Салық салу



Кіріспе

1. Жер салығының экономикалық мазмұны.
1.1 Салық салу обьектілерінің жіктелуі.

2. Салық ставкалары,төлеу тәртібі мен мерзімдері
жекеленген жағдайда салық төлеудің ерекшеліктері.
2.2 Салық декларациясы

Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Жер салығы адамзат өркениетінің әр қилы даму кезеңдерінде үзбей алынған, күні бүгінге дейін әрқашан да жергілікті салық салу жүйесінде көрініс табатын үйреншікті жергілікті салық болып табылады. Бұл салық негізінгде есептеліну көзі бойынша мүліктік болғандықтан оның төлеушілері қатарына заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да жатады. Жер салығын қалыптастыру тәсілі жерлердің түрі мен пайдаланылатын мақсат-бағдарларына қарай құрылады.
Қазіргі кезде, нарықтық даму жағдайындағы экономика талаптарына сай жер меншігіне, жерді пайдалануға және оны тиісті рыноктық айналысқа түсіруге байланысты проблемаларды шешу ауқымындағы жер салығының ролі күні сайын артып келеді.
Жер салығын алу барысында жерді ұтымды пайдалану, жерге орналастыру істерін жақсарту, жерді және оған байланысты экоологиялық ахуалдарды қорғау, жерді құнарландыру, жер аумағындағы әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыру, жерлерден сол аумақтардағы бюджеттерге қосымша қаражаттар түсіру және т.б. көзделінеді.
Тағы бір ескеретін жәйт, жерлерге салық салу кезінде көзделінетін бірден-бір мақсат олардың белгілі бір санаттарын ғана салық салу объектілері ретінде қарау, сондай-ақ олардың қандай бағытта пайдаланылатынын есепке алу болып табылады.
1. «Салық кодексі»-2003 жыл Алматы.
2. Найманбаев «салық құқығы»-2001 жыл Алматы
3. Худяков «нологи» -2002 жыл Алматы
4. «ҚР-ң заңы туралы»-2001 жыл Алматы.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

Кіріспе

1. Жер салығының экономикалық мазмұны.
1.1 Салық салу обьектілерінің жіктелуі.

2. Салық ставкалары,төлеу тәртібі мен мерзімдері
. жекеленген жағдайда салық төлеудің ерекшеліктері.
2.2 Салық декларациясы

Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Жер салығының экономикалық мазмұны

Жер салығы адамзат өркениетінің әр қилы даму кезеңдерінде үзбей
алынған, күні бүгінге дейін әрқашан да жергілікті салық салу жүйесінде
көрініс табатын үйреншікті жергілікті салық болып табылады. Бұл салық
негізінгде есептеліну көзі бойынша мүліктік болғандықтан оның төлеушілері
қатарына заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да жатады. Жер салығын
қалыптастыру тәсілі жерлердің түрі мен пайдаланылатын мақсат-бағдарларына
қарай құрылады.
Қазіргі кезде, нарықтық даму жағдайындағы экономика талаптарына сай жер
меншігіне, жерді пайдалануға және оны тиісті рыноктық айналысқа түсіруге
байланысты проблемаларды шешу ауқымындағы жер салығының ролі күні сайын
артып келеді.
Жер салығын алу барысында жерді ұтымды пайдалану, жерге орналастыру
істерін жақсарту, жерді және оған байланысты экоологиялық ахуалдарды
қорғау, жерді құнарландыру, жер аумағындағы әлеуметтік-мәдени шараларды
жүзеге асыру, жерлерден сол аумақтардағы бюджеттерге қосымша қаражаттар
түсіру және т.б. көзделінеді.
Тағы бір ескеретін жәйт, жерлерге салық салу кезінде көзделінетін
бірден-бір мақсат олардың белгілі бір санаттарын ғана салық салу
объектілері ретінде қарау, сондай-ақ олардың қандай бағытта
пайдаланылатынын есепке алу болып табылады.

Салық салу объектілерінің жіктелуі.

Қазақстан Республикасының аумағындағы жерлердің мынадай санаттарына:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге;
2) елді мекендердің жерлеріне;
3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы
мақсатына арналмаған жерлеріне;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлеріне, сауықтыру,
рекреациялау және тарихи-мәдени мақсатындағы жерлерге;
5) орман қорының жерлеріне;
6) су қорының жерлеріне;
7) запастағы жерлерге салық салынады.
Салық кодексінде көзделген жәйттерге орай, салық салу мақсатында елді
мекендердің жерлері мына:
1) тұрғын үй қоры мен оның жанындағы құрылыстары және ғимараттары
орналасқан жерлерді қоспағанда елді мекендердің жерлері;
2) тұрғын үй қоры мен оның жанындағы құырылстары және ғимараттары
орналасқан жерлері сияқты екі топқа бөлінген.
Сонымен қатар, бірден айта кететін маңызды жәйт, егер осы жерлер
(запастағы жерлерді қоспағанда) тұрақты пайдалануға немесе өтеусіз уақытша
пайдалануға берілмесе, онда жерлердің мына санаттары:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;
2) орман қорының жерлері;
3) су қорының жерлері;
4) запастағы жерлер салық салудан босатылады.
Аталған жерлер (запастағы жерлерді қоспағанда) тұрақты пайдалануға
немесе өтеусіз бастапқы уақытша пайдалануға берілген жағдайда оларға
Салық кодексінің 336-бабында белгіленген тәртіппен салық салынады.
Жер салығы меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз
уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар мен жер ресурстарын
басқару жөніндегі уәкілетті орган тарапынан әр жылдың 1 қаңтарына
қарағандағы жағдай бойынша берілген жерлердің мемлекеттік сандық және
сапалық есебінің деректері негізінде есептелінеді.
Осы салық бойынша салық салу объектісіне жер учаскесі (жер
учаскесіне қатысты ортақ үлестік меншік кезінде – жер үлесі) жатады.
Темір жолдар, оқшаулау белдеулері, темір жол станциялары, вокзалдар
орналасқан жер учаскелерін қоса алғанда, заңдарда белгіленген тәртіппен
темір жол көлігі ұйымдарының объектілеріне берілген жер учаскелері темір
жол көлігі ұйымдары үшін салық объектісі болып саналады.
Электр беру желілері мен кіші станциялар тіректері алып жатқан жер
учаскелерін қоса алғанда, балансында электр беру желілері бар энергетика
және электрлендіру жүйесі ұйымдары үшін осы ұйымдарға заңдарда
белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі
ретінде көрініс табады.
Мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерін қоса
алғанда, балансында мұнай тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін осы
ұйымдарға заңдарда белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық
салу объектісі болып есептеледі.
Байланыс желілерінің тіректері алып жатқан жер учаскелерін қоса
алғанда, балансынгда радиорелелік, әуе, кабельдік байланыс желілері бар
байланыс ұйымдары үшін осы ұйымдарға заңдарда белгіленген тәртіппен
берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып табылады.
Жер салығын айқындауға қажетті салық базасы ретінде жер учаскесінің
алаңы көрініс табады.
Жеке меншік құқығындағы, тұрақты жер пайдалану құқығындағы, сондай-
ақ өтеусіз бастапқы уақытша жер пайдалану құқығындағы жер учаскелері
(кейбір жағдайларда жер үлесі) бар жеке және заңды тұлғалар, сонымен
қатар жеке меншік құқығында, тұрақты жер пайдалану құқығында және өтеусіз
уақытша бастапқы жер пайдалану құқығында салық салынатын объектілері бар
осы заңды тұлғалардың құрылымдық бөімшелері жер салығын төлеушілер деп
танылады.
Тұрақты жер пайдалануға және өтеусіз уақытша бастапқы жер
пайдалануға деген меншік құқығын куәландыратын мемлекеттік акт немесе жер
учаскелерін уақытша пайдалану жөніндегі шарт болмаған жағдайда, жерді
пайдаланушының белгілі бір учаскені нақты иеленуі және пайдалануы оны осы
учаскеге қатысты жер салығын төлеуші ретінде тануға негіз болып табылады.
Жер учаскелерін иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттарда
немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, бірнеше тұлғаның ортақ
меншігіндегі (пайдалануындағы) жер учаскесі бойынша осы тұлғалардың
әрқайсысы жер салығын төлеуші болып табылады.

Салық ставкалары, төлеу тәртібі мен мерзімдері.

Қазақстан аумағындағы мынадай жер учаскелері:
1) елді мекендердің ортақ пайдалануындағы алаңдар, көшелер, өткелдер,
жолдар, жағалаулар, парктер, скверлер, бульварлар, су қоймалары,
жағажайлар, зираттар, су құбырлары, жылу құбырлары, тазарту
құрылғылары және ортақ пайдаланылатын өзге де инжинерлік жүйелер алып
жатқан және соларға арналған жерлер;
2) ортақ пайдалануға бөлінген белдеудегі мемлекеттік автомобиль
жолдарының желісі алып жатқан жер алаптары, көліктер жан-жаққа жүріп
өтетін жол тарамдары, жол айырықтары, жасанды құырылстар, трассалар
бойындағы жол резервтері мен өзге де жол қызметін көрсету жөніндегі
құрылыстар, жол қызметінің (қызметкерлерінің) қызмет бабындағы және
тұрғын үй-жайлары, қардан қорғау екпелері мен безендіру жасыл
желектері орналасқан жерлер;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша консервацияланған
объектілер алып жатқан жерлер;
4) Салық кодексінің 138-140 баптарында белгіленген тәртіппен
инвестициялық жобаны іске асыру үшін иеленген және пайдаланылатын жер
учаскелері Салық кодексінің 326 бабына (оның тармақтары мен
тармақшаларына) сәйкес салық салынатын объектілер қатарынан шығарылып
тасталған.
Салық кодексінің 324-бабының әмірлі талаптарына сәйкес мынадай заңды және
жеке тұлғалар:
1) бірыңғай жер салығын төлеушілер шаруа (фермер) қожалықтарына
арналған арнайы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын
жер учаскелері бойынша;
2) мемлекеттік мекемелер;
3) салық режимінің екінші моделі бойынша салық салу жүзеге асырылатын
жер қойнауын пайдаланушылар;
4) қылмыстық жазаларды атқару аясындағы уәкілетті органның түзеу
мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;
5) тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстары мен
ғимараттар алып жатқан жер учасклеері мен тұрғын үй маңындағы жер
учаскелері; жеке (қосалқы) үй шаруашылығын жүргізу, бау-бақша
шаруашылығы үшін берілген және құрылыс алып жатқан жерлерде қоса
алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелері; гаражға
арналған жер учаскелері бойынша – Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен
соларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектің
ата-анасының біреуі;
6) тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар
алып жатқан жер учаскелері мен тұрғын үй маңындағы жер учаскелері бойынша
– Алтын алқа алқасымен наградталған, Ардақты ана атағына ие болған көп
балалы аналар;
7) діни бірлестітер жер салығын төлеуден босатылған.
Жер салығының мөлшері жер учаскесінің сапасына, орналасу өңіріне және
сумен қамтамасыз етілуіне қарай анықталады, сондай-ақ оны белгілеу кезінде
жер иеленушілер мен жерді пайдаланушылардың шаруашылық және өзге қызметінің
нәтижелері (яғни жерлерден алынатын табыстары мен түсімдері) есепке
алынбайды.
Жекеше (қосалқы) ү й шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын
жүргізу үшін қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда жеке тұлғаларға
берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге алаңын 0,50 гектарға дейін
қоса ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүлік салығы туралы
Заңды тұлғаларға салынатын мүлік салығының экономикалық мазмұны
Мүлік
Мүлік салығын төлеушілермен салық салу объектілері
Меншікке салынатын салық: мүлік салығы
Меншікке салынатын салықтар: мүлік салығы
Аймақтық бюджеттi қалыптастырудағы меншiкке салынатын салықтың экономикалық мазмұны
Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі меншікке салынатын салықтардың экономикалық мәні
Мүлік салығы
Мүлік салығын төлеушілер
Пәндер