Коммерциялық банктердің қызметі туралы



Кіріспе 1.Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы
1.1. Банктің басқару құрылымы
1.2. Банктің функционалдық бөлімшелерінің
құрылымы
1.3. Функционалдық ұйымдастырушылық құрылымы
1.4. Дивизиондық ұйымдастырушылық құрылымы
1.5. Тұтынушылардың әр түрлі топтарна
бейімделген құрылымы
1.6. Аймақтық ұйымдастырушылық құрылымы
2. Коммерциялық банктердің қызметі
2.1. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі
2.2. Коммерциялық банктердің басқа да
қаржылық қызметтері
3. Коммерциялық банктер делдалдары ретінде
4. Қазақстан Республикасының“Халық Банкі”
Қорытынды
Коммерциялық банктер – нарықтық экономикада да несие жүйесінің негізгі буыны. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету , өнер-кәсіп мекемелерін , мемлекет пен халықты несиелеу ,халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.
Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын салааралық және аймақаралық қайта болуға қамтамасыз етіп,маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады.Капиталды салалармен жүйелерге бөлу және қайта бөлудің банктік механизмі өндірістің обьективтік қажеттілігіне байланысты шаруашылықты дамытуға және экономикалық құрлымын өзгертуге мүмкіндік береді.
Қазіргі Коммерциялық банктер несие жүйесінің басқа буындары сияқты клиенттерге көрсететін қызметтерін үнемі дамытуда және көптеген жаңа түрлерін меңгеруде.Бүгінде 300-ге жуыұ қызмет түрлерін көрсетуге мүмкіндігі бар несиемекемесі (мысалы, Жапония банктері).
Өнер-кәсіп дамыған мемлекеттерде коммерциялық банктер бір-бірінен көптеген өзгешеліктеріне байланысты ажыратылады:
Біріншіден,жарғылық капиталды иелену және оны қалыптастыру жөнінен; Банктер акционерлік қоғам немесе шетел капиталының , шетел банктерңнңғ қатысуымен жауапкершілігі шектеулі қоғамдар болып құрылуы мүмкін.
Екіншіден,жүргізетін операцияларды жәнінен. Коммерциялық банктер әмбебап және мамандаған болып бөлінеді.
Үшіншіден, іс-әрекеті тарайтын жер көлемі жөнінен – банктер федералдық (одақтық) , республикалық және аймақтық болып бөлінеді.
Төртіншіден, экономиканың әр-түрлі салаларына қызмет көрсету жөнінен – салалық және салааралық болып бөлінеді.
Дүниежүзілік тәжірибе дәлелдегендей қазіргі коммерциялыұ банктер өз қызметінде осы аталған өзгешеліктерін аралас вариантары қолдануда.
Ұйымдық тұрғыдан коммерциялық банктердің көпшілігі акционерлік қоғам формасында құрылған. Қоғамның жарғысы бойынша жоғары басқару органы -–акционерлердің жылдық жиналысы. Кезектегі және кезексіз жиналыс өтуі мүмкін.Кезексіз банктің құрылтайшыларының, кеңесінің талаптары бойынша өткізіледі. Жылдық жиналыста ірі акционерлерден тұратын топтар құрылып, олар банктің жұмысын қадағалайды. Директорлар кеңесі жыл бойы банктің жұмысын күнделікті басқарады.Ол бірнеше комитеттерден құрылып, нақты іс - әрекеттер бойынша қорытынды және ұсыныстар береді. Мысалы, есеп – несие комитеті банк берген ірі несие бойынша қорытынды дайындайды.
Коммерциялық банктер бірнеше басқарма мен бөлімдерден құрылады. Мысал ретінде ірі американдық банкті ұйымдастырудың типтік үлгісін көрейік. Ол өзіне мынадай басқармаларды және бөлімдерді : салымдар жинақтау; депозиттік және кассалық операциялар ; инвестиция және бағалы қағаздар ; шетелдермен операциялар ; жарнама және сыртқы байланыс ; сенімділік операциялар ; бухгалтерлік есеп және тексеру бөлімдерін біріктіреді. Осы негізгі құрлымның ішінде жұмыс территориялық немесе салалқ принциппен ұйымдастырылады. Көптеген банктерде ірі аймақтардағы жұмысқа жауапты басқармалар бар. Кейде өнеркәсіп салаларын несиелеу үшін бөлімдер құрылады.
1. Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона
«О Национальном Банке». Алматы, 30 марта 1995 года.

2. Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона
« О банках и банковской деятельности», Алматы, 31 августа 1995 года

3. 1.Выступление Председателя Правления ОАО "Народный банк Казахстана"

4. 2.Программа Ассоциации банков РК на 2000-2002 годы // Банки Казахстана. -Алматы, 2000.

5. Деньги. Кредиты. Банки. Под редакцией Г.С. Сейткасимова. Алмаы 1999.
6. Данные Национального Банка РК.
7. Данные Статистического Агенства РК
8. Журнал «Банки Казахстана» №6, №7, №8 2001г.
9. Данные Агенства Cтратегического Развития РК
10. Положение о кастодиальной деятельности на рынке ценных бумаг в Республике Казахстан.
11. Рынок ценных бумаг и его финансовые институты: учебное пособие под редакцией Торкановского В.С., Алматы, 1994г.
12. Ильясов К.К. . Финансово-кредитные проблемы развития экономики Казахстана /Под ред.– Алматы: Бiлiм, 1995 – 240 с.
13. Кучукова Н.К. Макроэкономические аспекты реформирования финансово-кредитной системы Республики Казахстан в условиях перехода к рыночной экономике. – Алматы: Гылым, 1994. – 439 с.
14. Чекмаева Е.Н. Межбанковский кредитный рынок и его регулирование /Деньги и кредит. 1994. №5-6. с. 68-71.
15. «Предприниматель и право». №12 (73), май, 1997.
16. Банковское дело (под редакцией проф. В.И.Колесникова), М., Усоскин В.М., Современный коммерческий банк, М., ИПЦ "Вазар-Ферро", 1994.
17. Алибекова Ф.Р. О понятии "банк" и "банковская услуга" // Банки Казахстана. -Алматы, 2000. -N10. - С. 28-30
18. Банки Казахстана : Справ.-аналит.изд.. -Алматы: Информ.Агенство Economix Data, 1999. -330 с.
19. Банковское дело: справочное пособие. М. : Экономика. 1993г.
20. Виноградова Т. Н. Банковские операции: Учеб.для сред. проф. образования. - Ростов н/Д: Феникс, 2001. -378 с.
21. Жуков Е. Ф. Трастовые и факторинговые операции коммерческих банков. -М.: Изд-во АО "Консалтбанкир", 1995. -47 с.
22. Жуков Е.Ф. Банки и банковские операции: Учеб. для ВУЗов. - М.: Банки и биржи: ЮНИТИ, 1997. -471 с.
23. Лисак Б. Межбанковские заимствования - как инструмент финансовой политики коммерческих банков // Банки Казахстана. -Алматы, 2000. -N 5. - С. 21-24
24. Махмутова М. Эволюция банковской системы // Банки Казахстана. -Алматы, 2000. -N 5. - С. 16-20
25. Народный банк Казахстана: основные итоги деятельности // АльПари. -Алматы, 2000. -N2. - С. 25

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

бет

Кіріспе
1.Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы

1.1. Банктің басқару құрылымы

1.2. Банктің функционалдық бөлімшелерінің

құрылымы

1.3. Функционалдық ұйымдастырушылық құрылымы

1.4. Дивизиондық ұйымдастырушылық құрылымы

1.5. Тұтынушылардың әр түрлі топтарна

бейімделген құрылымы

1.6. Аймақтық ұйымдастырушылық құрылымы

2. Коммерциялық банктердің қызметі

2.1. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі

2.2. Коммерциялық банктердің басқа да
қаржылық қызметтері
3. Коммерциялық банктер делдалдары ретінде
4. Қазақстан Республикасының“Халық Банкі”
Қорытынды

Кіріспе

Коммерциялық банктер – нарықтық экономикада да несие жүйесінің негізгі
буыны. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз
қозғалысын қамтамасыз ету , өнер-кәсіп мекемелерін , мемлекет пен халықты
несиелеу ,халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.

Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын
салааралық және аймақаралық қайта болуға қамтамасыз етіп,маңызды халық
шаруашылық қызмет атқарады.Капиталды салалармен жүйелерге бөлу және қайта
бөлудің банктік механизмі өндірістің обьективтік қажеттілігіне байланысты
шаруашылықты дамытуға және экономикалық құрлымын өзгертуге мүмкіндік
береді.

Қазіргі Коммерциялық банктер несие жүйесінің басқа буындары сияқты
клиенттерге көрсететін қызметтерін үнемі дамытуда және көптеген жаңа
түрлерін меңгеруде.Бүгінде 300-ге жуыұ қызмет түрлерін көрсетуге мүмкіндігі
бар несиемекемесі (мысалы, Жапония банктері).

Өнер-кәсіп дамыған мемлекеттерде коммерциялық банктер бір-бірінен
көптеген өзгешеліктеріне байланысты ажыратылады:

Біріншіден,жарғылық капиталды иелену және оны қалыптастыру жөнінен;
Банктер акционерлік қоғам немесе шетел капиталының , шетел банктерңнңғ
қатысуымен жауапкершілігі шектеулі қоғамдар болып құрылуы мүмкін.

Екіншіден,жүргізетін операцияларды жәнінен. Коммерциялық банктер
әмбебап және мамандаған болып бөлінеді.

Үшіншіден, іс-әрекеті тарайтын жер көлемі жөнінен – банктер
федералдық (одақтық) , республикалық және аймақтық болып бөлінеді.

Төртіншіден, экономиканың әр-түрлі салаларына қызмет көрсету жөнінен
– салалық және салааралық болып бөлінеді.

Дүниежүзілік тәжірибе дәлелдегендей қазіргі коммерциялыұ банктер өз
қызметінде осы аталған өзгешеліктерін аралас вариантары қолдануда.

Ұйымдық тұрғыдан коммерциялық банктердің көпшілігі акционерлік қоғам
формасында құрылған. Қоғамның жарғысы бойынша жоғары басқару органы
-–акционерлердің жылдық жиналысы. Кезектегі және кезексіз жиналыс өтуі
мүмкін.Кезексіз банктің құрылтайшыларының, кеңесінің талаптары бойынша
өткізіледі. Жылдық жиналыста ірі акционерлерден тұратын топтар құрылып,
олар банктің жұмысын қадағалайды. Директорлар кеңесі жыл бойы банктің
жұмысын күнделікті басқарады.Ол бірнеше комитеттерден құрылып, нақты іс -
әрекеттер бойынша қорытынды және ұсыныстар береді. Мысалы, есеп – несие
комитеті банк берген ірі несие бойынша қорытынды дайындайды.

Коммерциялық банктер бірнеше басқарма мен бөлімдерден құрылады. Мысал
ретінде ірі американдық банкті ұйымдастырудың типтік үлгісін көрейік. Ол
өзіне мынадай басқармаларды және бөлімдерді : салымдар жинақтау; депозиттік
және кассалық операциялар ; инвестиция және бағалы қағаздар ; шетелдермен
операциялар ; жарнама және сыртқы байланыс ; сенімділік операциялар ;
бухгалтерлік есеп және тексеру бөлімдерін біріктіреді. Осы негізгі
құрлымның ішінде жұмыс территориялық немесе салалқ принциппен
ұйымдастырылады. Көптеген банктерде ірі аймақтардағы жұмысқа жауапты
басқармалар бар. Кейде өнеркәсіп салаларын несиелеу үшін бөлімдер құрылады.

1.Коммерциялық банктің ұыймдастыру құрылымы.

1.1.Банктің басқару құрылымы.

Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге,
бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Көптеген
елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстанда дамымаған түрдегі
банктік үйымдардың барлық түрлері бар.

Ұлттық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы аумағында және
одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ал өздерінің өкілеттігін Ұлттық
банкінің келесі бір хабарлауымен ашады.

Банк филиалы - бұл бас банктің берген кұқықтары шегінде банктік
операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға
болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкің берген
каражаттар мен өкілеттіктермен шегінде қызмет етеді.

Банк өкілеттігі - депозит тартудан басқа белгілі бір банктік
операцияларды орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс
жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын, кұрылымдық бөлімше.

Еншілес банк - жарғылық кордың 50%-нан астамы бас банкіге тиеселі, заңды
тұлға болып табылатын банктік мекеме.

Қазақстан бұрынғы КСРО-ның монополиялық банктік жүйесін кабылдады.
Бұрыңғы мамандандырылған банктері (Тұранбанк, Кредсоцбанк,
Агроөнеркәсіпбанкі, Әлембанк, Халық банкі) республиканың барлық аумағында
өздерінің бөлімшелерін иеленіп, жаңадан кұрылған коммерциялық банктер де
сондай өз филиалдарын құрды (мысалға, Казкоммерцбанк, Центркредитбанк,
Темірбанк және т. б.)

Әлемдік банктік тэжірибеге қарағанда, бөлімшелері бар банктердің
артықшылыгы олар бас банктің толық бақылауында және оның балансында болады.

Бірак жоғарыда аталған мамандандырылған банктердін күрделі иерархиялық
кұрылымы болды. Олардың бас кеңесі Алматыда орналаскан, оған облыстық
басқармалар бағынса, ал соңғысына аудандағы бөлімшелер бағынышты болып
келді.

Шетелде банкі филиалдары заңды тұлға болуға және дербес мекеме ретінде
тіркелуге құқылы. Көптеген банктердің филиалдары тұтыну несиесі, лизинг,
факторинг, жылжымайтын мүлікті мерзімін ұзартып сатуға және т.б.
маманданды.

Қазақстандағы соңғы уакыттарда құрылған барлық коммерциялық банктер
филиалсыз, яғни шоғырланған болып келеді.

Батыс еуропа банктік жүйесінде ірі банктердің азғана топтары елдің
барлығында өз бөлімшелерінің торабын ашу үшін аумақтық шек қою деген жоқ.

1988 жылы Германияда 6 ірі коммерциялык банктердің 3108 бөлімшесі ал
барлық банктік (жинак банктерімениелік кооперативтерді қосқанда) филиал
саны 39,7 мьңға теңесті. Франция, Канада, Италия, Жапония жэне т.б.
елдердің банктерінің бөлімшелері мен филиалдары да көптеп саналады.

АҚШ-тағы банкі жүйесі біршама өзгеше құрылған. Штаттардың заңында
жекелеген банктерді ашуға шек қойылады. Сондықтан, кейбір штаттар қала
шегінде, егер оның бас кеңесі сол қалада болса ғана, банктерге филиалдар
ашуға рұқсат береді, өзгелері штаттың аумағында ғана ашуға, ал ушіншілері
бөлімшелердің ашылуына мүлде тыйым салады. Бірде-бір банкі өз штатынан
тысқары жерде өзінің филиалын аша алмайды. Осыған сәйкес бұл елде жалпы
ұлттык филиалдар торабы жоқтықтың касы.

Банкі белімшелерін ашуға қойылатын шектеулер штаттағы сепаратизм
дәстүрінен және ірі банктердің монополиялық қорқынышынан келіп туындайды.
Дегенмен де, біркатар жағдайларға байланысты (өндірісті орталықсыздандыру,
автомобиль жолдарының дамуы, қаладан тыс жерлерде сауда орталығының ашылуы,
халыктың қала төңірінде жаппай қоныс аударуы және т.б.) банк филиалдарының
торабы тез арада өсуде: 1970 жылы 22,9 мьңнан 1988 жылы 50,4 мыңга дейін.

Бөлімшелер мен филиал тораптарының кеңірек таралуы банкке: бас банктің
толық бақылауында болуға, операциялар шеңберінің кеңемі және депозиттер
тарту үшін көптеген аумақты жаулап алуға және осындай факторлар есебінен
пайданы ұлғайтұға мүмкіндік береді.

Теріс жағы ретінде мұнда бас кеңсе тарапынан бакылаудың қиындығы және
монополиялық процестердің күшеюін айтуға болады.

Банкті ұйымдастырудың осындай және өзге де формасын таңдау көптеген
факторлармен анықталады: банктің стратегиялық міндеттерімен, оның бөлшек
сауда нарығына қатынасымен, сол мекемеде қабылданған баскарудың жалпы
философиясымен. Қазіргі тәжірибеде банк торабын орталықсыздандырған түрде
басқару қолданылады, себебі ол барлық сұрақтарды дербес түрде шешуге
мүмкіндік береді.

Банктің ұйымдастырылу құрылымы және соған сәйкес операциялары
орталықсыздандыру дәрежесі, бірінші тұрақталады. Сондықтан да банктің
біркелкі бөлімшесі болатын болса, онда орталыктан баскаруды жүзеге асыру
тиімді. Кез келген жағдайда да барлык жүйені тиімді жедел баскарудың
болғаны міндетті, өйткені шешімі қабылдау барысында кешігу, бас кеңсе мен
белімше арасында ақпараттық үзіліс болмауға тйіс.

Банктің ұйымдастырылу құрылымы басты екі әдіспен анықталады банктің
басқарылу құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен кызметтерінің
құрылымы.

Басқару органын тағайындаудың мақсаты - банктің негізгі кызметін іске
асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметше тиімді, үнемді және жедел
жетекшілік етуді қамтамасыз ету.

Банктің ұйымдастырылуына, ондағы жетекші мен бағыныштыларының қарым-
қатынасына оның барлық кызметі тәуелді.

Банкті басқарудың құрылымын анықтау, басқару органдарын бөліп қарауды,
олардың банк операцияларын жүзеге асырудағы кұзіретін, жауапкершілігін және
өзара байланысын бекітуді алдын ала қарастырады. Банкті баскарудың жалпы
тәсілдері мен құрылымы банктік заңдар арқылы белгіленеді, бірақ басқару
құрылымына қатысты көптеген сұрақтарды коммерциялық банктің дербес түрде
шешуге кұқығы бар.

Коммерциялык банктің басқару құрылымына оның жаргылық корының қалай
құрылуы (біртұтас, пайлык және акционерлік) немесе оның торабының (филиалды
немесе филиалсыз) даму дәрежесі тікелей ықпал өтеді.

Қазіргі уақытта коммерциялық банктер көбінесе акционерлік қоғам формасында
кұрылатындықтан да, оларды баскаруға акционерлері қатысады.

1.2.Банктің функционалдық бөлімшелерінің құрлымы.

Банктің кұрылымы, бөлімдерінің саны, кызметтердің мамандануы,
жетекшшердің кұрамы, өкілеттіліктердің бөлінуі тағы сол сиякты көптеген
факторларға байланысты болады жэне экономикалык біртутастығымен аныкталады.
Шағын банк өз кұрылымы бойынша ірі банктерден, мысалы: ауыл шаруашылык
ауданындағы банк - өндіріс ауданындағы банкіден, сол сиякты бөлімшелері бар
банктер бөлімшелері жоқ банктерден ерекшеленеді.

Банктер әр түрлі нарықтық жағдайларында әрекет етеді, әр түрлі қызмет
түрін көрсетуге маманданады, алдына әр түрлі мақсаттар қояды, осыған сәйкес
оның ұйымдастырушылық құрылымыда алуан түрлі болады. Ұйымдастырушылық
құрылымның барлык түрін өзіндік артықшыльщтары мен кемшіліктері бар.
Сондықтан ұйымдастырудың лайықты тәсілін таңдау процесінде бұлар міндетті
түрде ескерілуі тиіс. Әр түрлі банктер өзінің функционалдық құрылымына,
банктің алдына қойған міндеттерін тындауға септігін тигізу үшін үнемі түрлі
өзгерістер енгізіп отырады.

Банктік іс-тәжірибеде банктің ұйымдастырушылык кұры-лымының 2 түрі бар:
функционалдық және дивизионалдық.

1.3.Функционалдық ұйымдастырушылык құрылымы банк кызметінің жекелей
бөліктерге бөлінуі, іс-әрекетігін немесе кызметінің оқшауланған саласының
белгілі бір дәрежеде көрсетілуі, олардың жүзеге асырылуы банктердің алдына
қойған мақсатына жетуге септігін тигізеді. Мұндай банк қызметтерінің
оқшауланған салаларына, әдетте банк операцияларын басқару, маркетинг,
бухгалтерлік есеп пен есеп беру және шаруашылық басқару, тағы басқалар
жатқызылады. Бұл функционалдық блоктардың шешетін міндеттерінің көлеміне
байланысты қосымша шағын бөлімшелер кұрылуы мүмкін.Функционалдык кұрылым
негізінде қандай да бір қызмет түрін көрсетуге мамандандырылған және
шаруашылықты баскаруға, тағы басқа нарық жағдайына тәуелсіз әрекет етуге
кабілетті шағын банктерде қолданылады, басқаша айтқанда тұрақтылық
жағдайында. Бірақ мұндай идеалды шарттар іс жүзінде өте сирек кездеседі,
сондықтан банктер ұйымдастырушылық құрылымының басқа типтерін қолданады.

1.4 Дивизионалдық ұйымдастырушылық құрылымы үнемі өзгеріп отыратын
нарық жағдайында несиелік мекемелердің арасындағы бәсекелестіктің өсуі
жағдаында қолданылады. Мұндай құрлымда банк бөлімшелері функцияналдық
белгілері бойынша бөлінбейді, ал банктердің ұсынатын өнімдердің түрлеріне
сәйкес тұтынушылардың топтары аймақтық белгісі бойынша бөлінеді. Бөлімшелер
дегет ұйымға әр түрлі құрылымдық бірліктер – басқару бөлімдері , қызметтер
, секторлар кіреді.

Банкі өнімінің әр түрлі түрлерін көрсетуге бейімделген құрылымдыр да ,
өз клиенттеріне қызметтің жеке түрлерін үлкен көлемде көрсететін банктер де
жиі кездеседі.

Операциялардың нақты түрін көрсетуге маманданған бөлімшелердің
жетекшілері жоғары білікті , осы салада үлкен тәжірибесі бар оның мамандары
, оны жоғары бәсекелес қабілетті өтеді. өнімдердің белгісі бойынша
ұйымдастырылған банктер , осыған орай , қызмет көрсетудің сапасын әлемдік
стандартқа жеткізуде , сонымен бірге банктың өнімдерін жаңа түрдерін
дамытуда қосымша артықшылықтарға ие .

Бұндай банктердің құрылымында келесідей басқармалар болуы мүмкін.
Қысқа мерзімді несиелендіру, ұзақ мерзімді несиелендіру, бағалы
қағаздар,трасталық, қаржылық қызметтер және басқалары. Әрбір басқарманың
тізімінде біраз маманданған бөлімдер болуы мүмкін.

1.5 Тұтынушылардың әр түрлі топтарына бейімделген құрлымы. Мұндай
принциптер бойынша құрылған банктер өзінің басты назарын клиентердің
белгілі тобына бөледі , басқаша айтқанда белгілі бір тұтынушылардың
сегментіне көңіл бөледі. Ірі банктердің құрлымында : корпорацияларға
көрсету басқармасы, несиелендіру бөлімі , инвестициялық қызмет көрсету,
трасталық операция ; тиісті бөлімдері бар тұрғындары қызмет көрсету
басқармасы бар.

1.6 Аймақтық ұйымдастырушылық құрылымы. Банктер үлкен географиялық
ауданды қамтып іс- әрекет еткен кезде,оның ұйымдастыру негізінде іс-әрекет
ететін бөлімдердің торабы арқылы құруды болжайтын , әр түрлі аумақта өз
қызметін ұсынатын аймақтың ұйымдастырушылық құрлымы принципі жатуы мүмкін.
Мұндай облыс , аудан шегінде клиентерге қызмет көрсетуге бағытталған
құрылым жергілікті жағдайларды дұрысырақ білуге мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде республикада банк қызметтерінің сан алуан түрін
көрсетуге , әр түрлі клиенттер топтарымен жұмыс жасауға , сонымен бірге ,
аймақтың жергілікті ерекшеліктеріне бейімделген коммерциялық банктердің
дивизиондық құрылымы құрылған.

Банктің ұйымдастырушылық құрылымының кез келген сызбасында банк
операцияларын орындайтын негізгі бөлімшелерге , жоғары кәсіби маманданған
банктің мамандары жұмыс істейтін бөлімдер жатады.

2.Коммерциялық банктердің қызметі.

Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері:

• Ақша қаражатын шоғырландыру және тарту;

• Несие беру;

• Шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;

• Төлем құралдарын шығару;

• Бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру;

Сенімхат бойынша клиентердің мүлкін басқару ( яғни транс операциясын
жүргізу);

• Клиентерге кеңес беру.

Уақытша бос ақша қаражатын шоғырландыру оны капиталға айналдыру –
банктердің ежелден атқаратын қызметтердің бірі.Заңды және жеке
тұлғалардың уақытша бос ақшасын банке тарту , бір жағынан , олардың
иесіне процент түрінде табыс түсірсе, ал екінші жағынан банктің несие
операцияларын жүргізуіне негіз қалайды.Шоғырланған жинақ ақша әр-түрлі
экономикалық және әлеуметтік қажеттіліктерге жасалуы мүмкін. Тек банктің
делдалдық етуімен ақша қаражаты жинақталып, кейін ол капиталға айналады.

Коммерциялық банктердің атқаратын келесі қызметі – несие беруде делдал
болу. Бос ақша қаражат иесі мен қарыз алушының тікелей несие
қатынастарының туындауына кедергі болатын жәйттер : ұсынатын капитал
көлемінің қарызға қажетті көлемге сай келмеуі, капиталдың айналыстан
босау мерзінің қарыздарға қажет мерзімге сай келмеуі. Сондай-ақ
қарыздардың төлем қабілетсіздік қаупі несиелік байланыс болуын
қиындатады.Капитал иесі несиелік байланыс болуын қиындатады.Капитал иесі
қарыздардың қаржылық жағдайы туралы хабардар болмауы да мүмкін.
Коммерциялық банктер қарыз беруші қарыз алушының арасындағы қаржылық
делдал ретінде осы кедергілерді жояды. Банктің несие экономиканың әр-
түрлі секторларына беріліп, өндірістің кеңеюін қамтамасыз етеді.

Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесінсіз тұрақты
экономика болуы мүмкін емес. Сондықтан есеп және төлем жұмыстарын
жүргізуде банктердің ролі зор.Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың
негізгі бөлігі қолма-қол ақшасыз жүреді.Банктердің делдал ретінде
клиентердің тапсырысы бойынша шотқа ақша қабылдап, ақшаның түсуін және
берілуін есептейді.

Инфрақұрлымы жеткілікті дәрежеде дамыған мемлекеттердің төлем
жүйесінің тиімді қызмет істеуі есеп айырысу технологиясының үнемі
жетілдіруін талап етеді. Сондықтан бұл елдерде есеп айырусудың әр түрлі
жүелері құрылуда . Мысалы, есеп айыруға қатысушы банктердің арасындағы
клиринг жүйесі немесе жиро жүйесі. Сондай-ақ банктер арасында өзара
келісім бойынша корреспондент-банктер арқылы да жүргізіледі. Банктерді
төлемдерді орталықтандыру айналыс шығындарын азайтады, ал есеп айырысуду
жеделдету үшін және төлемдердің сенімділігін арттыру үшін қазіргі кезде
есептесудің электрондық жүйесі енгізілуде.

Коммерциялық банктердің ерекше қызметі төлем құралдарын шығару арқылы
айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою , яғни ақша массасын
көбейту немесе азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттік және
несиелік қызметтеріне тікелей байланысты. Депозит екі түрлі жолмен :
клиенттің банкке ақша салуы арқыл немесе қарыздарға банктің несие беруі
арқылы жүргізіледі.Бұл операциялар айналымдағы ақша массасының көлеміне
түрлі әсер етеді. Мысалы, егер клиент банкке 10 мың доллар салып, оны
талап бойынша алынатын шотқа есептеуді өтінеді. Бұл операцияның
нәтижесінде банк балансының активінде де осы суммаға артады.
Шаруашылықтағы ақшаның жалпы көлемі өзгермейді, себебі ақша қолма – қол
формасынан қолма – қол формасына ауысты. Келесі мысал. Банк қарыздарға 10
мың доллар суммаға несие беріп, оны депозиттік шотқа есептелі делік.Онда
шаруашылықтағы ақшаның жалпы көлемі 10 мың доллар өседі, себебі банк
өзінің несиелеу операциясымен жаңа төлем құралын, яғни чек шығарды. Осы
депозит соммасына ақша массасы артты.

Дегенмен банк өзінің қызметі барысында ақша шығаруы мен қатар ақшаның
бір сыпыра бөлігін жоюмен де айналысады.Бұл , біріншіден , клиент
банктегң шотынан қолма – қол ақша алғанда ( бірақ жалпы ақша массасы
өзгермейді ) , екіншіден , несиені қайтарғанда депозиттік шоттан
шығарылады. Бұл жағдайда жалпы ақша массасы кемиді. Дәл осындай нәтиже
банктер бағалы қағаздарды сатқанда алынады – ақша салушылардың шотындағы
салым ( депозит ) соммасы және шаруашылықтағы төлем қаражатының массасы
да азаяды.

Коммерциялық банктердің депозиттерді ұлғайту немесе кеміту мүмкіндігін
орталық банктер міндетті резервтер жүйесі арқылы несие динамикасын
басқаруда кеңінен пайдаланады. Банктердің резервтердің қысқартып,
қорытындысында орталық банк депозиттердің қысқару реакциясын тудыртса, ал
резервтерді ұлғайту депозиттердің өсуін ынталандырады.Бірақ экономикаға
айналымдағы шамадан тыс ақша емес , оның үйлесімді шамасы қажет.
Сондықтан коммерциялық банктер орталық банктер бекіткен шама шектеумен
әрекет етеді.

Коммерциялық банктер акция және облигация тұріндегі бағалы қағаздарды
шығарып және орналастырып эмиссиялық – құрылтайшылық қызмет атқарады.
Банктердің жинақтағы өндірістік мақсатқа жұмсайтын мүмкіндігі бар. Сөйтіп
бағал қағаздар нарығы несие жүйесін толықтырып , әрі онымен тығыз
байланыста жұмыс істейді.Ұзақ мерзімді инвестиция тарту мақсатында
кәсіпорындар акция және облигациялар шығарылады. Бұл жағдайда
кәсіпорындардың тапсырысы бойынша банктер бағалы қағаздарды көлемін,
шығару жағдайы мен эмиссия мерзімін анықтауды , олардың типін таңдауы ,
сондай – ақ оларды орналастыру және екінші рет айналысқа түсіруін
міндетін өзіне алады.

Экономикалық мағлұматтарды өзіне жинақтауы банктердің клинттерге кеңес
беруіне мүмкіндік туғызады. Банктер кәсіпорынның қаржлық қызметіне ,
бухалтерлік есебіне талдау жүргізіп , дамуының стратегиясын бағалаумен
және табыст ұлғайту мүмкіндігін анықтаумен шұғылданады. Банктер клиенттің
жаңа акциялар шығару болашағын және оларды нақты орналастыруды
қарастырады.

Коммерциялық банктердің кеңес беру қызметін төмендегідей топтастыруға
болады:

• Несиелеу және есеп айырысу ісі бойынша – ақша нарығындағы коньюнтура ,
проценттік мөлшердің қозғалысы , несиелеудің жағдайы және формасы
турал хабар , несие – есептік қызмет көрсету үшін әр – түрлі
мәліметтер бойынша нұсқау беру , қолма – қол ақшасыз есептесуді талдау
, оны жетілдіру жолдарын зерттеу;

• Бағалы қағаздарды шығару және олармен операция жүргізу бойынша –
бағалы қағаздар нарығы коньюктурасы, олардың бағасының өзгеруі ,
бағалы қағаздардың эмитентері , бағалы қағаздарды шығару тәртібі және
олардың айналыс ережесі туралы хабар;

• Күрделі қаржы беру бойынша – құрылыс қызме нарығының коньюктурасы ,
құрылыс материалдарының бағасы мен әр-түрлі құрылыс монтаж
жұмыстарының тарифтері , күрделі қаржылық экономикалық тиімділігін
есептеу туралы анықтама.

2.1. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі.

Инвестиция дегеніміз – бұл халық шаруашылығына мемлекет ішінде және
шетелде , оны қайта құру және кеңейту , сол сияқты пайда алу мақсатында
ұзақ мерзімді қаражат бөлу. Тікелей инвестиция – бұл қаражаттарды тікелей
өндіріске құрал жабдықтарды сатып алу және әлеуметтік , өндірістік
сипаттағы объектілерді салуға жұмсалады. Портфельдік инвестициялар бағалы
қағаздарды сатып алу арқылы және ұзақ мерзімдік банк несиелерін беру арқылы
жүзеге асады. Жеке , мемлекеттік , шетелдік инвестициялар инветициялық
заңдармен реттеледі , ол заңдарға жеке шаруашылық бөлімшелердің банктердің
инвестициялық іс - әрекеті тәртібі ережелері анықталады және инвестор
құқтары қорғалады.

Қазақстанда , заңға сәйкес , инвестиция деп , кәсіпкерлік іс - әрекет
және басқа да пайда әкелетін іс - әрекет объектілеріне салынатын ақша
қаражаттары мен бағалы қағаздары айтады. Инвестициялық қызметтің
қатысушылары – жеке және заңды тұлғалар , мемлекет , сол сияқты шетелдік
инвесторлар бола алады. Берілген жағдайдағы әңгіме коммерциялық банктердің
инвестициялық қызметіне қатысты.

Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің мақсаты –
қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету , диверсификацияны , табысты және
өтімділікті қамтамассыз ету.

Бағалы қағаздар – бұл арнайы түрде рәсімделген қаржылық құжаттар ,
оларда көрсетілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші деңгейлі банктердің түрлері
Коммерциялық банктердің қызметі
Темірбанк АҚ − ның 2007, 2008 және 2009 жылдарындағы баланс активтерінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің қалыптасуы мен дамуы
Сыртық экономикалық банкі
АҚШ және Германия банк жүйесінің қалыптасуы
Коммерциялық банктер қызметтері
Банктік жүйенің дамуы мен қалыптасуы
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Қазақста Республикасының банк жүйесi
Пәндер