Оңтүстік Азия елдері


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ОҢТҮСТІК АЗИЯ ЕЛДЕРІ

Оңтүстік Азия - бір топ елдер орналасқан саяси-географиялық аймақ. Олар ежелгі дәуірден бері қарай біркелкі мәдени-рухани негізде дамыған және тарихы да ұқсас. Неше ғасырлар бойы бұл аймақта үнділік өркениет басым болып, әлеуметтік, діни, мәдени өмірлерін жақындастырған. Индуизм, буддизм, ислам діндері кеңінен тараған.

Дін жағынан ала-құлалығы бірден көзге түседі: Үндістан мен Непалда үнділер басым, бірақ біріншісінде мұсылмандар көп кездеседі (140 млн-ға жуық) . Пәкстан, Бангладеш пен Мальдив аралдарында - ислам діні, Мьянмада, Шри-Ланкада және Бутанда будда діні басым, сонымен бірге Мьянмада ислам, индуизм, христиан діндеріне сенушілер де жеткілікті.

Осы күнге дейін аймақтағы елдердің өзара байланысынан гөрі шетелдермен сауда-экономикалық байланыстары мықтырақ. Бұл елдер бір-бірімен жақындасуды, ықпалдастық қатынастарды дамытуды көздеп, 1985 жылы Оңтүстік Азия аймақтық ынтымақ қауымдастырын құрд.

ПӘКСТАН. Пәкстанның тәуелсіздігі 1947 жылы 14 тамызда жарияланды. Ол арасындағы 1600 шақырым жерге Үндістан сыналай кіріп жатқан екі бөліктен тұрады. Біріншісі - Батыс Пәкстан, оған - Батыс Пенджаб, Синд, Солтүстік-Батыс шекаралық провинцин және Белулжстан кірген. Екіншісі - Шығыс Пәкстан (ШП), оның құрамына Шығыс Бенгалия мен Ассамның Силхет округі енген.

Саяси-таптық қатынастардың анықталмағаны, қоғамдағы іріткілік, саяси сананың мешеулігі т. б. себептер әскери басшылықтың билік төрін жайлауына жол ашып берді. Сондай жағдайда елді біріктіретін күш ислам діні болды. 1947 жылдан кейін саяси тізгінді Мұсылман Лигасы ұстап отырды. Біртіндеп жаңа оппозициялық партиялар: Авами Лиг (халық партиясы), Азад Пәкстан т. б. өмірге келді. Бара-бара елдің дамуы туралы мәселеде Шығыс және Батыс Пәкстан арасында қатты қайшылықтар туып, мемлекет бірлігіне қауіп төндіре бастады. Шығыс Пәкстанда МЛ сайлауда жеңіліс тапты да, оппозицияға билік бермей, үкімет төтенше жағдай орнатып, құрылтай жиналысын таратты.

Сондай жағдайда 1958 жылы 8 қазанда елде бірінші әскери төңкеріс болып, ел басына генарал М. Айюбхан келді. Ол екі жылдан соң президент сайланып, барлық билікті өз қолына алды. Өндірісті дамытуға шаралар қолданып, жер реформасын жүргізіп, өкімет ел жағдайын біраз жөндегендей болды. Бірақ халық бұқарасының күйі өзгеріссіз қалды. Халықтың негізгі талабы тұрмысты жақсарту болса, жұмыссыздық, жерсіздіктің зардабын тартқан ШП тұрғындары автономия алу тілегін алға тартты. 1962 жылы 1 наурызда екінші конституция қабылданып, президеттік басқару тәртібі бекітілді. 1965 жылы сайлауда президенттікке тағы да Айюбхан сайланды.

Өкімет орындары жалпы пәкстандық ұлтшылдық саясатын жүргізгенімен, аймақтық ұлтшылдық та өрістей түсті. Соның арқасында 1954 жылы урду тілімен бірге бенгал тілі де ресми мемлекеттік тіл деп жарияланған еді. Бірақ ресми түрде урду тілі басымырақ болды. Халықтың 7, 2%-ы ғана урдуша сөйлегенімен, ол тілдің өкілдері үстемдік жүргізіп отырды. Бұл да ШП-да наразылық тудырды. Демократия, автономия, теңдік үшін күрес басында Авами Лиг партиясы болды, оның жетекшісі шейх Муджибур Рахман еді. Сыртқы істер министрі Зулфиқар Әли Бхутто 1966 жылы қызметін тастап, Пәкстан халқының партиясын құрып, Айюбхан үкіметіне оппозицияға шықты.

Пәкстандағы жағдайды түзетуге шамасы жетпеген Айюбхан орнынан түсуге мәжбүр болды (1969 ж., наурыз) . Билік генерал А. М. Яхьяхан қолына тиді. Ол елде әскери жағдай орнатын, президент міндетін атқарды. Парламент сайлауында жеңіске Авами Лиг жетіп, елдің үкіметін құруға құқылы еді. Бірақ саясаттың мәнін түсінбейтін, бірден шоқпарға жармасатын Яхьяхан бастаған әскери бұзықтар М. Рахманды қамауға алып, дауыс беру қорытындысын жоққа шығарды. Бұл ШП-да жаппай наразылық тудырып, халық күреске көтерілді.

Әскер күштері бейбіт халыққа қырғидай тиісті. Шығыс Пәкстаннан Үндістанға 10 млн-нан астам адам қашып-пысып жүрді. Үндістан мен Пәкстан арасында жаңа үшінші соғыс (біріншісі - 1947-1949 жж., екіншісі - 1965 ж. ) басталды.

Желтоқсан айында Яхьяхан әскері Даккада тізе бүкті және әлем картасында жаңа Бангладеш мемлекеті пайда болды. Яхьяхан режімі құлатылды, ел басына ПХП жетекшісі З. А. Бхутто келіп, көкейкесті мәселелерді шешу жолдарын қарастырды.

Пәкстан 1972 жылы жазда Үндістанмен Симла келісіміне қол қойып, арақатынастарын біраз реттеді. Британ ынтымақтастығынан, сондай-ақ СЕАТО-дан шықты, Бангладешті мойындады.

Сол кезде ел алдына Бхутто әкімшілігі үш қағида ұсынды: "Біздің дініміз - ислам, біздің билік түріміз - демократия, біздің экономикамыз - социализм".

Пәкстанда жаңа Конституция қабылданды (1973 ж., тамыз) . Ел Пәкстан Ислам Республикасы деп аталды, йслам - ресми мемлекеттік дін болып жарияланды. Федеративті парламенттік тәртіп бекітілді.

З. А. Бхутто саясатын қолдаушылар да, оны сынаушылар да көп болды. 1977 жылы наурызда әр 4 провинцияға және ел парламенттеріне сайлау өтті. Провинциялық жиналыстар сайлауына кейбір партиялар қатыспай, жұртты ереуілге шақырды. Саяси тартыс қыза түсті. Бұл жолы да билікке бас штаб бастығы генерал М. Зияул-Хақ келді. Ол ПХП-ны қуғындап, З. А. Бхуттоны сотқа тартты. 1979 жылы сәуірде З. А. Бхутто "мемлекетке зиян келтірді" деген кінәмен дарға асылды. Елдегі жағдай өзгерді. Конституцияға, партияларға тыйым салынды, парламент тарады. Демократиялық құқықтар айтарлықтай шектелді.

Жекешелендіруге жол беріп, үкімет қарауындағы бір топ кәсіпорындар сатылды. Төтенше жағдай енгізіліп, ел бес әкімшілікке бөлінді де, оларды әскери губернаторлар басқаратын болды. Парламенттік сайлауды "өне өткіземін, міне өткіземін" деп Зия ұл-Хақ уақытты соза түсіп, өз билігін бекітіп алуға жанталасты. Келесі жылғы күздін басында ол президент орнына отырды.

1981 жылы наурыз айында қабылданған уақытша конституциялық заң, оған 1985 жылы енгізілген өзгерістер Зия ұл-Хақтың қолына шексіз билікті шоғырландырды.

1988 жылы тамызда Зия ұл-Хақ асындағы серіктерімен ұшақ апатынан қайтыс болды. Ел өмірінде жаңа кезең басталды. Саяси партиялар қатысқан парламенттік сайлауда (1988 ж., қараша) ПХП жеңіске жетіп, оның жетекшісі З. А. Бхуттоның қызы - Беназир Б х у т т о үкімет басына келді. Ол екі мәрте үкімет басқарды.

1997 жылдың басындағы сайлауда МЛ көп дауысқа ие болып, Н. Шариф үкімет басына келді. 1999 жылы қазанда елде келесі төртінші әскери үкімет орнығып, оны генерал П. Мушарраф басқарды.

Сөйтіп, 1990 жылдары Пәкстанда тұрақсыздық күшейді. Оның негізгі себептері - әлеуметтік қатынастардың шиеленісуі, халық бұқарасы тұрмысының нашарлығы болды. Тұрғындардың жылдың табысы орта есеппен 400 доллардай еді. Халықтың 45%-ы өте кедейлер қатарына жатады.

Кәшмір тартысы - елдің сыртқы саясатындағы ең негізгі мәселе. Оның шешімі Пәкстан мен Үндістан екеуінің қолында. 1998 жылы мамырда екі ел ядролық сынақтар жүргізіп, шын мәнінде ядролық қаруға ие болды. Дамыған елдер оларды жазалауға барып, тіпті қаржы-экономикалық жағынан да қысым жасаған. 2001 жылғы 11 қыркүйектегі Нью-Иоркте болған ланкестік әрекеттерге орай, Пәкстан үкіметі сол әрекеттерді айыптап, АҚШ-тың Ауғанстандағы қимылдарын қолдап шықты. П. Мушарраф өз еліндегі ланкестікті жақтаушыларға тыйым салды. Батыс мемлекеттері Пәкстанмен қатынастарын қайтадан қалпына келтірді. 2002 жылы Үңді - Пәкстан арақатынасының шиеленісуіне байланысты, екі жақ соғыс алдында тұрды. Бұл жолы да Кәшмірдегі тартыс себеп болды.

Пәкстан - Қазақстан байланыстары әр салада дамып келеді, Дипломатиялық қатынастар орнатылғанымен, сауда-саттық жағы өлі қанағаттандырмайды.

Бангладеш Халық Республикасы. Бангладеш Халық Республикасы өмірге келісімен Авами Лиг жетекшілік ете бастады. М. Рахман 1972 жылы 10 қаңтарда Пәкстан абақтысынан босатылып, елге қайтты. Екі күннен соң елдің уақытша конституциясы жарияланып, үкіметті М. Рахман басқарды.

1972 жылы 6 желтоқсанда Конституция қабылданып, мемлекет құрылысы, азаматтар құқықтары, ел мақсаты анықталды. Парламенттік басқару тәртібі бекітілді. 1973 жылы наурызда М. Рахман тағы да үкімет құрды. Саяси-әлеуметтік жағдай өте нашар халде болғандықтан, оны бірден шешу мүмкін де емес еді. Ал 1972 жылы қатты қуаңшылықтан ел ашаршылыққа тап болды. Келесі жылы әлемдегі энергетикалық дағдарыстан отын құны бірнеше рет асып түсті. Астық пен мұнай сатып алуға мемлекеттік қазынаның шамасы жетпей, БХР қарызға батты. Азық-түлік, күнделікті бұйымдар қымбаттап, құнсыздану жайлады. Парақорлық пен қылмыс күшейіп, үкімет органдары жұрт алдында беделден айырылды. Қалаларда, ауылдың жерде қолында қаруы бар топтар қарақшылықпен шұғылданып, мыңдаған адамдар олардың қолынан қаза тапты.

1975 жылғы 15 тамызда әскери бүлікшілер М. Рахман отбасын қырғынға ұшыратты. Сол кезде шетте жүрген қызы ғана аман қалған. Жаңа үкімет әскери жағдай жариялап, парламент пен партияларды таратып, белгілі қайраткерлерді абақтыға жапты. Қараша айында үкімет басына А. М. Сайим (бұдан кейін президент болған) келді, ал әскери штабтың бастығы болып Зия ур-Рахман отырды. Бір жылдан кейін партияның жұмысы жаңа арнаға көшті.

1976 жылы қарашада Зия ур-Рахман Әскери Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы, 1977 жылы сәуірде президент болып тағайындалды. Оның кезінде секуляризм орнына "исламға шексіз берілу" қағидасы конституция бабына жазылды.

1980 жылдардың басында ел жаң а дағдарысты басынан кешірді. З. Рахман қаза тауып, үкімет басына жаңа президент келді. Генерал Х. М. Эршад бастаған өкімет елде қатар тәртіп орната бастады. Әйтсе де оған да елдің тыныштығын сақтап тұру мүмкін болмады.

1990 жылдың соңында бірнеше жыл қатаң тәртіп орнатқан Х. М. Э р ш а д жаппай ереуілдерден кейін орнынан түсуге мәжбүр болды. Кейін оны қамауға алып, сотқа тартты. Сайлауда жеңіске жеткен Бангладеш Ұлттық партиясының жетекшісі Бегум Халида Зия Р а х м а н үкімет басына келіп, бес жыл билік жүргізді.

1996 жылы маусымда болған сайлауда Авами Лиг (Халықтық лига) жеңіске жетіп, үкіметті М. Рахманның қызы Халида Вазид басқарды.

МЬЯНМА. 1948 жылы 4 қаңтарда тәуелсіздікке жетіп, өз бетімен дамуда. Ол бірнеше кезеңді басынан кешірді:

1) 1948-1958 жылдары билікті Халық бостандығының антифашистік Лигасы ұстады. Ол кезде У Ну бастаған үкімет билік жүргізді;

2) 1958-1962 жылдары ХБАЛ бөлшектенгеннен соңғы өтпелі кезең. Уақытша үкіметті 1958-1960 жылдары генерал Не Вин басқарды;

3) 1962-1988 жылдары Не Вин басқарған әскери топтың ел басына келуі. Бирма социалистік партиясы елді жалғыз өзі билеп келді. Дүние жүзі елдері елдегі ашаршылық, аяусыз қанау, зорлық-зомбылық жайлаған Не Вин саясатын әшкерелеп жатты.

1988 жылы наурыз - тамыз айларында өткен жаппай ереуілдер мен қозғалыстар бұл үкіметтің тамырына балта шапқандай болды. 18 қыркүйекте жаңа әскери төңкеріс болды.

Үкіметтегі заңдылықты және тәртіпті қайта қалпына келтіру Мемлекеттік кеңестің қолына өтті 1990 жылы 27 мамырдағы парламент сайлауында 1940 жылдары тәуелсіздік үшін болған күресті басқарған атақты Аунг Санның қызы- Су Чжи жетекшілік еткен Демократияшыл Ұлттық лига женіске жетті. Бірақ әскери топ оны мойындамай, билікті күшпен ұстап келеді.

ШРИ-ЛАНКА. 1948 жылы 4 ақпанда "Цейлон тәуелсіздігі туралы акт" жарияланып, бұл ел доминион ретінде Британ ұлттар достастығына кірген. 1956 жылға дейін үкіметті Біріккен ұлттық партия жетекшісі Д. Сенанаяке басқарып келді. Партия қатарынан 1961 жылы Азат партиясы бөлініп, ол толық бостандық алу республика орнату, ағылшын әскери күштерін аралдан шығару, жер және экономикалық реформалар жүргізу т. б. талаптарды алға тартты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азия - тынық мұхиты аймағы экономикалық ынтымақтастығының дамуы
Оңтүстік Шығыс Азия және Тынық мұхит елдері Жапония сыртқы саясатында
Қазақстанның сыртқы саясатындағы Жапония рөлі
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Жапонияның ролі
Үлкен орталық Азия идеясының мәні
Қытайға Жапониядан капитал шығару
Қытайдың АТА-дағы сыртқы саясат стратегиясы
Еуропа мен Азияның саяси картасы мен құрамы
Нашар дамыған елдердің салыстырмалы сипаттамасы
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселесі және Қытайдың позициясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz