Жер құқық қатынастары туралы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Адам қүқықтарының жалпыға бірдей декларациясы сияқты негізгі халықаралық құжаттарда кез-келген адамның мүлікті, соның ішінде жерді де иелену қүқығы айтылады. Әлеуметтік прогресс және даму туралы Біріккен Үлттар Үйымының Декларациясы бүл қүқықты жер иелену және жер пайдалану жүйесінде әлеуметтік әділеттік пен экономикалық даму мақсаттарына неғүрлым жақсы орайда қызмет ететін, аграрлық реформаны қамтамасыз ететін негізгі шарт деп атайды. Қазақстан Республикасының Конституциясы адам мен азаматтың басқа да қүқықтары мен бостандықтары арасында жерге жеке меншік қүқығын бекітті.
Алайда, бүгінде тек жерге жеке меншік қүқығын ғана емес, сонымен қатар оны пайдалану қүқығын да айту маңызды. Жерді иелену мен пайдаланудың принциптік мүмкіндігі жаңа заң айтісін қабылдау арқылы жерге жеке меншік институтын іс жүзінде енгізуді қажет етеді.
Жерді еркін иелену мен иелік етудің қүқықтык кепілі болатын жер туралы жаңа заңға - Жер кодексіне қажеттілік ауылды өркендету мен көтеру процесі соңғы кезең болған Қазақстанда реформалар жүргізудің стратегиялық дәйектілігінен туындағанын баса айтқым келеді.
Экономикасы озьщ мемлекеттердің қүқықтық жүйелерінде жерге жеке меншік институты жетекші қүқықтардың бірі болып табылатындығы.
Тарихи жақтан ол жоғары өндіріс еңбегіне қызығушылықты қолдады, оның нәтижелерін тиімді пайдалануды жүйеге келтірді. Экономикалық дамуды, прогресті әрқашан жеке меншік иелері қамтамасыз еткені шындық.
Ауылдық жерлерде түратын, жерге меншік қүқығынан айрылган, нарықтық экономиканың өндірістік ықпалынан тыс қалған біздің еліміздің азаматтары Қазақстандағы ең аз қажетті ауылшаруашылық деңгейін ғана емес сонымен қатар түрмысының қарапайым деңгейін де қолдай алмайтынын айтуға тура келеді. Бүгінде ауыл халқы материалдық түрғыдан, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, өркениеттің басқа да ресурстарының жетіспеушілігін бастан кешіруде. Ауыл түрғындарының бостандығын бүдан әрі шектеу оны күйзеліске, шектеулілікке, өндірістік және адамгершілік әлеуеттің жоғалуына әкеп соқтырады.
Қазіргі экономикалық болмыста біздің жер туралы заңдарымыз жеке өмірді, жеке мүддені, жеке экономикалық табысқа, бастамаға, кәсіпқойлыққа және іскерлікке үмтылысымызды қанағаттандыра алмайды.
Түбегейлі әділетті жер қатынастарын белгілей отырып, жаңа заң адамдарды ауылдағы тиімді өндірістік еңбекке жоғары бейімдеу үшін жағдайлар туғызады, оның әлеуметтік-экономикалық дамуына күшті серпін береді.
Жер кодексін қабылдаудың экономикалық жағынан тек рентабельдік салдарлары ғана болмайды. Өз жерінің заңды қожасы болатын адамдардың санасында да өзгерістер болуы да неғүрлым маңызды. Өзінің жеке жер учаскесін иелену дербес адам мен еркеше ортаның, меншік иелерінің қатарын, ауылда кәсіпкерлік тапты қалыптастырудың іргетасы болады. Бүл - пайдалы күш. Барлық қазақстандықтардың қоғамдық игілігі де әрбір жер иесінің жеке үмтылысы үшін Жер кодексі қаншалықты қүқықтық кеңістікті кеңірек ашатынына байланысты болады.
Жер кодексінің нормалары (3, 12, 16-25, 43, 47, 50, 63, 78-баптар) адамның жерге меншік қүқықтарының шекараларын айқын белгілейді және жеке мақсатта өзінің учаскесін басқара алатын шекте салаларды шектейді. Осылайша оның бостандығының заңдастырылған саласы белгіленеді. Осындай заңдастырылған бостандық адамға жерге табиғи, айырылмайтын, туғаннан оған тиесілі өз қүқығы ретінде қарау адамның санасына орнығатыны туралы тарихи деректер куә.
Жерге меншік қүқығын игеру процесінде адамда өмір сүрудің жаңа қүқықтарын, соттың қорғауын, сөз бостандығын, ар бостандығын, мемлекет істерін басқаруды, түрғын үйге қол сүқпауды, хат алмасу және басқа да қүпияларды қанағаттандыру қажеттілігі қалыптасады.
Осы жаңа сапада ол өзінде өз қүқықтары мен бостандықтарын қорғай алатын қабілетінің бар екеніне көзі жетеді.
Жерге меншік қүқығы негізгі, басқа да іргелі қүқықтар мен бостандықтардың үйытқысы, өзегі болып табылады. Барлық уақыттарда кездейсоқ касиетті деп аталмаған осы қүқықтың арқасында адам аяғынан нық түра алды, өмірге шынайы көзқараспен қарап кәсіпқой бола алды, әлеуметтік белсенділік таныта алды. Осылайша түбегейлі азаматтық бостандыққа ие болды.
Жер кодексімен енгізілген жерге жеке меншік институты елеулі әлеуметтік маңызға ие. Ол бүгінде Қазақстанда болып жатқан адамның азаматтық қалыптасу, қоғамды демократияландыру процестері үшін бірінші кезектегі қажеттілікке ие. Мүндай қүқықты заңи түрғыдан бекіту мемлекетке жиі-жиі қоятын талаптардан арылған, дербес және тәуелсіз, намысшыл, өзінің отбасы мен елінің алдында жауапкершілігін сезінетін мыңдаған адамдардың пайда болуына әсер етеді. Бүл адамдар өздерінің жаңа және прогресшіл заманды қүруға қатысты екенін түсінетін болады. Ауылда азаматтык ынтымақтастық қүрылымдарын, қоғамдық мүдделердің біріктірілген топтарын, өзін-өзі үйымдастыру мен жергілікті өзін-өзі басқару нысандарын қүруға дайын болады. Олар әлеуметтік қүндылықтардың қазіргі өзгерген түсында ауылдың ерекше мүдделерін тиімді білдіретін болады. Жерге жеке меншіктің заңдастырылған қүқығымен айқындалатын адамның әлеуметтік және рухани дамуынын терен мүмкіндіктері мен ауқымдары міне, осындай болмақ.
Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы қоғамдық қатынастар, оның ішінде жер қатынастары, Қазақстан Республикасының Негізгі Заңының нормаларына сай дами бастады.
Ата Заңымыз адам қүқығы мен бостандығының басымдығын тани отырып, демокаратиялық қоғам мен қүқықтық мемлекет құруға бекем бел байлап, азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді, өзіміз және ұрпақтарымыз үшін лайықты өмірді қамтамасыз етуді қалай отырып, конституциялық қүрылыстың негіздерін жариялады. Орталықтандырылған тоталитарлық жүйе бойынша қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық, қүқықтық қатынастар адамдардың өскелең материалдық және рухани қажеттліктерін мейлінше, толық қанағаттандыру принциптеріне қайшы келіп, өмірдің өзі барлық әлеуметтік-экономикалық және қүқықтық қатынастарды қайта реттеуді, экономикалық-қүқыктық реформаларды жүргізіп, іске асыруды талап етті.
Қазақстан Республикасындағы қүқықтық реформаның Мемлекеттік бағдарламасында былай делінеді „ . . . Идеологиялық және саяси үрандармен бүркемеленген кеңестік тоталитаризмнен мүраға қалған кеселдерден заң жүйесін тазартуды талап етеді". [1, 36. ]
Бүл бағдарлама қүқықтык мемлекет қүрудың және заң шығару үрдісін жетілдірудің болашақ бағыттарын белгілеп берді. Ол үшін жер қүқық қатынастарын бір жүйеге салып, қоғамға, халыққа қызмет ететін неғүрлым тиімді және қайшылықсыз табиғат байлықтары, оның ең қасиеттісі жер туралы басқа үндестікті заңдармен қамтамасыз ету керек. Бүл салада, ең алдымен, жер және баска табиғат байлықтарын тиімді және үтымды пайдалануды және қорғауды камтамасыз ету - еліміздің әлеуметтік және экономика саласындағы кезек күттірмес міндеттері мен мақсаттары екенін еске алуымыз керек.
Қүқық қатынастарының ғылыми түсінігі нарықтық экономиканың өтпелі кезеңінде, ондағы қоғамдық қатынастарды, соның ішінде жер қүқық қатынастарын, ғылыми түрде жүзеге асыруда негізгі қүралдардың қатарына жатады. Себебі, ол ғылымның жетістіктері мен үжымдық тәжірибелерге арқы сүйейді. Сонымен бірге ол қүқық нормаларын қолдану ауқымын белгілеп берумен қатар, нарық экономикасы өтпелі кезеңіндегі қатынастардың реттелу өрісін кеңейтеді және жетілдіруге қызмет етеді.
Қазақстан Республикасының Президенті 1994 жылғы желтоқсанның 15-інде Жоғарғы Кеңес сессиясында сөйлеген сөзінде „Заң реформаға қызмет етуге тиіс" деп айтты. [2, 76. ]
Ғылыми зерттеулер жер қатынастарын реттейтін нормалдардың өрісін жетілдірумен шектелмей, ол нормалардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін де анықтап беруге тиіс. Оның мақсатына теріс әсер ететін қүбылыстарды, әрекеттерді болдырмау және олардың алдын алатын тәсілдерін, керек болған жағдайларда, олармен күрес жүргізу амалдарын белгілеп беріп, барлык катынастардың еліміздің талабына сай жүзеге асырылуы жатады. Мемлекет қызметінде жер қүқығы жер қатынастарының дамуының дұрыстығына және бұл салада әлеуметтік-экономикалық қатынастардың дамуына пәрменді ықпал ететін қүралы екенін де үмытпаған жөн. Сондықтан жер қатынастарына қүқықтық реттеуді мемлекеттен ажыратын қарауға болмайды. Мүны еліміздің Ата Заңының „Адам және азамат" деп аталатын екінші бөлімінен көруімізге болады.
Соған орай, жер қүқық қатынастарын реттеуде объективті үрдістердің қажеттіліктерін де еске алатын мемлекеттік басқару жүйесі ерекше орын алады.
Жер қүқығы - жер қүқық қатынастарының реттелу айнасы. Мемлекет жер қатынастарын реттеуде оны қүрал есебінде пайдаланады, оған бағыт береді, оның мақсаттары мен міндеттерін белгілеп береді. Мүның өзі қүқықтық қатынастарды жүйелеп, ғылыми түрде қарауды талап етеді. Бірақ экология, аграрлық қүқықтар саласында жер қүқық қатынастары туралы ғылыми зерттеулер өте аз. Оның үстіне, олар бүрынғы Кеңестер Одағындағы орталықтандырылған жер қатынастарына арналғандықтан, қазір еліміздегі дамып келе жатқан жер қатынастарының принциптеріне сай келмейді. Сонымен бірге, мемлекеттік тілде жер қүқық қатынастары туралы зерттеулердің жоқтығы, жарияланбағандығы ғылым саласының үлттық өрісін тарылтып отыр.
„Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы - Қазақстан Республикасының заң шығарушылық қүқының өрісіне қарай зиянды көрініс. Бүл туралы өз пікірімізді бүрын ортаға салғанбыз. [3, 10 б-]
Жер туралы жаңа заңның Республикамызда жер қүқық қатынастарын
нарық экономикасының талаптарына сай қүруда атқаратын қызметі орасан зор. Оның заңдык күші Қазақстан Республикасы Парламентінің қабылдаған заңдарымен бірдей. Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы (Қазақстан Республикасы Конституциясының 49-бабы) . [4, 216.
Келешекте Жер туралы Жарлыққа біз үсынған толықтырулар мен қосымшаларды және басқа үсыныстарды ескере отырып, Парламент Қазақстан Республикасының Жер кодексін қабылдауы мүмкін. Оның мүндай заң шығарушылық қүқығы - Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде бүкіл республика халқы атынан атқарылатын қызметі. Оның қабылдаған заңдарының күшін өзінен басқа ешкім де жоя алмайды. Бүл пікір бүрынғы Кеңес одағы кезінде айтылса да, қазіргі тәуелсіздік алған Қазақстан Республикасына тікелей қатысы бар. [5, 90 б. ]
Бүл зерттеу жүмысы, бірішпіден, жер қүқық қатынастары арқылы Қазакстан Республикасның жер заңдарының мәнін, атқаратын рөлін, қызметін, екінші жағынан, олардың қоғамдық қатынастарда алатын орнын белгілеп беру максатын, сондай-ак жоғарыда атап өткен жер қүқық катынастары мәселелерінің кең ауқымды екенін еске алып, жер қүқық қатынастарының түсінігі, талаптары мен мазмұнына жәнеаталған қатынастардың пайда болу, өзгертулері мен қысқартылуына (жойылуына), жерді қүқықтыққорғау мәселелеріне жаңа заңдар негізінде талдау жасап, қорытындылар жасауды көздеді. Қаралып отырған мәселелердің күрделілігі оның қүқықтық негіздеріне де байланысты. Кейінгі кезде жер қүқық қатынастары азаматтық қүқық қатынастары сипатын ала бастады. Жаңадан Азаматтық кодекс, Жер заңы және басқа да жерге байланысты мүліктік қүқық туралы заң қүжаттары қабылданды. Қүқықтық қатынастардың осындай негіздеріне және кейбір ғылыми пікір таластарға да талдай жасалып, қорытындылады, пікір айтылып, түйін-түжырым жасалды.
1 ТАРАУ. БҮГШП ТАҢДАҒЫ ЖЕРГЕ ЖЕКЕ МЕНШЖ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР КОДЕКСІ- 2003 ЖЫЛ
Қазақстанда 272, 2 миллион гектар жер бар оның 222, 6 миллион гектары ауыл шаруашылығы жері, бұл бүкіл батыс Еуропаның барлық жерінің 60 пайызы.
Осы орайда өзге мемлекетерде жерге жеке меншік құқығын беру жолдарына шолу жасап өтейік. Ертедегі Рим жеке құқығында меншік үғымы-жерді иеленуден туындаған. Римнен шыққан иелену- жерге отыру кейіннен, жерге отырықшылық жасау деген үғымды білдірген. Отырықшылық жасалған жерді игеру барысында пайда болған өнімнен - «узусфуктус-пайдалану» үғымы қалыптасқан. Алғаш рет осы мемлекетте Рим заңгерлері нақты затқа меншік қүқығы деген үғымды енгізді. Яғни бүгінгі біз қолданып отырған азаматтық күқықтың басты қүқықтық объектілерінің бірі. Ал, Англияда жерді пайдалану заттық қүқығын 99 жылға сатады.
Американың бүкіл жер аумағында жерге жеке меншік 47 пайыздан аспайды. Қытай жерге жеке меншікті енгізбей-ақ жамыған жеті елдің қатарына кіріп отыр. Ертедегі Римның кіндігі Италияда, бір кездері жеке меншікке берілген ауылшаруашылық жерлерін халықтың демографиялық өсуіне байланысты заң шығарып, мемлекеттік меншікке қайтарып алып, қайта бөліске салды. Бүл елддің заңында көрсетілгендей, жер иесінің өзіне берілген жер телімін 30 жыл мерзім болмай сатуға рүқсат етілмейді. Сырт мемлекетке жер сатылмайды.
Германияда-жеке меншіктегі ауыл шаруашылығы жері мүраға қалдырылмайды, сатылады. Мүнда жер адамға кейіннен сатып алу қүқығы негізінда ғана беріледі. Ал жалға алушы оны 20 жыл ішінде басқа біреуге сата алмайды.
Ресейдің қазіргі қолданып отырған заңында жерге дербестік, мемлекеттік және муниципальдық меншік түрлері енгізілген. Дербекстік түріне бау-бақша, үй орындары мен жеке меншіктегі қосалқы шаруашылықтар. Шетел азаматтары мен заңды түлғалар жер иесі бола алмайды. Олар жерді тек уақытша жалға алуға қүқылы. Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларында меншікке сатылыатын жерлерге тыйым салынған. Израйльде - жер негізінен мемлекетің еншісінде. Тек сол елдің азаматтығын алғандар жерді жалға алуға қүқығы бар. Қазір жердің 5 пайызы ғана жеке меншік иелігінде. [ 14, 27 6]
Қазақстан Республикасының Конституциясында жерге екі түрлі меншік: мемлекеттік және жеке меншік қаралған және ол бірдей дәрежеде қорғалады. Конституцияның 6-бабында: «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер сондай-ақ белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте болу мүмкін»- делінген.
Мемлекетіміз нарықтық қатынастарға өту жағдайында тұрғаң осы бір мерзімде жер сатып алуға болатын объектіге айнала бастады. Бұл процесс Қазақстан мемлекетінің Конституциясы қабылданғаннан бері сатылап жүзеге асырылып келеді. Жерге жеке меншік алдымен бау-бақша кәсіпорынның технологиялы қызметін жүзеге асыру үшін, яғни кәсіпорын түрған жер мен оның қажеттіліктері үшін берілген аула аумағында орнады. Конституцияға сәйкестендіріліп жер қатынастары туралы жаңа нормативтік-қүқықтық актілерде қандай жерлерге жеке меншік болатындығын түрі мен мазмүны айқындалды. Онда ауыл шаруашылығы жерін жеке меншікке беру әуелі жоспарланғанымен кейін алынып тасталды. Бірақ жер учаскелерінің иелері, яғни уақытқа үзақ мерзімге пайдаланушылар өздеріне бекітілген пайдаланушылар өздеріне бекітілген жерлерді пайдалану қүқығын сатуға, жарғылық қор ретінде шаруашылық серіктестіктеріне үлес етіп қосуға, кепілге қоюға, сыйлауға мүраға қалдыруға, уақытша пайдалануғаберуге өз калауымен толық иелік етуге қүқылы болды. [1, 3 6]
Ол үшін мемлекеттік органдардың рүқсаты болуы шарт емес.
Сонымен, Қазақстан мемлекетінде жер алғаш рет қосалқы түрде, яғни жеке меншікте болмаса да, оны иелену, пайдалану және билік ету қүқығын сату-сатып алу объектісі ретінде қарауға мүмкіндік болды. Демек, жер, басқа да жылжымайтын мүлік секілді меншік объектісі ретінде қарала бастады, аыл шаруашылығы жеріне жер пайдалану қүқығын сату, сатып -алу мүмкін болады.
Қазақстан Республикасының Президентінің үстіміздегі жылы 29 сәуірдегі Қазақстан халкына жолдауында айтылғандай, жер қатынастарын ретеудің алдағы кезеңінде ауыл шаруашылығы жерін бірітіндеп жеке меншікке беру қарастырмақ. Алайда біздің елімізде ауылшараушылығында жарамды қүнарлы жерлер 30 пайызды ғана қүрайтынын еске түсіріп, сосын сол жерлерді жеке меншікке бөліп берій, кейін демографиялық өсімге сәйкес қайта бөлісуді алдымызға елестетіп көрейікші?! Сосын осыған ауыл шаруашылық жерлерінің мыңдаған гектарларының мерзімсіз пайдалану қүқығы, бір адамның қүзырына шоғырланып азаматтық айналымы мен шектеліп отырғандығын қосайық. Ол адам өз қүзырындағы мыңдаған гектар жерді бөлшектеп қысқа мерзімді 3 жылға және 99 жылға дейінгі шеңберде беріп, үстіндегі табысын жеп шетелде немесе қалада өзге шаруалармен айналысып жүргендігін есепке алайық.
Сонда, мемлекеттік бюджетке тікелей түсіп: 1) зейнетақы, балаларға берілетін төлемақшалар бүгінде жеке қожайынның қолындағы көк кағазға айналып жатқаның, болмаса оның қалтасы арқылы шетелдік банкке, шетелдіктерді асырайтын шет мемлекеттің базарына бізден «қашып бара жатканын елестетеміз».
Және де жалға берілген жерлер тікелей жанашыр қожайыны болмаған соң эрозияға немесе экологиялық дағдарысқа ұшырауда. Себебі: жерді жалға алушы өз өнімін алған соң, сол жерді құнарландырумен айналыспайды. Өйткені алған табысы жерді жалға қожайынға және жер, өнім салығын төлеуден аспайды. Келесі көктемде өзге қожайынның қүнарлы жерлерін жалға алады да, пайдаланып жедел пісетін өнім алған соң тастап кете береді.
Сонда құнарынан айрылған жерлердің үлес салмағымен қоса, ауылшаруашылық жерлерінен жеке меншікке: 1) өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізуге; 2) бақ өсіруге; 3) саяжай қүрылысын салуға бөлінетін жер учаскелерін ескерсек, елге өнім беретін қүнарлы жер қүрамының кемуін байқау қиын емес.
Демек, осы жайларды ескере отырып ауылшаруашылқ жерлерінің пайдалану қүқығын 99 жылға беру барлығымызға тиімді. Сонымен қатар жерге жеке меншік енгізудің әлеуметтік саласына, саяси шырғаланына дейін қойып көрейік.
Себебі екі аралық дау әршітетін де және дер кезінде басып отыратын да тек тура саясат. Ел басы миллиард халқы бар Қытай елімен, 15 миллионға жуық халқы бар Қазақстан арасындағы шекара мәселесін шешті. Мүндағы саяси кәргенділік 15 миллионға жуық халқынының өмір сүріп демографиялык өсуін қамту болып табылады.
Сондықтан Өзбекстанмен іргелес жердегі адамдардың жекелеген адамдардың заңсыз жер белгілеулеріне сай келетіндей ауылшаруашылық жерлеріне жеке меншік енгізіп шекараға жеткізу, әлеуметтік емес, саяси мәселенің ушығуына ықпал ету мүмкін. Косоводағы жер соғысы шекараға жақын жинақы түратын этникалық топтың жерге жеке меншікті заңдастырып алуынан туындаған, және де қүнарлы ауылшаруашылық жерлері сол өңірде: орналасқанын ескерсек шекараны жедел белгілеуіміз керек. Өзбектер шөлді-шөлейтті емес, өнім беретін қүнарлы жерлерге қызығушылық танытып отыр.
Сондай-ақ Ресей Конституциясының 62-бабы 1 тармағы қос азаматтыкты не үшін заңдастырғанын түсінсек, солтүстік, батыс және шығыстағы ауылшаруашылық жерлерін бір сәтке де естен шығаруға болмас. Бір кездері Приднестровьедегі үлытшылдардың соғыс дүмпуімен жері бөлінгеннен Молдова, сол жерді қайтару үшін ғана, қос азаматтықты заңдастырғалы отыр.
Осындай ой түжырымдарды ескеріп, үкіметтің 1999 жылы 29 сәуірде нөмірі 493 қаулысымен ауылшаруашылық жерлеріне жеке меншік енгізуге үсынылған заң жобасы қайтарып алынған болатын. [9, 3б]
Ал енді ауылшаруашыльщ жерлеріне жеке меншікті енгізбесе және мерзімсіз пайдалану қүқығын шектесе, банктер жерді кепілдікке алып несие беруді тоқтатады деген пікір айтушылар жоқ емес. Олар мына жайларды біріншіден елімізде қүрылыстар салынған жеке меншіктегі жер учаскелерін кепілдікке алып несие беретін ипотекалық банктердін калыптаскандығын.
екіншіден, ауылшаруашылық жерлерін кепілдікке алып несие беретін ипотекалық банктерді қүруға 1917 жылға дейінгі Ресейдің өзі ғасырлар өткізіп барып жеткені; үшіншіден шетелдік банктер ғана еліміздегі жеке меншіктегі жер учаскелерін, салынған ғимараттың, өндіріс құрылысының құндылығына қарай кепілдікке алып несие бере алатындығын, аңғармай отыр.
Ендеше еліміздегі банк құрылымдарына несие беріп отырған шетелдік банктер екенін ескерсек бұларға сол қарыздан қүтылу үшін ең тиімдісі, ауылшаруашылық жерлеріне көктемде жанар-жағармаймен көмек бергенсіп, күзде шыққан өнімін сыпырып алумен шектелу үтымды.
Мүндай жағдайда ауылшаруашылық жерлеріне жеке меншік енгізіп, шетелге тәуелді банктерге кепілдік беру арқылы шетелдік ақшаны алигархтардың қолына ауылшаруашылық жерлерін шоғырландыру болып табылады. Сонда олардың елдің ішкі билігіне оп-оңай араласуына мүмкіндік береді.
Сондықтан да біздің байлығымызға қызығушылық танытушы Американың қарыз беріп отырғаны кіріптар етуші әлемдегі үлкен банк іспеттес ел екенін үмытпай, бізді сол елден қызғанатын іргелес екі алыпты және жер сүрап етектен тартқан өзекендерді ескеріп, ауылшаруашылық жерлеріне жеке меншік енгізу «ойынынан» аулақ болуымыз қажет.
Жер бетіндегі адамның саны 6 миллиардтан асты. Теңіз ортасындағы аралдық елдердің халықтары, мүхит деңгейі көтерілген сайын, зәрелері үшып қүрлыққа үмтыла түсуде.
Осы ахуалдарды ескере отырып, мәжіліс депутаты академик Ғани Қалиев айтқандай, пайдалану қүқығына берілетін және берілген ауылшаруашылық жерлерінің мөлшерін «Жер туралы» заңмен тікелей шектеу керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz