Азаматтық істі сот мәжілісінде талқылау – іс жүргізудің негізгі сатысы ретінде



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Азаматтық істі сот мәжілісінде
талқылау . іс жүргізудің негізгі сатысы ретінде.
1.1. Сот мәжілісінің түсінігі және мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Істі мәні бойынша қараудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2. Сот мәжілісінің бөлімдері.
2.1. Дайындық бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.2. Істі мәні бойынша қарау. Дәлелдемелерді зерттеу
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.3. Соттағы жарыссөз. Прокурордың қорытындысы ... ... ... ... .31
2.4. Шешім шығару, оны жариялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
2.5. Шешім шығармай сот мәжілісін аяқтау ... ... ... ... ... ... ... ..39
2.6. Сот отырысының хаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42
3.Апелляциялық және қадағалау инстанцияларында азаматтық
істі қараудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
ҚОРЫТЫНДЫ. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .52
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
Осы диплом жұмысында бірінші инстанцияда азаматтық істерді сот мәжілісінде талқылаудың мәселелері, сонымен қатар апелляциялық және қадағалау инстанцияларында іс қарау ерекшеліктері қарастырылған.
Бұл жұмысты жазу барысында ғылыми жария жұмыстар, ғалымдардың монографиялық зерттеулері, нормативтік -құқықтық актілер мен оқулықтар пайдаланылған.
Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қортындыдан тұрады.
Бірінші тарауда азаматтық процестің негізгі сатысы ретінде сот талқылауының түсінігі, мәні, маңызы жайлы айтылған.
Жұмыстың екінші тарауы сот мәжілісінің бөлімдеріне арналған. Әр бөлімде соттың атқаратын процессуалдық әрекеттері туралы баяндалған. Сот мәжілісін шешім шығармай аяқтау және сот отырысы хаттамасы туралы жазылған.
Үшінші тарауда апелляциялық және қадағалау инстанцияларында іс қараудың ерекшеліктері, яғни сот талқылау пәні, шегі және процессуалдық тәртібі қарастырылған.
Бұл диплом жұмысында сот талқылауына қатысты процессуалдық терминология («сот мәжілісі», «апелляция», «реплика», «инстанция» және т.б.) қолданылған.
Сот талқылау азаматтық процестің негізгі сатысы ретінде соттардың республика саясатын өмірге келтіруінің негізгі құралы болып табылады.
Азаматтық процесс толығымен әділеттілік міндеттерін атқаруға бағытталған, дегенмен осы міндеттерді сот тікелей сот қалқылауы кезінде жүзеге асырады. Сот талқылауы дәрежесіне, оның толықылығы мен объективтілігіне азаматтық істер бойынша қазақ сотының беделі, соттың жұмысының сапасы байланысты болады. Құқық нормаларымен дәл сәйкестікте әртүрлі азаматтық істерді қарап және шеше отырып, сот мемлекеттің өзінің негізгі функцияларын жүзеге асыруына үлкен үлес қосады осымен, ақыр аяғында, азаматтық процестегі сот талқылауының маңыздылығы анықталады.
Сот талқылауы сатысында сот азаматтық істі мәні бойынша қарайды, объективтік шындықты анықтайды және мемлекет атынан іс бойынша шешім шығарады.
Сот талқылауының үлкен тәрбиелік мәні бар.
Сот азаматтарға азаматтық іс бойынша дұрыс және сенімді шешім шығарумен ғана емес, сонымен қатар сот талқылауының процедурасының өзімен де тәрбиелік әсер етеді. Істі қараудың қатаң және нақты процессуалдық тәртібі, процесте соттың заңдылықты дәл, нақты сақтауы, соттың тараптардың құқықтары мен заңды мүдделерін барлық шаралармен қорғау тек шешімнің сенімділігін, заңдылығын және негізділігін ғана қамтамасыз етпейді, сонымен қатар азаматтарға үлкен тәрбиелік әсер етеді.
1. ҚР Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл.
2. ҚР Азаматтық іс жүргізу Кодексі. 13 шілде 1999 жыл.
3. ҚР Қылмыстық Кодексі 16 шілде 1997 жыл.
4. ҚазССР Жоғарғы Соты Пленумының «Сот құжаттарын әзірлеу туралың №13 Қаулысы. 28 наурыз 1986 жыл.
5. ҚР Жоғарғы Соты Пленумының №9 «Соттардың азаматтық іс жүргізу заңдарының кейбір нормаларын қолдану туралың Қаулысы 30 маусым 2000 жыл.
Әдебиеттер тізімі.
1. Абдулина З.К. Производство гражданских дел в суде первой инстанции Алматы, 1998г
2. Агашин В.М., Газутдинов, Емикев П.В. Процессуальные особености расмотрения отдельных категории гражданских дел в суде. Казань, 1989г.
3. Баймолдина З.Х. Понятие судебного разбирателства гражданских дел // Гражданское законодательство. Выпуск 10
4. Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан. Том ІІ. Алматы, 2001 г.
5. Баймолдина З.Х. Судебное разбирательство гражданских дел нуждается в реформировании // Заң. Алматы, 2/2001 г.

6. Борисова Е.А. Апелляция в гражданском и арбитражном процессе. Москва, 1997г.
7. Большой Юридический Словарь. Москва, 1997г.
8. Викут М.А. Зайцев И.М. Гражданский процесс: Учебник. Москва,
1999 г.
9. Гуреев П.П. Судебного разбирательства гражданских дел Москва, 1958 г.
10. Елисейкин П. Ф. Особенности судебного рассмотрения отдельных категории гражданских дел. Ярославль, 1974г.
11. Зайцев И.М. Судебное разбирательство-процессуальная функция гражданского судопроизводства // Вопросы.
12. Осипов Ю.К. Гражданский процесс: Учебник Москва, 1995 г.
13. Резниченко И.М. Психологические вопросы подготовки и судебного разбирательства гражданских дел. Влодивосток, 1983 г.
14. Трубников П.Я. Надзорное производство по гражданским делам. Москва, 1967г.
15. Трубников П.Я Судебное разбирательство гражданских дел. Москва, 1962г.
16. Тихиня В.Г., Тихонович В.В. Рассмотрение в суде гражданских дел. Минск, 1982г.
17. Пушкарь Е.Г. Исковое производство в советском гражданском процессе. Львов, 1978г.
18. Шакарян М.С. Гражданский процесс. Москва, 1996г.

Жоспар

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .3
1. Азаматтық істі сот мәжілісінде
талқылау – іс жүргізудің негізгі сатысы ретінде.
1.1. Сот мәжілісінің түсінігі және
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..5
1.2. Істі мәні бойынша қараудың
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2. Сот мәжілісінің бөлімдері.
2.1. Дайындық
бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .
...10
2.2. Істі мәні бойынша қарау. Дәлелдемелерді зерттеу
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 19
2.3. Соттағы жарыссөз. Прокурордың қорытындысы ... ... ... ... .31
2.4. Шешім шығару, оны
жариялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
2.5. Шешім шығармай сот мәжілісін
аяқтау ... ... ... ... ... ... ... ..3 9
2.6. Сот отырысының
хаттамасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 42
3.Апелляциялық және қадағалау инстанцияларында азаматтық
істі қараудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44
ҚОРЫТЫНДЫ.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .52
Пайдаланылған әдебиеттердің
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53

Кіріспе

Осы диплом жұмысында бірінші инстанцияда азаматтық істерді сот
мәжілісінде талқылаудың мәселелері, сонымен қатар апелляциялық және
қадағалау инстанцияларында іс қарау ерекшеліктері қарастырылған.
Бұл жұмысты жазу барысында ғылыми жария жұмыстар, ғалымдардың
монографиялық зерттеулері, нормативтік -құқықтық актілер мен
оқулықтар пайдаланылған.
Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қортындыдан тұрады.
Бірінші тарауда азаматтық процестің негізгі сатысы ретінде сот
талқылауының түсінігі, мәні, маңызы жайлы айтылған.
Жұмыстың екінші тарауы сот мәжілісінің бөлімдеріне арналған. Әр
бөлімде соттың атқаратын процессуалдық әрекеттері туралы баяндалған.
Сот мәжілісін шешім шығармай аяқтау және сот отырысы хаттамасы
туралы жазылған.
Үшінші тарауда апелляциялық және қадағалау инстанцияларында іс
қараудың ерекшеліктері, яғни сот талқылау пәні, шегі және
процессуалдық тәртібі қарастырылған.
Бұл диплом жұмысында сот талқылауына қатысты процессуалдық
терминология (сот мәжілісі, апелляция, реплика, инстанция
және т.б.) қолданылған.
Сот талқылау азаматтық процестің негізгі сатысы ретінде
соттардың республика саясатын өмірге келтіруінің негізгі құралы
болып табылады.
Азаматтық процесс толығымен әділеттілік міндеттерін атқаруға
бағытталған, дегенмен осы міндеттерді сот тікелей сот қалқылауы
кезінде жүзеге асырады. Сот талқылауы дәрежесіне, оның толықылығы
мен объективтілігіне азаматтық істер бойынша қазақ сотының беделі,
соттың жұмысының сапасы байланысты болады. Құқық нормаларымен дәл
сәйкестікте әртүрлі азаматтық істерді қарап және шеше отырып, сот
мемлекеттің өзінің негізгі функцияларын жүзеге асыруына үлкен үлес
қосады осымен, ақыр аяғында, азаматтық процестегі сот талқылауының
маңыздылығы анықталады.
Сот талқылауы сатысында сот азаматтық істі мәні бойынша
қарайды, объективтік шындықты анықтайды және мемлекет атынан іс
бойынша шешім шығарады.
Сот талқылауының үлкен тәрбиелік мәні бар.
Сот азаматтарға азаматтық іс бойынша дұрыс және сенімді шешім
шығарумен ғана емес, сонымен қатар сот талқылауының процедурасының
өзімен де тәрбиелік әсер етеді. Істі қараудың қатаң және нақты
процессуалдық тәртібі, процесте соттың заңдылықты дәл, нақты
сақтауы, соттың тараптардың құқықтары мен заңды мүдделерін барлық
шаралармен қорғау тек шешімнің сенімділігін, заңдылығын және
негізділігін ғана қамтамасыз етпейді, сонымен қатар азаматтарға
үлкен тәрбиелік әсер етеді.
Сот талқылауы сатысында азаматтық процестін барлық қағидалары –
бұл ең алдымен сот талқылауының қағидалары.
Азаматтық процестің сатысы ретінде сот талқылауы процестің осы
сатысында сот азаматтық істі мәні бойынша шешетіндігі – іс бойынша
дәлелдемелерді тікелей зерттейді және іс үшін маңызы бар
фактілерді анықтайды, тараптар арасындағы құқық қатынасты тараптардың
шынайы құқықтары мен міндеттерін анықтайды, тараптар арасындағы
қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды қолдана отырып іс бойынша
мемлекет атынан шешім шығаратындығымен сипатталады.
Азаматтық процестегі сот талқылауы азаматтық іс жүргізу
құқығымен реттелген азаматтық істі сот отырысында мәні бойынша
қарау кезінде қатысатын процестің басқа да қатысушыларының қызметі.
Азаматтық істердің сот талқылауына көптеген монографиялық
еңбектер, жария жұмыстар арналған. Бұл сот талқылауының маңыздылығы
мен мәнділігіне байланысты болып отыр.
Бұл жұмыста азаматтық істердің сот талқылауының түсінігі, мәні
мен маңызы, сот талқылауының бөлімдері, шешім шығармай сот
мәжілісін аяқтау, апелляциялық және қадағалау сатыларында сот
талқылауының ерекшеліктері туралы баяндалған.

І. Азаматтық істі сот мәжілісінде талқылау – іс жүргізудің негізгі
сатысы ретінде.

1.1. Сот талқылауының түсінігі және мәні.

Сот талқылауы туралы көптеген жария жұмыстар, соның ішінде
монографиялық зерттеулер бар. Ғалым тәжірбиешілердіғ және тәжірбиеші-
судьялардың соттың бірінші инстанцияда істі қарауы жөніндегі
мәселеге деген үлкен коңіл болушіліктері орынды. Ғалымдар сот
талқылауының маңыздылығы мен мәнділігін ескере отырып, істерді сот
отырысында қарау кезінде сот өндірісінің міндеті алдымен және
бәрінен көпң жүзеге асырылады, сонымен қатар процесс мақсатына
кеңірек қол жеткізіледі дейді.
Шынымен де, нақ істі сотта қарау барысында сот ондірісінің
негізінен ҚР АІЖК-ң 5-бабында анықталған міндеттері жүзеге асады.
Сот азаматтық істерді қарай отырып:
1. азаматтардың бұзылған (құқықтары) және даулы құқықтарын,
бостандықтарын, заңды мүдделерін, үйымдардың құқықтары мен заңи
мүдделерін және мемлекеттің мүдделерін қорғауды жүзеге асырады;
2. тараптардық құқықтары мен міндеттерін және заңи маңызы бар
фактілердің бар-жоғын анықтау жолымен істі мәні бойынша қарайды;
3. тараптардың құқықтары мен міндеттерінде жақтылықты анықтау жолымен
тараптар арасындағы құқық туралы дауды жояды;
4. бұзылған құқықты немесе бұзылу қаупі бар құқықты не даулы
құқықты жаю арқылы заңдылықты бекітеді;
5. азаматтық, еңбектік, тұрғын үй, қаржылық және материалдық
құқықтың басқа да салаларының нормаларының бұзылуының алдын
алады.

Сот талқылауында эділеттілік тікелей жүзеге асады.[1]
Сот талқылауын екі мағынада түсінуге болады. Біріншіден, сот
талқылауы деп азаматтық процесстің бір бөлімі аталады. Оның мақсаты
соттың азаматтық істерді бірінші инстанцияда қарай. Екіншіден, сот
талқылауын азаматтық сот өндірісінің жеке процессуалдық функциясы
ретінде қарастыру керек. Мұндай түсінік сот талқылауында өзінің
мақсатты бағытына байланысты. Сот талқылауының функциясын
процессуалдық құқықтық қатынастардың және қатысушылардың ерекше
құрамы, құқық қолданудың заңи көрінісі және жүзеге асатын заңи
құралдардың жүйесі ерекшелендіреді. Бұл функция сот өндірісін
қозғаумен басталады және шешім шығарумен аяқталады.[2]
Сот талқылауы азаматтық процесстің екі сатысында да жүзеге
асырылуы мүмкін: Істі соттың бірінші инстанциясында қарағанда және
апелляциялық өндірісте. Сондықтан аталған сот өндірісі сатыларында
олардың бөлінбейтін бөлігі – сот талқылауы процестің осы
сатыларының бөлігі ретінде бірінші және апелляциялық инстанция
сотының және өзара бір мақсатпен біріккен сот өндірісінің басқада
қатысушыларының процессуалдық әрекеттерінің жиынтығы. Аталған
сатылардың бұл бөлігі соттың істі сотта іс қарауға тағаиындау
туралы ұйғарым шығаруынан басталады.
Бірінші инстанция сотында істі қарау жөніндегі процессуалдық іс
әрекеттер істі мәні бойынша қарау мен шешуге (құқықты, міндетті
және заңи айғақты анықтау туралы дау) бағытталған оның нәтижесі
болып шешім шығару не қорытынды ұйғарым шығару танылады.[3]
Азаматтық істерді сотта қарау – бұл соттын және процесстің
басқа да қатысушыларының істі қарауға және оны мәні бойынша шешуге
бағытталған процессуалдық әрекеттерінің жиынтығы.
Сот талқылауын азаматтық іс жүргізу құқығы саласының бір
институты ретінде қарастыруға болады.
Біз білетініміздей, азаматтық іс жүргізу құқығы саласының
нормалары азаматтық істерді қарау және шешумен, сонымен қатар сот
қаулыларын атқарумен байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды
реттейді. Азаматтық іс жүргізу құқығының құрылымдық бөлігі болып
табылатын сот талқылауы институтының нормаларының реттеу пәнін не
құрайды?
Сот талқылауы институтының реттеу пәнін бірінші және
апелляциялық сот инстанцияларында істі қарау жен оларды мәні
бойынша шешумен байланысты туындайтын қатынастар құралды.
Азаматтық істерді қарау кезінде сот жүзеге асыратын міндеттер
мен осы институт реттейтін қатынастарының маңыздылығы сот талқылауы
институты азаматтық іс жүргізу құқығының орталық институты болып
табылады деуге мүмкіндік береді.
Сот талқылауы азаматтық сот өндірісінің негізгі міндетті сатысы
болып табылады. Сот талқылауы – бұл азаматтық істерді мәні
бойынша қарау және шешу.
Онда дәлелдемелерді дұрыс және жан-жақты зерттеу негізінде істі
дұрыс шешу үшін маңызы бар фактілік мән-жайлар анықталады, нақты
құқықтық қатынас шегінде құқықтар мен заңды міндеттер нақтыланады
және даудың мәні бойынша мемлекет атынан шешім шығарылады.
Іс жүзінде нақ осы бөлімде әділсоттылық жүзеге асады.
Басқаларында оны жүзеге асыру даиындалады және істі қарау заңдылығы
кадағаланады не шешім орындалады.
Процестің осы бөлігінде соттар өздеріне жүктелген субъективтік
құқықтар мен заңды мүдделерді қарау жөніндегі міндеттерін атқарады
және іске қатысушы тұлғаларға және сот мәжілісі залындағы
қатысушыларға тәрбиелік әсер етеді.
Процессуалдық әдебиетте сот талқылауы және сот отырысы ұғымын
бірдей деп қарастырады. Бұл терминдерге бір мағына беруге болмайды.
Сот отырысы сот талқылауының тек процессуалдық нысаны болып
табылады.
Сот талқылауы - қаралып отырған істі тараптардың және күә,
сарапшы, аудармашы ретінде тартылып отырған тұлғалардың және іске
мүдделі басқа да тұлғалардың қатысуымен нақты мән-жайларды анықтау
мақсатындағы бірінші инстанция сотының қызметі. Олардың сот
талқылауы кезінде қатысуы тараптардың құқықтары не мүддеттерін дұрыс
анықтауға және соттың заңды және негізді шешім шығаруына септігін
тигізеді.
Сот талқылауына дейінгі барлық өндіріс нақ сол істі дайындау
сот талқылауына толығымен бағынышты.
Сот талқылауы кезінде сот істің шынайы мәнжайын жан-жақты,
толық және объективті анықтау үшін заңмен көзделген барлық
шараларды жүзеге асырады. Дұрыс жүргізілген сот талқылауы – заңды
және негізді шығарылған сот шешімінің кепілі.[4]

1.2. Істі мәні бойынша қараудың маңызы.

Азаматтық істерді соттың бірінші инстанциясында қарауы және
шешуі азаматтық процестің ең маңызды бір сатысы болып табылады.
Субъективтік құқықтар мен заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау
жөніндегі (сотқа жүктелген міндеттер) сонымен қатар тәрбиелік әсер
ету бойынша міндеттер ең алдымен көп жағдайда сот отырысында істі
талқылау кезінде жүзеге асырылады.
Әрбір дұрыс өткізілген сот отырысы, бір қарағанда маңызды емес
іс қаралсада, сот отырысында қатысқан азаматтардың қоғамдағы
адамдарға деген қөзқарасын қалыптастырады. Сот қарайтын әрбір нақты
істе, азаматтар заңның әділеттігіне, және қоғамға пайдалалығына,
олардың мүлтіксіз орындалатындығына, қол сұғылмайтындығына көз
жеткізеді.
Сот отырысы тек процессуалдық нормаларды сақтай отырып,
азаматтық іс жүргізу қағидаларына қатаң түрде сәйкес
жүргізілгендеғана өз мақсатына жетеді.
Сот отырысында азаматтық істерді қарап және шеше отырып,
әділеттілікті жүзеге асырады. Сот әділдігі – мемлекеттік қызмет,
себебі сот билік органы болып табыладың, ал сот қызметі
мемлекетті басқару функциясының бір түрің, ал әрқашанда мемлекеттік
биліктік сипатта болады. Сондықтан азаматтық субъективтік құқықты
соттың қорғауы мемлекеттік қорғаудың ең жоғарғы нысаны болып
саналады.[5]
Сот талқылауы тек азаматтық құқықты қорғау үшін ғана емес,
сонымен қатар азаматтық құқық бұзушылықтың алдын алу үшінде де
маңызды.
Мүліктік, жеке құқықтарды және заңмен қорғалатын заңи мүддені
қорғауды құқық қорғау және юридикалық функцияларды атқарушы
мемлекетті және қоғамдық органдар жүзеге асырады. Құқық қорғау
органдары сәйкесінше құқық саласын басқаратын заң актілерінде
көрсетіледі. Азаматтық құқық сотпен, кәсіпорындармен және басқа да
қоғамдық ұйымдармен қорғалады.
Құқық пен заңи мүддені қорғайтын органның ішінде ерекше
орыналатыны сот.
Юридикалық тұрғыдан әділсоттылық мүліктік және жеке құқықтарды
тану, бұзылған жағдайда қалпына келтіру жолымен қорғау туралы
азаматтық және қылмыстық істерді қарау жөніндегі және заң негізінде
құқық бұзушыға мәжбүр ету шараларын қолдану жөніндегі заңмен
реттелген соттың қызметі болып табылады.
Сотта іс қарау шынайы демократиялық қағидаларды құрылады.
Демократизм сотты ұйымдастырудың өзінде, сонымен қатар оның
қызметінің процессуалдық тәртібінде де көрініс табады.
Сот талқылауының жариялылық ашық сипаты тараптардың қорғануға
құқығын соттың қызметін қоғамдық қамтамасыз етуді және сот
отырысына қатысқысы келгендерге қатысу мүмкіндігін қамтамасы етеді.
Ашық сот талқылауының үлкен тәрбиелік мәні бар. Сот талқылауын
жабық түріде өткізу сот өндірісінің барлық ережелерін сақтаумен
жүзеге асырылады.
Ашық сот талқылауы тәрбиелік әсер етеді және құқық бұзушылықты
туғызатын жағдайымен себептерді ашуға, сонымен қатар алардың
болашақта болдырмау не алдын-алуға септігін тигізеді.
Сот талқылауы сатысында іс жүргізудің принциптері толығымен
көрініс табады.
Сот талқылауы азаматтық істер бойынша әділеттілікті жүзеге
асыру нысаны болып табылады, сондықтан сот әділдігін тек қана
соттардың жүзеге асыру қағидасы осы бөлімде жүзеге асады.
Барлық азаматтық процесс әділеттіліктің міндеттерін орындауға
бағытталған, дегенмен осы міндеттер тікелей сот талқылауы кезінде
жүзеге асады. Сот талқылау дәрежесіне, оның толықтылығымен
объективтілігіне сот жұмысының сапасы, соттың беделі, азаматтық
істер бойынша әділеттілік міндеттерін орындау байланысты болады.

ІІ. Сот мәжілісінің бөлімдері.

2.1. Дайындық бөлімі.

Сот талқылауы жүзеге асырылып жатқан жағдай соттың істі
қарауының мұқалттылығына, қатандығына ешкімнің кермәні болмайтындай
болуы керек. Нақты істерді шешкенде мәдениеттілікті сақтау – бұл
тек сот залын қажетті түрде безендіру, істі тындау кезінде
тәртіпті сақтау ғана емес, сонымен қатар соттың тараптар мен дұрыс
қарым -қатынасы, процессуалдық сұрақтарды шешкен кезде бір қалыпты
және дұрыс болуы, судьяның заң терминологиясын дұрыс қолдануы. Сот
талқылауының нақты, шынайы мәдениеті туралы ол тек заң талаптарына
сәйкес болғанда ғана айтуға болады. Істі қараушы судьялардың әрбір
әрекеті соттық объективтіліктің және принциптіліктің жоғарғы
талаптарына істің бар мән-жайын жан-жақты және объективтілік
толықтық талаптарына бағынышты болуы керек.
Сот талқылауы келесідей 4 бөлімнен тұрады:
1. Дайындық бөлімі.
2. Істі мәні бойынша қарау.
3. Сот жарыссөздері және прокурордың қорытындысы.
4. Соттын шешім шығаруы және жариялауы.
Өзінің мақсаты мен өзіне тән мазмұны бар әрбір бөлім бір-
бірімен тығыз байланыста болып, барлығы бірігіп сот талқылауының
бірынғай процесін құрайды.[6]
Дайындық бөлімінде жүзеге асырылатын әрекеттер АІЖК-нің 180-191
бабтарымен реттелген және іс әрекеттердің келесі тәртібі
қарастырылады:
- сот отырысын ашу;
- процеске қатысушылардың келуін тексеру;
- аудармашыға оның міндеттерін түсіндіру;
- кужарды сот отырысы залынан шығару;
- сот құрамын жария ету және қарсылық білдіру құқығын
түсіндіру;
- іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін
түсіндіру;
- соттың іске қатысушы адамдардың өтінімдерін шешуі;
- іске қатысушы адамдар мен окілдердің сот отырысына келмеу
салдары туралы сұрақтарды шешу;
- сот отырысына күәнің, сарапшының, маманның, аудармашының
келмеу салдарымен байланысты сұрақтарды шешуі;
- істі кейінге қалдыру;
- істі қарау кейінге қалдырылған кезде күәлардан жауап алу;
- сарапшы мен маманға алардың құқықтары мен міндеттерін
түсіндіру.
Істі қарау үшін белгіленген уақытта төрағалық етуші сот
отырысын ашады және қандай азаматтық іс қаралуға тиіс екенін жария
етеді. Бұл сот отырысы басталатың ең алғашқы процессуалдық әрекет.
Бұл іс-әрекет сотпен талапкердің, жауапкердің және процесстің
басқа қатысушыларының келу-келмеуіне байланыссыз жүзеге асырылады.
И.К.Пискарев: процеске қатысушылардың біреуінің келмеуіне байланысты
заңмен бекітілген іс-шараларсыз кейінге қалдыру келген тұлғалардың
процессуалдық құқықтарын шектейді. Олардың осы жағдайға байланысты
өздерінің көзқарасын білдіруін қарсылық және отініш беру
мүмкіндігінен айырадың дейді.
Процеске қатысушылардың келуін тексеру. Сот отырысының хатшысы
осы іс бойынша шақырылған адамдардан кімнің келгенің, келмеген
адамдарға хабар берілген-берілмегендігін және олардың келмеу
себептері туралы қандай мәліметтердің бар екендігін сотқа баяндайды.
Процеске қатысушылардың келгендігін анықтағаннан кейін төрағалық
- етуші келгендердің кім екенің анықтайды, сондай-ақ лауазымды
адамдар мен окілдердің окілеттіктерін тексереді.
Аудармашыға оның міндеттерін түсіндіру. Бұл процессуалдық әрекет
сот өндірісі тілін білмейтін тұлға істі қарау кезінде жүзеге
асырылатын барлық іс-әрекеттер туралы білу мүмкіндігіне не болуы
үшін сот мәжілісінің басында жүдеге асырылады.
Соттың бірінші әрекетінің өзі егер ол іске қатысушы
тұлғалардың біріне түсініксіз болса онда осы тулға түсінетін тілге
аударылуы керек.[7]
Аудармашылау ол мұндай мүмкіндіктен айырылады, себебі аудармашы
өзіне жүктелген міндеттерді орындауға сот АІЖК-ң 182-бабында
көрсетілген іс-әрекеттерді жүзеге асырғаннан кейін ғана кіріседі.
Төрағалық етуші аудармашыға оның сот жүргізіліп отырған тілді
білмейтін адамның түсіндірмелерінің айғақтарының, мәліметтерінің жария
етілетін және істе бар құжаттардың дыбыс жазбалардың, сарапшылар
қорытындыларының, мамандар консультацияларының, сондай-ақ судья
өкімдерінің, сот қаулылары мен шешімдерінің мазмұнын аудару міндетін
түсіндіреуі.
Төрағалық етуші аудармашыға корінеу дұрыс аударма жасамағаны
үшін ҚР-ң қылмыстық кодексінің 352,353-баптарында көзделген
жауапкершілік жөнінде ескертеді. Аудармашының бұл туралы қолхаты сот
отырысының хаттамасына қоса тіркеледі. Аудармашы сотқа келуден
немесе өз міндеттерін орындаудың жалтарған жағдайда оған әкімшілік
құқық бұзушылық туралы заңдарға сәйкес әкімшілік жаза белгіленуі
мүмкін.
ҚР АІЖК-ң 182-бабының ережелері сурдоаудармашылар, яғни саңырау,
сақтау адамдар қолданатын белгілерді аударатын тұлғаларғада қатысты
қолданылады.
Куәларды сот отырысы залынан шығару. Келген кужар сот отырысы
залынан шығарылады. Куәларды шығарғанға дейін оларға сот мәжілісі
залына көрсетулер (түсініктемелер), беру үшін бір бірден
шақырылатындығы түсіндіріледі. Кужарды шығару куәнің жауаптарының
“қол сұғылмайтындығын” қамтамасыз ету үшін, іске қатысушы
тұлғалардың түсініктемелерінің және басқа ақпараттардың куәлерге әсер
етуі нәтижесінде олардын жауаптарының мазмұнының “деформациялануын”
болғызбау үшін жүзеге асырылады. Төрағаның етуші жауап алынған
куәлардың жауап алынбаған кужармен сөйлеспеуіне шаралар қолданады.
Сот құрамын жария ету және қарсылық білдіру құқығын түсіндіру.
Сот құрамын жариялаған кезде судья өз фамилиясын, егер іс алқалы
түрде қаралатын болса, басқа да судьялардың фамилиясын айтады.
Сонынан сот отырысында қай судья торағалық етушінің міндетін
атқаратыны айтылады. Одан әрі судья прокурор, сарапшы, маман, сот
отырысының хатшысы, сот приставыретінде кімдердің қатысатының
хабарланды және бұл кезде аталған әрбір қатысушының лауазымы
айтылады. Одан кейін судья іске қатысушыларға қарсылық білдіру
құқығы, әділетті сот шешімін шығарудың бір процессуалдық кепілдігі
ретінде қарастырылады. Іске қатысушыларға қарсылық білдіру құқығы
түсіндірілгендігі туралы сот мәжілісінің хаттамасына жазу еегізіледі.
Қарсылық білдіру негіздеріне қаралып жатқан іске қатысты
қарсылық білдірілген тұлғалардың объективтілігіне күмән келтіретін
кез-келген мән жай жатқызылуы мүмкін. Қарсылық білдіру туралы
сұрақты шешуі әрбір нақты істе сотқа берілген.
Қарсылық судьяға, прокурорға, сарапшыға, маманға аудармашыға,
сот мәжілісінің хатшысына және сот приставына білдірілуі мүмкін.
Судьяға қарсылық білдіру негіздері АІЖК-ң 40-бабында
көрсетілген. Егер судья:
1. Осы істі мунын алдындағы қарау кезінде куә, сарапшы, маман,
аудармашы, өкіл, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот
приставы ретінде қатысса.
2. Іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінің біреуінің
туысы болса.
3. Істің нәтижесінде жеке тікелей немесе жанаша түрде мүдделі не
оның әділдігіне негізді күмән тұғызатын өзге де мән жайлар
болса, ол істі қарауға қатыса алмайды және оған қарсылық
білдіруге тиіс.
Істі қарайтын соттың құрамына өзара туыс адамдар кіре алмайды.
АІЖК-де судьяның істі қарауға қайта қатысуына жол
берілмейтіндігі туралы ереже бар. Сондықтан судьяның осы істі бұрын
қарауға қатысуын судьяға қарсылық білдіруге тағы бір негіз деп
санауымызға болады.
АІЖК-ң 40-бабының 1-бөлімінде көрсетілген қарсылық білдіру үшін
негіздер прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының
хатшысына, сот приставына да қолданылады. Сонымен қатар олар келесі
жағдайыларды іске қатыса алмайды:
1. Егер ол іске қатысушы адамдарға немесе олардың екілдеріне қызмет
жағынан немесе өзгедей тәуелді болса немесе тәуелділікте болып
келсе;
2. Ол тексеру жүргізіп, оның материалдары сотқа жүгінуге негіз
болса, не осы азаматтық істі қарағанда қолдаланылса.
Ресей заңдары бойынша сонымен қатар осы негіздер бойынша іске
қатысудан қоғамдық ұйымдардың және еңбек ұжымының өкілдеріде
шеттетілуі мүмкін.
Прокурордың, сарапшының, маманның, аудармашының, сот отырысы
хатшысының, сот приставының осы істі мұның алдында қараған кезде
тиісінше прокурор, маман, сарапшы, аудармаша, сот отырысының
хатшысы, сот приставы ретінде қатысуы оларға қарсылық білдіруге
негіз болып табылмайды.
АІЖК-ң 40,41 баптарында аталған мән-жайлар болған кезде судья,
прокурор, сарапшы, аудармашы, сот отырысының хатшысы, сот
орындаушысы, сот приставы өздігінен бас тартуды мәлімдеуге міндетті.
Сол негіздер бойынша іске қатысатын адамдар қарсылық білдірілетінің
мәлімдеуі мүмкін.
Өздігінен бас тарту мен қарсылық білдіру істі мәні бойынша
қарау басталғанға дейін дәлелденіп, мәлімденуге тиіс. Істі қарау
барысында өздігінен бас тарту туралы мәлімдеме жасауға қарсы болу
негіздері. Сотқа немесе өздігінен бас тартуды мәлімдейші адамға
істі қарау басталғаннан кейін белгілі болған жағдайда ғана
беріледі.
Істі жеке дара, қараушы судьяға мәлімделген қарсылық білдіруді
(өздігінен бас тартуды) сол соттың төрағасы немесе сол соттың
басқа судьясы, олар болмаған жағдайда – жоғары тұрған сот судьясы
қарайды.
Істі соттың алқалы құрамда қарауы кезінде судьялардың біреуі
өздігінен бас тартуды (қарсылық білдіруді) мәлімдеген жағдайда сот
іске қатысушы адамдардың пікірін тыңданды және егер ол түсініктеме
бергісі келсе, қарсылық білдірілген судьяның пікірін тыңданды және
қарсылық білдіру туралы мәселені қарсылық білдірілген судьяның
қатысуынсыз шешеді. Қарсылық білдіруді жақтаған және оған қарсы
дауыстар саны тең болған кезде судья қарсылық білдірілген болып
есептеледі. Бірнеше судьяға немесе соттың бүкіл құрамына мәлімделген
қарсылық білдіруді нақ сол сот толық құрамында жай көпшілік
дауыспен шешеді.
Қарсылық білдіруді қабылдамай тастау немесе қанағаттандыру
туралы ұйғарым шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды. Ұйғарымға
келіспеушілік туралы дәлелдер апелляциялық немесе қадағалау
шағымдарына, наразылық келтіруге енгізілуі мүмкін.
Прокурордың, сарапшының, маманның, қоғамдық үйым мен еңбек
ұжымы өкілдерінің, аудармашының, сот отырысы хатшысының, сот
орындаусының, сот приставының өздігінен бас тартуы (қарсылық
білдірілуі) туралы мәселені істі қаралтын сот шешеді. Бұл сұрақ б-
ша сот қарсылық білдіруді қанағаттандыру немесе одан бас тарту
туралы ұйғарым шығарады.[8]
Қарсылық білдіру туралы мәлімдемені қанағат андырудың салдары
АІЖК-ң 43-бабында айтылған.
Аудандақ немесе оған теңестірілген сотта істі жекедара қараушы
судья қарсылық білдірген (өздігінен бас тартқан) жағдайда бұл істі
сол сотта басқа судья қарайды. Егер іс қаралатын сотта судьяны
ауыстыру мүмкін болмаса жоғарғы тұрған сот арқылы іс басқа
аудандық, немесе оған теңестірілген сотқа беріледі.
Облыстық және оған теңестірілген сотта ҚР-ң жоғарғы сотында
істі қарау кезінде судья өздігінен бас тартқан не қарсылық
білдірген не соттын барлық құрамы қарсылық білдірген жағдайда, істі
сол соттағы басқа судья немесе басқа құрамдағы судьялар қарайды.
Егер облыстық немесе оған теңестірілген сотта өздігінен бас
тарту немесе қарсылықтар білдіру қанағаттандырылғаннан кейін не АІЖК-
ң 39-бабында аталған себептермен осы істі қарау үшін соттың жаңа
құрамын құру мүмкін болмаса облыстық немесе оған теңестірілген сот
іс бойынша тараптар болса, ол қаралатын сот ұйғарымы үшін іс ҚР
жоғарғы сотына берілуге тиіс.
Судьяларға қарсылық білдіру институты азаматтық істерді дұрыс
шешудің бір талабы ретінде судьялардың объективтілігін қамтамасыз
етеді. Процеске қатысушылардың және сот мәжілісі залына
қатысушылардың судьяның бейтаратылығына сенімдерін қалыптастырады,
соттың беделін көтереді Іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары
мен міндеттерін түсіндіру. Төрағалып етуші іске қатысушы адамдарға
олардың құқықтары мен міндеттерін, соның ішінде тараптарға дауды
шешу үшін аралық сотқа жеріну құқығын және осындай әрекеттің
салдарларын түсіндіреді.
Олардың құқықтары мен міндеттері ҚР АІЖК-ң 47 бабында
көзделген. Олар: іс материалдарымен танысуға олардан үзінділер жазып
алуға және көмірмелер түсіндіруге қарсылықтарын мәлімдеуге,
дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға іске қатысушы
басқа адамдарға, куәларға, сарапшілар мен мамандарға сұрақтар қоюға,
өтініш жасауға, соның ішінде қосымша дәлелдеме талап ету туралы
өтініш жасауға, сотқа ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге,
сот процесі барысында тұындайтын барлық міселелер бойынша өз
дәлелдерін келтіруге, іске қатысушы басқа тұлғалардың өтініштер мен
дәлелдемелеріне қарсылық білдіруге, сот жарыссөздеріне қатысуға, сот
отырысының хаттамасымен танысуға және оған жазбаша ескертпелер
беруге, соттың шешімі мен ұйғарышына шағымдануға азаматтық сот ісін
жүргізу туралы заңдарда берілген басқа да іс жүргізу құқықтарын
пайдалануға құқығы бар. Олар өздеріне берілген барлық іс жүргізу
құқықтарын адал пайдалануға тиіс.
Құқықтары мен міндеттері түсіндірілгендігі туралы хаттамаға
жазба енгізіледі. Төрағалық етуші процессуалдық әрекетті жасау және
жасамау салдары туралы ескертуі керек, іске қатысушы тұлғаларға
олардың құқықтарын жүзеге асыруына кемектесуі керек.
Іске қатысушы адамдар, орындалмауы азаматтық сот ісін жүргізу
туралы заңдарда көзделген салдарларды тұғызатын жағдайда, өздерінің
іс жүргізу міндеттерін атқарады.
Төрағалық етуші талапкер талаптың негіздемесін немесе нысанасын
өзгертуге, талап қою талабының мөлшерін ұлғалтуға не азамтуға не
талап қоюдан бас тартуға құқылы екежін, жауапкер талаптар қоюды
тануға құқылы, тараптар істі бітімгершілік келісіммен аяқтауға,
дауды шешу үшін аралық сотқа жерінуге құқылы екенін түсіндіреді.
Төрағалық етуші іске қатысушы тұлғалардың окілдеріне АІЖК-ң 61-
бабында көзделген окілеттіктерін түсіндіреді.
Төрағалық етуші іске қатысушыларға және олардың окілдеріне
процессуалдық құқықтары мен міндеттерін жүсіндірген кезде істің
нақты мән-жайларын ескеруі керек. Ол мысалы, егер сотқа берілген
оның қарсылықтарынан қарсы талап қою мүмкіндігі қарастырылса қарсы
талап қою құқығын, егер бір тарап материалдық шығындардың
ауыртпалығына байланысты, окілдің көмегін оқы толеуге кеткен шығынды
өндіруге құқығын мұқият түсіндіруі керек.
Соттың іске қатысушы адамдардың өнімдерін шешуі. Төрағалық
етуші іске қатысушы адамдар мен олардың істі қарауға байланысты
сұрақтар бойынша қандай да бір өтінімдері мен өтініштері (арыздары)
тар-жоғын анықталды. Арыздар мен өтінімдер әр түрлі сипатта болуы
мүмкіні қосымша дәлелдемелерді талап ету немесе қою тіркеу туралы,
біреуді іске қатыстыруға тарту туралы, талап арызды қамтамасыз ету
туралы әртүрлі мән-жайларға байланысты дәлелдемелерді жою туралы
басқа тараптың дәлелдемелерді жасыруы туралы, тараптың стационарлы
емдеуде немесе ұзақ қызметтік іссапарда екендігі туралы, істі
қарауды кейінге қалдыру немесе тоқтата тұру туралы.
Іске қатысушы тұлғалардың бірде бір өтініші мен арызын сот
қараусыз қалдырмауға міндетті сот іске қатысушы басқа тұлғалардың,
окілдерің, сонымен бірге егер іске прокурор қатысса прокурордың
пікірін тындауы керек.
Өтінім негізді болуы керек. Мысалы, қосымша дәлердемелерді
қатыстыру туралы өтінім бере отыра, тараптар іске қатысы бар нақты
қандай мән-жайларды нақтылау үшін жаңа дәлелдемелерді қатыстыруды
сұрайтынын міндетті түрде көрсетуі керек.1
Өтінімдер мен арыздар болған жағдайда сот іске қатысушы
адамдардың пікірін тыңдағаннан кейін оларды қанағаттандыру не
қанағаттандырудан бас тарту туралы үйғарым шығарады. Сот үйғарымы,
әдетте, тікелей сот мәжілісі залында шығарылады және сот отырысы
хаттамасына енгізіледі. Берілген өтінімдеп бойынша шығарылған сот
үйғарымдары бірден жарияланады.
Талапкер сотта істі қарау кезінде талап арыздың пәнін не
негізін өзгерту, тиісті емес жауапкерді ауыстыру жур немесе заңды
тұлғаны немесе заңды тлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен
айналысатын тұлғаны ретінде қатыстыру туралы өтініш берсе сот
мынадай өтінімдерді қабылдаудан мүліктік дауды сотқа дейін реттеуді
сартамау себебімен бас тартуға құқылы емес. Бұл жағдайда сол дауды
сотқа дейінгі тәртіпте шешу мүмкіндігі болған жағдайда АІЖК-ң 249-
бабының 1 бөліміне сәйкес арызды қараусыз қойдыру туралы ұйғарым
шығару керек.[9]
Осы сот мәжілісінде істі мәні бойынша қарау мүмкінсіздігін
алып келетін өтінім қанағаттандырылған жағдайда сот сәйкесінше
ұйғарым шығару арқылы сотта іс қарауды кейінге қалдырады немесе
тоқтата турады. Осылай сот отырысын аяқтайды, бірақ тоқтата туруға
негіз болған мән-жайлар жасалғаннан кейін сот талқылауы жалғасады
және сотта іс қарау басқа сот отырысында жүзеге асады.
Егер өтінімдер мен арыздар берілмесе немесе сот оларды
қанағаттандырмаса не берілген арыздар мен өтінімдерді қанағаттандыру
процестің ары қарай жүруіне кедергі келтірмесе сот талқылауы
жалғасады.
Іске қатысушы адамдар мен окілдердің сот отырысына келмеген
жағдайда сотта істі қарау мүмкіндігі туралы шешу. Бұл сұрақты сот
шешеді, себебі іске қатысушы тұлғаның сот отырысына келмеу
себептеріне және басқа мән-жайларға байланысты келмеуі заңды сәйкес
әр-түрлі процессуалдық салдарға әкеп соғады.
Азаматтық істі қарау қатысушы тұлғалар міндетті түрде сот
отырысының уақыты мен орны туралы хабарландырылған немесе шақырылған
адамның сотқа уақытыны келуі және іске далерлануы үшін жеткілікті
мерзімі болуы есептеле отырып жолдануға тиіс.
Іске қатысушы адамдар немесе окілдер келмеген жағдайда сот
келесі сұрақтарды шешеді.
- Оларға сотқа шақыру қағазы табыс етілгендігі;
- Сот отырысына келмеу себептері;
- Іске қатысушы тұлғалардың біреуінен істі оның қатысуынсыз
қарау туралы өтініш түскендігін;
- Сот істе бар материалдар бойынша істі тараптардың
қатысуынсыз олардың өкілдерінің және процестің басқа да
қатысушыларынсыз қарау мүмкін деп тани ма жоқ па.
Істе бар материалдар бойынша шешу мүмкіндігінің бар жоғы
туралы сұрақты сот іске қатысушы тұлғалардың пікірін тыңдағаннан
кейін және прокурордың пікірін тыңдағаннан кейін және прокурордың
қорытындысынан кейін шешеді.[10]
Іске қатысушы адамдардың біреуі сот отырысына келмеген
жағдайда, оларға хабарланғаны жөнінде мәліметтер жоқ болса, істі
қарау кейінге қалдырылады.[11]
Іске қатысушы адамдар келмеу себептері туралы сотқа хабарлауға
және бұл себептердің дәлелді екендігіне дәлелдемелерді ұсынуға
міндетті сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған
іске қатысушы адамдардың қасыбірі келмеген жағдайда сот олардың
келмеу себептерін келесі процессуалдын шешімдердің бірін қабылдау
үшін шешеді:
а) олардың келмеу себептерін дәлелді деп тапқан жағдайда сот
істі қарауды басқа сот отырысына қалдыру туралы ұйғарым шығарады;
б) іске қатысушы тұлғалардың бірінің келмеу себептерін дәлелсіз
деп тапса ол істі олардың қатысуынсыз қарауға құқылы.
Басқа сөзбен айтқанда тиісті түрде хабарландырылған іске
қатысушылардың дәлелсіз себептермен келмеген әрбір жағдайда сот
істің нақты мән-жайларына байланысты істі қарауды кейінге қалдыруды
не істі мәні бойынша қараудың шешеді.
Жауапкер сот отырысына келмеген жағдайда сот істі сырттай
жүргізу тәртібімен келесі шарттар болған кезде қарауға құқылы:
1. жауапкер отырыстың орны мен уақыты туралы тиісті түрде
хабарланған;
2. жауапкер келмей қалудың дәлелді себептерін хабарламады
(мыалы, келмеу себептері туралы мәлімет мүлде жоқ және сот
оның себептерін дәлелсіз деп санайды, не жауапкер, іс
бойынша өндірісті қасақана созып отыр деген);
3. жауапкер істі өзі жоқта қарауды сұрамаған;
4. талап қоюшы бұған қарсылық білдірмесе.
Тараптар соттан істі олардың қатысуынсыз қарау және оларға
шешімнің көшірмесін жіберу туралы жазбаша өтінуге құқылы. Егер бұл
істің мән-жайлары бойынша қажет болса сот тараптардың сот отырысына
қатысуын міндетті деп тани алады.
Сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланған іске
қатысушының окілінің келмеуі істі қарауға кедері бола алмайды.
Прокурордың өзінің арызы бойынша қозғалған іске және міндетті
түрде прокурордың қатысуы бойынша қаралатын істер бойынша оның
дәлелсіз себептермен келмеуі істі қарауды кейінге қалдыруға негіз
болып табылады.
Сот отырысына куәнің, сарапшының маманның аудармашының келмеу
салдарлары. Сот отырысына куә, сарапшы, маман келмеген жағдайда сот
іске қатысушы адамдардың істі олар жоқта қарау мүмкіндігі туралы
пікірін тыңдап, сотта іс қарауды жолғастыру немесе оны кейінге
қалдыру туралы ұйғарым шығарады.
Сотта іс қарауға куәнің келмеуі салдарынан істі қарау кейінгі
қалдырса, азаматтық істің куә білетін мән-жайлар туралы
мәліметтердің маңыздылығы ескеріледі.
Сарапшының келмеуі істі қарауды кейінге қалдыруға мысалы келесі
жағдайларда себеп болады. Сот сарапшының берген қорытындысына күмән
келтірсе оның жазбаша қорытындысының кейбір жағдайлары бойынша
сарапшының түсініктемесі керек болса, сарапшы қорытындысы мен іс
бойынша жиналған басқа да материалдарының арасында қаншылық тұса.
аудармашы келмеген жағдайда сот басқа аудармашымен ауыстыру мүмкін
болмаған жағдайда істі кейінге қалдыру жұр ұйғарым шығарады.
Егер шығарылған куә, сарапшы маман немесе аудармашы сот
дәлелді емес деп тапқан себептер бойынша келмесе, олар әкімшілік
құқық бұзушылық туралы заңдарға сәйкес әкімшілік жазаға тартылуы
мүмкін. Олар сондай-ақ ҚР АІЖК-ң 120 бабына сәйкес мәжбүрлеп
келтірілуі де мүмкін. Сотта айғақ беруден бас тартқалы немесе
жайтар ғана үшін куә ҚР АІЖК-ң 17 бабында көзделген жағдайларды
қоспағанда ҚР ҚК-ң 353 бабына сәйкес қылмыстық жауаптылықта
болады.[12]
Заңға сәйкес ешкім де өзіне жұбайына (заибына) және ауқымы
заңмен айқындалған жақын тұыстарына сонымен қатар діни қызметшілер
тәубаға келіп өздеріне сенім білдірілген адамға қарсы куәлік беруге
міндетті емес.[13]
АІЖК көзделген жағдайларда, сондай-ақ егер сот процеске
қатысушылардың біреуінің келмеуі, қарсы талап қою, қосымша
дәлелдемелер ұсыну немесе талап ету, іске қатыстыруға басқа
адамдарды тарту қажеттігі өзге де әлдеқандай іс жүргізу әрекеттерін
жасау қажеттігі салдарынан істі осы сот отырысында қарау мүмкін
емес деп тапса, істі қарауды кейінге қалдыруға жол беріледі.
Іс кейінге қалдырылған кезде істің жаңа сот отырысында
шешілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін уақыт ескеріле отырып,
жаңа сот отырысының күні белгіленеді. Бұл жөнінде келген адамдарға
қол қалдырылып хабарланады келмеген және процеске қатысуға жанадан
тартылған адамдарға жаңа сот отырысының уақыты мен орны туралы
шақыру қағазы (хабар) жіберіледі.
Істі қарау кейінге қалдырылған кезде куәлардан жауап алу. Істі
қарау кейінге қалдырылған кезде куәлардан жауап алу мүмкіндігі
туралы нормалардың өзіндік түрлік мақсаты бар. Олар куә ретінде
шақырылатын азаматтардың уақытын үнемдеу үшін осы куәлардың келмеуі
салдарынан істі қамтадан кейінге қалдырудың алдын алу үшін керек.
Ақыр аяғында соттың сәйкесінше процессуалдық әрекеттері істі дұрыс
және уақытылы шешуге қол жеткізуге қызмет етуі керек.
Істі қарау кейінге қалдырылған кезде куәлардан жауап алу
соттың міндеті емес құқығы болып табылады.
Егер сот отырысына тараптар қатысып отырыса, онда істі қарау
кейінге қалдырылған кезде сот келген куәлардан жауап алуға құқылы,
жауап алу АІЖК-ң 196-199 баптарындағы тәртіппен жүргізіледі куәларды
жаңа сот отырысына екінші рет шақыруға қажет болған жағдайларда
ғана жол беріледі.
Сарапшы мен маманға олардың құқықтары мен міндеттерін
түсіндіру. Төрағалық етуші сарапшы мен маманға АІЖК-ң 92 бабында
және 99 бабының 3 және 3 бөлімдерінде көрсетілген құқықтары мен
міндеттерін түсіндіреді.
Төрағалық етуші сарапшыға көрінеу жалған қорытынды бергені үшін
қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігі туралы ескертеді,
ол туралы сарапшыдан қолхат алынады, қолхат сот отырысының
хаттамасына қоса тіркеледі.
Маманға кортнеу жалған кеңестер (түсіндірме) бергені үшін
қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілмейді.

2.2. Істі мәні бойынша қарау.
Дәлелдемелерді зерттеу тәртібі.

Сот істі осы сот отырысында қарау үшін қажетті жағдайлардың
бар екендігін анықтағаннан кейін оның екінші бөліміне көшеді.
Істі мәні бойынша қарау сот талқылауының негізгі бөлімі болып
табылады. Сот талқылауының бұл бөлімінің мазмұны болып
дәлелдемелерді зерттеу танылады. Істі мәні бойынша қараған кезде
сот іс бойынша барлық дәлелдемелерді зерттейді, тараптардың шынайы
құқықтары мен өзара, қатынасын анықтайды, іс бойынша объективті
шындықты анықтайды.[14]
Істің мән-жайларын зерттеу процесінде әділсоттылықтың
демократизмі толық корініс табады. Мұндай азаматтық процестің барлық
қағидалары корініс табады.
Істі қарау жиімдірек және жылдамырақ болуы үшін сот іске
маңызы бар фактілердің, оларды зерттеусіз істі дұрыс шешу мүмкін
емес дәлелдемелердің шегін анықтауы керек.[15]
Сот талқылауының бұл бөлімінде жүзеге асырылатын сот отырысының
процессуалдық әрекеттері АІЖК-ң 192-210 баптарымен реттелген.
Бұл бөлімнің негізгі мақсаты бірінші кезекте талаптық
фактілердің бар не жоғын негіздейтін дәлелдемелерді зерттеу жолымен
азаматтық істің мән-жайларын анықтау болып табылады. Істі мәні
бойынша қарау сотқа жүргізілген дәлелдемелерді соттық зерттеу және
анықталған заңи фактілер мен істің басқа да мән-жайларының
негізінде тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтауға мүмкіндік
береді.
Істі мәні бойынша қараудың тағы бір мақсаты дау
субъектілерінің құқық туралы диспозитивтік өкілеттіктеріне сәйкес
байланысты дауласушы субъектілердің ерік білдіруіне сәйкес процесті
аяқтау мүмкіндігін анықтау болып табылады.
Сот талқылауының екінші бөлімі әрекеттерді жүзеге асыру туралы
сұрақтарды анықтаумен басталады. Төрағалық етуші талап қоюшының өз
талаптарын қолдайтын қолдамайтының жауапкер талап қоюшының талаптарын
мойындайтын мойындамайтының және тараптардың істі бітімгершілік
келісіммен аяқтайтын қаламаштыны туралы мәселелерді анықтауы керек.
Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға алимент өндіру істері
бойынша бітілегершілік келісімге келуге жол беріледі, бірақ ол
алимент толеу міндеті мен оны төлеу тәртібіне ғана қатысты болуы
мүмкін, бірақ алимент көлеміне емес, өйткені ол заңмен анықталып
бекітілген болып табылады.[16]
Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы туралы арызы,
жауапкердің талап қоюды мойындауы немесе тараптардың бітімгершілік
келісімның шарттары сот отырысының хаттамасына енгізіледі және
оларға тиісінше талап қоюшы, жауапкер немесе екі тарап қол қояды.
Мойындауы немесе тараптардың бітімгершілік келісімі сотқа жолданған
жазбаша арыздара жазылса, олар іске қоса тіркеледі, бұл туралы сот
отырысының хаттамасында көрсетіледі.
Талап қоюдан бас тарту қабылданғанға не талап қою
мойындалғанға немесе тараптардың бітілегершілік келісімі бекітілгенге
дейін сот талап қоюшыға, жауапкерге немесе тараптарға тиісті іс
жүргізу әрекеттерінің салдарын түсіндіреді.
Талап қоюдан бас тартуды қабылдау немесе тараптардың
бітімгершілік келісімін бекіту туралы сот ұйғарым шығарады. Сол
арқылы осымен бір мезгілде іс бойынша іс жүргізу тоқтатылады.
Ұйғарымда тараптардың сот бекітетін бітілегершілік келісімінің
шарттары көрсетілуі тиіс. Осымен сот талқылауы аяқталады, сот
дәлелдемелерді зерттелейді және істің фактілі мән-жайлары
анықтамайды. Іс бойынша өндірісті тоқтату туралы ұйғарым шығару
арқылы іс жүргізуді тоқтату осыған тең талаптар бойынша сотқа
жүгінуге кедергі болады. Заң бұл жағдайда сол тараптар арасындағы,
сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша екінші
рет сотқа жүгінуге жол берілмейтіндігін білдіреді.
Жауапкер талап қоюды мойындағанда және оны қабылдаған кезде
сот мәлімденген талаптарды қанағаттандыру туралы шешім шығарады. Бұл
жағдайда сот шешімінде жауапкердің талапты мойындағандығы және оны
соттың қабылдағандығы ғана көрсетілуі мүмкін, яғни сот істің мән-
жайын анықтамай-ақ талапкердің пайдасына шешім шығарады.
Жоғарыда аталған негіздер бойынша азаматтық істі аяқтау, істің
барысы туралы материалдық құқықтық мүддай тұлғалардың еркін ерік
білдірулерімен сәйкес аяқталады.
Соттар бітілегершілік келісімді бекіткен кезде бітілегершілік
келісімнің шарттарын олар заңға сәйкес болуы үшін және басқа
адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауы үшін тексеруі
сонымен қатар бітімгершілік келісімді орындау процесінде жаңа
даулардың туу мүмкіндігін жоққа шығаратындай нақты және анық
нысанда бітімгершілік келісімін рәсімдеуді қамтамасыз етуі керек.
Сот талап қоюының талап қоюдан бас тартуын талап қоюды
мойындауын қабылдамаған немесе бітімгершілік келісімін бекітпеген
жағдайда сот бұл туралы ұйғарым шығарады және істі мәні бойынша
қарауды жалғастырады. Егер бұл іс әрекеттер заңға қайлы келсе
немесе басқа біреулердің құқықтарын бастандықтарын және заңмен
қорғалатын мүдделерін бұзатын болса, сот талап қоюшының талап
қоюдан бас тартуын жауапкердің талап қоюды тануын қабылдамайды және
тараптардың бітімгершілік келісімін бекітленді. Сот талқылауы
сонымен қатар талап қоюшы талаптардың қолдаған жауапкер талап
арызды мойындамаған, тараптар бітімгершілік келісімге келмеген
жағдайда да жалғасады.
Істі мәні бойынша қарау жалғасқан жағдайда сот іске қатысушы
тұлғалардың түсініктемелерін тыңдауға көшеді. Тараптардың және үшінші
тұлғалардың түсініктемелері азаматтық іс бойынша дәлелдемелердің бір
түрі болып табылады. Олардың түсініктемелері іс бойынша жиналған
басқа да дәлелдемелермен қатар тексеріледі және бағаланады.
Сот тараптардың үшінші тұлғалардың және іске қатысушы басқа да
тұлғалардың түсініктемелерін тыңдай отырып, іске маңызы бар мән-
жайлар шеңберін сонымен қатар осы мән-жайлардың бар не жоқ
екендігін анықтауға қажетті дәлелдемелердің шеңберін анықтайды және
нақтылайды.
АІЖК-ң 194-бабының 1 бөлімінде соттың іске қатысушы адамдардың
түсініктемелерін тыңдау кезектілігі көрсетілген. Бұл тәртіп үшін
міндетті болып табылады. Сот ең алдымен талап қоюшының одан кейін
оның тарапынан қатысатын үшінші тұлғаның түсініктемелерін тыңдайды.
Осылардан кейін жауапкердің және оның тарапынан қатысатын
үшінші тұлғалардың түсініктемелері тыңдалады.
Процесстің аталған қатысушыларынан кейін түсініктеме үшін сөз
дау пәніне дербес талап қоюшы үшінші тұлғаларға беріледі.
Прокурор, мемлекеттік органдардың жергілікті өзін-өзі басқару
органдардың, ұйымдардың өкілдері, сотқа басқа адамдардың құқықтары
мен мүдделерін қорғауға жүгінген адамдар бірінші болып
түсініктемелер береді.
Тараптар, үшінші тұлғалар және іске қатысушы басқа да адамдар
түсініктемебере отырып, өздерінің талаптарын және қарсылықтарын
нақтылайды және толықтырады. Аталған адамдардың түсініктемелері
жазбаша және ауызша болуы мүмкін.
Тарап түсініктеме бере отырып екінші тараптың талабын және
қарсылығын негіздейтін фактілерді мойындауы мүмкін. Тараптың
фактілерді мойындауы екінші тараптың осы фактілерді одан әрі
дәлелдеу қажеттілігінен босатылады. Талап мойындаған факті сот
отырысының хаттамасына енгізіледі және оған фактіні мойындаған тарап
қол қояды. Егер фактіні тану жазбаша өтініші баяндалған болса, ол
іске қосып тіркеледі.
Фактіні тануды талапты танудан ажырату керек. Біріншіден,
тараптың фактілерді тануы азаматтық іс бойынша дәлелдеме ретінде
қаралады, талапты тану – бұл АІЖК-ң 49 б. 2 бөлімінің
талаптарының сақтай отырып шешімді. Талапкер пайдасына шығара
отырып, істі сотта қарауды аяқтауға әкелетін жауапкердің
басқарушылық әрекеті.
Екіншіден фактіні тану тараптың талап арыз талаптарын
мойындағандығын білдірмейді, тарап талап арызға қарсылық білдіруі
мүмкін. Мысалы деген азамат жалдау шартының жасалғандығын мойындай
отырып, бір мезгілде қарыз самасы қайтарылды деп айтуы мүмкін
(қайтару мезгілін және мән-жайын көрсете отырып) және сәйкесінше
дәлелдемелер ұсынуы мүмкін.
Егер фактілерді тану шындығында болған мән-жайды жасыру
мақсатымен не алдаудың, күш қолданудың, қорқытудың немесе таңылудың
әсерінен жасалғандығына соттың күдігі болса, ол тануды қабылдамай,
ол туралы ұйғарым шығарады. Мұндай жағдайда осы фактілер жалпы
негізде дәлелденуге тиіс.
Іске қатысушы адамдар бір-біріне сұрақтар қоюға құқылы.
Сұрақтар іске қатысушы әрбір адамның түсініктемелерін тыңдағаннан
кейін қойылады. Сұрақтарды қою тәртібін және олардың мазмұнын
төрағалық етуші қадағалап отырады. Сот қаралып отырған талап
шегінен шығатын сұрақтарды не жетекші сипаттағы сұрақтарды
қабылдамай тастауға міндетті. Төрағалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Бірінші сатыдағы сотта қылмыстық істі қарау
Азаматтық процестік құқықтың міндеттері
Сот отырысына келмеу себептері
Сот қаулыларына апелляциялық шағымданудың қағидалары
АЗАМАТТЫҚ ІСТІ СОТТЫҢ ТАЛҚЫСЫНА ӘЗІРЛЕУ
АППЕЛЯІЩЯЛЫК 1C ЖҮРГІЗУ
Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу міндеттері
Басты сот талқылаулары
Сот тергеуіндегі дәлелдемелерді зерттеу
Пәндер