Дербес ЭЕМ. Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы



Дербес ЭЕМ-нің (ДЭЕМ) элементтік базасы болатын электрондық компоненттері информация өңдеудің белгілі бір қызметін немесе оны сақтау ісін атқарады. Мұндай компоненттер интегралдық схемалар деп аталады. Интегралдық схема металдан не пластмассадан жасалған қорапқа салынған жартылай өткізгішті крсталдардан тұрады. Жіңішке жіп секілді арнайы сымдар осы кристалды қораптың шеткі тақшаларымен жалғастырады.
Жартылай өткізгішті кристалл көбінесе таза кремнийден жасалады, оны жасауда вакуумдық бүрку, тырналау, қоспаларды иондық түрде енгізу, дәлме-дәл фотолитография тәрізді және де басқа жоғары сапалы технологиялар қолданылады.
Осындай күрделі технология нәтижесінде кристалда электр схемасына біріктірілген «электрондық молекулалар» жасалады. Олар бір кристалл көлемінде (5х5 мм) жүз мыңнан аса бір-бірімен байланысқан «электрондық молекулаларды» құрастырып, өте күрделі информацияны түрлендіру жұмыстарын орындай алады. Мүмкін болашақта осындай схемалар элементтері рөлін тікелей ұғымдағы заттардың молекулалары атқаратын шығар.

Дербес ЭЕМ
Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы

Дербес ЭЕМ-нің (ДЭЕМ) элементтік базасы болатын электрондық
компоненттері информация өңдеудің белгілі бір қызметін немесе
оны сақтау ісін атқарады. Мұндай компоненттер интегралдық
схемалар деп аталады. Интегралдық схема металдан не пластмассадан
жасалған қорапқа салынған жартылай өткізгішті крсталдардан
тұрады. Жіңішке жіп секілді арнайы сымдар осы кристалды қораптың
шеткі тақшаларымен жалғастырады.
Жартылай өткізгішті кристалл көбінесе таза кремнийден
жасалады, оны жасауда вакуумдық бүрку, тырналау, қоспаларды иондық
түрде енгізу, дәлме-дәл фотолитография тәрізді және де басқа
жоғары сапалы технологиялар қолданылады.
Осындай күрделі технология нәтижесінде кристалда электр
схемасына біріктірілген электрондық молекулалар жасалады. Олар бір
кристалл көлемінде (5х5 мм) жүз мыңнан аса бір-бірімен
байланысқан электрондық молекулаларды құрастырып, өте күрделі
информацияны түрлендіру жұмыстарын орындай алады. Мүмкін болашақта
осындай схемалар элементтері рөлін тікелей ұғымдағы заттардың
молекулалары атқаратын шығар.
Интегралдық схемаларды жасау, тексеру, олардың сапаларын бақылау -
барлығы да автоматтандырылған, оның үстіне оларды сериялық түрде
шығару да меңгерілген. Интегралдық схемаларды шығаруды
баспаханаларды кітапты көбейтіп шығарумен салыстыруға болады. Олар
өздерінің атқаратын функцияларына қарай ЭЕМ-нің әртүрлі тетіктерінің -
шифраторлардың, сумматорлардың, күшейткіштердің түрлеріне байланысты
бөлек-бөлек топтарға жіктеліп, серияларға бөлініп шығарылады.
Бұл схемалардың интегралдық (біріктірілген) деп аталу себебі
олардың бір кристалды күрделі логикалық функциялардың белгілі
біреуін орындай алады, сосын олардан транзисторлар мен диодтардан
құрастырылған сияқты машина қондырғылары оңай жасалады.
ДЭЕМ бірыңғай аппараттық жүйеге біріктірілген техникалық
электрондық құрылғылар жиынынан тұрады. ДЭЕМ құрамына кіретін
барлық құрылғыларды олардың функционалдық белгілеріне қарай екіге
бөлу қалыптасқан, олар: жүйелік блок және сыртқы құрылғылар.
Жүйелік блок мыналардан тұрады:
- микропроцессор;
- оперативті есте сақтаушы құрылғы немесе жедел жады;
- тұрақты есте сақтаушы құрылғы;
- қоректену блогы мен мәлімет енгізу-шығару порттары.
Ал, сыртқы құрылғылар былайша бөлінеді:
- информация енгізу құрылғылары;
- информация шығару құрылғылары;
- информация жинақтаушылар.
ДЭЕМ-нің құрамында ең аз жүйелік блок, бір-бірден енгізу,
шығару құрылғылары және ең аз деген бір информация жинақтаушы
құрылғы кіреді. ДЭЕМ-де шешілетін мәселеге байланысты пайдаланушы
адам оның минималды конфигурациясына қосымша шеткері құрылғыларды
қосу арқылы кеңейтуіне болады.
Информация мен басқару командаларын енгізетін негізгі
құрылғыларға пернетақта (клавиатура), тышқан тәрізді тетік және
сканер (із кескіш) жатады. Осындай функцияларды бұлардан өзге
жарық қаламұштары, жарық сезгіш планшеттер, джойстиктер (ұршық
тәріздес тетік) және басқа да мәселелерді шешуге қолданылатын
құралдар орындайды. Мысалы, осылардың кейбіреуін жобалау жұмыстарын
автоматтандыруда қолдануға болады.

ІВМ дербес компьютерінің негізгі блоктары

Әдетте ІВМ дербес компьютерлері мынадай бөліктерден
(блоктардан) тұрады:
- жүйелік блок (тік немесе жатық қорапқа орналасқан) – 1 – блок;

- мәтіндік және графикалық информацияны кескіндеуге арналған
монитор немесе дисплей - 2-блок;
- әртүрлі символдарды компьютерге енгізуге арналған перне тақта
немесе пернелік - 3-блок;
Компьютердегі ең негізгі құрылғы - жүйелік блок, оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭЕМ-нің даму тарихы. ЭЕМ-нің буындары
Қазіргі кездегі дербес компьютерлер
Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы
Компьютерге информация енгізу құрылғылары
IBM PC және басқа осы тәріздес дербес компьютерлер жұмысы жайында мәліметтер. Aлгоритмдік тілдер туралы мәліметтер. ЭЕМ-ң қызметі, құрамы және жіктелуі
ЭЕМ даму тарихы. Есептеу машиналарының даму бағыттары
Арнайы мәліметтерді өңдеу жылдамдығы
Компьютерлік жүйелер
Есептеуіш машинаның тарихы
ЭЕМ даму тарихы
Пәндер