Материалдық мәдениетке байланысты калыптасқан этномаркерлі топонимдер



Кіріспе
І Тарау
Материалдық мәдениетке байланысты калыптасқан этномаркерлі топонимдер
ІІ тарау Рухани мәдениет терминдерімен байланысты агиотопонимдер
Суфизм қайраткерлерінің атына байланысты агиотопонимдер.
Қазақтың ру.тайпа басы әулиелерінің атымен байланысты агиотопонимдер
Табиғат және жер.су иелеріне сиынумен байланысты агиотопонимдер
Қорытынды
Әдебиеттер
Егер есім мәдениеттің жемісі деген тезисті ұстанатын болсақ, этномәдени, этнографиялық факторлар Оңтүстік Қазақстан топонимдері сөздігінің этномаркерлі бөлігінің пайда болуына себепші болды. Міне, сондықтан да топонимдер ұлттық мәдениеттің компоненті мен репрезентанты болып табылады.
Бәрімізге мәлім, этномаркелі деп, біз өзінің құрамында өзіндік маркер – этнографизмі бар, мәдени – этнографиялық ақпаратқа ие топонимдерді айтамыз. Түркі топонимдерінің, оның ішінде қазақ топонимдерінің көпшілігі құрылымы жағынан екі құрамды , ал олардың бір сыңары этнографизм болып келеді. Маркер – этнографизм анықтаушы да анықталушы болып та жұмсала беруі мүмкін, дегенмен біздің байқауымызша этнографизмдер көбіне атрибутты синтагманың анықтаушы компаненті болып жұмсалады. Екі құрамды топонимдердің анықталушы сыңарлары әдетте географиялық терминдер болып келеді.
Этномаркерлі топонимдік лексиканы Оңтүстік Қазакстанның географиялық жалпы атауларының терминологиясы деңгейінде, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстанның географиялық жалқы атауларының деңгейінде талдауға болады. Кез-келген аймақтың этномәдени (этнографиялық) топонимдер лексикасының сол өлкеге тән мәдени – этнографиялық әлеуметтік – экономикалық және басқа да ерекшеліктерді көрсетіп тұратын әр түрлі деректері болады. Бұл ерекшеліктерді қарастыру негізінде этномаркерлі талдау, біздің ойымызша, қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетінің сала – салаға жіктелісіне сәйкес келетін белгілі бір лексика – семантикалық топтар бойынша жүргізілуге тиіс. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан этномаркерлі топонимдік лексикасының құрамы осы өлкедегі қазақтардың материалдық және рухани мәдениетін мынадай тақырыптық топтарға бөліп қарауға мүмкіндік береді: мал шаруашылығы, егіншілік, суландыру/ирригация/, қала салу; халықтық ойын – сауықтар, мейрамдар дін /ғибадат/ және т.б. мұндай тақырыптық топтарға этнолингвистикалық талдау жасауды тағы да қайталап айтатын болсақ , географиялық жалпы атаулар деңгейінде де, сондай-ақ топонимдік лексика, яғни географиялық жалқы атаулар деңгейінде де жүргізүге болады.
1. Койчубаев П, Краткий словарь топонимов Казахстана. Алма-ата. 1974.
2. Мурзаев Э.М. Словарь народных географических терминов М. 1984.
3. Потаиов Л.П. Географический фактор и традициониой культуре и быте тюркоязычных народов Алтая- Саянского региоиа II роль географического фактора в истории докапиталистических обществ (по этнографическим данным). Л. 1984.
4. Каракүзова Ж.К., Хасанов М.Ш. Космос казахской культуры. Алматы, Евразия, 1993.
5. Уалиханов ІІІ. Таңдамалы -- Алматы: Жазушы, 1985.
6. Гачев Г. Национальные образцы мира - Москва: Совстский , писатель, 1988.
7. Молдабеков Ж. Қазақ осы - мын оліп, мың тірілген. Алматы: Санат. 1998.
8. Гамкрелидзе Т. В., Вег. Вс. Иванов. Индоевропейский язык и и н д о е в р о п е й ц ы. Б л а г о в е і.ц е н с к и й г у м а н и т а р н ы й к о л л е д ж и м. И. А. Б о д у э н а д е К ү р т е н э. 1 9 9 8.
9. Қайырбаева Қ. Қазақ тіліндегі этікшәдени атаулардьш символдық мәні. Авторсф. Дисс. Фил. Ғылымның кондидаты.-Алматы 2004.
10. Қайдароі; Ә. Сырга толы сыр мен түс. Алматы., 1986.
11. М ү к а н о в С X а л ы қ м ү р а с ы А л м а т ы 1 9 7 4.
12. Қ о н д ы б а й С е р і к б о л . А р г ы к. а з а қ м и ф о л о г и я с ы. А л м а т ы. Бірінші кітап. 2004.
13. У о л и е в Н. С ө з м ә д е н и е т і. А л м а т ы, 1984.

14. Қоңқашбаев Г.К. словарь казахских географических названий. Алма- ата. 1963.
15. Керимбаев Е.А. Кайдаров А.Т. Этнолингвистические аспекты казахской ономастики // Изв. АН. Каз ССР. Сер филол. 1990.
16. Арғынбаев X. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алматы, 1969.
17. Қүрылев В.ГІ. типологий скотоводческого хозяйства казахов // проблемы типологии в этнорафии. М, 1979.
18. Нақысбеков О. Қазак тілі говорларының Оңтүстік тобы.
Алматы 1982.
19. Мурзаев Ә.М. Очерки топонимики М. 1974.
20. Савина В.И. Словарь географических терминов и других с л о в, ф о р м и р у ю щ и х т о и о н и м и ю И р и н а. М, 1971.
21. Нафсов Т. Азиатско - Поволжкий ойкономический ареал балык. //' Шестал конференция по ономастикс. Поволжье Волгоград. 1989.
22. Рассудова Р. Я. Топонимы и история заселения Ономастика Средней Азии. Фрунзе 1980.
23. Кейсенова А.С. исследования природы Казахстана. Алма-ата. 1979
"24. Резенфельд А.З. Проблемы регионал ьности и
десемантизации в таджикской топономии // Ономастпка Средней Азий .М. I982.
25. Маргулан А.Х, Отчет о работах центральной Казахстанской археологической экпедиции Известия А.Н, Каз ССР. Сер археол. Алм Ата 1992
26. Мустафина Р.М. Представления культы, обряды у казахов. Алма Ата. 1992.
27. Гафуров А Имя и история. М. 1987.
28. Диванов А.А. Демополические рассказы // Сборник материалов для статистики Сырдаринской области. Ташкент. 1986.
29. Мол.цабаев И.Б. Жаныш и Байыш как историко-этиографический источник., Фрунзе. 1988.
30. Жирмунский В.М. Тюркский тсорический эпос. Л. 1974.
3 1. Р ы с б е р і • е н о в а К. К. И с т о р и к о - л и н і • в и с т и ч е с к и й
а н а л и з т о п о н и м о в Ю ж н о - К а з а х с т а м с к о й о б л а с т и. А в т о р е ф. Д и с. К а н д. Ф и л и а л. Н а у к. А л м а - А т а. 19 9 3 .
32. Снесаров Г.Г. К. истории искоторых категорий теонимов у . народов Средней Азии и Казахстана Онамастика Средпей Азии. Фрунзе. 1980.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Егер есім мәдениеттің жемісі деген тезисті
ұстанатын болсақ, этномәдени, этнографиялық факторлар Оңтүстік
Қазақстан топонимдері сөздігінің этномаркерлі бөлігінің
пайда болуына себепші болды. Міне, сондықтан да топонимдер
ұлттық мәдениеттің компоненті мен репрезентанты болып табылады.
Бәрімізге мәлім, этномаркелі деп, біз өзінің құрамында
өзіндік маркер – этнографизмі бар, мәдени – этнографиялық ақпаратқа ие
топонимдерді айтамыз. Түркі топонимдерінің, оның ішінде қазақ
топонимдерінің көпшілігі құрылымы жағынан екі құрамды , ал олардың бір
сыңары этнографизм болып келеді. Маркер – этнографизм анықтаушы да
анықталушы болып та жұмсала беруі мүмкін, дегенмен біздің
байқауымызша этнографизмдер көбіне атрибутты синтагманың
анықтаушы компаненті болып жұмсалады. Екі құрамды топонимдердің
анықталушы сыңарлары әдетте географиялық терминдер болып
келеді.
Этномаркерлі топонимдік лексиканы Оңтүстік Қазакстанның
географиялық жалпы атауларының терминологиясы деңгейінде, сондай-ақ
Оңтүстік Қазақстанның географиялық жалқы атауларының деңгейінде
талдауға болады. Кез-келген аймақтың этномәдени (этнографиялық) топонимдер
лексикасының сол өлкеге тән мәдени – этнографиялық әлеуметтік –
экономикалық және басқа да ерекшеліктерді көрсетіп тұратын әр
түрлі деректері болады. Бұл ерекшеліктерді қарастыру негізінде
этномаркерлі талдау, біздің ойымызша, қазақ халқының материалдық
және рухани мәдениетінің сала – салаға жіктелісіне сәйкес келетін
белгілі бір лексика – семантикалық топтар бойынша жүргізілуге тиіс.
Мысалы, Оңтүстік Қазақстан этномаркерлі топонимдік лексикасының
құрамы осы өлкедегі қазақтардың материалдық және рухани
мәдениетін мынадай тақырыптық топтарға бөліп қарауға мүмкіндік
береді: мал шаруашылығы, егіншілік, суландыруирригация, қала салу;
халықтық ойын – сауықтар, мейрамдар дін ғибадат және т.б.

3

мұндай тақырыптық топтарға этнолингвистикалық талдау жасауды тағы
да қайталап айтатын болсақ , географиялық жалпы атаулар
деңгейінде де, сондай-ақ топонимдік лексика, яғни географиялық
жалқы атаулар деңгейінде де жүргізүге болады.
Ұлттық топонимия этникалық мәдениеттің құрамдас бөлігі болып
табылады, онда эностың тарихы, салт – дәстүрі, наным-сенімі, шаруашылығы
мен тіршілік тынысы жайында аса бағалы мәліметтер болады. Міне,
мұндай көзқарас тұрғысынан қарағанда этникалық төлтума
ерекшелікті молынан сақтап келген аймақтық топонимика лексикасында
зерттеуді қажет ететін сыры ашылмаған қатпарлар аз емес.
Этномаркерлік тұрғыдан қарастырып отырған Оңтүстік Қазақстан –
көшпенді және отырықшы мәдениеттің көнеден келе жатқан ерекше бір көзі
іспетті. Орта Азияның егін еккен жазирасы мен Дешті – Қыпшақтың мал
өсірген сахарасы аралығында орын тепкен Оңтүстік Қазақстан есте жоқ
ескі заманнан бері малшылар мен егіншілердің экономикалық , мәдени,
саяси жақтан қоян-қолтық араласқан, бір-біріне әсер еткен, бірін-
бірі байытқан көшпенді мәдениет пен отырықшы мәдениеттің мекені
болды. Осы өлкенің өзіне тән тарихи – мәдени ерекшелігі сөз жоқ ,
Оңтүстік Қазақстан тарихи топонимерінде өзінің ізін қалдырып
отырды.
Тілдің сөздік қорындағы өзіндік сыр – сипатқа ие сөздер
категориясына тән географиялық атауларды ғылыми жүиеде қарастыруға
ерекше мән берілуде. Соның нәтижесінде топонимикалық зерттеулер
мейлінше кең өріс алып Қазақстан топонимдерін қоғам өміріндегі орны
ерекше, олар бір ғана дәуірдің немесе бір ғасырдың жемісі емес,
мыңдаған жыл мен көптеген ғасырдан келе жатқан халық қазынасының
бай мұрасы.
Шын мәнінде қазақ сөз байлығының этномаркерлі қабаты
болып табылатынын топонимдік лексика қазақ этномәдени

4

лексикасының құрамына енеді, ал бұлардың жеткілікті дәрежеде тексерілуі
– жаңа бағыт болып табылады. Осы кезге дейін ономастикада жалқы есімдердің
негізінен лингвистикалық проблемалары көп зерттелді де, ал ұлттық
ономастикалық лексиканың қалыптасуы мен қызмет етуінің негізгі ұйтқысы
болып табылады этномәдени, географиялық және тарихи факторларды әлі де
қарастыру керек. Міне, бұл мәселе тағы да аталмыш жұмыстың қажеттілігін
көрсетеді. Оңтүстік Қазақстан топонимдерін зерттеу қазақ халқы жалқы
есімдеріндегі ұлттық – мәдени ерекшеліктерінің жалпы мәселелерінің
қарастыруымен де ұштасып жатады.
Д и п л о м ж ұ м ы с ы н ы ң м а қ с а т ы м е н
м і н д е т т е р і. Жұмыстың негізгі мақсаты Оңтүстік Қазақстан
топонимдеріне этнолингвистикалық сипаттама жасау болып табылады, ал осы
аталған мақсатқа жету үшін алдымен мынадай мәселелерді шешу қажет деп
білеміз:

- Оңтүстік Қазақстан топонимикасы жүйесінің
қалыптасуындағы басты белгілерді айқындау;

- аймақтағы топонимдердің қалыптасуы мен дамуына әсер
еткен этномәдени факторлады қарастыру;

- аймақтағы этномаркерлік топонимдік лексиканың негізгі
тақырыптық топтарын айқындау мен сипаттау;

- Оңтүстік Қазақстанның құрамында этнографиялық
белгілері бар топонимдік лексикасын материалдық,
рухани мәдениет терминдерімен байланыстыра қарастыру.

З е р т т е у ә д і с і. Жұмыста лингвистикалық әдістер мен тәсілдерді,
тарихи – салыстырмалы, лексика – семантикалық, этнопсихологиялық, едәуір
ақпараттық мәні бар материалдарды
қолдандық.

5

Жұмысты жазуда түріктану, ономастика және қазақ тіл
білімінің кейбір теориялық мәселелері жөніндегі
Э. М. Мурзаев, Н. А. Баскаков, Э. В. Севортян, Л.В.Суперанская,
Ә. Кұрышжанов, Ә.Т. Кайдаров, А. Әбдірахманов, Т.Жанұзақов,
К.Қоңқашпаев, Е. Қойшыбаев, Н. Жанпейісов, Ә.Нұрмағанбетов, К.
Хусайынов, В.Н. Попов, Е. Керімбаев, Қ.Рысбергенова , Б.М.
Тілеубердиев т.б. ғалымдардың зерттеулері аталмыш жұмыстын
ғылыми – теориялық негізі болып табылады.
Ж ұ м ы с т ы ң т е о р и я л ы қ ж ә н е п р а к т и
к а л ы қ м ә н і. Бұл жұмыс аймақтық топонимдерді
этномаркерлік тұрғысынан біртұтас жүйе ретінде қарастыру түріндегі
еңбегі болып табылады. Жұмыста ең алдымен этнография мен
лексикологияны түйіскен тұсында туындайтын мәселелер, деректермен
құбылыстар карастырылды. Этнолингвистика мәселелері Оңтүстік
Қазақстан топонимдері материалдары деңгейінде қарастырылды.
Оңтүстік Қазақстан этнографиялық топонимдерінің пайда болуындағы,
дамуы мен кызмет етуіндегі, этномәдени және тарихи -
әлеуметтік факторлар айкындалды; қазақтардың дәстүрлі шаруашылық
түрі – көшпелі мал шаруашылығы мен осы аймаққа тән –
егіншілікпен, суландыру жүйесімен, кала салу ісімен байланысты
топонимдердің этнолингвистикалық топтары карастырылдды; сондай-ақ
автохтонды тұғындардың наным-сенімдері мен ғибадатын, діни -
мифологиялық түсініктерін бейнелейтін топонимдер сипатталды.
Ж ұ м ы с т ы ң қ ұ р ы л ы с ы.
Диплом жұмысы кіріспеден Материалдық мәдениетке байланысты
қалыптасқан этномаркерлері топонимдер, Рухани мәдениетке
байланысты қалыптасқан этномаркерлі топонимдер атты екі
тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайданылған
әдебиеттер тізімі берілген.

6

І Тарау

Материалдық мәдениетке байланысты калыптасқан

этномаркерлі топонимдер

Заман болмысында мәдениет адам баласының
қажеттілігінің және рухани күштің, белсенді іс - әрекетінің
корытындысы.
Мәдениет дегеніміз не? - деген сұраққа жауапты бұл
сөздің этимологиясына , яғни осы күрделі ұғымды білдіретін
сөздің шыгу тегіне тоқталайық. Қазақ тіліне бұл термин
арабтың Маданият - қала, қалалық деген сөзінен енген. Көне
заманда Культура деген ұғымда жерді өңдеу деген мағынаға
ие болған. Бертін келе бұл сөз мағынасы кең аукымды
арнаға түсті.
Сонымен, мәдениет – бұл адамның ақылы, талантты, еңбек таңбалары
бар адам баласын қоршаған қажеттіліктер мен құбылыстар әлемі.
Мәдениет ұғымының қолданыстарының негізгі әр қилы. Соның ішінде
этнографиялық тұрғыдан қарыстырсақ , этнос ғылымның алғашқы түсінігі
кездесетін көптеген түсіндірулер де кейбір топтық мәдени ұқсастықтың
барлығына меңзейді. Сондықтан этнографияда мәдениеттің байырғы мағынасынан
туатын: материалдық мәдениеттердің (заттар, бұйымдар, мал, шаруашылығы,
егіншілік, қала салу т.б.) көп қырын қарастырамыз.
Этнографиялық топонимдер лексикасын қарастырудың объектісі
ретінде алынып отырған Оңтүстік Қазақстан көшпенді және отырықшы
мәдениеттің көнеден келе жатқан ерекше бір көзі іспетті. Қазақстан есет жоқ
ескі заманнан бері малшылар мен егіншілер экономикалық, мәдени, саяси
жоқтан қоян – қолтық араласқан, бір-біріне әсер еткен, бірін-бірі
байытқан

7

көшпенді мәдениет пен отырықшы мәдениеттің мекені болды.
Оңтүстік Қазақстан аумағындағы материалдық мәдениетке байланысты
топонимдер кездеседі. Оның құрамына үй жануарладың мына тәрізді атаулар
бар: жылқы, қой, ешкі, түйе, тай, теке, бота, айғыр т.б. Бұл тәрізді
географиялық атауларға мұқият жасалған лексика – семантикалық және
этимологиялық талдау топонимдерде фауналық лексиканың жеке
қолданысындағыдан өзгеше мәнде жұмсалатынын байқатады. Мысалы, Мың жылқы
атауы таулы өлкеге тән жайлаудың ерекше кеңдігін, жүздеген, мыңдаған,
жылқыға жайылым болатынын байқатады. Қойтас, Түйеге тәрізді географиялық
жылқы атаулар ұқсату белгісі бойынша қойылған. Мәселен, Қойтас
жұмырлаукелген, шоғыр-шоғыр болып бытырап жатқан гранит тастар; алыстан
қарағанда жайылып жатқан қойларға ұқсайды. Э.М. Мурзаев Ғ.Х.Қонқашбаевқа
сілтеме жасай отырып, терминнің жергілікті атау болып жұмсалатынын
көрсетеді: Қара Қойтас, Қызыл Қойтас; бұлар көбіне орталық шығыс және
ішінара оңтүстік – шығыс аудандарында таяу жердегі Түйетас шатқалы кескіні
түйеге ұқсайтын үлкен жартастың атымен аталып кеткен.
Үй жануарлары атауынан жасалған кейбір топонимдер қосымша
ақпараттық мәнге ие болды. Мысалы, Ешкіөлмес деген жердің атауын Е.
Қойшыбаев былай деп түсіндіреді: бұл топоним оты мол жайылым дегенді,
қуаншылық жылы тіпті ешкі де өлмейді дегенді аңғартады [1,80].
Оңтүстік Қазақстанның топонимдері құрамында кездесетін айғыр,
біздің байқауымызша, өсімдік атауына байланысты қойылған. Сонымен қатар
Ә.М. Мурзаев түркі оронимдеріне қисынсыз тәрізді көрінетін Қара – айғыр,
Бозайғыр, Ақбайтал типтес шоқы, асулардың аттары бар. Айғыр сөзінің
мағыналарының ішінен бірді-бір топонимикалық семантиканың

8

табылмағанын көрсете келіп, Ә.М. Мурзаев, Ғ.К. Қонқашбаевтың, Айғыр –
күрделі географиялық атаулардың құрамында Үлкен деген мағынаны аңғартады
деген пікірі өзінің қисындылығымен, қарапайымдылығымен иландырады – дейді
[2,88].
Оңтүстік Қазақстан топонимдерінің құрамында сондай-ақ Байтал,
Ақбайтал, Алабайтал т.б. сөздер кездеседі. Барлық жағдайда Байтал екі
жасар құлындамаған ұрғашы жылқы деген мағынаға сәйкес келе ме, әлде бұл
атаудың тасасында басқаша бір топонимикалық ақпарат бар ма? Ә.М Мурзаев
байтал дегенді тал ағаштың түрін білдіруі мүмкін дейді. Ал, біздің
байқауымызша, байтал сөзін бай және тал деген сыңарларға бөлшектеуге
болады. Тал сыңарының тала, дала тәрізді фонетикалық нұсқаулары Кавказ
тауының Тынық мұхитқа дейінгі аралықта жатқан түркі, монғол, тұңғыс –
манжүр тілдеріне тән. Ә.М Мурзатаевтың көрсетуінше көне түркі тілінде
дала, азер, тала, алқап, жазық, квартал, таулы мекеннің бір
бөлігі, балкар, талда, алқап, жазық, ашық жер, өзбек дала, егістік
жер, қала сыртындағы үй, саяжай: қазақ, қарақалпақ дала, дала,
ашық, жазық жер, халха монғолша тал дала, жазық, түс, орын,
қарғ. Талаа дала, ашық жер, жазық, ашық орын, монж. Тала жазық,
егістік жер, дала т.б. Байтал сөзіндегі бай сыңарын ұшан теңіз,
кең, мол, көп деген мағынада түсіндіруге болады. Сонымен қатар бай
сөзінің киелі мағынасы болу мүмкін. А.П. Потановтың көрсетуінше, Алтай –
Саян түркі тілдеріндегі бай сөзінің киелі мағынасы бар [3,26]. Бай сөзі
қасиетті деген мағынада Таулы Алтай және Тува топонимдерінде кездеседі.
Ал, Ақбайтал, Албайтал біздің байқауымызша, халықтық этимология
негізінде қайта жаңғырудың нәтижесі болып табылады.
Жануарлар атауларымен келетін топонимдерді талдауда мұқият болу
қажеттігі байқалады, өйткені үй жануарларының атаулары көп жағдайда ру, ру
ішіндегі атаулардың аттарымен сәйкес келіп отырады .

9

Мәселен, аққошқар қыпшақ ішіндегі ру атауы болып табылады. Айғыр ақбура,
Алатай, Алақошқар, Байбура, Байқозы, Байқошқар, Бура, Жабағы, Қарабура,
Қараторғай, Қаратеке, Қозы және т.б.
Бірқатар етістікті топонимдер немесе сөйлем ыңғайындағы
топонимдер белгілі бір жануарға байланысты тікелей сол жерде болған
уақиғаны көрсетеді: Айғырұшқан - айғырқұлаған жартас. Ешкіқырылған –
ешкілердің өлген жері, Итөлген – иттің өлген жері т.б.
Қазақ әлеуметтік дәрежесінің толықтығын, төрт құбыласы
түгелдігі, аман – есендігін көрсету үшін мал – жан аман ба? - деп
бастайды. Төрт
түлік қазақтың тіршілігі мен тұрмысының тірегі. Қазақ халқы шын мәнінде кең
байтақ далада көшіп-қонып жүріп өмірін ат үстінде өткізді: Жылқыдан таза,
киелі, қасиетті жануар жоқ деп түсінген қазақтың атқа мінгенде делебесі
қозып, домбыра ұстағанда шабыттанған. Осыдан болса керек, төрт түлік
шеберханасында жылқы малы алғашқы орын алады, қалғандары адам баласына
қызмет етеді. Адам баласы болса жылқы алдында бас иіп қызмет көрсеткен.
Өйткені ол Тәңірдің тірі бейнесі, оның нұры ғарыштың жоғарғы бөлігі,
қалғандары жердікі деп түсіндірген. Сол себепті ол қазақ мәдениетінде
адамның алғашқы досы, сырлас серігі ретінде ерекше орын алады.
Ж.К. Каракузова, М.Ш. Хасанов қазақтың ертеден бері келе жатқан
мал шаруашылғы туралы мынадай түсінік береді: Үш әлем – олар малдың үш
түрі болып табылады және әрқайсысы белгілі әлемге қатысты. Жылқы – жоғарға
әлем , қойматериалдық әлем, яғни жер, сиыр – о дүние, өлілер әлемін
білдіреді [4,31]. Ал, түйе – бұлардың барлығын жинақтап байланыстырып
тұрған төртінші бірлік, ғарыштың символы [4,32]. Қазаққа ең даланы
танытқан, оның шегі мен шексіздігін сездірген, киелі болып табылатын
жануар – жылқы. Мифологиялық ұғым бойынша

10

жылқының пірі, киесі – Қамбар ата. Бұл туралы Ш. Уалиханов: ... жылқы
малы (жылқы әулие), ал түйе, қой сиыр киелі жануарларға жатады - деп
жазады [5,156].
Бұл пікір Г. Гачев былай нақтылай түседі: Жануарлар
иерархиясында жылқы бірінші орын алады. Жылқы – ғарыштың жоғарыға
бөлігі.Жылқы алдыға және жоғарыға қарайды, адам сонымен бірге. Ат үстінде
адам – аспан, жоғарғы әлем мүшесі жерден және оның тартылысынан босатылған
[6,66] Ж. Молдабаевтың пікіріне сүйенсек Қасым хан тұсында үш жүз
қазақтарының басы қосылған кезде, бас қосу құрметіне көкқасқа атты
құрбандыққа шалған. Құрбандыққа көкқасқа аттың шалынуын: көк аспан, қасқа-
ай, мұсылмандық белгісі, атбайлық пен жауынгершілік символы
Жылқыны құрбандыққа шалудың кеңінен орын алғандығы туралы
деректер ғылыми еңбектерде молынан кездеседі. Бұған дәлел Б. Бичуриннің:
Жылқы хан сайлауында құрбандық ретінде және күннің символы ретінде
көрінеді - деуде. Сондай-ақ Рим көне үнді европа дәстүрінде, қытай
мәдениетінде де жылқы ең басты жануар болған, оған табынып патшаларын
ақыретке шығарғанда құрбандыққа шалған [8,552].
Жоғарыдағы ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, жылқыға деген
ерекше көз қарас әр халықта да бар екендігін байқаймыз. Соның негізгі –
жылқының қасиеттілік мәнімен, тәнірінің елшісідеген түсінікпен
астарласып жатады. Сондықтан да жылқы хан сайлануында Тәңір жарылқасын
деген тілектің белгісі болса, өлімге байланысты ғұрыптарға ата – бабалар
әулиетіне, Тәңірге апарады деген түсініктің бернесіне айналған
[10,90].
Төрт түлік малдың ішіндегі түстік сипатының молдығымен де көзге
түсетін жануар – жылқы. Көне гректің дәстүрінде жылқы салттық мәнінде
көрініп, культы ерекше әйел сұлулығы мен құдыреттілігінің символы болса,
мұндай баға қазақ халқында да орын алады.

11

Оған жақсы аттың бойындағы он бес түрлі белгінің айғақтайтын
үш қасиеттің бірі – жақсы ат пен тегінің төркіні - әйел сұлулығы
- салыңқы кең кеуде, әсем де ыңғайлы қозғалыс, оған қосымша
әдемі түсі дәлел [10,89]. Демек жылқы қасиеттілікпен ғана
емес, сұлулығымен де бағалы. Сондай-ақ жақсы атпен тегінің
төркіні әйел сұлулығы екенін Ақанның Құлагер өлеңіндегі
Бота тірсек, сағақ, сондай керім ... деген жолдар дәлелдей
түседі. Бұл құлагердің жүйрік қасиетін көркемділікпен суреттеп,
бейнелейтін бір қатары.
Сонымен қатар жылқы қазақ үшін өлең жырдың
қайнар көзі іспеттес. Осыған байланысты С. Мұқанов: Аттың,
жақсы сипатын тек монғол , қалмақ, қырғыз сияқты көшпелі
елдердің ақындары ғана жасай алған. Отырықшы елдерде олай
емес. Мысалы, көне гректе Пегас, көне орыста Конек - горбунок
сияқты тұлпарлар болғанымен, олар шындықтан гөрі мифке жақын.
Қазақ тұлпарларында Қобыландының Тайбұрылы, Алпамыстың
Байшұбары адамға тән қылықтар жасап, иелері адамша тілге
келсе, бұл мифтен гөрі әсерлеуге бейім дейді [11,130].
Мәселен, Тайбұрылда толып жатқан қасиеттер бар.
Ол адамша сөйлейді, ойлай алады, қайғыра да біледі. Эпоста
жоғарғы ерні жыбырлап Тайбұрыл сонда сөйлейді дейді. Ал,
Алпамыс батыр жырында Байшұбардың басына талай қасиетті
дарытады, ол адамнан да есті жануар. Мыстан кемпірдің
адамға деген пиғылығын сезген ол оны кос аяқтап тебеді.
Байшұбар батырды қырық құлаш арқан бойы зынданнан шығарып
алады. Ал, Ер Төстік ертегісінде Кенжетай сұлу алпыс
аяқты ала атқа, жеті аяқты жерен атқа мінбей, Шалқұйрыққа
мін деп кеңес береді. Мәтінде сегіз аяқ жөнінде
ештеңе айтылмаған, жалпы қарап шалқұйрықтың сегіз аяқты
екенін аңғаруға болады. Әрине, алты аяқ, жеті аяқ, сегіз
аяқтан артың екені белгілі. Сондай-ақ, қазақ ертегілерінде
сегіз қанатты тұлпарда кездесіп отырады. Осындай тұрақты
сегіздіктердің астарын Қондыбай Серікбол : Сегіс сәулелі күнді
білдіретін сегіз аяқты аттың бейнесінің ар жағында да
12

бір нүктеде тоғысқан сегіз сызық геометриялық пішіні
жатыр. Бұл жерде маңыздысы тоғысу нүктесінің праформалық
атауының тұңғы екендігі. Осы праформа негізінде тұяқ сөзі
шыққан: тұңғ
тұй тұй-ақ тұяқ. Міне, пішін элементтерінің ( сызықтар
мен тоғысу нүктесінің атауы болуы тиісті, бірақ уақыт өте,
бұл сөз тоғысу нүктесінің емес, сызықтардың, яғни аяқтардың
атауына айналған). Сегіз аяқты ат деп отырғанымыз – сегіз
тұяқты (тұқайлы) ат [11,387] - деген пікір айтады.
Енді қазақ халқының әлеуметтік өміріндегі жылқыға
оның апеллятивтік түрлеріне байланысты қалыптасқан терминдер
мен топонимикалық атауларды былайша талдап түсіндіреміз.
Құлын – жылқының алты айға дейінгі төлі. Құлын
жарғақ – құлын терісінен тігілген сырт киім. Құлын тастады – іш
тастады, құлыны өлі туды. Құлындағы даусы құраққа жетті – жан
даусы шықты. Құлын мүшесі бұзылмаған – уыздай жап-жас.
Тай – екі жасқа толмаған жылқы. Тай шаптырым жер –
онша алыс емес қашықтық. Ағайынның аты озғанша, ауылдастың
тайы озсын. - мақал . Алатайдай бүлдіру – ел ішіне іріткі салу.
Тайарал – Каспий теңізнің биік жар жағалауының (Атырау облысы).
Тайқоқыр – Павлодар облысындағы көлдің аты Тайбас –
Павлодар облысындағы мекен аты.
Құнан – үш жасқа аяқ басқан еркек жылқы, құнан
қымыз – екі түн сақталған күшті кымыз. Құнан шаптырып – шамамен
төрт-бес шақырымдай жер.
Дөнен – төрт жасар айғыр. Дөнен бәйге, дөнен
жарыс. Дөненсор – көлдің аты, Орталық Қазақстанда.
Ат – күшін көлікке пайдаланатын піштірілген еркек
жылқы. Ат сөзінің ауыспалы мағынасы тілімізде көптеп
кездеседі., бәріне бірдей тоқталуға мақала көлемі көтермейді,
солардың бірлі жарымына тоқталайық, ақ кекілін (құрығын) үзді-
араздасты; ат үсті,

13

жол жөнекей; ат сабылты - әуеге түсті; ат төбіліндей – шағын, аттың
жалы – түйенің қомында – қарбаласта; ат құрғатпады – жиі келіп тұрды
т.б. Атбасар – Ақмола облысындағы қала аты, Атбасы – тау,
төбелер.
Айғыр – үйірге түсетін піштірілмеген жылқы. Айғыр жал –
айғырдың жалындай күдіреген. Құлайғыр - Қарағанды облысындағы елді
мекен. Бозайғыр, Қараайғыр – Павлодар облысы, Екібастұз ауданындағы тау
аты.
Бие – жылқының құлындайтын ұрғашысы. Бие сауым жер – қашық
емес ауыл маңы. Биебауы – бие байлауғы ыңғайлы көк майса, шөбі
шүйгін жер. Биесойған – Көкшетау және Қостанай облысындағы кө аты.
Биесоймас – Алматы облысындағы мекен аты. Биекөл – көл аты.
Біздің пікіріміз: төрт түлік мал атауларымен байланысты
топонимдерді қарастырғанды этимологиялық жағынан түркі, монғол
тұңғыш – манжұр т.б. тілдердің бірімен байланыстырып, лексика-
семантикалық жағынан өз қолданысынан өзгеше мәнде жұмсалған деген
тұжырым жасағаннан гөрі, жалқы есімдердің формалық көрінісін, жердің
шалғайлығын, жақсарғандығын, көлем мөлшерін, мерзімін этнонимдік немесе
антротопонимнен топонимге аусуын көрсететіндей мәндеріне көңіл бөлу
керек сияқты. Сол кезде ғана тіл мен таным сабақтастығын оның шындық
болмысын ғана аламыз.
Осыған орай жайылым атауларымен байланысты топонимдерді де
мал шаруашылығының этномәдени лексикасына жатқызуға болады, өйткені
олардың пайда болуы мен қызмет етуі қазақтың материалдың мәдениетінің
негізгі және маңызды осы саласымен тікелей байланысты.
Республиканың барлық территориясындағы және одан тыс
жерлердегі тәрізді Оңтүстік Қазақстан территориясындағы
топонимдердің біраз бөлігі жайлау термині арқылы жасалған. Мұндай
топонимдердің көптеген түркі тілінде параллельдері бар.

14

Халықтың географиялық терминдер сөздігінде Ғ.М.Мурзаев мынадай
деректер келтіреді: Азерб. яйла, іjaла - бөктер, беткей. малшылар
көшіп жүретін тау беткейі, Яйла; Эйлаг жайлау, жазық жайылым:
өзбек. езлок жаздық жайылым: өзбек, қарғыз. жайлоо, диал. Айлак;:
қазақ. жайлау, алт. алу: тува және хакас – чайлаг: жазық жайылым:; түркі
тілдерінен тәжік тіліне ауысқан джайлов жайылым. Бұл жерде жай,
ес, яй, уаз түбірлері жаз дегенді білдіреді. Көрсетілген
тізбектен байқалатындай, бұл терминнің қолданылуы амағы әсіресе
көшпелі мал шаруашылығына шек артқан түркі этностарының тілдері
мен топонимдерімен қамтиды.
Қазақ халқының географиялық терминологиясының белгілі
зерттеуші Г.К. Қонқашбаев жайлау атауын малдың жас кезінд оты
мен суы мол тау немесе дала жайылымы деп көрсетеді. Сондай-ақ ол
Қазақстан мен Орта Азияның таулы аймақтарында жайлау термині биік
тау жайылымы дегенді білдіретіндігін айтады, Қырым мен Кавказ да
(айла, айлак) бұл термин осындай мағынада қолданылады. Н. Уәлиев
жайлаудың мерзімдік түрлері мен орналасу жағдайына қарайғы түрлерінің
бір қатар атауларын көрсетеді: Қан жайлау, сары жайлау, ой
жайлау, етек жайлау, бөктер жайлау, төр жайлау, кер жайлау [13,43].
Қазақ тілінде бұлайша жайлаудың ара жігін ажыратып, әрқайсысын
бөлек-бөлек атау әрине тегінен – тегін емес, өйткені жайылымдық
мал шаруашылығы қазақтардың ата кәсібі шаруашылығының
негізгі түрі болып табылады.
Қазақтардың көшпелі мал шаруашылығында, сондай- ақ
қысқы жайылым – қыстау, көктемгі жайылым – көктеу, күзгі жайылым –
күздеу қолданылғаны мәлім. Қысқы жайылым үшін ең алдымен өзен
бойы көл жағалауларын орман алқабы тау қойнаулары, бұйрат
қыраттардың түстік беткелері құмның сексеуіл, жыңғылды
қайнаулары көктемгі жайылым үшін қыстауға таяу, ерте
көктемде қардан босаған жерлер

15

пайдаланылған , ал күзгі жайылым көбіне көктемдегімен сәйкес келіп
отырған.
Оңтүстік Қазақстан тарихы топонимдерінде қыстау термині
белгілі бір антротопониммен тіркесіп, айтылуы жиі кездеседі.
Бұлар мал иеленушінің тұрған мекенің көрсету үшін және қайсы бір
территориясындағы бағыт-бағдар үшін қолданылған.
Халықтың географиялық территориясының аймақтық
ерекшеліктері болатыны белгілі. Мәселен Г.К. Қоңқашбаевтың
көрсетуінше Қазақстанның оңтүстігінде қазақтың байырғы шаруашылығында
беделдік жоңышқалық жер болған. Беделік әдетте дуалмен
қоршалады және қыстауға жақын жерде болады.
Оңтүстік Қазақстанның географиялық атауларының құрамында
қолданылатын шабын, шабындық, шалғын терминдері Қазқстанның
оңтүстік аймақтарында жартылай отарықшылыққа, отырықшылыққа тән
шабынды жерлердің болғандығын көрсетеді.
Е. Қойшыбаев өзінің сөздігінде Шымкент облысының Отар
деген қойнаудың бар екендігін көрсете келіп, бұл атаудың от –
шөп сөзіне – ар аффиксінің жалғануы дегенді білдіретінің айтады.
Г.К. Қонқашбаев отар сөзінің мағынасын ауылдан шалғай
жердегі маусымдағы мал жайылымы деп түсіндіреді. Белгілі
Қазақстан геогрофы Г.Қ. Қонқашбаев өзінің Қазақтың халықтық
географиялық терминдері [14,45] деген мақаласында әр түрлі жайылым
түрлерін келтіреді.
Ә.Т. Қайдаров пен Е.Ә. Керімбаев Қазақтың географиялық
лексикасында түр – түсті білдіреті сынды есімдердің барлығы дерлік
қарадан басқа, жайылым түрлерін ажырату үшін қолданылады [15,5]
деп жазады. Боз, ақ, көк, көгал, көкорай, қарабауыр тәрізді
географиялық түр - түс лексемалар Оңтүстік Қазақстанда этномаркерлі
топонимдік лексикада өте жиі ұшырайды.

16

Сонымен, құрамында жайылым атаулының түр-түрін
білдіретін маркелері бар топонимдер Оңтүстік Қазақстан
топонимдерінің аса бір
ауқымды қабатын құрайды. Бұлай болу себебі – ең алдымен автохтонды
тұрғындардың өткендегі өмірінде мал шаруашылығы шешу орында
болуына байланысты.
Ал, малдың қоражайына байланысты топонимдер мал
шаруашылығына байланысты этномаркерлердің тақырыптық (тематикалық)
тобына жатады, өйткені олар мал ұстауға арналған қоражай атауларын
білдіреді. Көшпенділердің қыстау маңайында арнайы қоршалған жабық
қалқалары бар тастан, ағаштан, қамыстан, шымнан, қидан, шөп
шаламынан жасалған қоражайы болған. Оңтүстік Қазақстан
территориясында құрамында қора, қотам, аран, кепе, т.б. тәрізді
этномаркерлер бар Полатқора, Тасқора Аранды, Қотанды, Бескепе,
Кепесарай, т.б. атаулар кездесіп отырады. Егер қысы қатаң
Солтүстік Қазақстан аймағының жағдайында төрт түліктің бәріне
бірдей, (қой, сиыр, түйе, арық-тұрық жылқы малы) арналған қора
жайлар салынса, ал дала мен шөлді жерлерден тек қора малға
(сиыр, қой - ешкіге) ғана арналған жабық қоражайлар болды. Соның
өзінде де өзен , көл жағаулары қысқы жайылымы болған сиыр
малына жабық қоралар, уақ малға шөл, шөлейт жерлерде ашық қора
салынды [16,47]
Оңтүстік Қазақстанның таулы және тау бөктеріндегі
аудандарында мал ұстау үшін қолдан жасалған немесе табиғи тас
панажайлар пайдаланылды. Мәселен, Бестал тауына таяу жерде
(Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданы) табиғи қалыптағы
тастан жасалған Полатқора деп аталатын тас қора бар, бұл табиғи
панажай мал ұстау үшін пайдаланылады. (Мәлімет берген Керімбайұлы
Әуелбек, 1974 ж).
Мойынқұм мен Қызылқұм жерінде сексеуілден, қамыстан
тоқылған қоралар салынса, өзен-көл жағалауларындағы қамысты жерлерде
қамыс қоралар немесе қамысы айнала шабылып , тазартылып, қотан,
қора жасалатын болған Оңтүстік Қазақстан

17

жерлерінде жер кепе, жер там, жер үйшік, төл ұстау үшін
қолданылған.
Жалпы мағынасы мал ұстауға арналған қоражай дегенге
саятын бір матиматикалық топтағы этномаркерлері топонимдік
материалдардан осы аймақтық табиғи және ауа райы жағдайында
бейімделген мал қыстаудың шаруашылық ұымдастырудың әр түрлі
ерекшелітерін танып білуге болады.
Сөйтіп келгенде, территориялық жақтан телмелі болып
келетін мұндай этномаркерлері топонимдер белгілі бір аймақпен
нақты бір территорияда шаруашылық ұйымдастырудың түрі мен тәсілдері
ерекшеліктері туралы аса маңызды мағлұмат береді.

Оңтүстік Қазақстан топонимдері лексикасыының құрамындағы
егіншілікпен байланысты этномаркерлер

Қазіргі Оңтүстік Қазақстан территориясында сонау көне
дәуірдің кезінде – ақ суармалы егіншілік алқаптарының болғаны
жайында дерек беретін әдебиет аса мол.
Шаруашылықтың көшпелі және отырықшы түрлері мен
көшпелі және отырықшы өмір салтының бір-бірімен ұласып жататын
көптеген сатыдан тұратынын ортазиялық этногрофтар мен экономист
географтардың зерттеулерінде дәлелдене түсті. Мәселен В.П. Курылев:
... қырғыздар мен қазақтарда (әдетте дала мен тауды мекендеген бұ
халықтарға тек қана малшылық тән деп қарайтын көзқарас көп
кездеседі). ХІХ ғасырда молшылықтың негізгі үш типі болған:
көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшылық. Шаруашылықтың соңғы түрі
Қазақстанның оңтүстік өңірінде интенсивті егіншілікпен үйлестіріле
жүргіліген - деп жазады [17,167]. Арық , тоған, тұма, бөгет,
керіс, егін, егіндік, бидай, тары, арпа, қонақ, қауын, шүй, туран,
атыз, шырын, жоя, нарсалма, жап және т.б. этномаркерлері бар
көптеген этномаркерлік топонимдер байырғы кезлегі Оңтүстік
Қазақстанның территориясында суармалы болғанын, олай болса,
суландыру

18

жүйесінің де болғанын байқатады.
Орта ғасырлық жазба деректерден арықтардың көптеген
атауларын кездестіруге болады. Оңтүстік Қазақстанның егіншілік пен
агросуландыру жүйсі туралы аса мол тарихи – этнографиялық әрі
топонимикалық материал Н. Дингельштедтің Опыт и изучения ирригации
Туркестанского края. Сыр – Дарьинская областы т.т. 1-т, спб, 1893-1895
деген кітабында сондай-ақ 1906-1908 жылдары Шымкент уезін
зерттеудің нәтижесі болып есептелінетін қоныс аударушылар
басқармасының басылымдарында кездеседі. (Материалы по киргизскому
землепользованию района реки Чу низовьев реки толаса Черньявского и
Аулие-атинского уездов Сыр – Дарьинского области Ташкен 1915;
Хозяйственный быть киргиского, Сартовского и русского населения Юго
- восточной части Шымкентского уезда Сыр – Дарьинской уезда Ш.
Ташкент, 1910 ) Оңтүстік Қазақстанның этнографиялық топонимдерін
зерттеуде, бұл аталған еңбектердің мәні орасан зор.
Егіншілікпен байланысты топонимдерде әсіресе арық
этномаркерлері жиі кездеседі мұндай топонимдер суару каналдарын,
екінші жағынан елді мекендердің, жергілікті дерлердің, алқаптардың
атулары болып, жұмсалады. Бұл термин туралы Г.К. Қоңқашпаев мынандай
анықтама береді: Арық – суару каналы Шығыс елдерінде кең тарған,
орыс әдебиетіне ерте кезден-ақ енген Академик В.В. Радлов пен
профессор Н.Г. Салицкийдің пікірінше арық сөзі айырылмақ бөліну,
бөлу етістігіне түбірлес. Арық етрмині географиялық жалқы есім
атауларының, әсіресе елді мекен атауларының құрамында жиі ұшырайды.
Жаңа – арық, Көкарық т.б. Ә.М. Мурзаев Орта Азиядағы иранның Джуй
сөзін алмастырған арық атрмині өзеннен немесе бөгеннен суару үшін
қолдан қазылған канал, ор дегенді де білдіреді деп жазады [2,58].
Ә.М. Мурзаев бұл термин А.В. Севортян шолу

19

жасаған біраз әдебиет бар екенін көрсетеді. А.В. Севортянның
айтуынша арық сөзінің күллі мағыналарының бәріне ортақ
болып тұрған мағына – аққан, ағын су ал одан кейінгі – су
арнасы, су ағатын арна деген мағына. Ә.М. Мурзаев бұл
терминге аса мол паралелльдер келтіре отырып, ағу, іркілу
деген мағынаны білдіретін әр түбірімен төркіндес деп
қарайды: көне түркі агой тау аңғары, ачdu арасын сай
бөліп жатқан тау, түрік, диал. Армаок, бұлақ, бастау,
арос, тосқын, ағын су монғол. Аруг суару каралы; арог
су тартылып калған арна, арк ор: звенк. Ари саға,
канал, хет ачпа шекара, аралық, Ақ – жерді каналмен
бөлу, azs ағу: парсы арк суаратын канал: Ә.М. Мурзаев бұл
қатарға түркі тілдерінен енген тәжік арк, арх канал,
арық, бұлақ: груз. Архи канал арм. арк канал,
осет. Ачуd жылға, үлкен, жыраға арналған жер т.б.
жатқызады.
Оңтүстік Қазақстаннның говорларында суару
жүйесіне жататын терминологияның кеңірек дамығанын
көрсететін диалектлердің бірі диалектолог ғалым О.
Нақысбеков жазып алған арық атаулары: атыз арық, бау
арық, қазына арық, қауын арық т.б. [18,105].
Оңтүстік Қазақстанның диалектілік
лексикасында және ішінара топонимдерінде жап кішкене
арық деген этномаркерлер кездесіп отырады. Бұл атаудың
иран тілдеріндегі аб су деген сөзімен салыстыруға
болады. М. Мурзеавтің көрсетуінше иран тілдерінде аб,
об сөзі өзінің негізгі мағынасынан ьасқа бұлақ жылға,
кейде көл және канал тәрізді географиялық атауларды
білдіреді. Мэселен, мары алқабында және Хорезм жерінде
яб, оп суару каналы дегенді аңғартады дей келіп,
ғалым Орта Азияның байырғы егіншілік алқаптарында тіпті
қазірдің өзінде түркі тілдес тұрғындар басым болып
отырған жерлерде суармалы шаруашылыққа жататын терминдер
негізінен иран тілдерінен келген ауыс-түйіске жататынын
атап өтеді [19,107].

20

Егіншілікке (суару жүйесіне) тән едәуір
терминдердің иран тілдеріне тән ауыс-түйіс екені, сөз
жоқ, түркі және иран тілдес халықтардың тілдік және
мэдени байланысының тым көне заманда жатқанын көрсетеді.
Кяриз этномаркерде иран тілдерінен енген танылады.
В.И. Савинаның сөздігінде иран топонимдерін құрайтын
иранда көне заманнан бері келе жатқан көптеген
терминнің суару жүйесі құрылыстарының атаулары болып
жұмсалатыны көрсетілген: Кариз, кенат, джуй т.б. [20,120].
И. В. Савинаның сөздігінен кехриз, кариз жер
астындағы суару каналы, жер астындағы су жинайтын
галерея деп көрсетілген және кехриз терминімен жасалған
Иранның 25 географиялық атауы беріледі. Ә.М.Мурзаев өзінің
сөздігінде сырт Кавказда бұл термин кегриз, кехриз,
кериз; Ауғаныстанда кариз; Аравия түбегінің солтүстік
батысында, Цейлонда су жинайтын галерея шериз деп
аталатынын көрсетеді. Ә.М. Мурзаев бұл сөзді көптеген
халықтың географиясында қолданылатын терминдердің бірі деп
қарайды. Ал бұған қоса айтарымыз керіз термині
қолданылатын аймақтарда суарудың керіз жүйесі кеңінен
өрістеген. Суарудың осы аталған түрі көне дәуірден бері
егіншілікпен айналысқан иран тілдес халықтардан түркі
тілдес халықтарға кеңінен тарап кетті.
Келесі бір тоқталатынымыз, қала құрлысы
терминдерімен байланысты топонимдер. Қала аттарын және қала
обьектілерін білдірітін атауларға байланысты. Географиялық
атаулардың белгілі бір қабаты Оңтүстік Қазақстанның тарихи
топонимдерінің құрамына енеді. Көне замандағы, орта
ғасырдағы және берітіндегі қала атаулары байырғы қытай
жылнамаларында, орта ғасырлардағы араб географтарының
шығармаларында парсы, түркі тілдеріндегі жазылған деректерде
батыс европа және орыс саяхатшыларының жазбаларында
кездеседі.

21

Бұл аталған еңбектерде аса қызғылықты тарихи-лингвистикалық ортақтықты
ізерлеуге мүмкіндік беретін тарихи-этнографиялық ақпараты мол сөздер
(терминде) бар. Мұндай этномаркерлерге мысалы, Қазақстанның, оның
ішінде Оңтүстік Қазақстанның топонимдерінде кездесетін балық
термині жатады. Мәселен, Е. Қойшыбаев Қазақстанның Талдықогрған,
Атырау, Қостанай облыстарында Балықсор, Балықсу, Балықшы, Қарабалық
деген топонимдердің бар екенін көрсеткен. Оңтүстік Қазақстан облысының
Түлкібас ауданында Балықшы деген ауыл бар, ал оның маңында
орхеологиялық ерекшеліктердің санатына жататын орта ғасырлық қаланы
орны жатыр. Ә.М. Мурзаев өзінің сөздігінде балық, балыг қала деп
көрсетеді, кейбір авторлардың бұл терминді балшықтан салған
құрылыс, балшық үйлері бар қала деп балшықпен байланыстыратынын және
бұған түрікше ваІік қала (жорамал дәлелдеуді қажет етеді) дегенді
дәлел ретінде келтіретінін айтады [2,70,71].
Азия-Еділ бойындағы балық топонимдерімен келетін аймақты
арнайы ізерлеген Т. Нафасов Қорған, бекіністі жер, село, қала
дегендерді білдіру үшін қолданылатын аппеллятивтердің ішінде ең
көнесі бекініс, кейініректегісі село, қала деген мағыналарды
білдіретін ваІік – ваІіg атауы дейді [21,121].
Е. Қойшыбаев Балқаш гидронимінің этимологиясын қарастыра
келіп, ол гидронимді Орал – алтай тілдері тобындағы көне тілге тән
және мағынасы су ұғымымен байланысты болу керек деп топшылайды. Е.
Қойшыбаев балк балық сөзі балық балшық зат есімінен пайда
болып, сындық қызметке жұмсалуы әбден мүмкін дейді. Қазақ тіліне
сақталып қалған балық сөзі лай мағынасы мен қазіргі кездегі
балық мағынасынан басқа су мағынасн да білдірген дейді [1,53,54].
Көне және ортағасырлық түркі қалалары шикі балшықтан
салынғаны мәлім, сондықтан бал негізгі түбірінен өрбіген туынды
сөздердің семантикаксындағы мынадай өзгерістердің болу түсінікті,

22
әрі заңды.: су, лай, балшық, корған, қыстақ, қала,
су, соң, балшық, батпақ ұғымдарымен байланысты
байырғы түбір көптеген орал-алтай, үнді-европа тілдерінде
кедеседі. Мысалы: литв. ВаІа балшық, іркіндісу, батпақ,
молд. Батлэ батпақ, албан ВаІta тартпа , батпақ, итал.
\диал.\ ВаІtа балшық, грек ВаІtое батпақ дегенді өзара
салыстыруға болады.
Т. Насыровтың айтуынша балық лексемасы
түркі, монғол, тұңғыс- манжур тілдерінде әр түрлі
фонетикалық, семантикалық құрылымда колданылады. Мысалы,
ескі монғол . ВаҺаjas қала Вағаzun және қазіргі монғол
тіліндегі балагас қала, бурят, балга хан, манжур фалга
сөздерінің түп төркіні алтайлық түбірге саяды. Балуан,
балака, балауа, балга тәрізді лексемалардың фонетикалық
түрлері звенки, звен дегендей тілдеріне тән болып
келеді. [21,112].
Бал қала түбір морфемасының туынды
түбірлерінің бірі, жоғарыда айтылғандай, Валік лексемасы ХІ
ғасырғы дейін жасаушы актив аппелятив болған. ХІ ғасырдың
өзінде-ақ бұл лексеманың ескіріп, ығыса бастағанын тіпті
М. Қашқаридің өзі атап көрсетеді және араб жаулаушылығына
дейін түрік пен ұйғырлардың тілінде қала деген
мағынаны бшлдірген, бірақ бірте-бірте бұл сөзді кент
лексемасы ығыстыра бастаған. ХІ ғасырдағы корнекті түркі
тілді ғалымының бұл айтқандарына көптеген мысал келтіруге
болады. Мысалы, Орхон текстерінде Ваs balik деген сөз бар. Х-
ХІ ғ.ғ. М. Қашқари сипаттап отырған территорияларда түркі
тілді тұрғындардың балық терминімен айтылатын Янибалық,
Бешбалық, Көзбалық тәрізді қалалары болған.
Ортағасырлық Баласағұн каласы ортағасырда бірде
Орда балық, бірде Күзбалық деп аталған. Орхон өзенінің
жағасында Монғолияның Тарғубалық деген қаласы болған. Жер
бетіндегі ең көне қала ХІІ-ХІҮ ғғ. түркі тілдес
ескерткіштерде Бабулбалық

23

деп аталады. Көне Юалха атауында да балық элементінің ізін айқын
байқауға болады.
Түркі халықтарының құрамында кездесетін балық термині
балыкчы, балықшы, балыксы термині этнонимдердің жасалуына негіз
болуы айырықша назар аударды. Н. Нафасовтың айтуынша ХІХ ғ Логофет 102
өзбек руларының ішінде балықчиның бар екеніні көрсетеді. Бұл жалпы
түркілік этноним. Балықшы руы қырғыздардың сары тайпасында да
кездеседі. Қазақстанда да балық және балықшы, түркіпендерде балыкчы,
балаксы рулары болған. Балықшы руы туваларда да бар. Р.Г. Кузеевтың
айқындауынша түркілік балыксы, балыкчы алғашқы кезде Отырықшы ел
немесе қала маңайында көшпенділер, қала бекінісін қорғаушылар
дегенді білдіреді. [21,110].
Оңтүстік Қазақстан топонимдері құрамына балық (балықшы)
этномаркерлік терминінің кездесуі осы аймақтың территориясында
байырғы дәуірінде өзінде-ақ көнетүркілік қала өркениетінің және қала
мәдениетінің болғандығын байқатады. Балықшы этнонимі бұл аймақтағы
автохтонды тұрғындардың белгілі бөлігі қала тұрғындары, қала
бекінісін қорғаушылар екенін көретеді. Міне бұл фактілердің бәрі тек
бірығай ғана көшпенділердің болмағанын және Оңтүстік Қазақстан
территориясында ерте заманнан бері көшпенді мәдениет пен егіншілік
мәдениеттің (қала мәдениеттің) бір-бірімен астасып жатқаны жайында
тезистің дұрыстығын айқын аңғартады.
Оңтүстік Қазақстан тарихы топонимдеріне кент термині
ойконим жасаушы актив аппеллятивтердің бірі болған және болып та
келеді. Ә.М. Мурзаев өзінің сөздігінде кенд, кент дегендерді
қала, қоныс деп түсіндіреді және оның Орта Азия, Қазақстан,
Кавказ, Шыңжаң, Орта Шығыс, Кіші Азия территорияларында түркі, тәжік,
ауған парсы тілдерінде қолданылатынын, кенд қала сөзінің көне
түркілерге соғды тілінен енген ауыс – түйіс екенін көрсетеді
[19,270].

24

Р.Я. Рассудова өзінің атауларында кат, кент деген соғды
терминін сақтаған қоныстарды зерттушілер б.э. Х ғ. дейінгі уақытқа
жатқызатынын, сонымен бірге бұл топонимнің бірінші түрі екіншісіне
қарағанда әлде қайда көне деп танылатынын жазады [22,132].
Х ғ. Араб географтары Ибн Хордарбек пен Эл Макдесидың
көрсеткен Испиджап пен Тарздың арасында орналасқан қалалардың
тізімінде кат, кет элементтерімен келетін атаулар да кездеседі:
Будахкент, Джувикат, Хамукет, Тебабкет [23,16].Ә.М. Мурзаев бұл
терминнің Еуроазия, сондай-ақ Үндіеуропа, финноугор, түркі-монғол
тілдерінде кезедесетін кең көлемдегі тарихи лингвистикалық
параллельдер арқылы көрсетеді.
А.З. Розонфельдтің пікірінше кат, ката иранның көнеден
келе жатқан өз алдында дербес қолданылатын кат, ката, кейде үй,
йелік деген мағынадағы сөзімен төркіндес. Бұл сөз қазіргі тәжік
тіліндегі және оның жергілікті ерекшеліктеріндегі лексема түрінде
сақталған: Кат отыратын, ұйықтайтын тақта, нар, ағаш төсек,
катак, тауықкүрке, отын су қоятын сарай: катхуда Мемандос үй
иесі, Үй бикесі. Сондай-ақ А.З. Розонфельдің көрсетуінше көне
заманнан бері яғни бірте-бірте қолданыстан шығып өлі тілге айналған
ертеректегі соғды тілі қолданылған аймақтағы топонимдерінде аса мол
кездеседі [24,64].
Шығу төркіні жағынан соғдылық болып табылатын бұл сөз
көне түркі тіліне, кейіннен өзге де түркі тілдеріне еніп,
топонимдерде және кейбір түркі тілдерінде қала, қоныс
мағынасында сақаталған.
Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданың орталығы
Легір қаласына жақын жердегі Сұлтан Рабат деп аталатын елді
мекеннің құрамында сақталған рабат терминін қала салу немесе
астионимдік урбанимдік терминдердің қатарында қарауға болады.
Рабат термині - шығу төркіні жағынан араб сөзі.

25

Ә.М. Мурзаевтың жазуынша бұл терминнің бастапқы кезде
арабтар, сонан соң тәжіктер, жергілікті түркілер қала
қабырғасы
және қала түбіндегі мекен деген мағынада қолданылған.
Ә.Мурзаев өзінің сөздігінде бұл терминнің керуен сарай,
күзет орын, қоналқы үй, жолаушылар түсетін үй,
бекет, монастыр тәрізді мағыналардың бар екенін
көрсетеді. В.В. Бартольд рабат және рабад терминдерін
ажырату деп біледі. Түркістанда өзгу де мұсылман әлемінің
шет аймақтарында рабаттар арбша дұрыс айтылуы рабат немесе
рабаты, осылай айтылатын бұл сөзді Түркістандағы рабадпен
шатастырмау керек. ХІІ ғ. Авторларының түсіндіруінше рабат
деп ат байлайтын орынды атаған терминнің шығу төркіні
де, міне, осы тәрізді, рабат қазылары дін жолында
көрісушілер арналған, өйткені олар шет аймақта дұшпанмен
бетпе-бет тұрып, жаудың мұсылмандарға жасаған қастандығы
мен басқыншылықтарына тойтарыс беріп отырған. Сөйтіп, орта
ғасырдағы араб жаулаушылығының шекарасы Оңтүстік Қазақстан
территориясының үстімен өткендегі ала отырып, Сұлтан
рабат атауынан Сұлтанның шекаралық тұрағы немесе бекінісі
деген мағынаны аңғаруға болады. Сонымен қатар оған
ортағасырлық Испиджап қазіргі Сайрам қаласының жақын жатқанын
ескерсек, Сұлтан рабат та, Испиджап тәрізді кезінде
қалаға іргелес жатқан елді мекендердің көптігінен даңқы
шыққан бекініс, қала іргесіндегі елді мекен болған деген
ойға тиянақ болады.
Там терминімен келетін жалқы геогафиялық
атаулар пәлендей көп емес. Солардың ішінде жұртқа
кеңінен танымалы Қызылорда обылысындағы Төретам станциясы.
Түркі тілдерінде басқа да тілдерде там сөзінің
параллельдері молынан ұшырайды...
Ә.М. Мурзаев осы аталған терминнің түркі және үндіеуропа
тіддерінде мағыналарының бар екенін көрсетеді. Көне түрк.
taт қабырға, әзір. дам мал қора; там кірпіш немесе
балшық қабырға, үй; өзб. Там шатыр, құрылыс;
ұйғыр. там қабырға, коршау, үйшік, тұрақжай, там-
үй,
26
тұрақты тұрғын үй, шаршылап салынған қабырғасы калың,
берік қақпалы үй, яғни бекініс түрінде салынған
тұрақжай. Салыстырамыз қаракал. там жан-жағы дуалмен
қоршалған тек дарбаза арқылы кіруге болатын жабық
құрылыс, қабырға. Бұл жерде ескерте кететін жайт:
Ә.М.Мурзаевтың атлған Сөздігіндегі қазақтың там сөзі
мағынасы бұл сөздің Оңтүстік Қазақстан говорларындағы
мағынасынан біршама айырмасы бар Мәселен, О. Нақысбеков
Қазақ тілінің Оңтүстік говорлары тобы деген
моногрфияллық там терминнің кірпіштен, балшықтан жасалған
үй деген мағынасын көрсеткен.
Бұл терминнің Ә.М. Мурзаев көрсеткен үндіеуропа,
алтайлық параллельдері аса көне дәуірден келе жатқанын
байқатады: санскр. damac авест. Іаm үй, грек domus
құрылыс, латын clomus үй, баспана, ғимарат, үйелмен,
отан, франц. доме күмбез, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рухани мәдениетке байланысты қалыптасқан этномаркерлі топонимдер
Орталық Қазақстан Бұқар жырау ауданы топонимдері
Үй жануарларының атауларының тарихы
Топонимдегі ұлт пен мемлекет саясаты мен тарихының көрінісі
Бұқар Жырау ауданы топонимдерінің географиялық ерекшеліктері
Қазақ антропонимдерінің лингвомәдени және әлеуметтік мәні
Әбіш Кекілбаев Аңыздың ақыры романынның лексика-семантикалық ерекшеліктері
Қадыр Мырза әлі шығармаларындағы жалқы есімдер
Топонимдердегі түр-түс атауларының семантикасы
Қазақ антропонимдерінің зерттелуі
Пәндер