Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық.методологиялық негіздері ... ... ... ... ... ... .
6
1.1 Темір жол көлігінің экономикалық маңызы мен орны 6
1.2 Қазақстан Республикасы темір жол көлігін мемлекеттік басқару органдары, олардың қызметтері мен экономикалық.әкімшілік механизмдері ... ... ...

13
1.3 Темір жол көлігін мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
30
Қазақстан Республикасы темір жол көлігнің экономикалық жағдайын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
45
2.1 Қазақстандағы темір жолдарды қайта құрылымдаудың нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ..
45
2.2
Қазақстанның 1993.2003 жылдардағы темір жол көлігінің дамуын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
66
Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

93
3.1 Темір жол көлігінің даму перспективалары ... ... ... . 93
3.2 Темір жол көлігін дамытудағы мемлекеттік басқарудың экономикалық.әкімшілік механзимдерін жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

112
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 118
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 121
Қосымшалар
Әлеуметтік бағытталған рыноктық экономикаға өту жағдайындағы мемлекет ролінің мәселесі Қазақстан үшін актуальді болып табылады. Ол әліге дейін дискуссия және түрлі бағалау пәні болып қалады, бірақ экономикалық өсудің міндетті және маңызды құраушысы сияқты белсенді саясатты өткізуге көну керектігі мағыналас.
Қазақстан Республикасының темір жол саласы экономикасы тиімді мемлекеттік реттеудің теориялық және практикалық сұрақтары саланы зерттеу әлі өзіндік зерттеу пәні болмады. Темір жол саласының экономикасын мемлекеттік реттеудің қалыптасуы, басқа рынок біздің мемлекет ерекшелігін ескеретін жаңа ғылыми құрастыруды енгізуді талап етеді. Бұның барлығы осы мәселелерді терең зерттеу қажеттігін алдын ала анықтайды.
Темір жол Қазақстандықтардың өміріне енгелі қашан. Темір жол көлігінсіз ел экономикасын елестету де қиын. Поездар миллиондаған адамдар үшін үйреншікті, әрі қайталанбас қозғалыс құралына айналды. Темір жолдың арқасында Қазақстан тәуелсіздігі қанатын қатайтып, нығая түсті десек қателеспеспіз. Еліміздің темір жол көлігінің үлесіне жалпы жүк айналымының 70%-ы, жолаушы тасымалы айналымының 60%-ы тиіп отыр. Осы жайт, тек темір жол магистралінің бүгінгі жұмысын үлкен жауапкершілікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, оның болашағын байыптылықпен бағдарлап жасауды жүктейді.
Қазақстан темір жолы көлігін реформалау 1997 жылы үш Қазақстандық темір жолды жаңадан құрылған “Қазақстан темір жолы” республикалық мемлекеттік кәсіпорынның құрамына біріктіру және сол мезетте оның құрамында алты жол басқармасын құру арқылы басталған болатын. Құрылған сәттен бастап осы уақытқа дейін “Қазақстан темір жолы”ҰК” ЖАҚ кәсіпорынның қаржылық және өндірістік жағдайын айтарлықтай жақсартқан іс-шаралар кешенін жүргізді. Алайда кәсіпорын жұмысының тиімділігін оңтайландыру және күшейту жөніндегі резервтер негізгі қорларды қайта өндіруге инвестициялық ресурстар тапшылығы активтер мен жұмыс көлемінің үйлеспеуі сияқты саланың құрылымдық проблемаларын шешу үшін жеткіліксіз. Қазіргі кезеңде темір жол көлігін басқару негіздеріне әсер ететін, институционалдық өзгерістер жүргізу, бірқатар нормативтік-құқықтық кесімдерге өзгерістер енгізу, сондай-ақ, реформалар процесін мемлекеттік қолдау қажет. Жолаушылар тасымалын субсидиялау проблемаларын шешу сияқты міндеттер деңгейі және олардың әлеуметтік мәні мемлекеттің тікелей қатысуын талап етеді. Бұл проблемаларды одан әрі тек жалғыз “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ-тың күш салу есебінен шешу Қазақстанның темір жол саласындағы инвестициялық ресурстардың тапшылығы проблемасын жоймайды. Осы инвестициялар негізгі құралдарды жаңартуға, босайтын өндірістік қуаттар мен персонал, соның ішінде күрделі қалпына келтіріп жөндеу, жаңа локомотивтер мен вагондарды жаңғырту және құрастыру жөніндегі зауыттар негізінде жаңа жолдарды салуға тарту қажет.
I. Заңнамалық және құқықтық актілер.
1. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсанындағы Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім).
2. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1шілдедегі Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім).
3. “Қазақстан Республикасының көлік туралы” Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 қыркүйектегі заңы.
4. “Темір жол көлігі туралы” Қазақстан Республикасының 2001жылғы 8 желтоқсанындағы заңы.
5. “Табиғи монополиялар туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі заңы.
6. “Акционерлік қоғам туралы” Қазақстан Республикасының 2003жылғы 13 мамырдағы заңы.

II. Арнайы басылымдар
7. Қазақстан Республикасының теміржол көлігін қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы.
8. Қазақстан Республикасының теміржол көлігін қайта құрылымдаудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы.
9. “Қазақстан темір жолы” республикалық мемлекеттік кәсіпорынның 2001-2004 жылдарға арналған даму жоспары.
10. Темір жол көлігінің 2014 жылға инвестициялық бағдарламасы.
11. Отчет ЗАО НИИ ТК по проекту ТАСИС Поддержка развития политики транзитных коридоров в Республике Казакстана, 2002г.
12. Отчет ЗАО НИИ ТК по проекту Освоение перевозок по международным транспортным коридорам Республики Казакстан, Алматы. 1999г.
ІІІ. Оқу методикалық және ғылыми әдебиеттер
13. Е.Д Атамкулов, К.К.Жангаенин “Железнодорожный транспорт Казакстана” Реструктуризация и пути интеграции в мировую экономику. Алматы Экономика
14. А.Омаров “Қазақстан темір жолдарының тарихы” Алматы: “Бауыр және Ко” 1999ж
15. Пивень К.Д “История развития транспорта и коммуникации Казакстана” Алматы 2000г.
16.Е.Ж.Калиев “Вековая деятельность железнодорожного транспорта Казакстана” Алматы: РГП “Қазақстан темір жолы”. 1997г
17. А.Омаров “Дорога дружбы и сотрудничество”
Алматы 1996
18. Б.Жармақов “Стальная магистраль республики” Алматы 2003
19.Қазақстан темір жолы № 1,2,3,4,5. 2004ж.
20.Железнодорожный транспорт № 4. 2004г.

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 109 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің
теориялық-методологиялық негіздері ... ... ... ... ... ... . 6
1.1 Темір жол көлігінің экономикалық маңызы мен орны 6
1.2 Қазақстан Республикасы темір жол көлігін мемлекеттік басқару
органдары, олардың қызметтері мен экономикалық-әкімшілік
механизмдері ... ... ... 13
1.3 Темір жол көлігін мемлекеттік реттеудің шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 30
II Қазақстан Республикасы темір жол көлігнің экономикалық жағдайын
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 45
2.1 Қазақстандағы темір жолдарды қайта құрылымдаудың
нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... .. 45
2.2 Қазақстанның 1993-2003 жылдардағы темір жол көлігінің
дамуын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66
III Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің экономикалық
тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
93
3.1 Темір жол көлігінің даму перспективалары ... ... ... . 93
3.2 Темір жол көлігін дамытудағы мемлекеттік басқарудың
экономикалық-әкімшілік механзимдерін жетілдіру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 112
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 118
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 121
Қосымшалар

КІРІСПЕ

Әлеуметтік бағытталған рыноктық экономикаға өту жағдайындағы мемлекет
ролінің мәселесі Қазақстан үшін актуальді болып табылады. Ол әліге дейін
дискуссия және түрлі бағалау пәні болып қалады, бірақ экономикалық өсудің
міндетті және маңызды құраушысы сияқты белсенді саясатты өткізуге көну
керектігі мағыналас.
Қазақстан Республикасының темір жол саласы экономикасы тиімді
мемлекеттік реттеудің теориялық және практикалық сұрақтары саланы зерттеу
әлі өзіндік зерттеу пәні болмады. Темір жол саласының экономикасын
мемлекеттік реттеудің қалыптасуы, басқа рынок біздің мемлекет ерекшелігін
ескеретін жаңа ғылыми құрастыруды енгізуді талап етеді. Бұның барлығы осы
мәселелерді терең зерттеу қажеттігін алдын ала анықтайды.
Темір жол Қазақстандықтардың өміріне енгелі қашан. Темір жол
көлігінсіз ел экономикасын елестету де қиын. Поездар миллиондаған адамдар
үшін үйреншікті, әрі қайталанбас қозғалыс құралына айналды. Темір жолдың
арқасында Қазақстан тәуелсіздігі қанатын қатайтып, нығая түсті десек
қателеспеспіз. Еліміздің темір жол көлігінің үлесіне жалпы жүк айналымының
70%-ы, жолаушы тасымалы айналымының 60%-ы тиіп отыр. Осы жайт, тек темір
жол магистралінің бүгінгі жұмысын үлкен жауапкершілікпен қамтамасыз етіп
қана қоймай, оның болашағын байыптылықпен бағдарлап жасауды жүктейді.
Қазақстан темір жолы көлігін реформалау 1997 жылы үш Қазақстандық
темір жолды жаңадан құрылған “Қазақстан темір жолы” республикалық
мемлекеттік кәсіпорынның құрамына біріктіру және сол мезетте оның құрамында
алты жол басқармасын құру арқылы басталған болатын. Құрылған сәттен бастап
осы уақытқа дейін “Қазақстан темір жолы”ҰК” ЖАҚ кәсіпорынның қаржылық және
өндірістік жағдайын айтарлықтай жақсартқан іс-шаралар кешенін жүргізді.
Алайда кәсіпорын жұмысының тиімділігін оңтайландыру және күшейту жөніндегі
резервтер негізгі қорларды қайта өндіруге инвестициялық ресурстар тапшылығы
активтер мен жұмыс көлемінің үйлеспеуі сияқты саланың құрылымдық
проблемаларын шешу үшін жеткіліксіз. Қазіргі кезеңде темір жол көлігін
басқару негіздеріне әсер ететін, институционалдық өзгерістер жүргізу,
бірқатар нормативтік-құқықтық кесімдерге өзгерістер енгізу, сондай-ақ,
реформалар процесін мемлекеттік қолдау қажет. Жолаушылар тасымалын
субсидиялау проблемаларын шешу сияқты міндеттер деңгейі және олардың
әлеуметтік мәні мемлекеттің тікелей қатысуын талап етеді. Бұл проблемаларды
одан әрі тек жалғыз “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ-тың күш салу есебінен
шешу Қазақстанның темір жол саласындағы инвестициялық ресурстардың
тапшылығы проблемасын жоймайды. Осы инвестициялар негізгі құралдарды
жаңартуға, босайтын өндірістік қуаттар мен персонал, соның ішінде күрделі
қалпына келтіріп жөндеу, жаңа локомотивтер мен вагондарды жаңғырту және
құрастыру жөніндегі зауыттар негізінде жаңа жолдарды салуға тарту қажет.
Әлбетте, темір жол көлігін жан жақты жаңартуға байланысты жүргізіліп
отырған саясат оның болашақтағы рөлін арттыра түседі.
Саланың тиімділігі өсіп, ХХІ ғасырға сай дами түсетін болады.
Нәтижесінде, темір жол Қазақстан экономикасының өсіп келе жатқан
талаптарына толығымен жауап беретін болады. Еліміздің бірегей транзиттік
әлеуетін жүзеге асыруға қолайлы жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Отандық
және шет елдік инвесторлар салаға аударған қаржылай салымдарының бағасын
бағалай алады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты рыноктық қатынастарға өту жағдайында темір
жол көлігі саласында экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық
методологиялық мәселелері негізінде және оның тиімділігін жоғарлату бойынша
ұсыныстар тәжірибесін құрастыру болып табылады. Осы мақсат келесі
міндеттерді шешуге бағытталған:
• Экономикалық дамыған темір жол көлігі саласы экономикасын
мемлекеттік реттеу тәжірибесін қолдану арқылы дамыту;
• Қазақстан Респубикасында темір жол көлігі саласының
қазіргі жағдайын және даму тенденциясын талдау;
• темір жол көлігі саласы үшін стратегиялық жоспарлау
методологиясын қарастыру;
• мемлекеттің қатысуымен темір жол саласындағы
кәсіпорындарды басқару механизімін қарастыру;
• темір жол көлігі саласы экономикасын мемлекеттік реттеуді
жетілдіру және оның қызмет етуінің тиімділігін қамтамасыз
ету жолдары мен бағыттарын анықтау.
Зертеудің теориясын және методологиясын зерттеу барысында шетелдік
және отандық оқымысты экономистердің фундаменталды еңбектері, экономикалық
теория бойынша ғылыми жұмыстар, экономиканы мемлекеттік реттеудің теориясы
мен методологиясы бойынша арнайы әдебиеттер қызмет етті.
Жүргізілген зерттеудің теориялық мағыналылығы ғылыми қызметтің және
Қазақстан Республикасында экономиканы мемлекеттік реттеу және оның
тиімділігін негіздеу сұрақтары қорытылды.
Дипломдық зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік мағыналылығы қазіргі
кезеңдегі темір жол көлігі саласы іскерлігінің ұсынысында және осы сала
экономикасын мемлекеттік реттеудің тиімді әдістері мен механизімдерін
қарастыруда анықталады.
Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеу тиімділігінің талдауы
теориялық қорытынды мен методологиялық тәсілдер мен темір жол көлігі саласы
стратегиялық субъектілерін дамыту мәселелері бойынша алдағы ғылыми
зерттеулерге негіз салуына қызмет етуі мүмкін. Жоғарыдағы айтылған
ойлардың мазмұны, менің ғылыми жұмысымның өзектілігін және оны таңдауыма
негіз бола алады деп санаймын.

І Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-
методологиялық негіздері
1. Темір жол көлігінің экономикалық маңызы мен орны

Көлік экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі
болып саналады. Қазақстанның теміржол, автомобиль, әуе, ішкі су және құбыр
көлігі кіретін жеткілікті түрде дамыған көлік жүйесі бар. Қазақстанның
көлігі республика халық шаруашылығы салалық кешендерінің (агроөнеркәсіп,
отын- энергетика, тау-кен металлургия, құрылыс және т.б) қалыптасуын
ескере отырып, экономика салалары мен өндіріс түрлерінің ғана емес,
аумақтық кешендерінің өзара байланысын қамтамасыз ете отырып дамыды.
Республикамызда барлық көлік түрлерінің ең динамикалық дамуы өткен
ғасырдың 70-80 жылдары болды. 90-шы жылдары басталған ТМД елдеріндегі
экономикалық құлдырау барлық көлік түрлері үшін тасымал көлемінің жалпы
төмендеуіне әкеліп соқты. Көлемдердің тұрақтануы мен өсуі 1999 жылдың
соңынан басталды.
Қазақстан экономикасыеың шикізаттық бағдары болуына байланысты
Қазақстанның теміржол көлігі Қазақстан Республикасының көліктік
коммуникациялық кешенінде маңызды рөлді ойнайды. Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес 2003 жылы барлық көлік
түрлерінің жүк айналымындағы темір жол көлігінің үлесі 70%-ды құрап отыр.
Автомобиль көлігімен тасымалдау үшін тиімсіз болатын көмір, астық,
мұнай, кен, минералды тыңайтқыштар және т.б сияқты жаппай үйме және құймалы
жүктер тасымалдауға ұсынылатын негізгі тауарлық өнім болып табылады.
Қазақстанның географиялық жағдайы (теңізге тікелей шығатын жолдың, кеме
жүретін өзендердің болмауы), аумағының кеңдігі, өндіріс пен өндіріс
күштерінің орналасу құрылымы, автожол инфрақұрылымының дамымауы теміржол
көлігінің ел экономикасындағы рөлін айрықша маңызды етеді. Бұл рөл таяу
келешекте де сақталады.
Еуразияның орталығында орналасқан Қазақстанның бұған қосымша көліктік
әлеуеті - өз инфрақұрылымы арқылы 5 халықаралық теміржолдың көлік
каридорлары мен транзит өткізуді арттыру мүмкіндігі бар. Олардың негізгісі
Трансазия маршруты болып табылады, ол келешекте Оңтүстік Шығыс Азия – Батыс
Еуропа теңіз қатынасына бәсекелес болмақ.
"Транссібір" – Еуропа – Корей бұғаздары (Беларусь арқылы Ресейге кіші
нұсқасымен)
а)Транссібір бойынша;
ә)Қазақстан - Қытай арқылы;
"Оңтүстік"- Еуропа - Оңтүстік Шығыс Азия (Түркия, Иран, Оңтүстік Азия
арқылы) "Орталық" (Түркия, Орталық Азия, Қазақстан, Қытай арқылы) және
"Трасска" (Кавказ арқылы Орталық Қазақстанға, Қытайға) Еуропа - Оңтүстік
Шығыс Азия дәлізіне шығады.
Трансазия маршрутының жалпы ұзындығы Тынық мұхитынан Батыс Еуропаның
шекараларына дейін 11000 шақырымды құрайды, оның ішінде 4000 шақырым
Қытайдың аумағы және 1800 шақырым Қазақстанның аумағы арқылы өтеді.
Трансазия маршруты бойынша жүк тасымалдары жолдың 23-26 күнін алады, ал
оның қашықтығы Транссібір маршрутына қарағанда 2000-3000 шақырымға қысқа.
Ресей, Кавказ, Каспий теңізі, Иран оның ішінде Түркия – Иран арқылы
Солтүстік Еуропа - Парсы шығанағына "Солтүстік - Оңтүстік" дәлізі арқылы
жол тартылған. Мұндағы "Транссібір" ("Батыс Шығыс") "Орталық", "ТРАСЕКА"
және "Солтүстік- Оңтүстік" 4 халықаралық дәліз Қазақстан арқылы өтеді.
[13,525 бет].
Қазақстанның көлік каммуникация кешенінің негізін құрап отырған темір
жол көлігі тасымалдың 70 пайызын иемденді.
14 мың шақырымға жуық созылып жатқан темір жол желісі 15 шекаралық
тараптар республиканың барлық аймағын бір - бірімен жалғастыра Қазақстанның
халықаралық байланысын қамтамасыз етіп, көрші елдердің транзиттік
тасымалына жол ашып отыр.
Қазақстан аумағы арқылы 13 трансконтинентальдық маршруттардың ішінен
Достастық мемлекеттердің 6 халықаралық темір жол маршруттары мен тармақтары
өтеді. Оның бірі – ұзындығы 12233 шақырымдық Польша, Латвия, Литва,
Эстония, Беларусь, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия, ҚХДР
елдері арқылы өтетін маршрут. Онан кейінгі "Солтүстік" деп аталатын 8048
шақырым көлік желісі Ресей, Қазақстан, Қытай арқылы өтеді. Оның негізгі
бөлігі Петропавл – Астана - Достық арқылы, бір тармағы Ресейдің Дома,
Қарталы және республиканың Тобыл –Астана стансалары арқылы өтеді. Онан
кейін Венгрия, Словакия, Украина, Молдава, Ресей, Грузия, Әзірбайжан,
Қазақстан, Қырғыстан, Қытай жерімен өтетін 11539 шақырым желінің негізгі
бөлігі Петропавл Ақтғай Достық стансалары арқылы, енді бірі Озини, Арыс,
Луговой, Алматы, Ақтоғай жол тармақтарында. Қалған бағыттардың барлығын
тізіп жатудың қажеті шамалы. Қай бағыт болса да Қазақстанның транзиттік
әлеуетіне тиімді. Қалай болғанда да Қазақстант географиялық орналасуы
жағынан өткізу қабілетіне келгенде ұтып тұр деуге әбден болады.
Еуразиялық трансконтиненталдық маршруттар Қазақстан темір жолының
Солтүстік, Оңтүстік, Батыс, Ортазиялық көліктік дәліздері қызметін
пайдаланады. Тасымалға тиімді Солтүстік дәліз - Қазақстанның өнеркәсіпті
аудандары арқылы өтіп, елдің орталығы - Астананы, сондай-ақ Қарағанды,
Балқаш, Көкшетау, Жезқазған, Павлодар, Екібастұз секілді ірі өнеркәсіп
кешендері бар аймақтарды қамтиды.
Онда Қарағанды - Сұрыптау, Қырқыншы және Көкшетау-1 стансаларында
үлкен контейнерлерді сұрыптайтын терминалдар бар. Ал жалпы ірі көлемдегі
жүктерді реттейтін үлкен көлемдегі контейнерлерге арналған терминалдар
Достық, Қарағанды, Ақмола және Көкшктау-1 стансаларында орналасқан.
Орталық дәліз – Оңтүстік - Шығыс және оңтүстік Қазақстанның өндірісі
дамыған аудандарын қамтиды. Атап айтсақ, бұл дәліздің теміржол желісінен
баламалы бөлімдері мен сұрыптау стансалары бар Ақтоғай, Алматы, Шу,
Луговой, Жамбыл, Шымкент, Арыс жол тармағы өтеді. Транзиттік жүктерді
сұрыптау Достық, Алматы, Жамбыл, Шымкент секілді ірі стансаларда
жүргізіледі.[14. 206 бет].
Батыс дәлізі, әрине, аса ірі ошақтары бар Орал, Ақтөбе, Атырау,
Маңғыстау секілді еліміздің батыс аймақтарындағы мұнайлы өлкені қамтиды.
Бұл дәлізде аса үлкен жүк контейнерлерін сұрыптайтын Мақат пен Атырау ірі
стансалары орналасқан. Батыс бағыттағы жүк тасымалының жандануы Ақтау
портының келешегімен тығыз байланысты. Бір айта кетерлік жайт, Өзбекстанның
Үшқұдық Қараөзен арасындағы салынып жатқан темір жол желісі пайдалануға
берілсе, батыс дәлізіндегі транзиттік тасымалдың айналымы ұлғаяды.
Ортаазиялық дәліздегі Қазақстанды оңтүстігінен солтүстік - батысқа
қарай басып өтетін бағыт Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Қарашығанақ, Илецк
(Ресей) тәрізді өндіріс орталықтарын қиып өтеді. Бұл дәліздің шекарасында
Арыс, Қандыағыш, Илецк (Ресей) сұрыптау станциялары қиылысқан. Контейнерлік
үлкен терминалдар Ақтөбе, Төретам, Қызылорда, Жилаево станцияларында
орналастырылған.
Темір жол желісінде Еуропа мен Қытайды байланыстыратын Қазақстан-Қытай
шекарасында орналасқан Достық- Алашонькоу өткізу бекетінің халықаралық
транзит ретінде маңызы зор. Бүгінгі күні Достық бектінің жұмысын одан әрі
жандандыру үшін арнайы жасалған бағдарлама бойынша ауқымды шара тындырылып
жатыр.
Қазіргі күні Ақтау порты арқылы "Солтүстік- Оңтүстік" және "ТРАСЕКА"
дәліздері бойынша жүк тасымалдау ұйымдастырылып отыр.
Сондай ақ, Өзбекстанмен арадағы тасымал қатынасы бір жүйеге келіп
қалды. Шығыс портымен Находка – Локоть - Алматы маршруты бойынша аптасына
бір рет қатынайтын контейнерлі пойыз қозғалысы ұйымдастырғалы отыр. Бұл
жаңа маршрут бойынша жүк иелері уақыттан ұтып, басқа тасымалдаушылармен
салыстырғанда темір жол көлігіне қызуғышылық тудыруда.
Экономикалық одақ ұиымдары шеңберінде Стамбул - Алматы арасында
жүретін контейнерлік пойызын жүргізу қолға алынған - ды. Бұрын Станбулдан
аттандырылып жатқан контейнерлік пойыз Алматыға жеткенше бөлшектеліп,
жекелеген партиялармен келетін. Жету жолының ұзақтығы да көңіл көншітпейді.
Осыған байланысты экономикалық одақ ұйымдарымен арада бірегей тарифті
бекіту пойыз қозғалысындағы кестені нақтылау шаралары қолға алынды.
Қазақстанның көліктік инфрақұрылымының басты элементі бола отырып,
теміржол саласы КСРО құлдыраған соң Қазақстан экономикасындағы дағдарыстық
үрдістерден құтыла алмады. Алдыңғы он жыл ішінде тасымалдар көлемі ұдайы
төмендей отырып, 1999жылы 1991жыл деңгейінің 26 пайызын құрады да, тек
1999 – 2000 жылдардың соңынан бастап өсу басталды.

1-кесте Қазақстанның теміржол көлігінің келтірілген өнімі.
КөрсетЖылдар 20032003
кіш-ті ж ж
ң 19932002
атауы ж-ғаж-ға
пай-пайы
ызбез-бе
н н
(%) (%)
1993ж1994ж1995ж1996ж1997ж1998 ж1999ж2000ж2001ж2002ж2003ж
есеп есеп есеп есеп есеп есеп есеп есеп есеп есеп
есеп
Келтір20955166071376512687119 22110541005513519183771786620 27396, 113,
ілген 6 6 5 7 6 6 9 8 1 1 7 7 5
өнім
млн.т.
км
Жолау-20585188301315914188128 01106698859 1021510384104491068651, 102,
шылар 9 3
айна-
лымы
млн.жо
л.-км
Жүк 18897147241244911268106429987 7917001249813565133081476778 111,
айналы2 7 6 9 5 3 3 8 2 ,1 0
мы
млн
тенге
Тиеу 21819172881571714013137731299 3123911563016505163331854484 113
мың 4 8 4 0 1 2 1 6 0 5 5 ,9 ,5
тонна

( Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігі мәліметтері.

1999-2000 жылдардың оң үрдістері тасымалдар көлемі төмендеуінің
төменгі нүктесінен өтетін деуге негіз береді.
2003 жылы келтірілген өнімнің көлемі 13,5 пайызға (202737млн. тонна км
ге дейін) өсті.(1- кесте)
Егер 1993жылы Қазақстан темір жолдарының келтірілген өнімдері 209,6
млрд. келтірілген тоннакм құрады. Ал, 2003 жылы 202,7 млрд. тонна- км-ге,
яғни 96,7 пайызың құрады.
2003 жылы жүк айналымы 1993 жылғы деңгейдің 78,3 пайызына, ал тиеу
жұмыстары 84,9 пайызға жетті. Жолаушылар айналымының төмендеуі бұдан да
шапшаң болды. 2003 жылдың деңгейі 1993 жылғы деңгейдің 51,9-ын ғана құрады.
Тиеу жұмыстарыменн салыстырғанда жүк айналымының шапшаң құлдырауы,
қарастырылып отырған он жылдық кезеңде транзиттік жүк тасымалдары
көлемінің, әкелінетін жүктер санының, жүктерді тасымалдаудың орташа
ұзақтығының азаюымен түсіндіріледі. Бұл азаю ең алдымен жұмыстың сыртқы
шарттарымен, атап айтқанда ;
• бұрынғы Кеңес одағының аумағында өндірістің өнімдер шығару көлемінің
төмендеуімен;
• бұрынғы КСРО республикаларымен экономикалық байланыстардың үзілуімен;
• мұнай мен металдарға дүниежүзілік бағаның өзгеруімен;
• Оңтүстік - Шығыс Азия мен Ресейдегі қаржылық дағдарыстармен және
басқалармен. [18. 155 бет].

2. Қазақстан Республикасы темір жол көлігін мемлекеттік басқару
органдары және олардың қызметтері мен экономикалық-әкімшілік
механизмдері

Қазақстан Республикасындағы көлік туралы Қазақстан Республикасының
1994ж. 21 қыркүйектегі № 156- XIII заңы (ҚР Президентінің 27.06.96ж № 2832
жарлығымен; ҚР 28.12.98ж. № 338- 1; 06.12.01ж № 260-11; 15.12.01ж № 272-11;
24.12.01ж №276-11;08.05.03ж. № 414-11 Заңдарымен енгізілген өзгерістермен )
Қазақстан Республикасы көлігінің құқықтық экономикалық және ұйымдық
қызметінің негіздерін айқындайды.
Жалпы көлік туралы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылған:

Қазақстан Республикасының көлігі - оның аумағында тіркелген теміржол,
автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық электр, соның ішінде метрополитен,
сондай ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы магистралдық көлігі.
Тасымалдаушы - ақыға немесе жалданып жолаушыларды, теңдеме жүкті,
жүктерді және почтаны тасымалдау жөнінде қызмет көрсететін, әрі осыған
белгіленген тәртіппен берілген лицензиясы немесе рұқсаты бар, меншік
құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде көлік құралдарын иеленуші заңды
немесе жеке тұлға.
Көлік кәсіпорыны - жүктерді, жолаушыларды, теңдеме жүкті тасымалдау,
көлік құралдарын сақтау, оларға техникалық қызмет көрсету және оларды
жөндеу жөнінде шаруашылық коммерциялық қызметпен айналысатын заңды тұлға,
ол Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес іс-әрекет жасайды.
Клиент (жүк жөнелтуші, жүк алушы, жолаушы) - тасымалдаушымен жасалған
шартқа сәйкес көлікті пайдаланатын заңды тұлға немесе жеке тұлға немесе
мемлекет.
Темір жолдардың қызметі аз учаскелері - темір жолдардың тұйықталған
немесе жүк тасымалы сирек желілерінің біршама қысқа жалғау желілері. Темір
жолдар учаскелерік қызметі аз учаскелерге жатқызу тәртібін Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейді.
Тікелей аралас қатынас - бірыңғай көлік құжаты бойынша әртүрлі көлік
құралдарымен жүктерді, жолаушылармен теңдеме жүктерді тасымалдау.
Уәкілетті мемлекеттік орган - көлік саласындағы мемлекеттік саясатты
іске асыруды, Қазақстан Республикасы көлік кешенінің қызметін үйлестіру мен
реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Көлік қызметін мемлекеттік реттеу құқықтық қамтамасыз ету,
лицензиялау, салық салу, несие беру, қаржыландыру және баға белгілеу,
инвестициялық, біртұтас әлеуметтік және ғылыми - техникалық саясат жүргізу,
Қазақстан Республикасының заңдарын көлік кәсіпорындарының бақылау жасау
жолымен жүзеге асырылады. Сондай - ақ мемлекеттік органдардың көлік
кәсіпорындарының шаруашылық қызметіне араласуына, сонымен қатар көлік
кәсіпорындарының пайдалану қызметкерлерін басқа жұмыстарға қатыстыруға
құқығы жоқ.
Көлікті басқаруды Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен
құрылған және Қазақстан Республикасының Үкіметінің бекіткен ережеге сәйкес
іс - әрекет жасайтын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан республикасы
көлік және коммуникациялар министрлігі жүзеге асырады.
Министрліктің негізгі міндеттері;
• Қазақстан Республикасының көлік саласындағы экономикалық мүддені
қорғау;
• Көлік саласында мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты
жүзеге асыру;
• Меншік нысандарына қарамастан, көліктің барлық түрлері жұмыс
істеуінің құқықтық және қалыптық тәртібін айқындайтын заңдар мен
өзге де құжаттардың, стандарттардың, қалыптардың жобаларын
әзірлеу;
• Көліктің барлық түрлерін дамытудың мемлекеттік, ұлттық
бағдарламалары мен тұжырымдамаларын әзірлеу, инвестициялық,
ғылыми техникалық және әлеуметтік саясатты қалыптастыру және
жүргізу, сондай-ақ кадрлар даярлау;
• Республика экономикасы мен халқының тасымалдауға және соларға
байланысты қызметтерге деген қажеттерін қамтамасыз ету үшін
жағдайлар жасау;
• Көлік қызметін пайдаланушылар құқықтарының сақталуын бақылау;
• Республиканың мемлекеттік мұқтаждарының және халықтың тасамалдау
қажеттеріне болжамдар әзірлеу және оларды уақытылы сапалы
қамтамасыз ету;
• Қазақстан Республикасы көлік қызметі кешені қызметінің жұмысын
үйлестіру және мемлекеттік реттеу ісін жүзеге асыру болып табылады.
Министірлік заңдарда көрсетілген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге
асырады.
1) Жүктерді, жолаушыларды тасымалдауға қажеттілігін қамтамасыз
етуге бағытталған мемлекеттік саясатпен стратегияны іске асыру;

2) Үкіметтің шешімі бойынша көліктік коммуникациялық кешеннің заңды
тұлғалары акцияларының мемлекеттік үлестерімен пакеттерін иелену
және пайдалану жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;
3) Көліктік коммуникациялық қызметті жүзеге асыратын обьектілерді
жекешелендіру мәселелерін шешуге қатысу;
4) өз құзыретінің шегінде көліктік, коммуникациялық кешеннің дамуы
мен жұмыс істеуінің маңызды мәселелері бойынша ғылыми зерттеу,
конструкторлық және жобалау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
5) өз құзыретінің шегінде техникалық шарттар мен өзге нормативтерді
бекіту, сертификаттау жүргізу, сондай-ақ, көліктік,
коммуникациялық кешенде белгіленген нормативтердің сақталуын
бақылауды жүзеге асыру;
6) көлік пен коммуникациялар қызметтерін көрсету, қызмет көрсету
рыногын қалыптастыруға қатысу;
7) мемлекеттік тапсырысты орналастырады, мемлекеттік тапсырысқа
белгіленген қаражаттың пайдалануын бақылауды жүзеге асыруға
қатысу;
8) өз құзыретінің шегінде көліктік, коммуникациялық кешеннің
қызметіне байланысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларына
сараптама ұйымдастыруға қатысу;
9) әуе кеңестігінің пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
10) министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік
құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау;
11) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасы көліктік,
коммуникациялық кешенінің қызметін мемлекеттік реттеуді және
үйлестіруді жүзеге асыру;
12) көліктік, коммуникациялық кешенде мемлекеттік құпияларды қорғау
жөніндегі іс - шараларды жүзеге асыру;
13) орталық және жергілікті атқарушы органдардың мамандарын ақысыз
негізде, ал мемлекеттік қызметкер болып табылмайтын мамандарды
ақылы негізде, сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін
тарту;
14) өз құзыретінің шегінде министрліктің жыл саиынғы жұмылдыру
жоспарларын әзірлеу;
15) аэроғарыш қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты
жүргізеді;
16) "Байқоңыр" ғарыш аймағы обьектілерін тиімді пайдалану жөніндегі
іс -шараларды әзірлеу мен іске асыруды үйлестіру;
17) өзіне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Өздерінің тиістілігі мен меншік нысандарына қарамастан,
тасымалдаушылардың көлік құралдарын пайдалану кезінде көлік заңдарын
қозғалыс қауіпсіздігі мен экология талаптарын орындауын бақылауды көлік
саласын мемлекеттік басқару органы және Қазақстан Республикасы заңдарында
көзделген басқа да мелекеттік басқару органдары жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасындағы Темір жол көлігі туралы Қазақстан
Республикасының 2001жылғы 8 желтоқсандағы № 226-11 заңы темір жол
көлігімен жолаушылар, багаж, жүк багажы және почта тасымалдарын жүзеге
асыру кезіндегі тасымалдаушылар, темір жол көлігі ұйымдары, мемлекеттік
органдар, жолаушылар, жөнелтушілер, алушылар, жүк жөнелтушілер, жүк
алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық
қатынастарды реттейді.
Жалпы темір жол көлігінде пайдаланылатын негізгі ұғымдар;
Багаж - жолаушылар немесе почта багаж поезында тасымалдауға
қабылданған, салмағы екі жүз килограмнан аспайтын мүлік;
Тармақ иеленуші – меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде темір
жолдың кірме жолдарын иеленуші тұлға;
Жүк – жүк поезында тасымалдауға қабылданған мүлік;
Жүк багаж – жолаушылар мен почта багажпоездарында тасымалдауға
қабылданған, салмағы екі жүз килграмнан артық мүлік;
Жүк жөнелтуші – тасымалдау құжаттарында көрсетілген және жүкті
жөнелтуші тұлға;
Жүк жөнелтілімі – бір темір жол көлігі жүк құжатымен тасымалдауға
ұсынылатын жүк партиясы;
Темір жол қатынасы - жөнелтетін және баратын бекеттер арасында темір
жол көлігімен жолаушылар, багаж, жүк, жүк - багаж және почта тасымалдау,
оның мына түрлері:
Халықаралық – Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында және
Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен тасымалдау;
Республикалық – Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдау;
Қала маңындағы – жолаушыларды қала шегінде және қашықтығы жүз елу
километрден аспайтын қала маңында тасымалдау;
Темір жолдар – жылжымылы құрамның жүруі іске асырылатын жылжымайтын
мүлік обьектілері (тар және кең магистралдық, станциялық, кірме жолдар);
Темір жол көлігі - темір жол жолдарымен тасымалдауды қамтамасыз ететін
көлік түрі;
Темір жол көлігінің қызметіне арналған жер - темір жолдар, құрылыстар,
жол желісіндегі және басқа ғимараттар, темір жол станциялары, қорғаныш екпе
ағаштар және жол құрылғылары алып жатқан жол учаскелері;
Магистралдық темір жол желісі - магистралдық және станциялық жолдарды,
оларды пайдалануды қамтамасыз етуге қажетті электрмен жабдықтау,
сигнализация және байланыс обьектілерін қамтитын магистралдық темір жол
инфрақұрылымы;
Магистралдық жолдар - Қазақстан Республкасының аймақтары арасында және
басқа мемлекеттермен жол қатынасын қамтамасыз ететін темір жолдар;
Ұлттық темір жол компаниясы - меншік иесі мемлекет болып табылатын,
магистралдық темір жол желісі қызметін көрсету ұшін құрылған ұйым;
Магистралдық темір жол желісінің операторы - тасымалдау процесін
басқаруды және магистралдық темір жол желісі қызметін көрсетуді жүзеге
асыратын тұлға;
Темір жол көлігі ұйымы - тасымалдаушының және магистралдық темір жол
желісі операторының қызмет көрсету жөніндегі жұмысын жүзеге асыратын тұлға,
сондай ақ тармақ иеленуші;
Жөнелтуші - багажды, жүк - багажды немесе почтаны жөнелтетін және
тасымалдау құжаттарында көрсетілетін тұлға;
Темір жол көлігінің қорғалатын аймақтары - тасымалдау қауіпсіздігін
темір жол құрылыстарының, құрылғыларының және басқа обьктілерінің сақталуын
төзімділігі мен беріктігін қамтамасыз ету ұшін қажетті жер учаскелері;
Тасымалдау құжаттары – рәсімделу арқылы тасымалдау шарттары жасалатын
құжаттар (жол жүру құжаты (билеті) багаж бен жүк багаж квитанциясы, темір
жол көлігі жүк құжаты)
Тасымалдау процесі – тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде орындалатын
ұйымдастырушылық және технологиялық тұрғыдан өзара байланысты іс-әрекеттер
мен операциялар жиынтығы;
Жылжымалы құрам - жолаушыларды, багажды, жүкті, жүк багажды, почтаны
тасымалдауға және темір жол көлігін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге
арналған, темір жолдар мен қозғалысты жүзеге асыратын тартқыш, өздігінен
жүретін және көлік құралдарының жиынтығы;
Кірме жолдар - жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға қызмет көрсетуге
арналған және магистралдық, станциялық, сондай-ақ, басқа да темір жолдарға
қосылатын темір жолдар;
Тасымалдау ережелері - жолаушылар, багаж, жүк, жүк багаж және почта
тасымалдауды жүзеге асыру кезінде темір жол көлігі ұйымдарының қызметін
реттейтін, уәкілетті орган бекітетін нормативтік құқықтық актілер;
Қол жүгі - жолаушының вагонда өзімен бірге ақысыз тасымалдайтын
салмағы мен көлемі бойынша белгіленген мөлшерден аспайтын жеке заттары;
Арнаулы тасымалдаулар - мемлекет және қорғаныс қажеттеріне арналған
арнаулы жүктерді тасымалдау;
Станциялық жолдар - кірме жолдарды қоспағанда, темір жол станциясының
шекарасындғы темір жолдар;
Ал енді темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік саясатқа келетін
болсақ, ол;
• көлік рыногының барлық субьектілерінің теміржол көлігі қызметіне еркін
қол жеткізуі;
• республиканың экономикалық мүдделерін қорғау;
• тасымалдардың барлық қатысушылары үшін құқықтық және экономикалық
кепілдіктердің бірыңғай стандартын қолдану принциптерін негізге алып,
халықтың, экономиканың және мемлекеттің тасымалдарға қажеттігін
қанағаттандыру үшін жағдай жасауға бағытталған.

Темір жол көлігі саласындаы мемлекеттік саясаттың мақсаты:
1) темір жол көлігінің магистралдық темір жол көлігін дамыту;
2) тасымалдарды дамыту;
3) тасымалдардың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес темір жол көлігі НДС тариф,
салық және кеден саясатын жүзеге асыру;
5) Темір жол көлігінде еркін кәсіпкерлікке жағдай жасау және
тасымалдаушылар мен темір жол көлігі ұйымдарының шаруашылық қызметіне
мемлекеттік органдардың заңсыз араласуына жол бермеу;
6) Бәсекелестікті дамыту, соның ішінде халықаралық тасымалдар саласындағы
бәсекелестікті дамыту;
7) Магистралдық темір жол желісінің бірыңғай мүліктік кешенін сақтау;
8) Қоршаны ортаны қорғау;
9) Темір жол көлігін жұмылдыру дайындығында ұстап тұру;
10) Темір жол көлігінің қажеттері үшін импортты алмастыратын өндірісті
дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің темір жол көлігі саласындғы
мемлекеттік басқаруына;
• темір жол көлігін дамыту тұжырымдамалары мен бағдарламаларын бекіту;
• Ұлттық темір жол компаниясы мен тасымалдаушылардың тасымалды жүзеге
асыру кезінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының тәртібін
белгілеу;
• Магистралдық темір жол желісін пайдалану ережелерін бекіту;
• Магистралдық, станциялық және кірме жолдарда жүру қауіпсіздігі
талаптарының сақталуын тексеру ережелерін бекіту;
• Магистралдық темір жол желісіне кіретін темір жодардың тізбесін бекіту,
сондай-ақ, темір жолдарды осындай тізбеден шығару;
• Темір жол көлігінің қауіптілігі жоғары аймақтарда жолаушылардың,
азаматтардың бөлу және обьектілер орналастыру, оларда жұмыс жүргізу,
темір жолдар арқылы жүру және өту ережелерін бекіту;
• Темір жол көлігінің міндетті сертификаттауға жататын өнімінің
жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерінің тізбесін бекіту;
• әскери және арнаулы тасымалдарды жүзеге асыру тәртібін белгілеу;
• айрықша қызметтеріне қарай жүктердің жекелеген түрлерін күзетуді
қамтамасыз ету тәртібін белгілеу және осындай жүктердің тізбесін
бекіту;
• темір жол көлігі қызметіне байланысты обьектілерді мемлекеттік
әлеуметтік сала обьектілеріне жатқызу тәртібін, сондай ақ темір жол
көлігі ұйымдарының осындай обьектілерді күтіп ұстауына жұмсайтын
шығындарының нормативтерін белгілеу;
• халықаралық, республикалық және қала маңындағы қатынастарды әлеуметтік
маңызды бағыттар бойынша магистралдық темір жолдарда жолаушылар
тасымалын ұйымдастыру туралы шешім қабылдау;
• темір жол көлігінің қорғалатын аймақтарының жерін пайдалану тәртібін,
мөлшерін және режимінін белгілеу;
• Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жолаушылар
қатынасына тыйым салу туралы шешім қабылдау;
• Тасымалдауды шектеу туралы Қазақстан Республикасының аумағына
(аумағынан) багаж, жүк және жүк багаж әкелуге, әкетуге, транзиттік
тасымалдауға тыйым салу туралы шешім қабылдау;
• Темір жол көлігін басқару саласындағы өзге де мәселелер жатады.
Уәкілетті органның құзыретіне:
• темір жол желісін және темір жол көлігін дамыту жөніндегі
тұжырымдамалар мен бағдарламаларды әзірлеу;
• темір жол көлігіне азаматтардың өмірі менденсаулығын, тұтынушылардың
құқықтарын, қоршаған ортаны қорғауды, қоғамның қауыпсіздігін, сондай
ақ көрсетілген қызмет саласын қамтамасыз ететін біліктілік талаптарын
бекіту;
• киім нысанының (пагонсыз) және айырым белгілерінің үлгілерін, нысанды
киім киіп жүру тәртібін, қамтамасыз ету нормасын және нысанды киім
киіп жүруге құқығы бар темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының
(кәсіптерінің) тізбесін бекіту;
• жылжымалы құрамды тіркеу тәртібін белгілеу;
• тасымалдарды ұйымдастыруға және тасымалдауға байланысты қызметтерді
орындауға жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету
тәртібі мен шараларын белгілеу;
• жүру қауыпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғаудың белгіленген
талаптарына жай күйі сай келмейтін магистралдық темір жол желісінің,
темір жолдар мен жылжымалы құрамның обьектілерін пайдалануды тоқтата
тұру және тоқтату; жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті
органмен келісе отырып, бөлінген белдеудегі темір жол көлігінің
қажетіне арналған жерді пайдалану тәртібін белгілеу;
• халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
• кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды
ұйымдастыру;
• темір жол көлігі қызметкерлерін кәсіби ерекшелік белгісімен марапаттау
тәртібін бекіту;
• жүру қауыпсіздігі талаптары бұзылуының мемлекеттік статистикалық
есептілігін жүргізу;
• өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы мәселелерді
қарау;
• Қазақстан Республикасының көлік туралы заңдарына сәйкес өзге де
мәселелер жатады.

Жергілкті атқарушы органдардың темір жол көлігі саласындағы
құзыретіне:
1) қала маңында жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру туралы шешімді
тасымалдаушы немесе өзге де мүдделі тұлға қабылдайтын жағдайларды
қоспағанда, осындай шешім қабылдау;
2) төтенше жағдайлар туындаған кезде тасымалдауды уақытша тоқтату туралы
шешім қабылдау жатады.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Темір
жол көлігі комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар
министрлігінің құзыреті шегінде темір жол көлігі саласында мемлекеттік
саясатты іске асыруды, темір жол көлігінің қызметін үйлестіруді жүзеге
асыратын ведомство болып табылады.
Темір жол көлігі комитетінің негізгі міндеттері болып мыналар табылады:
1. темір жол көлігі саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
2. өзінің құзыреті шегінде темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік
реттеу, үйлестіру мен бақылау;
3. темір жол көлігінің қызметтер көрсету рыногын қалыптастыруға қатысу;
4. Қазақстан Республикасында, одан тыс жерлерде жүк пен жолаушыларды
тасымалдау кезінде темір жолкөлігін тиімді пайдалануға және
магистралдық темір жол желісін дамытуға бағытталған іс-шараларды
әзірлеу және іске асыру;
5. Темір жол көлігі саласындағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және
өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеуге қатысу;
6. Темір жол көлігі саласында бірыңғай инвестициялық, ғылыми техникалық
саясатты қалыптастыру мен жүргізуді және кадрлар даярлауды қамтамасыз
ету;
7. өз құзыретінің шегінде темір жол тасымалындағы мемлекеттік мұқтаждар
қажеттіліктерін уақытылы және сапалы қамтамасыз етуді жүзеге асыру
болып табылады.
Комитет тәртіп бойынша мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша темір жол көлігі туралы нормативтік
құқықтық шешімдерді әзірлеу және қабылдау;
2) магистралдық темір жол желісіне еркін және тең қол жеткізудің
қамтамасыз етілуін бақылау;
3) темір жол көлігімен жолаушылар тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуді
сатып алу жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу;
4) темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және
іске асыруға қатысу;
5) тиісті мемлекеттік органдармен темір жолдарды және ондағы құрылыстарды
салу, пайдалану және күтіп ұстау мәселелері бойынша үйлестіру және
өзара іс қимыл жасау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
6) темір жол көлігі объектілері мен кәсіпорындарын жекешелендіру жөніндегі
мәселелерді шешуге қатысу;
7) жүктелген өкілеттіктер шегінде темір жол көлігі саласындағы халықаралық
ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру;
8) темір жол көлігі саласында жеке және заңды тұлғалардың қызметін
мемлекеттік реттеуді, үйлестіруді және бақылауды қамтамасыз ету;
9) Сонымен қатар заңға сәйкес өзге де функциялар. Көлік саясаты саланың
күрделеніп кеткен ішкі ұйымдасуына және теміржол көлігі мен мемлекеттің
шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қызметтері мен жауапкершілігінің
айқын бөлінуіне лайық бара-бар жаңа сапа деңгейіне көтерілуі тиіс.
Теміржол көлігінде терең реформалар жүргізу уәкілетті мемлекеттік
органның саланы мемлекеттік реттеуін күшейтуді табандылықпен жүргізуді
талап етеді. Ол мемлекетаралық келісімдерге және халықаралық ұйымдарда
Қазақстан Республикасының теміржол көлігі саласындағы мүддесіне өкілдік
етуге, теміржол саласында қауыпсіздікті инспекциялау және бақылау,
техникалық стандарттарды, нормативтер мен талаптарды бекіту мәселесін қоса
алғанда мемлекеттің құзыретті реттеуші органның функциясын жүзеге асыруға
жауапты болуы тиіс.
Уәкілетті орган Теміржол көлігінің Орталық Кеңесінде (ТЖОК) және Темір
жолдардың ынтымақтасу ұйымында (ТЖЫҰ) Қазақстан Республикасы теміржол
көлігіне өкілдік етеді, сала кәсіпорындарының шаруашылық қызметін реттеуді
жүзеге асырады, операторларға лицензия беруді және қауыпсіздікті бақылауды,
локомотив және вагон шығару жоғары технологиялық салаларда импорт
алмастыруды дамытуды жүзеге асырады.
Темір жол комитеті сонымен қатар мынадай қосымша қызметтерді атқарады:
• мемлекеттік мүлікті иелену, оның реформалануын, жекешелендірілуін,
мемлекеттік акциялардың сатылуын, арендаға, сыртқы басқаруға берудің
ұйымдастырылуын және т.б қоса;
• "Қазақстан темір жолы" ЖАҚ-ты, басқа да негізгі және қамтамасыз
етушілік қызметтердің ЖАҚ- тары мен ААҚ- тарын қоса, мемлекеттік
акциялар пакеттері Уәкілетті мемлекеттік органға тапсырылған теміржол
саласының барлық шаруашылық жүргізуші субъектілеріне қатысты басқару;
• тартымдық және басқа жылжымалы құрамды, технологиялық жабдықтар мен
теміржол зауыттарға арналған жинақтауыштық және шығыстық
материалдарды, жолдың үстіңгі құрылыс элементтерін өндіру жөніндегі
теміржол кәсіпорнын дамыту арқылы импорталмастыру және жаңа жұмыс
орындарын құру, сондай ақ ғылыми техникалық базалар мәселелерін шешу;
• теміржол саласының қызметін қамтамасыз ететін және реттейтін
нормативтік құқықтық актілердің, техникалық және технологиялық
нормативтердің қажетті пакетін дайындау;
• теміржол көлік саласында халықаралық құқық және халықаралық қарым
қатынастар субъекті функциясын жүзеге асыру;
• тасымалдау қауыпсіздігін қамтамасыз етуді мелекеттік реттеу және
бақылау жасау;
• инфрақұрылымға еркін және тең қол жеткізілуін қамтамасыз ету;
Жолаушылар тасымалын қайта құрылымдау үшін Уәкілетті мемлекеттік органда
мына функциялар жүктелетін жолаушылар тасымалдары бойынша арнаулы
бөлімше құру қажет болды:
• нақты маршруттар бойынша жолаушылар тасымалы қызметіне мемлекеттік
тапсырыс көлемін белгілеу және оларды санаттау;
• мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден жолаушылар тасымалын
дотациялау механизмі мен рәсімдерін белгілеу;
• жолаушылар тасымалы қызметіне дотациялардың жыл сайынғы көлемін
белгілеу;
• жолаушылар тасымалы бойынша кәсіпорындардың қаржы шаруашылық қызметіне
бақылау жасау және ревизиялау;
• жолаушылар тасымалы шаруашылықтарының жекелеген сегменттерін
франчайзинг механизмі негізінде жеке меншік операторларға қызмет
көрсетуге беру ресімін белгілеу және тапсыру;
• жолаушылар тасымалы мәселелері қатысы бар үкімет органдарымен өзара
әрекеттесу;
• қауыпсіздік және техникалық пайдалану ережелерінің талаптарын орындау
мәселелері бойынша бақылау жасауды ұймдастыру және жүргізу;
• қала маңындық жолаушылар қатынасы мәселелері бойынша жергілікті
атқарушы органдармен жұмысты үйлестіруші;
• теміржол жолаушы компаниялармен контракталар жасау;
• СМПС - қа инфрақұрылымға қол жеткізу бағасын анықтау ескерілген
жолаушылар тасымалы үшін өзара есеп айырысу жүйесін өзгерту жөніндегі
ұсыныстар енгізу. [20. № 4 63 бет].
Теміржол компаниясы өз қызметінің ерекшелігіне байланысты қолданылып
жүрген заңнамаға сәйкес мемлекеттік реттелуге жатады.
Мемлекеттік реттеуді күшейтуге мемлекеттік органдар мен теміржол
компаниясы менеджменті арасында қауыпсіздік, меншігін басқару және иелену,
бағаны түзеу, қоғамдық қызметтер көрсету, жұмыспен қамтамасыз ету және
инвестициялар саясаты мәселелерінде функциялардың, өкілеттіктер мен
міндеттемелердің айқын бөлінуі кіреді.
Сондай – ақ уәкілетті мемлекеттік орган "Теміржолмашинажөндеу" ЖАҚ-
тың "Локомотивжөндеу" ЖАҚ-тың, "Қазкөліксервис" ЖАҚ-тың,
"Теміржолсужылужабдықтау" ЖАҚ-тың, "Жолаушылар тасымалы" ЖАҚ-тың,
"Жылжымалы құрам" ЖАҚ-тың даму саясатын белгілейді.
"Акционерлік қоғам туралы" заң "Мемлекеттік кәсіпорын туралы"
Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығына қарағанда
меншік иесі, оның ішінде мемлекеттік және де кәсіпорын менеджменті
арасындағы қарым - қатынастар жүйесін көбірек белгілейді және реттейді.
Сондықтан республикалық мемлекеттік кәсіпорынды жабық акционерлік қоғам
етіп қайта құру жүргізілді.
Дегенменен, бұл заң да инвестицияларды белгілеу, қоғамдық қызметтерді
көрсету және жұмыспен қамтамасыз ету саясатын жүргізу жөніндегі мемлекет
пен менеджменттің қарым - қатынастарына қатысты көптеген мәселелерді шеше
алмайды.
Сондықтан да көптеген елдердегі сияқты контракт жүйесі енгізіледі.
Контракт жүйесінің мәні уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен бизнес
жоспарды орындау жөнінде кезеңдік есептер беріп отырудың орнына теміржол
компаниясының менеджментіне кең шеңберде өкілеттік пен жұмыс нәтижесі үшін
жауапкершіліктің берілуінде. Бизнес жоспарға өндірістік сипаттағы
көрсеткіштер ғана емес, персоналды қысқарту, әлеуметтік мәні бар тасымалдар
көлемі, күрделі құрылысқа қажетті инвестициялар көрсеткіші, қозғалыс
қауыпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасы кіруі тиісті.
Мемлекет жаңа темір жолдар мен тиісті инфрақұрылым салу және
қаржыландыру үшін жауапкершілікті өзіне алады. Мемлекет әлеуметтік мәні
бар, әсіресе шығынды жолаушылар тасымалын дотациялау мөлшері мен
механизімін белгілейді. Теміржол көлігінің коммерциялануын қамтамасыз
ететін функциялардың, жауапкершілік пен өкілеттіктердің бөлінуі заңдарда
және Үкіметтің нормативтік актілерінде көрсетілуі тиіс.
Тасымалдарға тарифтерді мемлекеттің реттеуін өзгерту қажеттілігі пісіп
жетілді. Жаппй үйме және құймалы жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау
негізінен баламасыз болып табылатындықтан, ал басқа санаттар үшін
автомобиль көлігі жағынан балама бар болғандықтан бірінші кезеңде жүктерді
санаттауды енгізу қажет. Жылжымалы құрам оперпторларының "Қазақстан темір
жолы" ҰҚ ЖАҚ-тың қызметтерін пайдаланғаны үшін төлейтін ақысы, клиенттер
үшін тарифтердің жоғары деңгейін белгілеуді қоса алғанда мемлекеттік баға
реттеуіне жатады. Демеу қаржы беру қажеттілігіне байланысты жолаушылар
тасымалының тарифтерін мемлекеттік реттеу сақталады.

1.Сызба Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар
министрлігінің

темір жол комитетінің құрылымы

1.3 Теміржол көлігін басқарудың шетелдік тәжірибесі.

Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде басқа шаруашылық
салаларына қарағанда көлік үкіметтің, жергілікті органдардың, сондай ақ
кәсіпкерлік бірлестіктердің тарапынан көбірек басқарылады, бақыланады және
реттелінеді.
Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекет жалпы
пайдаланымдағы көліктің дамуы үшін жауапкершілікті өзінен басқаға жүктей
алмайды және оның шаруашылық қызметінің маңызды бағыттарын жоспарлы реттеу
элементтерінен бас тарта алмайды. Күрделі салымдар саласында ол не
инвестициялық процеске тікелей қатысады, не көлікке қаржы тартға қатысты
жекеменшік капиталдың қызметін реттеу функциясын өзіне алады.
Теміржол көлігін басқарудың дәстүрлі моделі XX ғасырдың басына қарай
қалыптасты да, содан бері негізгі ерекшеліктері бойынша өзгеріссіз қалып
келді. Бұл тарихи қалыптасқан модель тым қатаң және мемлекетке тым тәуелді.
Елдердің көпшілігінде бұл өзінің табиғаты жағынан тым тәуелді. Елдердің
көпшілігінде бұл өзінің табиғаты жағынан тым селқос әрі үлкен мекемелер,
олар көлік рыногындағы өзгерістерге дер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы темір жол көлігнің экономикалық жағдайын бағалау
Темір жол көлігін мемлекеттік басқарудың экономикалык-әкімшілік механизмдері
Теміржол көлігінің қазақстандағы экономикалық рөлі
Қазақстан Республикасының экономикалық проблемалары, мәселелері, ұсыныстар мен оларды шешу жолдары
Өткізудегі қорларды басқару
Көлік кешенін муниципалды басқару
Экономикалық қатынастар жүйесіндегі инфрақұрылымның даму мәселелері
Теміржол көлігіндегі инновациялық қызметті талдау
Теміржол көлігі Қазақстанның экономикасының рөлі
Қазақстан Республикасының көлік саласын ұйымдастыру
Пәндер