Қазақстан Республикасының экономикасының өсуінің глобалдық мәселелері



Кіріспе

Экономикалық өсу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Экономикалық өсу: түсінігі, тиімділігі, сапасы. Экономикалық өсудің фак.торлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Экономикалық өсудің экстенсивтік және интенсивтік типтері. Ғылыми.техникалық прогресс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
3. Тепе.теңдікте экономикалық өсудің негізгі үлгілері. Экономикалық өсу концепциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
4. Экономикалық өсудің стадиялары туралы теориялар ... ... ... ... ... ... ...14
Қорытынды
Қазақстан Республикасының экономикасының өсуінің глобалдық мәселе.лері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
Экономикалық өсу шетел инвестицияларының деңгейі жоғары және шағын және орта бизнесті барлық жерде қолдау негізінде отандық жекеменшік секторын дамыту мен бірге дамыған нарықтық экономикаға негізделінеді.
Қазақстанның ұзақ мерзімді болжауында пайда болатын жағдайларға тез қалыптасуға қабілеті бар шағын және орта кәсіпорындарында ЖIӨ-дің (жалпы ішкі өнім) 40-50% өндірілуі қажет.
Экономикалық өсуге қол жеткізу үшін экономикалық саясаттың келесі он негізгі қағидаларын сақтау қажет.
1. Мемлекеттік экономикаға араласуының шектеулі болуы. Мемлекеттің міндеті шағын және орта бизнесті белсенді қолдай отырып нарықтық ережелерді құру оларды сақтауды қамтамасыз ету. Бірақта, өтпелі кезеңде, нарық әлі дами коймағандықтан мемлекеттің экономикаға араласу рөлі қажетті деңгейде болғаны жөн. Сондықтан жақын келешекте мемлекет нарықтық қатнастардың құқықтық және нормативтік базасын құруға, монополияға қарсы күресу сенімді шараларды жүргізуге, қажетті инфрақұры-лымды дамытуға қамтамасыз етуге белсенді қатысуы жөн.
2. Инфляцияны, бюджет тапшылығын төмендету жолымен, Ұлттық валютаны жағдайда және қорланудың жоғарғы нормасы негізінде макроэкономиканы тұрақтандыру.
3. Бағаны нарықтандыру бұл Қазақстанда аяқталған процесс.
4. Жеке меншік институттарын жерге деген құқықтың, сондай-ақ меншік құқықтарын және келісім-шарттардың орындалуын қорғайтьш заң жүйесін құрудың есебінен нығайту.
5. Кәсіпорындарды жекешелендіру. Бұл процеске негізінен аяқталған. Бірақта енді акциялардың айналымы процесін дәл реттеу және стратегиялық сипаттағы кәсіпорындарда акциялардың мемлекеттік пакеттерін орынды пайдалану қажет.
6. Ашық экономика және еркін сауда құру. Бұл жағдайда (келесіні ескеру қажет) біздің ұлттық қамтамасыз қазыр жас әрі әлсіз, сондықтан оны қорғау және нығайту мемлекеттің міндеті.
7. Өзіміздің энергетикалық және өзге де табиғи ресурстарымызды игеруді жалғастыру. Оның мақсаты - экспорттан экономикалық өрлеумен қатар елдің саяси тұрақтылығына, сондай-ақ оның ұлттық қауіпсіздік қамтамасыз етуге жәрдемдесетін табыс алу.
8. Шетел инвестицияларын тиісінше қорғау. Қазақстан тартылған шетел инвестицияларының көлемі мен сапасы бойынша басты орынға шығуы үшін нақты іс-қимыл қажет. Шетел инвестициялары негізінен табиғи ресурстарды игеруге, инфрақұрылымды дамытуға, аймақаралық ірі көлік және информациялық орталықтар салуға жұмсалады. Бұл болса экономикалық өсуді, әлеуметтік өрісті дамытуға, және Қазақстанның халықаралық қоғамға интеграциялануын қамтамасыз етеді.
1. Кэмпбел Р. Макконнелл, Стэнли Л. Брю «Экономикс», том 1, Таллин, 1995
2. Борисов Е. Ф. «Экономическая теория» Москва, 1998
3. Самуэльсон П. А. «Экономика», том 2, Москва, 1992

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе

Экономикалық өсу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Экономикалық өсу: түсінігі, тиімділігі, сапасы. Экономикалық өсудің фак-
торлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..5

2. Экономикалық өсудің экстенсивтік және интенсивтік типтері. Ғылыми-
техникалық прогресс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

3. Тепе-теңдікте экономикалық өсудің негізгі үлгілері. Экономикалық өсу
концепциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..11

4. Экономикалық өсудің стадиялары туралы теориялар ... ... ... ... ... ... ...14

Қорытынды

Қазақстан Республикасының экономикасының өсуінің глобалдық мәселе-
лері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
0

Кіріспе

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ

Экономикалық өсу шетел инвестицияларының деңгейі жоғары және шағын және
орта бизнесті барлық жерде қолдау негізінде отандық жекеменшік секторын
дамыту мен бірге дамыған нарықтық экономикаға негізделінеді.
Қазақстанның ұзақ мерзімді болжауында пайда болатын жағдайларға тез
қалыптасуға қабілеті бар шағын және орта кәсіпорындарында ЖIӨ-дің (жалпы
ішкі өнім) 40-50% өндірілуі қажет.
Экономикалық өсуге қол жеткізу үшін экономикалық саясаттың келесі он
негізгі қағидаларын сақтау қажет.
1. Мемлекеттік экономикаға араласуының шектеулі болуы. Мемлекеттің
міндеті шағын және орта бизнесті белсенді қолдай отырып нарықтық ережелерді
құру оларды сақтауды қамтамасыз ету. Бірақта, өтпелі кезеңде, нарық әлі
дами коймағандықтан мемлекеттің экономикаға араласу рөлі қажетті деңгейде
болғаны жөн. Сондықтан жақын келешекте мемлекет нарықтық қатнастардың
құқықтық және нормативтік базасын құруға, монополияға қарсы күресу сенімді
шараларды жүргізуге, қажетті инфрақұры-лымды дамытуға қамтамасыз етуге
белсенді қатысуы жөн.
2. Инфляцияны, бюджет тапшылығын төмендету жолымен, Ұлттық валютаны
жағдайда және қорланудың жоғарғы нормасы негізінде макроэкономиканы
тұрақтандыру.
3. Бағаны нарықтандыру бұл Қазақстанда аяқталған процесс.
4. Жеке меншік институттарын жерге деген құқықтың, сондай-ақ меншік
құқықтарын және келісім-шарттардың орындалуын қорғайтьш заң жүйесін
құрудың есебінен нығайту.
5. Кәсіпорындарды жекешелендіру. Бұл процеске негізінен аяқталған. Бірақта
енді акциялардың айналымы процесін дәл реттеу және стратегиялық
сипаттағы кәсіпорындарда акциялардың мемлекеттік пакеттерін орынды
пайдалану қажет.
6. Ашық экономика және еркін сауда құру. Бұл жағдайда (келесіні ескеру
қажет) біздің ұлттық қамтамасыз қазыр жас әрі әлсіз, сондықтан оны қорғау
және нығайту мемлекеттің міндеті.
7. Өзіміздің энергетикалық және өзге де табиғи ресурстарымызды игеруді
жалғастыру. Оның мақсаты - экспорттан экономикалық өрлеумен қатар елдің
саяси тұрақтылығына, сондай-ақ оның ұлттық қауіпсіздік қамтамасыз етуге
жәрдемдесетін табыс алу.
8. Шетел инвестицияларын тиісінше қорғау. Қазақстан тартылған шетел
инвестицияларының көлемі мен сапасы бойынша басты орынға шығуы үшін нақты
іс-қимыл қажет. Шетел инвестициялары негізінен табиғи ресурстарды игеруге,
инфрақұрылымды дамытуға, аймақаралық ірі көлік және информациялық
орталықтар салуға жұмсалады. Бұл болса экономикалық өсуді, әлеуметтік
өрісті дамытуға, және Қазақстанның халықаралық қоғамға интеграциялануын
қамтамасыз етеді.
9. Дүниежүзілік тәжірибеден туындап отырған Қазақстан үшін техноло-
гиялық стратегияны қалыптастыру,
Бұл қағида еңбекті қажет ететін өндірістен капиталды технология мен
ғылымды қажет ететін өндірістерге бет бұруды көздейді.
Бірақта жақын арада Қазақстанда мұнай-газ көлемі едәуір өсе түсуді және
қазбалар шығаратын өнеркәсіптің көлемі өсе түседі. Сондықтан тек шикізатқа
бағдарланған ел басып қалмау үшін жеңіл және тамақ өнеркөсібін,
инфрақүрылымды, өңдеу салаларын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын,
кызмет көрсету саласын, туризмді дамыту қажет.
10. Өндірісті диверсификациялау. Қазіргі кезде Қазақстандық шикі
заттар-дан басқа өнімдер әлем нарығында ескелестікке қабілеті жоқ, осының
нәтиже-сінде республика шикізат құрылымды өндіріске құлдырауда. Сондықтан
мемлекет диверсификацияның пәрменді индустриялық саясатына кірісіп, назарды
макродеңгейін микродеңгейге аударуға тиіс.
Бастапқы, нөлдік кезеңде (1998-2000 ж.ж.) эномикалық өсу келесі
бағыттарда жүреді:
• қатаң монетарлық саясатты үздіксіз жүргізу. Инфляция деңгейін 1998 ж.
10% тен, 2000 ж. 5% асырмау көзделуде.
• елімізде жаппай инвестициялық жағдайды жақсарту үшін заң шығаруды
жетілдіру;
• шетел инвестициясын белсенді тарту, олардың көлемі және нәтижесі
туралы халыққа баяндап отыру.
• Қазақстан дүниежүзілік сауда мекемесінде (ДСМ) енеді.

1 Экономикалық өсу: түсінігі, тиімділігі, сапасы. Экономикалық өсудің
факторлары

Осы замандағы экономикалық теорияда, әдетте экономикалық өсу деп,
өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты
көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды. Осы
жағдайда таддаудың предметі өндірістің потенциалдық көлемінің өсуі болып
табылады. Ал осы өсу, тепе-тендіктің бір ұзақ мерзімдік болмысынан, оның
келесі болмысына қозғалыс деп тұжырымдалады.
Осындай жағдайда экономикалық өсуге және ұсыныс факторларына басты назар
аударылады. Накты экономикалық өсуді талдағанда зерттеу предметі тек
экономикалық динамиканы белгілейтін факторлармен шектелмейді, оған салалық
және ұдайы өндірістік пропорциялар, экономикалық өсу процесіндегі
институционалдык кұрылымдардың пропорциялары, өсу карқынын өсіру немесе
тежеудің мемлекеттік саясаты, өндірістің нақты көлемінің оның потенциялдық
көлемінен аз болуының себептері және т.б. жатады. Нақты экономикалық өсудің
мәні – экономиканың негізгі қайшылығын жаңа дәрежеде шешу және ұдайы өндіру
болып табылады: өндірістік ресурстардың шектелуі мен қоғамдық ка-жеттердің
шексіз болуының арасындағы осы қайшылықты шешудің негізгі екі түрі бар:
біріншіден, өндірістік мүмкіндіктерді көбейту арқылы, екіншіден, бар болған
өндірістік мүмкіндіктерді пайдалану тиімділігін жоғарылату және қоғамдық
қажеттіктерді дамыту арқылы. Бірақ осымен процесс бітпейді: дамудың әрбір
жаңа кезеңінде өндірістік мүмкіндіктердің молаюымен байланысты қоғамдық
қажеттердің барлығы қамтамасыз етілмейді. Қоғамдык қажеттіктер, оларды
қамтамасыз ететін өнімдердің өндірісін осы елдің өндірушілері немесе импорт
жасалған өнімдердің жеткізушілері игергеннен кейін пайда болады. Бірақ
осыған қарамастан, қоғамдық қажеттіктер өндірістік ресурстарға қарағанда
біріншілік, жетекші болып табылады. Өйткені, пайда болған қажеттілік бірте-
бірте жаппайлыкқа айналады, ал бұл жағдай өндірістің үздіксіз дамуын талап
етеді.
Экономикалық теорияда экономикалық өсудің көрініс формалары туралы екі
бағыт орын алған. Экономикалық өсу деген ЖҰӨ (ҰТ) нақты көлемінің өсу
шапшаңдығымен өлшенетін немесе осы көрсеткіштердің бір адамға шаққандағы
өсуінің (көбеюінің) шапшаңдығымен өлшенетін, белгілі мерзімде ұлттық
экономиканың дамуының корытынды сипаттамасы деген түсінік кең тараған.
Әдетте экономикалық өсуді өлшеудің қандай әдісін колданатыны зерттеудің
мақсатарымен байланыс-ты болады. "Экономикалық өсудің бірінші әдісі
көбінесе еддің экономикалық потенциалының молаю шапшаңдығын бағалау үшін
қолданылады, екінші – халықтың әл-ауқатының динамикасын талдағанда, немесе
әр елдер мен региондардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.
Бүгінгі күні өсу теорияларында өлшеудің екінші әдісі көбірек қолданылады.
Экономикалық өсу деп халықтың санының өсу шапшаңдығынан нақты ұлттық
табыстың өсу шапшаңдығының артық болуына әкелетін, ұлттық экономиканың
дамуы деп түсініледі.
Экономикалық өсуді өндірістің нақты көлемінің өсуі шапшаңдығы жағынан
қарағанда, әдетте экономикада күрделі құрылымдық немесе институционалдық
өзгерістер орын алмайды деп тұжырымдалады. Өндірістің құрылымы мен
институционалдық орта қалыптасып болған және өзгерістер жоқ, тұрақты деп
есептеледі. Дамудың осындай сипаты, тұтастық қасиеттері бар және сыртқы
ортамен үйлесімді өзара әсер ететін экономикалық жүйелерге тән болады. Ұзақ
мерзімді уақыт деп әдетте негізгі капиталдың өмірлік циклына тең уақыт
түсініледі. Осындай тұжырым экономи-калык өсудің неокейнстік және
неоклассикалық теорияларына тән болады.
Басқаша тұжырым экономикалық даму, ұдайы өндірістік, индустриалдық және
постиндустриялык теорияларда қолданылады. Бұл теориялар тым ұзақ
мерзімдегі экономикалық динамиканың мәселелерін зерттеп, талдайды. Осы
мерзімде үкіметтің негізгі институттары, басқару, инфрақүрылым объектері,
экономикадағы құрылымдық өзара байланыстар және оның сыртқы ортамен
байланысы – осылардың барлығы өзгеріске ұшырайды.
Тым ұзақ мерзімді экономикалық өсуді зерттеудің екі негізгі ерекше-
ліктері болады:
1. Экономикалық өсу экономикалық дамуының құрамды элементі деп
есептеледі. Ол, бір жақтан, дамудың циклдық сипатына дем береді, екінші
жағынан, өзі құлдырау мен депрессияның кезінде дайындалған өзгерістердің
нәтижесі болып табылады. Сондықтан негізгі назар экономикалық өсуге емес,
экономикадағы глобалдық өзгерістерге, осылардың жаңа сапаға айналуының
тұрақты тенденциялары мен зандылықтарына аударылады.
2. Макроэкономикалық өзгермелі көрсеткіштерімен қатар, экономикалық
дамудың микроэкономикалық, салалық және индустриалдық негіздері,
кәсіпкерліктің мәселелері; өндірушілер, тұтынушылар және мемлекеттің және
үкіметтің мүдделерінің қайшылықтары, жаңа экономикалық құрылымдардың
қалыптасуы зерттеледі.
Халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті камтамасыз ету –
экономикалық өсудің негізгі түпкі мақсаттары болып табылады. Экономикалық
өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарылауы болып табылады,
осының құрамы:
1. Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. Бұл мақсатқа
жетуді ұлттық табыстың (ҰТ) жан басына шаққанда келетін өсу шапшаңдығы
көрсетеді.
2. Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты ЖҰӨ немесе ҰТ көрсеткіштерінде
орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып
отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қыскарғанына, жұмысшылар мен
қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудару керек.
3. ҰТ халықтың әр топтарының арасында бөлінуін жақсарту.
4. Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін
көбейту.

Көпсалалы өндірістің тиімділігі деген түсінікті құратын жағдайлардың
барлығының жақсартылуы экономикалық өсудің тиімділігі болып табылады.
Осыған жататындар:
• тауарлар мен қызметтердің сапасының жақсаруы, олардың отандық және
әлемдік нарықта бәсекелік қабілетінің жоғарылауы;
• бұрын қанағаттандырылмаған қажеттерді қамтуға мүмкіндік беретін,
немесе оларды тым жақсы қамтуға мүмкіндік әкелетін жаңа тауарлар
өндірісін игеру;
• халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі елдің территориялық
артықшылығымен есептесе отырып, өнді-рістің мамандану мен
кооперациялануын жетілдіру;
• басқару шеберлігін жоғарылату арқылы және фирманың ішіндегі еңбек
өнімділігін ынталандыру үшін тиімді мотивация қолдану арқылы, "Х-
тиімді еместікті" жою;
• өндірістік ресурстардың салалық және елдің аймақтары бойынша алло-
кациясын жақсарту;
• жаңа технологиялар игеру.
Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген түсінік оның
әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады. Экономикалық өсудің
сапасын қүрушылар:
• халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
• адамның гармониялық даму негізі деп қаралатын бос уақыттың көбеюі;
• әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
• адам капиталына инвестицияны өсіру;
• адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
• жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
• еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық
қамтуды қолдау.
Экономикалық өсудің факторлары деп өндірістің нақты көлемінің көбею
масштабын белгілейтін құбылыстар мен процестер белгілейтін өсудің
тиімділігі мен сапасының жоғарылау мүмкіндіктерін атайды.
Факторларды экономикалық өсуге әсер етуіне байланысты тікелей және
жанама деп бөледі. Тікелей факторларға экономикалық өсудің физикалық
мүмкіндігін белгілейтіндер жатады. Жанамаға осы мүмкіңдіктерді ақиқатқа
айналдыратын факторлар жатады.
Тікелейді бес негізгі факторлар құрайды, олар жиынтық өндіріс пен
ұсыныстың динамикасын тікелей белгілейді:
• еңбек ресурстары санының кебеюі және сапасының жоғарылауы;
• негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық, құрамының жақсаруы;
• өндіріс технологиясы мен ұйымдастырылуының жетілдірілуі;
• шаруашылық айналымына тартылған өндіріс ресурстарының саны мен
сапасының өсуі;
• қоғамдағы кәсіпкерлік қабілеттердің өсуі.
Жанамалар құрамына мынадай ұсыныс факторлары жатады: нарықтың
монополиялану дәрежесінің төмендеуі, пайдаға салынатын салықтың азаюы,
несие алу мүмкіндітерінің көбеюі және т.б. жанамаларға сұраныс пен бөлу
факторлары да жатады.
Сұраныс факторлары өсіп келе жатқан өндіріс көлемінің өткізу мүмкіндігін
белгілейді. Сұраныс факторларының маңыздылары: тұтынулық, инвестициялық
және мемлекеттік шығындардың өсуі, жаңа нарықтар игеру нәтижесінде немесе
әлемдік нарықта ел өнімінің бәсекелік қабілетінің өсуі нәтижесінде
экспорттың кеңеюі.
Егер сұраныстың динамикасы нақты өндіріс көлемінің табиғи дәрежесінің
ұлғаюынан төмен болса, онда экономикада өсу шапшаңдығының құлдырауы немесе
өсудің рецессиясы деген жағдай орын алады.

Экономикалық өсуге әсер ететін бөлу факторлары:
• өндірістік ресурстардың салалар, кәсіпорындар және елдегі аймақтар
бойынша нақты аллокациясы;
• қоғамда орын алып отырған табыстарды шаруашылық жүргізуші
субъектілер арасында бөлу тәртібі.
Бұл факторлар экономикалық жүйенің өсу кабілетіне және оның тиімділігіне
әсер етеді.
Экономикалық өсу потенциалын жүзеге асыруда табыстарды бөлу тәртібі де
маңызды рөл атқарады. Ол осы қызметін тек жұмысшыларды еңбек өнімділігін
арттыруға ынталандырған болса атқарады. Басқа сөзбен айтқанда, экономикалық
потенциалдың мүмкін карқынмен өсуі үшін өндіріс факторларының меншік
иелерінің табысының өсу шапшаңдығы олардың өнімділігінің, өсу шапшаңдығына
тең болуы кажет.

2 Экономикалық өсудің экстенсивтік және интенсивтік типтері.
Ғылыми-техникалық прогресс

Экономикалық өсудің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшаңдығы мен
өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі
болуы мүмкін. Теория жағынан экономикалық өсудің негізгі екі типі болады:
экстенсивтік және интенсивтік.
Экономикалық өсудің экстенсивтік типінде, материалдық игілікгер мен
қызметтер көлемінің молаюы ұсыныстың тікелей факторларының көпшілігін
қолдану арқылы жүреді: жұмыскерлерді, еңбек құрал-дарын, жерді, шикізатты,
отын-қуат ресурстарын және т.б. Экстенсивтік өсуде өндірістің нақты
көлемінің өсу қарқыны мен оны жасауға жұмсалған жиынтық шығындардың өсу
қарқынының арасындағы пропорциялар тұрақты болып сақталады.
Экономикалық өсудің интенсивті типі керісінше сипатталады - өндірістің
кеңеюі өсудің тікелей факторлары сапасының жетілді-рілуі арқылы жүзеге
асырылады: прогресивтік технологияларды қолдану, жоғары квалификациясы мен
жоғары еңбек өнімділігі бар жұмысшы күшін пайдалану арқылы және т.б. Осы
жағдайда өндірістің нақты көлемінің өсу карқыны нақты жиынтық шығындардың
өзгеру карқынынан артық болып отырады.
Экономикалық өсудің типтерге бөлінуіне сәйкес, өсудің тікелей факторлары
негізгі екі топқа бөлінеді – экстенсивтікке және интенсивтікке.
Нақты өмірде экономикалық өсудің экстенсивтік немесе интенсивтік
типтері таза түрде болмайды. ҒТП жетістіктерін енгізу негізінде жүзеге
асырылатын, өсу факторларын сан жағынан жетілдіру, қашан болмасын өндіріс
құрал-жабдықтарына және жүмысшы күшіне инвестициялар салымын жасауды талап
етеді. Жұмысшы күші мен құрал-жабдықтардың өсуі, олардың сапалық
сипаттамаларына өзгеріс енгізеді. Сондықтан нақты экономикалық өсуді
талдағанда, оның теориялық үлгісін емес, өсу типтерін басымырақ
экстенсивтік және басымырақ интенсивтік деп бөледі.
Осы заманда экономикалық өсуді типке бөлу, өсудің интенсивтік
факторларының нақты ЖҰӨ (ТҰӨ) өсіміндегі үлесіне сәйкес жүргізіледі. Егер
өсудің интенсивті факторларының нақты ЖҰӨ үлесі 50% артық болса, онда
экономикаға өсудің басымырақ интенсивтік типі тән болады. Керісінше, егер
нақты ЖҰӨ өсіміндегі интенсивтік факторлардың үлес салмағы ЖҰӨ жалпы
өсімінің 50% төмен болса, онда экономикалық динамикаға өсудің басымырақ
экстенсивті типі тән болады.
Өндірісте қолданылатын еңбек пен капиталдың сәйкестігін белгілейтін
макроэкономикалық көрсеткіштердін өзгерістеріне әсер етуіне байланысты, ҒТП
бірнеше типке бөлінеді.
Егер ҒТП дамуында еңбектің капиталмен жабдықталуының әрбір белгіленген
шамасына (КL-const) өндіріс факторларының шекті өнімділігінің ылғи бір
ғана көрсеткіші (шамасы) сәйкес келсе, онда Хикс бойынша бейтарап ҒТП орын
алады.
Егер еңбектің капиталмен жабдықталуы белгіленген жағдайда шекті еңбек
өнімділігі капиталдың шекті өнімділігінен тез өсіп отырса, экономикаға
еңбекті үнемдейтін техникалық прогресс тән болады. Керісінше жағдайда –
шекті еңбек өнімділігінің, өсу қарқыны мен шекті капитал өнімділігінің
арақатынасы керісінше болғанда, ҒТП капитал үнемдейтін типі орын алады.
Егер ҒТП дамуында белгіленген еңбек өнімділігінің орта дәрежесіне
еңбектің шекті өнімділігінің бірдей шамасы сәйкес келсе (YtLt-const,
сондай-ақ DYtDLt-const), онда осындай тип Солоу бойынша бейтарап деп
аталады. Егер капиталдың шекті өнімділігі тұрақты болғанда (DYtDKt-const)
оның орташа өнімділігі де (YtKt түрақты болса), Харродтың пікірі бойынша,
техникалық прогресс бейтарап деп аталады.

3 Тепе-теңдікте экономикалық өсудің негізгі үлгілері.
Экономикалық өсу концепциялары

Егер тепе-теңдіктің статикалық үлгісі осы болмысқа жету шарттарын
анықтауға бағытталса, немесе, салыстырмалы статиканың графикалық үлгісі
тепетең алғашқы болмысы мен жаңасын салыстырумен айналысқан болса, тепе-
теңдік өсудін үлгісін жасаудың мақсаты даму процесінде тепе-теңдікті
қамтамасыз етудің шартгарын анықтау болып табылады. Бұлар тренд
траекториялары деп аталады. Нақты экономика осының бойымен козғалып
отырады.
Өсудің тепе-теңдік үлгілерінде дамудьң тепе-тендік траекторияларын
тұрақты және тұрақты емес деп бөледі. Егер тепе-теңдік траекториясынан
эконо-мика ауытқыса, бірақ біраз даму мерзімінен кейін қайтіп осы тепе-
теңдікке оралған болса, онда осындай тепе-тендік траекториясы тұрақты
боладьг. Егер бір траекториямен экономика бір сәтте тепе-теңдікке жетіп
шексіз ұзақ мерзім қозғалыста болатын болса, мұндай балансталған өсу
траекториялары тұрақты болмайды, егер оның ішкі құрылымы немесе бастапқы
даму шарттары өзгермесе қаншама аз түрткі болса да оның тепе-тендік болмысы
бұзылады да экономика өз күшімен (өңдірушілер мен тұтынушылардың өзара
әсерлерінін негізінде) ешқашан тепе-тендік траекторияға қайтып оралмайды,
ол одан алыстай береді.
Тепе-теңдік өсу үлгілері тепе-теңдік траекториялардың, қасиеттерін
(олардың тұрақтылығы және тұрақты еместігі) зерттеуге бағытталған және олар
ауытқу жағдайында экономикалық жүйені тепе-теңдік траекториясына қайтару
шарттарын анықтау үшін қолданылады. Осы үлгілердегі нақты экономикалық
жүйелердің өзгерулерінің ықтималдық тенденцияларын болжауға бағытталған өсу
үлгілерінен айыра білу керек.
Өсудің жабайы неоклассикалық үлгісі. Өсудің неоклассикалык үлгілері
дамудың стационарлық жағдайында трендтік траекторияларды зерттеу үшін
қолданылады. Дамудың стационарлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық өсу: түсінігі, тиімділігі, сапасы
Экономикалық өсу концепциялары
Бименгиева Экономикалық теория
Экономикалық өсудің типтері, тиімділігі мен сапасы
Экономикалық өсудің кейнстік үлгілері
Елдердегі халық орналасуының ауқымды проблемалары және әлеуметтік-экономикалық дамуы
Ұлттық экономика
Қоршаған орта және адам қоғамының тұрақты дамуы
Экономикалық өсудің теориялық және әдістемелік негіздері
ҚР экономикалық өсудің ерекшеліктері, кезеңдері мен қазіргі жағдайы
Пәндер