Адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты мәселе


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Адам құқықтары

Жоспар

Кіріспе

І. Адам мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің арақатынастары.

  1. Тұлғаның құқықтық мәртебесінің ұғымы.

Азаматтық.

  1. Адам құқықтары мен бостандықтарының негізгі түсінігі мен топтастырылуы.

ІІ. Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері және оны қорғау тетіктері.

2. 1. Құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асырудың кепілдіктері.

2. 2. Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау.

2. 3. Қазақстан Республикасының азаматтарының конституциялық міндеттері.

Қорытынды

Қолданған әдебиеттер

Кіріспе

Адам құқықтарын қорғау мәселесi бүгiнгi күнгi тек жекелеген мемлекеттердiң iшкi iсi ғана болып қана қоймай, сондай-ақ бұл мәселе бүкiл әлемнiң барлық мемелекттерi үшiн үлкен де өзектi iрi мәселелерге айналып отыр. Осы тұрғыдан алғанда менiң курстық жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты мәселе аса өзектi сипатқа ие болып отыр деп айтуға болады. Әсiресе осы соңғы жылдары адам құқығын қорғау мәселесi халықаралық деңгейге көтерiлiп, тiптi бұл мәселелер жеке мемлекеттердiң құқық жүйесiнiң өзiнше дербес саласы болып қалыптаса бастағаны белгiлi.

Қазақстан Республикасында адам мен азаматтардың құқықтары мен ботандықтарына үлкен көңiл бөлiнедi. Оған Қазақстан Республикасы Конституциясының бiр тарауы арналған. Олар конституциялық құқықтар мен бостандықтар деп аталады.

Сонымен қатар, адамның осы құқықтары құқықтың басқа салаларына жататын нормативтiк құқықтық актiлерде нақтыланған, өзiнiң дамуын тапқан. Мысалы, азаматтық кодексте, қылмыстық кодексте, сот жүйесi және судьялардың мәртебесi туралы Конституциялық заңда және т. б.

Адам, оның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттiң қорғауында болады. Ешкiм оларды бұза алмайды. Басқа бiреудiң құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны үшiн кiнәлi адам жауаптылыққа тартылады. Ол құқық қорғау органдары арқылы жүзеге асырылады.

Адам құқықтарын қорғау мәселесi - жекелеген мемлекеттердiң iшкi iсi болып қана қоймай - бұл бүкiл әлемнiң барлық мемелекттерi үшiн үлкен де өзектi iрi мәселеге айналып отыр.

Менiң курстық жұмысымның тақырыбы - адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты мәселе - соңғы жылдары адам құқығын қорғау мәселесi халықаралық денгейге көтерiлiп, өзiнше дербес саласы болып қалыптаса бастағаны белгiлi.

Қазiргi кезде - егемендi елдердiң құқық жүйесiнiң нормалары алдында - халықаралық құқық нормаларының басымдылық білдіруі - ресми түрде кең танылып отыр - бұл әлемдiк денгейде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға аса жоғары мән берiлуi.

Адам құқықтарын қорғау халықаралық денгейде беделдi ұйымдар арқылы жүзеге асырылады:

  • Бiрiккен Ұлттар Ұйымы - ООН
  • Европалық Одақ сияқты - ЕС

Өзiмнiң курстық жұмысымда ҚР Конституциясына сәйкес қарастырдым:

  • Адамдардыңтқұқықтары мен бостандықтарына қатысты мәселелердi
  • Азаматтардың саяси құқықтарының ерекшелiктерiне тоқталып кетудi негiзгi мақсат етiм
  • Бұл мәселелердiң халықаралық аспектiлерiне тоқталдым

Қазiргi кезде адам құқықтарын қорғауға байланысты мәселе бойынша егемендi елдердiң ұлттық құқық жүйесiнiң нормалары алдында халықаралық құқық нормаларына басымдылық беру ресми түрде кең танылып отыр.

Демек жалпы әлемдiк денгейде де адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға аса жоғары мән берiлуде деп айтуға болады, әрi бұл бағытта басты бағдар ретiнде ұстанатын негiзгi қағида ол - жалпы адамгершiлiк құндылықтары.

Адам құқықтарын қорғау сондай-ақ ұйымдық тұрғыдан алғанда жоғарғы денгейде халықаралық тұрғыда жақсы қалыптаса бастады деп айтуға толық негiз бар. Мысалы, адам құқығын қорғау халықаралық денгейде Бiрiккен Ұлттар Ұйымы мен Европалық Одақ сияқты беделдi ұйымдар арқылы жүзеге асырылатынын айта кетуге болады.

Мен өзiмнiң бұл курстық жұмысымда Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адамдардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты мәселелердi және азаматтардың конституциялық міндеттері, құқықтарының ерекшелiктерiне сондай-ақ бұл мәселелердiң халықаралық аспектiлерiн жете тоқталып кетудi негiзгi мақсат етiп белгiлеп отырмын.

І-тарау. Адам мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің арақатынастары.

  1. Тұлғаның құқықтық мәртебесінің ұғымы.

Азаматтық.

Жалпы алғанда тұлғаның құқықтық мәртебесі қоғамның мемлекеттік ұйымның толыққанды мүшесі ретінде жеке адамның заңдар мен өзге де құқықтық актілерде белгіленген құқықтарының, бостандықтары мен міндеттерінің жиынтығы тұрғысында көрінеді.

Құқықтық мәртебе - кешенді, интеграциялық категория. Ол адам мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің жеке тұлға мен еңбек ұжымының ара байланысының көрінісі - айнасы1. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің мазмұны, оның құқықтары, бостандықтары, заңдық міндеттері болып табылады, ал бұлардың негізді болуы үшін белгілі бір алғышарттар туындауы тиіс. Тұлғаның құқықтық мәртебесінің алғышарты оның құқық қабілеттілігі, әрекет қабілеттілігі, сондай-ақ азаматтыққа қатыстығы болып табылады.

Жаңа конституцияда “азамат” термині қолданылған кезде Қазақстан Республикасының азаматы деп жиі айтылады. Мәселе мынада: басқа мемлекеттерде тұратындар сияқты Қазақстан аумағында тұрып жатқандардың бәрі бірдей оның азаматы болып табылмайды. Олардың арасында шетелдік азаматтар немесе азаматтығы жоқ адамдар да болуы мүмкін.

Азаматтық дегеніміз - адамның мемлекетпен, оның өзара құқықтары мен міндеттері жиынтығын білдіретін тұрақты саяси-құқықтық байланысы. Бір жағынан, азаматтыққа белгілі бір құқықтар берілген, мемлекет осы құқықтардың нақтылы қамтамасыз етілуіне қамқорлық жасайды. Осыған орай мемлекет өз азаматтарын елден тысқары жерлерде де қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді. Екінші жағынан Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа да заңдарында азаматтардың мемлекет жөніндегі белгілі бір міндеттері көзделген, осыған сәйкес мемлекет азаматтардың өз міндеттерін тиянақты орындауларына тиісті шаралар қолдануға құқылығы анықталған.

Қазақстан Республикасы Конституциясының ІІ бөлімі адам және азамат, оның құқығы, бостандығы мен міндеттеріне тікелей арналған.

Констиутцияда, арнаулы заңдарда, халықаралық шарттарда көзделгеннен басқа реттерде шетелдіктер мен азаматтығы жоқтар Қазақстан Республикасы азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды бірдей пайдаланып, бірдей міндеттер атқарады. Мұндай құқықтар мен бостандықтарды пайдаланған адам басқаның мүддесіне, Констиуциялық құрылыспен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуі тиіс2.

Адам мен азаматтың құқықтарының айырмашылығы оншалықты емес болса да, мемлекеттік билікті жүзеге асыыруға тек азаматтық құқық береді. Азаматтықты анықтайтын құжат төлқұжат болып табылады. Азаматтыққа қабылдану нәтижесінде Қазақстан Республикасы азаматтығын алған адамдар үшін азаматтық жағдайының мерзімі тиісті адамға азаматтық беру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылған күннен бастап есептеледі, ал туғандығы - азаматтық жағдайы туралы куәлік бойынша анықталады.

Қазақстан Республикасы Конституциясы 10-бабының 2-тармағында: “Қазақстан Республикасының азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерлерге аластатуға болмайды” делінген. Егер “республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды” (11-бап, 1-тармақ) . Конституция 10-бабының 1-тармағына сәйкес: “Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғандығына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады” деген ережесінің де іс жүзілік мәні де зор. Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай тең құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады. Қалай болса да, адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірілмеуге тиіс. Себебі, кез келген адам Қазақстан Республикасының азаматтығын заңды түрде ала алады және өзгерте алады3.

“Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады”- деп белгіленген Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-тармағында. Бұл Республика Конституциясының және соған сәйкес келетін өзге де нормативтік құқықтық құжаттарының нормаларымен белгіленген шеңберінде адам құқықтары мен бостандықтарының тізбегіне мемлекет кепілдік берген деген сөз.

Адамның бұл аталған құқықтары мен бостандықтарын абсолютті деп тану - олар Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адамға оның Республика азаматтығында болу- болмауына қарамастан, қолданылады дегенді білдіреді. Бұл құқықтар мен бостандықтардың ажырағысдығы Конституцияда белгіленген құқықтар мен бостандықтардан Конституцияда және сәйкес қабылданған заңдарда көзделген жайлардан басқа реттерде адамды ешкім де, соның ішінде мемлект де айыра алмайтындығын танытады.

Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары констиутциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін4.

Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігі. Бұл, біріншіден, адам мен азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы өзгелердің құқықтары мен бостандықтарына кедергі келтірмеуі тиіс. Бұл қағидаттың бұзылуы адамдардың құқылық теңсіздігіне алып келер еді. Екіншіден, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-тармағында баяндалған бұл норманы адам мен азаматтың заң мен сот алдында теңдігінің жалпы қағидаты деп түсіну қажет. Сот алдындағы теңдік тұрғысындағы бұл қағида сот іс қараған кезде тараптардың құқықтық бірегейлігін білдірмейді. Бұл норма Қазақстан Республикасы Конституциясының “Адам және азамат” бөлігінде жазылғандықтан “жұрт” деген сөз адам мен азаматты қамтиды және Қазақстан Республикасы аумағында заң мен сот алдында әркімнің тең екендігін танытады. Және Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес (14-бап, 2-тармақ) мемлекет бұған кепілдік беруге міндетті, өйткені: “тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды”.

Қазақстан Республикасы азаматтары құқықтары мен міндеттерінің бірлігі. Бұл қағидат Қазақстан Республикасы Конституциясы 12-бабының 2-тармағында: Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады” деген ережемен бейнеленген. Құқықтар мен міндеттердің бірлігі қазақстандық қоғамның әлеуметтік бірлігіне негізделген, яғни қоғам мүшелерінің бір бөлігі тек құқықтарға ие болып, ал екінші бөлігіне тек міндеттер жүктелмеген. Бұл бірлік адамның қоғамдық және жеке мүдделерінің жарасымды үйлесімінен де туындайды. Коммунистік манифестігі әркімнің еркін дамуының шарты” деген әйгілі қағидат қазақстандық қоғамның түбегейлі ережесіне айналды. Адамның жеке және қоғамдық мүдделерінің ажырағысыз бірлігі азаматтың құқықтарының, бостандықтарының және міндеттерінің бірлігіне негізделген, “адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс” деген конституциялық ереже (12-бап, 5-тармақ) осыдан туындайды. Сөйтіп, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сипаты, мағынасы мен мазмұны жеке адамның құқықтық мәртебесінің қағидаттарымен айқындалады, мұнсыз Қазақстан Республикасы құруға ұмтылып отырған құқықтық, демократиялық мемлекет орнату мүмкін емес.

Қазақстан Республикасы Конституциясындағы тұжырымда сөз етілетін азаматтардың (адамдардың) құқықтары мен бостандықтарының басқа заңдардағы (қылмыстық істер жүргізу, азаматтық істер жүргізу, неке және отбасы, азаматтық, т. б. кодекстерінде) құқықтар мен бостандықтарға қарағанда ең негізгісі екенін есте әрдайым ұстауымыз қажет. Сондықтан да болар оны әдебиетте “құқықтар мен бостандықтардың негіздері” деп атайды.

  1. Адам құқықтары мен бостандықтарының негізгі түсінігі мен топтастырылуы

Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары бір-бірінен ажырамайды және әркімге тумысынан жазылған. Адам өмір сүріп, тірі жүрген кезінде ол өзінің құқықтарымен және бостандықтарымен тығыз байланысты болады, оны ешкімде, ешбір жағдайда олардан тартып алуға тиісті емес. Халықаралық стандарттарға сәйкес негізгі құқықтар мен бостандықтар адам мен азаматтың жалпыға танымал өзге құқықтары мен бостандықтарын жоққа шығаруға немесе бұзуға, нұқсан келтірмеуге тиіс.

Халықаралық төл құжаттары мен қазақстандық заңдар мынадай екі ұғымды қолданады: “адам құқығы” және “адам бостандығы”. Құқықтық актілердегі (халықаралық құжаттар, конституциялар және т. б. ) құқық пен бостандықтың бекітілуі бұл екі ұғымның ара қашықтығын нақтылы анықтауға мүмкіндік бермейдісолай бола тұрса да, “адам (азамат) - мемлекет” арасындағы құқықтылық жөніндегі көзқараста адам құқықтары мен бостандықтарының арасында нақтылы айырмашылықтардың бар екендігі мәлім.

Адам бостандығы - бұл мемлекет киліге алмайтын адамның іс-әрекет жөніндегі сарасы. Мемлекет құқықтық нормалар арқылы адамның өз қалауына сай іс-әрекеттердің шегін, құқықтық ортасын ғана айқындайды. Сондықтан мемлекет нақты адамның бостандығына килігуінен бас тартуымен бірге, осы бостандық шегін басқа адамдардың килігуінен, араласуынан қорғауды қамтамасыз етуі тиіс. Мемлекет адамның дұрыс мінез-құлқын заңды негізде қараумен қатар, ол өзге адамның бостандығын қорғау үшін оған кінәлі адамның бостандығын шектейді.

Кей кездерде келеңсіз (жағымсыз) құқық деп аталатын бостандық - бұл біздің өміріміздің кейбір сфераларына мемлекеттің килігуіне тыйым салу деген сөз. Мысалы, сөз бостандығы немесе ар-намыс бостандығы - бұл осы сфераға мемлекеттік өкіметтің қандай-да болмасын килігуіне тыйым салады.

Адам құқығы жызылған заң сферасында көрсетіліп, адам іс-әрекетінің мемлекеттің тағайындағын және кепілденген мүмкіншілігі, өкімет тағайындаған және кепілденген мүмкіншілігі, өкіметтілігі. Адам бостандығының ұғымынан өзгеше “адам құқығында” жеке адамның қызметіне бағытталған нақтылы сфера бекітіледі. Мемлекет билігі заң сферасында адамның құқыққа сай іс-әрекетін қамтамасыз етуге және қорғауға міндеттенеді.

Басқаша айтсақ, егер меніәң бір нәрсеге құқығым болса, оны өкімет маған беруге міндетті. Егер маған бостандық тиесілі болса, онда өкімет оны бұзбауға, оған қарсы іс-әрекет жасаудан бас тартуы тиіс.

Соған қарамастан, құқықтық көзқараста адамның құқығы мен бостандығы туралы түсінік бірдей.

Адам құқығы мен бостандығы (объективтік мәнінде) - бұл жеке тұлғаның құқықтық мәртебелігін тағайындайтын, оның жағдайын, адамдардың өзара қарым-қатынастарының, тұлға (азамат) пен мемлекеттің қатынастарының ережелерін бекітетін халықаралық және ұлттықұ құқықтық нормалардың жүйесі.

Адам құқығы мен бостандығы (субъективтік мәнінде) - бұл құқықтық нормаларда көзделген, әрі мемлекет қорғайтын белгілі бір адамның құқықтылығы, іс-әрекеті, мінез-құлқы.

Тоталитаризмнің демократияға ауысуының екі аспектісі бар: біріншісі - адам құқығы, яғни адамның қадір-қасиеті, бостандығы, заң алдындағы теңдігі, бостандықты пайдалана білуі, басқа адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу. Екіншісі - заң жоғарылығы, шын мәнінде, бұл мемлекетті басқару жүйесі және тиісті заңдарды тағайындау мен қолдану жолдарымен қоғамдағы өзара қарым-қатынасты реттеу. Бұл екі принциптің практикалық ара-қатынасын іске асыру белгілі бір мемлекеттік құрылысты, саяси режимді белгілейді, тоталитаризм, авторитаризм және демократия ұғымдарының мәнін айқындайды.

Осыған сәйкес құқықтық мемлекет - бұл заң үстемдігіндегі мемлекет қана емес, ол заң негізіндегі адамның құқығы дегенді білдіреді. Заңдар құқықтық кеңістікті ұйымдастырушы негізінде іске асырылады, яғни заңдардың бүкіл сферасын, оның негізінде Конституция жататындығы мәлім, әрине бұл адамдар құқықтарымен өлшенуі тиіс. Тек адам құқығы мемлекеттің билік функцияларының ең жоғарғы қайнар көзі ретінде көрініс табады.

Халықаралық нормаларда құқықтық мемлекет ұғымы анықталған. Айталық, 1990 жылғы Копенгагте өткен Конференцияда адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен жүзеге асырылу кепілдігіне сай құқықтық мемлекеттің элементтерін анықтаған болатын. Олардың кейбіреулерін ғана атап өтелік:

- сайлау бостандығы, яғни әр ақытқөа тең бөлінген негізде жасырын дауыс беру арқылы өткізілетін дауыс беру бостандығы жағдайындағы сайлаушылардың өз өкілдерін сайлай алатын еркіндігі;

- басқару нысаны өзінің мәні жағынан өкілді, мұнда атқарушы билік органдарына немесе сайлаушылардың алдында есеп беруі;

- мемлекет өкіметі мен үкіметінің Конституцияны сақтауға және заңға сәйкес іс-әрекет жасауға міндетті;

- мемлекет пен саяси партиялар ара жүгінің нақтылы бөлінуі, айталық, саяси партиялар мемлекетпен бірігіп кетпеулері тиіс;

- үкімет пен әкімшіліктің, сондай-ақ сот органдарының қызметі заң тағайындаған жүйеге сәйкес іске асырылуы тиіс;

- барлық адамдар заң алдында тең және олардың ешқандай кемсітілуісіз заң арқылы қорғалуына құқықтылығы, т. б.

Адамның құқықтары мен бостандықтары адам мен мемлекеттің ерекше өзара қарым-қатынастарына жатады. Сондықтан, ең басты принцип (бұл, әрине, адам құқығының негізгі концепциясын құрайды) заңда тыйым салынбағандардың барлығына рұқсат берілген; өкімет тек заң рұқсат берген шегінде ғана іс-әрекет етуге болады.

Жоғарыда көрсетілген принциптер негізінде адамға қатысты құқықтар мен бостандықтардың тізбесі оның мемлекеттік өкіметпен қарым-қатынастарында қалыптасып, БҰҰ Жарғысында, Адам құқығы жөніндегі халықаралық Билльде, адам құқығы теориясының даму барысында нақтыланып, мынадай 3 топқа топтастырылған:

  1. адамның (жеке) азаматтық құқықтары мен бостандықтары;
  2. адамның саяси құқықтары мен бостандықтары;
  3. адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтары.

Енді осы аталған адам құқықтары мен бостандықтарының топтастырылуына жеке тоқталатын болсақ.

Жеке құқықтар мен бостандықтар адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің түпқазығы болып табылады. Оларды шектеуге болмайды. Сондықтан Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-23-баптарында аталған құқықтар мен бостандықтары деп те аталады, оларға мемлекет тарапынан берілген кепілдіктің деңгейі өте жоғары.

Азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтарына өмір сүру (15-бап) ; жеке бас бостандығы (16-бап) ; адамның қадір-қасиетіне қол сұқпау (17-бап) ; жеке өмірге қол сұғылмау, өзінің және отбасының құпиясы болу, ар-намысы мен абыройын қорғау (18-бап) ; өзінің қай ұлтқа, қай дінге жататынын анықтау және оны көрсету-көрсетпеу, ана тілі мен шығармашылық тілін еркін таңдап алу (19-бап) ; заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алу және тарату, т. б. құқықтары жатады.

Өмір сүру құқығы. Адамның өмір сүру құқығы оның туа біткен негізгі құқығы боглып табылады. Бұл құқықты қорғап, қамтамасыз етпейінше, басқа құқықтар мен бостандықтар туралы айтудың қажет жоқ. Өмір сүру құқығы және оның көптеген мемлекеттердің конституцияларында жария етілуі - өркиенеттің жеңісі.

Бұл әр адамның оның өміріне жасаған қаскөйліктен қорғауға кепілдік беру міндетін мемлекет өз мойнына алады дегенді білдіреді. Оның үстіне, “ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ”, -делінген Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабының 2-тармағында. Бұған өаңға сәйкес өлім жазасына кесілетін қылмыскерлердің ерекше ауыр қылмыс жасау жағдайлары ғана жатпайды, өйткені ол ең ауыр жаза ретінде заңда белгіленген. Бірақ өлім жазасына кесілген кінәлі адамға кешірім жасау туралы арыздану құқығын пайдалануға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы мәлімет Конституцияның 15-бабының 2-тармағында арнайы көзделген. Кешірім беру құқығы мемлекет басшысы әрі ең жоғарғы лауазымды адам ретінде Қазақстан Республикасының Президентіне берілген.

Конституцияның өмір сүру құқығы бойынша ережесі өз жалғасын бірқатар заң актілерінде тапты. Конституцияның талаптарына сай азаматтардың жеке өмір сүру құқығы, оған қол сұқпаушылық, абыройы мен қадір-қасиетін қорғау да жан-жақты заңды қорғалуын тапты.

Мемлекет әркімнің қадір-қасиетін қорғауға міндетті екенін Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабынан көруге болады. Онда: “Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды”. Қазақстан Республикасы Конституциясының көптеген нормалары да жеке адамның қадір-қасиетін қорғау мақсаттарына қызмет ететінін есте ұстау керек. Мысалы, жеке өміріне қол сұғылмау құқығы, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, жазысқан хаттарының, жеке салымдарының құпиялылығын сақтау құқығы, тұрғын үйге күштеп кіруге, сол сияқты заңсыз қарап, тінту жүргізуге тыйым салу және т. б. Ешкімге де өзінің келісімінсіз медициналық, ғылыми басқадай тәжірибе жасалынбайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын қылмыстар
Азаматтық құқық пен бостандыққа
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы
Жеке адамның (азаматтың) құқықтары мен бостаңдықтары
Конституциялық құқықтар мен бостандық
Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы
Қазақстан Республикасындағы жеке тұлға құқықтарының қорғалуы
Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Қазақстан Республикасының адам және азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары және міндеттері
Қылмыстық процестік құқық пен қылмыстық процестің тәрбиелік алдын алушылық маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz