Азамат және мемлекет



Жоспар

Кіріспе 3

1 Азамат және мемлекет 4
2 Қазақстан Республикасы азаматтығын алу 6
3 Азаматтықты тоқтату 9
4 Ата.анасы азаматтығын өзгерткен және асырап алған жағдайдағы баланың азаматтығы 10
5 Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі арыздар мен ұсыныстарды қарау бойынша іс жүргізу 11

Қорытынды 16

Пайдаланылған адебиеттер тізімі 19
Кіріспе

Азаматтық – адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысы. Мемлекеттің және оның билігіне оның билігіне бағынатын адамның арасындағы өзара қарым-қатынасты білдіреді: мемлекет өз азаматының заңды құқылары мен мүдделерін қамтамасыз етуге, қорғауға және оған шетелде қамқорлық жасауға кепілдік береді; ал азамат мемлекеттің заңдарын және т.б. өкімдерін бұлжытпай сақтауға және оның белгіленген міндеттерін орындауға міндетті. Мұндай құқылар мен міндеттердің жиынтығы азаматтың саяси-құқықтық дәрежесін айқындап, оны шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан ерекшелейді. ҚР-ның Конституциясында: "Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азамат-тығын өзгерту құқынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды. Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды" делінген (10-бап). Әлемдік тәжірибеде дүниеге келген нәрестеге азаматтық құқы екі негізге: қандық және түп-тамыр құқыларына сүйенеді. Қандық құқы бойынша азаматтық алу туған мекен-жайына емес, ата-анасының азаматтығына байланысты (Аустралия, Норвегия, Италия. Финляндия. т.б.), ал түп-тамыр құқы бойынша нәрестенің қай мемл. терр-сында туғаны түп негізге алынады да, ата-анасының азаматтығының бұған қатысы болмайды (Бразилия, Аргентина, т.б.) ҚР-ның 1991 ж. 20 желтоқсанда қабылданған (1993 ж. 3 казанда түзетулер мен толық-тырулар енгізілген) "Азаматтық туралы заңы" бойынша Қазақстанда қандық құқы негізге алынады.
Пайдаланылған адебиеттер тізімі

1 Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30.08.1995ж.
(07.10.1998ж. және 21 мамыр 2007 жылғы енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2 Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы 1991 ж. 20 желтоқсандағы N 1017-XII Қазақстан Республикасының Заңы
3 ҚР-ның Азаматтық Кодексі /жалпы бөлім/ Екі кітаптағы комментарийлер. Алматы, Жеті Жарғы, 1998ж. /Жауапты ред.М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин.
4 Азаматтық құқық/ 2-томдағы оқулық. Е.А.Суханов ред.бойынша. М., 1993ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 3
1 Азамат және мемлекет 4
2 Қазақстан Республикасы  азаматтығын  алу 6
3  Азаматтықты  тоқтату 9
4 Ата-анасы  азаматтығын  өзгерткен және асырап алған жағдайдағы баланың
 азаматтығы 10
5 Қазақстан Республикасының  азаматтығы  мәселелері жөніндегі арыздар мен
ұсыныстарды қарау бойынша іс жүргізу 11
Қорытынды 16
Пайдаланылған адебиеттер тізімі 19

Кіріспе

Азаматтық – адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысы.
Мемлекеттің және оның билігіне оның билігіне бағынатын адамның арасындағы
өзара қарым-қатынасты білдіреді: мемлекет өз азаматының заңды құқылары мен
мүдделерін қамтамасыз етуге, қорғауға және оған шетелде қамқорлық жасауға
кепілдік береді; ал азамат мемлекеттің заңдарын және т.б. өкімдерін
бұлжытпай сақтауға және оның белгіленген міндеттерін орындауға міндетті.
Мұндай құқылар мен міндеттердің жиынтығы азаматтың саяси-құқықтық дәрежесін
айқындап, оны шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан ерекшелейді.
ҚР-ның Конституциясында: "Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес
алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан бірыңғай
және тең болып табылады. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда
азаматтығынан, өзінің азамат-тығын өзгерту құқынан айыруға, сондай-ақ оны
Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды. Республика азаматының басқа
мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды" делінген (10-бап). Әлемдік
тәжірибеде дүниеге келген нәрестеге азаматтық құқы екі негізге: қандық және
түп-тамыр құқыларына сүйенеді. Қандық құқы бойынша азаматтық алу туған
мекен-жайына емес, ата-анасының азаматтығына байланысты (Аустралия,
Норвегия, Италия. Финляндия. т.б.), ал түп-тамыр құқы бойынша нәрестенің
қай мемл. терр-сында туғаны түп негізге алынады да, ата-анасының
азаматтығының бұған қатысы болмайды (Бразилия, Аргентина, т.б.) ҚР-ның 1991
ж. 20 желтоқсанда қабылданған (1993 ж. 3 казанда түзетулер мен толық-
тырулар енгізілген) "Азаматтық туралы заңы" бойынша Қазақстанда қандық құқы
негізге алынады.

1 Азамат және мемлекет

Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік органдары мен лауазымды
адамдары арқылы Республика азаматтары алдында жауапты, ал Қазақстан
Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы алдында жауапты. Ол
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Қазақстан
Республикасының мүдделерін, оның территориялық тұтастығын қорғауға,
мемлекеттік тіл мен оның территориясында тұратын барлық ұлттардың
тілдеріне, әдет-ғұрпына, дәстүрлеріне құрметпен қарауға, Қазақстан
Республикасының күш-құдіретін, егемендігін және тәуелсіздігін нығайтуға
жәрдемдесуге міндетті.
Қазақстан Республикасының  азаматтық   туралы  заңнамасы Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді және осы  Заң  мен Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы
 Заңда  көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық
шарттың ережелері қолданылады.
Қазақстан Республикасының азаматы болу
Мына адамдар:
– осы  Заң  күшіне енгізілген күнге дейін Қазақстан
Республикасында тұрақты тұратын;
– Қазақстан Республикасының аумағында туған және шет мемлекеттің
 азаматтығында  тұрмайтын;
– осы  Заңға  сәйкес Қазақстан Республикасының  азаматтығын  алған
адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады.
– Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттiң
 азаматтығында  болуы танылмайды.
Қазақстан Республикасы жаппай құғын-сүргін, күштеп ұжымдастыру
кезеңдерінде, адамгершілікке жат өзге де саяси шаралар салдарынан
Республика территориясынан кетуге мәжбүр болған адамдар мен олардың
ұрпақтарының өз территориясына қайтып оралуы үшін, сондай-ақ басқа
мемлекеттер территориясында тұратын қазақтар үшін жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасының  азаматтығын  растайтын құжат Қазақстан
Республикасы азаматының жеке куәлiгi немесе Қазақстан Республикасы
азаматының паспорты болып табылады. 16 жасқа дейінгі баланың  азаматтығы 
оның туу  туралы  куәлігімен, ата-анасының қайсысының болса да паспортымен
расталады.
Қазақстан Республикасының  азаматтығы, оның қандай негiзде алынғанына
қарамастан, бiрыңғай және тең болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк
жағдайына, нәсiлi мен ұлтына, жынысына, бiлiмiне, тiлiне, дiнге
көзқарасына, саяси және өзге де сенiмдерiне, кәсiбiнiң түрi мен сипатына,
тұрғылықты жерiне және басқа мән-жайларға қарамастан  заң  алдына тең.
Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының
Конституциясы мен заңдарында жарияланған, кепiлдiк берiлетiн  азаматтық ,
саяси, экономикалық және әлеуметтiк құқықтар мен бостандықтарды барынша
толық иеленедi.
Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе,
шетелдіктер мен  азаматтығы  жоқ адамдар Қазақстан Республикасында
азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-
ақ міндеттерді мойнына алады.
Қазақстан Республикасы азаматының республикадан тыс жерлерде тұруы
Қазақстан Республикасының  азаматтығын  тоқтатуға әкеп соқтырмайды.
Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматшасының республика
азаматы емес адаммен некеге тұруы, сондай-ақ мұндай некені бұзуы
 азаматтықтың  өзгеруіне әкеп соқтырмайды.
Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан
Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды.
Қазақстан Республикасы өзiнiң одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын
қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепiлдiк бередi.

2 Қазақстан Республикасы  азаматтығын  алу

Қазақстан Республикасының  азаматтығы:
1) тууы бойынша;
2) Қазақстан Республикасының  азаматтығына  қабылдау нәтижесінде;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер
мен тәртiп бойынша;
4) осы  Заңда  көзделген өзге де негіздер бойынша алынады.
Бала туған кезде ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасының
азаматы болса, ол туған жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы
болып табылады.
Ата-анасының  азаматтығы  әртүрлі болып, бала туған кезде олардың
біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда бала:
1) Қазақстан Республикасының территориясында туса;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде туса, бірақ, ата-анасының немесе
олардың біреуінің бұл кезде Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты
тұрғылықты жері болса, ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

Ата-анасының  азаматтығы  әртүрлі болып, бала туған кезде олардың
біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда, егер осы кезде
ата-анасының екеуінің де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты
тұрғылықты жері болса, Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған баланың
 азаматтығы  ата-анасының жазбаша түрде білдірген келісімі бойынша
анықталады.
Бала туған кезде ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы
 азаматтығында  болып, ал екіншісі  азаматтығы  жоқ адам болса, не оның
 азаматтығы  белгісіз болса, бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан
Республикасының азаматы болып табылады.
Баланың анасы  азаматтығы  жоқ адам болып, ал әкесі Қазақстан
Республикасының азаматы деп танылып, әкелігі анықталған ретте 14 жасқа
толмаған бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының
азаматы болады. Бұл бала Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты
тұрған ретте оның  азаматтығы  ата-анасының жазбаша арызы бойынша
анықталады.
Ата-анасының екеуі де белгісіз Қазақстан Республикасы территориясындағы
бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жері бар,
 азаматтығы  жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы территориясында туған
баласы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Шетелдіктер және  азаматтығы  жоқ адамдар олардың өтініштері бойынша
осы  Заңға  сәйкес Қазақстан Республикасы  азаматтығына  қабылдануы мүмкін.

Қазақстан Республикасының  азаматтығына  қабылдау  туралы  өтініштер
бойынша шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.
Қазақстан Республикасының  азаматтығына :
1) Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде кемінде бес жыл
тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемінде үш жыл
некеде тұратын адамдар қабылданатын болады.
Қазақстан Республикасының  азаматтығына  қабылдаған кезде кәмелетке
толмағандардан, пайым қабiлетiн жоғалтқан не Қазақстан Республикасының
Президенті белгілейтін тізбе бойынша кәсіптерге ие және талаптарға сай
келетін адамдардан және олардың отбасы мүшелерінен және Қазақстан
Республикасы алдында ерекше еңбек сiңiрген адамдардан, сондай-ақ Қазақстан
аумағынан кеткен адамдар мен олардың ұрпақтарынан, егер олар тарихи Отаны
ретiнде тұрақты тұру үшiн Қазақстан Республикасына қайтып оралған болса,
олардан осы тармақшаның бiрiншi абзацында көзделген шарттардың болуы талап
етiлмейдi;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының iшiнде жақын туыстарының бiрi -
баласы (оның iшiнде асырап алған баласы), жұбайы (зайыбы) және ата-анасының
бiреуi (асырап алушысы), апа-қарындасы, аға-iнiсi, атасы немесе әжесi бар,
Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген, бұрынғы одақтас
республикалардың азаматтары, Қазақстан Республикасында тұру мерзiмiне
қарамастан, қабылданатын болады.
Әскери қызмет атқарып жүрген және Қазақстан Республикасы аумағында
орналасқан әскери қызметшiлердiң  азаматтығы  мәселелерi Қазақстан
Республикасының мемлекетаралық шарттарымен белгiленедi.
Егер Қазақстан Республикасының  азаматтығына  қабылдау  туралы  өтініш
жасаушы адам:
1) азаматқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса,
Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне әдейі қарсы шықса;
2) Қазақстан Республикасы территориясының бірлігі мен тұтастығын бұзуға
шақырса;
3) мемлекет қауіпсіздігіне, халықтың денсаулығына нұқсан келтіретін
құқыққа қарсы іс-әрекет жасаса;
4) мемлекетаралық, ұлтаралық және діни араздықты қоздыратын болса,
Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілінің қолданылуына қарсы әрекет
жасаса;
5) терроршылдық әрекеті үшін сотталған болса;
6) сот ерекше қауіпті баукеспе деп таныса;
7) басқа мемлекеттің азаматы болса, оның өтініші қабылданбайды.
Бұрын Қазақстан Республикасының азаматы болған адамның өтініші бойынша
осы  Заң  талаптарына сәйкес оның Қазақстан Республикасы  азаматтығы 
қалпына келтірілуі мүмкін.

3  Азаматтықты  тоқтату

Қазақстан Республикасының  азаматтығы :
1) Қазақстан Республикасы  азаматтығынан  шығу;
2) Қазақстан Республикасы  азаматтығынан  айырылу салдарынан
тоқтатылады.
Қазақстан Республикасы  азаматтығынан  шығуға адамның осы  Заңда 
белгіленген тәртіппен жасаған өтініші негізінде рұқсат етіледі.
Егер шығу  туралы  өтініш жасаушы адамның Қазақстан Республикасы
алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің
орындалмағандары болып, олармен азаматтардың немесе Қазақстан Республикасы
территориясында орналасқан кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың,
қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделері байланысты болса, Қазақстан
Республикасы  азаматтығынан  шығарудан бас тартылуы мүмкін.
Егер шығу  туралы  өтініш жасаушы адам айыпкер ретінде қылмысты жауапқа
тартылған болса не  заң  жүзінде күшіне енген сот үкімі бойынша жазасын
өтеп жүрсе, немесе ол адамның Қазақстан Республикасы  азаматтығынан  шығуы
Қазақстан Республикасының мемлекет қауіпсіздігі мүдделеріне қайшы келсе,
Қазақстан Республикасы  азаматтығынан  шығуға жол берілмейді.
Азаматтықтан  айырылу Қазақстан Республикасы  азаматтығынан :
1) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген
реттерді қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік
қызметіне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет
және басқару органдарына орналасуы салдарынан;
2) егер Қазақстан Республикасының  азаматтығы  көрінеу жалған
мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса;
3) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген
негіздер бойынша;
4) егер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адам
дәлелсiз себептермен үш жыл бойы консулдық есепке тiркелмесе;
5) егер адам басқа мемлекеттің  азаматтығын  алған болса, айырылады.

4 Ата-анасы  азаматтығын  өзгерткен және асырап алған жағдайдағы баланың
 азаматтығы

Ата-анасының  азаматтығы  өзгеріп, соның салдарынан екеуі де Қазақстан
Республикасының азаматы болған, не екеуі де Қазақстан Республикасы
 азаматтығынан  шыққан жағдайда тиісінше олардың 14 жасқа толмаған
баласының  азаматтығы  да өзгереді.
Егер баланың ата-анасының біреуі белгілі болса, осы ата-ананың
 азаматтығы  өзгерген жағдайда тиісінше 14 жасқа толмаған баланың
 азаматтығы  да өзгереді.
Егер ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы  азаматтығын  алып, ал
екіншісі басқа мемлекеттің азаматы не  азаматтығы  жоқ адам болып қала
берсе, Қазақстан Республикасы территориясында тұратын 14 жасқа дейінгі бала
ата-анасының осы  туралы  жазбаша өтініші бойынша Қазақстан Республикасының
 азаматтығын  алуы мүмкін.
Егер ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы  азаматтығынан  шығып,
ал екіншісі Қазақстан Республикасының азаматы болып қала берсе, 14 жасқа
дейінгі бала Қазақстан Республикасының  азаматтығын  сақтап қалады. Ата-
анасының осы  туралы  жазбаша өтініші бойынша, мұндай баланың Қазақстан
Республикасы  азаматтығынан  шығуына рұқсат етілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының азаматы асырап алған, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы
Адам және азамат құқықтары Заңмен қорғалуға тиіс
Құқық, жеке тұлға, қоғам
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық негіздері
Алматы қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың саяси тетігін әзірлеу
Тұлға, мемлекет және құқықты қарастырып зерттеу
Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің қорғалу механизмдері
Қазақстан Республикасының адам және азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары және міндеттері
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы жалпы түсінік
Омбудсмен әрекетінің басты міндеті - азамат құқықтарын қорғау
Пәндер