Коммерциялық негіздегі қызмет ететін кәсіпорынның қаржысы



Кіріспе

I.Бөлім. Шаруашылық субъектілерінің қаржы бойынша байлансы
1.1 Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері
1.2. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары
ІІ Бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
2.1. Өндірістік капиталдар және кәсіпорындар қызметінің қаржылық нәтижелері
2.2 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
ІІІ.Бөлім. Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамиксын талдау

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік – экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс - әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасынын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
“Коммерциялық негізде қызмет ететін кәсіпорынның қаржысы” атты курстық жұмыстың өзектілігі - коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс алу мақсатында құрылады. Олар өзінің қызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар; шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер; өндірістік кооперативтер.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру, өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржы ресурстарын жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады.
Шаруашылық қаржы қызметі процесінде кәсіпорын мен ұйымдар қаржы қорларын –белілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланылады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы тәжірибесінде кәсіпорындардың, жеке саланың немесе бүкіл ұлттық шаруашылық және әлеуметтік қызметіндегі мақсат-міндеттеріне қарай әр түрлі қорлар пайдаланылды.
Кәсіпорындардың өндірістік және коммерциялық қызметі негізгі өндірістік капиталдарды – негізгі және айналым капиталдарын пайдаланумен байланысты болады.
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай күйінің орнықтылығының негізгі оның қаржы тұрықтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пйдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудің үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресусртары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы түрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау керек.
1. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы; Алматы 2005.
2. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиев Ж.Г.. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау; Алматы экономика 2001.
3. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Учебник для экономических специальнос-тей вузов.-Алматы: ФинЭко, 2001.
4. Мельников В.Д., Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2001.
5. Финансы. Учебник для вузов. Под ред. М. В. Ромоновского и др. – М.: Перспекти – ва, “Юнити”, 2000.
6. Берстембаева Р.К. Организация финансов в отдельных развитых странах. Учебное пособие.- Алматы: Институт Развития Казахстана, 2001.
7. Финансово-кредитный энциклопедический словарь / Колл. авторов; Под общ. Ред. А.Г. Грязновой: - М.: Финансы и статистика, 2002.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

I-Бөлім. Шаруашылық субъектілерінің қаржы бойынша байлансы
1. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың
негіздері
1.2. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары
ІІ Бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
2.1. Өндірістік капиталдар және кәсіпорындар қызметінің қаржылық нәтижелері

2.2 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
ІІІ-Бөлім. Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының
динамиксын талдау

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды
реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық
қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге
асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік – экономикалық мәнін
түсіне білудің, оның іс - әрекет етуінің ерекшеліктерін терең
ұғынудың, Қазақстан экономикасынын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы
ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен
амалдарын көре білудің маңызы зор.
“Коммерциялық негізде қызмет ететін кәсіпорынның қаржысы” атты
курстық жұмыстың өзектілігі - коммерциялық шаруашылық жүргізуші
субъектілер табыс алу мақсатында құрылады. Олар өзінің қызметін мынадай
нысандарда жүзеге асыра алады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар;
шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер; өндірістік кооперативтер.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік
капиталдарды қалыптастыру, өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржы
ресурстарын жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және
пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады.
Шаруашылық қаржы қызметі процесінде кәсіпорын мен ұйымдар қаржы қорларын
–белілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып,
пайдаланылады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы тәжірибесінде
кәсіпорындардың, жеке саланың немесе бүкіл ұлттық шаруашылық және
әлеуметтік қызметіндегі мақсат-міндеттеріне қарай әр түрлі қорлар
пайдаланылды.
Кәсіпорындардың өндірістік және коммерциялық қызметі негізгі өндірістік
капиталдарды – негізгі және айналым капиталдарын пайдаланумен байланысты
болады.
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің
экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік
есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай
күйінің орнықтылығының негізгі оның қаржы тұрықтылығы болып табылады.
Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді
пйдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудің үздіксіз процесін
қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресусртары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы түрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми
негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық
шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау керек. Тек
терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті
бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсару
және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару
шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: екі бөлімнен, бірнеше сұрақтардан
тұрады.
Бірінші бөлімде Шаруашылық субъектілердің қаржы бойынша балансы.
Онда коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілерің қаржысын
ұйымдастырудың негіздері, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары,
өндірістік капиталдар және кәсіпорындар қызметінің қаржылық нәтижелері
деген сұрақтардан тұрады.
Екінші бөлімі Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Онда
баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау және
баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының
динамикасын талдау.

I-Бөлім. Шаруашылық субъектілерінің қаржы бойынша байлансы
2. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың
негіздері
Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс алу мақсатында
құрылады. Олар өзінің қызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады:
мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар; шаруашылық қоғамдар мен
серіктестіктер; өндірістік кооперативтер. Коммерциялық негіздерде
материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық
емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді;
коммерциялық банктер, сақтық ұйымдары, қаржы секторының басқа мекемелері
(жинақ ақша-депозит мекемелері, инвестициялық қорлар, қор биржалары, бағалы
қағаздар рыногы мен ақша-кредит рыноктарына қызмет көрсететін әр түрлі
мекемелер), сауда- делдалдық кәсіпорындар, ерікті қоғамдық қорлар, трасттық
компаниялар және басқалары.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы қаржы жүйесінің маңызды
сфераларының бірі ретінде құн түріндегі ЖІӨ-ні жасау, бөлу және пайдалану
процестерін қамтиды. Олар негізінен ЖІӨ мен ҰТ жасалатын материалдық
өндіріс сферасында іс-әрекет етеді. Сондықтан коммерциялық кәсіпорындар
мен ұйымдардың қаржысы материалдық өндіріс кәсіпорындары (ұйымдары)
қаржысының мазмұнымен және оларды ұйымдастырудың қағидаттарымен бірдей
болып келеді.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік
капиталдарды қалыптастыру, өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржы
ресурстарын жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және
пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады.
Мұндай экономикалық қатынастарды жиі ақша немесе қаржы қатынастары деп
атайды, қаржы қатынастары ақша қатынастарының бір бөлігі болып
саналғанымен ол ақша қозғалысы кезінде ғана пайда болады да
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастырып,
пайдаланумен қосарлана жүретіндігін біз жоғарыда атап көрсеткенбіз.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі бір
қағидаттарға негізделген, олардың қатарына мыналар жатады:
Коммерциялық-шаруашылық есеп (қаржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін
- өзі өтеу, өзін - өзі қаржыландыру, қаржы - шаруашылық қызметінің
қорытындысына ынталылық, оның нәтижелері үшін жауаптылық, кәсіпорынның
қызметіне бақылау жасау);
( жоспарлылық;
( меншіктің барлық нысандарының теңдігі;
( қаржы резервтерінің болуы.
1.Коммерциялық (шаруашылық) есеп - кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылық
- қаржы қызметін жүргізудің негізге алынатын қағидаты және басты әдісі.
Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпорынға оның қызметі үшін, оның жарғылық
капиталын құрайтын қажетті негізгі және айналым құралдары (капиталы)
тұрақты пайдалануға бөліп берілетінін білдіреді. Шаруашылықты жүргізудің
әдісі ретіндегі коммерциялық есеп қағидаты шығындарды шаруашылық қызметтен
алынған табыспен өлшеуді және табыс алуды талап етеді.
Коммерциялық есептің өзіндік ерекшелігі:
(шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тәуелсіздігі болады;
(қаржы қатынастары мемлекет тарапынан болатын майда реттемелеуден бос
болады;
(қаржы қатынастары субъектілерінің жұмыстың нақты нәтижелері және
міндеттемелердің уақтылы орындалуы үшін нақтылы экономикалық жауапкершілігі
болады;
(коммерциялық есеп жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің
банктермен, сақтық ұйымдарымен және мемлекетпен көптеген өзара қарым -
қатынастары қалыптасады.
Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпкерлік нысанында іске асырылады.
Нарықтық қатынастардың дамуы меншіктің барлық нысандарының теңдігі
қағидатын, мүлікке иеліктің бостандығын және қызмет сфераларын таңдауды
іске асырудың негізінде шаруашылық бастамаға және азаматтардың
кәсіпкершілігіне жағдайлар жасайды.
Коммерциялық есептің айқындаушы қағидаттары өзін-өзі өтеушілік пен өзін-
өзі қаржыландыру болып табылады.
Өзін-өзі өтеушілік – шаруашылық жүргізудің негіз қалаушы қағидаты, ол
кәсіпорынның өз өнімінің (орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді)
өткізуден түсетін түсім - ақша есебінен оны өндіру және жеткізілім
жөніндегі бүкіл шығындарды өтеуді білдіреді. Өзін - өзі өтеушіліктің
төменгі шегі - залалсыздық, яғни кірістер мен шығыстардың сандық теңдігі.
Шығындарды өзін - өзі өтеушілікке жету - кәсіпорын өнім өндіруді игеру,
шаруашылық процестерді күйіне келтіру, нарықтық ортаға бейімделу кезіндегі
кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеңінің мақсаты. Нарықтық қатынастар
жағдайында жақсы даму перспективасы бар немесе басым маңызы бар
шаруашылықтар сыртқы қолдауды пайдалана алатындықтан кәсіпорын рентабельді
жұмыс істеуі тиіс; бірінші жағдайда олардың кредит ресурстарын пайдалану,
екіншісінде бюджеттік қаржыландыруды пайдалану мүмкіндігі бар.
Жеткізушілер, банктер, бюджет, әр түрлі несиегерлер тарапынан кәсіпорынға
қойылатын талаптар мен міндеттемелерді кәсіпорынның уақытында
қанағаттандыруға төлем қаражаттарының жетіспеуімен байланысты тұрақты
қабілетсіздігі кезіде белгілі бір рәсімдерді сауықтыруды, қайта
ұйымдастыруды, тәуелсіз басқаруға беруді, сатуды немесе таратуды қолданумен
кәсіпорын заңмен белгіленген тәртіппен банкрот деп жарияланады.
Өзін-өзі қаржыландыру – нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың
шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті шарты. Бұл қағидат өнім
өндіру мен кәсіпорынның өндірістік- техникалық базасын ұлғайту жөніндегі
шығындардың толық өтелуіне негізделеді, ол әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы
және күрделі шығындарын меншікті көздері есебінен жауып отыратындығын
білдіреді. Қаражаттардың уақытша жетіспеушілігі кезінде оған деген
қажеттілік банктің қысқа мерзімді несиелері мен коммерциялық несие
есебінен ( ағымдағы шығындарға пайдаланылады) және ұзақ мерзімді несиелер
есебінен ( күрделі жұмсалымға пайдаланылады) қамтамасыз етілуі мүмкін,
олар кәсіпорынның қарамағында қалатын пайданың есебінен өтелінеді.
Нарықтық экономика мен жекешелендіру процестерінің дамуы жағдайында өзін
- өзі қаржыландыру қағидатын қамтамасыз етуге акционерлік капиталды, бағалы
қағаздар бойынша дивидендтер мен пайыздарды, қаржы операцияларынан алынған
табысты (пайданы) пайдалану арқылы қол жетеді.
Бюджеттік және салалық қаржы көздерін өзінің маңызын жоғалтты және олар
негізінен экономиканың құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруға,
конверсияға қолданылады.
Өзін-өзі қаржыландыру кәсіпорындардың толық қаржы дербестігімен және
жауапкершілігімен тығыз байланысты. Оларға өздерінің меншікті ресурстарын
өз бетінше ұйымдастырылып басқаруға, тартылатын және қарыз қаражаттарын
іздестіріп, айналымға салуға құқық берілген. Мемлекет кәсіпорындардың қаржы
ресурстарын қайта бөле алмайды. Қаржы қатынастарын мемлекет тарапынан
реттеу бюджетке салық алудың, амортизациялық қорды қалыптастырудың,
валюталық түсім - ақшаны бөлудің, бағалы қағаздарды өткізудің, шығындарды
өзіндік құнға жатқызудың және т.б. жүйесі мен тәртібін белгілеу арқылы
жүзеге асырылады.
Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы бюджет, қорлар алдындағы міндетті
орындамағаны үшін заңнамада белгіленген қаржы санкцияларының жүйесімен
анықталған. Бұдан басқа кәсіпорындар өздерінің міндеттемелері бойынша
меншікті мүлкімен жауапты болады.
Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру
жүйесімен және кәсіпорындардың қаржы ресурстарында сақтық компанияларынан
түсетін сақтық төлемдердің рөлінің артуымен күшейіп келеді.
Нарықтық экономика және меншіктің әр түрлі түрлеріне негізделген сан
алуан ұйымдық – құқықтық нысандар кәсіпорындардың қалыптасуын және дамуын,
жаңа меншік иесінің, жеке азаматтардың, сондай - ақ кәсіпорындар еңбек
ұжымдарының пайда болуын қажет етеді. Бұл - маңызды алғышарт және қаржы -
шаруашылық қызметінің нәтижелеріне мүдделіктің себебі. Бұл қағидатты іс
жүзінде жүзеге асыру кәсіпорындарға берілген және мемлекеттің қолдауынсыз
өзінің шығындарын қаржыландыру қажеттігіне ғана байланысты емес, сонымен
қатар салықтарды төлегеннен кейін кәсіпорын, ұйым, фирма қарамағында
қалатын пайданың (табыстың) үлесіне де байланысты.
Шаруашылық қызметтің нәтижелігіне мүдделік бірдей дәрежеде кәсіпорындар
мен ұйымдардың ұжымдарына, жеке қызметкерлерге және жалпы мемлекетке тән
нәрсе. Бұл қағидатты іске асыру лайықты еңбек ақы төлеумен, мемлекеттің
оңтайлы салық саясатымен, таза табысты (пайданы) тұтыну мен қорланымға
бөлуде экономикалық жағынан негізделген үйлесімдерді сақтаумен қамтамасыз
етілуі мүмкін; кәсіпорындардың ұжымдарын қаржылық ынталандырудың қуатты
тұтқасы олардың өздері тапқан қаражаттары есебінен әлеуметтік - мәдени
мақсаттарға жұмсалатын шығындар болып табылады.
Қаржылық жауапкершілік пен мүдделік - бір процестің - шаруашылық
жүргізудің тиімділігін арттырудың ынталандырмаларын жасау мен іске асыру
процесінің екі жағы.
Сөйтіп, екі экономикалық категорияның – экономикалық негізгі буыны
кәсіпорын, ұйым, басқа шаруашылық субъектісі сферасындағы қаржы мен
коммерциялық есептің өзара байланысы көрінеді.
2. Жоспарлылық қағидаты кәсіпорынның қаржылық қызметі өндірістің
мақсаттарына, міндеттеріне, оларға жетудің белгіленген едістеріне жетудің
дәйектілігі мен мезгіліне қарай оның параметрлерін есептеу арқылы алдын ала
қарастырылатынын білдіреді. Есеп-қисаптар негізінде және белгіленген қаржы
нормативтерін пайдалану арқылы арнаулы құжатта- қаржы жоспарында
(болжамында) қамтылып көрсетілетін қаржылық көрсеткіштер анықталады.
Кәсіпорынның болжалды қызметі факторларының тұрлаусыздығы жағдайында
қаржылық көрсеткіштерді егжей-тегжейлі пысықтаудың – жоспарлаудың орнына
болжау қолданылады, яғни қолда бар мәліметтерді зерделеудің, өзгермелі
факторларды ғылыми өңдеудің (үлгілеудің, экстраполяциялаудың ) және
қорытындылаудың негізінде кәсіпорынның қаржылық дамуының болжамы жасалады.
Болжам кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нұсқалары бойынша бағалау және
кейінгі шешімдерді қабылдау үшін қызмет етеді.
Кәсіпорын ірірек шаруашылық құрылыымға –бірлестік, ассоциация, концерн
және т.с.с. кіргенде кәсіпорындардың қаржы жоспарының көрсеткіштері бұл
ұйымдардың жиынтық қаржы жоспарына біріктіріледі.
3. Кәсіпорындар мен ұйымдар меншігінің барлық нысандарының теңдігі
қағидаты қатынастардың тұрақтылығы мен меншіктің түрлі нысандары-
мемлекеттік, жеке меншік, шетел мемлекеттерінің және олардың заңи ұйымдары
мен азаматтарының, халықаралық ұйымдардың нысандары дамуының мемлкекет
кепілдігінде жүзеге асырылады. Меншіктенуші өз білгенінше өзінің мүлкіне
иелік жасайды, пайдаланады және басқарып ұйымдастырады, оған қатысты заңға
қарсы келмейтін кез келген іс-әрекет жасайды, мүлікті кез келген шаруашылық
және заңмен тиым салынбаған өзге де қызмет үшін пайдаланады.
4. Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың қажетті қағидаты- басқарудың
барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел
қоры) болуы. Қаржы резервтері әр түрлі әдістермен өндірістік және
әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты
нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін. Қаржы резерві уақытша
болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет
қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында
қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік дамумен байланысты шығындарды (ойда
болмаған шығындарды) қаржыландыруға арналған.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыруда
елеулі өзгерістер болуда. Әріптес-кәсіпорындардың арасында деңгейлес
байланыстар күшейіп келеді, олардың банк жүйесімен өзара іс-қимылы нығайып
келеді. Бұл процестер салалық құрылымдардан бас тартып, жаңа үлгідегі
құрылымдарды- экономикалық мүдделермен, бірыңғай акциялармен және
мемлекеттің мүліктегі үлесімен байланысты ұқсастық негіздегі және
көпсалалық құрылымдарды жасауда көрінеді, бұл құрылымдар рынок жағдайында
анағұрлым өміршең болып келеді.

1.2. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары

Шаруашылық қаржы қызметі процесінде кәсіпорын мен ұйымдар қаржы қорларын
– белілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып,
пайдаланылады. Қорлардағы ақша қаражаттары үнемі қозғалыста болады: түседі,
қорланады, жұмсалады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы тәжірибесінде кәсіпорындардың, жеке
саланың немесе бүкіл ұлттық шаруашылық және әлеуметтік қызметіндегі мақсат-
міндеттеріне қарай әр түрлі қорлар пайдаланылды. Өздерінің қызметтерінің
орындалуына немесе экономикалық жағдайдың өзгеруіне қарай кейбір қорлар
жойылса, кейбірі өзгертіліп, қайсы біреулері жеке бөлініп шықты. Ұзақ
жылдар бойы кәсіпорындар мен ұйымдарда экономикалық ынталандыру қорлары -
материалдық көтермелеу қоры, өндірісті дамыту қоры, әлеуметтік даму қоры,
көпшілік қолды тауарлар қоры (халық тұтынатын тауарларды шығаруды және
өндіріс қалдықтарынан жасалынған басқа бұйымдарды ынталандыру үшін) жұмыс
істеді. 1992 жылға дейін ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржыландыру және
негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық қор құрылды. Министрліктер мен
ведомстволарда жалпы салалық сипаттағы шығындарды қаржыландыру, ведомствоға
қарасты кәсіпорындар мен ұйымдарға қаржы көмегін көрсету үшін
орталықтандырылған қорлар құрылды: ғылым мен техниканы дамытудың бірыңғай
қоры, экономикалық ынталандыру қорлары бойынша орталықтандырылған қорлар
мен резервтер, бағаны реттеу қоры және басқалары.
Қаржы қорларында кәсіпорындар мен ұйымдар мүлкінің қозғалысы бұл
ақпаратты өндіріс, шаруашылық – қаржы және әлеуметтік қызметті басқаруда
пайдалану үшін толық немесе ішінара түрде бейнеленеді. Жекелеген қорлардың
қозғалысы қаржының көлемін, нысанын, пайдалану мөлшерін неғұрлым анық
көрсетеді. Сондықтан кейбір қорлар бір мезгілде орындалуға белгіленген
(жоспарланған), сондай-ақ іс жүзінде қол жеткен кәсіпорын қызметінің
қаржылық көрсеткіштері де болып табылады немесе есеп-қисап үшін бастапқы
мәліметтер ретінде қызмет етеді. Мысалы, белгілі бір кезеңде кәсіпорынның
тұтыну қорын жұмсау ауқымы, кәсіпорынның бір қызметкеріне шаққандағы бұл
мөлшер оның материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерімен қанағаттандыру
деңгейін көрсетеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істеуі үшін неғұрлым елеулілері мен
маңыздылары мына қорлар болып табылады: жарғылық, резервтік капиталдар,
қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбекке ақы төлеу қоры, валюталық, жөндеу
қорлары. Құрылтайшылардың немесе кәсіпорындар ұжымдарының қарап шешуі
бойынша басқа да мақсатты қаражат қорлары құрылуы мүмкін, мысалы,
медициналық сақтандыру қоры, басқа шаруашылық органдарымен болатын үлестік
қоры және басқалары.
Жарғылық капитал мемлекет, басқа меншік иесі немесе құрылтайшы берген
кәсіпорын (ұйым) мүлкінің (капиталының) мөлшерін сипаттап көрсетеді және
алғашқыда, шаруашылық жүргізуші субъектілерді құрғанда өндірістік
капиталды, материалдық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың
көзі болып табылады. Оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыруға қажетті жағдайлар жасалады.
Жарғылық капиталдың мөлшері шаруашылық қызмет процесінде өзгеріп отырады:
негізгі капиталға жұмсалатын инвестициялар (күрделі жұмсалым), таза табыс
есебінен болатын айналым капиталының өсімі, тауар-материалдық
құндылықтарды бағалауға дейінгі және капиталдың басқа толықтырылуы
нәтижесінде көбейеді; негізгі құралдарды шығару немесе беру, оның тозығын
есептеу, зияндарды шығару, тауар - материалдық игіліктердің бағасын түсіру
есебінен кемиді.
Кәсіпорындардың қарамағында қалатын қаражаттардың негізінде, яғни
салықтар мен басқа да төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорындар мен ұйымдар
кешенді қорларды – тұтыну қоры мен қорлану қорын құрады.
Тұтыну қоры мыналарды кіріктіреді:
бүкіл қызметкердің (өндірістік және өндірістік емес) еңбегіне ақы төлеу
шығындары;
ақшалай төлемдер, соның ішінде жылдың қорытындысы бойынша сыйақылар;
еңбегі үшін ынталандырудың басқа түрлеріне жіберілетін ақша және
натуралдық нысандардағы қаражаттар;
материалдық көмек:
еңбек және әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын қаражаттар;
қызметкерлердің акциялары мен салымдары бойынша мүлікке төленетін
табыстар (дивидендтер, пайыздар);
оңтайландырғыштық ұсыныстар, өнер табу және жаңалық ашу үшін берілетін
сыйақылардан бөлек басқа да жеке сипаттағы төлемдер.
Қорлану қоры:
кәсіпорынның қарамағында қалатын табыс;
негізгі капиталды қалпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық аударымдар;
шығып қалған мүлікті өткізуден түскен түсім-ақша;
банктердің несиелері;
басқа да көздер есебінен қалыптасады.
Қорлану қоры ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету шығындарын
қаржыландыруға;
негізгі және айналым капиталдарын молықтыруға;
ғылыми-техникалық прогресті дамытуға, жаңа өнімдерді игеруге;
табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға;
өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салуға үлестік
қатысуға;
әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салуға қатысуға пайдаланылады.
Ірі кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді тұтыну мен қорлану қорларының орнына
көздері мен шығындарының мазмұны жағынан ұқсас мынадай жеке-жеке қорлар
көздерін құрып, пайдалана алады:жалақы, еңбекке ақы төлеу, өндірісті
дамыту, әлеуметтік даму қорлары.
Ұдайы өндірістік шығындарды үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз етуде
қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қоры, сақтық қоры) маңызы
зор. Нарыққа көшу жағдайында олардың маңыздылығы артпаса, кемімейді. Қаржы
резервтерін шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері меншікті қаржы
ресурстары есебінен басқару құрылымдары (нормативтік аударымдар негізінде),
мамандандырылған сақтық ұйымдары (сақтандыру әдісі арқылы) және мемлекет
(әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің қаржы қорлары) жасай алады. Оның мақсаты
- шаруашылық – қаржы жағдайы нашарлаған кезде пайда болған қосымша
шығындарды жауып, кәсіпорындардың қаржы жағдайын тұрақтандыруды қамтамасыз
ету. Қор кәсіпорынның тұтыну, қорлану және басқа қорларына жіберілмес бұрын
оның қарамағында қалатын табыс есебінен құралады (осы мақсаттар үшін
олардың жеткіліктілігі жағдайында).
Кәсіпорындар мен ұйымдардың валюта қорлары валюта қаражаттарының есебінен
мына көздерден қалыптасады:
экспорттық валюталық түсім-ақшадан;
жарғылық капиталға түсетін жарналардан;
банктердің, солардың ішінде шетел, басқа қаржы мекемелерінің және
шетелдік заңи тұлғалардың валюталық несиелерінен;
ішкі валюта рыногында өкілетті банктер мен айырбастау пунктері арқылы
валюта сатып алу;
бейрезиденттер көрсететін қаржы көмегі (гранттар).
Өнімдерді,жұмыстар мен қызметтерді экспортқа шығарудан түскен валюталық
түсім-ақша заңмен белгіленген салықтар төленгеннен кейін кәсіпорындар мен
ұйымдардың валюта қорларына бағытталады. Бұл қорларға активтерге (бағала
қағаздарға) инвестициялардан, депозиттер, салымдар нысанындағы және т.б.
нысандардағы, егер бұл дивидендтер мен табыстар меншікті немесе қарыз
қаражаттарының жұмсалымдарынан алынған болса, қаражаттарды орналастырудан
алынған шетелдік валютадағы дивидендтер мен табыстар
есептеледі.Кәсіпорындар мен ұйымдарға ортақ міндеттерді шешу үшін ерікті
негізде өздерінің валюта қаржысын кәсіпорындар мен ұйымдар ешкімнің
рұқсатынсыз, бірақ қолданылып жүрген валюта заңнамасының шеңберінде
өздерінің қарап шешуі бойынша пайдалана алады. Валюта қорлары ең алдымен
еңбек ұжымдарының өндірістік, әлеуметтік-мәдени дамуына жұмсалады;
Валютаның бір бөлігі еңбек ұжымдарының шешімімен халық тұтынатын шетел
тауарларын, дәрі-дәрмектерді және медициналық техниканы сатып алуға
жұмсалуы мүмкін. Валюта қорларының қаржысы ізгілік және қайырымдылық көмек
көрсетуге де пайдалануы мүмкін. Кәсіпорындар мен ұйымдар валюта қоры
қаражаттарының бір бөлігін қосалқы жеткізушілерге- кәсіпорындар мен
ұйымдарға бере алады; бұл түсімдердің көлемі шарттың негізінде экспорттық
өнім өндірісіне қатысушылардың үлесі ескеріле отырып, шешілді.
Жөндеу қоры кәсіпорындарда негізгі капиталдарды жөндеудің барлық
түрлерін: күрделі, орташа, ағымдағы түрлерін жүргізу үшін жасалады, олар
өнімнің, жұмыстар мен қызметтер көрсетудің өзіндік құны есебінен
қаржыландырылады. Жөндеу жұмыстарына жұмсалатын болашақ шығындарға қарай
жөндеу қорына аударылатын аударымдардың нормативтерін кәсіпорындар
өздігінше белгілей алады, бұл шығындардың көлемі негізгі капиталдардың жай-
күйімен және тозығының дәрежесімен анықталады. Ішінара жөндеуге жұмсалатын
шығындар болашақ кезеңдерге жатқызылатын шығыстардың есебінен жабылуы
мүмкін.

ІІ Бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
2.1. Өндірістік капиталдар және кәсіпорындар қызметінің қаржылық
нәтижелері
Кәсіпорындардың өндірістік және коммерциялық қызметі негізгі
өндірістік капиталдарды – негізгі және айналым капиталдарын пайдаланумен
байланысты болады. Өндірістік капиталдардың бұлай бөлінуі олардың
айналымының сипатымен және дайын өнімді жасаудағы қатысуының нысанымен
байланысты.
Кәсіпорындарда өндірістік құрал-жабдықтар өндіріс процесінің
материалдық-техникалық негізі болып табылады. Нарықтық экономика
жағдайында өндірістік құрал-жабдықтардың алғашқы қалыптасуы, олардың жұмыс
істеуі мен ұлғаймалы ұдайы молайтылып отыруы қаржылардың тікелей
ұатысуымен жүзеге асырылады: олардың көмегімен еңбек құралдарын сатып алу,
пайдалану және қайта қалпына келтіруді жүзеге асыратын арнайы мақсатты ақша
қорлары құрылып пайдаланылады. Қаржының арқасында кәсіпорындардың
өндірістік капиталдарының (негізгі айналым капиталдарының) тұрақты толық
айналымы болып отырады. Бұған өндірістің натуралдық- заттай элементтерін –
еңбек құралдары мен еңбек заттарын сатып алу, көбейту немесе олардың
орнын толтыру үшін қаржы ресурстарын авансылау жолымен жетеді. Еңбек
құралдары мен еңбек заттарынан тұратын, құн нысанында көрінетін өндіріс
құрал-жабдықтары негізгі және айналым капиталдары болып табылады.
Қазіргі жағдайда ұзақ пайдалану айналымынан тыс активтердің жаңа
түрлерінің бірі- материалдық емес активтер. Материалдық емес активтер-
жылдық жиынтық табыс алу үшін ұзақ мерзімді (бір жылдан артық) кезең
ішінде пайдаланылатын материалдық емес объектілер. Олардың кәсіпорын
активтерінің құрамында пайда болуы нарықтық қатынастарға көшуге,
шаруашылықты жүргізудің дүниежүзілік практикасына жақындастыру қажеттігіне
байланысты болып отыр.
Негізгі өндірістік капиталдар мен материалдық емес активтер өндіріс
процесінде ұзақ уақыт бойы қатысады және өзінің құнын біртіндеп, бөліп-
бөліп тозығына қарай жаңа өнімнің құнына көшіреді. Көшу процесін
амортизация, көшірілген құнның үлесін амортизация нормасы,ал бұл үлестің
ақшалай көрінісін амортизациялық аударымдар деп атайды.
Жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізуші субъектілерде негізгі және айналым
капиталдарының орны өнімді (қызметтерді) сатқаннан кейін және тиісті табыс
түскеннен кейін толтырылады. Бұл табыстан амортизациялық аударымдар
нысанында тозған негізгі капиталдардың орнын толтыру үшін қаражаттар
қалыптастырылады, ал өнімді өткізуден алынған табыстың басқа бөлігі айналым
капиталдарының құрамына кіретін тауар-материалдық құндылықтарды сатып алуға
бағытталады. Жаңа кәсіпорындарды құру немесе оларды кеңейту кезінде
қаражаттардың едәуір бөлігі құрылтайшылардың жарналары, акцияларды сатудан
түскен қаржылай қаражаттарды тарту есебінен қалыптасады; мемлекеттік
кәсіпорындар үшін – бұл бюджет пен мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың
қаражаттары. Қаражаттардың бір бөлігі басқарудың жоғарғы буындарының –
бірлестіктің, ассоцияцияның, министрліктердің, ведомствалардың
орталықтандырылған қаржы ресурстары есебінен авансылауы мүмкін. Соңғы
уақытта қаржыландырудың көзі ретінде шетелдік инвесторлардың қаражаттары
кеңінен пайдаланып келеді.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда өндірістік капиталдардың өсімін
қаржыландырудың көзі кәсіпорынның қарамағында қалдырылатын және тікелей осы
мақсатқа бағытталатын, сондай-ақ қаржы қорлары - өндірісті дамыту қоры
(қорлану қоры), өндірістік және әлеуметтік даму қоры, қаржы резерві, басқа
инвестициялық қорлар арқылы жұмсалынатын таза табыс (пайда) болып табылады.
Осы мақсатқа сонымен бірге банк кредиттері: негізгі капиталдарды
қаржыландыру үшін ұзақ мерзімді, айналым капиталдарын қаржыландыру үшін
қысқа мерзімді кредиттер пайдаланылады. Айналым қаражаттарын көбейтудің
көзі бұдан басқа, кредиторлық берешке пен тұрақты пассивтердің өсімі
(жалақы, әлеуметтік қажеттерге аударылатын аударымдар бойынша ең аз
берешек, кәсіпорынның төлемақылары бойынша берешектің басқа түрлері) болып
табылады.
Сөйтіп, өндірістік капиталдарды жасау мен оның өсімін қаржыландырудың
көздерін меншікті, тартылған және қарыз қаражаттарына топтастыруға болады.
Айналым қаражаттарының аса маңызды құрамды бөлігі меншікті айналым
қаражаттары болып табылады, өйткені олардың болуы, сақталымдылығы, басқа
қаражаттармен ара салмағы нақтылы рыноктағы кәсіпорынның қаржылық
орнықтылығының дәрежесін анықтайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаттарына
құрылтайшылардың алғашқы жарналары, амортизациялық аударымдар және таза
табыс (пайда) жатады.
Алғашқыда шаруашылық жүргізуші субъектілерді құрған кезде өндірістік
капиталдарды, материалдық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың
көзі жарғылық капитал болып табылады. Оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалады. Жарғылық капиталдың
көлемі бухгалтерлік баланста қамтылып көрсетіледі және кәсіпорынның,
фирманың қаржылық қуатын бағалаудың алғашқы критерийі қызметін атқарады.
Кейінгі негізгі капиталдарды сатып алуға шаруашылық қызмет нәтижесінде
кәсіпорында пайда болған қорланымдар пайдаланылады. Оларға ең алдымен өнім
өткізуден алынатын түсім-ақша құрамындағы амортизациялық аударымдар мен
табыс (пайда) жатады.
Мемлекеттік кәсіпорындарда өндіріске жұмсалған инвестициялардың
бастапқы көзі қызметін бюджет қаражаттары мен орталықтандырылған бюджеттен
тыс қорлар, ал мемлекеттік емес кәсіпорындарда акционерліе капитал
атқарады. Өндіріс базасын одан әрі дамыту кәсіпорындардың ішкі ресурстары
мен тартылған қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.
Тартылған қаржылай қаражаттар акцияларды орналастырудан, еңбек ұжымы
мүшелерінің, заң және жеке тұлғалардың жарналарынан алынған ақшаны қамтиды.

Қарыз қаражаттарына коммерциялық банктердің ұзақ мерзімді несиелері,
негізгі капиталдарды қаржы лизингі негізінде сатып алу және инвестициялық
салық несиесі жатады.
Өндірістік капиталдардың қалыптасуы кәсіпкерлік қызмет бастауының
объективті алғышарты болып табылады. Бұл қызметтің нәтижелері дайын өнім
(орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер) нысанында көрінеді.
Өндірістік капиталды пайдаланудың нәтижесі арнайы қаржылық
көрсеткіштермен сипатталады және кәсіпорынның қаржы менеджментінің
нәтижелігін дәлелдейді. Бұл нәтижелік өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуден
түскен табыс (түсім-ақша) мөлшерінде, кәсіпорынның шығынығда айқындалады.
Түсім-ақшаның ауқымы кәсіпорынның (ұйымның), фирманың өнім өндіру мен
оны өткізуге жұмсаған шығындарының (ақшалай жұмсалымдарының) көлеміне
байланысты болады.
Өазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің стандарттары бойынша “
өнім (жұмыс, қызмет) өткізуден алынған табыс” көрсеткішінде негізгі
қызметтен алынған табыс қамтып көрсетіледі, ол тауар-материалдық босалқы
қорларды, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізуден алынған
табыстардан басқа, қосылған құнға салынатын салықты, акциздерді, басқа
салықтар мен міндеттемелерді, қайтарылған тауарлардың құнын және сату мен
бағадан шегерімдерді алып тастағаннан кейінгі сыйақы (мүдде), яғни
пайыздар, дивидендтер, қаламақы және рента түріндегі алынған табысты да
қамтиды.
Өнім өткізуден алынған табыс пен оның өзіндік құны арасындағы айырым
жалпы табысты құрайды. Алайда бұл сызба бойынша өзіндік құн бүкіл
шығыстарды қамтып көрсетпейді- олардың бір бөлігі кезең шығыстарын құрайды,
атап айтқанда:
жалпы және әкімшілік шығындары (жалпышаруашылық және әкімшілік
арналымы шығыстарының сомасы);
өткізуге (тауар-материалдық босалқы қорларды сатуға) байлвнысты
шығыстар;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық кәсіпорындардың қаржысы
ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕР
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер
Коммерциялық ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы туралы түсінік
Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының мазмұны
Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталу
Корпорациялар қаржысы: ұйымдастыру негіздері және олардың қаржы ортасының мазмұны
Кәсіпорындар ұйымдардың қаржы қорлары
Пәндер