Жүйелер



1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2. Жүйелердің негізгі ұғымы.
2.1 Ашық және жабық жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.2 Менеджмнеттің сыртқы ортасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2.3 Басқарушы және басқару жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11
2.4 Өндірісті басқарудың буыны,дәрежесі мен құрылымы
және оларға қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
4.Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 16
Жүйені кез келген типке қолдану-біршама шартты,абстракты ұғым.Философиялық жүйелер,сандар жүйесі,байланыс жүйелері,білім беру жүйелері,құрал жүйелері,құрал жүйелері дегендер болады.Жүйелердің біреуі физикалық,техникалық мәндердегі концепциялардың өзіндік үлесі болып саналады.Адам денесінің жеке органы да,жеке органы да,жеке адамның өзі де, жеке машина немесе машина кешені де,яғни кейбір міндеттерді шешетін кез келген нәрсе жүйе бола алады.Тұтас әлемнің өзі жүйе,ал оның өзі көптеген үлкен және шағын жүйелерден тұрады.
Жүйелілік-табиғат құбылысының жалпылама қасиеті болып сана лады. Қоғам әрқашанда ұйымдасқан түрде болады да, белгілі бір жүйе ретінде жұмыс істейді.К.Маркс осы тарапында жазып, қоғам тұтастай жүйе ретінде дамиды,деп атап көрсетті. Табиғи байланысқан осы жүйенің өзі тұтастай жиынтық түрінде өзінің алғы шарты болады, әрі оның мақсатты дамуы қоғамның барлық элементтерін өзіне бағындыруға немесе содан оның жетіспейтін органдарын құруға бағытталады.
Ағылшын тілінің «Оксфорд сөздігінде»жүйеге былайша анықтама береді:»Жүйе дегеніміз күрделі бірлікті құрайтын бір-бірімен байланысты немесе өзара байланысты объектілердің жиынтығы немесе комплекс, белгілі бір схемаға немесе жоспарға сәйкес реттеліп орналасқан,бірнеше бөлімнен тұратын тұтастық.»
Жүйе дегеніміз тұтастай құрылымды құрайтын,жаңа қасиетке ие болатын өзара әрекеттесетін элементтердің жиынтығы. Алуан түрлі болса да, бүкіл жүйені шартты үш түрге бөлуге болады: техникалық, биологиялық, әлеуметтік,соның ішінде әлеуметтік-экономикалық.
1. К.Ғ.Ахметов «Менеджмент негіздері.»
2. Я.Әубәкіров «Экономикалық теория негіздері.»
3. С.С.Сатыбалдин «Менеджмент.»

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2. Жүйелердің негізгі ұғымы.
2.1 Ашық және жабық жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.2 Менеджмнеттің сыртқы ортасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2.3 Басқарушы және басқару жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11
2.4 Өндірісті басқарудың буыны,дәрежесі мен құрылымы
және оларға қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .. 15
4.Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 16

1.Кіріспе
Жүйені кез келген
типке қолдану-біршама шартты,абстракты ұғым.Философиялық жүйелер,сандар
жүйесі,байланыс жүйелері,білім беру жүйелері,құрал жүйелері,құрал жүйелері
дегендер болады.Жүйелердің біреуі физикалық,техникалық мәндердегі
концепциялардың өзіндік үлесі болып саналады.Адам денесінің жеке органы
да,жеке органы да,жеке адамның өзі де, жеке машина немесе машина кешені
де,яғни кейбір міндеттерді шешетін кез келген нәрсе жүйе бола алады.Тұтас
әлемнің өзі жүйе,ал оның өзі көптеген үлкен және шағын жүйелерден тұрады.
Жүйелілік-табиғат құбылысының жалпылама қасиеті болып сана лады.
Қоғам әрқашанда ұйымдасқан түрде болады да, белгілі бір жүйе ретінде жұмыс
істейді.К.Маркс осы тарапында жазып, қоғам тұтастай жүйе ретінде дамиды,деп
атап көрсетті. Табиғи байланысқан осы жүйенің өзі тұтастай жиынтық
түрінде өзінің алғы шарты болады, әрі оның мақсатты дамуы қоғамның барлық
элементтерін өзіне бағындыруға немесе содан оның жетіспейтін органдарын
құруға бағытталады.
Ағылшын тілінің Оксфорд сөздігіндежүйеге былайша анықтама
береді:Жүйе дегеніміз күрделі бірлікті құрайтын бір-бірімен байланысты
немесе өзара байланысты объектілердің жиынтығы немесе комплекс, белгілі
бір схемаға немесе жоспарға сәйкес реттеліп орналасқан,бірнеше бөлімнен
тұратын тұтастық.
Жүйе дегеніміз тұтастай құрылымды құрайтын,жаңа қасиетке ие болатын
өзара әрекеттесетін элементтердің жиынтығы. Алуан түрлі болса да, бүкіл
жүйені шартты үш түрге бөлуге болады: техникалық, биологиялық,
әлеуметтік,соның ішінде әлеуметтік-экономикалық.

2. Жүйелердің негізгі ұғымы.
Әлеуметтік-экономикалық жүйе ең күрделі,динамикалы дамитын,әрі өзін өзі
басқаратын жүйе саласына жатады. Басқа кез келген жүйе секілді,әлеуметтік-
экономикалық жүеге негізгі қасиеттері мен белгілері тән , ал мұның өзі
олардың қалыптасуы,жұмыс істеуі,әрі дамуы үшін айрықша маңызы бар. Олар
қандай?
Кез келген жүеге элементтер өзара тығыз байланысты ,әрі белгілі бір әдіспен
өзара әрекеттеседі.Өзара әрекеттесу жүйедегі элементтер арасындағы
байланыс арқылы көрініп ,ал бұлардың өзі заттық немесе ақпараттық болуы
мүмкін.Кез келген жүйе секілді ,кәсіпорын жекелеген элементтердің
ұйымдасқан бірлестігін ,ал оның ерекше бірлескен бөлігі жаңа сапаға ие
болатын бірыңғай тұтас құрылым . Кәсіпорынның бірде-бір бөлімшесі тығыз
,әрі өзара келісілген байланыссыз ақырғы өнімді өндіре алмайды ,яғни
тұтастай кәсіпорын алға қойған міндеттерді орындай алмайды.Жүйе дегеніміз
ондағы элементтер қасиетінің қарапайым жиынтығы емес. Әрбір элемент
өзіне тән функционалдық мәнді орындайды, оның өзіндік орны болады, олардың
өзара тәуелді болатындығы да,демек,қасиеттерінің тәуелділігі мен жүелерге
қатынасы да осыған байланысты.Жекелеген элементтерді өзгерткенде, басқа
элементтертермен және тұтастай жүйемен бірге өтетін сол өзгерістердің
сипатын алдын-ала болжап ,ескере білу қажет.
Жүйенің жалпы қасиеті иерархиялығы ,яғни жүйе неғұрлым күрделі құрылымға
енгенде оның элементіне айналуы және керісінше жүйе элементі дербестік ала
отырып ,өзі де жүйеге айналады.Мәселен ,алдағы уақытта күрделі жүйе болып
саналатын кәсіпорын салаға енгеннен кейін ,саланың жүйе тармағына айналады
т,б.
Әр деңгейдегі жүйе , өзінің белгілерімен және ерекшелік тері мен
өзгешеленеді.Алайда , олардың барлығы құрылымдық заңдылықты және жүйенің
жоғары дәрежеде жұмыс істеуін көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген
өндірістік бөлімшелер , басқару буындары атқаратын міндеттер жүйедегі
жалпы түпкі мақсатқа жетуге бағытталған.
Егер кез келген бөлімшенің ,басқару буынының мақсатты жұмысы жүйедегі жалпы
түпкі нәтижеге жетуге бағытталса ,бірақ тұтастай жүйе жұьысына сәйкес
келмесе ,онда жоғары деңгейдегі жүйе тарапынан белгілі бір шектеу еңгізуді
қажет етеді. Әлеуметтік-экономикалық жүйенің маңызды қасиеті, оның
дербестігі ,өзін-өзі басқаруы.
Әлеуметтік-эканомикалық жүйенің маңызды қасиеті,олардың автономдығы
(дербестігі),өзін-өзі басқарудағы. Бұл жүйелердің белгілі бір заңдарға
негіз-

делген өзіндік басқару органы, өз бетінше өндіру әдістері мен өздігінен
дамитын қабілеті бар.Жүйенің бетйімделгіштігі,динамизмі,яғни орта
жағдайының өзгеруіне ең қолайлы әдіспен жауап қайтару,сөйтіп қойылған
мақсатқа жетуді қамтамассыз етуі тікелей осыған байланыс ты.Сондықтан,жүйе
ортаға не ғұрлым бейімделгіш келсе, оның ресурстары да соғұрлым толық,
тиімдірек пайдаланылады.Кәсіпорын ықтималы жүйе болып саналады. Ауыл
шаруашылығы өндірісінде мұның өзі тек адам факторының болуына ғана емес,
сондай-ақ климатжағыдайының кенеттен,ойда-жоқта өзгеруіне,мал арасында
індттің етек алуына т.б.тәуелді.Сол себептерден де ауыл шаруашылығы
кәсіпорын жүйе ретінде бейімделгіштігі,оның жедел-шарушылық дербестігі
өнеркәсіптен анағұрлым жоғары болуы тиіс.

2.1 Ашық және жабық жүйелер

Жүйенің негізгі екі типі болады;жабық және ашық.Жабық жүйенің
белгіленген нақты шекарасы болады,оның іс-әрекеті қоршаған орта жүйесіне
біршама тәуелсіз.Мәселен, кәдімгі сағат –жабық жүйе.Оны бұрағаннан немесе
батарейка қойғанан кейін өзара байланысты тетіктері тоқтаусыз,әрі дәл
жүретін болады.Сағатта жиналған энергия көзі болған кезде,оның жүйесі
қоршаған ортаға тәуелсіз.
Ашық жүйенің ерекшелігі сыртқы ортамен тығыз байланыстылығынан.
Энергия,мәліметтер,матерйалдар–бұл жүйе шекарасы арқылы сырқы ортадан
енетін обьектілер.Мұндай жүйе өзін-өзі қамтамасыз ете алмайды,оның өмір
сүруі сырттан келетін энергияға,мәліметтерге және материалдарға тәуелді.
Сонымен қоса,ашық жүйенің сыртқы ортаның өзгеруіне бейімделгіш қабілеті
бар жәнеде мұның өзі жүйенің одан әрі жұмыс істеуі үшін қажет.
Басшылар негізінен ашық жүйемен жұмыс істейді,өйткені барлық
ұйымдар ашық жүйеге жатады. Адамдардың, ұйымның өмір сүруі сыртқы
әлемге тәуелді,төменде ұйымның ашық жүйе ретіндегі бейнесі келтірілген.

Төменде

Ену
Мәліметтер,материалдар
Капитал,Еңбек ресурстары

Ұйым—ашық жүйе.
Түрлену.
Енген объектіні өңдеу
және түрлендіру (тиім-
ді басқаруға тәуелді).

Шығу.
Өнім немесе қызмет
Пайда(банкте)
әлеуметтік жауапкершілік
Рынок(базар) үлесі.Өсім.
Қызметкерлердің қанағаттануы.

Ұйым сыртқы ортадан мәліметтер,капитал,адам ресурстары мен
материалдар алады. Бұл компаненттер енетін деп аталады, түрлендіру
процесінде ұйым осы енетін компаненттерді өңдеп,оларды өнімге немесе қызмет
көрсету үшін түрлендіреді.Бұл өнімдер мен қызметтер ұйымнан сыртқы ортаға
шығатын компанеттер болып саналады.Егер ұйым тиімді жұмыс істесе,онда
түрлену процесінде енетін компоненттердің қосымша құны пайда болады. Соның
нәтижесінде пайда, рынок үлесінің ұлғаюы, сатылатын заттардың көбеюі,
әлеуметтік жауапкершілікті жүзеге асыру, ұйымның өсуі секілді қосымша
шығу компоненттері пайда болады.

2.2 Менеджменттің сыртқы ортасы
Басқару кәсіпорынның сыртқы ортамен тығыз байланыс жасауына тура
келеді.басқарушы әр жолы жоспар белгілеген кезде ол ұйымнан тыс жерлердегі
қоғам мүшесінің қажеті мен тілегін,сондай-ақ шикізат пен адам
ресурстарына,технологияға және сыртқы ортаға байланысты басқа да
сұраныстарын ескереді.
Кез келген ұйымдасқан кәсіпорын жүйе ретінде алуан түрлі
заттарды сыртқы экономикалық ортаға шығаруды жәнеде одан кез келген өнімді
немесе қызметті алуды, сөйтіп сыртқы экономикалық ортамен белсенді қатынас
орнатуы мүмкін.

Сыртқы экономикалық орта.
Сыртқы экономикалық орта элементтеріне жататыны:
капитал,машиналар,ғимараттар,тауар қорлары,кеңсе жабдықтары,әр түрлі
аспаптар,сондай-ақ қолда бар ақша;
--жұмысшы күші.Қойылған мақсатқа жету,міндеттерді жүзеге асыру үшін
қажетті мамандықтағы жұмысшы күшімен қамта-масыз ету. Адамдарсыз күрделі
технологияны,капиталды және технология материалдарын тиімді пайдалану
мүмкін емес.
-- баға деңгейі.Мәселен, инфляция коммерциялық кәсіпорындардың қалып ты
қызметін бұзып қана қоймай,еңбек өнімділігін де кемітеді. АҚШ-та барлық
ұйым түрлеріне ықпал етудің басты факторы-еңбек өнімділігі болды. Олар
көптеген жылдар бойы еңбек өніиділігін арттыру арқылық дүние жүзілік нарық
бәсекесіне ойдағыдай қатысып келеді.Әсіресе,мұның өзі ауылшаруашылығында
өте жоғары деңгейде;
--жоғары білікті кәсіпкерлер мен әкімдердің болуы өте жоғары бағаланады.
Фирма ішінде жоғары білікті менеджерлерді тарту және қабілетті басшыларды
баулу өте маңызды проблема;

Үкіметтің қаржы және салық саясаты сыртқы экономикалық ортаның маңызды
элементі. Үкіметтің қолда бар кредитті қаржы саясатыарқылы жүзеге асыруы
іскер әлемге едәуір дәрежеде ықпал етеді, сонымен қоса оның ықпалы көпшілік
іскерлік опера-цияларға әсер етеді.Үкіметтің салық саясаты қоғамның барлық
тұстарын қамтиды,сондықтан да деңгейі үкімет шығындарына байланысты;
--сатып алушылар.Тұтынушыларды тартып білу үшін кәсіпорын нені қалайтынын
және нені алғысы келетіндігін біліп отыруытиіс. Бизнес мақсаты сатып–
алушыларды қызықтыра білу.Ұйымның өмір сүруі де олардың жұмысының нәтижелі
, табыс ты болуы да,тұтынушыларды таба білуіне, солардың сұранысын
қанағаттандыруына байланысты.

Сыртқы технологиялық орта.
Іскерлік белсенділік пен технология арасында тығыз байланыс
бар.Аумалы-төкпелі дүниеде кез келген коммерциялық кәсіпорын өмір сүруі
үшін тех-нологияның соңғы жетістіктерінен хабардар болуы тиіс, өйткені оның
өзі тауар немесе қызмет көрсету арқылы өндіріс процесі ретінде, сондай-ақ
жұ-мыс тәсілін жетілдіру үшін де пайдаланылады.
Басқару практикасына технология айтарлықтай ықпал етеді.
Өйткені, оның өзі өнім өндіру мен қызмет көрсетуді жобалаған кезде
жоспарлаудың, сондай-ақ оны жетілдірудің, өндірудің және оған басшылық
етудің маңызды элементі болып табылады. Технологияның өзгеруіне қарай басшы
кадрлармен қамтамасыз ету тәсілі де белгілі бір дәрежеде өзгеріп отырады.

Сыртқы әлеуметтік орта.
Әлуметтік орта сол топтағы адамдардың көзқарасына, тілек ықыласына,
интелегентілігі мен біліміне, сенімі мен дәстүріне қарай қалыптасады.
Бірде бір басқарушы жабық жүйеде жұмыс істей алмайды.Қандай адам болма-сын
белгілі бір әлеуметтік құрылыстың компоненті болып саналады. Готмалк былай
деп жазды: Кез келген адамзат өмірі белгілі бір әлеуметтік ортада дүниеге
келеді. Бұл құрылыс отбасынан немесе ата-ана мен балаларының қарым-
қатынасынан басталады ,бірақ іс жүзіне келгенде мұның өзі адамзат
ұрпағының қалыптасу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары оқу орнында студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдіру
Жүйенің табиғаттану және қоғамтанудағы орны қандай?
Корпоративтік ақпараттық жүйелер
Компьютерлік операциялық жүйелер
Ақпараттық жүйе мысалдары
Кәсіпорынның ақпараттық жүйесін құру
Күрделіліктері бойынша жүйелер қалай жіктелінеді
Инженерлік жүйелер, желілер мен жабдықтар» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Ақпараттық жүйелердің құрылымы
Дисперстік жүйелер. Заттардың коллоидтық күйі
Пәндер