Көші-қон мәселесі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 КӨШІ.ҚОН . ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ АЛДЫНДА ТҰРҒАН ЖАҺАНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ БІРІ РЕТІНДЕ
1.1 Көші.қон түсінігі және оның жіктемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.2 Орталық Азидағы көші.қонның жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.3 Заңсыз көші.қон түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2 ЗАҢСЫЗ КӨШІ.ҚОН . ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ ҚАУІПТЕРДІҢ БІРІ
2.1 Орталық Азия елдеріндегі заңсыз көші.қон мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.2 Қазақстан Республикасындағы заңсыз көші.қон ахуалы ... ... ... ... ... ... ... ...30
2.3 Заңсыз көші.қонмен күресудегі ЕО.тың тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .49

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңдағы әлемдік қоғамдастықтың саяси, экономикалық, рухани өмірлері мен әскери қауіпсіздік саласында болып жатқан халықаралық күрделі өзгерістер халықаралық қатынастарда жаңа мәселелердің туылуына алып келді. Бүгін әлемде ұлы географиялық ашылулар заманындағы геосаяси өзгерістерге бара-бар бүкіл дүниежүзілік маңызы бар саяси үрдістер жүріп жатыр. Стратегиялық тұрғыда аса маңызды Еуразия құрлығында жетпіс жылдан астам уақыт бойы өмір сүріп келген Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ыдырап, жаңа тәуелсіз жас мемлекеттердің пайда болуы, дүниенің екі шектілігі тәртібінің бұзылуы, ондаған жылдар бойы қалыптасқан халықаралық қатынастар жүйесіне түпкілікті бетбұрыстар мен әлемдік геосаясатқа үлкен өзгерістерді алып келді.
Қазіргі кездегі халықаралық күрделі өзгерістер Орталық Азия аймағын да айналып өтпеді. Орталық Азия – геосаяси, геостратегиялық және экономикалық тұрғыдан аса маңызды аймақ, халықаралық қауіпсіздіктің мәселелері мен қауіптердің басты қайнар көзі болып табылады. Халықаралық лаңкестік қаупі, діни экстремизм, есірткі трафигі, заңсыз миграция және т.б. мәселелер Орталық Азия аймағын қазіргі таңдағы әлемнің ең қауіпті нүктесіне айналдырды. Аталмыш аймақтағы жағдайдың одан әрі қиындауы бүкіл әлемдегі ахуалды тұрақсыздандыруы мүмкін. Біздің аймақтағы жаңа күштердің көрінісі заңсыз көші-қон секілді құбылыс болып отыр. Оның ауқымының өсе түскендігі, бұл құбылыстың есірткі трафигі, экстремизм, қару-жарақтың заңсыз айналымы секілді келеңсіз құбылыстармен астасуы елеулі алаңдаушылық туғызады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастық аясында Қазақстан Президенті ұсынған «бір жылда – бір тақырып» формуласы негізіндегі жұмыс қағидасына сәйкес, 2009 жыл энергетика мәселелеріне арналды. Оның пікірінше, алдағы жылдарды көші-қон, көлік проблемаларын, азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге арнауға болады /1/.
Көші-қон - қазіргі әлемнің құрамдас бөлігі болып табылады. Жаһандану үрдісі көлемі жағынан бұрын соңды болмаған адамдардың бір елден екінші елге қоныстануымен бірге жүріп жатыр. Адамзат тарихы – миграциялық үрдістерден тұрады десек, артық айтқандық емес. Жайлы жер, тұрақты қоныс іздеген ежелгі ойкумендердің көші бүгінде тасқамал мемлекеттік шекараларды бұзып-жарып өтетін алапат миграциялық толқындарға ұласты. Кезінде жер-жаһанды жаулаған Еуропа құрлығы Азия мен Африкадан жөңкілген мигранттардың, азулы АҚШ «бақыт іздеген» латынамеркалықтардың, алуан түрлі иммигранттардың стихиялы түрде «отанына» айналып барады. Афроамерикалық Барак Обаманың АҚШ президенттігіне сайлануының түпкі объективті себебі – жан-жақтан жөңкілген иммиграцияның тегеуріні, демографиялық салмағы, саяси белсенділігінің артуы екенін ешкім жоққа шығара алмас. Миграциялық тасқын, әсіресе, Қазақстан секілді бұғанасы қатпаған жас мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігі үшін аса қатерлі құбылыс.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 КӨШІ-ҚОН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ АЛДЫНДА ТҰРҒАН ЖАҺАНДЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ БІРІ РЕТІНДЕ
1.1 Көші-қон түсінігі және оның
жіктемесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.2 Орталық Азидағы көші-қонның
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.3 Заңсыз көші-қон түсінігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 17
2 ЗАҢСЫЗ КӨШІ-ҚОН - ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ ҚАУІПТЕРДІҢ БІРІ
2.1 Орталық Азия елдеріндегі заңсыз көші-қон
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.2 Қазақстан Республикасындағы заңсыз көші-қон
ахуалы ... ... ... ... ... ... ... . ..30
2.3 Заңсыз көші-қонмен күресудегі ЕО-тың
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...34
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 49
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңдағы әлемдік қоғамдастықтың саяси,
экономикалық, рухани өмірлері мен әскери қауіпсіздік саласында болып жатқан
халықаралық күрделі өзгерістер халықаралық қатынастарда жаңа мәселелердің
туылуына алып келді. Бүгін әлемде ұлы географиялық ашылулар заманындағы
геосаяси өзгерістерге бара-бар бүкіл дүниежүзілік маңызы бар саяси үрдістер
жүріп жатыр. Стратегиялық тұрғыда аса маңызды Еуразия құрлығында жетпіс
жылдан астам уақыт бойы өмір сүріп келген Кеңестік Социалистік
Республикалар Одағының ыдырап, жаңа тәуелсіз жас мемлекеттердің пайда
болуы, дүниенің екі шектілігі тәртібінің бұзылуы, ондаған жылдар бойы
қалыптасқан халықаралық қатынастар жүйесіне түпкілікті бетбұрыстар мен
әлемдік геосаясатқа үлкен өзгерістерді алып келді.
Қазіргі кездегі халықаралық күрделі өзгерістер Орталық Азия аймағын да
айналып өтпеді. Орталық Азия – геосаяси, геостратегиялық және экономикалық
тұрғыдан аса маңызды аймақ, халықаралық қауіпсіздіктің мәселелері мен
қауіптердің басты қайнар көзі болып табылады. Халықаралық лаңкестік қаупі,
діни экстремизм, есірткі трафигі, заңсыз миграция және т.б. мәселелер
Орталық Азия аймағын қазіргі таңдағы әлемнің ең қауіпті нүктесіне
айналдырды. Аталмыш аймақтағы жағдайдың одан әрі қиындауы бүкіл әлемдегі
ахуалды тұрақсыздандыруы мүмкін. Біздің аймақтағы жаңа күштердің көрінісі
заңсыз көші-қон секілді құбылыс болып отыр. Оның ауқымының өсе түскендігі,
бұл құбылыстың есірткі трафигі, экстремизм, қару-жарақтың заңсыз айналымы
секілді келеңсіз құбылыстармен астасуы елеулі алаңдаушылық туғызады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастық аясында Қазақстан Президенті ұсынған
бір жылда – бір тақырып формуласы негізіндегі жұмыс қағидасына сәйкес,
2009 жыл энергетика мәселелеріне арналды. Оның пікірінше, алдағы жылдарды
көші-қон, көлік проблемаларын, азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелерін
шешуге арнауға болады 1.
Көші-қон - қазіргі әлемнің құрамдас бөлігі болып табылады. Жаһандану
үрдісі көлемі жағынан бұрын соңды болмаған адамдардың бір елден екінші
елге қоныстануымен бірге жүріп жатыр. Адамзат тарихы – миграциялық
үрдістерден тұрады десек, артық айтқандық емес. Жайлы жер, тұрақты қоныс
іздеген ежелгі ойкумендердің көші бүгінде тасқамал мемлекеттік шекараларды
бұзып-жарып өтетін алапат миграциялық толқындарға ұласты. Кезінде жер-
жаһанды жаулаған Еуропа құрлығы Азия мен Африкадан жөңкілген мигранттардың,
азулы АҚШ бақыт іздеген латынамеркалықтардың, алуан түрлі иммигранттардың
стихиялы түрде отанына айналып барады. Афроамерикалық Барак Обаманың АҚШ
президенттігіне сайлануының түпкі объективті себебі – жан-жақтан жөңкілген
иммиграцияның тегеуріні, демографиялық салмағы, саяси белсенділігінің артуы
екенін ешкім жоққа шығара алмас. Миграциялық тасқын, әсіресе, Қазақстан
секілді бұғанасы қатпаған жас мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігі үшін аса
қатерлі құбылыс. Әлемдік қаржы дағдарысынан ыққан заңсыз мигранттары бар,
босқыны бар жаппай миграциялық тасқынның шекарасы айқара ашық жатқан қазақ
даласына лап қоюы ғажап емес. Өкінішке қарай, бірнеше жылда-ақ тұтас
мемлекеттердің болмыс-бітімін өзгеріске ұшырататын аса қауіпті құбылыстың
алдын алу үшін қам-қарекет жасамай отырмыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев АӨСШК
мүшелерінің СІМ III Кеңесінде сөйлеген сөзінде аймақтағы қауіпсіздік
мәселелеріне тоқталған. Бүгінгі таңда АӨСШК мүшелерінің алдында маңызды
міндеттер қойылған. Ұжымдық дипломатияның барлық мүкіншіліктерін қолданып,
өз күш-жігерімізді халықаралық лаңкестік, діни экстремизм, ұйымдасқан
қылмыстық топтар, есірткі трафигі және заңсыз көші-қон мәселесімен күресуге
бағыттауымыз керек. Ал бұл мақсатқа жету үшін әскери-саяси салада
ынтымақтастығымызды нығайтып одан әрі дамытуымыз керек 2. Халықаралық
экстремизм мен лаңкестік күшейіп жатқан уақытта көші-қон, әсіресе заңсыз
көші-қон ұлттық қауіпсіздіктің негізгі ахуалына айналып отыр. Сондықтан да
заңсыз көші-қон аймақтағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының
басынан бүгінгі кезеңге дейінгі аралықты қамтиды.
Бітіру жұмысының мақсаты Орталық Азия аймағындағы заңсыз көші-қон
мәселесінің қауіпсіздік аспектісін жүйелі және кешенді түрде зерттеу және
талдау болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа сәйкес зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер
қойылды:
• Көші-қон түсінігін және оның жіктемесін беру, оның ішінде заңсыз көші-
қон түсінігін анықтау;
• Орталық Азиядағы көші-қон үрдісінің жалпы ахуалын көрсету;
• Орталық Азия елдеріндегі заңсыз көші-қон мәселесін ашып көрсету және
оның тудырып отырған қауіптерін анықтау және талдау;
• Қазақстан Республикасындағы заңсыз көші-қон ахуалына сараптама жасау;
• Заңсыз көші-қонмен күресудегі ЕО-тың тәжірибесін көрсете отырып, оны
аймақтаға заңсыз миграциямен күресуде қолдану.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Зерттеу жұмысының деректік
негіздерін автор төмендегідей топтарға топтастырды.
Деректердің бірінші тобына ХХ ғасырдың II–ші жартысынан бастап қазіргі
уақытқа дейін халықаралық ұйымдар деңгейінде қабылданған құжаттар жатады.
Оларға БҰҰ-ның адам құқықтары мен миграцияға қатысты қабылдаған
Конвенциялар мен Декларациялар кіреді. Жалпыға бірдей Адам құқықтарының
Декларциясы 3, Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстарға қарсы бағытталған БҰҰ-
ның Конвенциясы 4 және тағы басқа негізгі құжаттар 5-7. Бұл топтағы
құжаттар мигранттардың жалпы құқықтарын белгілеуге және олардың заңи
тұрғыдан қорғалуға септігін тигізеді.
Халықаралық миграция ұйымы (ХМҰ - МОМ) осы мәселеге қатысты тікелей
қызмет атқаруына байланысты, оның жұмысын атап өтпеске болмас. Бұл ұйым
әлем бойынша мигранттардың құқықтарын қорғаумен және олардың бұзылуына жол
бермеуге тырысады. БҰҰ қабылдаған мигранттарды елге сумен, ауамен және
құрлық арқылы заңсыз енгізуге қарсы бағытталған Хаттама 8, еңбек етуші
мигранттардың және олардың отбасыларының құқықтарын қорғау жөніндегі
халықаралық конвенция 9 сияқты құжаттар келеңсіз жағдайлармен күресуде
өте маңызды. Бұл ұйым жоғарыда көрсетілген құжаттарды басшылыққа алып, өз
қызметін атқарады. ХМҰ Орталық Азидағы еңбек миграциясының жобасын жасады
10. Бұл жоба 2007 жылы қабылданып, ЕО-пен қаржыландырылады. Келесі жоба
Қазақстандағы адам саудасына қарсы бағытталған 11. ХМҰ ортақ проблеманы
осы жобалар арқылы бірлесе отырып шешкенді жөн көреді.
Еуропалық Одақтың миграциямен, соның ішінде заңсыз көші-қон
мәселесімен күресуде үлкен тәжірибесі бар. Бұл ахуалды шешуде ЕО біраз
жетістікке жетті. Автор осы мәселені қарастыруда басқа елдердің тәжірибесін
қарастырғанды жөн көріп, жұмысты жазу барысында олардың негізгі заңнамалық
құжаттарын қолданды 12-21.
Орталық Азия аймағындағы заңсыз көші-қон мәселесін қарастырғанда,
міндетті түрде мемлекеттердің және аймақтық ұйымдардың осы бағытта қандай
шаралар қолданып жатқанын көрсету керек. Атап айтқанда ТМД мүше-
мемлекеттерінің заңсыз миграцияға қарсы бағытталған ынтымақтастық
концепциясы 22-23. Орталық Азия, Ресей Федерациясы және Беларусь
Республикасының миграция саласындағы негізгі нормативті-құқықтық актілердің
және түсініктердің жиынтығы атты жинақ осы саладағы барлық заңдарды
жинақтаған 24. Осы жинақта мемлекеттік шекара, миграцияға қатысты
концепциясы, миграция туралы заңдары, азаматтық туралы заңдар,
босықындардың мәртебесі жайлы және тағы басқадай норматив-құқықтік актілер
көрініс тапқан 25-58.
Деректердің екінші тобын екі жақты немесе көпжақты кездесулерде
жасалған дипломатиялық құжаттар құрайды. Олардың қатарына мәлімдемелер,
меморандумдар 59, келісімдер 60 және тағы басқа маңызды құжатар жатады.
Атап айтатын болсақ, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының
арасында азаматтықты алуға қатысты келісім 61, Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаев пен Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Ш.
Рахмоновтың Мәлімдемесі 62. Осы қатарлы құжаттар ортақ мәселеге тиісті
шара қолдануға жақсы көмектеседі және әр тараптың құқықтарын келісім
негізінде бекітеді. Яғни, оңға-солға тартпай бір бағытта жұмыс істеуге
итермелейді.
Деректердің үшінші тобын көрнекті мемлекет және саяси қайраткерлердің
сөйлеген сөздері, сұхбаттары, еңбектері құрайды. Еуразиялық Экономикалық
Қоғамдастықтың Бас хатшысы Григорий Рапота Прагада өткен экономикалық
форумда сөз сөйлеген 63. Өзінің сөзінде заңсыз сипат алған миграцияның
экономикалық салдарларын айтып кеткен болатын. Миграция жайында құқық
қорғау органдарының айтқан сөздері кірген 64-65. Деректердің ішінде
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 66-68, Ресей
Федерациясының бұрынғы Президенті, қазіргі Үкімет басшысы В.В. Путиннің
69 және аймақтық ұйым басшылары мен миграция мәселесімен айналысатын
құзырлы органдардың лауазымды тұлғаларының сөйлеген сөздері және
сұхбаттары бар. Лауазымды тұлғалардың айтқан сөздерінен аймақтағы жалпы
ситуация жайлы, яғни туындаған проблемалар, олардың күн тәртібіне қойылуы,
қаралуы және оны шешуге байланысты мағлұматтарды алуға болады 70-74.
Деректердің төртінші тобын статистикалық мәліметтер құрайды.
Деректердің бұл тобында негізінен Орталық Азия, Ресей және Еуропалық Одаққа
қатысты жарияланған статистикалық мәліметтер орын алған. Миграция
мәселесіне келген кезде статистикалық мәліметтердің орны бөлек. Өйткені
даму серпінін бақылау үшін халықтың көшіп-қонуына қатысты сандарды
қолданамыз. Мәліметтерге қарай отырып біз халықтың құрылымын 75, оның
әлеуметтік жағдайын 76-77 және аймақтар бойынша орналасуын 78-82 біле
аламыз.
Деректердің бесінші тобын бұқаралық ақпарат құралдарының деректері
және қазіргі кездегі интернет ресурстары құрайды. Бұл мәліметтер
Қазақстанның Аргументы и Факты Казахстан, Казахстанская правда,
Экспресс К, Литер, Айқын, Панорама газеттерінде және Дипломатия
жаршысы, Ақиқат, Саясат, Казахстан-Спектр, Центральная Азия и
Кавказ, Казахстан: экономика и жизнь, Казахстан и современный мир,
Аналитическое обозрение, Континент журналдарында немесе электрондық
көздерінде бар 83-97.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеу жұмысын жазу барысында отандық,
орталық азиялық, ресейлік және шетелдік авторлардың еңбектері кең қолданыс
тапты.
Отандық авторларға келетін болсақ, заңсыз көші-қон мәселесі жайлы Е.
Садовскаяның еңбектерін атап өту керек 98-100. Бұл автор Орталық Азия
аймағындағы заңсыз көші-қонның негізгі себептерін, қаупін, даму серпінін
және тағы басқа да мәселелерін қарастырған. Е. Садовскаяның пікірінше,
миграция XX ғасырдың 90-шы жылдардан бастап Орталық Азия аймағында үлкен
қарқынмен жүре бастады. Осы уақытқа дейін миграция, оның жалпы
мәселелерімен көптеген авторлар айналысқан болатын. Бірақ заңсыз көші-қон
ахуалына айтарлықтай назар бөлінбеген. Жаһандану үрдісінің даму кезеңінде
миграция, оның ішінде заңсыз көші-қон мәселесіне үлкен назар аудара
бастады. Өз еңбектерінде Е. Садовская заңсыз көші-қонның толық жіктемесін,
негізгі себептерін, аймақтағы жалпы жағдайын көрсеткен.
Өз еңбектерінде с.ғ.д. К.Л. Сыроежкин 101 және М.А. Сарсембаев
102 заңсыз миграцияны үлкен қауіп деп атап өткен. Сонымен қатар заңсыз
көші-қон және аймақтағы қауіпсіздік мәселесіне қатысты ахуалдармен
елімізде ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері, Л. Доброта 103, В. Носатов
104 Ю. Жихорь 105 және тағы басқа да авторлар қалам тартқан 106-107.
Н.И. Мустафаев 108 миграция, заңсыз көші-қон, шекара және аймақтағы
қауіпсіздікке көңіл бөлген.
ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық Стратегиялық Зерттеулер Институты
(ҚСЗИ) директоры, т.ғ.д. Б.К. Султанов 109-110 өз зерттеулерінде
аймақтағы қауіпсіздік мәселелеріне көп көңіл бөледі. Ол халықаралық
лаңкестік, қару контрабандасы, есірткі трафигінің заңсыз көші-қонмен тығыз
байланыстылығын көрсетеді. Б.К. Султанов ойынша, есірткі трафигінің, қару
контрабандасының жолдары заңсыз қөші-қонның жолдарымен ұштасқан. Сондықтан
да бұл мәселелерді қарастырғанда, әрқайсысына толықтай назар аудару керек
деп есептейді.
Орталық Азиялық аймақта заңсыз көші-қон мәселесі қазіргі таңда маңызды
ахуалдардың бірі. Орталық Азиялық авторларға келетін болсақ, олардың
қатарында А. Таксанов, Саодат Олимова, Муатар Хайдаров, Людмила Максакова
және т. б. авторлар бар. А. Таксанов 113өз еңбегінде Өзбекстанда жүріп
жатқан миграциялық үрдістерді қарастырады. Өзбекстан донор елдердің бірі
болғандықтан, осы құбылыспен бірге жүретін көптеген ахуалдарға тоқталып
кетеді. Оның ойынша, егер бұл тенденция әрі қарай жүре берсе Өзбекстан
халқының құрылымы үлкен өзгеріске ұшырайды. Шетелге жұмысқа бекем жас
немесе орта жастағы азаматтар кетуде. Бұның өзі болашақта үлкен қатерге
алып келуі мүмкін. Саодат Олимова 114 Тәжікстандағы қазіргі кездегі
миграциялық үрдістерді қарастырған. Оны экономикалық жағынан қарастырып,
елдегі үрдістерді жіктеп, осы ахуалдарды шешуге бағытталған өзінің ойларын
көрсеткен. Ал келесі бір еңбегінде 115 еңбек миграциясының Орталық Азия
аймағындағы жалпы жағдайын көрсетіп, экономикалық тұрғыдан болатын қауіптер
мен пайдалы жақтары сараптамадан өткізді. Бірақ автор заңсыз сипат алған
миграцияға айтарлықтай көңіл бөлмей отыр. Өз зерттеуінде Муатар Хайдаров
116 Орталық Азиядағы миграция мәселесінің негізгі мәселелерін Тәжікстан
мысалында қарастырған.
Өзінің зерттеуінде Людмила Максакова өзбектердің елден кету қарқынының
өскенін айтады 117. Елді тастап жақсы өмір табу мақсатында бөтен жерге
кетіп жатқан адамдардың жастық құрамын зерттеумен айналысқан. Бұл
тенденцияның негізгі себептері мен салдарларын анық көрсетуге тырысқан.
Сонымен қатар бұл жағдайды экономикалық тұрғыдан қарастырып, оның пайдалы
жақтарын көрсеткен. Келесі еңбегінде Өзбекстандағы демографиялық жағдайды
талдаумен айналысқан 118. Оған жалпы сипаттама беріп, негізгі
демографиялық ахуалдарды бөліп көрсетуге тырысқан. Ұлттың болашағын,
қауіпсіздігін және экономикалық тәуелсіздігін ойлаған автор осы еңбегінде
жағымсыз факторларға көп көңіл бөлген. Сондай-ақ, тиісті іс-шаралар
қолданудың жолдарын көрсетуге талаптанған. Басқа да авторлар осы салада көп
еңбектенген 119-120.
Миграция және осы құбылыспен байланысты мәселелермен Ресей ертерек
кездескендіктен ресейлік авторлардың еңбектері көп қолданыс тапқан.
Ресейлік авторлар мәселені жан-жақтан қарастыруға тырысуда. Авторлардың
ішінен негізінен халық миграциясы мәселесімен айналысқандарды атап өту
керек. В.И. Переведенцев 121 халық миграциясын зерттеудегі негізігі
әдістерді бөліп қарастыруға тырысқан. Миграцияны жан-жақты көрсету үшін
әдістердің көбісін пайдаланған және олардың ерекшеліктерін атап өткен. Б.С.
Хорев 122 болса халық миграциясын зерттеудегі ахуалдарды зерттеумен
айналысқан. Оның ойынша мәселені жіктеу барысында негізгі аспектілерді
қарастырмаған жағдайда шешім ақиқатқа жанаспай қалуы мүмкін. Егер зерттеуші
мәселенің проблемаларын естелікке алып еңбектенсе, нәтижелі жұмыс жасауға
толық мүмкіндік алады. В.Н. Чапек 123 еңбек ресурстары жайында ой
қозғайды. В.М. Моисеенко 124 миграцияны территориялық тұрғыдан
қарастыруға тырысып, миграцияның болу территориясына байланысты
ерекшеліктерін айтады. Е.А. Назарова 125 миграциялық үрдістерге жаңа
көзқараспен қарап, қазіргі таңдағы негізігі тенденцияларды жіктеуге
тырысқан. Автордың пікірінше уақыт өткен сайын, әлемдегі жағдай да біраз
өзгеріске кенеледі. Сонымен қатар әлемде жүріп жатқан үрдістерді жаңа
тұрғыдан қарастыру мұқтаждығы пайда болады. Миграцияның негізгі
бағыттарының және себептерінің өзгеруіне байланысты мәселеге қатысты жалпы
ойдың да өзгеруі көрініс табады. Өздерінің зерттеулерінде В.А. Ионцев
126, С.В. Голунов 127 Т.А. Терещенко 128, Л.Л. Рыбаковский 129-130
және тағы басқа да азаматтар миграцияны зерртеумен шұғылданған.
Заңсыз көші-қон мәселесіне база назар аударған Т.А. Терещенко өз
зерттеуінде Қазақстанның шекаралық аймақтардағы жағдайды көрсетуге
тырысады. Соның ішінде иммиграциялық үрдісті қарастырады Т. Арифулина
139 Қазақстанның оңтүстік аймағындағы ахуалды зерттеумен айналысқан.
Мәселені қауіпсіздік тұрғысынан көрсетіп, оның жағымсыз жақтарына баса
назар аударады. Ю. Якушева 140, Б.А. Хейфец 141, С. Александров
144 және тағы басқа да авторлар заңсыз көші-қон мәселесінің басым
жақтарын көрсетуге тырысқан 145-150.
Жұмыс автор сонымен қатар шетелдік дерек көздерін қолданған 151-
157. Шетелдік авторлардан К. Шельтер 155, А. Виторино 156, А.У. Хомра
157 және тағы басқаларды атауға болады. Шетелдік авторлардан негізінен
заңсыз көші-қонмен күресудегі европалық нұсқаның деректерін қолданды.
Шетелдік авторлардың зерттеулерінде көбінесе Еуропалық Одақтағы заңсыз көші-
қон мәселесін, оның қазіргі қоғамдағы орнын және шешу жолдарын көрсетуге
тырысқан.
Бітіру жұмысының теориялық әдістемелік негіздері. Аталмыш бітіру
жұмысының теориялық әдістемелік негіздерін жалпы ғылыми әдістер құрайды.
Зерттеу жұмысында тарихи оқиғаларға және миграцияның оң мен теріс жақтары
бойынша құжаттарға жинақтау, талдау, жүйелеу әдістері қолданылды. Сонымен
қатар кеңінен қолданылатын тарихи-салыстырмалы және жүйелеу әдістері де
зерттеу жұмысының тақырыбын ашуда кеңінен пайдаланылды. Тарихи және
салыстырмалы әдіс заңсыз миграцияның даму серпінін ашып көрсетуге
көмектеседі.
Зерттеу жұмысының тақырыбын ашуда негізгі әдістеме ретінде қоғамдық
ғылым саласында зерттеудің стандартты сараптамасы – контент-сараптама
қолдану өз септігін тигізді. Яғни, оның көмегімен БАҚ хабарламасы, саяси
тұлғалардың мәлімдемелері және де көші-қонның жағдайы секілді мәтіндердің
әр түрлі типтеріне сараптама жасалды. Контент-сараптама әдісі заңсыз
миграция мәселесін шешудегі негізгі бағыттар жайлы мәліметтерді анықтауға
септігін тигізеді.
Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарауда
көші-қон, оның түрлері, оның ішінде заңсыз көші-қон түсінігін
қарастырылады. Орталық Азиялық аймақты қарастырып отырғаннан кейін жалпы
миграциялық үрдіс жайлы қысқаша мәліметтер берілген. Ал екінші тарауда
Орталық Азиядағы заңсыз көші-қон мәселесі аймақтық қауіпсіздік тұрғысынан
қарастырылған. Аймақтағы миграциялық үрдістер Қазақстан Республикасымен
тығыз байланысты болғандықтан елдегі болып жатқан көші-қон үрдістеріне де
ерекше көңіл бөлінген. Сондай-ақ, заңсыз көші-қонмен күресудегі Еуропалық
Одақтың іс-тәжірибесі қарастырлады.
Бітіру жұмысының жалпы көлемі - 57 бет.

1. Көші-қон түсінігі және оның жіктемесі
Халықаралық аренадағы миграциялық үрдістердің жағымсыз салдарынан
кейін миграцияға деген қызығушылық арта түсті. Ал адамзат болса миграцияға
байланысты көптеген өткір ахуалдарды шешуде әлем елдерімен бірігіп шаралар
қолданудың мұқтаждығын түсінді. Сондықтан да миграцияны реттеудің тиімді
жолдарын іздестіру керек.
Зерттеушілердің айтуынша қазіргі уақытқа дейін бұл құбылыстың барлық
нақты белгілерін көрсететін жалпыға бірдей анықтама жоқ. Әрбір автордың
осы мәселеге қатысты өзінің анықтамасы болады. Мысалы, В.А. Ионцевтің
айтуынша, орыс басылымындарында халық миграциясы терминінің 36 түрлі
анықтамасы бар деп көрсетеді 126, С 19.
Көптеген сөздіктер мен оқулықтарда миграция сөзі латын тілінен
аударылғанда migratio, migro – көшу мағынасын береді 126, С. 7. Яғни, ол
тұрғылықты жерлерін ауыстыруына байланысты адамдардың көшіп қонуы.
Бұл түсініктің анықтамаларындағы айырмашылық негізінен мынаған
байланысты:
- адамдардың территориялық орын ауыстыруы кезінде қашықтық факторын
есепке алу немесе алмауында;
- қоныстану территориясына келу уақыты мен оның басқа да жақтарға орын
ауыстыру жүйелігі;
- ресми анықталған шептерді өту факторы.
Халықтың миграциясы – әкімшілік-территориалды құрылымдардың ішкі
немесе сыртқы шекараларын еңбек қызметі, оқу мақсатында, тұрғылықты орнын
ауыстыру немесе уақытша көшу үшін кесумен көрініс табатын кез келген
территориялық орын ауыстыру 126, С 20.
Қазіргі кездегі жақсы интеграцияланған және экономикалық дамыған
қоғамдағы кез келген өндірістік үрдіске, халыққа әсер етіп жатқан
миграциялық процесстердің өзіндей ықпалы болады. Оған мысал ретінде
миграцияның халық санын реттеудегі компенсациялық функциясын айтуға болады.
А.В.Похлебаева Понятие миграции и её классификация деген мақаласында
миграцияның концепциясын жетілдіруімен негізінен халықаралық ұйымдар
айналысады деп көрсеткен. 1989 жылы Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның
(МОМ) кеңесінің 59 сессиясында миграция және мигрант сөздеріне анықтама
берілген. Миграция мемлекеттердің даму процесінің бір бөлігі: ол негізінен
адамдар кетуге тырысатын және баруға тырысатын мемлекеттер, қоныс аудару
мақсаттарына байланыссыз. Мигрант бір мемлекеттен екінші мемлекетке қоныс
аударатын және халықаралық ұйымдармен көрсетілетін халықаралық миграциялық
қызметтерге мұқтаж адамдар 16, P. 12-14.
1996 жылы ТМД-ның Экономикалық соты мигрант терминінің мағынасын
талқылаған болатын. Оның келісімді-құқықтық регламентациясының жоқтығына
байланысты келесідей анықтама ұсынылған: мигрант - барлық тұлғалардың
категорияларының қоныс аудару себептеріне, уақыт ұзақтығына және
территорияға байланыссыз кеңістікте ауысуы 13, С. 25.
А.В. Похлебаеваның ұсынған нұсқасы бойынша халықаралық мигрант
дегеніміз бір мемлекеттің территориясынан екінші бір мемлекет
территориясына формасына, уақыт ұзақтығына және себебіне байланыссыз
ауысқан тұлға. Ал ол өз кезегінде осы тұлғамен шекараны өткеннен кейін оның
құқықтық мәртебесінің өзгеруіне алып келеді де, оны реттеу мемлекеттің
заңдары бойынша және миграция мәселелерімен айналысатын халықаралық ұйымдар
тарапынан жасалған халықаралық-құқықтық құжаттармен реттеледі 146.
Миграция және халықаралық миграция түсініктерін бірыңғайлау,
мигрант болып табылатын тұлғалардың нақты санын көрсетуге және олардың
құқықтық статусын анықтау арқылы мүдделерін қорғауға жол береді.
В.М. Моисеенконың айтуынша, еңбектің халықаралық ағынына басты әсер
ететін механизм еңбек рыногі болып табылады. Үкіметтің еңбек рыногін реттеу
арқылы келу және кету елдеріндегі миграциялық ағымдарды бақылауға болады
124.
Халықаралық миграциялық ағымдарды реттеуде еңбек рыногі бастапқы
болғанымен, одан да басқа реттеу механизмдері бар. Миграцияның негізінде
елдердің даму сатыларының әркелкілігі жатыр. Яғни, елдердің даму сатысына
әсер ету арқылы адамдардың қозғалысына әсер етуге болады.
Миграция ол кез-келген адамға тән табиғи құбылыс екегін естен шығармау
керек.
Миграция түрлерінің классификациясы бірнеше талаптарға негізделген.
Уақыт ұзақтығы бойынша:
• Қайта оралмайтын – тұратын жерін түбегейлі өзгерту арқылы;
• Уақытша – ұзақ немесе шектеулі уақытқа көшу;
• Маусымдық – жылдың белгілі бір маусымында ғана көшу.
Территориялық белгісі бойынша миграция:
• Ішкі – яғни, тек мемлекет аумағында ғана орын ауыстыру. Мысалға,
облыстар арасында, ауылдан қалаға және т.с.с.
• Сыртқы – мемлекеттен тыс жерге қоныс аудару. Ол өз кезегінде:
- иммиграция – (immigrans – латын тілінен аударғанда келуші
мағынасында) яғни, қабылдаушы мемлекетте басқа елдің немесе мемлекеттің
азаматтары мен тұрғындарының көшіп келу құбылысы.
- эмиграция – (emigro – латын тілінен аударғанда қоныс аударту
мағынасында) азаматтардың өз елінен басқа елге тұрақты немесе ұзақ уақытқа
қоныс аудару.
Тағы да маятникті миграцияны атауға болады. Ол дегеніміз өзінің
тұрғылықты жерінен жұмыс немесе оқу мақсатында үнемі қоныс аударып тұру.
Құқықтық мәртебесі бойынша миграция тіркелетін және тіркелмейтін болып
бөлінеді.
Ал себептері бойынша еркін және мәжбүр миграция болып
классификацияланады.
Бұл классификациялардың барлығы шартты түрде. Өйткені миграция
түрлерінің арасында қатып қалған шекаралар жоқ.Олардың барлығы бір-бірімен
араласып кетуі мүмкін.
Бұл құбылыстың интенсивтілігін (масштабын) өлшеу үшін халықтың
миграциялық белсенділігі термині қолданылады. Ол белгілі бір уақыт
аралығында территория аумағында болатын миграциялық айналымға тең.
Миграциялық айналым көрсеткіші келген және кеткен мигранттар санының
қосындысынан құралады.
Халықтың миграциясы – халықтың мемлекет аумағында немесе бір аймақтан
келесі бір аймаққа, мелекеттер арасында еркін көшуі, орын ауыстыруы.
Миграцияның негізгі себептеріне келетін болсақ олар бірнеше болуы
мүмкін:
• Елдегі экономикалық жағдайдың нашарлығы: инфляция, жаппай жұмыссыздық,
экономикалық дағдарыс және т.с.с.
• Азаматтық соғыстар
• Аймақтағы немесе елдегі экологиялық апат.
Азаматтар өздерінің экономикалық жағдайларын жақсарту мақсатында
жоғарғы ақылы жұмыс іздеп қоныстарын өзгертіп отырады. Еңбек күшінің
миграциясы немесе еңбек ресурстарының миграциясы дегеніміз ол негізінен
халықтың өздерінің жеке мүдделерін қорғап жақсы жұмыс табу мақсатымен шет
елге немесе мемлекеттің басқа аймағына орын ауыстыруы. Қазіргі таңда да
үшінші елдерден дамыған елдерге (Батыс Еуропа елдері, Канада, АҚШ,
Австралия және т.б.) жұмыс күшінің халықаралық миграциясы жүріп жатыр. Бұл
сыртқы миграция қатарына жатады. Еңбек миграциясы мемлекет аумағында да
жүруі мүмкін. Мысалға, Қазақстанның барлық аумақтарынан Алматы мен Астана
қалаларына шоғырлану үрдісі.
Халықаралық еңбек миграциясы соңғы уақыттарда мықты орнығып алды.
Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия, Латын Америка және кейбір Батыс елдерінен
шыққан эмигранттар дамыған елдерде жұмыс табуға бар күштерін салуда.
Адамдардың жақсы жұмыс табуға деген құштарлығы кейде заң бұзушылыққа да
алып келеді. Сондықтан да миграция кейде заңсыз сипат алады.
2. Орталық Азиядағы көші-қонның жағдайы
Көші-қон қазіргі әлемнің құрамдас бөлігі болып табылады. Жаһандану
үрдісі масштабы жағынан бұрын соңды болмаған адамдардың бір елден екінші
елге қоныстануымен бірге жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 150 миллион мигрант
өз елдерінің шекараларынан тыс жерлерде өмір сүріп жатыр. Қаржылық дағдарыс
пен рецессия бұл үрдісті баяулатуы мүмкін, бірақ тоқтата алмайды. Ал
демографиялық даму өз орнына бүкіләлемдік еркін еңбек нарығының құрылуы
қажеттігін меңзеп отыр. Бүкіләлемдік қаржы дағдарысының жағдайында бұл
мәселенің маңызы барған сайын артуда және жетекші миграционист мамандармен
талқылануда. Көші-қон саласындағы мамандар мен ғылыми зерттеушілердің
пікірінше, адамдардың жаһандық көшіп-қонуының ұлғаюының негізгі
факторларына мыналар жатады:
- Халықаралық сауда мен коммерцияның өсуі және еркін аймақтық
сауданың дамуы. Дағдарыс негізінде нарықта мемлекеттің қатысу деңгейі
жоғарыласа да, ұлттық мемлекеттердің нығаюы болса да, халықаралық сауда,
сәйкесінше тасымалдау мен көші-қон өседі.
- Транспорттық инфраструктураның дамуы.
- Бұрын жабық болған шекаралардың ашылуы.
- Адамдардың ақпараттану деңгейінің көтерілуі, жекеленген
анклавтардың бұзылуы.
- Бай және кедей елдердің арасындағы экономикалық поляризацияның
өсуі.
- Климаттың өзгеруіне байланысты экологиялық көші-қонның өсу
мүмкіндігі.
Орталық Азиядағы миграциялық ситуация ішкі миграцияның көбеюі мен
сыртқы миграция көлемінің азаюымен сипатталады. Репатриация, этникалық
миграция көлемі төмендеді және мәжбүрлі миграция минимумға дейін қысқарды.
Эмиграцияның деңгейі азайып, негізінен еңбек миграциясы басым бола бастады.
Бару мемлекеті болып қазір де Ресей Федерациясы болып табылады, ал
онымен бірге еңбек ресурстарының көп бөлігін Қазақстан қабылдап отыр.
Қытайға, Еуропалық Одақ елдеріне және Парсы шығанағына көші-қон қатты
өсуде.
Орталық Азия мемлекеттерінде көші-қонның негізгі трендтеріне қазіргі
таңда мыналар жатады.
Этникалық көші-қонның басым бөлігін нетто-эмиграция құрайды. Негізгі
толқындар Өзбекстаннан келіп отыр. Бару мемлекеттері болып Ресей (сыртқы
көші-қон Өзбектстаннан 70%-ға жуық) және Қазақстан (90 жылдардың ортасына
дейін Өзбекстаннан эмиграция 12-13%болған, ал соңғы жылдары 25-30%) болып
табылады 118.
Еңбек эмиграциясы қазір Орталық Азияда доминантты тренд болып
табылады. Оған Тәжікстаннан 700 мың адам, Өзбекстаннан 800 мыңнан 1,5
миллионға дейін адам, Қырғызстаннан 200 мыңнан 500 мыңға дейін адам
қатысады 142, 161.
Еңбек миграциясының жалпы толқынына трансшекаралық еңбек миграциясы
кіреді. Оның негізгі трендтеріне Қазақстанға бағытталған Өзбекстаннан және
Қырғызстаннан келетін шекаралық еңбек миграциясы. Қазақстаннан Ресейге,
Тәжікстан мен Өзбекстаннан Қырғызстанға бағытталған шекаралық еңбек
миграциясы жатады.
Транзиттік миграция негізінен Қазақстан арқылы өтеді, ал Қырғызстан
арқылы азырақ. Онда көбінесе Орта Шығыстан, Оңтүстік Азия және Оңтүстік
Шығыс Азиядан келетін толқындар бар.
Орталық Азия аймағындағы миграциялық ситуацияны сараптай отыра,
Орталық Азия мемлекеттері өз егемендігін алғаннан кейін үш топқа
бөлінгенін айтуға болады.
Қазақстан – ұлан ғайыр территориясымен, аса көп емес халқының санымен,
табиғи ресурстарының бай қорымен, өндіруші күштерінің жоғары деңгейімен
және экономикалық даму темптерінің жоғарылығымен ерекшеленетін ел. Қазіргі
таңда Қазақстан аймақтағы еңбек күшінің ең ірі импортеріне айналуда.
Елімізде қазір 500 мыңға жуық Орталық Азаиядан шыққан еңбек мигранттары
жұмыс істеуде. Оның ішінде 15%-ы Өзбекстаннан, 13 бөлігі Қырғызстаннан,
1% Тәжікстаннан 114 Место трудовой миграции в экономике стран
Центральной Азии. 2004 жылдан бастап еңбек нарығында Қазақстан Ресейге
бәсекелестік тудыра бастады. Қазақстанда еңбек мигранттарын тартатын үш
аймақ бар: Алматы, Астана және Батыс Қазақстан аймағы (Батыс-Қазақстан
облысы, Атырау және Маңғыстау облыстары).
Қазақстанда еңбек миграциясының барлық формалары мен түрлері таралған:
ішкі (ішкі және облысаралық), сыртқы (эмиграция мен иммиграция), заңсыз,
реттелмейтін, транзиттік, қайтарымды немесе уақытша (маусымдық, маятникті),
шекара маңындағы миграциялар.
Миграциялық статусы бойынша Қазақстан мигранттардың шығу, қабылдау
және транзиттік елі болып табылады. Қазақстаннан шығатын негізгі
миграциялық трендтер – бұл негізінен Ресейге тұрғылық мекендеуге кету және
еңбек эмиграциясының кішігірім толқыны. Жоғары дәрежелі жұмысшылар мен
мамандар (этникалық құрылымы бойынша – орыстар, татарлар) Сібір
кәсіпорындарына жұмысқа барады. Елден шетелге шығу фактілері де соңғы
уақытта көбейді 142. Барлық посткеңестік елдердегі сияқты Қазақстандағы
реттелмейтін еңбек эмиграциясы рұқсат етілген жұмыс күшінің көлемінен өте
үлкен.
Жұмысшылардың еңбек иммиграциясы негізінен Өзбекстаннан,
Қырғызстаннан, аса үлкен емес толқын Қытай, Тәжікстан, Түркия және басқа да
шет елден келеді. Еліміздің бір ерекшелігі – шекара линиясының ұзақтығы
және кейбір жерлерде оның мөлдірлігі. Шекараның барлық периметірінде
интенсивті түрде шекара маңындағы (фронтьерлық) миграция жүріп жатыр
Солтүстік облыстар үшін (солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс аймақтарын
қоса алғанда) Ресеймен айырбас, ал оңтүстік облыстар үшін Өзбекстан және
Қырғызстанмен айырбас тән. Қазақстан территорясында Ресейге баратын
Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа елдердің мигранттарының
транзиттік маршруттары өте көп.
Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан жұмыс күшінің экспортерлері
болып табылады. Бұл елдер халқының тығыздығы өте үлкен, жан басына
шаққандағы ІЖӨ өте төмен, кең көлемді жұмыссыздық пен жоғары деңгейдегі
еңбек эмиграциясымен сипатталады. Қырғызстан негізінен Ресей Федерациясы
мен Қазақстанға 300-320 мың мигрантты экспорттайды. 2007 жылы Қырғыз
Республикасының отбасыларының 14%-ы бір немесе екі адамын шетелге жұмысқа
жіберетін 115. Еңбек миграциясының негізгі қатысушылары Бішкек, Чу
және Ош облыстарының адамдары.Джалалабад және Иссыккуль облыстарының
азаматтары еңбек миграциясының азғантай бөлігін құрайды. Шетелдегі негізгі
қызмет түрі – коммерциялық бизнес, құрылыс,қызмет саласы және
ауылшаруашылығы жұмыстары. Ер кісілер көбінесе уақытша жұмыстарда қызмет
етеді (құрылыс саласы, қызметтік, ауылшаруашылығы) , ал әйелдер сауда және
қызмет көрсету саласында жұмыс атқарады 142, С. 123.
Қырғызтанның сыртқы еңбектік миграциясының үлкен бөлігі Ресейге, ал
кіші бөлігі –Қазақстанға бағытталған. Қазіргі кезде аса үлкен емес еңбекші
эмиграция ағыны Еуропалық Одақтық мемлекеттерге, АҚШ пен Канадаға,
Жапонияға,Оңтүстік Кореяға, Түркияға Аустралияға,Қытай, Ауғанстанға қарай
өсіп келеді.
Қырғызтан реципиент – мемлекет болып есептелінеді, өйткені ол
Өзбекстаннан және Тәжікстаннан еңбекші мигранттарды, және де Қытай,
Түркиядан шетелдік жұмысшыларды қабылдайды. Қырғызстан тағы да Тажікстан
мигранттары үшін транзиттік мемлекет болып табылады.
Қырғызстандағы миграциялық процестердің ерекшеліктері Оштың облыстық
орталығындағы, Чу облысындағы, Республика астанасында, көбінесе Бішкекте,
оңтүстік аймақтардан солтүстікке, ауылдық аумақтардан және кіші қалалардан
үлкен қалаларға негізінен бағытталған жұмысшы күштің ішкі миграциясының
жоғарғы деңгейі болып есептелінеді.
Тәжікстан соңғы жылдары жұмыс күшінің әдеттегі экспортері болды.
Еңбекші миграция 700 мың – ға жуық азаматтарды құрайды. 2007 жылы
ауылшаруашылықпен айналысатын отбасылардың 37% шетелге жұмысқа бір немесе
бірнеше мигранттарды жіберген 114. Еңбекші миграция қазіргі кезде
Тәжікстанның экономикасының негізгі құрылымдық ерекшеліктерін құрайды.
Осымен қатар мемлекетте Қытайдан, Түркиядан, Иран, Үндістаннан келген шетел
мамандары білікті жұмысшылары қызмет етеді. Тәжікстанның маусымдық
еңбекші миграцияның доминанттты кезі болса да, кейбір топтар шетелде ұзақ
мерзімге де қалады. Соңғы зерттеулердің көрсетуі бойынша тәжік
мигранттарының көп бөлігі ұзақ уақыт бойы елдеріне қайтпай жүр. 1999 жылдан
бері еліне қайтпайтын мигранттардың санының өсуі жыл сайын 8% пайызға
жақындауда.
Өзбекстан сыртқы миграцияның теріс сальдосына ие. Елден кетудің
шарықтау шегі 1989-1990 жылдарға келген. 1990 жылдың ортасына таман бұл
көрсеткіш төмендеген болатын, алайда кейіннен қайтадан шарықтап кетті.
Өзбекістан әр түрлі көрсеткішттер бойынша Қазақстанға, оңтүстік Кореяға
мигранттардың біраз бөлігін жібереді. Ал АҚШ, Канада, Еуропалық Одақ,
Оңтүстік Корея, Түркияға экономикалық белсенді халықтың 7-8% кетіп отыр.
Өзбекістан Өзінің көршілерінен келетін жоғары дәрежелі мамандардың біраз
бөлігін және Ауғанстаннан келетін маусымдық мигранттарды қабылдайды. Ер
кісілер құрылыс, сауда және аграрлық сектормен айналысады. Ал әйелдердің
негізгі қызметтері қоғамдық тамақтану пунктерінде, сауда, қызмет көрсету
сфераларында және ауыл шаруашылығында қамтылған.
Мигранттардың шығу аймақтары болып негізінен Самарқанд қаласы және
Самарқанд облысы, Қарақалпақстан, Қашқа-Дария, Сурхан-Дария, Андижан,
Ферғана облыстары, өнеркәсп тоқтап қалған өндірістік орталықтар Термез,
Андижан, Ангрен және таулы аймақтар болып табылады. Еңбек миграциясының ең
төмен көрсеткіші Ташкент қаласында.
Түркменстан миграциялық үрдістерге аз қатысуда. Түркменстандағы
негізгі миграциялық трендтер – еңбек миграциясы, Түркменстаннан нетто-
миграция және челноктік миграция. 1997 жылдан бастап иммиграциялық және
эмиграциялық толқындардың азаю тенденциясы байқалуда. 2001 жылы 1996 жылғы
эмиграцияның деңгейінің 13 бөлігін құрады (сәйкесінше 9,8 мың және 30,3
мың адам). Негізгі толқындар ТМД-ға бағытталған, біріншіден ол Ресей,
сонымен қатар Қазақстан, Украина, Өзбекстан. Эмигранттар тағы да басқа
алыс шет елдерге шыққан: Германия, Израиль, АҚШ. Эмигранттардың негізгі
жастық құрылымы жұмысқа икем адамдардан тұрады. Ақылдылардың кетуі
немесе интелектуалдық миграция әрі қарай жалғасуда. 2003 жылы славян
халықтарының эмиграциясы ұлғайды. 2003 жылы С.Ниязовтың жарлығымен Ресей
Федерациясымен болған қос азаматтық алынып тасталынғаннан кейін
эмиграциялық толқындар күрт өсіп кетті 142, С. 17.
Орталық Азиядағы мигранттарды негізгі қабылдаушы мемлекет Ресей болып
табылады. Жалпы алғанда қарастырылған Орталық Азидағы миграциялық
трендтердің өзіндей ерекшеліктері бар:
- Еңбек миграциясы Орталық Азия мемлекеттерінің әсіресе Тәжікстанның
экономикасының құрамдас бөлігі ретінде ерекшеленеді.
- Орталық Азияның халықтары өздерінің мобильділігімен ерекшленбесе
де, ер кісілердің арасында шет елге маусымдық жұмысқа бару тенденциясы
басым.
- Орталық Азиядағы эмиграция негізінен экономикалық сипатта.
Мигранттардың 98%-ы өздерінің экономикалық жағдайларын түзету үшін
шетелге шығады. Мигранттардың аз ғана бөлігі оқу, отбасысымен қосылу және
емделу мақсатында шетелге шығады.
- Орталық Азия және Азербайжанның миграциялық структурасы Ресейдің
еңбек нарығының сұранысына байланысты және құрылымы Ресей Федерациясының
сауда, қызмет ету саласында, ауыл шаруашылықта, өнеркәсіпте, мұнай және газ
өндірісінде, квалификацияланбаған жұмысшылардың сұранысын көрсетеді.
- Орталық Азиядағы кең таралған реттелмейтін миграцияның статусы
басым бөлігі реттелмейтін заңсыз жұмыс көзімен тығыз байланысты.
- Миграцияның өзінің критикалық шегіне жеткеннен кейін өзінің
логикасын және өзіндік даму импульсіне ие бола бастады.
Орталық Азия мемлекеттеріндегі миграциялық заңнама және
институттарының дамуы төмен тиімділігімен ерекшеленеді. Оның себебі даму
деңгейінің төмендігі, бірақ негізгі себебі заң орындаушы механизмдердің
әлсіздігі. Орталық Азияда интеграциялық үрдістердің баяу жүруі және
елдердің интеграциялық инициативасының жоқытығынан ортақ еңбек нарығы және
ұқсас құқықтық орта жоқтың қасы. Миграциялық заңнама аясында әр елде
өзіндік түсініктемелер бар. Осы әртүрлілік заңсыз миграциямен күресудегі
негізгі қиыншылық болып табылады.
Барлық елдер миграциялық сұрақтарды нөлдік соммасы бар ойын ретінде
қабылдайды (Ресейдегі грузин мигранттарына қарым-қатынас, әскери-саяси
ынтымақтастыққа байланысты ҚР шыққан мигранттардың ерекше статусы),
сондықтанда өз елдерінің бюджеттеріне басымдылықтар үшін басқа елдерді
мүмкіндіктерін шектеуге тырысады. Миграцияны реттеу негізінен елдің ұлттық
қауіпсіздігі аясында қарастырады.
3. Заңсыз көші-қон түсінігі
Демографтардың айтуынша, миграция адамдардың шекаралар арқылы өтіп,
мекендерін, тұрғылықты жерін толығымен немесе біраз уақытқа ауыстырумен
байланысты көшу процесін белгілейді. Бұл түсінікке сәйкес М.В. Королева
және т.б. ғалымдар оның негізгі формаларын бөліп көрсетеді:
- стационарлы (қайтпайтын), жұмыс тауып, тіркелім қағазын алып
өздерінің тұрғылықты жерін түбегейлі өзгерту;
- маусымдық, яғни нақты ауылшаруашылық немес т.б. қызметтерді атқару
үшін қысқа уақыттарға көшу;
- маятникті, ол адамдар күнделікті жұмыс орнынан немесе оқу орнынан
үйге және керісінше орын ауыстырулары;
- эпизодтық, келу мақсаттарына байланысты уақытша тұрғылықты орнын
ауыстыру (іссапарлар, туристік сапарлар, туған-туыстарға бару және т.б.)
146, С. 29.
Ішкі және сыртқы миграция болады. Сыртқы миграцияға эмиграция мен
иммиграция жатады, ал ішкі миграцияға ел ішіндегі, облыс, аудан ішіндегі
орын ауыстырулар жатады. Біз негізгі көңілді сыртқы миграцияға бөлеміз.
Әлемдік заңсыз иммиграциямен күрес бағдарламасында заңсыз иммиграцияға
елге шетел азаматтарын пайда табу мақсатында заңсыз алып келу деген
анықтама берілген. Бірақ бұл анықтама заңсыз иммиграцияны толыққанды ашып
көрсете алмайды. Мысалға, бұл анықтама шекараны саяси, әлеуметтік және
барлау органдарының тапсыруымен өту құбылыстарын қамтымайды. О.А
Евланованың айтуынша, берілген анықтама өзіне адамдарды заңсыз алып келуді
қамтиды, осы қазіргі кездегі заңсыз миграцияның негізгі элементі болып
табылады және көп мемлекеттерде дұрыс бақыланбайды 125. Миграцияға толық
дұрыс анықтама Ресей Федерациясында миграциялық бағдарламасымен берілген.
Яғни, бұл актіге байланысты, заңсыз миграция дегеніміз - бұл Ресей
Федерациясында шетел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ азаматтардың,
заңды бұзу арқылы заңсыз кіру, болу және шығу болып табылады. Мемлекеттен
шығуды бақылайтын, онда болуды, шетел азаматтарының транзиттік өтуі және
кетуін кезінде олармен өздерінің Ресей Федерациясының құқықтық жағдайын өз
беттерімен өзгертпеуін бақылайды. Яғни, осы да анықтама толық болып
табылмайды. Автордың айтуы бойынша, осы анықтама мемлекеттен Ресей
азаматттарының шығуын да қамту керек, себебі бұл бағдарлама бойынша олар
заңсыз миграцияның субьектілері болып табылады 24, С. 262.
Бағдарлама бұл заңсыз миграцияның субьектілеріне қадағаланбайтын
эмигранттарды (РФ азаматтары, мемлекет территориясынан шығатын – бұрыңғы
КСРО-дан басқа шетел мемлекттеріне), заңсыз эмигранттарды (РФ азаматтары,
РФ шекарасын заңсыз өтетін ресей азаматтары) және заңсыз иммигранттар
(шетел азаматтары және азаматтағы жоқ азаматтар, шетелге заңи күші жоқ
құжаттары бар және құжаты жоқтар); Шетел азаматтары және азаматтығы
жоқтар, жария етілген мақсаттары олардың шынайы себептеріне сәйкес
келмейтін; шетел азаматтары және азаматтығы жоқ азаматтар, Ресейде заңсыз
болатын, және бұрыңғы Ресей мемлкеттерінде.
Қазіргі уақытта едәуір тұрақты топтар, заңсыз иммигранттар деп атай
алатындар, Ресей территориясына заңсыз өтетіндер көбінесе ҚХР- ның
азаматтары, осында тұрақты мекен жайға тұру үшін, немесе Ресейге заңды
шығатын, бірақ сонда өзінің берілген мерзімінен көп болып қалатын немесе
заңсыз саудамен айналысатындар болады. . Мұндай фактілер үнемі БАҚ-да
жарияланып, Ресей Федерациясының Қиыр Шығыс субьектілеріне миграциялық
бөлімдерінің басқарушыларына сілтемемен көрсетіледі.
Біздің ойымызша бұл анықтама мына жағдайда толық болып есептелінеді.
Заңсыз (сыртқы) миграция - яғни белгілі бір мемлекетке шығу , бұл шетел
азаматтарының немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың заңды бұза бұл
мемлекетке келуі немесе шығуы, басқа мемлекетке шығу тәртібін бақылайтын,
сонда болатын, шетел азаматтарының транзиттік кету және келуін, өздерінің
құқықтық жағдайларын мемлекет территориясында болғанда еркін өзгертулері
және мемлекет территориясынан шыққан кезде оның заңнамаларын бұзуы.
С.Е Метелеваның ойы дұрыс аргументтелген, яғни ол криминалды
миграцияны бөлек жеке қарастырған. Осы аталған зертеушінің айтуы бойынша,
криминалды миграция – бұл әлеуметтік, біршама бұқаралық, қоғамдық қауіпті
құбылыс, қылмыс жасау мақсатында территорияда орын ауыстыратын және
криминалды технолгиялардың орын ауыстыруы. Криминалды миграцияның мінезін
субьективті фактор анықтайды: қылмыс жасауға талпынысы, қылмыс реті немесе
қылмыстық қызметті профессионал негізде орындау. Мұндай орын ауыстырудың
себептері әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, пайдакүнемдік, кек, саяси ой,
криминалдық әрекет өрісін кеңейту мақсатында, қылмыс жасағанда өзін
жазасыздығын қамтамасыз ету үшін , қылмыстық ұйымдық байланыстарын жөнге
келтіру үшін және т.б. Бірақ криминалды мигрант өзі де түсінеді, оның
тұрақты немесе уақытша мекен жайының орын ауыстыруы тікелей оның
қылмыстық іс- әрекетімен байланыстылығын, оның қылмыстық-құқықтық
нормаларды бұзуы немесе оның болашақта жасайтын қылмыстары туралы 141, С.
76.
Кейде қылмыскерлердің орын ауыстыруы, оның құзыретті органдар немесе
оның сыбайластары тауып алмау үшін жүргізіледі. Бұл жақтан қарағанда бұл
криминалды миграцияны біз субьективті жағына жатқыза алмаймыз. Метелеваның
айтуынша, криминалды миграцияға адамдардың орын ауыстыруын, шетел
азаматтарының батыс елдеріне жұмысқа орналасу мақсатымен жасалған орын
ауыстыруларды, яғни егер бұл орын ауыстырулар мигранттардың өз қалаулары
бойынша болса және өз еркімен жасалса оларды криминалды миграцияға
жатқызуға болмайды. Бірақ, заңсыз миграцияға қатысатын шетел азаматтарын
орын ауыстыруларын осы криминалды миграция анықтамасымен түсіндіруге
болады 141, С. 32.
Менің ойымша, бұл анықтамамен толық келісуге болмайды, мемлекет
шекарасын заңсыз өтуді қылмыстық емес деп атауға мүмкін емес.
Сол себепті – заңсыз миграция, әрқашан заңсыз іс - әрекет. Адам өзі
зерделеп, шекараны өтем дегенде немесе өткен кезде заңсыз әрекет жасағанын
түсінеді. Алайда кейбір ситуацияларда заң бұзушылықтар қылмыс болып
табылады (сонда ғана оны қылмыстық миграция деуге болады). Мысалға, кейде
шетел азаматтары өздері біле тұра қылмыстық кәсіпкерлікпен айналысады да
елімізден табиғи ресурстарды шығарады. Басқа оқиғаларда өзге заңдар
бұзылады (мысалға, әкімшілік құқықбұзушылық туралы заң жинағы).
Заңсыз миграцияға мағынасы жағынан адам саудасы жақын келеді. Бірақ
бұл мәселеге заңгерлер арасынада әртүрлі ойлар бар. Заңсыз миграцияға
алғашқы болып анықтама берген белгілі ғалым И.И. Карпецтің ойынша, заңсыз
эмиграция мемлекеттің халықаралық, экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуына
залал келтіретін қылмыс және оның мынадай ерекшеліктері бар: террористік
режимі басым мемлкеттен азаматтардың қашуы (иммиграциялық бұза отыра);
капиталистік монополиялар үшін арзан еңбек күшін шеттен әкелу; шет елге
адамдарды террорлық акт жасау үшін заңсыз әкелу. Ал адам саудасын ол
қылмыстың басқа тобына жатқызады. Ол дегеніміз адамгершілік құндылықтарға,
тұлғаға, жеке, мемлкеттік, қоғамдық мүлікке залал келтіретін қылмыс. Оның
ойынша адам саудасының бірнеше құрылымдары бар: құлдық, құлдар саудасы;
әйелдер саудасы (соның ішінде жезөкшелікке де қолданылады); балалар саудасы
және еріксіз еңбек 143, С. 13.
Ал Иркуттік криминолог А.Л. Репецкая адам саудасы мен заңсыз
миграцияның арасында айтарлықтай айырмашылық бар екендігіне назар аударады.
Оның пікірінше адам саудасы екі негізгі элементтен құралған. Ол қызметке
тарту немесе басқа жерге апару және оларды қылмыстық эксплуатациялау. Бұл
болашақ құрбандарды басқа жерге апару және апарудың мақсатының арасындағы
байланыс адам саудасы мен заңсыз миграцияға тән ерекшеліктердің
негізгі аспектісі болып табылады 143, С. 15.
Зерттеуші Ф.Л. Синициннің айтуынша, заңсыз адам тасымалы және адам
саудасы адам контрабандасы түсінігіне жақын болғанымен олардың арасында
айырмашылық бар. Адам контрабандасы – кез келген адамды заңсыз шекарадан
белгілі бір төлем үшін өткізу. Ол негізенен виза ала алмай отырған, сол
елге жұмыс істеуге немесе тұрақты қонысын өзгертуге талаптанған адамның
талабы бойынша жүргізіледі. Кейіннен адамды шекара сызығана немесе басқа
келісілген нүктеге жеткізеді. Айта кету керек бұл іс-әрекеттер Орталық
Азия мемлекеттерінің Қылмыстық Кодексте көрсетілген түсініктемелерге қайшы
келеді. Бірақ контрабанда құқықтық-нормативтік актілерде негізенен
шекарадан өткізілетін адамдарға емес, кеден арқылы өтетін тауарға
байланысты 98.
Адам саудасында әрқашанда өтірік айтып, зорлық-зомбылық жасап және
борыштық құлдықты қолдану арқылы өз мақсаттарына жетіп жатады. Бұл
мемлекет ішінде де көрініс табатын құбылыстар қатарына жатады. Құрбан болып
жататын азаматтар елге заңды түрде де кіруі мүмкін. Жұмыс іздеп жүрген
тұлға оған жасалатын зомбылық актілері жайында білмейді. Адам саудасы ең
бірінші жеке тұлғаға жасалған қылмыс, ал содан содан кейін ғана мемлекет
егемендігін бұзу болып табылады. Бірнеше авторлар заңсыз миграцияны кейбір
сәттерде адам саудасының құрамдас бөлігі ретінде қарастырады. Ал оған
әйелдерді жезөкшелікпен айналысу, балаларды заңсыз асырап алуға сату,
алаяқтықпен жұмыс күшін жалдау үшін заңсыз иммигранттарды заңсыз тасымалдау
әрекеттері жатады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz