Турбо Паскаль программалау тілі және оның негізгі операторлары



Кіріспе
I. Теориялық бөлім
1.1. Турбо Паскаль программалау тілі және оның негізгі операторлары
1.2. Тұрақтылар мен айнымалылар
1.3. Массив типінің сипатталуы
1.4 Циклдік өңдеу операциялары.
1.5 Жол типінің сипатталуы
1.6 Процедуралар мен функциялар.
1.7 Мәліметтердің жиын типін сипаттау
1.8 Мәліметтердің жазба типін сипаттау
1.9 Файлдар мен сілтемелер
II. Бағдарламаның баяндалуы
1.1. Есептер қойылымы.
1.2. Есептер блох.схемасы
2. Программаның сипатталуы
2.1. Жалпы мағлұматтар
2.2. Функционалды қолданылуы
2.3. Қолданылған техникалық құралдар
2.4. Программаның шақырылуы мен жүктелуі
2.5. Енгізілетін және шақырылатын мәліметтер.
2.6. Бағдарламалар листингі.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
1970ж. программалау әлемінде кемінде екі маңызды оқиға болды, олар: UNIX- операциялық жүйесінің және Паскаль атты жаңа программалау тілінің пайда болуы. Бұл тілді алғашқыда жалпы программалауды оқыту мақсатымен құрастырған Швейцариядағы жоғарғы политехникалық мектебінің Инфрматика институтының директоры, профессор Никлаус Вирт (1968-1971жж). Жаңа программалау тіліне француз математигі, физигі және философы, көрнекті ғалым Блез Паскаль (1623-1662жж) есімі берілді.
Кейіннен осы тілдің бірталай түрлері және толықтамалары пайда болды. Олардың ішінен кеңінен таралған BORLAND компаниясының Turbo Pascal – пакеті. Программа құрастырудың сапасымен жылдамдығын арттыру үшін 80-ші жылдардың ортасында Турбо Паскаль атты программалау жүйесі дүниеге келді. Турбо деген сөз Borland International.Inc. (АҚШ) фирмасының сату таңбасының бейнеленуі.
Сонымен қатар Turbo Pascal тілі компьютерлік графиканы пайдалануға, дыбыспен жұмыс істеуге, жүйелік программалауға үлкен мүмкіндіктер береді.

Мазмұны

Кіріспе
I. Теориялық бөлім
1.1. Турбо Паскаль программалау тілі және оның негізгі операторлары
1.2. Тұрақтылар мен айнымалылар
1.3. Массив типінің сипатталуы
1.4 Циклдік өңдеу операциялары.
1.5 Жол типінің сипатталуы
1.6 Процедуралар мен функциялар.
1.7 Мәліметтердің жиын типін сипаттау
1.8 Мәліметтердің жазба типін сипаттау
1.9 Файлдар мен сілтемелер
II. Бағдарламаның баяндалуы
1. Есептер қойылымы.
2. Есептер блох-схемасы
1. Программаның сипатталуы
1. Жалпы мағлұматтар
2. Функционалды қолданылуы
3. Қолданылған техникалық құралдар
4. Программаның шақырылуы мен жүктелуі
5. Енгізілетін және шақырылатын мәліметтер.
6. Бағдарламалар листингі.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Паскаль программалау тілі

1970ж. программалау әлемінде кемінде екі маңызды оқиға болды, олар: UNIX-
операциялық жүйесінің және Паскаль атты жаңа программалау тілінің пайда
болуы. Бұл тілді алғашқыда жалпы программалауды оқыту мақсатымен
құрастырған Швейцариядағы жоғарғы политехникалық мектебінің Инфрматика
институтының директоры, профессор Никлаус Вирт (1968-1971жж). Жаңа
программалау тіліне француз математигі, физигі және философы, көрнекті
ғалым Блез Паскаль (1623-1662жж) есімі берілді.
Кейіннен осы тілдің бірталай түрлері және толықтамалары пайда болды.
Олардың ішінен кеңінен таралған BORLAND компаниясының Turbo Pascal –
пакеті. Программа құрастырудың сапасымен жылдамдығын арттыру үшін 80-ші
жылдардың ортасында Турбо Паскаль атты программалау жүйесі дүниеге келді.
Турбо деген сөз Borland International.Inc. (АҚШ) фирмасының сату таңбасының
бейнеленуі.
Сонымен қатар Turbo Pascal тілі компьютерлік графиканы пайдалануға,
дыбыспен жұмыс істеуге, жүйелік программалауға үлкен мүмкіндіктер береді.

Турбо Паскаль тілінің негізгі операторлары

Меншіктеу операторы. Кез келген программалау тілінің негізгі
операторларының бірі болып меншіктеу операторы саналады. Меншіктеу белгісі
(:=). Бұл оператор бойынша берілген өрнектің нәтижесі табылып, оның мәні
белгілі бір айнымалыға меншіктеледі.
Жазылу жалпы түрі: айнымалы := өрнек;
Енгізу – шығару операторлары.
Компьютерде ең қарапайым есепті шығарғанда да мәліметтерді енгізу –
шығару операцияларынсыз тынбайды. Кез – келген программа қандай да бір
мәліметтерді өңдеу негізінде нәтиже береді. Өңделетін мәліметтер сыртқы
құрылымдардан шығып, компьютер жадына орналастырылады, ал нәтиже,
керісінше, жадыдан сыртқы құрылымға беріледі. Жалпы, файлдардан
мәліметтерді оқу және оларға жазу әрекеттерін read, write, writeln
операторлары орындайды. Оқу операторы Read – программада өңделетін
мәліметтердің берілген мәндерін оқып, операторда көрсетілген айнымалыларға
меншіктейді.
Жазылуы: Read (айнымалылардың идентификаторлары);
Readln операторы Read операторындай, бірақ Readln операторлары қатар
жазылса, әрбір келесі енгізу операторына қажетті мәндер міндетті түрде жаңа
жолдан терілуі керек.

Жазу операторы Write программадағы өрнекткрдің, мәліметтерді өңдеудің
нәтижесін экранға шығарады.
Жазылу жалпы түрі: Write (өрнектер);
Writeln операторы Write операторы тәрізді, тек оператордағы соңғы
мәлімет экранға жазылғаннан соң, курсор келесі жолдың басына орналасады.
Егер де есептеу процесінің орындалу барысы қандай да бір шарттың
орындалуына байланысты болса, онда бұл процес тармақталу процесі болып
табылады. Ал бұл есептеу процесінің алгоритмі тармақталу құрылымды және де
әрекеттердің бағыты олардың тармақтары деп аталады.
Тармақталу операторы көрсетілген шартқа байланысты құрамына кіретін
операторлардың орындалуорындалмауын қамтамасыз етеді.
Жазылуы: if шарт then 1 оператор else 2 оператор;
Мұндағы: - 1 оператор, 2 оператор – жай немесе құрама операторлар болуы
мүмкін.
- шарт – кез келген қатынас операциясы немесе логикалық өрнек.
Бұл оператордың жұмысы төменгі суретте көрсетілген.

Тұрақтылар мен айнымалылар
Басқа да программалау тілдеріндегідей Паскаль тілінде мәліметтер
тұрақтылар мен айнымалылар деп қарастырылады. Программада тұрақтылар мен
айнымалылар идентификаторлармен белгіленеді де кейінен программа жазылу
барысында осы берілген атау бойынша қолданылады.
Программа орындалу барысында көрсетілген қалпынан өзгермейтін
шамаларды тұрақтылар деп атайды.
Паскаль тілінде түрлі тұрақтылар қарастырылады, олар: бүтін, нақты,
16 – разрядты, логикалық, символдық, символдық тізбек, жиын құрылысшысы,
көрсеткіш.
Бүтін тұрақтылар нүктесіз, нақты түрақтылар нүктені пайдаланып
жазылады. Машина жадына (-2147483648 ; +2147483647) аралығында берілген
бүтін сандарды жазу мүмкін.
Нақты сандарды бейнелеуде ондық белгісі деп аталатын нүкте “.”
Символы және нақты сандардың мәндерінің оң немесе теріс екендігін көрсету
үшін кескіндердің алдына “+” немесе “-” таңбасы жазылады. Нақты
тұрақтылардың жылжымалы нүктелі (экспоненциалдық) түрінде берілуі мүмкін,
мысалы:

Математикалық жазылуы Экранға
шығарылу түрі
145
145
-0,32564
-.32564
3,14•105
3.14Е5
-17•10-2
-17Е-2

Логикалық тұрақтылар - бұл не FALSE (жалған), неTRUE (ақиқат) мәнді
тұрақтылар.
Символдық тұрақтылар – бұл екі жағынан апостроф (‘ ’) символдарына
алынған кез – келген символ.
Символдық тізбек – бұл екі жағынан апостроф (‘ ’) символдарына
алынған символдар тізбегі.
Жиын құрылысшы – екі жағынан квадрат жақшалармен шектелген жиын
элементтерінің тізімі.
Барлық тұрақтылар программаның const деген қызметші сөзінен
басталатын арнайы бөлімінде сипатталануы қажет.
Программа орындалу барысында мәндер өзгеретін шамалар айнымалылар деп
аталады. Айнымалылар да, тұрақтылар сияқты программаның var деген қызметші
сөзінен басталатын арнайы бөлімінде сипатталынуы тиіс.
Айнымалылар сипаттамасының жалпы түрі:
Var
идентификатор : түрі;
мысалы:
var
X,Y,Z: integer;
Max, min: real;

Типті анықтау дегеніміз – ол объектілердің компьютердің ішкі
кескіндеуін және осы типтерге рұқсат етілген әрекеттерді білдіреді, мысалы:
• Integer типі – компьютердің ішкі бейнелеуінде 2 байт орын алады, осы
типті сандардың өзгеру диапазоны: -32768 ден –32767- дейін болып
саналады;
• Real типі – нақты мәліметтер – 6 байт орын алады, ал мәндерінің
өзгеру диапазоны 2,9Е-39 дан 1,7Е+38;
• Char типі – символдық мәліметтерді анықтайды - 1байт орын алады;
• String типі – символдық тізбекті білдіріп, жадыда (max+1) байт орын
алады, мұндағы max – тізбектегі символдар саны;
• Boolean типі – 1 байт орын алады, мәні FALSE (жалған) немесе TRUE
(ақиқат).

Массив типінің сипатталуы.
Массив дегенiмiз – бiрдей типтi элементтердiң жиыны немесе
айнымалылардың тiзбегi. Оның Паскаль тiлiнде баяндалуы:
TYPE тип аты=array [индекстiк типтердiң тiзбегi] of массив
элементтерiнiң типi;
VAR массив аты: тип аты;
немесе тiкелей
Var массив аты: array [индекстiк типтердiң тiзбегi ] of массив
элементтерiнiң типi ;
Яғни, мұндағы
тип аты - дұрыс идентификатор болуы керек.
индекстiк типтердiң тiзбегi - диапазон типтi. Массив элементтерiнiң
индексiн анықтауға қолданылады.
Массив бiр өлшемдi және екi өлшемдi болып екiге бөлiнедi.

Циклдік өңдеу операциялары.
Математикада, экономикада көптеген есептерді шығару кезеңінде бір
теңдеуді немесе формуланы пайдаланып, ондағы айнымалының өзгеруіне
байланысты бірнеше рет қайталап есептеуге тура келетін сәттер жиі
кездеседі. Осындай қайталанып орындалатын есептеу процесінің белгілі бір
бөліктерін цикл деп атайды.
Паскаль тілінде цикл ұйымдастыру операторларының үш түрі бар:
While (әзір),
Repeat (дейін),
For (параметрлі цикл).
While, Repeat операторлары қайталану саны белгісіз, бірақ циклге кіру
немесе циклден шығу шарттары белгілі жағдайда қолданылады. Егер де
қайталану саны белгілі болса, параметрлі For – пайдаланған жөн.
While – Do операторы, Паскаль тілініңWhile және Do қызметші
сөздерінен, циклдік қайталануды орындау шартынан және цикл денесінен
тұрады.
Жазылуы: While шарт do цикл денесі;
Repeat – Until. Бұл оператор цикл басынан (Repeat), цикл денесінен
және циклден шығу (Until), бөлімдерінен тұрады.

Жазылуы: Repeat цикл денесі Until шарт;

Repeat пен Until қызметші сөздернің арасында жазылған операторлар
цикл денесін құрайды да, бір немесе бірнеше операторлардан тұратын болады.
For – Do, For – Downto. For – Do циклдік операторы қайталану саны
алдын ала белгілі болған жағдайларда қолданадылады. Бұл оператор екі түрде
беріледі.
Жазылуы: 1. For циклдік параметр := алғашқы мән to сщңғы мін do
циклдің денесі;
1. For циклдік параметр := алғашқы мән downto сщңғы мін do
циклдің денесі;

Мәліметтердің жол типін сипаттау.
Жол – дербес компьютердің кодтық кестесінің белгілі бір символдарынан
құрылған тізбек. Өрнектерде қолданғанда жол екі жағынан апострофқа алынып,
жолдық тұрақты ретінде қарастырылады. Жолдың символдар саны (жлдың
ұзындығы) 0- ден 255-ке дейінгі аралықта жатады. Жолдық типті сипаттау
үшін string қызметші сөзі жазылып, тік жақша ішінде қарастырылып отырған
жолдың ең үлкен ұзындығы көрсетіледі.
Жазылуының жалпы түрі:
Type
=string ();
Var
: ;
Var
: string ();
Type
R=string [30];
Var
X,Y :R
Str1 :string[25];
Str2, Str3 :string;
Str4 :string[300]; {ұзындық қатесі, 300255}
Жол типі процедуралар мен функциялар. String типі мәліметтерді
өңдеуде келесі стандартты процедуралар мен функциялар қолданылады.
Функциялар.
COPY (tz, m, n) – tz жолынан m позициясынан бастап n символ бөліп
алады. Егер m – нің мәні жолдың ұзындығынан артық болса, онда функцияның
нәтижесі бос символ болады, егер m255 болса, орындалу барысында қателік
туады.
CONCAT (tz1, tz2, ... , tzN) – tz1, tz2, ... , tzN жолдарын көрсетілген
ретпен біріктіреді. Біріктірілген жолдың ұзындығы 255 – тен аспауы керек.
LENGTH (tz) – tz жолының ұзындығын анықтайды.
Нәтижесі - бүтін сан.
POS(tz1, tz2) – tz1жолы tz2 жолында кездессе, қай позициядан
басталатынын көрсетеді. Нәтиже бүтін типті. tz2 жолында tz1 тізбегі
кездеспесе, онда нәтиже нөлге тең.
STR(F, tz2) – F шамасының сандық мәнін tz символдық жолға айналдыру.
F –тен кейін оның форматы көрсетілуі мүмкін.
Процедуралар.
DELETE (tz, m, n) – tz жолының m позициясынан бастап n символы
өшіріледі.
Егер m255 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Turbo Pascal тілінің операторлары жайлы
Паскаль тілінде сызықтық программалармен жұмыс
Программалау тілі командаларының ортасы
Паскаль тілінің алғашқы түсініктері
Турбо Паскаль бағдарламасының жазу ережелері, құрылымы және тілдің әліпбиі
Turbo Pascal 7.0 интегралдық программалау ортасын пайдалану
Турбо Паскаль тілінде программалау
«Турбо паскаль жүйесінде бір өлшемді массивтерді ұйымдастыру технологиясы»
Turbo Pascal жүйесінде процедураларды ұйымдастыру технологиясы
Turbo Pascal – дің жоғарғы деңгейлі логикалық құрылымы
Пәндер