Пабло Пикассо


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Пабло Пикассо

Пабло (Руис) Пикассо (1881 - 1973) Испанияда туған,

Францияда тұрды және жұмыс істеді.

1885 картина, 7089 сурет, 3-нан астам эстамптер,

1228 скульптура, 3222 керамикалық зат жасаған.

Замандастары оны әмбебап көркемдік гений деп санаған.

Шығармалары: «Герника», «Көгілдір бөлме», «Сиқыршы жанұясы», «Арлекиналар», «Иті бар бала», «Авиньондік қыздар», «Амбруаза Воллар портреті», «Дора Маар портреті» және т. б.

Пабло Пикассо ұзақ өмір сүрген. Оның өмірі шығармашылық ізденістерден, туындылардың көп санынан, әйелдерге деген күшті махаббаттан, көп адамдармен достық қатынастарда болуынан тұрды.

Пикассо адамдар есінде көңілді адам ретінде қалды. Бәлкім, дәл осы қасиет оған бір уақыт кезеңінен екіншісіне сәтті өтуге, жаңалықтарды қуанышпен қарсы алуға, белгісіз нәрселерден қорықпауға көмектескен шығар. Пикассо туралы ол дұрыс өмір сүре білді деген сөздер айтылды, өмір сүрген жылдарының саны оны қарт кісі деп айтуға мүмкіндік берсе де, ешкім суретшіні олай атаған жоқ.

Оны ХХ ғасырдың Гойясы, Сальери жанды Моцарт, әулие испандық деп атады. Ол айналасындағылардың қарама-қарсы эмоцияларын туғызды: біреулер оның соңынан жынданып, ысқырса, біреулер оған риза болып, қол шапалақтады. Ал суретшіге бәрібір болды, өйткені ол өнерде өз жолымен жүрді.

Суретшінің өнерге келуі

Пабло Пикассо испан қаласы Малагеде дүниеге келген. Он бес жасында Барселонадағы Жоғары көркемдік мектепке оқуға барды, ал 1887 жылы Мадридтегі Көркемдік академияға оқуға түсті.

ХХ ғасырдың басында Пабло Пикассо Парижге көшіп келді: мұндай сапарсыз өз талантын құрметтейтін бірде-бір адам суретші болып қалыптаспайды - Париж еуропалық өнердің Меккесі болды және солай болып қалады да. Импрессионисттердің жұмысы Паблоны таң қалдырып, ол олардан картиналардың түстік қанықтығын алды. Бірақ, бояулар мен формалардың санын өз жұмыстарында шектеп отырды.

Пикассо шығармасындағы 1901-1904 жылдар периоды «көгілдір период» деп аталды: ол «Көгілдір бөлме» картинасымен ашылды. Суретші қолданған теңіз тереңдігі сияқты салқын көгілдір-жасыл түстерді «Өмір» картинасынан көруге болады. Сол период картиналары шаршағандық көңіл-күйді бейнелейді, суретші кедейлерді, ел аралаушы әртістерді суреттейді.

Содан кейін «қызғылт период» келді: бұл шығармашылық кесінді париждік түрлі-түсті өмірден туындады. 1904 жылы суретші Францияның астанасына қоныс тепкен болатын. Картиналар тақырыбы дәл сондай, бірақ көңіл-күй - лирикалық, колорит - мөлдірлеу болды.

Суретшінің сүйікті істерінің бірі көше сиқыршыларының қойылымдарын қадағалау болды. Дәл соларды және жаңа суретші достарын Пикассо өз қағаздарында қызғылт тонмен салды. Сонымен қатар, ол портреттерді ежелгі ибериялық өнер амалдарын қолдана отырып салды («Қызғылт период» портреттерінің арасында Гертруда Стайнның портретін атап өтуге болады) .

Пикассо өзін жан-жақты шығармашылық тұлға ретінде көрсетті, ол «қызғылт период» картиналар жиынтығын көркемдік галерея иесі Амбразу Волларға сатты. Бұл ақшалар оған тәуелсіздік әкелді.

1907 жыл Пикассоның керемет «тапқырлығымен» белгіленді: ол француз суретшісі Жорж Бракпен бірге өнердегі тұтас бағыт «кубизмді» ойлап тапты. Бұл ерлікті жасауға Пикассоға африкалық скульптуралар, олардың ғажайып шығыңқы сызықтары, олардағы ритмдер, өмір пульсы, ыстық мелодиялар әсер етті.

«Авиньондік қыздар» жұмысы осылай туды. Картинада барлық стильдік формалар бар. Бес жалаңаш әйелдің беттері маскаларды еске түсіреді, жеке фрагменттерге бөлінгендей болып көрінеді, дене пропорциялары қисықталған.

Қағаз жалпы қабылданған классикалық перспективалардан арылған және кубизмнің бірінші үлгісі болып саналады.

Пабло Пикассо адамдармен достық қатынаста бола білді, олармен шығармашылық тапқырлықтарымен бөлісе білді. 1907 жылы ақын және сыншы Гийом Аполлинер суретші Жорж Бракты Пикассо шеберанасына алып келеді, сонда Жорж «Қыздарға» тамсанады. Бұл жұмыстан қанат алған Жорж Брак керемет «Большое женское позирование» картинасын жазады.

Брак пен Пикассо арасында достық пайда болады, олар бірге жұмыс істей бастайды, сонда олар бір-бірінің шығармашылық шабыттарын сезінгендері соншалық, олардың жұмыстарының айырмашылықтары өте аз болды. Брак пен Пикассо өз жұмыстарындағы керемет ұқсастықтарды жиі аңғарып, қағазда бірдей қол қойып отырды . . .

Пикассоның шығармашылық өмірі күшті ағынмен ағылды. Оны біресе монументальды формалар қызықтырып - ол скульптуралар салса, енді бірде сюрреалисттердің бірінші көрмесіне қатысты (1925), енді бірде гравюрамен, керамикамен айналысты. Немесе ескі шеберлердің картиналарын өңдеумен айналысты: осылай, оның Веласкестың «Лас Менинас» картинасын өңдеуінің 58 нұсқасы белгілі. Суретшіге бәрі де ұнады, бәрі оны қызықтырды, ол судағы балықтай өнер тереңдігінде еркін жүзе білді.

1971 жылы Пикассо жұмыстары еуропалық өнердің әулиесі Луврда қойылды. Мұндай жетістікке ХХ ғасырдың авангардтық бағыттағы суретшілерінің ішінде Пикассо бірінші болып қол жеткізді.

Пикассо өнер күшіне әрқашан да сенді. «Өнер адамды тіс ауруынан жаза алады», - деп тұжырымдады ол. Тағы ол живописьті әлем қаруы деп, ал суретшіні саяси жан деп атады.

Пикассо күші сонда, ол ең терең ойды, ең күрделі сезімді өнер тілімен көрсете алады. Бозбала кезінде ол шебер сияқты сурет салатын. Ол живопиське берілген, егер, керекті түсті бірден таба алмаса ол жынданып, ашу шақыра да алатын.

Пикассо графикасы

Пикассо айналысқан өнер түрлерінің ішінде графика соңғы орын алмайды. Пикассо - ұлы суретші ғана емес, сонымен бірге керемет мүсінші, және керамист, гравер. Өнердегі алғашқы қадамдарынан бастап ол сурет пен гравюраға көп күш жұмсады, және Пикассо өмірінің барлық уақытында графика оның живописьтік жұмыстарына араласып отырды.

Суретшінің жақындарының айтулары бойынша, қараңғы түскен кезде және салқын қысқы күндері бояумен салуға мүмкіндік болмаған кезде де ол қолынан қарындашын тастамайтын болған. Оған табиғаттан көрген, ойлаған нәрселерінің бәрін қағазға штрихтар көмегімен салу қабілеті дарыған, бұл қабілетті суретші көпжылдық жаттығулармен жоғарғы деңгейдегі әртістікке дейін дамытқан. Пикассо қолынан шыққан әрбір қағаз оның үлкен шығармашылық тәжірибесінің қорытындысын көрсетеді.

Пикассо графикасы қазіргі кездері үлкен танымалдылыққа ие. Пикассо графикасы арқылы оның қалай жұмыс істеуге үйренгенін, оның ойларының қалай пайда болатындығын және қалай жүзеге асырылатындығын көруге болады. Графика арқылы суретші шеберханасына көз жүгіртуге болады.

Пикассо графикада көбінесе контурлық сызықты қолданады, бірақ ол оны өзінің көптеген картиналарында да қолданады. Екінші жағынан, живописьтің сипатты ерекшелігі түс болып табылады. Алайда, Пикассо түсті өзінің графикасында да қолданады. Колорит ролі гуашьпен салынған жұмыстарда ерекше мәнге ие. Түрлі түсті қағаздардан жасалған жабыстырмаларды қолданған кезде. Оның жұмысының графикаға немесе живопиське жататындығын шешу қиын болады.

Пикассо ерте жас кезінен бастап живописьті біліп, оған қызықты, бірақ бүкіл өмір бойы импрессионизмнің біржақтылығын жойып, сурет өнеріне ХІХ ғасырда жоқ болып кеткен сапаны әкелуге тырысты. Пикассоның нені жаңартқысы келгендігін келесі сөздермен анықтауға болады: картина адамның өз айналасында көргендігінің бейнесі болып қана қоймауы керек, сонымен қатар көркем безендірілген зат ретінде адам өміріне енуі керек, сөйтіп оған өзінің эстетикалық әсерін беруі керек.

Пикассо суретші ретінде париждік мектепке қатысты болса да, ол әрқашан да испандық болып қалды.

Кез келген графиканың негізінде бірінші акт ретінде мынадай әрекет жатыр: суретші тегіс жазықтықта затты немесе зат көлеңкесін сызықпен қоршайды, осы белгілер бойынша біз затты танимыз.

Пикассо эстетикасын бірнеше сөзбен ашу мүмкін емес, бірақ графикалық жұмыстарында басшылыққа алған эстетикалық категорияларын айтуға болады: қағаз жазықтығында сурет элементтерін ұйымдастыру, сурет қаңқасын, оның бағытын және негізгі дақтарын айқындау; штрихтардың біртектілігімен алынатын сурет бірлігі; суреттің пластикалық идеясы, пластикалық метафоралар, пластикалық рифмалар және резонанстар: суреттің көрерменге бірдеңе хабарлау қабілеттілігі; және т. б.

Бірде-бір суретшінің туындысында Пикассодағыдай пластикалық метафора кездеспейді. Пикассоның Поль Элюар поэмасына салынған белгілі суретінде құс образы мен әйел бетінің қосындысынан мағыналы аккорд көреміз: әйел қанатты болып көрінеді, ал құс адамға ұқсайды. Бұл графикалық метафора халық даналығы сияқты көне. Бірақ та, Пикассода бұл метафора заманға сәйкес мағынаға ие - онда әлемге деген күрес және адами бақыт суреттеледі. Кей кездері әйел беті гүлге ұқсайда, кейде күнге сәйкес келеді, ал бұйра шаштары алтын сәулелерге келеді.

Сосын Пикассода бір зат екіншісімен жақындаспайды. Суретші қағазда тек қара жазумен шектеледі - онда аренадағы жынданған бұқа көрінеді; немесе ол бірнеше штрих-торлар жүргізеді, - олардан әдемі қыз келбеті немесе Бальзактың томпақ беті шығады, немесе қағазға қалай болса солай салынған үзік контурлардан доп үшін азартпен күресетін екі футболшы образдары көрінеді. Кейде Пикассоға түзу және жіңішке сызықта жеткілікті - ол оны сым сияқты қауырсынмен тартады, сонда біз көз алмастан қағаздағы қауырсынның ізі бойынша ат бейнесі пайда болып жатқандығын қараймыз.

Пикассо графикасының сипаттамалық ерекшілігі - оның амалдарының жалаңаштығы. Күшті көркемдік әсерге жете отырып, суретші бет орындалуының әдісін, қолданған материалын көрерменнің есіне түсіруді ұмытпайды.

Пикассо жалпы суретші «ас үйін» көрерменнен жасыруды дұрыс деп ойламайды. Суретші егер, көрермен «өнер кереметіне» қатыса отырып, оның қандай әдістермен құрылғандығын ұмытпаса, көркемдік образдардан алынған әсер күштірек болатындығына сенімді.

Пикассоның графикалық жазуын штрихтерінің ерлік күштеріне байланысты, шешімділігіне және қателеспес дәлдігіне байланысты тануға болады.

Өз графикасында Пикассо өзін көрініске шығармайды, өз қолына ерік бермейді. Пикассо жаттанды амалдарды көп мөлшерде қолданбайды, оларды жаңа материалдарға, жаңа есептерге салады. Ол тез, бір сәтте орындалғандай әсер тудыру үшін жұмсақ кистьпен салады, бірақ көбінесе ұшты, қатты құралдармен салады, сонда сым сияқты қатты контурлар пайда болады. Өз суреттерінде ол болжамды ештеңе істемейді, тек анықталғандыққа ұмтылады. Дәлдік пен анықталғандық - Пикассо графикасының сипаттамалық ерекшелігі.

Пикассо графикасындағы контурлық сызық - зат шекарасы ғана емес, сонымен қатар ол зат жүретін траектория. Пикассо суреттеріндегі контурлар айтарлықтай толқынданатындықтан, олармен белгіленген зат өзгеруі мүмкін.

Пикассо өзін алуан түрдегі және әртүрлі бағыттардағы графикада байқап көрді. Бұл, біріншіден, натураға қарап салынған немесе көз бен қол жаттығулары, ес бойынша салынған суреттер. Осылардың ішінде көбінесе байқағыштық және көзбен есте сақтау көрінді.

Өз графикасында Пикассо әртүрлі тектегі графиканы қолданады. Ерте кезде ол офортта өз күшін сынға салды. Бірақ, алғашқы жұмыстарында суретшінің тәжірибесі аз болды және кей кездері таңба айналық бейнеде алынатындығын ұмытып кететін. Оның алғашқы қағаздарының бірі тарихта «Левша» атымен қалды.

Пикассо графиканың коллаж деп аталатын жаңа түрін құруға қатысты. Ол әсіресе қолмен салынған суреттерге газет, обой және түрлі-түсті қағаздар жабыстыруды жақсы үйлестіре білді. Кейінірек Пикассо өз күшін литография облысында байқап көрді. Суретші бұл істі Мурлоның литографиялық шеберханасында әрі қарай оқуын жалғастырып, тамаша жетістіктерге жетті.

Содан кейін Пикассо форманың ерекше біріктірілуін, силуэттер дәлдігін және композициялар ритмділігін талап ететін линолеум техникасымен айналысты.

Графиканың осы барлық түрлерімен бірге Пикассо қарындашпен, қауырсынмен, тушьпен, түрлі-түсті қарындаштармен, пастельмен салынатын қарапайым суретті ешқашан ұмытқан жоқ. Сурет суретшінің өмірінің барлық периодтарында бірге жүрді, ол онымен ешқашан да қоштасқан жоқ.

Жас суретшінің бірінші периоды (1901-1907ж. ) импрессионизмнің пәстігін жоюға деген құштарлықты, адам тағдырына арналған үлкен өнер жасауды тудырады. Талант, жастық, пластикалық өрнектеу күші оның ерте жұмыстарын айқындайды.

Негритяндық өнермен танысу Пикассоға өз өміріндегі алғашқы күрт бұрылысты бастауға көмектесті (1907-1914) . Суретші халықтық типтегі бейнелерден бастады, енді ол әлемді халықтық шеберлердің көзімен қарауға тырысты. Ол заттардың тереңдігіне бойлап, олардың ішкі құрылымдарын түсінуге ұмтылды. Оның өнері пропорция нәзіктігінен айрылды, алайда ол неғұрлым заттық болды. Штрихтер параллель түрде салынады, форма айтарлықтай көлемді, заттар ағаштан дәл жасалған.

Содан кейін суретші заттар элементтерінен, олардың жеке аспекттерінен құралған картиналар салу тәжірибесіне көшеді. Бұл жылдары Пикассо композиция принциптерін түсінуге, картиналар ұйымдастыру түсінігіне терең енеді. Ол маймен жазады, коллаждармен айналысады, аз сурет салады. Ол формалары бойынша сымбатты, композициялары, гармониясы және түстері бойынша тұтас туындылар жасайды.

Негрлер өнерімен айналысып болғаннан кейін Пикассо Италияда классикаға жаңа көзқараспен қарады және оған оны жаңаша бағалады (1915-1930) . Ол живописьтің жалпыға түсінікті тіліне қайта оралады, әсіресе жақын адамдарының портреттерінде: анасының, әйелінің және балаларының. Бірақ алдыңғы тәжірибелері текке кеткен жоқ.

Пикассоға ежелгі гректердің вазожазушыларының жандары қонды. Ол бұл иллюстрациялардан таңқаларлық тапқырлық, штрих жеңілдігін және грациясын табады. Олимпиадашылардың әлемімен қаныққан суретші өзінің испандық ауырсалмақтылығынан айырылды.

Алайда, классикамен айналысу оны қарама-қайшылықтан ада қылды деп ойлау дұрыс емес. Овидияға иллюстрациясында жеке сахналардың шапшаңдығына қарамастан, орындаудың жылдам техникасында қандай да бір жасандылық, манерлік бар. Бұл шын нағыз фигуралар емес, тек қана эфемерлік әруақтар, оюдың әдемі өрілуі.

Пикассо классика әлемінде өз орнын таба алмады. Оның «Неведомый шедевр» иллюстрациясымен жұмыс және «Суретші және оның модельдері» тақырыбындағы суреттер сериясы өзіне өзі көңілі толмаған суретші ойына айналады. Пикассо суреттерінде ақиқат өмірдің әртүрлі қабаттарымен соқтығысады: тірі тұрмыстық фигуралар олимпиадашылардың классикалық статуяларына қарама-қарсы тұрады. Бұл қабаттардың ешбіреуі де толық сенімділікке ие болмайды.

Осыдан, 30-жылдары суретші тап болған терең рухани кризиске қадам басталды. Ол өзінің шеберлігін, талғамын, тіптен шығармашылық тілегін де жоғалтқан жоқ, бірақ ол тек қана бәрінен шаршағандығын, бәрінен жалыққандығын, бәріне сенімен жоғалтқандығын көрсету үшін ғана шығарма жазды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы суретші
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы білім мен мәдениеттің дамуы
Кескіндеме жанырлары және оның ерекшеліктері
ХХ ғасырдың І жартысындағы өнер. Модернизм
Қоғамдық санадағы бетбұрыс
Дін және мәдениеттің арақатынасы
Дін мәдениетті қалыптастырушы басты күш
Бейнелеу өнерінің дамуы және қалыптасуы
АҚ КӨГЕРШІН СӘН ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ КӨРКЕМДІК МОДЕЛЬДЕРІН АНЫҚТАУ
Ертедегі бейнелеу өнерін оқытудың қысқаша тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz