Төтенше жағдайлар және қауіпсіздік шаралары


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

Орындаған:

Тобы:

Тексерген:

2015 жыл

Электр тоғынан туындайтын төтенше жағдайлар

Электр тогы- бұл зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалу үрдісі.

Адам үшін айнымалы және тұрақты тоқ қауіпті. Ол бұлшық еттердің тартылуына, тыныс алу және жүрек тамыры жүйелерінің тіршілігін бұзуға, тыныс алудың немесе жүрек соғысының толық тоқтауына әкеліп соғуы мүмкін.

Электр тогының әсері адам организмінде бірқатар физиологиялық және рефректорлық өзгерістерге әкелуі мүмкін: естен тану, тыныс алудың тоқтауы, клеткалардағы қайтымсыз өзгерістер, жүйке жүйесінің бұзылуы, сонымен қатар, күйік, қанның ыдырауы, терінің жыртылуы және т. б.

Электр қауіпсіздігі ережелері:

  1. Ақаулы электр аспаптарын қолданбаңыз;
  2. Ток көзіне қосылған электр қондырғыларын және аспаптарын жөндеумен айналыспаңыз;
  3. Кез келген жаңа электр приборын іске қосар алдында, іске қосу ережелерімен танысыңыз;
  4. Есіңізде болсын, электр сымдарындағы нашар түйісу оның қызуына, ұшқындардың түзілуіне және де өрттің шығуына әкелңп соғуы мүмкін;
  5. Тек стандартты сақтандырғыштарды қолданыңыз;
  6. Жерде жатқан, салбырап тұрған электр сымдарына жақындамаңыз;
  7. Жанып жатқан ток өткізгіш сымдарды сумен сөндіруге болмайды;
  8. Қосулы электр приборларын қараусыз қалдырмаңыз;

Егер адам ток көзіне түсіп қалса дәне де ол өздігінен босана алмаса, оған тез арада көмек көрсету қажет. Электр тогының әсерінен ажыратып алғаннан кейін, дәрігер келгенше жарақаттанушыға тыныштық, жылу және таза ауа керек. Мүсәтір спиртін иіскетуге болады. Қажет болған жағдайда жасанды дем беріп немесе жүрекке қиялай массаж жасап, тез арада жақын маңдағы ауруханаға жеткізу керек.

Көлік-транспорт құралдарынан туындайтын төтенше жағдайлар

Бүгінгі қоғамды транспортсыз елестету қиын. Олар ТЖ туындау көзі болып табылады. Нәтижесінде адамдар жарақат алып, қаза табады, транспорт құралдары және тасымалданатын жүктер жойылады, қоршаған табиғи ортаға залал келеді.

Транспорт құралдарының негізгі түрлері: автокөлік, теміржол, әуе көлігі, су көлігі.

Автокөліктегі төтенше жағдайлар мен қауіпсіздік шаралары

Жолаушылар мен жүктерді жақын қашықтықтарға тасымалдаудың негізгі құралы- автокөлік.

Автокөлік құралдары ТЖ саны және адам шығындары бойынша бірінші орында тұр. БҰҰ мәліметтері бойынша, жыл сайын әлемдегі жол оқиғаларының нәтижесінде 1, 3 миллионға жуық адам қаза тапса, 8 миллионға жуық адам мүгедек болып қалуда. Экономикалық шығындар орта есеппен алғанда 500 миллиард долларды құрайды.

Транспорттық жол оқиғалары (ТЖО) - бұл қозғалыстағы кем дегенде бір механикалық транспорт құралының қатысуымен болатын адамдардың жарақат алуына немесе қаза болуына, транспорт құралдарының, ғимараттардың, жүктердің немесе басқа материалдық құндылықтардың залалдануына әкеліп соғатын немесе соғуы мүмкін оқиға.

ТЖО негізгі себептері:

  1. Жол ережелерін білмеу немесе бұзу;
  2. Жылдамдықты асыру;
  3. Транспорт құралының ақаулығы;
  4. Жолдың нашар жағдайы;
  5. Жаяу жүргіншінің белгіленген орыннан өтпеуі;
  6. Жүргінші долына шығып кету;
  7. Нашар жол жағдайында көлікті жүргізе алмау;
  8. Қолайсыз ауа-райы: тұман, көк тайғақ, нөсер жауын, қар басу.

Егер сіз көлік апатына түсе қалсаңыз:

  • Кез келген жағдайда өз-өзіңізді басқара біліңіз;
  • Автокөлік тоқтағаннан кейін ғана сыртқа шығыңыз;
  • Барлық ТЖО ұшырағандардың жай-күйін және жарақат алу жәрежесін анықтаңыз;
  • Автокөліктен есік, терезе, люк арқылы шығыңыз;
  • Апат орнынан қауіпсіз жерге барыңыз;
  • Жол полициясы қызметкерлерін, құтқарушыларды, өрт сөндірушілерді, дәрігерлерді шақыртыңыз;
  • Өрт шыққан жағдайда қолда бар нәрсемен өшіруге тырысыңыз, мамандарды шақырыңыз;
  • Автокөлік суға түсіп кеткен жағдайда, көлік толығымен суға батқаннан кейін есік арқылы шығыңыз;

Әуе көлігіндегі төтенше жағдайлар мен қауіпсіздік шаралары

Әуе көлігіндегі ТЖ бірқатар спецификалық ерекшеліктерге ие. Бұл ұшақ апараттарының жоғары жылдамдығымен, ондағы жануы және жарылуы мүмкін жанармай отынының көптігімен, адамдардың жабық салонда болуымен, жоғары ұшу биіктігімен, адамдарға тиімді және сенімді көмек көрсету шараларының болмауымен, әуедегі жағдайдың кенеттен және жылдам өтуімен байланысты.

Әуе көлігіндегі ТЖ кезіндегі адамдардың жарақаттануы мен қаза табуының басты факторлары: құлау кезіндегі қатты соққы, өрт, жарылыс, улағыш заттар, декомпрессия.

Декомпрессия- салондағы ауаның тарылуы. Салон шаң мен тұманға толады. Ештеіе көрінбей кетеді. Адам өкпесінен ауа тез кете бастайды, оны тоқтатуға мүмкіндік жоқ. Осы кезде құлақ шулайды және ішек ауырады. Газм көбейеді. Мұндай жағдайда тез арада оттегі маскасын кию керек.

Әуе көлігіндегі ТЖ кез келген жағдайда болуы мүмкін: ұшу алдында, ұшу кезінде, қону кезінде. Сондықтан, әуе аппараттарының ерекшеліктерін білу қажет, өзін-өзі қалай ұстауды, авариялық құтқару құралдарын қолдана білу және т. б.

Әуе көлігіндегі ТЖ туындағанда адамдарды құтқару бойынша бірінші кезектегі тапсырма- эвакуация. Әрбір әуе көлігі адамдарды эвакуациялау үшін арнайы авариялық құралдармен жабдықталған. Олардығ орналасу орны, іске қосу әдістері трафеттерде көрсетілген.

Адамдарды апатқа ұшыраған ұшақтан жылдам эвакуациялау, жарылыс пен өрттің болу мүмкіндігімен байланысты.

Өрт шыққан салон ішіндегі адамдарды зақымдаушы фактордардың негізгі жану өнімдері, бірінші кезекте көміртегі қостотығы. Өрт басталғаннан кейін бірнеше минуттың ішінде, оның шоғыры өлімге соқтыруға жетеді. Салондағы жоғары температураның қауіпі одан кем кем емес. Өрт кезіндегі сыртқы киімдеріңіз бен аяқ киімдеріңізді шешпеңіздер, олар күйіп қалудан және шыны сынықтарынан қорғайды.

Теміржол көлігіндегі төтенше жағдайлар мен қауіпсіздік шаралары

Қазақстандағы транспорт жүйесінде жолаушылар мен жүк тасымалдауда, теміржол көлігі алдыңғы орында тұрады.

Теміржол көлігі жолаушылардан, теміржол жұмысшыларынан бөлек, теміржолға, стансаға, вокзалға, жақын маңдағы тұрғындар үшін де қауіп төндіреді. Бұл теміржол көлігімен тез тұтанатын, жарылыс қауіпті, химиялық және радиациялық материалдарды көп мөлшерде тасымалдаумен байланысты.

Теміржол көлігіндегі ТЖ негізгі себептері:

  • Жол бүтіндігінің бұзылуы; көпірлердің бұзылуы, соқтығыстар нәтижесінде қозғалыстағы көліктің рельстен шығып кетуі;
  • Өрттер, жарылыстар, уытты заттардың төгілуі,
  • Теміржол көлінінің автокөлік, жүк көліктерімен және т. б соқтығысуы;
  • Қолайсыз ауа-райы мен стихиялық құбылыстардың әсері

Теміржолдың автокөлік жолдарымен және көшелермен қиылысы жоғары қауіпті орындар. Өткелдер дыбыстық және жарықтық дабылдармен, шлагбаумдармен жабдықталуы қажет. Соңғы уақытта көтермелі көпірлер орнатылуда.

Теміржолдағы қауіпсіздік шаралары:

-теміржол бойымен жүруге болмайды;

-теміржол көлігінің қозғалысы кезінде жол маңына жақындауға болмайды;

-жақындап келе жатқан теміржол көлігінің алдын кесіп өтуге болмайды;

-дыбыстық және жарықтық дабылдар қосулы кезінде, шлагбаум түсірулі кезінде теміржолдан өту өте қауіпті;

-теміржол бағытын ауыстыру орындарының бойымен жүруге болмайды. Автоматты түрде жол бағыты ауысқанда, аяқтарыңыз арасында қалып қоюы мүмкін;

-платформаның шегінде тұруға, платформадан теміржолға секіруге болмайды;

-теміржол көлігінің қозғалысы кезінде вагон есігіне сүйкенуге немесе оны ашуға болмайды;

-вагон үстімен, жүк вагондарының өту алаңдарымен жүруге болмайды.

Қоғамдық көліктердегі төтенше жағдайлар мен оларға қарсы іс-шаралар

Миллиондаған адамдар қалалық қоғамдық көліктердің қызметін пайдаланады: трамвай, троллейбус, автобус, бағыттағы такси. Қалалық қоғамдық көліктер ТЖ туындау себепкері болып тұрады. Бұл адамдардың жарақат алып, қаза табуына, материалдық құндылықтардың жойылуына әкеліп соғады.

Қаладағы қоғамдық көліктердегі негізгі қауіпсіздік талаптары:

- қоғамдық көліктерді арнайы аялдамаларда күтіңіз;

-көлік тоқтағаннан кейін ғана кіріңіз немесе шығыңыз;

-тез тұтанатын сұйықтықтарды, жарылыс қауіпті заттарды, кескіш құралдарды тасымалдауға болмайды.

Қоғамдық көліктердегі ТЖ жеке спецификалық ерекшеліктерге ие: салонда көптеген адамдардың жинақталуы, транспорт құралы қозғалысының жоғары жылдамдығы, жолдағы кілт тоқтаумен күтпеген жағдайлардың болуы.

ТЖ туындау кезінде:

-тыныштық сақтап, үрей туғызбау;

-транспорт құралынан жылдам есік, терезе, люк арқылы шығып, қауіпсіз қашықтыққа шегіну;

-жүргізушінің айтқандарын орындау;

-өрт шыққан жағдайда жүргізушіге хабарлап, өрт сөндіргіштің көмегімен өртті сөндіру.

Су көлігіндегі төтенше жағдайлар мен қауіпсіздік шаралары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Облыстың аумағындағы ықтимал авариялар мен апаттар, дүлей зілзалалар және олардың халық пен ұйымдар үшін салдары
Тіршіліктің қауіпсіздік негіздері
Төтенше жағдайларда халықты қорғау әдістерін меңгерту
Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары туралы
Төтенше жағдайда халықты қорғау
Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігі
Төтенше жағдайлардың класификациясы мен түсінігі
ҚР негізгі заңдары, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысындағы нормативтік заңдар Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы қорғану шаралары
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігіне кіріспе. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы заңды және құқықтық актілер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz