Рим мемлекеті



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. ПАТШАЛЫҚ КЕЗЕҢ
1.1. Рим мемлекетінің пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Римнің патшалық кезеңдегі саяси құрылысы ... ... ... ...5
1.3. С. Тулийдің реформалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

2. РИМ АРИСТОКРАТИЯЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ
2.1. Рим халқының құқықтық жағдайы ... ... ... ... ... ... ...9
2.2. Рим республикасының басқару жүйесі ... ... ... ... ... .11
2.3. Рим республикасының дағдарысы ... ... ... ... ... ... ... 14

3. РИМ ИМПЕРИЯСЫ
3.1. Қоғамдық құрылыстағы өзгерістер ... ... ... ... ... ... ... .17
3.2. Принципат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
3.3. Доминат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
3.4. Империяның құлауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Рим мемлекеті өзь кезіндегі ең ірі және ең мықты мемлекеттердің бір болған. Рим мемлекетінің тарихын оқи отырып, біз бүгінгі күндегі мемлекеттер Рим мемлекетінің құрылымынан, саяси жүйесінен өзіне көп нәрселер алғанын көре аламыз. Рим патшалық, аристократиялық республикалық және империялық кезеңдерінде болсын кез-келген мемлекетке өзінің мемлекеттік құрылысына алуға үлгі бола алатын. Міне осы жағдайда Рим мемлекеті қашан және қалай пайда болды, оның мемлекеттілігінің ерекшелігі неде деген объективті сұрақтар туындайды. Міне осы кезде Рим мемлекеті туралы мәселе өте маңызды болып келеді деген тұжырымдаға келеміз. әрине Рим туралы көп зерттелген, көп айтылған, сонда да жас заңгерлерге бұл өте үлкен және керекті мәліметтер деп санаймын. Сондықтан курстық жұмысма осы тақырыпты тандап алдым.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаттары Рим мемлекетінің пайда болуына, оның әртүрлі кезеңдегі әлеметтік және қоғамдық құрылысына көңіл бөлу, әр кезеңдегі мемлекеттің басқару жүйесіне және оның ерекшеліктерін қарастыру және Рим империясының құлау себептерін анықтау.
1. Мұхтарова А. Қ. Шетелдердің мемлект және құқық тарихы. – Алматы, 1999.
2. Всеобщая история государства и права. Учебник под ред. К.И. Батыра. – Москва, 1998.
3. Всеобщая история государства и права. К.И.Батыр. Москва,1995.
4. Всеобщая история государства и права. Черниловский.З.М. Москва,1998.
5. Хрестоматия по всеобщей истории государства и права. З.М.Черниловский. Москва,1996.
6. Хрестоматия по всеобщей истории государства и права. Том 2. Алматы,1996.
7. Всеобщая история государства и права. К.И.Батыр. Москва1998,г.
8. Всеобщая история государства и права. Д.Л.Булгакова, А.Ж. Итаев. Алматы,2000.
9. Хрестоматия по всеобщей истории государства и права. 2 том,/Сост. Е.Г.Ли, В.В.Нездемковский, М.Е.Сагинаев. Алматы,2001.
10. “История государства и права зарубежных стран” под редакцией П.Н. Галанза. М.,1963.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Ежелгі Рим мемлекетінің пайда болуы

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Патшалық кезең
1. Рим мемлекетінің пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 4
2. Римнің патшалық кезеңдегі саяси құрылысы ... ... ... ...5
3. С. Тулийдің
реформалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

2. Рим аристократиялық республикасы
2.1. Рим халқының құқықтық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ...9
2. Рим республикасының басқару жүйесі ... ... ... ... ... .11
3. Рим республикасының дағдарысы ... ... ... ... ... ... ... 14

3. Рим империясы
1. Қоғамдық құрылыстағы өзгерістер ... ... ... ... ... ... . ... 17
2.
Принципат ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .18
3.
Доминат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...19
4. Империяның
құлауы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...20

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 24
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

Кіріспе

Рим мемлекеті өзь кезіндегі ең ірі және ең мықты
мемлекеттердің бір болған. Рим мемлекетінің тарихын оқи отырып, біз
бүгінгі күндегі мемлекеттер Рим мемлекетінің құрылымынан, саяси жүйесінен
өзіне көп нәрселер алғанын көре аламыз. Рим патшалық, аристократиялық
республикалық және империялық кезеңдерінде болсын кез-келген мемлекетке
өзінің мемлекеттік құрылысына алуға үлгі бола алатын. Міне осы жағдайда
Рим мемлекеті қашан және қалай пайда болды, оның мемлекеттілігінің
ерекшелігі неде деген объективті сұрақтар туындайды. Міне осы кезде Рим
мемлекеті туралы мәселе өте маңызды болып келеді деген тұжырымдаға келеміз.
әрине Рим туралы көп зерттелген, көп айтылған, сонда да жас заңгерлерге бұл
өте үлкен және керекті мәліметтер деп санаймын. Сондықтан курстық жұмысма
осы тақырыпты тандап алдым.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаттары Рим мемлекетінің пайда болуына,
оның әртүрлі кезеңдегі әлеметтік және қоғамдық құрылысына көңіл бөлу, әр
кезеңдегі мемлекеттің басқару жүйесіне және оның ерекшеліктерін қарастыру
және Рим империясының құлау себептерін анықтау.

1. Патшалық кезең

1.1 Рим мемлекетінің пайда болуы

Рим мемлекетінің әлем тарихинда алатын орны өте үлкен және ол
әрқашан өзінің мемелекеттік, қоғамдық, әлеуметтік және өзінің құқықтық
жүйесімен талай тарихшылар мен саясаткерлерді таң қалдырған болатын.
Тарихшылардың айтуы бойынша Ежелгі Рим мемлекетінің пайда болуы б.д.д.
VIII ғасырымен байланысты. Басында ол тек Тибр өзенінің бойындағы кішкене
ғана жер өңдеушілердің көшелері тар, кішкентай поселкесі болған. Кейін онда
тас фундаменттер пайда болып, кейін ғана б.д.д. VI ғасырдан бастап туфтен
жасалған үйлер құрыла бастады.
Б.д.д. VIII ғасырда римдіктер халықтарға (генсалар), одақтар
(куриялар) және төрт тайпаға: рамн, тици және люцерлерге бөлінді. Қаланың
басшысы рекс немес патша болды. Жалпы Римде жеті патша болды – Ромуладан
бастап Тарквиний Гордыйға дейін. Осы кезеңде Римде Патшалық кезең басталды
деп есептеледі. Археологиялық қазбалар сол кездегі Рим халқының мүліктік
қындылықтарын тапқан болытын.
Көптеген тарихшылар Рим мемлекетінің өмір сүруін бірнеше
кезеңдерге бөледі. Б.д.д. 509 жылы соңғы патша Тарквиний Гордый билігі
құлатылып, қаланың басшысы болып консул Юний Брут сайланды. Осы кезде
патшалық кезең аяқталып, республикалық кезең басталды. Және ол 500 жылға
дейін созылды. 27 жылдан бастап 476 жылға дейін Рим империялық кезеңді
басынан өткерді, өз кезегінде ол империялық кезең принципат және доминат
кезеңдерімен жалғасты.
Л. Морганның айтуы бойынша ежелгі римдің қоғам өз құрылысы бойынша
әскери демократияға жатады екен. Олар бұл кезеңде жер өңдеуімен, мал
шарушылығымен және метал өңдеумен айналысқан. Көшпелі өмір патшалалық
кезеңде аяқталған болатын. Бірақ бұл Ежелгі Римнің құрылымы әскери
демократия сипатында болуына әсер еткен жоқ.

1.2 Римнің патшалық кезеңдегі саяси құрылысы
Римнің патшалақ кезеңдегі қоғамдық құрылысы біртекті болған жоқ.
Текті рулар, аристократты-патрицийлер болды. Осылардың қатарынан әскери
басшылар және қалалық магистраттар шыққан. Бара-бара аристократтар құлдарға
ие бала бастады, кейін оларда өздеріне тәуелді клиентеллалары болды.
Нақты бір күндері рулар, куриялар, тайпалар, ал кейінірек
тайпалардың одақтары жиналып қоғамдағы мәселерді шешетін: әртүрлі даулар,
қылмыстық істер және т.б.
Барлығы 300 ру болды, әр тайпада 100 рудан. 10 ру бір курияны
құраған болатын. Мұндай ұйым бүгінге дейін ғылыми даулардың объектісі
болуда. [1]
Ру мен тайпа мүшесі ретінде римдік азамат-патрицийлер: 1)өзіне
бөлініп берілген және жер жалпы меншіктің иесі болды; 2) мүлікті
мұрагерлікке алуға құқығы болды; 3) рудан өзіне көмек көрсетуді талап ете
алды; 4) жалпы діни мейрамдарға қатыса алды. Сол уақытта ру, курия не қауым
әр азаматтан өзінің әскери және өзге де міндеттемелерін орындауын талап ете
алды.
Рулардың басшылары ақсақалдар кеңесін құрған немесе оны сенат
деген, кейіннен сенат үкіметтік билік ұйымына айналды. Әрбір рудың аты
болды. Рудың басшысы ақсақал кеңесіне, атап айтқанда сот қызметін жүзеге
асыратын санаға енді. Ең басында Рим қауымы 300 рудан тұрғандықтан, ежелгі
сенат 300 сенатордан тұрды. Сенатта әрбір істі алдын-ала тексеруге құқығы
болды және олардың шешімі кейін халық жиналысына салынды. Сенат Римді
басқарудың ағымды жұмыстарымен айналысты. Сенат патшалар кезінде халық
жиналысы ретінде де қызмет етті, онда оларды куриялардың жиналасы деп
атады. Куриялар бойынша дауыс беру жүзеге асырылды. Сенат өмірлік көсемді
сайлады. Рим қауымының азаматтық басшысы және бас қолбасшысы рекс деп
аталды – патша. Рекс сайланбалы және халыққа бағынышты лауазым болған.
Патша сенаттың төрағасы болып, бүкіл қауым атынан құдайға құрбандық береді
және “легиондарды” басқарады ең маңызды мәселелер курияның, рудың халық
жиналысында қойылып отыратын.
Халықтың ең ауқатты бөлігінен тұратын бірінші топтың
жүздіктеріндегі адам саны небары он шақты еді. Керісіше, соңғы топ
жүздіктерінде азаматтардың саны жүзден едәуір асып, ал ақырғы центурияда 4
мыңға дейін жетті. Сонымен дұрыс шешілсе, 1 топ шешімі дұрыс және қуатты
болып шығады. Олар 193 дауыстан 98 дауыс береді. Басқа топтар дауыс беруге
қатыспаса да болатын, өйткені олардың дауыстарының ешқандай қажеті жоқ еді.
Рим халқының жалпы жиналысы әскери жиналыс болып саналатын және ол
Римнің әскери күшін байқатудың бір құралы болды деуге де болады. Жиналыс
өз құрылымдары бойынша құрылды және дауыс берді.
Ежелгі кезден бастап Рим территориясында азаматтар емес – плебейлер
тұрған болатын. Плебейлер өз табиғаты бойынша кедейленген адамдар болған,
олар Рим байларына қызмет етіп, нақты бір шарттарда жер учаскелерін алып
отырған. Плебейлердің көбі қолөнер және саудамен айналысқан. Бірақ уақыт
өте бара плебейлер саны көбейіп, олар патрицийлерге қарсы тұратын үлкен
саяси және экономикалық күшке айналды. Римнің саяси тарихы плебейлердің
патрицийлермен тең болуға ұмтылған соғыстарымен белгілі. Патрицийлерге
қарсы плебейлер күресінің ең ірі нәтижесі рулық-тайпалық қатынастардан құл
иеленушілік мемлекет құру болды. Олардың құқықтары шектелген балатын.
Оларға патрицийлермен неке қиюға, жер сатып алуға, әскерге қатысуға
болмайтын. Өздерінің жағдайларын жақсарту үшін плебейлер патрицийлермен
күресті. Плебейдің жеңісі екі рулық құрылысты өзгертті де, оның орнына
мемлекет құрды. Мұның ішінде рулық аристократия мен плебей кешікпей мүде
жойылып кетті.

1.3 С. Тулийдің реформалары

Жоғарыда атап өткендей плебейлер мен патрицийлер арасындағы
теңсіздік болды, бұл Римнің дамуындағы бір кедергі болды десек те болады.
Рим мемлекеттілігінің дамуының маңызды кезеңі Римнің алтыншы рексі Сервий
Тулийдің реформаларымен байланысты еді. Б. д. д. VII ғасырда Сервий Тулий
патша Римде саяси және экономикалық реформа жүргізіп, плебейлердің жағдайын
жақсартты. Оның кезінде плебейлер римдік қауым қатарына кірген болатын. Ол
плебейлерді халық жиналысына қатыстыратын болды. Азаматтардың куриялары
және ежелгі жиналыстармен қатар плебейлерді Рим жасағы қатарына да ресми
жіберуге жол берген Сервий Тулий реформалары. Жауынгерлер центуриаттың
комицияларын құрды.[2]
Реформа барысында римдік азаматтар пллебейлер де, патрицийлер де
мүліктік жағдайы бойынша бөлініп, 193 жүздікке – центурияға бөлінді.
Жауынгерлер мүлікті белгілеріне сәйкес бес топқа бөлінетін. Байлық мөлшері
асспен саналды. 1. 100000 асс, 2. 75000 ассы, 3 .50000 асс, 4. 75000 асс,
5. 11000 асс. 100000 ассы болғандар 80 центурияға біріктірілді. Ең байлар,
яғни 100000 асстан астамдар 18 центуриялық атты әскерге біріктірілді. Әр
центурия 1 дауысқа ие болғандықтан, ең байлар мен байлар 193 дауыстың 98 ие
болды. Екінші топтағы 75000 асстықтар 22 центурияға біріктірілді. 50000
асстықтар 20 центурияға бірікітірілді. Мүлкі мүлдем жоқтары пролетарийлер
деп аталды, олар барлық центурияның бір-ақ даусына ие болды.
Сонымен, бірінші топқа мүлкі 100 мың жез ассыларға бағаланған
неғұрлым ауқатты азаматтар жатқызылатын. Олар толық қару-жарақтанған 18
атты және 80 жаяу әскер жүздігін беруге міндетті болды. Центуриат
комициаларында дауыс жүздіктер бойынша берілді. Бір жүздік бір дауысқа ие
болды. Сұрақ қою бірінші топ азаматтарынан басталады, олар 193-тен 98-
дауысқа ие болды. Ал қалғандарының 95-қана дауысы болды. Ең кедей азаматтар
ақырғы центураға біріктірілді. Бұл пролес яғни балаларынан,
тұқымдарынан басқа ештеңесі жоқ адамдар” еді. Оларды әскери қызметке
жібермеді. Сервий Тулийдің жүргізген рефориасы Римнің әскерін күшейтіп,
плебейлер мен патрицийлердің құқығын теңеді. Рефомадан кейін патрицийлер
бәрі жоғарғы биліктегі міндеттерді өздері иеленді және және жер алу құығын
сақтап қалды. Плебейлер мен плебейлердің өзара қатысы мұнымен шектклген
жоқ. Ол бұрын әкімшілік окруктарда ғана болған 4 аумақтық трибалар құрды.
Кейін осындай трибалардың саны біртіндеп өсіп, б. д. дейінгі 1 ғасырда 35-
ке дейін жетті.
Міне осыдан бастап, байлардің басшылығы басталды, олар патриций
ме, әлде плебей ме бәрі бір болды. Сервий Тулий реформалары қандық
туысқандыққа негізделген қауымдық құрылысты бұзып, оның орнына мүліктік
және территориялық бөлуге негізделген мемлекеттік құрылысты өмірге әкелді.

2. Рим аристократиялық республикасы

2.1 Рим халқының құқықтық жағдайы
Сервий Тулий реформалары плебейлерге жаңа құқықтар бергенімен,
олар толығымен патрицийлермен теңескен жоқ. Плебейлерге жер беру мәселесі
патрицийлерге қарағанда шектелмелі болды, және ол Римнің Италияны жаулап
алып, жаңа жерлер қосылысған соң бұл мәселе күшейе бастады.
Сонымен қоса қарыздық құлдылықты жоятын механизмдер керек еді. Осы
және жаңа жаулап алған жерлерді алу плебейлер мүдделеріне жағымды болушы
еді. Міне осындай мәселелерді шешу үшін плебейлерге саяси құқықтар керек
еді. Осыған байланысты соңғы екі жылға созылған күрестер нәтижесінде
плебейлер өз талатарының бәрін қанағаттандыра алды, соның ішінде: 1)
плебейлерді патрицийлер езуінен қорғайтын плебейлік магистратура – халықтық
трибунат құру; 2) патрицийлермен тең дәрежелі жерге деген құқық; 3)
патрицийлік соттардың кемсітушілігінен қорғау; 4) б.д.д. 445 жылы
Канулейдің заңы қабылданған соң плебейлер мен патрицийлер арасында неке
құруға рұқсат етілді; 5) басында кейбір, кейіннен барлық мемлекеттік
қызметпен айналысу, соның ішінде әскери қызметпен. Б.д.д. 409 жылы
плебейлерді квестор етіп сайлайтын болды. Кейін олады 367 жылы – консул,
364 жылы – куриль эдилі, 366 жылы – диктатор, 351 жылы цензор, 337 жылы
претор ертінде сайлап қоятын балды. Б.д.д. 287 жылдан бастап плебейлік
жиналыстар шешімі барлық римдік азаматтарға міндетті болды, оларды барлығы
орындауға міндетті болды. Сонымен қоса, плебейлер жиналысының шешімдерін
сенаттың бекітуі керек емес болды.[3]
Рим халқының төменгі жігі құлдар болды. Бұлардың көбі соғыс
тұтқындары болды. Басқалары көршіліес тайпалардан немесе осында келген құл
сатушылардан сатып аланатын. Құлдарып отырудың маңызды көзі – кіріптарлық,
құлдық болды.
Рим республикасының тарихы 500 жыдан асады. Бірақ Римде република
құрылғанымен, қоғамдық құрлыста айтарлықтай өзгерістер бола қойған жоқ. Рим
ерте республикалық кезеңде полис, яғни, еркін құл иеленушілік сипатындағы
азаматтық қауым болып қалды. Рим халқы егіншілікпен, мал шаруашылығымен
шұғылданды. Римдіктер астық дақылдарын, жүзім, зәйтүн егіп, өсірді, бақша
шаруашылығымен шұғылданды. Диқандар темірді еңбек қаруы ретінде қолданды.
Олар ірі және ұсақ қара мал, шошқалар өсірлі.
Өнер мен сауданың дамуы Рим плебейлердің жіктелуіне әкеп соқтырды.
Плебейлер арасында өнер-сауда шонжарлары шықты. Екінші жағынан плебейлер
саны өсті. Плебейлер патрицийлермен нарықтық тұрғыда күресі жер үшін
күрес болды. Плебейлердің дербес ұйымдар құру құқығы танылды. Трибундар
сенат пен магистраттардың мүдделеріне қайшы келетін шешімдеріне тыйым
салу құқығына ие болды. Сонымен олардың міндеті патрициан магистраттары мен
сенаттың жүгенсіздігінен қорғау болды. Алғашында екі трибун, содан соң 4,
ал кейінірек 10 трибун сайланды.
Б.д.д. 449 жылы 12 тақтаға ойылып жазылған заң форумға қойылды.
Атам заманғы патрицийлермен қатар Римде ерікті халықтың қатарында плебейлер
де пайда бола бастады. Плебейлер патрицийледің рулық бірлестіктеріне
кірген емес. Ежелгі заманда жер иеленуге құқықтары болған жоқ. Плебей
азаматтық құқықтыаға көп қолжеткізе алмады. Бірақ уақыт өткізе оларды Рим
әскери жасағы құрамына енгізетін болды. Плебейлердің салық төлеп, әскерге
қызметке араласуы нақты көрініске айналды. Міне осының бәрі Рим халқының
құқықтық жағдайына үлкен өзгерістер енгізді.

2.2 Рим республикасының басқару жүйесі
Тибр өзенінң оң жақ жағалауын жаулап алған соң римдіктер бүкіл
Италияны басып алуға күрес жүргізді. Екінші Латын соғысы және Самниттік
соғыстар нәтижесінде Рим б.д.д. 4 ғасырда Орталық Италияны, кейін
Оңтүстік Италияны жаулап алды. Осы кезде Римнің мемлекеттік аристократиялық
республика нысанында болған еді. Рим республикасының басында бұрынғысынша
центуриялық комицийлер мен плебейлер жиналысы, кейін сенат болды.
Консулдар, преторлар, халық трибундары халық жиналысымен бір жыл мерзімге
сайланып, халық жиналысына есепті болды. Б.д.д. 5-4 ғасырлар бойында
патрицийлік аристократиялық республика конститутциясының бірте-бірте
қалыптасып, даму процессін өткерді. Б.д.д. 510 жылы Римде республика
құрылды. Магистртураның алқалық қағидасы негізінде римдіктер бір жылға
екі консул, екі претор сайлады, плебейлер бірнеше халақ трибундарын
сайлады. Жалпы ереже бойынша магистрлер бір бірінің жұмысына араласпады,
егер консул екінші косулдың іс-әрекеті құқыққа қайшы деп таныса, оған вето
жариялауға құқығы болды. Содықтан консулдар бір әрекеттер жасағанда бір
бірімен алдын-ала келісу керек еді.
Консулдар ең басты азаматтық және әскери істермен айналысты және
соғыс кезінде бір консул мемлекетте қалады, ал екіншісі әскерлерді
басқарады.
Претор өзі жекеше магистратура болып, сот дауларын шешті. Өзінің
маңызы бойынша претура консулдықтан кейін тұрды. Ал, б.д.д. 3-2 жылы
преторлар заң шығарушы және құқықты талқылаушыларға айнала бастады.
Преторлар арқасында уақыт өте келе сот процесі формулярлы бола бастады,
яғни іс претор формуласымен шешілді, бұл деген ол істі оның іске ерікті
қатыстылығымен шешеді. Яғни претор істе ішкі сезіммен бағалап, әділетті
шешуі керек.
Халық трибундарының алғашында басты мақсаты плебейлердің құқықтарын
қорғау болатын, бірақ кейін бұл керек болмағандықтан, өйткені плебейлер
патрицийлермен теңестірілген соң, олар жалпы адам құқықтарын қорғаушылар
ретінде болды. Халық трубундары бұл функциясын магистрлердің құқыққы қайшы
әрекеттеріне тыйым салу құқығы арқылы жүзеге асырды. Басында халық
трибундарына тек плебейлер сайланатын, кейін оған патрицийлер де ұмтыла
бастады, өйткені ол әрқашан заң жобаларын ұсына алған болатын.
Римнің басқару жүйесінде цензорлар алқасы да маңызды орынға ие
болды. Ол бес адамнан тұрды және бес жылға сайланды. Цензорлар адамдарды
мүліктік ценздар бойынша центурияларға бөлді. Кейінірек оларға сенаторларды
тағайындау өкілеттігіне ие болды, әрине бұл оған үлкен саяси салмақ әкелді.

Жоғарыда көрсетілген лауазымдардың бәрі ординарлы – жай кездегі
болды. Диктатор қызметі экстроординарлы болды. Диктатор ретінде
консулдардың қатарынан сенаттың келісімімен тағайындалған болатын. Диктатор
тағайындауға себебі мемлекеттегі дағдарыс, төтенше жағдай немесе соғыс
болды. Диктатор ретінле тағайындалған тұлға жоғарғы азаматтық, әскери және
сот билігіне ие болды. Бұл кезде басқа магистрлердің бәрі осы диктатор қол
астында қызметтерін жалғастыра берді. Алты ай өткен соң диктатор өз
өкілеттіктерін тоқтатады.
Б. д. д. V-III ғ. ғ. Рим мемлекеттік құрылысының тұжырымдалу
процесі жүрді. Мемлекеттік өкімет оргадары - халық жиналыстары,
магистратуралар, сенат болатын. Рим республикасының жоғарғы мемлекеттік
органы б. д. дейінгі 1 ғ. басына дейін 300 адамнан тұратын сенат еді.
Сенаторлардың көбі өмір юойына сенатор болып қалды. Кез келген адам
сенатор бола алмайтын. Сенатта сөйленген сөздер және оның шешімдері ерекше
кітаптарға енгізілді. Ақсүйек рудан шыққан, жасы 60-қа толған, әуелі
диктатор, консул, яғни, претор болып істеген адам ғана бұл лауазымға
сайлана алады. Сенат заң қабылдамайтын, бірақ ол заңды талқылау құқығын
иеленген еді. Бұл функциянны ол жаңа заң қабылдағандай шебер қолдана білді.
Сенатты магистраттар ғана шақыра алды. Мәжілістерге төрағалық етуші
Сенаттың қызмет бабы өте жоғары еді.
Ол мемлекет мүлкіне басшылық жасады, қазынаға иелік етті, бюджетті,
салықты белгіледі. Ол комиция қаулыларын, ол сайлаған қызмет адамдарын
бекітіп, сыртқы саясатқа басшылық етті, діни тәртібін бақылады.
Сенат республиканың әскери өмірін басқарды. Жауынгерлерді жинау
мерзімін, әскерлер контингентін, әскери бастықтар өкілдерін белгіледі.
Бақылау мақсатан көздеп, елшілерін өзі соғыс жүргізіп жатқан магистратқа
жіберіп отырды. Рим Республикасының аристократиялық ерекшелігі сенаттың
рөлінен-ақ көрініп тұрды.
Аристократиялық республика халық демократиясының көп белгісін
сақтап қалды. Халық жиналыстар - сол демократияның бір көрінісі. Ең
маңызды мемлекеттік органдары - халық жиналыстары. Олар комиция деп
аталды. Римде комициялардың үш түрі болды.
Куриялар комициясы. Римде ежелден келе жатқан комиция жиналыстары
болатын. Бұған үкіметтің жоғарғы иесі, әкесі мен шешесінің азаматтық
құқығы бар, толық құқылы Рим азаматтары жататын. Рим азаматтары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рим империясының құлауы
Шет елдер мемлекеті мен құқық тарихы пәнінен дірістер
Рим құқығының жалпы сипаты
Ғұндар (Хунну) империясының құрылуы
Франк державасындағы феодализмнің дамуы
Мемлекеттің типологиясы
Мемлекет типологиясының түсінігі, жіктеудің әдіс - тәсілдері
Шет елдер мемлекеті мен құқық тарихы пәнінен дәрістер
Ғұн көсемі - Атилла
Ватикан -қала мемлекеті
Пәндер