1986 жылы 16 желтоқсан оқиғасы



Кіріспе бөлім
2. КОКП Орталық Комитеті пленумы шешімінің салдары.
3. Цифрлар сыр шертеді және 1987 жылғы КОКП Орталық Комитетінің аташулы қаулысы.
Негізгі бөлім
1. Теңеу таппай қиналып
Қолданылған әдебиеттер
1. ХХ-ғасырдың 80-жылдарының ортасына таман барша кеңестік қоғам сияқты Қазақстандық қоғамда өмірдің күрделі кезенің басынан кешіп жатқан еді. Сан мындаған адамдарды құрбандыққа шала отырып өмірге келген әлеуметтік экономикалық тұжырымдаманың кеңестік үмісі белгілі бір нәтижелерге қол женткізген сияқты көрінгенімен соншалықты сәтті тәжірибе болмады. КОКП-ның басшылығында отырғандардың ойлап тапқан экономикалық және идеологиялық докториноларына оқыған қазақ зиялыларының бір бөлігі асқан сақтықпен қараған тұс еді.
1986 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А. Қонаевты орнынан алып, оның орнына бірінші хатшы етіпГ.В. Колбинді тағайындауы жастар қозғалысына тікелей түрткі болды, мұның өзі республика халқының өмірлік мүдделеріне қатысты мәселелерді шешу кезіндегі Орталықтың өрескел өктемдігі деп қабылданды. Орталықтың әміршіл іс-әрекеттері мен қайта құрудың жарияланып жатқан демократиялық принциптері арасындағы айқын қайшылық ерекше азу-ыза туғызды.
Жастар наразылығының тереңге бойлаған тамырлары тұрмыстың төмен деңгейіндегі, әлеуметтік әділетсіздік пен әміршіл әкімшіл жүйенің кемшіліктерінде жатқан болатын.
Орталық Комитет пленумының шешіміне алғашында Алматы қаласындағы жастар мен жұмысшылардың шағын тобы наразылық білдірген еді. Демонстрация бейбіт және саяси сипатта болды. Онда мемлекетті құлатуға шақырған ұрандар айтылып, басқа ұлттарға қарсы бай-балам салынған жоқ. Республика Компартиясы Орталық комитетінің үйі алдына жиналған жастар заңдарды және қоғамдық тәртіпті бұзған жоқ, олар тек пленум шешімі жөнінде түсінік беруін талап, етіп сол шешім мен өздерінің келіспейтінін білдірді.
1. Бейісқұлов. Т. "Желтоқсан ызғары". Алматы "Мерей", "Қазақстан", 1994.

2. "Желтоқсан құрбандары жоқтау". Алматы "Жалын", 1992.

3. Айтбайұлы Т. , Зейнәбін Т., Алматы, 1986. Желтоқсан. Алматы "Дәуір",
1992.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
1986 жылы 16 желтоқсан оқиғасы
Кіріспе бөлім
1. ХХ-ғасырдың 80-жылдарының ортасына таман барша кеңестік қоғам
сияқты Қазақстандық қоғамда өмірдің күрделі кезенің басынан кешіп жатқан
еді. Сан мындаған адамдарды құрбандыққа шала отырып өмірге келген
әлеуметтік экономикалық тұжырымдаманың кеңестік үмісі белгілі бір
нәтижелерге қол женткізген сияқты көрінгенімен соншалықты сәтті тәжірибе
болмады. КОКП-ның басшылығында отырғандардың ойлап тапқан экономикалық және
идеологиялық докториноларына оқыған қазақ зиялыларының бір бөлігі асқан
сақтықпен қараған тұс еді.
1986 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің
бірінші хатшысы Д.А. Қонаевты орнынан алып, оның орнына бірінші хатшы
етіпГ.В. Колбинді тағайындауы жастар қозғалысына тікелей түрткі болды,
мұның өзі республика халқының өмірлік мүдделеріне қатысты мәселелерді шешу
кезіндегі Орталықтың өрескел өктемдігі деп қабылданды. Орталықтың әміршіл
іс-әрекеттері мен қайта құрудың жарияланып жатқан демократиялық принциптері
арасындағы айқын қайшылық ерекше азу-ыза туғызды.
Жастар наразылығының тереңге бойлаған тамырлары тұрмыстың төмен
деңгейіндегі, әлеуметтік әділетсіздік пен әміршіл әкімшіл жүйенің
кемшіліктерінде жатқан болатын.
Орталық Комитет пленумының шешіміне алғашында Алматы қаласындағы жастар
мен жұмысшылардың шағын тобы наразылық білдірген еді. Демонстрация бейбіт
және саяси сипатта болды. Онда мемлекетті құлатуға шақырған ұрандар
айтылып, басқа ұлттарға қарсы бай-балам салынған жоқ. Республика
Компартиясы Орталық комитетінің үйі алдына жиналған жастар заңдарды және
қоғамдық тәртіпті бұзған жоқ, олар тек пленум шешімі жөнінде түсінік беруін
талап, етіп сол шешім мен өздерінің келіспейтінін білдірді.
Республика басшылығының әуел бастан жастар мен тең праволы диалог
бастағысы, олардың пікірін тыңдағысы келмеді. Саяси наразылықты билікке
төнген қауір деп санап, басшылық оған Алматы горнизонын әзірлік жағдайына
келтірумен және алаңды демонстранттар санынан әлденеше есе көп күштермен
қоршау арқылы жауап қатты. Бой көрсетулерге бұрмаланып, әрі үрейге толы
берілген баға Орталыққа-СОКП Орталық Комитетіне, ССРО Ішкі істер
министрлігі мен мемлекет қауіпсіздігі комитетіне хабарланды. Тіпті бой
көрсетілулерді тұрақты армия бөлімдерін қолдана отырып, басып-жаншу туралы
мәселе қойылды.
Республика басшылығының үстіне өтінуі бойынша ССРО Ішкі істер министрі
А.В. Власовтың Ішкі істер министрлігі ішке әскерлерінің арнаулы бөлімдерін
еліміздің түрлі аймақтарынан Алматыға жеткізу жөнінде шешім қабылдауының
ешқандай қажеті жоқ еді, мұның өзі әрі заңсыз болатын ССРО Конститутциясы
негізінде ондай шешімді Қазақ ССР Жоғарғы Советі Алматы қаласында төтенше
жағдай жариялаған жағдайда ССРО Жоғарғы Советінің Призидиумы немесе
сессиясы ғана қабылдауға праволы болатын. Бұл шешімді республиканың ең
жоғарғы өкімет органы мен үкіметінің ту сыртынан қабылдаған адамдардың аз
тобы ғана.
Қазақ жастарының 1986 жылы желтоқсанда Алматы және Қазақстанның бірқатар
облыстарында бой көтерулері ұлтшылдық сипатта болған емес. Мұнын өзі
Конституция кепілдік берген және қайта құру жариялаған азаттық және саяси
айқындаманы еркін білдіру правосын пайдаланудың алғашқы әрекеті еді.
2. КОКП Орталық Комитеті пленумы шешімінің салдары.
Бейбіт және аз адам қатысқан таразылық демонстрациясының жаппай
тәртіпсіздікке ұласуына республика басшыларының өткір жағдайдан шығудын
бейбіт жолын таба білмеуі, олардың ақыл-парасатпен ізгі ниетке емес, қайта
күшке сүйенуі себеп болды. Сөйтіп аз адам қатысқан демонстрацияның аясы
кеңейіп, ереуілшілер саны көбейе бастады. Үкімет органдары шеруді басуға
талпыныс жасаған сайын, халықтың көкірегіндегі ашу-ыза өршіді.
Шеруді басын-жаншу кезінде тәртіп қорғау күштері заңдылықты бірнеше
дүркін және өрескел түрде бұзды, ұсталғандарды ұрып-соқты, жеңіл желпі
киінген оларды суықта ұстап тұрды, прокурордың рұқсатынсыз тергеу
изоляторларында, көбіне тамақ берместен, бірнеше тәулік ұстады.
Милиция әскери жасақтардан машиналары әбден таяқ жеп, ауыл жарақатпен
ұсталғандардың бір тобын Әл-Фараби көшесі бойымен “Жоғарғы Каменка”
карьерлеріне қарай, ал екінші тобын “Райымбек”, “Путь Ильича” және Қаскелен
бағыттарындағы карьерлер мен күл-қоқыс үйінділеріне апарып тастады.
Демонстранттарды алаңнан тазарту, күшпен қуу мақсатында Орталықтың әмірімен
ұйымдастырылған “Метель-86” операциясы жедел іске кірісті. “Метель-86”
операциясын атқарушылардың құрамында қосымша 15 “БТР” машиналары болды.
Ереуілшілерді басу мақсатында оларға мұздай су құйылған водовоздармен су
шашылды, оларды қуып-тарату кезінде сойылдар, саперлік кішкентай күректер,
қызмет иттері пайдаланылды.
Жұмысшылар мен қызметшілерден азаттық құрамалар құрып, оларды қаруландыру
жөнінде нұсқау берген, сол арқылы адамдарды ұлттық белгілері бойынша бір-
біріне қарсы қойған партия және совет қызметкерлерінің іс-әрекеттері
айыптауға сөзсіз лайық. Мұның өзі оқиғаларға ұлтаралық қақтығыс сипатын
берді. Мұндай саяси соқырлық пен жете ойлаушылық ұлтаралық алауыздықтың
өршуіне әкеліп соқты.
3. Цифрлар сыр шертеді және 1987 жылғы КОКП Орталық Комитетінің аташулы
қаулысы. Желтоқсан оқиғаларының зардаптары туралы ресми деректер кереғар
әлі дәл емес. Дегенмен орта есеппен алғанда:
➢ 20 мың адам ұсталып, тексеріске, тергеуге тартылған
➢ 10 мыңдай адам әртүрлі дене жарақатына ұшыраған
➢ Негізсіз, дәлелсіз 102 адамды бас бостандығынан айырып, әртүрлі
мерзімге соттаған
➢ Партия қатарынан-55, комсомолдан-758 адам шығарылды
➢ 210 коммунист партиялық, 1164 БЛКЖО мүшесі комсомолдық жаза алды.
Бұдан басқа әкімшілік жолмен 707 адам жазаланып, 1400 адамға тәртіп
қорғау органдары тарапынан қатаң шара қолданылды
➢ 90 адам Қазақ ССР Қылмыстық кодексінің 60 шы (ұлттық және нәсілдік
тең праволылықты бүзу) және 65-ші (жаппай тәртіпсіздік) баптары
бойынша сотталып, итжеккенге айдалды, оның екеуі ату жазасына
кесілді.
➢ Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Көлік
министрлігінен 309 адам жұмыстан босатылды, жоғарғы оқу орындарының
12 ректоры қызметінен алынды.
➢ Сондай-ақ желтоқсан оқиғасын тас-талқан етіп басып, жазалау
әрекеттерін белсенді жүргізгені үшін көптеген құқық қорғау органдары
мен мекемелердің қызметкерлері ордендермен, наградалармен
марапатталды.
Олардың ішінде, Ішкі істер министрлігінің: 5 қызметкері “Қызыл Жұлдыз”
орденімен (Э. Басаров, В.Петров, О.Әлімбаев, Н. Мотин және М. Айдарқұлов),
171 қызметкері медальмен, 30 қызметкері Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің
Құрмет грамотасымен, т.б. құнды сыйлықтар мен ақшалай сый-сияпаттармен
марапатталып, олардың көрсеткен “жойқын іс-әрекеттері” туралы мақалалар
Қазақ КСР Ішкі істер министрлігінің газетінде толығынан жазылып отырды.
1987 жылдың 1 шілдесінде қазақ халқын әлемге масқара етіп айыптаған КОКП
Орталық Комитетінің “Қазақ республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге
интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жұмысы туралы” арнайы, атышулы
қаулысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Желтоқсан оқиғасының тарихтағы орны
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы жайлы
Желтоқсан көтерілісінің құрбандары
Лаула, лаула Желтоқсанның мұзда жанған алауы
Желтоқсан оқиғасы қарсаңындағы көтерлістің қозғаушы күші
Қайта құру кезеңіндегі Республиканың қоғамдық-саяси өмірі
Қазақстан Компартиясы ОК-нің V Пленумы өтуі
1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қазақ жастарының қатысуы және оның тарихи маңызы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ
Қазақ әдебиетіндегі желтоқсан тақырыбы
Пәндер