материалдық-
техникалық, технологиялық, мазмұндық) және тіпті әлемге өзінің бәсекеге
қабілетті өнімін ұсына алатындай дәрежеге дейін дамуы мүмкін. Үшіншісі –
темір қоршау түріндегі қатал жасанды кедергілерді құру – қазіргі заманғы
жағдайларда мүмкін емес.
Қазіргі уақытта ақпарат нарығының, бірінші кезекте бұқаралық ақпарат
құралдарының субъектілері өз назарын мынадай аумақтық деңгейлерге (шартты
түрде эшелондарға):
жергілікті нарыққа;
өңірлік ішкі нарыққа;
жалпыұлттық нарыққа;
өңірлік сыртқы нарыққа;
құрлықтық нарыққа;
ғаламдық нарыққа аударып, өзара бәсекелес күрес жүргізеді.
Қазіргі заманғы әлемдік практика көрсеткендей, неғұрлым өткір бәсеке 
ақпарат нарығының екі эшолонында – жергілікті және ғаламдық нарықтарда
орын алуда.
Жергілікті нарықта жергілікті ақпарат пен күнделікті қолданбалы пайдалануға
жарамды ақпараттық өнімдер алуға мүдделі көпшілік аудитория үшін күрес
жүруде.
Ғаламдық нарықта элиталық аудитория – шешімдер қабылдауға немесе бұқараға
қатысты шешімдер қабылдауға ықпал ететін өкілеттіктері (саясаткерлер,
шенеуніктер, кәсіпкерлер, басқалар) жәненемесе мүмкіндіктері (көпшілікке
белгілі тұлғалар (басқарушы үлгілер) – спортшылар, өнер мен мәдениет,
ғылым қайраткерлері, қоғам қайраткерлері, басқалар) бар адамдар топтары
үшін күрес жүруде.
 
2. Қазақстан Республикасы ақпарат нарығының қазіргі жай-күйі
 
БАҚ қызметінің және Қазақстан Республикасы ақпараттық нарығының жұмыс
істеуінің негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы сөз бостандығы мен  шығармашылық
еркіндікке кепілдік береді, цензураға тыйым салады, сонымен қатар әркімнің
заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және
таратуға құқығы бар екенін айқындайды, идеологиялық және саяси
әралуандылықты таниды.
Қазір Қазақстанда ақпарат нарығының негізгі, елеулі элементтері
қалыптасқан. Мәселен, 1990 жылға дейін республикада  барлығы 10
республикалық   мемлекеттік  газет пен журнал басылса, эфирге 21 теле- және
радиоарна   шығарылса,  ал 2006  жылғы 1  маусымдағы   жағдай бойынша 
Қазақстан   Республикасында  7281  бұқаралық  ақпарат  құралы  тіркелген.
Мемлекеттік емес  БАҚ-тардың  үлесі  78-ге   жуық   процентті   құрайды.
Тіркелген БАҚ-тың жалпы санынан 2479 бұқаралық ақпарат құралы тұрақты
негізде жұмыс істейді.
Елімізде БАҚ-ты кең тұрғыда тақырыптық саралау орын алып отыр. Қазіргі
уақытта баспалық БАҚ-тың үлесі масс-медианың жалпы санының 50 процентін,
қоғамдық-саяси – 16 процентті, ғылыми – 9 процентті, жарнамалық – 10,5
процентті, балалар, жастар, әйелдер және діни басылымдар  шамамен әрқайсысы
2 процентті құрайды.
Қазақстан Республикасында 212 электрондық БАҚ жұмыс істейді. Аса ірі
жалпыұлттық  электрондық БАҚ-тар Қазақстан Республикасы аумағының: Хабар
телеарнасы – 95,70 процентін, Қазақстан - 96,25 процентін, Ел арна -
75,50 процентін, Еуразия – бірінші арна - 78,60 процентін, Қазақ радиосы
– 86,99 процентін қамтиды. Орталық Азия, Орта Шығыс, Еуропа және Солтүстік
Африка елдерінің аумақтарында хабар тарататын Caspionet спутниктік арна
жұмыс істейді.
 Елімізде кабельдік және эфирлі-кабельдік телевидение желілерінің 80-нен
астам операторы іске  қосылған, ол отандық және шетелдік электрондық БАҚ
арқылы хабар тарату қызметін көрсетеді. Олардың ішінен ең ірісі Алма-ТВ
(еліміздің 13 қаласына хабар таратады), Қазақпараттелеком, Секател және
Қазорталық-ТД (5 қала бойынша), КВК (4 қала) болып табылады.
 Қазақстанның ішкі ақпарат нарығында 2309 газет пен журналды, 83 телерадио
бағдарламасын қоса алғанда, 2392 шетелдік бұқаралық ақпарат құралы
таратылады. Қазақстан Республикасында спутниктік телевидение және
деректерді компьютермен беру жүйелер арқылы ақпарат өнімдерін қабылдауды
бір мыңға дейінгі шетелдік телеарналармен, электрондық  форматтағы баспалық
БАҚ-тың шектеусіз саны арқылы қабылдауды жүзеге асыруға болады. Қазақстан
Республикасында шетелдік бұқаралық ақпарат құралының 80-нен астам өкілі
аккредиттелген.
 Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары атауларының жалпы санының 90
процентке жуығы  орыс тілінде, 5 проценті – ағылшын тілінде, 5 проценті
әлемнің  басқа тілдерінде таратылады.
 Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік БАҚ-тың аса ірі
желілері Қазпошта акционерлік қоғамы (бұдан әрі – АҚ), АиФ-Қазақстан
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – ЖШС) біріккен кәсіпорны,
Еуразия-пресс АҚ, Алма-ТД АҚ, Секател, Қазорталық-ТД, Кателко+
ЖШС болып табылады. Осы құрылымдар тарататын масс-медианың жиынтық көлемі
жалпы көлемнің 70 процентін құрайды.
 Қазақстанда жалпыұлттық эшелонға, көбіне басқаларға, бірінші кезекте
жергілікті жердегілерге залал келтіре отырып, шектен тыс баса назар
аударылады. Мұндай көзқарас жергілікті және өңірлік ақпарат нарығының және
бұқаралық ақпарат құралдарының дамымауымен, сыртқы ақпарат нарығында жүйелі
жұмыстың болмауымен ерекшеленеді.
 Қазақстан Республикасында, қоғам үшін әлеуметтік маңызы бар және аса
маңызды тақырыптарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТТЫҢ РӨЛІ
БАҚ-ТАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТТЫҢ МАҢЫЗЫ
Қазақстан Республикасындағы сөз бостандығы мен ақпараттарды алумен таратудың конституциялық құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану саясаты
Ақпараттық қоғам және жаһандану
Электр энергетикасы саласын дамыту
Қазақстан Республикасының туристік қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерліктің қызмет ету ерекшеліктері (Қазақстан Республикасы мәліметтері негізінде
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын 2007-2009 жылдары iске асыру
Бәсекенің мәні мен маңызы, оның атқаратын қызметтері
Қазақстандағы ғылым-білім жүйесі ақпараттық қоғам идеологиясы мен философиясы
Пәндер