Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективті бағыттарын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы



Бағдарламаның паспорты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1. Ағымдағы ахуалды талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

2. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

3. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

Қажетті ресурстар ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективті бағыт.тарын дамытудың 2010.2014 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс.шаралар жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективті бағыттарын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін дамуының стратегиялық жоспарына сәйкес әзірленді.
Бағдарлама инфрақұрылымды жасау және дамыту жолымен туризм индустриясын орнықты дамытуға, Қазақстанның туристік бағыт ретіндегі тартымдылығын арттыру үшін оның имиджін қалыптастыруға бағытталған.

1. Ағымдағы ахуалды талдау

Туристік саланың даму динамикасы туризм индустриясы көрсеткіштерінің орнықсыз өсуімен сипатталады. Айталық, 2009 жылдың қорытындылары бойынша келушілер саны 2008 жылмен салыстырғанда 4,1 %-ға өсті, сыртқа шығушылар туризмі 22,3%-ға өсті, алайда ішкі туризм көлемі 4,7%-ға азайды және 4 055,7 мың адамды құрады.
Көрсетілген туристік қызметтердің жалпы көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 0,3%-ға кеміді және 65,8 млрд. теңгені құрады. Салыстыра қарасақ, 2008 жылғы тиісті көрсеткіштің өсуі 2007 жылға қарағанда 22,6 %-ды құраған (53,8 млрд. теңгеден 66,0 млрд. теңгеге дейін).
Негізгі көрсеткіштердің төмендеуі әлемдік экономикадағы жағдаймен түсіндіріледі.
Экономикалық және қаржылық дағдарыс сырттан келушілер туризміне де теріс әсер етті, оның көлемі соңғы екі жылда 5,3 млн. туристен 4,3 млн. туристке дейін немесе 18,9%-ға төмендеді.
Сырттан келушілер туризмі статистикасының деректері де сапар мақсаттары бойынша келушілерді бөлу сияқты көрсеткіштердің төмендегенін көрсетіп отыр, соның ішінде бос уақыт пен демалыс үшін сапарлар 2008 жылмен салыстырғанда 19,8%-ға немесе 1541 адамға төмендеген. Сонымен қатар, сатылған жолдамалардың саны да 3 242 бірлікке немесе 44%-ға қысқарған.
2007-2010 жылдар ішінде саланың дамуы Мемлекет Басшысының 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға негізделді.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Реферат

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының
туристік индустриясының
перспективті бағыттарын дамытудың
2010-2014 жылдарға арналған
Бағдарламасы

Орындаған: Саркужаева А.Б.
Тексерген:
Ақтымбаева Ә.С.

Алматы, 2010 жыл

Мазмұны

Бағдарламаның паспорты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... . 3

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1. Ағымдағы ахуалды талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .5

2. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске
асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 1

3. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

Қажетті ресурстар ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .17

Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективті бағыт-тарын
дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .19

Бағдарламаның паспорты

Атауы Қазақстан Республикасының туристік индустриясының
перспективті бағыттарын дамытудың 2010-2014 жылдарға
арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы
негіздеме 19 ақпандағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту
жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламаға; Қазақстан Республикасы Президентінің 2010
жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан
Республикасының 2020 жылға дейін дамуының стратегиялық
жоспарына сәйкес әзірленді.

Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
әзірлеуге және
іске асыруға
жауапты
мемлекеттік орган

Мақсаты Бәсекеге қабілетті туристік өнімді қалыптастыру үшін туризм
индустриясын орнықты дамыту және Қазақстанның туристік
бағыт ретіндегі тартымдылығын арттыру

Міндеттері Бәсекеге қабілетті туристік өнімді қалыптастыру;
Қазақстанның туристік маркетингтік стратегиясын
қалыптастыру;
Туристік индустрияның кадрлық әлеуетін дамыту

Іске асыру 2010-2014 жылдар
мерзімдері
(кезеңдері)

Нысаналы Туристік қызмет саласында қызмет көрсетулер ұсынатын
индикаторлар ұйымдардың жиынтық кірісінің 2015 жылға қарай 2008 жылдың
деңгейінен кемінде 12%-ға ұлғаюы
Туристік қызмет көрсетулердің жыл сайын кемінде 10%-ға өсуі

Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті
Қаржыландыру бюджет қаражатының есебінен және шегінде, сондай-ақ
көздері мен Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған
көлемдері өзге де көздерден жүзеге асырылатын болады.
Бағдарламаны 2010-2014 жылдары іске асыруға барлығы
4 280 866 440,1 мың теңге:
республикалық бюджеттен: 2010ж. – 1 304 405,6 мың теңге;
2011ж. – 12 987 698 мың теңге; 2012ж. – 17 601 216 мың
теңге*; 2013ж. – 593 366 мың теңге*; 2014ж. – 593 366 мың
теңге*;
жергілікті бюджеттен: 2010 – 49 708,5 мың теңге; 2011 –
331 180 мың теңге;
инвестициялар есебінен: 4 247 405 500 мың теңге.

Кіріспе

Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективті
бағыттарын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту
жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру
мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы
1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020
жылға дейін дамуының стратегиялық жоспарына сәйкес әзірленді.
Бағдарлама инфрақұрылымды жасау және дамыту жолымен туризм
индустриясын орнықты дамытуға, Қазақстанның туристік бағыт ретіндегі
тартымдылығын арттыру үшін оның имиджін қалыптастыруға бағытталған.

1. Ағымдағы ахуалды талдау

Туристік саланың даму динамикасы туризм индустриясы көрсеткіштерінің
орнықсыз өсуімен сипатталады. Айталық, 2009 жылдың қорытындылары бойынша
келушілер саны 2008 жылмен салыстырғанда 4,1 %-ға өсті, сыртқа шығушылар
туризмі 22,3%-ға өсті, алайда ішкі туризм көлемі 4,7%-ға азайды және 4
055,7 мың адамды құрады.
Көрсетілген туристік қызметтердің жалпы көлемі 2008 жылмен
салыстырғанда 0,3%-ға кеміді және 65,8 млрд. теңгені құрады. Салыстыра
қарасақ, 2008 жылғы тиісті көрсеткіштің өсуі 2007 жылға қарағанда 22,6 %-ды
құраған (53,8 млрд. теңгеден 66,0 млрд. теңгеге дейін).
Негізгі көрсеткіштердің төмендеуі әлемдік экономикадағы жағдаймен
түсіндіріледі.
Экономикалық және қаржылық дағдарыс сырттан келушілер туризміне де
теріс әсер етті, оның көлемі соңғы екі жылда 5,3 млн. туристен 4,3 млн.
туристке дейін немесе 18,9%-ға төмендеді.
Сырттан келушілер туризмі статистикасының деректері де сапар
мақсаттары бойынша келушілерді бөлу сияқты көрсеткіштердің төмендегенін
көрсетіп отыр, соның ішінде бос уақыт пен демалыс үшін сапарлар
2008 жылмен салыстырғанда 19,8%-ға немесе 1541 адамға
төмендеген. Сонымен қатар, сатылған жолдамалардың саны да 3 242 бірлікке
немесе 44%-ға қысқарған.
2007-2010 жылдар ішінде саланың дамуы Мемлекет Басшысының
2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығымен бекітілген Қазақстан
Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасын іске асыруға негізделді.
Бұл кезеңде нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде жұмыс
жүргізілді. 2008 жылы туристік қызмет мәселелері жөніндегі бірқатар
заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді және Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігінің (бұдан әрі – министрлік) туризм мәселелері
жөніндегі бұйрықтары бекітілді.
Министрлік имиджді қалыптастыру жөнінде, соның ішінде Қазақстан
туризмін шетелде ақпараттық насихаттау жұмыстарын тұрақты негізде жүргізіп
отырғанын атап кету керек. Негізгі бағыттары жарнамалық бейнероликтерді
жасау және әлемнің жетекші телеарналарында көрсету, шетелдік жетекші БАҚ
өкілдері үшін ақпараттық турлар өткізу, ірі халықаралық туристік көрмелерге
қатысу болып табылады.
2009 жылғы қазан айында Астана қаласында Дүниежүзілік туристік ұйымның
(бұдан әрі - ЮНДТҰ) Бас Ассамблеясының 18-сессиясының өткізілуі 2009 жылы
басты имидждік оқиға болды, оның жұмысына ЮНДТҰ ұйымдарының нақты мүшелері,
146 мемлекеттен 700-ден астам делегат, сондай-ақ шетелдік әлемдік БАҚ
өкілдері қатысты.
ЮНДТҰ Бас Ассамблеясы жұмысының қорытындысы бойынша әлемдік туризм
үшін стратегиялық маңызы бар құжаттар қабылданды:
1. Жібек жолында туризмді дамыту жөніндегі Астана декларациясы.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
29 тамызды - ядролық қарудан бас тартудың Дүниежүзілік күні деп
жариялау туралы бастамасын қолдау туралы.
Қабылдаған шаралардың арқасында зор туристік әлеуеті, бірегей табиғаты
мен бай тарихи-мәдени мұрасы бар ел ретінде Қазақстан туралы айтыла
бастады.
Жергілікті жерде туризмнің дамуын тежеп отырған негізгі проблемалар
мен себептерді анықтау мақсатында 2008 жылғы маусымнан бастап
2009 жылғы шілдеге дейінгі кезеңде Корей Халықаралық
ынтымақтастық жөніндегі агенттігі зерттеулер жүргізді және 2009 жылғы
желтоқсанда Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық жедел автомагистралі
бойында ұлттық туристік кластерді құру мастер-жоспары әзірленді.
Мастер-жоспардың ұсынымдары Қазақстан Республикасын үдемелі
индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарлама шеңберінде туризмді дамытуды одан әрі пайымдауды
қалыптастыру үшін негіз болды.

Туристік саланың мықты және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін
талдау

Мықты жақтары Әлсіз жақтары
Туризмнің экономикаға нақты үлесін Барлық инфрақұрылым қалаларда және
бағалауға мүмкіндік беретін ТҚШ енгізу ірі елді мекендерде орналасқан
Туристік индустрияның дамыған Инфрақұрылымның халықаралық
инфрақұрылымының болуы талаптарға сәйкес келмеуі
Туристік саланы дамытуға арналған Туристердің қызығушылық танытатын
заңнамалық және нормативтік-құқытық базаобъектілерде көп күн болуы үшін
жағдайлардың болмауы
Халықаралық нарықта экотуризмге жоғары Инвесторларға демеу қаржы бөлу,
қызығушылық (8,9 млн. адам немесе жалпы жеңілдіктер беру және салық
әлеуеттің 63%), оны дамыту үшін жеңілдіктерін беру механизмінің
Қазақстанда әлеует бар: жоқтығы;
- Алматы қаласында Экологиялық Қазақстандағы экотуризмді дамыту
туризмнің ақпараттық ресурстық орталығы тәсілдері және саясаты
жұмыс істейді; қалыптастырылмаған.
- қоңақжай үйлер құрылуда; Туристік объектілерге апарар жолдың
- МҰТП жұмыс істейді. сапасының төмендігіболмауы
Мәдени-тарихи туризмді дамытуға Кадрларды дайындау бағдарламасының
мүмкіндік беретін Қазақстанның бірегей нарықтың нақты қажеттіліктеріне
мәдениеті мен тарихы сәйкес келмеуі
Тау шаңғысы туризмін дамытуға арналған
табиғи жағдайлар
Кадрлық ресурстарымен қамтамасыз
етілгендік
Мүмкіндіктері Қауіптері
Жаңа жұмыс орындарын, оның ішінде ауылдыБіркүндік бағдарлар санының көбеюі
жерлерде ашу Туристік ағымдар көлемінің төмендеуі
Халықаралық туристік қызмет нарығында Инвестициялық белсенділіктің төменгі
Қазақстанның танымдылығының жоғары деңгейі
деңгейі бюджетке инвестицияның және Қазақстанның туризм үшін қолайсыз ел
кірістің түсуін қамтамасыз етеді ретіндегі бейнесінің қалыптасуы,
Ұлттық туристік өнімді құру сонымен қатар оның инвестициялық
Сырттан келушілер туризмі және ішкі тартымдылығының төмендеуі
туризм бойынша туристердің ағынын
көбейту

Шешілмеген күйінде қалып отырған, бірақ туризм саласының дамуы үшін
негізгі мәселелер болып табылатын бірқатар проблемалық мәселелерді атап өту
қажет.
Саланы дамытудың негізі ретінде туризм индустриясының инфрақұрылымы
бүгінгі күні, 2009 жылдың қорытындылары бойынша - 1235 бірлік орналастыру
орнын құрап отыр.
Оның орнықты өсу үрдісі байқалып отырғанына қарамастан, негізінен,
орналастыру орындары қалаларда және ірі елді мекендерде оналасқан. Тек
шетелдік туристерге ғана емес, сондай-ақ отандық туристерге қолайлы
жағдайлар туғызу үшін, елді мекендер арасындағы ұзақ қашықтықтарды есепке
алсақ, олардың автомобиль жолдарының бойында белгілі бір учаскелерде
орналасқаны маңызды.

Сонымен қатар, туристік объектілердің оқшауланған жерлерінде немесе
туристік бағдарлардың торапты нүктелерінде орналастыру жағдайларының
болмауы бұқаралық сырттан келушілер туризмін және ішкі туризмді дамытуға
кедергі келтіреді. Нәтижесінде ішкі туризмде ұзындығы 400-500 км болатын
бір күндік турлар басым болып келеді, ал бұл - жолға көп уақыт
шығындалатынын куәландырады. Мұндай сапарлар жалықтырады, туристердің
көпшілігінде жағымсыз естеліктер қалдырады.
Тағы бір шешімін талап ететін проблеманың бірі әлемдік қаржы дағдарысы
жағдайында отандық инвесторлар тәуекелге бармайды және туристік
объектілердің құрылысына одан әрі қаражат салмайтын болады. Туризм
инфрақұрылымын дамыту үшін туристік ұйымдарға жеңілдіктер беру және ұзақ
мерзімді несиелеу механизмін жасау бәсекеге қабілетті туризм индустриясын
дамытуға инвестициялар көлемінің өсуіне ықпал жасайды.
Туризмді дамытуды басты жолға қоятын елдерде әдетте, туристік
инфрақұрылымды, оның ішінде қонақ үйлерді дамытуды ынталандыратын
заңнамалық сипаттағы шаралар қабылданады. Бұл ретте, мемлекеттік органдар
және қаржы мекемелері туризмға салынған инвестициялар жаңа жұмыс орындарын
ашады, белгілі бір кіріс әкеледі дегенге сүйенеді. Сондықтан да көптеген
елдерде шетелдік және ішкі инвестицияларды тартуға ықпал жасайтын, айталық
оларға салық жеңілдіктерін белгілеу сияқты заңнамалық шешімдер қабылданады.

Қолдаудың негізгі шараларына, мысалы қонақ саласында мыналар жатады:
құрылыс үшін жер учаскесін бөлуге көмек;
маркетингтік зерттеулер жүргізуге көмек;
жоғары кредиттік ставкалар бойынша күрделі салымдарды қайтару;
жобаның бастапқы кезеңіндегі шығындарды жобадан табыс алу кезеңіне
жатқызу (төлемдердің мерзімін ұзарту);
жобалар инфрақұрылымын мемлекеттің дамытуы;
елде өңдірілмейтін жобалау жабдықтарын жеткізу кезіндегі салықтық және
кедендік жеңілдіктер.
Өзге де жеңілдіктерге табыс салығының болмауын (Эстония, БАӘ) және
жалпы салық салудың үндестігін (Балтық елдерінде) жатқызуға болады. Кейбір
елдерде туристік инфрақұрылым қаржылық сипаттағы маңызды жеңілдіктерге ие.
Түркияда қонақ үй-туристік кешеніне мемлекет 40% қаржылық демеу
көрсетеді, бұл бәсекеге қабілетті бағаларды белгілеуге мүмкіндік береді.
Бұған қоса, туристер үшін ыңғайлы жергілікті ақша бірлігімен қатар шетелдік
валюталардың еркін жүруі қабылданған.
Израильде қоңақ үй саласындағы инвестициялардың 30%-ына дейінгі
көлемін инвесторға мемлекет тікелей аударымдар арқылы және салық
жеңілдіктері арқылы (туристерді тартудың белгілі бір көлеміне қол жеткізген
жағдайда) қайтарады.
Мексикада Акапулько және Канкун курорттарының маңында франко аймақтары
(салық салудан босатылған) құрылған.
Испанияда испандық туристік өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
жоспары қабылданған, онда негізгі курорттық аймақтарда қонақ үйлерді қайта
жаңарту мен жаңғырту, жағажайы жоқ аудандарда (Валенсия) ауыл туризмін
дамыту басымдықты бағыт ретінде белгіленген. Тенериф аралы франко аймағы
болып жарияланған, ол тек туристік қызмет көрсету құнының (оның ішінде
қонақ үйлердің) төмендеуінен ғана емес, сонымен қатар басқа да өнімдердің,
атап айтқанда жанар май құнының төмендеуінен көрінеді; үкімет арал
инфрақұрылымының дамуына ірі сомаларды инвестициялайды;
Мароккода дамудың басым жобаларына (ірі ойын-сауық саябақтары, қонақ
үй кешендері және басқалары) тікелей бюджеттік инвестицияларды ұйғаратын
(20 - 40 %) туризмді дамыту жоспары қабылданған.
Индонезияда Бали аралы еркін экономикалық аймақ болып танылған, бұл
туристік ұсыныстардың бағасын төмендетеді. Бұнда инфрақұрылымның дамуында
тікелей бюджеттік инвестициялар қолданылады. Әдетте, әлеуетті
инвесторлардың алдына алдын-ала шарттар қойылады – бұл дамушы деп танылған
өңірлерде жүзеге асырылатын жобаларды инвестициялау. Бұған қоса, мынадай
талаптар қойылады: тұрақты валюта түрінде алынған кірістер мен табыстарды
елде пайдалану; жергілікті қызметкерлерді тарту; оларды оқытуды жүзеге
асыру және т.б. Кейде жобаның сыртқы түріне де (жергілікті сәулетпен
үйлесу) талаптар қойылады.
Егер қолайлы инвестициялық климат құруды білдіретін, қонақ үй саласына
күрделі салымды мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтатын болсақ, онда
мұндайлар ретінде әдетте төмендегілер қарастырылады:
болашақ инвесторларға ақапарттық және консультациялық көмек. Жобаның
болашағын дұрыс бағалау үшін инвестор бірнеше жылдар ішіндегі динамикадағы
негізгі нарықтық көрсеткіштер туралы ақпаратты білуі қажет. Қонақ үй
индустриясында мұндай көрсеткіштерге қонақ үйлердің толық болуы, нөмір үшін
түскен табыстар, нөмірдің орташа бағасы және тағы басқалары жатады. Бұл
мәліметтерді тек ресми мемлекеттік деректерден немесе арнайы консалтингтік
компаниялардан алуға болады;
мемлекеттік кепілдемелерді беру – несиемен қамсыздандырудың кең
таралған механизмі. Үкіметтік кепілдік бойынша ТМД елдерінде бірқатар қоңақ
үй объектілері салынған (мысалы: Ташкент қаласындағы Шодлик).
Ынтымақтастықтың мұндай нысаны шетелдік инвесторлардың көңілінен шығады
және өтпелі және дамыған экономикалы елдердің іскерлік тәжіриесінде біршама
таралған;
инвесторлардың мүддесін қорғайтын заңнаманы әзірлеу, пайданың қайтуына
қатысты салық жеңілдіктері мен кепілдемелер белгілеу.
ЮНДТҰ деректеріне сәйкес, әлемдегі туристік сапарлардың жалпы санында,
60%-ын демалысқа байланысты сапарлар, 30%-ын іскерлік сапарлар құрайды
екен.
Қазақстанға қызығушылық танытатын туристердің нысаналы тобы:
жабайы, адам қолы тимеген табиғатты және таңғажайып ландшафтты
ұнатушылар;
зерттелмеген туристік бағыттарды ұнатушылар, алғашқы ашушы болуға
ниетті білімқұмар туристер;
Қазақстанда экологиялық туризм жақсы әлеуетке ие, бірақ жеткілікті
дамымаған.

Туризмді дамыту жөніндегі 2007-2011 жылдарға мемлекеттік бағдарламада
экотуризм басымдықты бағыттардың бірі ретінде айқындалған болатын және оны
дамыту жөнінде ұлттық, өңірлік және жергілікті саясатты әзірлеу көзделген
болатын. Алайда, бүгінгі күні саясат та, бірыңғай ұйымдастыру тәсілдері де
қалыптастырылған жоқ.

Экотуризм табиғи аумақтарға туристік ағындарды көбейтуге
бағдарланбаған, ол табиғатты сақтап қалуға мүмкіндік береді, сәйкесінше
қоршаған ортаға теріс әсер етуі ықтимал инвестициялық жобаларды іске
асыруды талап етпейді.

Қазақстанның аумағында 118 ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар, соның
ішінде 11-і мемлекеттік ұлттық парк, оларда экотуризмді дамытуға
бағытталған реттемелі туристік пайдалануға жол берілген. Оның
объектілерінің табиғи да, мәдени де көрнекті жерлер, табиғи және табиғи-
антропогенді ландшафтар болуы мүмкін екенін есепке алсақ, сондай-ақ онда
дәстүрлі мәдениет қоршаған табиғи ортамен бірыңғай тұтастықты құрайтынын
есепке алсақ, экологиялық туризмді дамыту табиғи аумақтарға қаржылық
қолдауды қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар оларды сақтауға деген
мүдделілікті туғызуға мүмкіндік береді.

Ауыл экотуризмінің де дамуға әлеуеті бар. Оны дамыту ауылдық
аумақтармен шектеліп отыр және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі
қызметпен түсіндіріледі.

Көрсетілген туризм түрі шеңберінде Қазақстанда қонақжай үйлер дами
бастады, туристер оларға тоқтай отырып, ауылдық өмір салтын сүреді,
қазақтың күнделікті мәдениетімен және табиғи көрнекті жерлерімен танысады.

2005 жылдан бастап Алматы қаласында Экологиялық туризмнің ақпараттық
ресурстық орталығы қызмет етеді, орталық аталған қонақжай үйлерді құру және
дамыту жөнінде жұмыс істейді. Бұл үйлер Қазақстан Республикасында
экологиялық, орнықты туризмді дамыту тұжырымдамасының құрамдас бөлігі болып
табылады.

Аталған мәселе бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу, экотуризмнің
әлеуметтік-экономикалық рөлі түрлі функциялы аудандарда ерекшеленетінін
көрсетіп отыр. Ауыл шаруашылығы аумағында экотуризм өндірістік, ландшафты
және жергілікті халықтың дәстүрлі өмірі үшін қосымша кіріс көзі болуы
мүмкін. Басты функциясы табиғи және мәдение-тарихи мұраны қорғау болып
табылатын аумақтарда экотуризм – осы функцияны атқаруды экономикалық
тұрғыдан ақтайтын басты кіріс көздерінің бірі болып табылады. Өнеркәсіптік
аудандарда экотуризмнің рөлі аз өзгеріске ұшыраған табиғат учаскелерін
қорғауда және халықтың физиолгоиялық және психологиялық тепе-теңдігін ұстап
тұруда болып табылады.

Экотуризм географиясы дәстүрлі туризмнің географиясынан ерекшеленеді.
Негізгі халықаралық экотуристік ағындар дамыған елдерден дамушы елдерге
қарай бағытталған. Бірақ бұл ретте дамушы елдерде туристік салада туризмнің
үлесі жоғары, себебі Еуропа және Солтүстік Америка елдерінде ішкі экотуризм
кеңінен таралған деп пайымдауға болмайды.

Экотуристерді тарту жөніндегі әлемдегі алғашқы елдердің бірі Кения
болып табылады. Кения келген он адамның сегізі экотуристік мақсатта келеді.
Экотуризм туристік нарығы тез даму үстіндегі Латын Америкасы елдерінде және
Оңтүстік Америкада да ерекше байқалады, бұл елдер инфрақұрылым құру, адам
дамуы, дамуы кенже қалған қара аудандарды көтеру, қоғамды одан әрі
демократияландыру салаларында экотуризмге маңызды үміт артып отыр.

АҚШ-та халықаралық экотуризм сұранысының 12-інен астамы тоғысқан.
Экологиялық туризмнің сан алуан түрлері елдің өзінде де белсенді дамып
келеді. АҚШ-та ішкі де, халықаралық та экотуризммен байланысты әлемдегі ең
көп ұйымдар орналасқан. АҚШ-та және басқа да дамыған елдерде экотуризмнің
мемлекеттік деңгейдегі рөлі шағын болса да, оның өңірлік және жергілікті
деңгейдегі рөлі тұрақты түрде өсіп отырады. Экосаяхаттардан түскен кірістер
халықаралық туризмнен түсетін кірістің кемінде 10 %-ын құрайды.

Тұтастай алғанда, экологиялық туризмге деген әлеуетті қызығушылық
халықаралық нарықта 8,9 млн. адамды (немесе жалпы әлеуеттің 63%) құрайды.
Бұл туристік өнім әлемдік туризм нарығында ең үздік тұғырға ие және
Қазақстанда дамыту үшін негізгілердің бірі болуы тиіс.

Сақ қорғандарытөбелері, Есіктегі Алтын адам және көптеген басқалары
сияқты жиырма жеті мың көне ескерткіштің болуы Қазақстанның көне және
бірегей тарихына куә.
Ұлы Жібек жолының қазақстандық учаскесі тарихи ескерткіштердің,
археология, сәулет, қала құрылысы және монумент өнері ескерткіштерінің
бірегей кешенін білдіреді. Олар тек сауда орталықтары ғана емес, сондай-ақ
ғылым мен мәдениеттің орталығы болған Отырар, Тараз, Сайрам, (Испиджаб),
Түркістан (Яссы), Баласағұн және басқа да көне қалалар болып табылады.
Осының барлығы мәдени-танымдық туризмді тиімді дамытуға ықпал жасауы
тиіс, бірақ аталған сектордың жарнамалық-ақпараттық материалдың болмауы,
нашар инфрақұрылым, соның ішінде туризм объектілерінің жанындағы
орналастыру орындарының аздығы, жүру жолдарының төмен сапасы сияқты
көптеген факторларға тәуелді болуын ескерсек, оның төмен бәсекеге
қабілеттілігі байқалады.
Қазақстан бірегей табиғи-минералдық және климаттық ресурстарға ие бола
отырып, емдеу-сауықтыру және тау шаңғысы туризмін де дамыта алады.
Емдеу-сауықтыру қызметтерін көрсету мен дамыту нарығындағы жағдай
туристік-рекреациялық бағыттағы кәсіпорындар санының өсуіне қарай өзгеруде.
Аталған мәселенің жай-күйін талдау 1999 жылдан бастап санаторийлік-
курорттық мекемелер мен демалыс ұйымдарының саны бірте-бірте көтеріліп және
дамып келе жатқанынын көрсетеді, олардың саны 2007 жылдың қорытындысы
бойынша 127-ге дейін өскен.
Қазақстан үшін аса өзекті осы мәселе бойынша халықаралық тәжірибені
зерделеу санаторийлік-курорттық емделуге туристік келулер бойынша
көшбасшылық ең ірі және әйгілі әлемдік Карловы-Вары шипажайының арқасында
Чехияға тиесілі екенін көрсетіп отыр. Чехияның ұлттық туристік
әкімшілігінің деректері бойынша, жыл сайын оған әлемнің 70-тен астам елінен
50 мыңға жуық адам едмелу үшін және 2 млн.-ға жуық турист рекреациялық-
сауығу мақсатында келеді екен.
Швейцария – соңғы он жылда тау шаңғысы туризмі бойынша танымал ел, тау
шаңғысы туризмі елге 20 млрд. АҚШ долларына дейінгі көлемде кіріс әкеледі.
Туризмнің осы түрі Альпі тауларын белсенді пайдаланатын Италия мен
Францияда, сондай-ақ Австрия, Словения және Монтонегрода дамыған. Туризмнің
осы бағытын дамытуды жандандыруды Болгария мен Турция сияқты елдер де
жоспарлап отыр.
Қазақстан үшін тау шаңғысы туризмін дамытудың жоғары өзектілігі бар,
оны дамыту жекелеген өңірлерде әлеуметтік-экономикалық дамудың негізіне
айналуы мүмкін.
Бірегей табиғи жағдайлар жайлылық пен қызмет көрсетудің жоғары
деңгейіне ие, заманауи ірі тау шаңғысы кешендерін салуға мүмкіндік береді.
Туризмнің жоғарыда көрсетілген түрлерін дамыту барлық туристік-
рекреациялық кешеннің экономикалық тұрақтылығын және табыстылығын
қамтамасыз етуге, елдің құнды табиғи емдік ресурстарын сақтауға және ұтымды
пайдалануға, туристік-рекреациялық қызметтерді көрсету деңгейін арттыруға,
елде бәсекеге қабілетті туристік индустрияны қалыптастыру және дамыту үшін
жағдайлар туғызуға ықпал жасайтын болады.
Туризм инфрақұрылымның дамуына қарамастан, көптеген туристік
объектілерде қызмет көрсету сапасы төмен деңгейде қалып отыр. Бұл туристік
сала үшін кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру жөніндегі шараларды іске
асыру уақытты талап ететінімен байланысты.
2008 жылғы 5 шілдеде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Аталған Заңды іске асыру шеңберінде жұмыс берушілерде білім беру
қауымдастықтармен және ұйымдарымен бірлесіп, өздеріне қажетті туристік
кадрларды кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру курстарын
енгізуге нақты мүмкіндік тудыру үшін нормативтік база жасалды. Бұған
Туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және
олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қыркүйектегі № 878 қаулысы
бағытталды.
Елдің туристік сала үшін кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындарында
Дүниежүзілік туристік ұйым ұсынған WTO-TedQual туристік білім беру сапасы
жүйесін енгізу проблемалық мәселе күйінде қалып отыр.
Осы мақсатта ЮНДТҰ сарапшылары мен Білім және ғылым министрлігі
сертификаттаудың аталған жүйесін Қазақстанның бір жетекші мемлекеттік
жоғары оқу орнының базасында енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру
туралы мәселені зерделеу жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
Өңірдің туризм орталығы болуды жоспарлап отырған Қазақстанға, қызмет
көрсету секторында талап етілетін орта және жоғары звенодағы білікті кәсіби
мамандардың жетіспеушілігі ерекше өткір байқалатын туризм индустриясы
саласында кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар кешенін
қабылдау қажет.
Туристік сала үшін мамандарды даярлау техникалық және кәсіптік білім
берудің 77 оқу орнында 11 мамандық және 33 біліктілік бойынша жүзеге
асырылуда, онда 16,6 мың адам оқиды.
Туризм және спорт министрлігі бизнес-қауымдастықтардың, жұмыс
берушілердің, сондай-ақ, туризм индустриясы үшін кадрларды даярлайтын
жоғары, техникалық және кәсіптік орта оқу орындары басшыларының қатысуымен
Еуропалық білім беру қорының (ЕБҚ) Орталық Азия елдеріндегі ұлттық
біліктілік шеңберлері жобасы шеңберінде туризм саласының жаңа біліктілік
құрылымы әзірленді. Оны бекіту үшін эксперименталды апробация өткізу керек.
Осы мақсатта Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен және тікелей
қатысуымен пилоттық жоба ретінде туризм саласында икемді біліктілік
құрылымды енгізу жөніндегі пилоттық жоба іске асырылуда.
Соңғы екі жыл ішінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі,
Білім және ғылым министрлігі мен Статистика агенттігімен бірлесіп,
Экономикалық қызмет түрлері жіктегішіне және Салалар бойынша мамандарды
даярлау бағыттарының жіктегішіне министрлік туризмді кластерлік дамытуды
іске асыруға байланысты бастама жасаған өзгерістер мен толықтыруларды
енгізу жөнінде жұмыс жүргізілді.
Сонымен қатар, соның негізінде туризм статистикасы қалыптастырылатын
және туризм саласының мемлекет экономикасын дамытуға қосатын үлесін
бағалауға мүмкіндік беретін Туризмдегі қосымша шот енгізілді. Алайда,
экономикасында туризмнің үлесі 50%-дан астамды құрайтын елдермен қатар,
статистикалық есепке алуды жетілдіруді әлі де жалғастыру талап етіледі.

2. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны
іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

Мақсаты – бәсекеге қабілетті туристік өнімді қалыптастыру үшін туризм
индустриясын орнықты дамыту және Қазақстанның туристік бағыт ретіндегі
тартымдылығын арттыру.
Міндеттері:
бәсекеге қабілетті туристік өнімді қалыптастыру;
Қазақстанның туристік маркетингтік стратегиясын қалыптастыру;
туристік индустрияның кадрлық әлеуетін дамыту.
Нысаналы индикаторлар:
туристік қызмет саласында қызмет көрсетулер ұсынатын ұйымдардың
жиынтық кірісін 2015 жылға 2008 жылдың деңгейінен кемінде 12% ұлғайту
туристік қызмет көрсетулердің жыл сайынғы өсімі кемінде 10%.
Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері.
Бірінші міндетті іске асырудың қорытындылары бойынша келесі
нәтижелерге қол жеткізіледі:
бағдарламаны іске асыру соңына қарай ұлттық туристік кластер
құрылады, оның шеңберінде жол бойы сервисі объектілерінің 58 бірлігі
болады, қосымша 10 туризм объектісі салынатын болады, бұл койко-орындардың
санын 870 бірлікке көбейтуге және 20 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға, соның
ішінде шектес салаларда ашуға мүмкіндік береді.
Екінші міндетті іске асырудың қорытындылары бойынша келесі
нәтижелерге қол жеткізіледі:
туристердің оңайлатылған келу жүйесі үшін жағдайлар жасалатын болады,
бұл сырттан келушілер туризмі көрсеткіштерінің және тиісінше бюджетке
кірістің тұрақты өсуін қамтамасыз етеді; туристік статистиканың мәндік тобы
кеңейтілетін және жетілдірілетін болады, туристік статистика деректері
ЮНДТҰ мен басқа да халықаралық ұйымдардың ұсынымдарына сәйкес келетін
болады; халықарлық туристік көрмелерге, жәрмеңкелерге және басқа да іс-
шараларға қатысу қамтамасыз етілетін болады, сондай-ақ ішкі туризмнің
тартымдылығын арттыру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
Үшінші міндетті іске асырудың қорытындылары бойынша келесі
нәтижелерге қол жеткізіледі:

Мақсатқа, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелердің
көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар:
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі – үйлестіруші,
Салалық бағдарламаны әзірлеуші;
Ішкі істер, сыртқы істер, байланыс және ақпарат, білім және ғылым,
ауыл шаруашылығы, экономкалық даму және сауда, индустрия және жаңа
технологиялар, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар, көлік және
коммуникациялар, қоршаған ортаны қорғау, қаржы министрліктері, Қазақстан
Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері
агенттігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, облыстардың,
Астана және Алматы қалаларының әккмдіктері, Қазақстандық Туристік
қауымдастық.

3. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

3.1 Бағдарламаның іске асыру кезеңдері:
2010 – 2013 жылдар:
Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық көліктік дәлізінің бойымен
туристік кластерді жол бойы инфрақұрылымы объектілерін сала отырып және
оларға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жасай отырып құру.

2010 – 2014 жылдар:
Туристік орталықтар, кешендер мен орналастыру объектілерін салу
(Бурабай, Жаңа Іле, Кендірлі, Алакөл);
Тау шаңғысы туризмінің инфрақұрылымын жасау;
Экологиялық туризмді дамытуды ынталандыру;
Қазақстанның туристік маркетингтік стратегиясын қалыптастыру;
Туристік индустрияның кадрлық әлеуетін дамыту.

2012 жыл:
бәсекелестікті дамыту жөніндегі шаралар.

3.2 Бағдарламаны іске асыру жөніндегі шаралар
1. Бәсекеге қабілетті туристік өнімді қалыптастыру;
Аталған міндетті іске асыру үшін мынадай шаралар қажет.
1) Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық көліктік дәлізінің бойымен
туристік кластер құру.
Кластерді қалыптастыру Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда
және Ақтөбе облыстарының аумағы бойынша мынадай негізгі сипаттамаларға ие,
үш санатты жол бойы инфрақұрылымы объектілерін салу арқылы жүзеге
асырылатын болады:
А. Туристік орталық (мотель, ақпараттық орталығымен туристік қызмет
көрсету бюросы, бағдарлар және демалыс пен ойын-сауық орындары,
мейрамханадәмхана, дүкендер, дәретханалар, жанармай құю станциясы, жүк
машиналарын қою арналған тұрақ, авто жөндеу шеберханасы, шино жөндеу
шеберханасы).
В. Демалыс орталықтары (туристік ақпараттық бекет, мейрамханадәмхана,
дүкен, дәретханалар, жанармай құю станциясы, жүк машиналарын қою арналған
тұрақ, авто жөндеу шеберханасы, шино жөндеу шеберханасы).
С. Қызмет көрсету орталығы (дүкен, дәретханалар, жанармай құю
станциясы, жүк машиналарын қою арналған тұрақ, жөндеу шеберханасы).
Ұсынылып отырған санаттағы жол бойы инфрақұрылымы объектілерінің
құрылысы үлгі жобаға сәйкес жүзеге асырылатын болады.
А санатындағы инвестициялық жобаларды дамыту ұсынылып отыр:
Ақтөбе облысында Greenland, Ырғыз керуен сарайы демалыс базалары
(2010-2015 жж.);
Қызылорда облысында Байқоңыр туристік орталығы және Қамбаш көліндегі
туристік орталық, Ғарыш айлағы сауда ойын-сауық кешені, киіз үйлі қонақ
үй, сондай-ақ Қорқыт ата туристік орталығы (2011-2020 жж.);
Оңтүстік Казақстан облысында Көне Түркістан, Көне Отырар туристік
орталықтары (2011-2017 жж.).
Әрбір 90-120 км сайын қашықтықта орналасатынВ санатындағы 58 жол
бойы қызмет көрсету объектілерінің құрылысы ұсынылады, оның ішінде:
Ақтөбе облысында – 12 бірлік;
Қызылорда облысында – 16 бірлік;
Алматы облысында – 10 бірлік;
Жамбыл облысында – 10 бірлік;
Оңтүстік Қазақстан облысында – 10 бірлік.
С санатындағы объектілер бір-бірінен 50 км қашықтықта орналасады.
Бұл ретте, осы санаттағы объектілердің орналасуын ҚР Туризм және спорт
министрлігі ҚР Көлік және коммуникация министрлігімен және жергілікті
атқарушы органдармен бірлесіп анықтайтын болады.
Барлық жоғарыда аталған жол бойы қызмет көрсету объектілері шахмат
тәртібімен орналасуы тиіс.
2) Өңірлерде туристік орталықтар, кешендер мен орналастыру
объектілерін салу:
Республикалық индустрияландыру картасына енгізілген Ақмола облысының
Бурабай АЭА шекарасында туристік ойын-сауық кешенінің, сондай-ақ, өңірлік
индустрияландыру картасына енгізілген Шығыс Қазақстан облысындың Алакөл
көлінің жағалауында қонақ үй кешенінің құрылысы жүзеге асырылатын болады.
Аталған индустрияландыру карталары индустриялық-инновациялық саясатты
тұрақты түрде өзекті етудің құралы болып табылады.
Ақмола облысының Бурабай АЭА шекарасында туристік ойын-сауық кешенін
салу жобасын іске асыру ҮИИДМБ-ға енгізілді.
Орталықты құрудың негізгі идеясы – қазіргі заманғы туризм
инфрақұрылымын кешенді дамыту және құрылысқа инвестициялар тару, Шучье-
Бурабай курорттық аймағының аумағында инновациялық қызметтің артуын
қамтамасыз ету.
Туристік ойын-сауық кешенін салу жылына 220 000-ға дейін демалушыларды
қабылдауды қамтамасыз етеді, мұнда мынадай бағыттарда шағын және орта
бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасалатын болады:
сауықтандыру, ойын-сауық саласында қызмет көрсету, тамақтануды
ұйымдастыру, қонақ үй, экскурия, ақпараттық, көліктік қызмет көрсету, бұл
ретте көліктік қызмет көрсету кезінде экологиялық таза көлік, соның ішінде
кіші авиация пайдаланылатын болады;
мәдение-танымдық, экологиялық, іскерлік, спорттық және туризмнің басқа
да түрлері саласында қызмет көрсету;
әр түрлі кәдесый өнімдерін дайындау және шығару жөніндегі өндірісті
ұйымдастыру.
Курорттық аймақты құру жобасы 2 кезеңге бөлінген: 1 – 2009-2011 жж., 2
– 2012-2021 жж.
Бұдан басқа, Алматы облысының Қапшағай су қоймасы жағалауында Жаңа
Іле халықаралық туристік орталығын және Маңғыстау облысында Кендірлі
халықарлық курортын, сондай-ақ қонақ үйлер желісін салу көзделіп отыр.
3) Тау шаңғысы туризмінің инфрақұрылымын жасау:
Жамбыл облысында Көксай тау шаңғысы базасы;
Оңтүстік Қазақстан облысында Қасқасу тау шаңғысы базасы;
Алматы облысында Шымбұлақ тау шаңғысы курортын дамыту, сондай-ақ
арқан жолдарын салу;
Жобаларды дамыту мүмкіндіктерін және тиімділігін анықтау мақсатында
зерттеу жүргізу және дамыту тұжырымдамасын әзірлеу қажет, тұжырымдама
есепке алына отырып, одан әрі іске асыру жүзеге асырылатын болады.
Алматы қаласында Шымбұлақ тау шаңғысы базасын дамыту жөніндегі жобаны
іске асыру ҮИИДМБ-ға енгізілді және жобаның мақсаты әлемдік өндірушілердің
жоғары қарқынды жылдамдығымен және орындықтарының ыңғайлылығымен
ерекшеленетін арқан жолдарының жаңа жүйесі есебінен, шаңғы трассаларын 7 км-
ден 100 км-ге дейін ұлғайту, жаңа заманауи мейрамханалар, коммерциялық
аймақтар, тұрақтар салу есебінен тау шаңғысы курортында инфрақұрылым жасау,
шаңғы тебу маусымын 2 айға ұлғайту болып табылады.
Жоба сондай-ақ 2011 жылы Алматыда қысқы Азия ойындарын өткізуге,
Алматы облысында туризм мен спортты дамытуға ықпал жасайтын болады.
4) Экологиялық туризмді дамытуды ынталандыру:
ақпаратты тарату және экологиялық туризмді танымал ету;
қонақжай үйлер жүйесін құру және дамыту;
экотуристік қызметке тарту мақсатында экотуризм мәселелері жөнінде
ақпараттық жұмысты жүргізу;
қонақжай үйлер үшін стандарттарды әзірлеу және олардың сертификаттау
процедурасынан өтуі;
қонақжай үйлерді құру кезінде энергияның баламалы көздерін және
экотурларды ұйымдастыру кезінде экологиялық таза көлік түрлерін пайдалануға
жәрдемдесу;
экологиялық туризмді дамыту мәселелері жөнінде халықаралық ұйымдармен
ынтымақтастық.
Сонымен қатар, экологиялық туризмнің дамуы мемлекеттік ұлттық
парктердің қызметімен тығыз байланысты екенін есепке ала отырып, оларды
өздерінің Бас жоспарларына сәйкес тиісінше жайластыру қажет.
Аталған шаралар Қазақстанның халықаралық нарықта бәсекеге түсуге
қабілетті, табиғи-климаттық әлеуетін ескеретін толыққанды туристік өнімді
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қолдаудың қажетті шаралары.
Жоғарыда көрсетілген жобалардың, сондай-ақ жол бойы инфрақұрылымы
объектілерінің құрылысын қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы
органдардың жол бойы органдарының келісімі бойынша белгіленген тәртіппен
көлік дәлізі бойынан жер учаскелерін бөлуі, туризм индустриясының қайтадан
салынатын объектілеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жасау
қажет. Сонымен бірге, Бизнестің 2020 жылға дейін жол картасы бағдарламасы
шеңберінде кәсіпкерлік субьектілерінің кредиттері бойынша пайыздық
ставкаларды субсидиялауды қамтамасыз ету, сондай-ақ инвестициялық
артықшылықтар, мемлекеттік заттай гранттар, кедендік баж салығы мен жер
салығынан босату жүйесін пайдалану талап етіледі. Осылайша, инфрақұрылымдық
жобаларды дамытудың негізі мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту
болуы тиіс.
2. Қазақстанның туристік маркетингтік стратегиясын қалыптастыру.
Мемлекеттік инвестициялық саясаттың барлық ықтимал механизмдерін
пайдалана отырып, елдің туристік кластерін дамыту үшін негізгі жағдайларды
тудыру мақсатында жеке инвестицияларды ынталандыру және мемлекеттік
инвестицияларды жүзеге асыру жөнінде шаралар кешенін әзірлеу қажет.
Сектораралық және ведомствоаралық кедергілерден өту үшін мүдделі
мемлекеттік органдардың бизнес-құрылымдармен тығыз серіктестіктегі іс-
қимылын үйлестіру бөлігінде заңнамалық және экономикалық шаралар арқылы
балансталған мемлекеттік саясатты жүргізу қажет.
Жеке инвестициялар тарту процесін ынталандырудың экономикалық
тетіктері ретінде инвестициялық салық жеңілдіктерін, мемлекеттік заттай
гранттар жүйесін пайдалану, туристік кешендерге арналған құралдар мен
жабдықтарды кедендік баж салығынан босатуды, жобаны іске асырудың алғашқы 5-
10 жылдарында қызметтің басым түрлеріндегі кәсіпорындардың тіркелген
активтеріне салымды жүзеге асыратын инвесторларға Инвестициялар туралы
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген жер салығынан босату
жоспарлануда. Сондай-ақ жабдықтар мен технологияны лизинг бойынша сатып алу
және франчайзингтік қатынастарды кеңінен тарату механизмін кеңінен
пайдалану қажет.
Туроператорлар инклюзив-турлар (inclusive tour) немесе пэкидж-турлар
(package tour) деп аталатын турларды сату арқылы толық қызмет көрсету
кешенін қамтамасыз етуі қажет. Бірақ бұл үшін ISO 9000 және ISO 14000
халықаралық қызмет көрсету стандарттарын енгізу қажет, адал бәсекені
дамытуға және туристік қызмет көрсетулердің өркениетті нарығын
қалыптастыруға жағдайлар жасау қажет. Бұған қоса, туристік қызмет
көрсетулердің тарифтерін қайта қарау қажет, тұтастай алғанда, ұлттық
туристік өнімді қалыптастыру жолдарын өзгерту қажет, себебі Қазақстан үшін
алдын-ала жарнамаланған бағдарлама бойынша пэкидж-турларды (турпакеттерді)
сату сипаты тән.
Міндетті іске асыру жөніндегі шаралар:
- саяси тұрақты мемлекеттердің азаматтары үшін визалық және тіркеу
процедураларын, кедендік бақылауды жеңілдету жөніндегі жұмыстарды
жалғастыру;
- халықаралық шарттарды жасасу;
- сырттан келушілер туризмін де, ішкі туризмді дамыту үшін де
инвестицияларды, салық салуды реттейтін заңнамалық және нормативтік-
құқықтық базаны жетілдіру;
- туристік ағынды тарту мақсатында жолаушылар тасымалы саласындағы
тарифтік саясатты жетілдіру мәселелерін пысықтау;
- туристік статистика мен есептілік жүйесін жетілдіру және ұлттық шот
жүйесінде туризмнің қосымша шотын одан әрі енгізу;
- қазақстандық туристік өнімді ішкі де, сыртқы да нарықта қолдау және
жылжыту.
Аталған міндет шеңберінде көрсетілген шаралар Салалық бағдарламаның
барлық қолданылу кезеңінде іске асырылатын болады және ұзақ мерзімді
перспективаға (2020 жылға дейін) есептелген.
3. Кадрлық әлеуетті дамыту.
Міндетті іске асыру жөніндегі шаралар:
- 14 мамандық бойынша туристік сала үшін кадрларды даярлау оларды
жоғары оқу орындарында және ТжКБ 77 оқу орнында даярлау есебінен
қанағаттандырылатын болады;
- Ақмола облысындағы Бурабай АЭА туристік ойын-сауық кешені үшін
кадрларға (ойын-сауық персоналы, сауда-коммерциялық персонал) және Алматы
облысындағы Шымбұлақ тау шаңғысы кешені туристік базасы үшін кадрларға
деген қосымша қажеттілік ТжКБ оқу орындарында және қысқа мерзімді даярлық
оқу орталықтарында кадарларды даярлау есебінен толтырылатын болады.
- WTO-TedQual туристік білім беру сапасын сертификаттау бойынша
мемлекеттік ЖОО аудитін жүргізу;
- туристік индустрия кадрларының біліктілігін тұрақты арттыру;
- туристік сала мамандықтары бойынша біліктілікті сертификаттаудың
тәуелсіз жүйесін енгізу;
- қонақжайлылық индустриясын ұйымдастыру жөнінде курстар ұйымдастыру;
- Ақмола облысы Көкшетау қаласында 600 орындық кәсіптік лицей салу.
Аталған міндет шеңберінде көрсетілген шаралар қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілген жағдайда, орта мерзімде кезеңде іске асырылатын болады.
4. Бәсекелестікті дамыту.
Туристерге қызмет көрсету нарығында бәсекелестікті дамыту мақсатында:

туристік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризмді дамытуға әр елдердің және Қазақстандағы туризм түрлерін дамытуға арналған перспективті бағдарламаларды талдау
Алматы облысының туризм индустриясының даму жағдайын айқындау
ҚР туризм түрлерінің бағдарламалық түрде ұйымдасуы мен жүргізілуін теориялық және тәжірибелік тұрғыда қарастыру
Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы
Халықаралық туризмдегі көлік саласының теориялық негіздері
Қазақстан Республикасында халықаралық туризмді дамыту мәселелері
Алматы облысында туристік кластерді дамыту
ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ
Астананың туристік имиджін дамыту
Ішкі туризм туралы ақпарат
Пәндер