Қазақстандағы 1921-1922 жылдардағы ашаршылық



1921-22 жылдардағы ашаршылық қазақ тарихына қаралы да, жаралы жыл болып енді. Алайда бұл жылдардағы ашаршылық мәселесі тархымызда толықтай ашылып айтылған емес. Кеңес басшылары халық басынан өткен ашаршылық зардаптарын жасырып қалды.
1921-22 жылдардағы ашаршылықтан Қазақстан экономикасы біршама тоқырауға ұшырады. Әсіресе, Орталық, Батыс облыстар, атап айтқанда, Орынбор, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей губерниялары, Адай уезі ашаршылық тырнағына ілініп, осының салдарынан мыңдаған адамдар аш-жалаңаш қалды.
1921 жылғы аптап ыстық және қара шегірткенің қаптауы егістік пен шөпті толықтай жойды. «Қызыл Қазақстан журналында бұл жөнінде: «Астықтың жоқтығынан малдың көбі пышаққа ілініп, біразы жұтқа ұшырап, құруға айналды. Астық тұқымы тағы да жоқ. Егіннің шықпай қалуы да, мал өсіруші шаруаға көп зиянын келтіріп отыр, - деп жазды.
Ашаршылықтың шығу себебі біріншіден, азамат соғысы кезінде халық шаруашылығының күйзелуінен, екіншіден, егіс пен мал шаруашылығының кері кетуінен деп түсіндірілді. Шындығында, да азамат соғысы қазақ шаруашылығына көп зиянын тигізді. Мыңдаған гектар жерлерге егін себілмеді. Халық бидай алу үшін малдарын айырбастауға мәжбүр болды жнемесе сойып сатты. Бұл мал басының азаюына алып келді. Оның үстіне 1921 жылғы аптап ыстықтан малға азық боларлық шөп күйіп кетті.
1920 жылы егіс көлемі 20 %-ға, ал мал басы 67 %-ға, ал 1921 жылы егіс көлемі 47 %-ға, мал 83 %-ға азайған. Бұл көрсеткіш 1922 ж. бірнеше есеге көбейді.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстандағы 1921-1922 жылдардағы ашаршылық

1921-22 жылдардағы ашаршылық қазақ тарихына қаралы да, жаралы жыл
болып енді. Алайда бұл жылдардағы ашаршылық мәселесі тархымызда толықтай
ашылып айтылған емес. Кеңес басшылары халық басынан өткен ашаршылық
зардаптарын жасырып қалды.
1921-22 жылдардағы ашаршылықтан Қазақстан экономикасы біршама
тоқырауға ұшырады. Әсіресе, Орталық, Батыс облыстар, атап айтқанда,
Орынбор, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей губерниялары, Адай уезі ашаршылық
тырнағына ілініп, осының салдарынан мыңдаған адамдар аш-жалаңаш қалды.
1921 жылғы аптап ыстық және қара шегірткенің қаптауы егістік пен
шөпті толықтай жойды. Қызыл Қазақстан журналында бұл жөнінде: Астықтың
жоқтығынан малдың көбі пышаққа ілініп, біразы жұтқа ұшырап, құруға айналды.
Астық тұқымы тағы да жоқ. Егіннің шықпай қалуы да, мал өсіруші шаруаға көп
зиянын келтіріп отыр, - деп жазды.
Ашаршылықтың шығу себебі біріншіден, азамат соғысы кезінде халық
шаруашылығының күйзелуінен, екіншіден, егіс пен мал шаруашылығының кері
кетуінен деп түсіндірілді. Шындығында, да азамат соғысы қазақ шаруашылығына
көп зиянын тигізді. Мыңдаған гектар жерлерге егін себілмеді. Халық бидай
алу үшін малдарын айырбастауға мәжбүр болды жнемесе сойып сатты. Бұл мал
басының азаюына алып келді. Оның үстіне 1921 жылғы аптап ыстықтан малға
азық боларлық шөп күйіп кетті.
1920 жылы егіс көлемі 20 %-ға, ал мал басы 67 %-ға, ал 1921 жылы
егіс көлемі 47 %-ға, мал 83 %-ға азайған. Бұл көрсеткіш 1922 ж. бірнеше
есеге көбейді.
Халық арасында жұқпалы (эпидемиялық) аурулар кең етек жайды.
Әсіресе, сүзек, тырысқақ, іш безгегі сияқты аурулар ашыққан адамдардың
арасында тез тарады. Үкімет орындары бастапқы кезде бұл жұқпалы ауруларды
ауыздықтауға дәрмені жетпеді. Оған себеп, ауылды жерлерде арнайы дәрігерлік
бөлімшелердің болмауы мен медициналық дәрі-дәрмектің жетіспеуі болды.
1921 жылдың тамызында Сібірдегі ашыққандар Семей губерниясын арқылы
қазақ жеріне ішкерілей еніп, Лепсі уезіне қарай жылжыды. Ашыққан босқындар
уезге қарай оба ауруын ала келді. Оба ауруы Лепсі уезінің барлық ауылдарына
тарап, Талдықорған уезіне де жетті. Бұл өлкеде аз уақыттың ішінде 2152 оба
ауруына шалдығып, оның 1294 адамы өлген, бұл 55 %-ды көрсетеді.
1921 жылы Қазақстанда 2093000 десятина жерге егін егіліп, бұл
жерлерден орта есеппен 70 миллион пұт астық алуға тиіс еді. Алайда, бұл
көрсеткішке жете алмады. Халықтың тұқымдыққа деп отырған бидайлары тартып
алынып, мемлекет есебіне өткізіліп, орталыққа жөнелтілді. Оның үытіне
үкімет салығы халықты титықтатып жіберді.
1921 ж. Халық Комиссарлар Кеңесі ауыл шаруашылығының барлық өнім
түрлеріне салық мөлшерін белгіленген құжаттырн жариялады. Салық белгілі бір
мерзім аралығында төленуге тиіс болды. Егер де салық төленбеген болса, шара
қолданылып, жауапкершілікке тартылды. Салық жинау барысында шолақ
белсенділер салық төлей алмағандарға күштеп қысым жасап, дөрекі озбырлыққа
дейін барды. Қазақ кедейлерінің қолындағы соңғы малына дейін тартып алу
жәйттері де кездеседі. Онымен қоса, 1920 жылдың тамызынан 1921 жылдың
маусымы аралығында Орталық Қазақстанға 35 млн. пұт астық жинауды
міндеттеген. Ал 1922 ж. егістіктен жиналған қазақтардың 54 миллион 734
мың 449 пұт астығын, оған қосымша 417 миллион пұт астығын салық деп тартып
алған.
Қазақ азаматтары салық мөлшерінен тыс ашыққандарға көмек көрсетуге
тырысты. Мысалы, Қостанай уезінің Әйет болысының №1 ауылының қазақтары
Иманбаев, Иманқұлов, Тілеубердиндер аштарға жәрдем үшін комиссияға ақшадан
басқа екі ат берген.
1921 ж. 15 шілдеде ашыққандарға арнайы төтенше көмек көрсету комитеті
(Компомгол) құрылып, аштықпен күресу жұмысын басқару С. Меңдешеевке
жүктелінді. Сейітқали Меңдешев 1920-1925 жж. аралығында Қазақстан Орталық
Атқару Комитетінің төрағалық қызметін, ал 1925-1926 жж. Қазақстан Өлкелік
одағының төрағасы қызметін атқарған еді. Ол 1921 ж. шілдесінде оның қол
қоюымен Қазақстан республикасындағы ашыққандарға көмек беріңдер! деген
Түркістан республикасының халқына арналған үндеуі жарияланды. Үндеуде
Қазақстанның аштық жайлаған аудандарындағы халықтың ауыр жағдайы айтылып,
оларды апаттан құтқару үшін қол үшін беруін өтінді.
Осы жылдың тамыз айында тағы да С. Меңдешевтің қол қоюымен Қазақ АКСР
ОК республика шаруаларына арнап үндеуі жарияланды. Онда аштықтың кең
ауқымды жайлап бара жатқанына байланысты қоныстанушы шаруаларға қоныстанған
жерлерін тастап, Украинаға көшулерін, бұл қиыншылық уақытша екендігін,
сондықтан, сабырлық сақтап, ел жағдайын қылпына келтіруде көмек көрсетуге
шақырды.
Жұқпалы аурулар жайлаған аймақтарда санитарлық жәрдем беру,
эпидемиямен күрес жүргізу ісі халықтың денсаулық сақтау комитетіне
жүктелінді. Барлық облыстарда дәрігерлік пункттер мен амбулаторияларды
ашып, олардың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі Ашкөмдерге ерекше
тапсырылды.
Қазақстанда орын алған аштықпен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Семей губерниясындағы ашаршылық және оның салдары
1922 жылдардағы ашаршылықтың шығу себептері
Аштықтың ауыр зардаптары
Ашаршылықтың халық демографиясына салдары
1921-1922 жылдардағы ашаршылық
1921 - 1922 жылдардағы аштық
Қазақстандағы 1921-1922 жж., 1931-1933 жж. аштықтар:құжаттар, статистика, ақпарат
Ашаршылық нәтижесі
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Сыр өңіріндегі ашаршылық және оның салдары
Пәндер