ҚР - ғы шағын және орта кәсіпкерлік


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 1

1-ТАРАУ ҚР - ғы шағын және орта кәсіпкерлік олардың ерекшеліктері . . . 4

1. 1. Кәсіпкерліктің түсінігі және түрлері сондай-ақ

өзіне тән ерекшеліктері . . . 4

1. 2. ҚР шағын орта кәсіпкерліктің даму жолдары

мен құқықтық негіздері . . . 10

1. 3. Шағын және орта кәсіпкерлік туралы нормалардың құқықтық жүйесін-

дегі орны . . . 18

2-тарау. ҚР шағын және орта кәсіпкерліктің ұйымдастырылуы сондай-ақ кә-

сіпкерлік қызыметті дамыту жөніндегі мемлекетік саясаты

2. 1. ҚР шағын және орта кәсіпкерліктің ұйымдық құқықтық нысандары . . . 24

2. 2. ҚР кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік саясаттың

негізгі бағыттары . . . 49

2. 3. Кәсіпкерлік қызыметтегі мемлекеттік құқықтық реттеу проблемалары. 59

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 66

КІРІСПЕ

Біздің республикамыз экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі сатысын кешуде. Нарықтық қатынастардың құрылуы өмірде экономикалық қызметтің жаңа түрі пайда болды. Экономикалық негізгі бағыттарының қайта өзгеруі кәсіпкерліктің дамуына септігін тигізді.

Бізде әліде экономика толық дерлік дами қалған жоқ. Сондықтанда заң шығарушылардың бірден кезекте қоғамның әлеуметтік дамушы тобындағы кәсіпкерлердің қызметтерінің дамуына көңіл бөлуі қажет. Кәсіпкер нарықтық шаруашылықта негізгі роль атқарады бәсекелеспен рынок жағдайына кәсіпкер өзіне пайда табу мен қатар қоғамға да пайдасы тиеді.

Сол себепті кәсіпкерсіз өмір сүріп келе жатқан қоғам шаруашылықта әкімшілік командалық басқарудағы негативтик жақтарын жою елімізде кәсіпкерлерге шаруашылық қоғамда толық жан-жақты қолдау көрсетуіміз керек.

Кәсіпкерлерді бүкіл әлемдегі қолдау Қазақстан Республикасына тек кәсіпкерлерге қажет болмайды. Сол сияқты нарықтық экономика қалыптасады. Кәсіпкер ол еліміздегі шаруашылық қызметтің негізгі күші. Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік тарапында және экономика өмірінде атқаратын ролі ұмай-теңіз. Дәлелдеуді қажет қылмайды. Қазіргі заманда гүлденіп кешеніне келіп дамып тұрған өркениетті елдердің қайсысы болмасын негізінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыта отырып айтарлықтай дәрежеге жеткені баршаға мәлім.

Бүгінде республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негізгі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру және олардың құқықтық реттеу әдістерін жетілдіру күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бірінші кезекке қойылып отыр. Оған куә ретінде ҚР Президенті тарапынан жасалынып жатқан кәсіпкерлікті қолдау жандандырып нығайту туралы шараларды, сондай-ақ осы шараларды материалдық және құқықтық жағынан қамтамасыз ету жөніндегі қабылданған нормативтік құқықтық актілерді атап өтуге болады. Сондықтан біз кәсіпкерлікті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш күштері деп білуіміз қажет. Осыған орай айта кететін бір жайт мемлекеттерде кәсіпкерліктің жан-жақты қолдау табуын тек кәсіпкерлікті дамыту үшін ғана деп түсіну сонымен бірге оның нарықтық экономиканы дамытуға қосар үлесінің де, қажетті екенін естен шығармауға тиіспіз. Демек, нарықтың өрлеп өркендеуі кәсіпкерлік қызметтің айтарлықтай дәрежеде тәуелді болады. Тағы бір ескертетін жай, бұрынғы тоталитарлық Қазақстан экономикасының жеке меншікке негізделген нарықтық түрлендірілуі кәсіпкерлік қызметті дамытып, жандандырудың таптырмас көзі ретінде көрініс тауып отыр.

1-тарау. ҚР-дағы шағын және орта кәсіпкерлік. Олардың ерекшеліктері.

1. 1. Кәсіпкерліктің түсінігі және түрлері, сондай-ақ өзіне тән ерекшеліктері.

Кәсіпкерлік қызмет қандай да болмасын мемлекеттің экономикалық аясынан өзіне тиісті орнын, дәреже деңгейін тапқаны бүгінде баршаға мәлім.

Ал бүгінгі таңда қазақстандағы кәсіпкерліктің туындап дамуы жүргізіліп жатқан экономикалық реформаның өзегі ретінде көрініс табуда. Өйткені нарық экономикаға көшудің бірден-бір жолы - мемлекеттік құрылым. Әр түрлі аяда қызмет атқаратын өндіріс кәсіпорындармен тайталаса және бәсекелесе алатын, айтарлықтай дәрежесі бар кәсіпкерлік құрылымдарды құру, дамыту болып табылады. Демек бұл кәсіпкерлік құрылымдардың материалдық базасы жеке меншік инвестициялары болып табылуымен қатар, олардың басқаруында бастауында білікті және қайратты кәсіпкер тұруы қажет. Осыған орай, мемлекеттің бірнеше жыл көлемінде жүргізіліп жатқан жекешелендіру саясаты қандай да болмасын аядағымемлекеттік меншікке негізделген монополизмді жойып, мемлекеттік емес коммерциялық құрылымдар дамып, өркендеуіне бағытталады деп айта аламыз. Негізгі кәсіпкерлік деп, өзара пайданы нәтижеге жету және табыс табу мақсатында қатысушының өз қарамағында мүліктері мен қаражаттары, сондай-ақ дамытуға берілетін несиелер есебінен, ағымдағы заңдылық көлемінде жүзеге асырылатын шаруашылық және басқа да коммерциялық қызметтерді айтамыз. Кәсіпкерлік халыққа қажетті тауарлар, өнеркәсіпөнімдерін және басқа қызмет жөніндегі қоғам, мемлекеттік сұран-ыстар мен ұсыныстар есепке ала отырып жүзеге асырылатын қызмет болғандықтан ол кәсіпкерге ғана емес, халыққа да тиімді болып табылады.

Осы жайлардың айғағы ретінде қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы Елбасының тарапынан көрсетіліп жатқан жәрдем, қамқорлықтарды айтуға болады.

Бірақ бұл жерде айта кететін бір жайт, кәсіпкерлік қызмет жөніндегі бірнеше заңдар мен басқа да заңға сәйкес актілердің қабылдануына және өркениетті жекешелендіру саясатының бірқалыпты жүргізілуіне қарамастан кәсіпкерліктің, әсіресе өндірістің, өнеркәсіп аясында кәсіпкерліктің ойдағыдай дамымай отырғаны белгілі.

Себебі, бюрократиялық аппараттың әлі де азаймауы, мемлекет қоғам мүддесін көздейтін жекешелендіру саясатын жергілікті және басқа деңгейде айтарлықтай жүзеге асырмауы, сондай-ақ, салық салмақтарының кемімеуі. Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің субъектілері заң жүзінде белгіленген .

Олар Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары, сондай-ақ, шетелдік жеке және заңды тұлға резиденттері болып табылады. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға азамат заңды тұлға құрып немесе құрмай айналыса беруіне болады. Ал ұжымдық кәсіпорындар, кооперативтер немесе әкімшілік-аумақтық кәсіпкерлік қызметтер, өз меншіктерінің негізінде заңды тұлға құру арқылы кәсіпкерлікпен айналысады. Енді аздап кәсіпкерліктің мәнімен маңызына тоқталайық. Бұл жөнінде бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі көзқарастардан бөлек шешімі бар концепцияда адамның мынандай іс-қимылы, әрекеті өзінің сипатына байлан- ысты мынадай екі негізгі типке: бастапқы базистік еркін - ерікті қызметке және қондырма еріксіз қызметке бөлінеді делінген.

Сол бірінші ерікті қызмет кәсіпкерлікке жатады, өйткені ол қызметті жү зеге асырушы тұлғаның мүддесіне, жүзеге асыру жолдары мен әдістерін таңдау еркіне, мақсат еткен нәтижесіне жетуіне өзінің қаражат мүлкіне негізделген.

Бірақ қанша ерікті қызмет болғанымен заңда белгіленген шектен шықпаулары қажет. Өйткені мемлекет мүддесіне, яғни, ұйымдасқан қоғам мүддесіне зиян келуі мүмкін.

Мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын қызмет тұлғалар жұмысқа кіруі ерікті сипатта болғанымен, басқа қызметті басқару органның мүддесіне, соған жету жолында жүзеге асыратын функцияларына, әдістеріне және тағы басқаларын негізделгендіктен қызмет істеу еріксіз болып табылады.

Кәсіпкерлік мемлекеттің экономикасының басты элементі болып есептеледі, себебі, ол өндіріс аясындағы экономикалық қызмет ретінде басқарушы қызметпен ерекшеленеді.

Мемлекеттін өзі саяси биліктің субъектісі және мемлекеттік меншік иесі болғандықтан тікелей шаруашылық кәсіпкерлік қызметтерге араласпайды. Ол тек әзірше, жұмыс атқарып қызмет көрсетіп жатқан мемлекеттік кәсіпорындар шаруашылық ұйымдары арқылы кәсіпкерлік қызметке араласады. Бұл тұрасында Қ. Р. азаматтық кодексінің 10-бабында дәл айтылған сияқты1

Кәсіпкерлік меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғаларының тауарларға сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе табыс та-табуға бағытталған, жеке меншікке негізделген мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқықтарына негізделген ынталы қызмет.

Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан оның тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.

Осыған орай, кәсіпкердің кім екені жөнінде түсінік беріп кету қажет. Кәсіпкерден өз атынан, өз қаражаттары есебінен тауарлар мен өнімдерді өндіру, сату немесе сатып алу жөніндегі жұмыстарды орындау және қызмет көрсету арқылы пайда табу мақсатындағы қызметті ұдайы негізде жүзеге асыратын азаматты немесе заңды тұлғаны айтамыз2. Мемлекеттік тарапынан кәсіпкерлік қызмет еркіндіге кепілдік берілген, кәсіпкерлікті қолдау мен қорғауда мемлекеттік, мемлекет атынан өкілетті органдар қамтамасыз етеді. Дәл осы жерде кәсіпкерліктің құқықтық режимі жөнінде айта кетуіміз қажет. Негізгі қай салада болмасын құқық режимінің екі түрі: жалпыға бірдей Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық режимі тек рұқсат етілген құқық реттеу рұқ-

сатында етілген, яғни, белгілі диспозитивтік және рұқсат беру арқылы көрініс табады императивтік түрі белгілер.

сипатында болады. Патент бір мезгілде азаматтық кәсіпкер ретінде тіркелгені жөнінде куәлік және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензия болып табылады.

Ал шаруа қожалығы құрамында, мердігерлік шарт және өзге де азаматтық құқықтық шарттар негізінде бір жолғы жұмыс атқаратын көтерме және бөлшек сауда желісімен басқа өздеріне тиесілі мүлікті, сондай-ақ өндірілген, өңделген, сатып алынған өнімдерді, оған қоса, импорттық өнеркәсіптік жәнеазық-түлік тауарларын сол үшін арнайы бөлінген жерлерде немесе комиссиялық дүкендер арқылы сатумен айналысатын азаматтар жұмыс істеп, қызмет көрсетудің түсімі жылына ең төменгі жиырма жалақы жиынтығынан аспайтын азаматтар мемлекеттік тіркеуден босатылады, яғни, қызмет заңды тұлға құрмай жүзеге асырады. Өз қызметі негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді көздейтін ұйым заңды тұлға болып табылады Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға мемлекеттік кәсіпорындар, толық серіктестіктер, қосымша жауапкершілігі бар шектеулі серіктестіктер, өндірістік кооперативтер жатады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызмет екі түрге бөлінеді деп айта аламыз шағын және ортақ кәсіпкерлік яғнижеке кәсіпкерлік сондай-ақмемлекетті кәсіпкерлікке бөлу кәсіпкерліктің экономикалық негізінен заңды маңызын білуге және реттеуге себін тигізеді. Кәсіпкерліктің түрлері заңдар арқылы белгіленеді.

Сондықтан, олар оның құқық негізі болып табылады. Мысалы, заң жүзінде кәсіпкерліктің түсінігі берілген және жоғарыда аталған субъектілерден басқа да қызмет түрлерімен субъектілері туралы айтылған қызмет түрлеріне мыналар жатады. Инновациялық қызмет, оның бизнесі венчурлік фирмалар, шағын кәсіпкерлік субьектілер заңды тұлға құрайтын жеке адамдар және қызметкерлердің орташа жылдық саны 50 адамннан аспайтын және актив- терінің жалпы құныорта есеппен есептік көрсеткіәштенаспайтын, кәсіпкерлік қызметтпен айналысатынзаңды тұлға болып табылады. Мемлекеттік кәсіпкерліктің бір түрі ретінде әкімшілік-ау-мақтық бірліктің меншігі негізінде жүзеге асырылатын қызметті айтуға болады. Тоқсан сөздің тобықтай түйіні болады дегенде белгілі ғалым Сүлейменовтың айтуы бойынша ешқандай меншік нысаны болмайды, тек меншіктің түсінігі және меншік құқығы ғана бар. Біздің құқық теория бойынша меншік құқығы мүлікті өз ұйғарымы бойынша пайдалану.

Сонда дәстүрлерлі қалыптасқан түсінік бойынша меншік нысаны үшке бөлінеді:

1. Мемлекеттік

2. Республикалық

3. Коммуналдық (ұжымдық, кооперативтік, арендалық, акционерлік, қоғамдық ұйымдар және тағы басқалары) 3

Азаматтардың өзіндік және жеке меншік қазіргі кезде меншіктің екі түрі көрсетілген мемлекеттік және жеке меншік мемлекеттік емес меншік, жеке меншік азаматтардының, мемлекеттік емес заңды тұлға және олардың бірлестіктерінің меншігі болып табылады. Ал қоғамдық ұйымдар мен діни бірлестіктерінің меншіктерін қайда қосуға болады деген сауалға, жеке меншікке деп айта аламыз. Ал егер аралас жеке меншік мемлекеттік меншікке негізделген кәсіпкерлік болса, бақылау пакеті мемлекеттік емес құрылымдық қолда болған жағдайда ғана қызмет кәсіпкерлік болып есептелінеді. Мемлекеттік меншік иесі ретінде кәсіпкерлік қызметтің субъектісі бола алмайды. Сондықтан аралас меншік бар жердегі мемлекеттік заңды тұлға өзінің шаруашылықты жүргізу құқынжүзеге асырушыкәсіпкер ретінде көрініс табады.

Мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту барысында кәсіпкерлікпен айналысатын мемлекеттік органдардың қызметін бақылап шектеп тежеп отырады .

Ұмытпай тұрғанда бірден айта кететін жайт кәсіпкерлік тек жеке меншікке ғана негізделіп қоймай, сонымен қатар, шаруашылықты жүргізу құқығына да негізделеді.

Алғашқы кездерде кәсіпкерлікке жеке меншік, ол шағын кәсіпорындар деп аталған болатын және заң жүзінде олардың құқығы белгіленген болатын. Сонымен кәсіпкерлік қызметтің басты көрінісі. Оның жеке меншікке негізделе отырып, ерікті және еркін сипатта жүзеге асырылуы. Бірақ кәсіпкер ретінде мемлекетің аумағында жұмыс атқаруына байланысты өз азаматының, шетел азаматы, азаматтығы жоқ, тұлға болсын, сондай-ақ, қандай да, заңды тұлға болмасын, өздерінің жүріс-тұрыстарын реттелетін заңдарға мойын ұсынулары қажет және олар сол заңмен белгіленген шеңберден асықпауға тиісті. Енді кәсіпкерлерге берілген кейбір құқықтар жөнінде тоқтала кетейік:

1. Қазақстан Республикасы заңдарына қайшы келмейтін кәсіпорындар мен ұйымдардың қандай да болмасын түрлерін құру.

2. Өздерінің мүлігімен және заңды негізінде алынған мүліктермен өзге шаруашылық субъектілерінің қызметтеріне қатысу.

3. Екі жақтың келісімі бойынша заңды тұлғалар мен азаматтардың мүліктерін пайдалану.

4. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтіндей контракт немесе өзге де шарттар негізінде қандай да болмасын мөлшерде жұмыскерлерді жалдау немесе жұмыстан босату.

5. Банк мекемелерінде өз ақша қаражаттарын сақтау үшін шарттар ашу, есеп айырысу, несиелеу және кассалық операцияларының барлық түрлерін жүзеге асыру.

6. Жұмыскерлердің еңбектеріне ақы төлеу нысандарын, жүйесін, және мөлшерін сондай- ақ, олардың басқа да табыстарын белгілеу.

7. Шаруашылық қызметтің бағдарламасын қалыптастыру, шығарылған өнімді тұтынушылар мен алып жеткізушілердің қанағаттандыру үшін жұмысын жеткізу қызметтерін орындау.

8. Заңда тікелей корсетілген жағдайлардан басқа кездерде өз тауарларының тарифтерін, бағасын, расценкаларын өз бетімен белгілеу.

9. Өздерінің меншік нысандарына негізделген мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктерін толығымен немесе жартылай сатып алу, өзге де мүліктерді алу және оларға байланысты мүліктік құқықтарды иелену. 4

10. Салықтар мен басқа да міндеттер төлемдерін төлеуден қалған кәсіпкерлік қызмет табыстарын, пайдасын еркін пайдалану.

11. Мөлшері бойынша шектелмеген табыс алу.

12. Сыртқы экономикалық қатынастың қатысушысы болу және валюталық операцияларды жүзеге асыру.

13. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерін өз беттерімен таңдап алу арқылы қолдану.

1. 2. ҚР шағын және орта кәсіпкерліктің даму жолдары мен құқықтық негіздері

Негізінде кәсіпкерлік қызмет, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік бәсекелесу рыногының өте маңызды, әрі таптырмас факторы болып саналады. Бұл кәсіпкерліктің, әсіресе, шағын кәсіпкерліктің басты сипаты қандай да болмасын бағыттағы рыног сұраныстарына өте икемді түрде ат салысуға қабілеттілігінің болуы.

Бұл жерде бірден айта кететін жайт, кәсіпкерліктің негізгі қағидасы: «Мұқтаждықта сұраныс арқылы табу және оны өнім шығару немесе қызмет көрсету арқылы қанағаттандыру» тек ша ғын кәсіпкерліктің арқасында айтарлықтай дәрежеде жүргізіледі. Оның себебі біріншіден, рыногтардың қажетті бөліктерінде әрекеттеледі; екіншіден, олар әрқашанда тұтынушыларға жақын тұрады; үшіншіден, сұраныстарды қанағаттандыруға бейімделген, төртіншіден, олардың тұрғылықты халықты жұмыспен қамтамасыз етуі, бесіншіден, бұл кәсіпкерлітің түрі тікелей кәсіпкердің басқаруымен қызметін жүргізе береді. Бірақ экономика аумағында, халық шаруашылығында осындай бір сарын мен жүре беруге тағы болмайды. Демек, бұл жағдай шағын және орта, ірі кәсіпорынды ұтымды ұштастыруды қажет қылады. Осыған орай, алға қойылатын мақсат - қазіргі кезеңде кәсіпорынның орташа көлемін бәсеңдету және жаңа типтегі шаруашылық кешенін құру арқылы өте икемді, ұсақ өнімдерді шығаруға бейімделген өндірісті аз шығынмен емес, көп өнім шығаруға бірте-бірте ауыстыру, осы жоғарыда көрсетілген ерекшеліктерді біріктіру мүмкіндігімен ішкі фирмалық кәсіпкерлік құрылымдарды, яғни шағын, айтарлықтай, ерекшеленген толық немесе жартылай құрылған функциялары бар бөлімшелер құру жолымен және өндірісті жаңартып отыру арқасында туындайды. Шағын кәсіпкерлікті дамытудың құқықтық базасы Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, сондай-ақ, тағы басқа Қ. Р заңдары, заңға сәйкес нормативтік актілер болып табылады.

Кәсіпкерлікті дамыту проблемаларын шешу жолдары Қазақстан Республикасының президентінің «Қазақстан-2030» атты көпжылдық бағдарламасында көрініс тапқан болатын. Мысалы, Н. А. Назарбаев үкіметтің әліде орын алып отырған сауда мен өндіріске әкімшілік араласуын жоюға жылжымайтын мүлікті ұсақ және орта кәсіпорындар мен өнеркәсіп кешенін қоса алғанда, жекешелендіру процесін аяқтауға тиіспіз5 Ең алдымен фермерлермен нағыз жеке шаруашылықтар үшін кредиттерді арзандатамыз, шағын және орта бизнесті дамытамыз, қызмет көрсету саласын әсіресе туризмді белсенді дамытамыз деп стратегиялық бағыттарды атап көрсеткен болатын6 Кәсіпкерліктің түсінігін, дамуын тағы басқа ерекшеліктерін біршама сипаттап өтсек те басталу кезеңінде көзделетін мәселелер қалыс қалып қойған сияқты. Шағын кәсіпқорлық фирманы алайық фирманың жұмысын ойдағыдай бастау үшін кәсіпкер өзінің қызметіне немесе атқарылатын міндетті еркіне қарамастан рыногтің макро және микро экономиканың жалпы негіздерін міндетті түрде білуге тиіс. Кәсіпкерліктің қағидаттары жөнінде айтарымыз бұл жерде біз көптеген жылдар бойы көрі-ніс табатын тұрақты қағидаларын көре алмаймыз. Себебі, бәрі рыногтың болуына байланысты, тек қана бір қағида тұрғылықты болып саналады. Ол тұтынушыларды көздей отырып өндіру, қызмет көрсету, жаңағы айтқан шағын фирмамыз кәсіпкерліктің жүйесі ретінде көз алдындағы көптеген байланыстарды мүлт жібермей қадағалап отырады сол байланыстардың субьектілері мыналар болып есептелінеді :

Маңызды бәсекелестер

  1. маңызды сатушылар
  2. Маңызды сатып алушылар
  3. Корпарациялар
  4. Кәсіподақтар
  5. Орталық және жергілікті билік органдары

6. Азаматтық ұйымдар шағын фирма көптеген нысаналар мен шектеулердің реттеуші нормаларды құқықтық талаптар әлеуметтік сұраныстардың ішінде қызмет атқарады. Олардың ең бастысы әрине кәсіпкерлік туралы заңдар мен заңға сәйкес нормативтік актілер болып табылады. Ал қалғандары: кәсіпкерлікті дамыту мақсаты; менеджмент қағидалары.

Фирманың даму сатылары және дәстүрлі, технология және ғылыми техникалық прогресс жалпы адамзаттық сипаттағы критерийлермен құндылықтар және мәдениет.

Фирманың басқару моделіне жоспарланған мәселерге жету, өндіріс мәдениеті және әлеуметтік әділеттік талаптарын орындау жатады. Шағын фирманы дамыту мақсатына рыногтың аясын және фирманың қаржылық тұрақтылығын жатқызуға болады.

Түсінікті етіп айтсақ, осы екі жай, яғни рыногтың потенциал мен фирманың потенциалы мақсатын белгілеу кезінде есепке алынады. Фирманың потенциялы пайда, айналым, қорлар инвестициялар, шығындарды өтеу дәрежесі мен сипаты және тағы басқалары болып табылады. Ал рыногтың потенциалы - оның өсу көрсеткіші және фирмадағы үлесі.

Мақсаттар екі түрде көрініс табады:

  1. сандық
  2. сапалық

Сандық мақсаттарға мыналар жатады: қаржылық капитал және өткізу құрылымы экономикалық пайда және рентабельділік рыногтың айналымы, өсу және рыногтағы үлес.

Сапалық мақсаттар мыналар: өнімнің сапасы фирмаданың тәуелсіздігі, фирмадағы әлеуметтік жағдайлар.

Басқару механизмінің құрылымы: материалдық шаруашылық өндіріс өткізу, қызметшілер капитал мен инвестиция ақпараттан тұрады. Басқару жүйесінде үш функция әрқашанда жүзеге асырылады: ұжымдастыру, жоспарлау, бақылау- қадағалау. Жоспарлау екіге бөлінеді:

  1. Стратегиялық жоспарлау, бақылау- қадағалау, яғни ұзақ мерзімдік мақсаттарға жетуге бағытталған жоспарлау
  2. Тікелей жоспарлау- фирмадағы басқару орта деңгейді қамтиды бақылау кәсіпкерліктің әлсіз жақтарын жою, резервтерді ашу және тағы басқалары сияқты қызмет атқарады. Кәсіпкерлікті айтарлықтай жүзеге асыруға тигізетін жоспарлар жүйесі тағы бар. Олар өздерінің құрылымы мен әзірлену тәртібі бойынша мынадай болып келеді.

Өткізу жоспары бірнеше жылға белгіленеді және тұтынушылар топтарымен рыног есепке алынады.

  1. Айналым жоспары өткізу жоспарының көрсеткіштері бойынша есептелінеді. Саны өнімнің бағасына көбейтіледі. Өндіріс жоспары да өткізу жоспарының көрсеткіштеріне байланысты әзірленеді. Технологиялық принциптер сипатталады және уақыт пен жұмыс күшіне деген мұқтаждық анықталады. Инвестициялар жоспарында қызметкерлер, олардың мамандықтары, төлем тәртібі мен принциптері есептелінеді
  2. Материалдық техникалық жабдықтау жоспары өндіріс көлемі мен ассортименттерге байланысты есептелінеді. Материалдық запастар жоспары бойынша ағымдағы материалдық запастар анықталады. Дайын өнімдер запасының жоспары бойынша қоймадағы дайын бұйымдардың запасы анықталады. Қаржылық жоспар бойынша қанша капитал және оларды қайдан алуға болатыны белгіленеді. Өткізу жоспары күнделікті қызметті жүзеге асыруға қажетті қаражат мөлшері жөніндегі мәліметтерден тұрады.

Жоспарлық байланыс кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның қарыздарымен салыстырудан тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-ғы кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастыру формалары
Кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибелері
ҚР-дағы шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі және даму тенденциялары
Жекеменшік экономикалық категория ретінде
Жалпы кәсіпкерлік
Қазақстан Республикасында шағын жəне орта бизнестің дамуы
Шағын кәсіпкерлікті құрудың шетелдік тәжірибелері
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру формалары
Бизнес инкубаторларды басқару
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың шетелдік тәжірибелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz