1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы жайлы



Алматыдағы Брежнев атындағы алаңда басталған сүргін
1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан коммунистік партиясы Орталық комитетінің V пленумы
Желтоқсан оқиғасы
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Алматыдағы Брежнев атындағы алаңда басталған сол сүргіннен бері ОН АЛТЫ ЖЫЛ өтті…
ОН АЛТЫ ЖЫЛ тарих үшін түк болмағанмен, тәңірі қамшының сабындай қысқа ғұмыр берген адамдар үшін – ұзақ уақыт.
«Уақыт - емші», «Уақыт – таразы».
Шынында, солай екендігі әлдекімдер үшін сынаптай сырғып өте шыққан, ал енді біреулер қайғы – шермен әрең шығарып салған ОН АЛТЫ ЖЫЛ ішінде айқындалды.
ОН АЛТЫ ЖЫЛ желтоқсанды жаңа қырыннан аша түсті.
1986 жылғы желтоқсан қозғалысы – империялық, отарлық жүйеге қарсы бұқараның ашық наразылығының бастамасы болды. Онда да ол «ой - өресі қалыптаспаған оқушы жастардың… ұлтшылдықпен уланған маскүнем, нашақорлардың бұзақылық оқиғасы…» деді. Бұл - өктемшіл берген оқиғасы.
Кейінірек әлемдегі әділетшіл қауымның қолдауына сүйенген Мемлекеттік комиссия қасіретке толы күресті ұлтшылдық реңінен айырып, «әкімшіл - әміршіл дүниеге қарсы қозғалыс, оған ондаған мың адам қатысты» деп қорытындылады.
Сонымен, 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан коммунистік партиясы Орталық комитетінің V пленумы болды. Пленумды сол кездегі КОКП Орталық Комитетінің хатшысы болып істейтін Г.П. Разумовский ашты. Күн тәртібінде бір ғана – ұйымдастыру мәселесі тұрды. Пленум бар болғаны 18 минутқа созылды. Республиканы ширек ғасырға жуық басқарған саяси қайраткерді ауыстыру сияқты аса маңызды мәселелердің бірі осыншалықты қысқа мерзімде шешілді. Д.А. Қонаевқа зейнеткерлікке шығуына байланысты Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметінен босатылатынын хабарлады. Оның орнына бұдан бұрын Грузия республикасында хатшы, Ульяновск облысында бірінші хатшы болған, біздің елімізде тұрмаған, қызмет етпеген, жағдайды білмейтін, Қазақстан халқы оның адамгершілік тұлғасы түгіл беті - жүзін танымайтын Г.В. Колбин дегенді сайлау жөнінде ұсыныс жасады.
Сол күні, желтоқсанның 16 - сынан 17 - сіне қараған түні, Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің деректері бойынша, алты оқу орнының және С.М. Киров атындағы зауыттың 8 - жатақханасына театр - көркем институтының 12 студенті «арандатуға бағытталған іріткі салу жұмысын жүргізді». Студенттер, жұмысшы жастар жатақханаларына ұрандар жазылып, транспорттар дайындалды.
Келесі күні, 17 желтоқсанда, пленум туралы хабар ақпарат құралдарында басылып шықты. Жұрт аң – таң болды. Республикада тұратын алты миллионнан астам қазақтың ішінен бірінші басшы боларлық бір адам табылмады ма деген сұрақ әркімнің көңіліне қаяу келтірді. Орталықтың мұндай әкімшілдік - әміршілдік өктемдігін, сенімсіздігін әділетсіздікке жандары қас, пәк жүрек жастар бірінші сезініп, бірінші көтерілді. Осы шындыққа тура қарайтын болсақ, еліміздегі демократияның алғашқы құрбандары – 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқан қазақ жастары. Нағыз құрмет пен алғысқа лайық сол жастар емес пе еді? Олар не көрді?
Сондықтан да 1986 жылы желтоқсан оқиғасы қазақ халқының ғасырлар бойы ұлт – азаттық тәуелсіздік қозғалысының жарқын жалғасы болып табылады.
1. Алма-ата 1986 декабрь. Книга-хроника.
2. Алматы 1986 желтоқсан 3-кітап.
3. Алматы 1986 желтоқсан. //Айғақ кітап: Алматы 1991ж.//
4. Кенжегулова Нарбинь Смагуловна «Освещение Декабрьского восстания 1986 г. в печати Казахстана.
5. Ж. Қорғасбеков «Қазақ халқы тарихындағы көтерілістер»
6. Жақсымбетов Е. Желтоқсан табыстарған тағдырлар //Жас алаш 1995 – 16 желтоқсан.//
7. Ахметұлы А. Желтоқсан ұлт-азаттық көтерілісі болып тарихқа енді. //Арай – 1996 №11-12.//
8. Рысқұлов Т. Ол күнді ешкім де ұмытпайды. //Егемен Қазақстан. 2001 – 17 желтоқсан.//
9. Назарбаев Н. “Әділеттің ақ жолы”. Алматы 1991.
10. Жоламанов Е. Холодный декабрь 1986 года «Рудный Алтай» газеті 1996 ж. 16 желтоқсан.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Желтоқсан оқиғасы бүкіл халықты
мынау ұлан-байтақ даладағы рухы биік
елдің тәуелсіз, күшті, біртұтас Қазақ
мемлекетін құру, мызғымас қуатты қоғам
құрудағы идеясының төңірегінде
топтастырушы факторы болып қала берді.

Т.Улайтегин

Алматыдағы Брежнев атындағы алаңда басталған сол сүргіннен бері ОН АЛТЫ
ЖЫЛ өтті...
ОН АЛТЫ ЖЫЛ тарих үшін түк болмағанмен, тәңірі қамшының сабындай
қысқа ғұмыр берген адамдар үшін – ұзақ уақыт.
Уақыт - емші, Уақыт – таразы.
Шынында, солай екендігі әлдекімдер үшін сынаптай сырғып өте шыққан, ал
енді біреулер қайғы – шермен әрең шығарып салған ОН АЛТЫ ЖЫЛ ішінде
айқындалды.
ОН АЛТЫ ЖЫЛ желтоқсанды жаңа қырыннан аша түсті.
1986 жылғы желтоқсан қозғалысы – империялық, отарлық жүйеге қарсы
бұқараның ашық наразылығының бастамасы болды. Онда да ол ой - өресі
қалыптаспаған оқушы жастардың... ұлтшылдықпен уланған маскүнем, нашақорлардың
бұзақылық оқиғасы... деді. Бұл - өктемшіл берген оқиғасы.
Кейінірек әлемдегі әділетшіл қауымның қолдауына сүйенген Мемлекеттік
комиссия қасіретке толы күресті ұлтшылдық реңінен айырып, әкімшіл -
әміршіл дүниеге қарсы қозғалыс, оған ондаған мың адам қатысты деп
қорытындылады.
Сонымен, 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан коммунистік партиясы
Орталық комитетінің V пленумы болды. Пленумды сол кездегі КОКП Орталық
Комитетінің хатшысы болып істейтін Г.П. Разумовский ашты. Күн тәртібінде
бір ғана – ұйымдастыру мәселесі тұрды. Пленум бар болғаны 18 минутқа
созылды. Республиканы ширек ғасырға жуық басқарған саяси қайраткерді
ауыстыру сияқты аса маңызды мәселелердің бірі осыншалықты қысқа мерзімде
шешілді. Д.А. Қонаевқа зейнеткерлікке шығуына байланысты Қазақстан
Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметінен босатылатынын
хабарлады. Оның орнына бұдан бұрын Грузия республикасында хатшы, Ульяновск
облысында бірінші хатшы болған, біздің елімізде тұрмаған, қызмет етпеген,
жағдайды білмейтін, Қазақстан халқы оның адамгершілік тұлғасы түгіл беті -
жүзін танымайтын Г.В. Колбин дегенді сайлау жөнінде ұсыныс жасады.
Сол күні, желтоқсанның 16 - сынан 17 - сіне қараған түні, Қазақ КСР
Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің деректері бойынша, алты оқу орнының
және С.М. Киров атындағы зауыттың 8 - жатақханасына театр - көркем
институтының 12 студенті арандатуға бағытталған іріткі салу жұмысын
жүргізді. Студенттер, жұмысшы жастар жатақханаларына ұрандар жазылып,
транспорттар дайындалды.
Келесі күні, 17 желтоқсанда, пленум туралы хабар ақпарат құралдарында
басылып шықты. Жұрт аң – таң болды. Республикада тұратын алты миллионнан
астам қазақтың ішінен бірінші басшы боларлық бір адам табылмады ма деген
сұрақ әркімнің көңіліне қаяу келтірді. Орталықтың мұндай әкімшілдік -
әміршілдік өктемдігін, сенімсіздігін әділетсіздікке жандары қас, пәк жүрек
жастар бірінші сезініп, бірінші көтерілді. Осы шындыққа тура қарайтын
болсақ, еліміздегі демократияның алғашқы құрбандары – 1986 жылғы желтоқсан
оқиғасына қатысқан қазақ жастары. Нағыз құрмет пен алғысқа лайық сол жастар
емес пе еді? Олар не көрді?
Сондықтан да 1986 жылы желтоқсан оқиғасы қазақ халқының ғасырлар бойы
ұлт – азаттық тәуелсіздік қозғалысының жарқын жалғасы болып табылады.
1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасын зерделеп, ой елегінен өткізіп,
саралап зерттегенімізде небір заңсыздықтардың – қорқыту – үркіту, ұрып –
соғу, дәлелсіз соттау, партия, комсомол қатарынан шығару сияқты шаралар
қолданылғандығы бұл күндері бәрімізге мәлім. Сонда да болса алаңға жиналған
жастардың талап – тілегі қандай еді деген сауалға жауап іздегіміз келеді.
Мұндай жағдайда жұмысшы жастар мен студенттер алаңға арақ ішіп, наша тартып
бей – берекет шатақ шығаруға жиналды дегенге кім сене қояр екен?
Бұл оқиға халықтың намысына тиерлік, ұлттық кемсітушілікке
жататындығын жастар бірінші ұғынды. Студенттік және жұмысшы
жатақханаларында толқу басталып, алаңға шығу, Орталықтың өктем шешімдеріне
қарсылық, наразылық білдіру жөнінде әр жерде әңгіме қозғалды. Сөйтіп, жан –
жақтан Жаңа алаңға республика басшыларына көптен шешілмей жатқан
мәселелерді білдіруге, халықтың тілегімен санаспай, қадір – қасиетін
қорлайтын пленумның шешіміне қарсылығын білдіруге жұмысшылар мен оқушы
жастар шеруге шықты. Сонымен қатар оқиғаға Алматы жоғарғы оқу орындарының
көптеген студенттері қатысты. Солардың арасында Желтоқсан оқиғасына белсене
араласты деп кінәланған оқу орындарының бірі – Театр - көркемсурет
институты.
М. Шаханов бастаған комиссия, қозғалысқа қатысқан адамдардың айтуынша
кешке қарай алаңда 15 мыңдай адам болды деп шамалайды. Шеру алғашында
бейбіт және саяси сипатта болды. Ешкім заңды немесе қоғамдық тәртіпті
бұзбай, тек өздерінің талап – тілектерін білдіріп, өткен пленум шешімдеріне
түсінік берілуін, ол шешіммен өздерінің келіспейтіндіктерін білдіруге
шыққан. Олар Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығына
неге қазақтан немесе республиканың жергілікті халқының жай – жапсарын
білетін орысты неге қоймайды, ондай адам неге сырттан әкелінеді, ол туған
халықтың мұң – мұқтажын қайдан білмек, өз елімізді өзіміз неге басқармаймыз
деген сауалдармен әділеттілікті іздеп, соларға жауап алғылары келіп шыққан
болатын. Түптеп келгенде, бұл қазақ халқының отаршыл, өктемшіл саясатқа
өздерінің азаматтық және саяси позициясын ашық білдіру еді. Ол бүкіл бір
халықтың пікірін елемей, халықты қорлайтын шешімге қарсы тұру болды.
КОКП Орталық Комитетіне оқиғаларды бұрмалап түсіндірген жедел хабар
жіберілді. Республика басшылығының үсті – үстіне сұраған өтініштерінен
кейін, КОКП Ішкі істер министрі А.В. Власов еліміздің әр түрлі аймақтарынан
Алматыға ішкі істер министрлігі әскерлерінің арнайы бөлімдерін жіберуге
шешім қабылдап, заңды бұзушылыққа жол берді. 17 желтоқсанда бірінші
басшылармен кездесу болмай, мәселелер шешілмегендіктен, шеру 18 желтоқсанға
ұласты. Бұны сезген басшылар Мәскеумен хабарласып, көмек сұрап жатқан. Олар
Конституцияға жат шешімдерді қабылдап, РСФСР және басқа одақтас
республикалардың сегіз қаласынан сақадай қаруланған армия және ішкі
әскерлерінің арнаулы бөлімдерінен қарулы күштерді Алматыға жөнелтті. Т.
Бейісқұловтың Желтоқсан ызғары деген еңбегінде бұл туралы былай делінген:
Кешкі сағат алтыда Фурманов көшесімен қос – қостап сап түзеп өткен
бронотранспортерларға мінген олар алаңда шоғырланды. Танктер де келтірілді.
Он бес БТР тұрды. Самсаған қарулы қол бейбіт талап қойған жанкешті жандарға
суық ызғарын төгіп, қауіп төндірді. Сөйтіп, алаңға саны – 50 мың әскер, 20
мың милиция адамдары, 16 мыңдай жасақшылар шоғырландырылды. Тұе қайта
танкілер мен БТР – лар алаңнан алынып, аулағырақ тасаға апарылып
қойдырылды.
Сол бір желтоқсанның сұрқай күні көптің көңіліне қаяу түсірді. Ұрда –
жық жазалаушылардың күшімен қанжоса болып басылған Алматы жастарының бой
көтеруі сол күні – ақ әлемге таралып кетіп еді. Біреулер бұрыс, біреулері
дұрыс айтса да, қалай дегенмен желтоқсан оқиғасы демократиялық қозғалыстың
еліміздегі алғашқы нышаны болды.
Арада қаншама жылдар өтсе де әсіресе жан жарақаты ұмытылмайды. Сексен
алтыншы жылғы желтоқсан оқиғаларының ауыртпалығы әлі күнге дейін санамызда
жаңғарып, сол бір кездердің ауыр көрінісін көз алдымызда сол қалпында
әкелуіміздің негізгі себебі де зобалаң зарының көкіректі қарыс айыратын
ашшы уытында болса керек.
18 желтоқсанда Мәскеуден КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі
М.С. Соломенцев ұшып келді. Соның ақылы мен жоғарыдағы жойқын күш аз
болғандай орыс жұмысшыларынан топтастырылған, металл шыбықтармен, арматура,
шынжыр және кабель кесінділерімен қарулы жасақшылар келтірілді. Оларды
тікелей алаңға қоймай, алаңның айналасындағы аулаларда тасада үш қатар
шеңбер сияқты етіп ұстады. Ол да алдын ала ойластырған зымиян айла екен.
Кейін белгілі болғандай, олар шерулерді басу, ұстау кезінде құрсауды бұзып
шығып қашқандарды соққыға жығуға дайындалған шара екен. Бірінші шеңберден
құтылсаң, екіншісінің таяғына жығыласың, одан құтылсаң үшінші соққы дайын
тұр. Кейін олардың жаңағы қаруларын суреттерге түсіріп, демонстраттардың
қарулары деп көрсетті. Алматы жоғарғы әскери командалық училищесінің және
шекара училищесінің курсанттары әкелінді. Астанаға кірер жолдар жабылды.
Бақтары суға толы өрт сөндіргіш машиналар алаңда 17 желтоқсанда да болған,
бірақ келесі күні олардың саны жиырмадан асты.
Бірақ мұздай қаруланған әскерлер болсын, өрт сөндіруші машиналар болсын
жалынды жастарды, жігерлі жұмысшыларды тоқтата алмады. Әсіресе,
Бейбітшілік, Фурманов және Сәтпаев көшелерінің қиылысында және Жаңа алаңға
таяу адам лық толды, теңіздей толқыды. Біразының қолында ұстаған ұрандары
мен транспорттары бар болатын. Олардың негізгі мазмұны: Әділетті ұлт
саясаты жасасын!, Жасасын, Қазақстан!, Біз, қазақ, ежелден еркіндік
аңсаған, Ешқандай ұлтқа артықшылық берілмесін, Каждому народу – своего
вождя, Долой Колбина!, Требуем справедливости! және т.б.
Әне жер, мына жерлерде сөздер сөйленіп, қандай талаптар қойылуы
керектігі, республика байлығы талан – таражға салынуы, ұлттық саясаттағы
кемшіліктер айтылып жатты. Әр жерден әндер де шырқалды. Әсіресе, ақын
Ж.Нәжімеденовтың сөзіне жазылған Ш.Қалдаяқовтың Менің Қазақстаным әнінің
қайырмасы:
Менің елім, менің жерім,
Гүлің болып егілемін.
Жырың болып төгілемін, елім,

Туған жерім менің – Қазақстаным! -

деген жерлерін шеруге шыққандар қосыла шырқағанда жүректі шымырлатып,
еліне, жеріне деген сүйіспеншілік әнмен білдіріп, алаңды күңірентті.
Қыстағы кеш ерте түседі ғой. Қас қарайып, күңгірт түсе бастады. Алаңда
жан – жақтан бірнеше жерден қойылған прожекторлар баяғы соғыс кезінде түнгі
әуе шабуылына қарсы жарық түсіргендей, зениткалармен ұшақтарды
атқылайтындай кешкі қараңғылықты айқыш – ұйқыш тіліп, сол сәуленің
жарығымен тұстан шерулерді кинопленкаға түсіріп жатты. Оның сыры кейін
белгілі болды. Ондағы мақсат – түсірілген адамдардың кейін суреттерін
шығарып, оқу орындарынан, мекемелерден, ұжымдардан солардың бәрін іздеп
тауып, жазалау екен. Мұның бәрін кейін жасады да, Қылмыскерлерді іздейтін
фото – альбом жасап, әрбір табылған адамның астына аты – жөндерін, қайда,
нендей жұмыс істейтіндігі немесе оқитындығы және т.б. мәліметтерді тіркеп
отырды. Сол арқылы кейін оларды жауапқа тартты, қуғын – сүргінге түсірді.
Мысалы, айыпталған 99 адамның 46 – сы біршама уақыттан кейін ақталды.
Жоғарғы оқу орындары мен кәсіпорындарда қудалау жүргізілді. Қысқа мерзімнің
ішінде желтоқсан оқиғаларына қатынасқаны үшін 787 адам комсомол қатарынан
шығарылды, 1138 адам комсомолдық сөгіс алып, 271 адам оқу орындарынан
қуылды, жүздеген адамдар жұмыс орнынан кетуге мәжбүр болды.
Алаңда парад қабылдайтын мінбеден сол кездегі кейбір басшылар шығыпсөз
сөйлеген болды. Бірақ тарандар, жатақханаларына қайтыңдар деген
жалпылама сөздерден басқа мардымды ештеңе айта алған жоқ. Республика
прокуроры Ғ.Елемесов, Қазақ КСР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары
Э.Басаров және т.б. жағдайды түсініп, толқудың себептерін біліп, оларды
шешуге әрекет етудің орнына қоқан – лоқы көрсетіп, тарамасандар арты жаман
болады деп сес көрсетіп жатты. Сол сөздеріне қарағанда мүмкін олар алаңға
шыққан адамдар қалай басылып жаншылатынын, не жоспарланып қойылғанын білген
де шығар...
Осындай ұрымтал жағдайда билеуші топ Алаңға шығушылармен тең дәрежеде
сөйлесіп, мақсат – мүдделерін біліп, олармен есептескісі келмеді.
Тоталитарлық жүйе сүт бетіндегі қаймақты қалқып алғандай қазақ зиялыларының
озық бөлігін қыршынынан қиғаннан кейін енді айтқанын істейтін, айдағанға
жүретін бас көтермес көнбістері ғана қалды деп ойласа керек. Алдағы толқын
ағалардың артынан жас құрақтай желкілдеп, отансүйгіштігі, саяси санасы
күшейіп жаңа толқын келе жатқанын сезбеді.
Олар болса Абылай, Кенесары, Әлихан, Міржақып, Жұбан Молдағалиев сияқты
ағаларының тұспалдап айтқандарынан ұлттық рухы жаңғырып, қайта түлеп келе
жатқан, ұлттық еркіндікті аңсаған, өзін - өзі билеу құқығын талап еткен
жалыңды жастар еді.
Өркениетті елдерде мұндай дау – дамай, кикілжіндер кезінде билік
басындағылар қозғалысқа қатысушыларға тезірек барып, жағдаймен егжей –
тегжейлі танысып, егер талап орынды болса, оны ушықтырмай қанағаттандырып,
шиелініске жібермеуге тырысады. Біздегілердің оған өресі жетпеді. Баяғы
әміршілдік - әкімшілдік тәсілмен жастарды қайтсе де таратып,
тәртіпсіздікті жоюді ғана ойлады.
Сол кездегі жүздеген адамның тағдырына балта шабылды.18 желтоқсан күні
түнге қарай жиналған жұрттың тарқамайтынына көздері жетіп, оларды күшпен
тарқату, оған көнбесе қамауға алу әрекеті басталды. Жиырма шақты өрт
сөндіргіш және көшеге су шашатын машиналар алаңға шығып, қысқы суықта
шерушілердің үстіне су шашып, нөсер жауындай боратты. Жұрт әрілі – берілі
жөңкеліп, ыдырамады. Милиционерлер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетіндегі желтоқсан тақырыбы
Қазақстанның қалаларында болған демократиялық сипаттағы қазақ жастарының шерулерінің Желтоқсан көтерілісі
Желтоқсан оқиғасының тарихтағы орны
Қазақстан Компартиясы ОК-нің V Пленумы өтуі
Желтоқсан көтерілісі, хронологиясы
Жастар қозғалысының тарихи маңызы
1950-1960 жылдарындағы қазақстанның қоғамдық - саяси өмірі
Желтоқсан оқиғасы қарсаңындағы көтерлістің қозғаушы күші
Желтоқсан оқиғасының басталуы
Жастардың жүрегіне жара салған желтоқсан
Пәндер