Акциялар және оның түрлері



Акция түрлері
Акция иеленушілер
Акцияның эмиссиялық және нарықтық бағалары
Артықшылықтары
Акция – акционердің қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне қоғам капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқығын береді. Қоғам қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады, яғни акция – қолдану мерзімі шектеусіз бағалы қағаз. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционер оны екінші нарықта сатуына болады. Акцияда жазылған сома оның көрсетілген (номинал) құны деп аталады. Көрсетілген құн қоғамның жарғылық капиталының бір акцияға шаққандағы бағасын білдіреді. Алайда, акцияны шығарған қоғам оның нақты бағасы қандай болатынына кепілдік бермейді. Нақты бағаны тек нарық айқындайды. Нарықтағы акцияны сатып алу – сату бағасын акцияның бағамы деп атайды. Бұл баға акцияда жазылған бағадан өзгеше: ол көрсетілген құннан жоғары да, төмен болуы мүмкін. Демек, акцияның эмиссиялық және нарықтық бағасын, сондай – ақ дивидент мөлшерін анықтау үшін оның көрсетілген құны бағдар тәрізді болады.Қоғам таратылған жағдайда акционерлерге тиесілі оның мүлкінің үлесі акцияның номиналы мен санына пропорционалды есептеледі. Акционерлік қоғам құрылғанда оның акциялары жарғылық капиталға қосқан салымына тең көлемде құрылтайшылар арасында орналастырылады. Сөйтіп акция:
- Жаңадан акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
- Меншікті акцияландырғанда, яғни кәсіпорынды акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
- Қоғамның жарғылық капиталын қосымша молайтқанда шығарылады.
Жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал және қоғамның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды қоғам кез – келген уақытта өз бойынша пайдалана алады.
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайту және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден – бір түрі.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Акциялар және оның түрлері
Акция - акционердің қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне қоғам капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқығын береді. Қоғам қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады, яғни акция - қолдану мерзімі шектеусіз бағалы қағаз. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционер оны екінші нарықта сатуына болады. Акцияда жазылған сома оның көрсетілген (номинал) құны деп аталады. Көрсетілген құн қоғамның жарғылық капиталының бір акцияға шаққандағы бағасын білдіреді. Алайда, акцияны шығарған қоғам оның нақты бағасы қандай болатынына кепілдік бермейді. Нақты бағаны тек нарық айқындайды. Нарықтағы акцияны сатып алу - сату бағасын акцияның бағамы деп атайды. Бұл баға акцияда жазылған бағадан өзгеше: ол көрсетілген құннан жоғары да, төмен болуы мүмкін. Демек, акцияның эмиссиялық және нарықтық бағасын, сондай - ақ дивидент мөлшерін анықтау үшін оның көрсетілген құны бағдар тәрізді болады.Қоғам таратылған жағдайда акционерлерге тиесілі оның мүлкінің үлесі акцияның номиналы мен санына пропорционалды есептеледі. Акционерлік қоғам құрылғанда оның акциялары жарғылық капиталға қосқан салымына тең көлемде құрылтайшылар арасында орналастырылады. Сөйтіп акция:
Жаңадан акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
Меншікті акцияландырғанда, яғни кәсіпорынды акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
Қоғамның жарғылық капиталын қосымша молайтқанда шығарылады.
Жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал және қоғамның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды қоғам кез - келген уақытта өз бойынша пайдалана алады.
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайту және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден - бір түрі.
Акция бір жағынан, бір акционерден басқаға беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе, екінші жағынан, қоғамды басқаруға қатынасу құқығы бойынша - жай және артықшылықты акция деп те екіге бөлінеді. Қоғам тек өзінің жарғысында бекітілген акцияларды ғана шығара алады.
Атаулы акция - иесі міндетті түрде қоғамның реестрінде тіркелуі тиіс акция. Акционерлер кітабында оны қанша және қай уақытта алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционер деп есептеледі.
Ұсынушы акциясы - иесінің аты - жөні қоғам кітабінда тіркелмеген акция. Кітапта ұсынушы акциясының жалпы саны ғана көрсетіледі.
Қоғамға басқару жағынан қолында атаулы акциясы бар акционерлер қолайлы. Себебі ол акционерлік капиталдың және бағалы қағаздардың қозғалысын, сонымен қатар бағалы қағаздардың кейбір акционерлердің қолында шоғырлануын, олардың бұл мемлекеттен кеткенін реттеп және бақылап отыруға мүмкіндік береді. Акционерлердің көзқарасы тұрғысынан қарағанда, әсіресе, қысқа мерзімді мүддені көздеген акционерлер ұсынушы акциясын қолдайды. Себебі еш жерде тіркелмеген бұндай акцияларды екінші нарықта еркін сатуға болады. Ал атаулы акцияны еркін қолма - қол ақшаға айырбастауға болмайтындықтан олардың өтімділігі акционерге кейбір жағдайда қолбайлау туғызады.
Акцияның осы екі түрін айналымға түсіру жолдары да әртүрлі:
Біріншіден, сату механизмі бойынша. Атаулы акцияның иесі оларды қоғамнан сатып алғанын куәландыратын барлық акция саны толтырылған бір сертификат алады. Бұл акцияларды сатқанда сертификаттың сырт жағында екі жақтың қолы қойылған индоссамент белгісі қойылады. Содан соң акционерлердің тізіміне өзгеріс енгізу үшін сертификат қоғамға жіберіледі. Содан кейін ғана акциялардың жаңа иесі акцияларға жаңа сертификат алады.
Ұсынушы акциясын сатқанда оны иемденушілер тікелей, яғни қолма - қол сатып алушыға береді.
Екіншіден, акцияның осы екі түрінің жаңа данасын иемденушілер құқығын белгілеу тәртібі де әртүрлі. Бұл туралы атаулы акция иесі қоғамнан хабарландыру хат алса, ал ұсынушы акциясына бұндай механизм жүруі мүмкін емес. Ұсынушы акциясында кесіп алатын купоны болады. Соны толтырғаннан кейін қоғамға жіберіп, өзінің меншік құқығын іске асырады.
Үшіншіден, ұсынушы акциясының номиналы тым жоғары болмайды, бірақ ол өте көп тиражбен шығарылады, ал атаулы акцияның номиналы әртүрлі мөлшерде бола береді.
Қоғамды басқаруға қатынасу құқығы бойынша акция жай және артықшылықты болып бөлінеді.
Жай акцияларды иеленушілердің қоғамның түсірген пайдасының мөлшеріне байланысты дивидендтер алу құқығы, жиналыстарда дауыс беру арқылы қоғамды басқаруға қатысу құқығы және қоғам жабылып қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан сәйкес көлемде жүзеге асырылады.
Әрбір жай акция өз иесіне бір дауыс үлесін береді. Әйтседе жай акция дивиденд алуға кепілдік бермейді. Себебі дивиденд қоғамның шаруашылық нәтижесіне байланысты беріледі. Дивиденд қоғамның таза пайдасының бір бөлігі, басқаша айтқанда, дивиденд төлеу пайданың салық төлегеннен қалған қалдығын бөлуге негізделген. Дивидендтің мөлшеріне күшті өзгерістердің әсер етуі кездейсоқ жәйт емес.
Жай акцияны иеленушілердің өкілеттіктері:
Директорлар кеңесін сайлауға дауыс беруге және сол кеңеске өзі сайлануға құқылы. Директоратқа сайланғанда кейбір қоғамның жарғысында кей жағдайда мүлік цензі көрсетіледі, яғни үміткердің қолындағы жай акцияның ең төменгі қажетті мөлшері көрсетілуі тиіс.
Директорлар кеңесі жылдық балансты және таза пайданы бөлу жобасын дайындайды. Табысты бөлу - қоғам меншігін оның акционерлері арасында дивиденд ретінде үлестіру ұғым.
Дивиденд алу құқығы. Дивиденд мөлшері қоғамның жылдық қаржы айналымына байланысты анықталады. Дивидендтің бірнеше түрі бар:
Қолма - қол төленетін дивидендтер. Бұл табысты бөлудің ең кең тараған түрі. Ол бір жай акцияға есептеліп төленеді;
Мүліктік дивидендтер. Бұл табысты бөлудің мүліктік формасы акционердің қолындағы акция санына пропорционалды анықталады. Қоғам дивидентдтің бұл типін әдетте өзі жабылу кезінде қолданады;
Акция формасындағы дивидентдтер . Бұл қосымша акциялар акционерлер арасында акционерлердің қолындағы бұрынғы акция санына пропорционалды бөлінеді. Дивиденд төлеудің бұл түрі қоғамның өзін - өз - қорғап қалуын қамтамасыз етеді.
Қолма - қол төленетін дивидендтер баланстың активі мен пассивін және қолма - қол ақша қаражаты қозғалысы ведомстын тексергеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Дивиденд дұрыс төленбеген жағдайда қоғам жауап беруге міндетті. Дивиденд акционер табысының тек бір ғана бөлігі. Оның екінші бөлігі акция бағасының өзгеруіне байланысты қалыптасады.
Жай акция бойынша меншік құқығын басқаға беру деген акционер өзінің акциясын я сатып, я сыйға беріп, я өсиетке қалдырып жүзеге асыруы. Сонымен қатар акция банктен несие алғанда кепілдікке де беріледі.
Қоғамдағы акционерлердің мүліктік мүддесін қорғауға дауыс беру құқығы. Бұдан, мысалы, жаңа бағалы қағаздар шығару, қоғамның активтерінің бір бөлігін сату сияқты мәселелер жатады. Активтер болып қоғамның барлық қозғалмайтын және қозғалатын меншігі: жер, құрылыс, мүлік, қолма - қол қаржы және с.с. есептеледі.
Қоғамның қаржылық есебін тексеру құқығы, мысалы, акционерлердің реестерін тексеру.
Шектеулі міндет құқығы. Қоғам банкротқа ұшырағанда акция сатып алуға шығарған акционердің ақшасын қайтаруға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Акцияға пайда стандартына сипаттама
Бағалы қағаздарды нарығының құрылымы
Бағалы қағаздардың түсініктемесі
ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Екінші деңгеңгейлі банктердің бағалы қағаз операциясының есебі
Бағалы қағаздар рыногы, онын мәні және негізгі белгілері
Акциялар мен облигациялар түрлері
Инвестициялар туралы түсінік және оның түрлері
Варранттар мен конвертацияланатын бағалы қағаздары бар акционерлер осы бағалы қағаздарды қарапайым акцияларға айырбастауына құқылы
Бағалы қағаз түрлері мен жіктелуі
Пәндер