Үйсін тайпасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 бет
1. Үйсіндер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4 бет
2. Үйсіндер ұлысының Іле өңіріне келіп іргелі елге айналуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7 бет
3. Үйсін елінің екіге бөлінуі ... ... ... ... ... ... ... ...16 бет
4. Үйсін елінің өкіметтік ұйымы ... ... ... ... ... ...17 бет
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19 бет
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ..20 бет
Арғын, Алшын, Үйсін, Қаңлы, Ұйғыр,Қыпшақ, Қырғыз,Оғыз, Қарлұқ сияқты тайпалар мен ел¬-жұрттар ғұндардан тарап, тарихта өшпес із қалдырған. Солардың бірі – үйсіндер туралы не білеміз.?Батыс үйсіндердің шекарасы Шу және Талас өзендері арқылы өтіп, Қаратаудың шығыс бөліктеріне дейін созылып жатқан. Үйсіндердің қол басқарушысын гуньмо деп атаған. Үйсіндер гуньмосының ордасы Чигу-чен болған.Ол ертеден белгілі Ұлы Жібек жолындағы маңызды сауда орталығы.
Үйсіндер туралы алғашқы деректер б.з.б. ІІ ғасырдың аяқ шенінде белгілі бола бастайды.,
Б.з.б 73 жылға дейін үйсіндердің жері 3 бөлікке: сол ¬ (шығыс) бөлікке, оң (батыс) бөлікке және гуньмоның өзіне қарайтын орталық бөлікке бөлінген, бірақ олардың бәрі де гуньмоға тәуелді болды.
Үйсіндер негізінен мал шаруашылығымен шұғылданған, егіншілік кәсіпті де білген .Көбінесе жылқыны қастерлеген. Олар қой, ірі қара, түйе өсірген, тары еккен, құлан, сайғақ, бұғыны аулаған .
Үйсіндер Алтай, Орта Азия және Сібір халықтарымен саяси және
экономикалық байланыс жасап тұрған.
Үйсіндер арасында табиғатқа табыну, ата-бабаның аруағын құрметтеу сияқты діни наным көп тараған. Олар табиғаттан тыс құдіретті күш бар деп сеніп, құрбан шалған. Сонымен қатар олар күнге, айға, жұлдызға табынған.
Бертін келе үйсіндер алғашқы қауымдық құрылысының ыдырай бастағаны байқалады, қоғам байлар мен кедейлерге, еркін жандар мен құлдарға бөлінеді. Бай көсемдер тобы шұрайлы жайылымдарды пайдалаланды, оны өзінің меншігі деп есептеді. Үйсіндердің бай қожайындары өлсе, онда олардың құлдарын да өлтіріп бірге көметін болған. Мұның өзі сол кезде қоғамның таптық жікке бөлінгенін айқын дәлелдейді.
1. Қазақтың көне тарихы / (Дайындаған М. Қани. –
Алматы: Жалын, 1993.- 400 б.
2. «Қазақ совет энциклопедиясы», ІІ том. 401-бет.
3. «Тарихи жазбалар, Дауан (Ферғана) шежіресі».
4. «Хан патшалығы тарихы. Жаң Чианның өмірбаяны». Уақ Миңжие, Уақ Бнңхуа «Үйсін жайындағы зерттеулер», 48
49-беттер.
5. Тарихи дәуірлердегі ұлттарға тән деректер жинағы», 419-бет
6. «Хан патшалығы тарихы. Батыс өңір шежіресі».
7. «Хан патшалыгының тарихы, һұн шежіресі»
8. «Шинжаң археологиясының отыз жылдығы»
9. «Уаң Миңжие, Уаң Бицхуа «Үйсін жайындағы зерттеулер»
10. «Қазақ. совет энциклопедиясы» 11-том, 402-бет.
11. Жаң Шиман «Үйсін қазақтары туралы зерттеу»

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Менеджмент және Экономика Болжау имституты

Алматы 2004 жыл.
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
бет
1. Үйсіндер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4 бет
2. Үйсіндер ұлысының Іле өңіріне келіп іргелі елге
айналуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7 бет
3. Үйсін елінің екіге бөлінуі ... ... ... ... ... ... ... ...16 бет
4. Үйсін елінің өкіметтік ұйымы ... ... ... ... ... ...17 бет
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 19 бет
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ..20 бет
Кіріспе

Арғын, Алшын, Үйсін, Қаңлы, Ұйғыр,Қыпшақ, Қырғыз,Оғыз, Қарлұқ сияқты
тайпалар мен ел-жұрттар ғұндардан тарап, тарихта өшпес із қалдырған.
Солардың бірі – үйсіндер туралы не білеміз.?Батыс үйсіндердің шекарасы
Шу және Талас өзендері арқылы өтіп, Қаратаудың шығыс бөліктеріне
дейін созылып жатқан. Үйсіндердің қол басқарушысын гуньмо деп
атаған. Үйсіндер гуньмосының ордасы Чигу-чен болған.Ол ертеден
белгілі Ұлы Жібек жолындағы маңызды сауда орталығы.
Үйсіндер туралы алғашқы деректер б.з.б. ІІ ғасырдың аяқ
шенінде белгілі бола бастайды.,
Б.з.б 73 жылға дейін үйсіндердің жері 3 бөлікке: сол (шығыс)
бөлікке, оң (батыс) бөлікке және гуньмоның өзіне қарайтын орталық
бөлікке бөлінген, бірақ олардың бәрі де гуньмоға тәуелді болды.
Үйсіндер негізінен мал шаруашылығымен шұғылданған, егіншілік
кәсіпті де білген .Көбінесе жылқыны қастерлеген. Олар қой, ірі
қара, түйе өсірген, тары еккен, құлан, сайғақ, бұғыны аулаған .
Үйсіндер Алтай, Орта Азия және Сібір халықтарымен саяси және
экономикалық байланыс жасап тұрған.
Үйсіндер арасында табиғатқа табыну, ата-бабаның аруағын
құрметтеу сияқты діни наным көп тараған. Олар табиғаттан тыс
құдіретті күш бар деп сеніп, құрбан шалған. Сонымен қатар олар
күнге, айға, жұлдызға табынған.
Бертін келе үйсіндер алғашқы қауымдық құрылысының ыдырай
бастағаны байқалады, қоғам байлар мен кедейлерге, еркін жандар мен
құлдарға бөлінеді. Бай көсемдер тобы шұрайлы жайылымдарды пайдалаланды,
оны өзінің меншігі деп есептеді. Үйсіндердің бай қожайындары өлсе, онда
олардың құлдарын да өлтіріп бірге көметін болған. Мұның өзі сол
кезде қоғамның таптық жікке бөлінгенін айқын дәлелдейді.

1. Үйсіндер
Қазақтың байырғы аңыз-шежірелері мен жазба әдебиетінде үйсін деген
атау екі түрлі мағынада-тар мағынада және кең мағынада қолданылады.Тар
мағынадағы үйсін-қазақтың ұлы жүзінің құрамындағы тайпаның аты. Ал кең
мағынадағы үйсін -Іле алқабы мен Жетісу өңірін және оңтүстік Қазақстанды
мекендеген ұлы жүз тайпаларының жалпы аты.Бұлар ежелгі заманнан бері осы
өңірді мекендеген ,Іле аймағындағы албан,суан,жалайыр тайпалары осы үйсін
ұлысының тармақтары.
Байырғы қазақ шежірелерінің деректері мен тарихи жазба деректер,үйсін
елінің тарихта тым ерте заманда әйгілі болғандығын дәлелдейді. Үйсіндер
туралы деректер осыдан екі мың жыл бұрынғы ханзу тіліндег жылнамаларда
кездеседі.Қвзвқ шежіресі бойынша: ұл баласының бірі Бекарыс(кейбір
деректерде Ақарыс), одан үйсін туған делінеді. Қазақтың тегі туралы аңызда:
Қотанбайдың үлкен ұлы Үйсін (ұлы жүз), ортанша ұлы Болат (орта жүз), кіші
ұлы Алшын (кіші жүз), делінеді.
ХІХ ғасырдағы орыс ғалымы Н.Аристовтың (ұлы жүз ботбай руынан шыққан
шежіреші Диқанбайдан жазып алған) шежірелік деректер бойынша: Ұлы жүз
қазақтарының атасы Майқы би. Майқыдан: қаңлы, бақтияр, қырық жүз, мың жүз;
бақтиярдан: үйсін мен ойсыл; үйсіннен: ақсақал (абақ), жансақал (тарақ);
абақтан қараша, қараша дан байдібек; байдібектен: албан, дулат, суан,
шапырашты, сары үйсін, ошақты, ысты тайпалары тарайды.
Шоқан Уәлихановтың қазақ арасынан жинап зеттеген шежірелік деректерінде,
үйсін ұлы жүз қазақтарының түп атасы болып келеді. Онда: Төбей, Төбейден
үйсін, үйсіннен қойылдар (қатаған шынышқылы), мекірейлі (жалайыр), майқы
(абақ), қоғам (қаңлы) тайпалары өрбиді. Бұдан құлдағанда баққараша –
байдібек. Байдібектен: албан,дулат, суан, шапырашты, сары үйсін, ошақты,
ысты рулары тарайды. Кейбір зерттеушілер: қазақ шежіресіндегі үйсіннің түп
атасы Төбей (Туби яки Дуби) ерте замандағы ханзуша деректердегі үйсін
елінің Нән Ду би болуы ықтимал, деп топшылайды.
Қазіргі қазақ ішіндег үйсіндердің тайпасының таңбалары ( ) (ту)
және (ағын су) формасында келеді. Қаза арасында үйсін ұлысының арғы тегі
мен өсіп-өрбу жағдайын баяндайтын шежіре деректері сақталған. Үйсндер-
қазақтың ұлы жүзін құрайтын үлкен ұлыс. Еліміздің қазақтары ішінде албан,
суан, жалайыр, шанышқылы тағы басқа тайпалар осы ұлыс жүз-үйсіннен тарайды.
Үйсін деген ат бұрын үйсіндер мекендеген өңірлердегі жер-су аттарында
да сақталып отыр. Мысалы: ежелгі үйсіндіктің атамекенінің орталығы болған
Іле аймағының Шапжал ауданы мен Маңғолкүре ауданының аралығында Үйсін
тауы деп аталатын таубар. Ежлгі ханзуша жазба деректерде үйсінді усұн
деп жазған. Қазақтар мен моңғолдар бұрын Шиху ауданын Қарусұн деп атаған.
Қазіргі Манас-сауан аудандарының аралығындағы Алусұн деген өзен бар.
Толы ауданында Сарысуғұн деген өзен бар. Демек Қарусұғын - қара усун
(қара үйсін), алусұн - алусұн (алғы үйсін) сарысуғұн - (сары үйсін)
деген тайпа аттарының жер-су атында сақталған түрі болуы мүмкін. Ерте
заманда бұл жерлерді үйсін тайпалары мекендеген.
Әйгілі ғалым Е.С.Малов: үйсін деген ел атының VIII ғасырдағы Орхон-Енисей
ескерткіштерінде барлығын дәлелдейді. Осыған сүйенген орыс ғалымдары
үйсіндердің исондармен (сақ тайпасы) туыс екенін айтады.
Үйсіндер еліміздің тарихындағы ежелгі ұлыстардың бірі. Олар заманымыздың
бұрынғы І-ІІ ғасырлардан бастап еліміздің батыс солтүстік өңірінде өкімет
билігін орнатып, батыс өңірдің отанымыздың ішкі өлкелермен байланысты және
бірлігін күшейтуде, ұлы жібек жолын ашуда және қорғауда маңызды рөл
атқарған, еліміздің шекара аймақтарын ашып, көркейтуде елелі үлес қосқан.
Үйсін тарихының ең алғашқы дерегі Хан патшалығы тарихы, Дауан
шежіресінде кездеседі. Бұдан соң Хан патшалығының тарихы. Батыс өңір
шежіресінде, Үйсін елі деген арнаулы тарау енгізіліп, үйсіндердің тарихы
баяндалады. Үйсінде Іле алқабына қоныс аударудан бұрын Дұңхуаң мен Чилан
(Шүлен) тауы аралығын (қазіргі Шыхи аңғарын мекен етіп,көшпелі өмір
өткізген, бұл кезде олар һұндердің батыс жағындағы шағын ел еді. Нанымды
тарихы деректердің дәлелдеуіне қарағанда: ол кезде үйсіндердің Нәнді би
(Нанды би) атты көсемі болған. Осы Нәнді би ел билеген заманда, үйсін ұлысы
өз маңындағы күшті көршілердің шапқыншылығына тап болады, Нәнді би жау
қолынан қаза табады. Ер өліп, Ертіс бұзылып, құтты мекен қонысын жау басып
алған үйсін елі телім-телім боп ауыр апатқа ұшырайды. Нәнді би жау қолынан
қаза тапқанда, оныңбаласы Лежау би (Елжау би, Күнби) жаңа туған бала еді.
Оны әкесінің туысы Боже Оңқа деген адам алып қашып, һұндерге барады.
Һұндердің чаниұйы (тәңір құты) бұл баланы асырап, ер жеткізеді.
Осы Хыши аңғарындағы үйсін ұлысын ойрандап, Нәнді биді өлтіргендердің кім
екендігі жөнінде Тарихи жазбалар мен Хан патшалығы тарихында, бірі-
біріне қайшы екі түрлі дерек бар:
Тарихи жазбалар. Дауан шежіресінде Жаң Чиан былай дейді: Һұндердің
естумізге қарағанда, үйсіндердің ханы күнму (күнби) деп аталады екен.
Күнмудың әкесі (Нәнді би) һұндердің батыс жағындағы шағын елді билеген. Осы
кезде һұндер оларға шабуыл жасап, Күнмудың (Елжау бидің) әкесін өлтіреді.
Жаңа туған нәресте бала күнму иен далада қалады. Бала баланы құстар ет
тасып беріп, көкбөрі емізіп асырайды. Һұн тәңірқұты оны киелі бала деп
біліп, әкеліп асырып ер жеткізеді. Ол есейіп ер жеткен соң шеру тартып,
жорықтарға аттанып, жеңістерге жетіп, ерлік көрсетіп еңбек сіңіреді.
Ақырында һұн тәңірқұты (Чанұй) әкесінің орнына күнму (күнби) етіп,
бытыраған елін жинап, билігін береді, сонымен бірге батыс өңірдегі
қалаларды қорғау қорғау міндетін тапсырады.
Хан патшалығы тарихы. Жаң Чиан өмірбаяны тарауында былай делінеді:
патша (хан Удий) Жаң Чианнан Дашаның мән-жайын сұрағанда, ол мынаны айтты:
Менің һұндерден естуімше, үйсіндердің ханы күнму (күнби) деп аталады
екен. Күнмудың әкесі Нәнді би тегінде Чилан мен Дұнхуаң аралығындағы ұлы
иозылармен қанаттас отырған кіші мемлекеттің билеушісі екен. Ұлы иозылар
Нәнді биді өлтіріп, олардың жерін тартып алған, халқы босын һұн елінде
барып паналаған. Осы кезде жаңа туған жас бала күнмуды әкесінің туысы Боже
Оңқа қалың шөптің арасына апарып тастап кеткен екен. Ашығып жатқан жас
нәрестені көкбөрі келіп емізіп, құстары ет әкеліп беріп асырап жүрген. Оны
көрген һұндер баланы кие деп біліп, еліне апарған, һұн тәңірқұты асырап
ер жеткізген.
Жоғарыдағы екі кітаптың дерегі бір-біріне қайш. Тарихи жазбаларда: Нәнді
биді өлтірген деп, Хан патшалығы тарихында: Нәнді биді ұлы иозылер
өлтіргендейді. Бұл мәселе жөнінде тарихшылар арасында талас бар. Бірсыпыра
тарихшылар үйсінді ойрандаған ұлы иозылар еді десе, кейбір тарихшылар
үйсіндерді қиратқан һұндер болатын деседі. Біз үйсін елін шауып, Нәнді биді
өлтірген ұлы иозылер деген пікірді дұрыс деп құптаймыз. Оның дәлелі
мынадай:
1. Тарихи жазбалар бұрын жазылған, Хан патшалығының тарихы кейін
жазылған. Пан Чау Хан патшалығының тарихын құрастырып жазар
алында бұдан бұрын жазылған Тарихи жазбалардан басқа кітаптардан
пайдаланған. Осы барыста Тарихи жазбарлардың тарихы жинаққа
үйлеспейтін жерлеріне өзгеріс енгізіп түзеткен, бұл түзету өз
кезінде нанымды фактілер кезінде жасалған.
2. Һұндердің күшеюі кейінгі кездері болды, алғашында һұндердің оң-
солындағы көршілері күшті елдер еді. Олар чин дәуірі мен хан дәуірі
аралығында күшті дұңху, гүлденген иозы деген даңққа бөленіп
отырған болатын. Үйсіндер ол кезде ұлы иозылермен аралас отырған
шағын ел еді. Мұндай жағдайда, ұлы иозылерді баса-көктеп келіп
үйсіндерді шауып, Нәнді биді өлтіріп, жерін басып алуы оңай-оспақ
іс емес.
3. Тарихи жазбалар мен Хан патшалығы тарихының екеуі де үйсін елі
ойрандалып, Нәнді би жау қолынан қаза тапқан кезде; Елжау би
(күнму) жаңа туған бала екенін бір ауыздан анықтайды.Шұй Сұң Хан
патшалығы тарихындағы батыс өңір шежіресіне қосымша атты
еңбегінде: Күнмудың (Елжау бидің) туылған уақыты Мотеннің ұлы
иозылерді талқандауынан бұрын болатын, дейді. Демек, күнму Елжау
би туған кезде һұндердің күш-қуаты ол өңірге жеткен жоқ. Бұл тұста
Хыши тілігіндегі күшті мемлекет ұлы иозылер болатын. Іргелес
отырған шағын ел үйсінді бас салып, батыстағы Нәнді биді өлтірген
болса, онда Нәнді бидің баласы күнмуды (Елжау биді) бауырына салып,
ардақтап асырмас еді. Оны әкесінің орнына күнби етіп, тозған елін
құрап қолына беріп, батыс өңірдегі қалаларды мәңгі қорғау міндетін
тапсырмас еді. Сондай-ақ үйсін күнбиі (Елжау би) ата кгін қайтару
үшін ұлы иозылерге өшіге шабуыл жасамас еді.Жоғарыда айтынған
жағдайлар мен тарихи фактілер үйсін елін шауып, Нәнді биді өлтірген
һұндер емес, ұлы иозылер екенін дәлелдейді.

2. Үйсін ұлысының Іле өңірне келіп іргелі елге айналуы
Һұн тәңірқұты үйсін күнмуы Елжау биді асырап ер жеткізіп, һұндерге
келіп паналаған үйсін халқын оның өз билігіне беріп, әкесінің тағына
отырғызған соң, ол шеру тартып жорыққа аттанып, ерлік көрсетіп еңбек
сіңіреді.Һұн тәңірқұты оған батыс өңірді мәңгі қорғау міндетін жүктейді.
Ол өз елін қолына жинап алған соң, төңірегіндегі ұсақ ұлыстарғашабуыл
жасайды. Ол мыңдаған әскер жинап, оларға соғыс өнерін үйретеді. Һұндерге
арқа сүйей отырып, бірте-бірте күш жинап, елдің санатын қалпына келтіруге
ұмтылады. Бірақ бұл кезде олар әлі де болса һұндерге сырттай тәуелді еді.
Һұн тәңірқұты оларды әскери күш ретінде пайдаланып отырады.
Б.ж.с. бұрынғы 177-176-жылдарда һұн тәңірқұты Моте бастаған һұн
әскерлері ұлы иозылерге шабуыл жасап, оларды ойрандайды.Мотенің орнына
отырған Лаужаң тәңірқұт тұсында (заманымыздан бұрынғы 161-174 жылдар)
билік жүргізген һұн әскерлері ұлы иозылерді талқандайды. Лаушаң тәңірқұт
ұлы иозы ханын өлтіріп, бас сүйегін ішімдік ыдыс етеді. Ұлы иозылар
қазіргі Гансу өлкесіндегі Хыши дәлізінен Іле өзені алқабына ауып келед
де, бұдан бұрын осы жерді мекендеген сақ тайпаларын талқандайды. Хан
патшалығы тарихы. Жаң Чианның өмір баяны тарауында былай дейді:
Һұндерден жеңілген ұлы иозылер батысқа ауып барып, сақ хандығына шабуыл
жасады. Сақтардың ханы оңтүстікке қашып кетті, ұлы иозылер олардың жеріне
орналасты. Бұл дерек Хан патшалығы тарихы. Батыс өңір шежіресінде. де
жазылған. Онда ұлы иозылер батысқа қарай ауып барып, сақ хандығын
талқандады, сақтардың ханы оңтүстікке қарай беттеп, Индияға қашып кетті.
Ұлы иозылер олардың жерін жаулап алды дейді.
Ұлы иозылерден ата кегін қайтаруды есіне берік сақтаған үйсін күнмуы
Елжау би ұлы иозылерге жорық жасауға бел байлайды. Әкесінің кегін алуға
аттанам деп һұн тәнірқұтына өтініш етеді. Ол һұн тәңірқұты Лаушаң
Жанұйдың қолдауымен самсаған қалың қолды бастап, батысқа қарай шеру
тартып келеді де, Іле өзені бойындағы ұлы иозылерді талқандайды. Ұлы
иозылердің бір бөлігі батысқа қарай ығысып, Бактрия жеріне қоныс
аударады. Енді ьір бөлігі өз орнында, Іле алқабында қалып, үйсін ұлысына
қосылып кетеді. Бұлардың ішіеде бұрыннан қалған жергілікті тайпалары да
бар еді.
Ұлы иозылерді жеңіп, Іле алқабы мен Ыстық көл айналасындағы щұрайлы да
құнарлы қонысты жаулап алудың және бұл өңірде қалған сақ тайпалары мен
ұлы иозы тайпаларын қосып алудың зор жеңісі үйсін елінің күш-қуаты мен
мемлекеттік беделін мейлінше арттырады. Осы мезгілде һұндердің тәңірқұты
Лаушаң тәңірқұты қаза болып, һұн билеушілері арасында алауыздық туып
өзара қырқысады. Бұл орайды пайдаланған һұн күнмуы һұндердің ордасына
бағыныштылық білдіруден бас тартады. Һұн билеушілері әскер тартып келіп
үйсіндерге шабуыл жасайды.Олар жеңіске жете алмай, киелі елге килікпейік
деп, бойын аулаққа салуға мәжбүр болды. Осы сәтсіздіктен соң һұн
билеушілері үйсін еліне онша соқтықпайтын болды.
Үйсін ұлысы Іле өзені өңіріне орныққан соң, өркен жайып гүлденеді де,
ұлан-байтақ өңірді қамтыған қуатты да құдіретті мемлекет құрады. Үйсін
елінің территориясы: батыста Шу, Талас өзендеріне, шығыста Тянь-Ташь
тауларының шығыс сілеміне, солтүстікте Балқаш көлінен бастап, Ыстық
көлдің оңтүстік жағалауына дейінгі ұлан-байтақ өңірді қамтыды. Осы
территориядағы үйсін елі шығыста һұндермен, солтүстікте қаңлылармен,
батыста дауандармен, оңтүстігінде Тарым ойпатындағы қалалармен шекаралас
болды. Үйсін елінің саяси рталығы-астанасы Чичу қаласы еді. Мемлекеттің
ең жоғарғы билеушісі күнму (күнби) деп аталды. Күнби өзі тағайындаған
әскери-әкімшілік ұлықтар арқылы бүкіл мемлекетті меңгеріп отырды.
Кемеліне келіп дәуірлеген кезде үйсін елінде 120мың түтін, 630 мың адам,
188 мың 800 сайлауыт әскер болды. Бұл сан сол заманда батыс өңірде болған
40 мемлекеттің жан саны мен әскер санының мәліметі бойынша, батыс
өңірдегі 40 мемлекетте 39 мың 895 түтін, 309 мың 757 адам, 70 мың 499
әскер болған. Атап айтқанда, үйсіндрдің жан саны олардан үш есе, әскер
саны біржарын есе артық еді. Ол заманның деңгейімен алғанда, үйсіндердің
аса құдіретті мемлекет болғандығы осыдан байқалады. Осысебепті
тарихшылар: Үйсіндер мейлінше батыс өңірдегі мейлінше құдіретті
мемлекет деп дазады.
Үйсін күмуы Елжау бидің он ұлы болған. Олардың ішінде Дулы (Дұғлұ)
қабілетті де қайратты, соғыс өнеріне шебер қолбасшы болып жетіледі де, он
мың атты әскермен өз алдына тұрады. Күнмудың тақмұпагерлігіне
тағайындалған баласы ерте қайтыс болып кетеді. Оның Жөнші би деген баласы
жетім қалады. Күнмудың тақ мұрагерлігіне тағайындалған ұлы қайтыс боларда
әкесі Елжау биге, Жөнші биді тақ мұрагері етіп бекітуді өтінеді. Елжау би
бұл өтінішке ризалық білдіріп, Жөнші биді тақ мұрагері етіп бекітеді. Тақ
мұргері бола алмағанына наразы болған Дулы бүлік шығарып, Жөншібиді
өлтіріп тастауға сұқтанады. Бұл жайды байқаған күнму Елжау Дулының
өлтіріп тастауынан қауіптеніп, он мың әскерімен Жөнші биді бөлек ұстайды.
Елжау би он мың әскермен өзін қорғап ортада тұрады. Сонымен үйсін елі өз
ішінен үш ұлысқа бөлінеді. Бірақ барлығы күнмуға (күнбиге) бағынады.
Б.ж.с.д. 141-жылы Хан патшалығына Уди патша болды. Бұдан бұрын хан
патшалығының солтүстігіндегі һұндер күшейіп, Хан патшалығына қарсы
үздіксіз шабуылжасап, талан-тараж жүргізіп, үлкен қауіп-қатер төндірп
келген еді. Уди таққа отырған соң хан патшасының мемлекеттік қуаты
молайып, һұндерге қарсы жорық жасауға бел байлайды. Бірақ һұндер өте
күшті еді. Сондықтан һұндерге қарсы тізе қосып күресетін сенімді одақтас
табу мәселесі күн тәртібіне қойылады. Олар ұлы иозылердің һұндерге өш-
кегі бар дегенді естіп, ұлы иозылермен дос бола отырып, һұндерге шабуыл
жасауды жоспардайды. Бұл мақсатқа жету үшін заманымыздан бұрынғы 139-жылы
Жаң Чиан жол-жөнекей һұндер ұстап алады. Ол он неше жыл һұндердің қолында
тұтқында болады, ақырында одан құтылып шығып, Фрғана арқылы ұлы иозылерге
барады. Бұл кезде ұлы иозылер Амударияның оңтүстігіндегі Бактрия жерінде
еді. Бұл құнарлы қонысқа орнығып көңілі көншіген ұлы иозылер шығысқа
қайта келіп, һұндерден өш алу жөніндегі өтінішті қабылдамайды. Бұлардан
күдер үзген Жаң Чиан мақсатына жете алмай қайтады.
Ұлы иозылермен одақтасуды жүзеге асыра алмаған Хан патшалығы енді
үйсіндермен одақтасуды ойластырады.Осы орайда Жаң Чиан хан патшалығының
Уди патшасына мынадай ұсыныс береді: Қазір үйсіндер құдіретті елге
йналып, һұндерге бағынудан бас тартып отыр. Бұрын һұндердің ханы Жөнгіше
қараған Хыши тілігі біздің Хан патшалығының иелігіне өткеннен бері иен
тұр, үйсіндер шығысқа қайтып, осы өңірге келетін болса, һұндердің оң
қолын үзіп тастауға болар еді, дейді. Бұл пікірді мақұлдаған Уди патша
Жаң Чианды елші етіп тағайындайды. Заманымыздың бұрынғы 119-жылы Жаң Чиан
үш жүз адамнан құралған елшілікті бастап, үйсін елінеаттанады. Бұл
елшілік құрамындағы әрбір адамға мініске екіден ат беріледі. Елшілердің
жол азығы үшін он мыңдаған қой мен сиыр айдалады. Олар тарту-таралға үшін
сан сың сәрілік алтын, күміс, торғын-торқа, асыл бұйымдар ала барады.
Жаң Чиан үйсін еліне келіп, күнмуға (Елжау биге) жолығып,Уди патшаның
сәлемін айтып, күнмудың шығыстағы ата мекеніне көшіп келіп, хан әулеті
өкіметімен одақтасып, һұндерге соққы беруі жөніндегі ұсынысты ортаға
қояды. Үйсін күнмуы Елжау би шығысқа көшіп кел деген ұсынысты қабылдай
қоймайды. Өйткені шалғай жерде отырған үйсін күнмуы хан патшасының
қаншалық қуаты барын жете түсінбейтін. Оның керісінше, өзімен іргелес
отырған һұн елінің қуат-құдіретіне қанық еді. Һұндер жауласып отырған хан
патшалығымен одақтасу һұндердің қатығына тиетін қауіпті іс екенін, мұның
аяғы насырға шабатынын үйсін елінің биі мен бегі білетінді. Оның үстіне
Іле өзнінің алқабы мен Жетісу өңірінің құнарлы қонысына орнығып, іргелі
ел боп жырғап жатқанүйсіндер үшін Дұнхуан мен Чиланға қайтіп көшудің
қажеті жоқ еді. Нәтижесінде Жаң Чиан өзінің көздеген негізгі мақсатын
іске асыра алмай қайтады. Бірақ үйсін күнмуы хан патшалығының жай-
жағдайын ұғыну мақсатымен Жаң Чиянға қосып өз елшілерін хан патшалығына
жібереді. Ондаған тұлпар тарту етіп алғысайтады.
Б.ж.с. бұрынғы 115-жылы үйсін елінің Жаң чианмен бірге хан
патшалығының астанасы Чаң-анге барады. Олар хан патшалығының халқы көп,
әрі бай екенін көздерімен көріп қайтады да, бұл жағдайларды үйсін еліне
таныстырады. Хан патшалығының құдіретті ел екенін ұғынған үйсіндер
көзқарасы өзгере бастайды.Жаң Чиан елші болып үйсін еліне келгенде, оның
көмекшілері қаңлы, дауан, ұлы иозы қатарлы елдерге барған еді. Жаң Чиан
қайтып Чаң-анге келген соң, олар да қайтып келеді. Осыдан бастап, Орта
жазықтағы хан патшалығы мен батыс өңірдегі елдердің арасындағы барыс-
келіс байланысы күшейе түседі.
Үйсін елінің Хан патшалығына елші жібергенін естіген һұн билеушілері
оларға соғыс қауіпін төндірмек болады. Үйсіндер һұндердің соғыс қауіпінен
сақтану үшін хан патшалығымен жақындасуға тырысады. Б.ж.с. бұрынғы 110-
109-жылдары үйсін күнмуы хан патшасының ханшасын айттыруға кісі салады.
Бұдан кейін мың жылқы қалың мал айдатып Хан патшасына құда болады.
Үйсінермен одақтасып һұндердің оң қолын үзіп тастау хан әулеті
үкіметінің ұзақтан бері көксеген арманы еді. Үйсіндердің құдаласу талабы
оларды мейлінше шаттандырды. Хан патшалығының Уди патшасы бұл талапты
өуанышпен қарсы алып, үйсіндер әкелген жылқыдан он тұлпарды таңдап алып,
Чаң-аң қаласының қасындағы хайуанат бақшасында көпшілікке көрме етеді.
Б.ж.с. дейінгі 108-жылы Уди патша өзінің туысы Жаңду Уаңның қызы
Шижұн ханшасы үйсін күнмуы Елжау биге ханымдыққа ұзату жөнінде шешім
шығарады. Бұл той аса салтанатты болады.
Хан патшасының үйсіндермен құдаласуы , олардың һұндерге қарсы
күресіндегі үлкен стратегиялық маңызды мәселе еді, оның үстіне үйсіндер
батыс өңірдегі ең ірі мемлекет болатын. Соның үшін өз кезінде Бан Чау
былай деп жазады: Үйсін – деген ірі мемлекет, оның әскері 100 мыңға
жетеді. Олардың бастығына Уди патшаның өз ұрқынан қыз беруінің мәні,
міне, осында. Уди патша бұл тойға мейлінше маңыз береді. Осы жылы көкек
айында Хан патшалығының астанасы Чаң-ан қаласында аса салтанатты той
жасалып, Шинжұн ханша үйсін еліне ұзатылады. Қызметкер, нөкер, күтуші
әтектері болып жүздеген адам ханшамен бірге үйсін еліне аттандырылады.
Бұдан бұрын ханшаларды ұзатқанда, оған тек бірнеше адам ғана қосылатын
еді, жүздеген нөкермен ұзату, оның елден ерекше болғандығын көрсетеді.
Уди патша Шижұн ханшаға патшаға арналған самұрық суретті күймесін
мінгізеді. Елден аттанғанда қоштасу күйін тарту үшін, Уди патша өз атынан
пипаң аспабын ханшаға қайран етеді. Патшаның бас уәзірі бастаған барлық
төрелері ханшаны қаладан шығарып салып,сый аяқ көтерісіп, қош
айтысады.Үйсін еліне ұзатылған Шижұн ханшаның алтын, күміс, торғын-торқа,
киім-кешек, жасау-жиһаз артқан көш керуеніекі шақырымға созылады. Тарихи
деректерде айтылғандай: Мейлінше мол жасау-жиһаздармен ұзатылады. Сол
жылы сарша тамыз айында ұзақ сапарда болған Шижұн ханша үйсін елінің
астанасы Чичу қаласына жетеді. Бұл елде ұлы дүбірлі той жасалады. Шижұн
ханшаға арнап салтанатты да сәулетті сарай салынады.
Хан патшалығының патшасы Шижұнның үйсін елінің күнмуы Елжау биге
ұзатылуы әдеттегі құдалық қарым-қарынас емес, белгілі саяси мақсаттағы
құдалық. Саяси, әскери одақ жасасуың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҰЛЫ ЖҮЗ
Қазақстан жеріндегі тайпалар
Ұлы даладағы ғұн империясы мен үйсін-қаңлы мемлекеті дәуіріндегі тәлім-тәрбие
Сақ тайпалары туралы ақпарат
Батыс Түрік қағанатының саяси жағдайы
«Жәми ат-тауарих» шығармасындағы Орта және Кіші жүз негізін құраған ХІ-ХІІІ ғғ. түркі тайпаларының тарихы
Ерте мемлекеттік құрылымдар
Қазақ рулары және рулық таңбалары
Тарихи этнонимдердің ерекшеліктері
Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы
Пәндер