Билер институты


Ж О С П А Р Ы
Кіріспе
І бөлім Билер институтының тарихи даму кезеңдеріне сипаттама
1 тарау XV ғасырдың екінші жартысынан XVІІІ ғасырдың ортасына дейінгі кезеңдегі қазақ хандығындағы билер институты
2 тарау Билер институты Ресей бодандығы тұсында
3 тарау Кеңестік Қазақстандағы билер институты
ІІ бөлім Билер институтының жүйесі мен негізгі сатылары (инстанциялары)
1 тарау Билер Кеңесі
2 тарау Билер соты
3 тарау Ақсақалдар соты
Қорытынды
Пайдаланылған деректер тізімі
К І Р І С П Е
Қазақ тарихында әдет-ғұрып құқығының алар орны ерекше. Ал осы әдет-ғұрып құқығына әмбебаптық ажар беріп, оны уақыт талабына сәйкес түрлендіре отырып, қолдана білген билердің әдет-ғұрып құқығындағы сүбелі қызметін мойындамау әділдіктен аттағандықпен пара-пар. Қазақ қоғамында билер шын мәнінде демократияның, ауыз бірліктің символындай болған. Билер әр уақытта әділдіктің өмір сүруінің тірі механизмі, әділетсіздікке қарсы тұрушы пәрменді күш. Сондықтанда халық ханнан гөрі, биді пір тұтқан.
Шын мәнінде қазақ қоғамындағы билер институты демократиялық дамудың жаршысы іспеттес болған. Мұны қазақ халқының жалпы өркенниеттік демократиялық дамуға қосқан үлесі деп бағалауға болады.
Біраққа, кеңес өкіметі тұсында билердің қазақ қоғамындағы атқарған рөлін ашып көрсету мүмкін болмады. Керісінше ол кезде бұл құбылыстар таптық үстемдіктің бояумен боялып, өткеннің сарқыншағы, бай-шонжарлардың қол шоқпары деп бағаланып, реңсіз түспен түстелді.
Ал қазір жағдай түсегейлі басқаша, еліміз тәуелсіздік алды. Өзіндік мемлекеттік ажары бар, болашақта “барысқа”1 айналуды мақсат етіп отыр. Бұл биікке тек өткен жолымызды саралап, оны жаңа лебімен бойымызға сіңіргенде ғана жететіндігіміз ай қын. Сондықтан болар Ел басымыз биылғы жылды “ұлттық тарих және ұлтаралық татыулық жылы” деп жариялауы.
Бұл дегеніміз қазақтың тарихының ақтаңдық беттерін, соның ішінде әдет-ғұрып құқығы нормалары мен институтарын зерттеуде тың серпілістің қажеттілігін аңғартқандай.
Ол мақсатқа біз тек билердің қызметін тұтастай институт ретінде зерттегенде ғана жетеміз. Институттық тұтастықта зерттеу билердің қазақ қоғамындағы атқарған ролін таныуға мүмкіндік берер еді. Ішкі заңдылық иірімдерін жоғалтпай, көрсетуге септігін тигізеді. Сонымен қатар қазақ еліндегі билердің қызмет арналарын ажыратуға жол ашар еді. Қазақ әдет-ғұрып құқығын институттық тұрғыда монографиялық деңгейде зерттеудің қажеттілігін осыдан тоғыз жыл бұрын 1989 жылы ұлағатты ғалым, заң ғылымының патриархы ретінде таныдған, академик С. Зиманов қазақ әдет-құқығын зерттеудің бағыттарын айқындағанда көрсетіп берген еді2.
Бұл мәселені тек тарихи контексте өткен күннің кейіпкері ретінде емес, бүгінгі таңда қайта серпіліп өмірге жолдама алып жатқан құбылыстармен астастыра зерттеу кезек күттірмейтін мәселе. Сондықтан да біз жұмыс барысында, осы қырын көзден таса қылмауға тырыстық. Сол арқылы өткен күннің үнін бүгінгі әуенмен астастыра тербелтірудің мүмкіндіктерін бағамдауға ұмтындық еді. Қылмыстың кең маштабта белең алған тұсында, “профилактиканың” қылмыспен күрестегі орны шет қақпайлауға душар болған кезде, қылмыстық әрекеттерді тұсаулауда салмақты орны бар өткен ата-баба жолын тарихи тұрғыда бағалап, күштеп үзілген тарихи сабақтастықты қайта жалғаудың қажеттілігі барлыңын айтпасада болады.
Билердің қызметі мен қоғамдағы атқарған ролі туралы мәселе талай зерттеулердің арқауы болған. Оны зерделеудің сонау ғасырлардан бастау алатын тарихи бар. Бір ерекшелігі билер институты әрқашанда көшпелі қазақ қоғамындағы құқықтық өмірмен сабақтастырыла, астастырыла келді. Бұл билер институтының құқықтық өмір мен біте қайнасқанын көрсете керек. Билер институты көшпелілер өмірінде көне замандардан келе жатқан құбылыс болғандықтан, оның зерттелуі де өз бастауын ықылым замандардан бері өрбітеді. Билер институтының зертелу деңгейсан қилы. Зерттеліуінің бірнеше қырларын, кезеңдерін бөліп көрсетуге болады.
Бірінші “би” сөзінің төркін туралы мәселені өрбіте отырып, оның генесизін байыптауға қадам жасау. Би сөзінің этимологиясынан алғаш көңіл бөлген Вамбери, Радлов сияқты ғалымдар. Кейін бұл бағыт көптеген ғалымдар тарапынан өз жалғасын табады. Мысалы: Бартольд3, Қ. Хамиди4, Т. Султанов5, Р. Сыздықова6, М. Қойгелдиев7 оны “бек” сөзімен төркіндестірсе, ал жапондық Ширатори8, Вяткин9, Т. Жұртбай10 сынды ғалымдар оны сонау тайпалық дәуірлерге тірейді. “Би” сөзін “билеуші” етістігінен өрбітетіндер Леонтьев11, Добромысловтар12. Көріп отырсыздар, би сөзі туралы арнаға тоғысқан пікір жоқ. Біздің ойымызша “би”, де “бек” сөзі іспеттес көне түрік тіліндегі сөздің бірі. Мысалы: Федоров-Давыдовтар13 өзінің еңбегінде “бей” сөзі мен ”бек” сөздерінің “кодекс куманикустағы” аудармасын береді. Онда “бей” сөзі латынша “барон”, парсынша “әмір”, титулдарымен теңестірілсе, ал “бек”, сөзі латынша “принц”, парсынша “Сын царя” деген мағнада берілгенін көрсетеді. М. Қашқари14 өзінің сөздегінде “бек” ті бұрынғы тегіндердің лақап аты десе, тегін дер патша балалары аталатындығын айтады. Сонымен қатар Березиннің “Тоқтамыс ханның жарлықтарының” аудармасында “бек” пен “би” сөзі бірнеше адамдардың титулы ретінде қатар қолданылады. Бұл жарлықтар Ш. Уәлихановтың еңбектерінде де көрсетілген.
Жоғарыдан түйген ой “бек” және “би” сөздері егіз қозыдай көне заманнан бері қолданылып келе жатқан сөздер. Көшпелі өмір салтына байланысты бірде тарих сахнасында бой көрсетпей қалса, кей кезде қоғамдағы ролі артып отырған. Ал Бартольд “бей” немесе “би” сөзінің 15 ғасырға дейін ұшыраспайды, одан бері ғана қолданылады деп осы құбылмалығын көрсеткендей.
Ресей тұсында патша өкіметі тарапынан билердің қызметіне, олардың іс жүргізу ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінді. Патша өкіметі билер институтын өздерінің отарлау саясатына оңтайлы пайдаланғысы келді. Сондықтан қазақ еліне қазақ-ғұрып материалдарын жинайтын, әртүрлі экспедициялар аттандырып отырды. Міне осы билер институтының ерекшеліктерін ашып көрсетуге септігін түзетін фактілерді жиыстырды. Материалдар билер институтының сол кездегі қызметін нақты факті түрінде суреттеуімен құнды. Сол кезеңдегі орыс ғалымдары, саяхатшылар, патша шенеулктері, А. Н. Левшиннің15, Д’Андренің16, И. А. Козловтың17 және қазақ еліндегі реформалар кезіндегі билер сотындағы өзгерістерге байланысты Крахаловтың18, Добромысловтың19, Зуевтың20, Максимовтың21 т. б. пікірлері өзінің факт сипатымен ерекшеленеді.
Қазақ еліндегі билер институтының ролін өз енбектерінде қазақ зиялы қауымыда тілге тиек етті. Олардың шығармаларында билердің орыс заңмен шұбарланғаны, оны бұрынғы арнасына салуға баса көңіл бөлінген. Мәселен: Ш. Уалихановтың22, А. Байтұрсыновтың23, Ә. Бөкейхановтың24, Ш. Құдайбердіұлының25, Сыртановтың26 еңбектері ерекше.
Ал кеңес өкіметі тұсында да билер өздерінің қоғамдағы ролін жоғалтпаған. Сондақтанда кеңес өкіметі алғашқы кезде онымен санасуға және оған қатысты материалдарды жиыстыруға тиісті болды.
Қазақ әдет-ғұрып құқығын зерттеу 40 жылдың аяғы, 50 жылдың басында қайта жанданғанда билер институты дәстүрлі әдет-ғұрып нормаларының аясында қаралды. Осы кезеңдегі Т. М. Культелеевтің27, Юшковтың еңбектерінде сөз болады.
Кейін 70 жылдары ұлағатты ғалым, академик С. Зимановтың басшылығымен бұл саладағы зерттеулер өз жалғасын тапқанын біз білеміз. Ол кісінің өз еңбектерінде, шәкәртерінің /С. Өзбекұлының, Х. Әбішевтың, А. Ахметованың т. б. / еңбектерінде айтарлықтай дәрежеде зерттелген.
Ал егемендік алғаннан кейінгі қазақи әдет-ғұрып құқығын зерттеуде объективтілік, ғылымилық ой-әуен басымдық тапқан. Сонымен қатар алғаш рет билер соты Ш. Андабековтың зерттеуінде жеке мәселе ретінде қаралды.
Біз бұл билер институтының зерттелу деңгейі туралы кіші гірім жолуымызда осы уақытқа дейнігі бұл тұғырлы билік жүйесінің зерттелу эволюциясын түгел қамтуымыз мүмкін емес. Біз бұл жұмыста осы саладағы негізгі-негізгі сүбелі зерттеулерді қамтуға ұмытылдық.
Жұмыс барысында алдымызға тұтастай би институтының сұлабасын жасауды мақсат етіп қайдық. Оған жету үшін біз өзіміздің алдымызға мынандай міндеттерді шешуді жүктедік:
- билер институтының хандық дәуердей қаймағы бұзылмай дамыған кезеңіне.
- Ресей патшалығы тұсындағы би институтының құйтырқы саясаттың қолшоқпарына айналып, өзінің демократиялың бет-бейнелу жоғалтқанын сипаттауды.
- Кеңес дәуіріндегі бұл жүйеге қатысты мемлекеттік саясатты және онамен күрес жолдарын көрсетуді.
- Билер институтының жүйесі мен негізгі сатыларына сипаттама беруді.
- Дәстүрлі құқықтық институтының бүгінгі таңдағы қайта бас көтерулеріне тоқталдық.
Жұмыс мемлекет және құқық теориясы мен тарихи кафедрасында орындалды. Бітіру жұмыс кіріспеден, 2 бөліменен, 6 тараудан, қорытындадан тұрады.
І бөлім. Билер институтының тарихи даму кезеңдеріне сипаттама
1 тарау. ХV ғасырдың екінші жартысынан XVІІІ ғасырдың ортасына дейінгі аралықтағы Қазақ хандығындағы билер институты
Бұл кезең қазақ тарихында үлкен орын алады. Бұл уақыттың талай оқиғалары көптеген “әфсәнәләрдің” арқауы болғанын білеміз.
Қазақ мемлекеттігін нығайтуда үлкен роль ойнаған тарихи санамызда “Қасым ханның қасқа жолы”, “Есім ханның ескі жолы”, “Әз Тәукенің Жеті Жарғысы” деген атпен белгілі заңдар кезеңнің жемісі.
Қазақ мемлекеттігінің іргесін нығайтуда Қасым ханның атқарған ролі ерекше. “Пожалуй, никогда больше ханская власть не была так прочна, как при нем, и ни один из казахских ханов не объединял под свою властью такое число людей, как Касым-хан, среди поданных которого современники называли более миллион человек”28. Ол жас хандықты сыртқы күштерден қорғауға бар күш-жігерін салды. Қазақ халқының санасында “Қасым ханның қасқа жолы” деген атпен белгілі заң кодексінің өмірге келуі соның айғағы. Ол туралы: “15 ғасырдың соңы мен 16 ғасырдың басында Бұхардың иман-қазылары қазақ өлкесінде діни үгіт жүргізіп, шариғат қағидасына бой ұсынуды уағыздайды. Бірақ уақытының көбін мал бағумен өткізетін халық бұқарасына шариғат қағидалары қиынға соғып, оған селсоқ қарап, ойыса қоймайды. Сондықтан шариғатты кіргіземін деген хандарға халық бұқарасы қатты наразылық білдіріп, кейде ол көтеріліске ұласып отырған. Бұл тарихи уақиғаларды жақсы білген Қасым хан, саяси жағдайдың шиеленіскен кезінде, халық бұқарасының, билер табының, көптен бергі ойына қарсы тұрмай, қайта олармен бірігіп, шариғат заңын үгіттеген бұқар ишан-қазыларының тіміскілеуін тойтарды. Сөйтіп, халықтың тілегіне жақын әрі ерте заманнан оларға түсінікті ежелгі “жарғы” заңын жаңадан күшейтті.
Халық Қасымның шариғатты алмай, ежелден қалыптасқан билер заңы-жарғыны жаңадан көтергенін қатты ұнатып, оны “Қасым ханның қасқа жолы” деп атапа кетті29. Шын мәнінде бұл халықтың көкейінен шыққандықтың көрінісі. Халық Қасым ханның мұндай қадамына дән риза болғандытқтан, орл заңды “қасқа жол” деп атаған. Қазақта “қасқа жол” деп әбден жүріп-жүріп сүрлеуге айналған жолды, “қасқайып қарап тұрысын” деп көзге бадырайып, тәкәппарлықпен қарсы қарап тұрған адамды, “Нар қасқа” деп нағыз қасқа жылқыны айтады. Бұл теңеулердің барлығынан біз нағыз сәйкестік, лайықтылық деген ой әуенді аңғарамыз.
Қазақтың көрнекті ақыны, философы Шәкәрім Құдайбердіұлы “Қазақтың түп атасы” деген өлеңінде Қасым ханды былай марапаттайды:
“Баласы Әз-Жәнібек Қасым еді,
Атағы сол соғыста асып еді.
“Қасымның қасқа жолын” сол шығарған,
Ташкеңнің алтын тағын басып еді”30.
Бұл заңда ғұлама ғалым Ә. Марғұланның айтуы бойынша құқық нормасының бес саласы қамтылған. Олар:
- Мүлік заңы /мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері/.
- Қылмыс заңы /кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыстарына жаза/.
- Әскери заң /қосын құру, аламан еліндегі, қара қазақ, ердің құны, тұлпар ат/.
- Елшілік жоралары /майталмандық, шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайлық, әдпепиілік/.
- Жұртшылық заңы /шүлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, бөксеуіл, тұтқауылдардың міндеті/31.
Сонымен қатар Қазақ ордасының мемлекеттік негіздерін, адамдардың арасындағы, рулар арасындағы қатынастарды белгіледі деген де пікір32 бар. Қасым хан өзінің сот шешімдеріне бұрынғы ата-баба ғұрыптарына сүйенудің қажеттілігін атап көрсетеді. Бұл ханның жолды жасаудағы ролін көрсетеді. Сол кезге дейінгі қазақ даласындағы қалыптасқан “жол “қасқа жолдың” халық арасына кең таралуының сыры оның хан тұсындағы билердің көкейінен шығуында еді. Өйткені, би ханның пәрменін халық арасында дұрыс түсіндірушісі, қамқоршысы болған. Сондықтанда бұл заң билердің, батырлардың тағы басқа игі жақсылардың бас қосқан жиынында мақұлданған. “И как гласит предание, он на одном из собраний знати, биев и влиятельных степных вельмож, объявил о необходимости придерживаться многих из этих норм и использовать в разбирательствах споров”33. Сөйтіп, ол билердің талқысынан өту арқылы өмірге жолдама алпы,
Билер бұл заманда негізінен ру басының қызметін атқарлы. Билердің беделі руларында зор болған. Сондықтанда қазақ хандығын нығайтуды ойлаған Қасым хан билердің ақыл-кеңестеріне сүйеніп, ел билеуге ұмтылған. Ал билердің беделінің неліктен артқандығына келетін болсақ, онда ол сол кездегі қалыптасқан шаруашылық жүргізуде еді. Сондықтан да халық ханнан гөрі, билерді көп сыйлаған.
Қасым хан тұсында билер жеке дара болмаса, тегеурінді әлеуметтік күшке айналмаған еді. билердің бұл кездегі тағы бір ерекшелігі олар әліде болса, ру басы, сол рудың дау-жанжалын шешуші тұлға болғандығы.
Есімхан Тәукелден туып қалған,
“Есімнің ескі жолы” деген заң шағырған34 - деп ақын жырлаған “Еңсегей бойлы Ер Есім” де қазақ мемлекеттігін нығайтуда зор еңбек сіңірген қайраткер.
Бұл жөнінде “Есім салған ескі жол” /“Есім ханның ескі жолы”/ - Есім ханның /1598-1645 ж. ж. / ел билеуі тұсында қалыптасқан әдет-ғұрып жол-жобалар жиынтығы. Есімхан бір өзі әкім болу, елді жусатып бағындыру, басқа елдерге шабуыл саясатын ұстанады. Сондықтан ол қанға қан, мертіктіргенді мертіктіру, кек алу, құн төлеу, барымта, құлды сату, дүре соғу, көп әйел алу, қалың мал төлеу, әмеңгерлікті сақтау, зекет жинау, айып салу, діни өшпенділіктер сияқты патриархалдық-ұлттық ескі салтқа арқа тіреп, соны уағыздады35. Бұл жерде ескілік сарынын баса айту, кеңестік идеологияның жалпыға міндетті сарыны. Әйтпесе, бұл атаудағы “ескі жол” ұғымының кертартпалық, ескішілдік дегеннен туып тұрмағанын, керісінше, сонау бағзы замандардан ата-баба ғұрыпы ретінде мирас болып келе жатқан заң дегенді білдіретінін түсіну үшін ғалым болу міндет те емес сияқты”36.
“Ел ауында сақталған деректерге қарағанда, Қасым хан тұсында “қасқа жолға” қосылған жаңалық: “Хан болсын, ханға лайық заң болсын: батыр болсын, жорық жолы мақұл болсын: абыз болсын, абыз сыйлау парыз болсын, би болсын, би түсетін үй болсын” деген ережелер екен. Бұл қазақ хандығы құрылысының саяси-әкімшілік, әскери және сот істері жөніндегі негізгі заң сипатындағы төрт тұғыр екені байқалады”37. Сонымен қатар “қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шардың шешімдері осы кезде сараланады”38.
Оның ескі жол аталуы туралы пікірлердің барлығы, оның бұрын қалыптасқан “жол-жоралғыларды” өзгертпей дамытты деген пікірге39 саяды.
Енді Есім хан тұсында билердің ролі қандай болды? Соған тоқталайық. Би әруақытта елдің қамқоршысы, дала демократиясының жаршысы, сондықтан да билердің ролін арттыруға Есім хан да көңіл бөлген. Бізге жеткен ел аңызындағы деректерде Есім хан билер туралы арнайы бабты заңдастырған көрінеді: Ол мынадай: “би болсын, би түсетін үй болсын”40. Бұл заңда адамның табиғат берген ерекше қасиеттері де ескерусіз қалмаған. Онда үстеме құн ретінде: “өнер, құны, сүйек құны” белгіленген. Егер өлген адам батыр не ақын-жырау немесе би болса, сол өнері үшін үстеме құн алынған”. Ол тұста сонымен қатар билер кеңес құрып тұрған. Бұл әрине билердің сол кездң өзінде беделді күшке айналғанын куәләндіреді.
Бұл уақыт аралығы туралы жазылған нақты фактілі еңбектердің аздығы, әлі де болса қолға түспеуі бізді халықтың зердесінде сақталған аңыз әңгімелердің желісімен сол кезеңнің бейнесін сомдауға итермелейді. Сондай аңыздың желісі бізді Есімхан тұсында да билердің ролі қомақты болған деген ойға жетелейді. И. Байзақов шығармаларында мынадай аңыз әңгіме ұшырасады: “Қазақтың Есім ханы болған кездле, жау жорық жапан түзге толған кезде. Болыпты Монтай атты бір әділ би, руы ойбас қыпшақ орта жүзде”41.
Есімнің жоғын жоқтайтын, оның беделін дәріптен асыратын, елін билеуде тіреніші болған, билері де бар. Сондай биінің бірі кіші жүздегі ел басқарушысы Жиембет жырау еді42.
Хан қорланғанда оның ашуын басуға, сабасына түсіруге жарарлық күш билер болған. Олар өзінің тоқтау сөзін ханға көркем тілімен әшекейлеп, жүрекке жетерліктей етіп айта білген. Жиембет бидің інісі шатақ іс жасағанда Есім ханға келіп былай деген екен:
“Жол тосып алып кетіпті,
Қалмақтан алмақ сыйынды,
Қаһарынды басқалы
Қалың елім жиылды
Бастап келген өзге емес,
Жиембет - сынды биің-ді43.
Билер халық сүйеніші, кеңесшісі болған. Хан саясатын ру ішінде жүргізуші. Егер ханнан би сырт айналса, халық та теріс қараған. Билер сол кездің өзінде ханға, хансың деп қарамай ойындағысын айта білген.
Жиембет жырау:
“Еңсегей бойлы ер Есім,
Есім, сені есірткен
Есіл де менің кеңесім
Ес білген де, Есім хан,
Қолыңа болдым сүйесің,
Қолтығыңа болдым демесін
Ертеңгі күн болғанда,
Елің кеңес құрғанда,
Айналып ақыл табарға
Есіктегі ебесің,
Сонда ханым не десін,
Мен жоқ болсам, Есім хан,
Ит түрткіні көресің,
Жиембет қайда дегенде
Не деп жауап бересің?”44 - деген екен.
Есім хан өзінің әкесі Тәуекел хан дербес би ретінде белгілеген Досмұхамедті45 қатты құрметтеп сыйлаған. Оның билікшешімдерін үнемі мақұлдап отырған. Досмұхамедтің ісіне сүйіспеншілігінің белгісі ретінде халық оны “Дос би” деп атаған.
Есім хан халықтар арасындағы ынтымақты да нығайтуға күш салған. Және ол елдердің де билеріне құрмет көрсетіп отырған көрінеді. Ш. Уәлихановтың айтуынша осы ынтымақтың белгісі ретінде “Ташкентте қырғыздың көркем биіне арнап күмбез салдырған. Ол осы күнге дейін бар, “Көкемнің көк күмбезі” деп аталады46.
Көріп отырғанымыздай Есімхан тұсында билердің қоғамдағы атқарған ролі жоғары болған. Бұл кезде билер өзінің руының білектей піріне айналған. Бірақ та әліде болса билер жалпы ханға тегеурін боларлық айбынды күшке айналмаған еді. Сонымен қатар бұл кездің ерекшелігі билердің өздеріне тән шешендік, ділмарлық, тапқырлық деген қасиеттерінің кең құлаш жая бастауында еді.
“Көріп отырғанымыздай Есім мен Қасымның жинақтарында қомақты” орын әскери және елшілік нормаларға берілген. Бұл түсінікті де. Себебі, жас мемлекеттің ең басты мақсаты - күн астындағы өз орнын табу және соны нығайту елі47.
“Тәуке ханның “Жеті Жарғысы” қазақ халқы үшін тарихи маңызы зор конституциялық ескерткіш болып табылады. Өйткені XVІІ ғасырдың екінші жартысы мен XVІІІ ғасырдың басы Қазақстан үшін қилы да қиын дәуір болды. Ру-ру, ұлыс-жүз болып бөлініп, алауыздықпен өзара дау-жанжал, қақтығысқа белшесінен батқан қазақтарды Ресей патшалығының арамза саясаты, Шығыстан, арқадан тынымсыз шабуылдаған жоңғар қалмақтарының басқыншылығына ұшыратты үдеу ретінде еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz