Мемлекеттің әлеуметтік саясаты туралы



Кіріспе 3
1 Мемлекеттің әлеуметтік саясатының теориялық аспектілері 5
1.1 Әлеуметтік саясат 5
1.2 Әлеуметтік саясат модельдері 6
2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік саясат 10
2.1 Қазақстан Республикасының Конституциясы . адамның құқығы мен бостандығының кепілі
10
2.2 Қазақстан Республикасындағы Міндетті әлеуметтік сақтандыру 12
2.3 Әлеуметтік қорғау 13
2.4 Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет 16
Қорытынды 18
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 20
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – қоғамның әлеуметтік-экономикалық өмір сүру жағдайыын реттеудің бір бағыты. Ол елдегі жалпы экономикалық жағдаймен тығыз байланысты және екі жақты қызмет атқарады. Бір жағынан, әлеуметтік саясатта тікелей және жанама түрде экономикалық дамудың мақсаттары көрініс алады, өйткені эканомикалық іс-әрекет қоғамның барлық топтарына жақсы жағдай жасау мақсатында жасалады. Екінші шағынан, әлеуметтік саясат экономикалық өсудің факторы болып келеді. Егер экономикалық даму халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартпаса, онда еңбек өнімділігі төмендеп, жұмыс күшінің сапасы кемиді; қоғамда әлеуметтік тұрақсыздық пен қарама-қайшылық артады. Әлеуметтік саясат әр елде әр түрлі әдіспен қалыптасады.
Әлеуметтік саясат қоғамның әрбір мүшесіне заңды түрде анықталып бекітілетін жұмыс деңгейін қамтамасыз ететін табыс көлемін алу туралы кепілдік береді. Нарық жағдайында мемлекет қоғамның әрбір мүшесіне өз мүмкіншілігін іске асырып, табыс табуына жағдай жасауға міндетті болады. Әлеуметтік саясатта халықты әлеуметтік қорғау механизімінің орны ерекше. Өтпелі кезеңде экономика дағдарысқа ұшырап, қоғамда жұмысыздық пен кедейшілік қалыптасқан кезде халықты мемлекет тарапынан жаппай қаржыландыру мүмкіншілігі қысқарады. Дамыған елдердің әлеуметтік саясат жүргізу тәжрибесінде бірнеше бағыттар қалыптасқан: әлеуметтік сақтандыру; жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау; еңбекақы саясаты; еңбек нарығындағы әлеуметтік шаралар; тұрғын үй саясаты т.б
Әлеуметтік сақтандыру – мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең бір маңызды бөлігі. әртүлі себептерге байланысты, мысалы, өндірісте жарақат алған, жұмыскер жұмыс істеуге жарамсыз болып қалдуы мүмкін. Бұл жағдайда ол табыс табу мүмкіндігінен айрылады. Осындай жағдайда қалыптасқан пробеманы екі жолмен шешуге болады. Біріншісі–жұмыкер денсаулығынан келтірілген зақымға қарай белгілі салада көмек көрсетеледі. Бірақ бір жолғы жәрдем ұзақ уақытқа жеткіліксіз. Демек, екінші жолды –әлеуметтік сақтадыруды таңдаған дұрыс болады.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы – еңбекке қабілетсіз азаматтарға материялдық және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қатынастарды, сондай-ақ олармен тығыз байланысты заңдық фатілерін анықтау және дауларды шешу жөніндегі іс жүргізу қатынастарын реттейтін құқықтық саласы.
Зейнетақылар, жәрдемақылар, жеңілдіктер және алуан түрлі қызметтер көрсету мен бағып күтудің нақты түрлері болып табылады.
1 Қазақстан Республикасының Конститутциясы
2 «Қазақстан – 2030» Президенттің Қазақстан халқына жолдауы
3 Президенттің Қазақстан Республикасының азаматтарына жолдауы 2005 жыл
4 Мамыров Н. Қ. «Қазақстандағы адам дамуы». Алматы. «Taimas Printhouse»
5 Жуйриков К. «Страхование теория,практика, зарубежный опыт» Алматы БИС
6 «Әлеуметтік саясат» (лекция). Алматы 1999 25 бет
7 Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
8 «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Заңы

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3
1 Мемлекеттің әлеуметтік саясатының теориялық аспектілері 5
1.1Әлеуметтік саясат 5
1.2Әлеуметтік саясат модельдері 6
2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік саясат 10
2.1Қазақстан Республикасының Конституциясы – адамның құқығы мен
бостандығының кепілі 10
2.2Қазақстан Республикасындағы Міндетті әлеуметтік сақтандыру 12
2.3Әлеуметтік қорғау 13
2.4Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет 16
Қорытынды 18
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі  20

 

Кіріспе

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – қоғамның әлеуметтік-экономикалық өмір
сүру жағдайыын реттеудің бір бағыты. Ол елдегі жалпы экономикалық жағдаймен
тығыз байланысты және екі жақты қызмет атқарады. Бір жағынан, әлеуметтік
саясатта тікелей және жанама түрде экономикалық дамудың мақсаттары көрініс
алады, өйткені эканомикалық іс-әрекет қоғамның барлық топтарына жақсы
жағдай жасау мақсатында жасалады. Екінші шағынан, әлеуметтік саясат
экономикалық өсудің факторы болып келеді. Егер экономикалық даму халықтың
әлеуметтік жағдайын жақсартпаса, онда еңбек өнімділігі төмендеп, жұмыс
күшінің сапасы кемиді; қоғамда әлеуметтік тұрақсыздық пен қарама-қайшылық
артады. Әлеуметтік саясат әр елде әр түрлі әдіспен қалыптасады.
Әлеуметтік саясат қоғамның әрбір мүшесіне заңды түрде анықталып
бекітілетін жұмыс деңгейін қамтамасыз ететін табыс көлемін алу туралы
кепілдік береді. Нарық жағдайында мемлекет қоғамның әрбір мүшесіне өз
мүмкіншілігін іске асырып, табыс табуына жағдай жасауға міндетті болады.
Әлеуметтік саясатта халықты әлеуметтік қорғау механизімінің орны ерекше.
Өтпелі кезеңде экономика дағдарысқа ұшырап, қоғамда жұмысыздық пен
кедейшілік қалыптасқан кезде халықты мемлекет тарапынан жаппай қаржыландыру
мүмкіншілігі қысқарады. Дамыған елдердің әлеуметтік саясат жүргізу
тәжрибесінде бірнеше бағыттар қалыптасқан: әлеуметтік сақтандыру;
жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау; еңбекақы саясаты; еңбек нарығындағы
әлеуметтік шаралар; тұрғын үй саясаты т.б
Әлеуметтік сақтандыру – мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең бір
маңызды бөлігі. әртүлі себептерге байланысты, мысалы, өндірісте жарақат
алған, жұмыскер жұмыс істеуге жарамсыз болып қалдуы мүмкін. Бұл жағдайда ол
табыс табу мүмкіндігінен айрылады. Осындай жағдайда қалыптасқан пробеманы
екі жолмен шешуге болады. Біріншісі–жұмыкер денсаулығынан келтірілген
зақымға қарай белгілі салада көмек көрсетеледі. Бірақ бір жолғы жәрдем ұзақ
уақытқа жеткіліксіз. Демек, екінші жолды –әлеуметтік сақтадыруды таңдаған
дұрыс болады.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы – еңбекке қабілетсіз азаматтарға
материялдық және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қатынастарды, сондай-
ақ олармен тығыз байланысты заңдық фатілерін анықтау және дауларды шешу
жөніндегі іс жүргізу қатынастарын реттейтін құқықтық саласы.
Зейнетақылар, жәрдемақылар, жеңілдіктер және алуан түрлі қызметтер
көрсету мен бағып күтудің нақты түрлері болып табылады. Әлеуметтік
қамсыздандыру түрлерінің алуан түрлілігі әлеуметтік қамсыздандыру құқығын
мемлекеттік бюджеттен тікелей қаржы бөлу есебінен мемлекеттік органдардың
қарттар мен жұмысқа қабілетсіздерді қамтамасыз ету ретінде ғана сипатталып
қоймайды. Кең мағынасында әлеуметтік қамсыздандыру
Қазақстанда бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси
демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Еліміз тәуелсіздік
алған жылдардан бері, мемлекетіміз әлеуметтік бағытқа үлкен мән беріп
келеді, себебі біз нарықтық әлеуметтік бағытты таңдадық.
Бірақ елімізде жүргізіліп отырған әлеуметтік саясат, әрине мемлекеттің
қаржылық мүмкіндігіне, экономикалық дамуға байланысты. Соңғы жылдардағы
экономикамыздың қарқында өсуі, ЖІӨ еселеп жоғарлауы әлеуметтік салаға
құйылатын қаржының көлемін ұлғайтты. Бұның бәрі түптеп келгенде халықтың
әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекетіміздің сындарлы
саясатына байланысты.
Әлеуметтік-саяси шаралардың мақсаты нарықтық еркіндік принципінің
әлеуметтік өтеу принципімен және әр адамның лайықты өмір сүруге ажырамас
құқығының үйлесімімен қамтамасыз етілуі қажет, ал бұл міндеттерді шешуге
және халықтың әлеуметтік әлсіз қабатына адамға лайықты өмір сүру деңгейін
қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шаралардың жиынтығы оның
әлеуметтік саясатын анықтайды.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты сол елдің бастан кешіріп отырған
экономикалық даму кезеңінен, сол мемлекеттің ұстанып отырған экономикалық
саясатынан және тағы да басқа факторлардан тәуелді болады.
Еліміз әлеуметтік саясаттың қалыптасуы мен дамуында, әлеуметтік
саясаттың заңнамалық негізін, негізгі бағыттарын жасап алды. Негізгі білім,
денсаулық, демографиялық жағдай, халықты әлеуметтік қорғау мен
қамсыздандыруға, зейнетақы төлеу, халықты жұмыспен қамту саясаты болып
келеді.
Сонымен әлеуметтік саясат қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті жұмсартуға,
әр адамның лайықты өмір сүруге деген құқығын қамтамасыз етуге бағытталған
іс-шаралар жиынтығы. Бұл саясатты жүргізу және әр адамның осы ажырамас
құқығының орындалуы үшін жауапкершілік мемлекетке жүктеледі, бұл
мақсаттарда ол сәйкесінше табыстар қайта бөлінуін ұйымдастырады, еңбек
нарығы мен еңбек қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, әлеуметтік қорғау
және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйелерін қалыптастырады және дамытады,
осының барлығы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын құрайды.
Бұл жұмыстың мақсаты мемлекеттің әлеуметтік саясаттың мазмұнын ашып,
қазіргі жағдайына талдау жасап,ары қарай дамыту және жетілдіру жолдарын
ұсыну.

1 Мемлекеттің әлеуметтік саясатының теориялық аспектілері

1.1 Әлеуметтік саясат

Әлеуметтік саясат – халықтың, оның негізгі жіктерінің, топтары мен
санаттарының тұрмыс жағдайына ықпал етумен байланысты жалпы мемлекеттік
саясат бөлігі.
Қамтитын тараулары: табысты реттеу, жұмыспен қамту, әлеуметтік
қамсыздандыру саясаты; білім беру және денсаулык сақтау аяларындағы саясат;
тұрғын үй саясаты, т. б. Әлеуметтік саясат адамға, оның халықаралық және
ұлттық заңнамада көзделген құқықтарын қорғауға бағдарланған.
Әлеуметтік саясаттың мақсаты – кез-келген коғамның жоғары құндылығы
ретіндегі адамды қолдау және дамыту. Әлеуметтік саясат үлгісінің нақты іске
асырылуы саяси құрылысқа, экономилық даму деңгейіне, меншік қатынастарына,
басқару құрылымына, мәдениетке, ағлаққа, тарих пен дәстүрлердің
ерекшеліктеріне байланысты. Әлеуметтік саясат өндірістік қоғамдық өнімді
бөлуге негізделеді.
Әлеуметтік саясат мәні:
Әлеуметтік саясат – бұл түпкі мүдделерді және белгіленген халық
топтарының ұзақ мерзімді мүдделері мен қоғам мақсаттарын қанағаттандыруға
мүмкіндік беретін қоғамдық өнімді құру мен бөлу бойынша әлеуметтік топтар
мен қауымдастықтар арасындағы қатынастармен байланысты мемлекеттің немесе
(және) қоғамдық институттардың іс-әрекеті. Әлеуметтік саясаттың негізгі
мақсаты – еңбекке жарамды азаматтарға өзінің еңбегімен ауқаттылығын сақтап
қалу үшін жағдай жасау және еңбекке жарамсыздарға-кепілденеген әлеуметтік
қорғау мен қолдау көрсету жолымен қоғамдық-саяси жүйенің серпінді дамуын
қамтамасыз ету.
Әлеуметтік саясаттың тиімділігін қамтамасыз ету қай кезде де, қай елде
де жұртшылық назарын ұдайы аударып келген мәселе. Тәуелсіздік алып,
мемлекеттік егемендігін халықаралық деңгейде паш еткен біздің елде бұл
мәселе айырықша көкейтесті мәселе болып отыр. Қазақстанның көптеген
саясатшылары мен ғалымдарының мемлекеттің әлеуметтік саясатының тиімділігін
арттыру мәселесіне кейінгі кезде айрықша мән беріп, пікір алмасып талдау
жасауды жиілеткені де содан болар.
Әлеуметтік саясатты жүзеге асыру мемлекеттің әл-ауқатын арттырудың ең
маңызды факторларының бірі. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей
тапсырмасымен үкіметіміз жыл сайын қорғалмаған бұқара топтарына көмек
көрсете отырып, әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламаларын жүзеге асырып,
өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілері құрылысына қаражат салу
арқылы халыққа әлеуметтік қолдау көрсетуді арттыруға бағытталған жобаларды
іске асырады.
Әлеуметтік саясаттың бағыттары.
Әлеуметтік саясат төрт бөліктен тұрады:
қоғам мүшелерінің әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
әлеуметтік сфера ұйымдарына құқықтық, ұйымдастырушылық, қаржылық жағдай
жасау;
өмір сүру деңгейін қажетті деңгейде сақтап қалу үшін азаматтарға өз
еркімен табыс табуына құқықтық, ұйымдастырушылық, өндірістік алғышарттар
жасау;
мемлекеттің немесе муниципалды басқару органдары қолындағы жәненемесе
меншігіндегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жолымен халықтың
қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай жасау;
мемлекеттің немесе муниципалды басқару органдары қолындағы жәненемесе
меншігіндегі әлеуметтік сфераның өндірістік кәсіпорындары мен
мекемелеріндегі өндірісті ұйымдастыру, бөлек тауарлар мен қызметтерді бөлу
және тұтыну.

1.2 Әлеуметтік саясат модельдері.

Әлеуметтік саясат моделі – бұл әлеуметтік саясаттың маңызды
элементтерінің жалпы сызбасы, оның мақсаттары , міндеттері, құралдары, оның
экономикалық, демографиялық, саяси және басқа да факторлармен өзара
байланыста шарттасылған жүзеге асыру нысандары түсіндіріледі. Соңғы он
жылдықта әртүрлі елдерде қолданылған әлеуметтік саясаттың кейбір моделдерін
қарастырайық. Әлеуметтік саясаттың потерналистік моделі директивті
экономикада және социолистік елдерде іске асады. Корнайдый анықтауы
бойынша потернализм моделі дегеніміз – бұл орталық басшылықтың экономикалық
жағдайға толық жауапкершілікті өзіне алуы және сол уақытта оған неғұрлым
мақсатқа сәйкес болып көрінетін әкімшіліктік құралдар арсеналынан қандай
болмасын құралын қолдануға ұмтылады.
Бір жағынан қарағанда, мемлекет әлеуметтік және экономикалық дамуы үшін
қажетті ресурстардың негізгі массасын өз қолында шоғырландырады, жинайды,
топтастырады және қоғам мүшелерінің неғұрлым елеулі қажеттіліктері бойынша
оларды үлестіреді. Алайда, тоталитаризмдік басқару жағдайында потернализм
озбырлыққа, бақыланбайтын бюрократияға айналады, ол өз кезегінде
жемқорлықтың пайда болуына, тиімсіз шешімдердің қабылдануына, азаматтардың
жеке өмірлеріне мемлекеттің басып енуіне алғышарт жасайтын болады.
Патернализмнің бұдан да жаман зардабы азаматтардың әлеуметтік
енжарлылығының өсуі, бүкіл әлеуметтік проблеманы шешуде жоғарғы инстанции
ретінде мемелектке үміттенуі. Патернализм моделінің тағы бір сипаты-
өндірісті қатаң директивті реттеу, әлеуметтік игіліктер мен қызметтерді
бөлу мен айырбастау.
Патернализм моделінің үшінші сипаты – этатизм, яғни әлеуметтік
сфераны, оның бөлек салалары мен мекемелерін мемлекеттендіру. Этатизм
потернализмнің жалғасы болып табылады және әлеуметтік сфераның қызмет
етуіне тікелей араласады, сонымен қатар бәсекелес немесе әлеуметтік
проблеманы шешуде ынтымақтастықты ұсынатын қандай болмасын субъектіні
ығыстырып шығарады.
Төртінші сипаты – әлеуметтік сфера салаларындағы нарықтық қатынастардың
мүлдем әлсіз дамуы, көбінесе болмауы. Болса да даму деңгейімен салалар
бойынша айрықшаланауы. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік
қамтамасыздандыру салаларында төлем нысандары кездеспейді және олардың
дамуы үшін ресурстар мемлекеттік, жергілікті бюджеттен және кәсіпорын
қаржысынан бағытталады. Мәдениет, байланыс, дене шынықтыру, жолаушылар
көлігінде нарықтық қатынастар модифицирленген, яғни түрленген нысанды
иеленді. Бұл жерде төлем нысаны ескерілді, бірақ та бұл салалардағы
қызметтердің өзіндік құнымен салыстырғанда төмен бағалар орнатылды.
Салалардың үшінші тобында-сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет
көрсетуде жекеменшіктің үлесі болғандықтан нақты нарықтық элементтері
тарихи сақталған болатын, ал бұл салалардағы ерекше белсенді нарықтық
қатынастар көлеңкелі экономика нысанында болуы, қара және сұр
нарықтарының қызмет түрінде дамуы.
Бесінші сипаты – эгалитаризм – материалдық игіліктер мен қызметтерді
тұтынудағы теңділік. Маңызды әлеуметтік игіліктен мен жұрттың қолы
жететіндіктей қамтамасыздандыруда оң рөлді иеленеді. Біздің елімізде оның
негізінде жалпыға бірдей сауаттылық, миллиондаған адамдарға тұрмыс
жағдайының жақсаруы, көптеген аурулар бойынша ауыршаңдылықтың төмендеуі,
өмір сүру деңгейінің өсуіне қол жеткізілуі.
Алтыншы сипаты-кепілденген жаппай жұмыспен қамту. Жалпы айтқанда, қоғам
дамуының белгілі кезеңінде әлеуметтік саясаттың потерналистік моделі
әлеуметтік-экономикалық қатынастарды жетілдірудің тежеуіші болып саналады.
Шведтік модель. Бұл модельдің маңызды ережесі әртүрлі әлеуметтік-
экономикалық топтар мен халық қабаттарының ынтымақтастығы, тілектестілігі,
бірдейлілігі. Швед мемлекеті қоғамның бүкіл мүшелерінің мүддесін тең
қорғауды өзіне алды. Алайда, жалпылай әл-ауқаттылық ұсынылатын игіліктер
мен қызметтердің жоғарғы сапасымен бірге швед мемлекеті жағынан көп шығынды
талап етті.
Швед әл-ауқаттылық моделіне жоғарғы сапа мен әлеуметтік қызметтердің қол
жетерлігі тән. Оған мемлекеттік бюджеттің бүкіл шығыстарынан шамамен 40
пайызы шығындалады. Бұл жағдай швед моделін – рестриктивті (шектеулі)
сипатқа әкелді. Бұл рестриктивтілік халықтың жеке табыстарына және
кәсіпкерлердің табыстарына тиесілі және мемлекеттік бюджетке бірінші
бөлінген табыстардың көп бөлігін алуға мүмкіндік беретін прогрессивті салық
жүйесі көмегімен жүзеге асырылады. Қатаң салықтық жүйе жоғарғы сапалы
әлеуметтік қызметтердің кең желілерін күшейтуге және түрлі трансферттік
төлемдер түрлеріне қаржылық база болып табылды. Индустриялды дамыған
елдерде орын алған әлеуметтік саясат моделі
Мемлекеттің әл-ауқаттылық концепциясы болып табылады. Бұл концепция
бойынша мемлекет-жеке мүддесі жоқ, қазіргі қоғамның жалғыз институты,
сондықтан ол класстар арасында делдал болып шыға алады және қоғамдық
мүдделерге сәйкес әрекет етеді. Тарихи Мемлекеттің әл-ауқаттылық моделі
экономикалық және саяси күйзеліс кезеңдерінде қалыптасты. Мемлекеттің нарық
факторларының әрекетін минималдап, әлеуметтік сфераны қоса, бүкіл
басқарушылық функцияны өз қолына алды. Бұл функция тек қана әлеуметтік
амортизатор функциясын орындаумен қатар (мысалға, жұмыссыздарды қолдау
түрінде, жұмыспен қамту бағдарламалары, жұмыстарын жоғалтқандарды қайта
және кәсіптік даярлау түрінде), жұмыс күшінің сапасын жақсарту функциясын
орындайды. Тағы да бір маңызды функциясы-ол қартайған шақтан және
экстраординарлық жағдайларда әлеуметтік кепілдемені ұсыну. Алғашқы кезеңде
мемлекеттің әл-ауқаттылық концепциясы іскерлік ортада лояльді
қабылданды, кейін салық ауыртпалығы іскерлік ортасына, сонымен қоса
қарапайым халық ортасына да ауыр тиді. Оның үстіне көптеген зерттеулердің
көрсетуінше әлеуметтік сфераның мемлекеттендірілген бөлігі қызметтің
төмен сапасымен ғана емес, сонымен қатар баламалы әлеуметік сала мекемелері
мен жеке және қоғамдық ұйымдарына қарағанда, ресурстарды төмен
оңтайлылықпен қолданғанымен көзге түсті. Осының бәрі мемлекеттің әл-
ауқаттылық концепциясын алып тастауға талап болды.
Егер Мемлекеттің әл-ауқаттылық моделі Ұлыбритания, Франция және басқа
да еуропалық елдерінде дамуын алса, онда Әлеуметтік нарықтық шаруашылық
моделі Германия Федеративтік Республикасында неғұрлым толық жүзеге
асырылған болатын. Бұл концепцияның барысы: кәсіпкерлікке экономикалық
еркіндік беру және экономикаға әкімшіліктік қатысуды алып тастау, себебі
нарықтық еркіндік әлеуметтік мақсатқа жету үшін экономикалық, ресурстық
алғышарттар жасайда. Таза нарық экономикасының дамуы негізінде батыс
Германдық мемлекет әр азаматқа белгіленген кедейшілік шегінен төмен
түспейтіндей әлеуметтік амортизаторлардың біртұтас жүйесін өрістетті.
Алайда, сонымен қатар мемлекет азаматтардың өз күшімен орындай алмайтын
әлеуметтік міндеттерді өз қолына алмауға тырысты. Бұл концепция бірнеше
қарама-қайшылықтардан тұрды:
1) көптеген әлеуметік қызметтер нарықтық сипатта сақталды, ол өз
кезегінде бұл қызметерді тұтынушының еркіндігін қамтамасыз етуге,
әлеуметтік сфераның бөлек ұйымдары мен мекемелерінің арасында бәсекені
қолдауға мүмкіндік берді;
2) сол уақытта, әлеуметтік бағдарламаларды мемлекеттің атқаруы,
орындайтын жұмыстағы төмен дәрежелі жауапкершілік пен оған тиесілі тиімсіз
проблемалар мен бюрократиялық аппараттың құрылуына әкелді. Мемлекеттің әл-
ауқаттылық: моделіне қарағанда Әлеуметтік нарықтық шаруашылықмоделі
барынша нарықтық негізде жүргізілді. Бұл модельдің негізгі постулаттары
шамамен елу жыл бойы өзгеріссіз түрде сақталуда.
Либералды экономиканы жүргізуде әлеуметтік саясаттың Нарықтық моделі
орын алды. Бұл концепция бойынша әлеуметтік сферада кең таралған
мемлекеттік араласудың орнына нарықтық бастауларды қүшейту қажеттілігі
қарастырылды. Бұны жүзеге асыруда:
1) әлеуметтік сферадағы жартылай мемлекетсіздендіру;
2) әлеуметтік салалардың қызмет етуіндегі нарықтық құралдарды қолдану
аясын кеңейту.
Мемлекетсіздендіру процессінде белгілі халық топтарына қызметтерді
ұштастыру, әлеуметтік мекемелерді қызмет көрсету шарттарының жекеменшік
нысандары бойынша диверсификациялау жүргізіледі. Әлеуметтік саясаттың
нарықтық моделінің негізгі қалыптастырушы идеясы-оның селективтілігі, яғни
таңдаушылығы, мемлекет тарапынан көмекті қажет ететін бөлек өмірлік
жағдайларға немесе нақты анықталған халық топтарына бағытталушылық. Осылай,
мемлекеттің әлеуметтік саясаты қоғам мүшесінің қандай тобына қолданылуына
байланысты екі бөліктен құралады: – еңбекке қабілетті азаматтар үшін
олардың еңбек белсенділігін арттыру және өздеріне өз көмектерін дамыту үшін
мемлекеттің жағдай жасауы; – мемлекет немесе басқа да қоғамдық институттар
тарапынан әлеуметтік көмек тек қана ауру себептері, қатерлі жағдай, кәрілік
пен жұмыссыздық себептері бойынша көрсетілуі. Бұл модельдің ең басты
ерекшелігі – оның дәстүрлі құндылықтарға және жанұя, жергілікті
қоғамдастықтар, пайдасыз ұйымдар тәрізді әлеуметтік институттарға
бағытталуы. Әлеуметтік саясаттың Нарықтықмоделі 70-жылдар ортасында,
Маргарет Тэтчермен басқарылатын Ұлыбритания Үкіметінің нақты саясатының
негізі болды, яғни бұл моделді жүзеге асыру Мемлекеттің әл-
ауқаттылықмоделінің кемшіліктерін толықтырушы өзгеше жауап ретінде
қарастырылды.

2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік саясат

2.1 Қазақстан Республикасының Конституциясы – адамның құқығы мен
бостандығының кепілі

Қазақстан Республикасының Конституциясы  – Конституция 9 тараудан, 98
баптан тұрады.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы
құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар
ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен
азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың
негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші
конституциясы.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда
қабылданды.
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті,
нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру
еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл
Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының
сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана
емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты
нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси
жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады.
Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент
туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.
1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы – Сенат, төменгі
палаталы – Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы ең жоғары құндылық ретінде
адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп бекітті. Бұл қағида
демократиялық мемлекеттің қызметі мен оның халықаралық- құқықтық міндеті.
Конституцияда бекітілген жеке тұлғаның құқығы оны жүзеге асыру мен
қорғаудың тиімді механизмін құруды болжайды. Адам құқығы, оны сақтау мен
кепілдік беру бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі. Адам құқықтарын
сақтаудың шындық жағдайы- демократияның маңызды көрсеткіші, оның кемеліне
келуі мен руханилығының белгісі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010
жылғы Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық Өрлеу – Қазақстанның жаңа
мүмкіндіктеріатты халыққа жолдаған жолдауында Стратегиялық жоспарын іске
асырудың базалық шарттары экономиканы жаһандық қалпына келтіруге дайындау
және оның сыртқы сынақтарға тұрақтылығын арттыру үшін біртұтас үш
міндеттінің бірі: сенімді құқықтық орта қалыптастыруды жалғастыру екендігі
айтылған.
Жалпы, адам құқығын қорғап, бостандығын ардақтау азаматтардың лайықты
өмір сүріп, бай-рақатты тұрмыс кешуіне ахуал қалыптастыру– әлемдік
қауымдастыққа көшін ұластырған Қазақстанның алдына қойған асыл мұраты.
Сонымен қатар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының қаржы саясаты және оның нарықтық экономиканы дамытудағы ролі
Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық процестердегі мемлекеттің қаржылық саясаты
Қазақстан Республикасының қаржылық қатынастары
Қаржы саясаты жайлы
Мемлекеттің ақша-несие саясаты туралы
Экономиканы мемлекеттік реттеу жайлы мәлімет
Қазақстан Республикасында нарықтық экономикадағы қаржы саясаты және қаржы жүйесін реттейтін құралдар
Қаржы механизмінің жүйесі
ҚАРЖЫ САЯСАТЫ, ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты туралы ұғым
Пәндер