Табиғаттағы тірі ағзалардың өзара байланыстығы



Ағзалық әлем
Тірі табиғат дүниесі
Бытыранықтар дүниесі
Вирустар дүниесі
Саңырауқұлақтар дүниесі
Өсімдіктер дүниесі.
Жануарлар дүниесі.
Тірі ағзаның негізгі қасиеттері
Ағзалық әлем деген не? Жерде тіршілік етіп, мекендейтін ағзалар (тіршілік иелері) жиынтығы ағзалық әлем деп аталады. Ағза жасушасының нәруыз, май, көмірсу және нуклеин қышқылынан құралатыны мәлім. Демек нәруыз, май, көмірсу, нуклеин қышқылы - ағзалық зат (органические вещества). Ағза жасушасының құрамында су және минералды тұздар да болады. Су және минералды тұздар - бейағзалық зат (неорганические вещества). Өйткені бұлар тіршілік иесіне тән тіршілік әрекетін білдіре алмайды, яғни ағзалық зат емес.
Тірі табиғат дүниесі. Өсімдіктердің құрылысын, тіршілік әрекеттерін және жануарлар туралы жалпы түсінікті бұған дейін оқыдыңдар. Тірі ағзаларға тән ортақ белгілерді еске түсіріңдер. Өсімдіктер дүниесінің жануарлар дүниесінен айырмашылығын өздерің әңгімелеп көріңдер.
Сендер табиғаттағы тірі ағзалардың дүниеге қалай жіктеліп, топтастырылатынын білесіңдер ме? Бұл үшін тірі табиғат дүниесі дегеніміздің не екенін білу қажет. Тірі табиғат дүниесі дегеніміз - биологияда ағзалық өлемді жүйелеудің ең жоғары тобы. Дүние жүзіндегі ағзалық әлем, тірі ағзалар 5 дүниеге жіктеледі. Олар: бытыранықтар дүниесі, вирустар дүниесі, саңырауқұлақтар дүниесі, өсімдіктер дүниесі, жануарлар дүниесі (қосарбетті қараңдар).
Бытыранықтар дүниесі. Бұған микроскоп арқылы ғана көрінетін, жасушасында ядросы жоқ барлық бактериялар жатады. Бытыранық -«бытыра» + «нық» сөздерінен құралған сөз. (Орысша - «дробянка», латынша - «михи» -күрделі бөліне алмайтын түйіртпек мағынасында қолданылады).

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Табиғаттағы тірі ағзалардың өзара байланыстығы

Ағзалық әлем деген не? Жерде тіршілік етіп, мекендейтін ағзалар
(тіршілік иелері) жиынтығы ағзалық әлем деп аталады. Ағза жасушасының
нәруыз, май, көмірсу және нуклеин қышқылынан құралатыны мәлім. Демек
нәруыз, май, көмірсу, нуклеин қышқылы - ағзалық зат (органические
вещества). Ағза жасушасының құрамында су және минералды тұздар да болады.
Су және минералды тұздар - бейағзалық зат (неорганические вещества).
Өйткені бұлар тіршілік иесіне тән тіршілік әрекетін білдіре алмайды, яғни
ағзалық зат емес.
Тірі табиғат дүниесі. Өсімдіктердің құрылысын, тіршілік әрекеттерін
және жануарлар туралы жалпы түсінікті бұған дейін оқыдыңдар. Тірі ағзаларға
тән ортақ белгілерді еске түсіріңдер. Өсімдіктер дүниесінің жануарлар
дүниесінен айырмашылығын өздерің әңгімелеп көріңдер.
Сендер табиғаттағы тірі ағзалардың дүниеге қалай жіктеліп,
топтастырылатынын білесіңдер ме? Бұл үшін тірі табиғат дүниесі дегеніміздің
не екенін білу қажет. Тірі табиғат дүниесі дегеніміз - биологияда ағзалық
өлемді жүйелеудің ең жоғары тобы. Дүние жүзіндегі ағзалық әлем, тірі
ағзалар 5 дүниеге жіктеледі. Олар: бытыранықтар дүниесі, вирустар дүниесі,
саңырауқұлақтар дүниесі, өсімдіктер дүниесі, жануарлар дүниесі (қосарбетті
қараңдар).
Бытыранықтар дүниесі. Бұған микроскоп арқылы ғана көрінетін,
жасушасында ядросы жоқ барлық бактериялар жатады. Бытыранық -бытыра +
нық сөздерінен құралған сөз. (Орысша - дробянка, латынша - михи
-күрделі бөліне алмайтын түйіртпек мағынасында қолданылады).
Вирустар дүниесі. Вирус латынша у деген сөз. Бұл - жасушасы жоқ
тіршілік формасындағы ағзалық зат. Бұлардың көпшілігін тек электрондық
микроскоппен ғана көруге болады. Вирустар тек тірі жасушаға орнықса ғана
көбейе алады. Жасушаға түсе алмаған жағдайда вирустарда тіршілік нышаны
байқалмайды. Вирустар тірі жасушадан тыс қалса, кәдімгі ағзалық зат тәрізді
күйде болады.
Саңырауқұлақтар дүниесі. Ботаниктер саңырауқұлақтарды төменгі сатылы
өсімдіктерге жатқызып келді. Алайда олардың екі түрлі қасиеті бар. Бірінші
қасиеті өсімдіктерге тән. Саңырауқұлақтар орнынан қозғалып жүрмейді.
Жасушасы тығыз қабықшамен (жасунықпен) қапталады. Витаминдер синтездей
алады. Екінші қасиеті жануарларға тән. Даяр ағзалық заттармен қоректенеді.
Жасушасы хитин қабықшамен қапталады. Ағзалық заттарды қорға жинайды.
Сондықтан бұлар өз алдына жеке дүниеге жіктеледі.
Өсімдіктер дүниесі. Бұған балдырлар, мүк, плаун (қылшабуын), қырықбуын,
қырықжапырақтектестер, ашық тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктер жатады.
Жануарлар дүниесі. Бұлар біржасушалы және көпжасушалы жануарлардан
құралады. Біржасушалы жануарлардың барлығы және көпжасушалы жануарлардың
кейбір түрлері жәндіктер деп аталады. Демек амебадан бастап, қандауыршаға
дейінгі омыртқа жотасы жоқ жануарлар жәндіктер болып саналады. Ал балықтар,
космекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілерге жататын өкілдердің
барлығы -жануарлар. Өйткені бұлардың арқасында бойлай созылған желісі
немесе омыртқа жотасы болады.
Тірі ағзаның негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы
Биологияда оқу-тәрбие жұмыстары
Экология пәнінен дәрістер
Экология және тұрақты даму пәнінен ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Вернадский ілімі туралы ақпарат
Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғаттағы маңызы
Экологияның заңдылықтары
Экологияны оқытудың теориялық негіздері
Тірі және өлі табиғаттың арасындағы барлық экологиялық өзара карым-катынастар заңдары
Дарвинизм. Эволюциялық қазіргі идеялар
Пәндер