Қытай мен Қазақстан дипломатиялық қарым-қатынастары


Қытай мен Қазақстан дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылғаннан бүгінгі күнге дейін екі мемлекет арасында қабылданған бірлескен декларацияларда анық көрсетілген. Бүгінде олардың саны төртеу: 1) 1993 жылы 18 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы достық қарым-қатынастардың негізі туралы бірлескен декларация; 2) 1995 жылы 11 қыркүйекте қабылданған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту және тереңдету туралы бірлескен декларация; 3) 1996 жылы 5 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бірлескен декларациясы; 4) Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы жиырма бірінші ғасырда жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы бірлескен декларация.
1995 жылдың қыркүйек айындағы Қазақстан президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қытайға екінші ресми сапары кезінде қабылданған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту және тереңдету турылы бірлескен декларацияда тараптар саяси қатынастар саласы бойынша екі ел арасындағы қатынастарды сапалы деңгейге көтеруге бекем бел байлап, мынадай шешімге келді: “Бейбіт қатар өмір сүрудің бес принципін негізге ала отырып, екі ел арасындағы ұзақ мерзімді тату көршілік пен достықтың өзара қатынастардың батыл және ұдайы сақтау мен дамыту, өзара түсіністік пен сенімді нығайту, әр түрлі деңгейлерде үдемелі және жан-жақты диалогты қолдау, жалпы қабылданған халықаралық құқық нормаларының негізінде риясыздық, тілектестік, өзара мүдделерді ескеру рухында туындаған проблемаларды шешу; өз аумағындағы кез-келген ұйымның және күштердің екінші Тарапқа қарсы бағытталған сепаратистік қызметіне жол бермей, ұлттық сепаратизмнің қандай түріне болса да қарсы шығу”. Сонымен қатар тараптар халықаралық қатынастар саласында да мынадай уағдаластыққа қол жеткізді: ”Барлық елдер, мейлі үлкен немесе кіші, күшті немесе әлсіз, бай немесе кедей болмасын тең құқықты ынтымақтастықты жүргізуін, халықаралық істерде кемсітушіліксіз қатысуын жақтау, гегемонизм мен күш саясатына қарсы іс-қимыл жүргізу”.
Орталық Азия мемлекеттерінің Азия-Тынық мұхит аймағындағы елдермен көп қырлы байланыстарын дамытуға жәрдемдесу, сол арқылы Азия-Тынық мұхит аймағындағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ісіне үлес қосу. Осы айқындаманы негізге ала отырып, Қытай жағы Қазақстанның президенті Н. Ә. Назарбаевтың Азиядағы өзара іс-қимыл мен сенім шаралары жөніндегі Кеңесті шақыру туралы бастамасын белсенді түрде қолдайды, Азия-Тынық мұхит аймағындағы барлық елдермен бірге шынайы қауіпсіздік пен тең құқықты ынтымақтастыққа тиімді жолдарды іздестіруге әзір.
Екі мемлекет, үкімет басшыларының, саяси, әскери ведомстволары басшыларының өзара сапарлары Орталық Азия мен Қытай арасындағы саяси, әскери, қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастықтың іргетасын қалады. 1993-2000 жылдар аралығында Қытайда Қазақстанның қорғаныс министрлері С. Нұрмағанбетов, А. Қасымов, Бас штаб бастығы Б. Ертаев, С. Тоқпақбаев, әділет, ішкі істер, білім, транспорт және комуникациялар министрліктерінің, Бас прокуратураның делегациялары барып қайтты. Қазақстан мен Қытайдың қорғаныс ведомстволары арасындағы делегациялар алмасу жұмысы қалыпқа келтірілді. 1995 жылдың наурыз айында және 1996 жылдың мамыр айында Қазақстанға Қытай Халық Азаттық Армиясы Бас штабының бастығы мен оның орынбасары бастаған делегациялардың, 1997 жылы Қытай Қорғаныс министрінің сапарлары болды.
1992 жылы Қазақстан мен Қытай арасында шекара мәселесі туралы консультациялар басталады. Сол жылдың ақпан айындағы Қазақстан премьер-министрі С. Терещенконың Қытайға сапары кезінде ҚХР-дың ресми адамдары шекара сызығының белгіленуі туралы әртүрлі пікірлердің пайда болуына байланысты жан-жақты өркениетті консультациялар жүргізуді бастау туралы ұсыныс жасады.
Қазақстан-Қытай шекара мәселесін шешудегі алғашқы нақты қадам ретінде Қытай премьер-министрі Ли Пэннің 1994 жылдың сәуір айындағы Қазақстанға сапарында қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы келісім-шартты атауға болады. Бұл келісім 1995 жылдың 11 қыркүйегінде күшіне енді. Аталмыш келісім бойынша “тараптар бүгінгі қазақстан-қытай шекарасы туралы келісім негізінде, халықаралық құқықтың жалпыға ортақ ережелеріне сәйкес, тең дәрежедегі консультациялар, өзара түсіністік пен өзара ыңғайға көну рухында, сонымен бірге шекара мәселелері туралы келіссөздер барысында қол жеткізген уағдаластықтар негізінде Қазақстан мен Қытай арасындағы тарихтан қалған шекара мәселелерін одан әрі тиімді түрде шешуге және екі мемлекет арасындағы шекара сызығын анықтап, белгілеуге келісті”. 1994 жылы шекара сызығының бірнеше учаскелері бойынша толық уағдаластыққа қол жеткізілмегендіктен, келісімнің 3-ші бабы келіссөздерді әрі қарай жалғастыру қажеттігін атап көрсетті: “Уағдаласушы тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы он бесінші шекара нүктесінен он алтыншы шекара нүктесіне дейін, қырық сегізінші шекара нүктесінен қырық тоғызыншы шекара нүктесіне дейінгі мемлекеттік шекара сызығының өтуі туралы мәселелерді осы келісімнің 1-ші бабына сәйкес шешу үшін келіссөздерді жалғастыру керектігімен келісті”. Бұл құжат Талдықорған облысындағы Сарышілде өзені аймағы мен Семей облысындағы Шаған Оба деген жерден басқа бүкіл шекара сызығының өтуін белгілеген болатын. Тараптар паритеттік бастама негізінде бірлескен демаркациялық комиссия құруды және сол комиссияға шекараны демаркациялауды жүзеге асыруды шешті: шекаралық тау жоталарындағы суайрықтары мен шекаралық өзендердің ортасының немесе негізгі сағаларының нақты жағдайын анықтау, осы келісімнің 5-ші бабына сәйкес шекаралық өзендердегі аралдардың тиістілігін анықтау, шекара белгілерін орнату, шекараны демаркациялау туралы құжаттардың жобасын дайындау, нақты демаркациялық карталарды құру, сонымен қатар жоғарыда аталып өткен міндеттерді орындаумен байланысты әртүрлі нақты мәселелерді шешу.
1995 жылдың ақпан айында Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Н. Есенғариннің ҚХР-ға сапары болды. Сапар барысында 1995 жылға сауда айналымы туралы меморандумға қол қойылып, келіссөздер қорытындысы бойынша Протокол құрылды. Қытай үкіметі Қазақстанға қауіпсіздік кепілдіктерін беру туралы мәлімдеме жасады. Осы жылдың қыркүйек айында Қазақстан президенті Н. Ә. Назарбаев Қытай Халық Республикасына өзінің екінші ресми сапарын жасады. Сапар қорытындысы бойынша ҚР мен ҚХР арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту және тереңдету туралы бірлескен декларация, ҚР мен ҚХР Қорғаныс министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум қабылданды. Екі жақ қабылдаған декларацияда қауіпсіздік мәселесі жөнінде былай делінген: “Қытай жағы Қазақстанның ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде ядролық қаруды таратпау туралы Шартқа қосылуын жоғары бағалайды, Қытайдың ешуақытта және ешқандай жағдайда ядролық қаруды бірінші болып қолданбайтынын, ядролық қаруды қолданудан немесе оны ядросыз мемлекттерге және ядросыз аймақтарға қарсы қолдану қаупінен тартынатынын тағы да қуаттайды және басқа ядролық мемлекеттерді осындай айқындаманы ұстануға шақырады”.
Қазақстан жағы Қытай жағының жоғарыда аталған айқындамасын жоғары бағалайды және бөліседі, Қытай үкіметінің Қазақстанға қауіпсіздік кепілдіктерін беру туралы 1995 жылғы ақпанда жарияланған мәлімдемесінің тарихи маңызын атап көрсетеді және дүниежүзілік әрі аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті одан әрі нығайту мүдделерінде Қытай жағымен өзара іс-қимылға әзірлігін қуаттайды .
1997 жылы Қазақстан мен Қытай арасында шекара мәселесінің шешілуіне тағы бір қадам жасалды. Еларалық уағдаластықтар нәтижесінде тамыздың 24-інде Қазақстан Республикасы тұңғыш мемлекеттік шекара белгісін орнатты. 1994 жылы қол жеткізген Қазақстан-Қытай шекарасы туралы келісімнің 4-ші бабы бойынша құрылған бірлескен демаркациялық комиссияның жұмысы белгілі нәтиже берді. Келіссөздер жүргізу барысында демаркациялық комиссиялар 502 шекара белгісін орнату туралы келісілді. Қазақстан 254, ал Қытай 248 белгі орнатуды өз міндеттеріне алған. Практикалық шаруаларды атқару үшін жер-жерлерде 6 демаркациялық жұмысшы топтары құрылды. Олар геодезиялық, топографиялық және басқа да арнайы жұмыстарды жан-жақты зерттеп, шекара учаскелерін нақтылы айқындай түсті. Екі мемлектте өздерінің мемлекеттік шекараларын айқындап, белгілер орната бастады. Ал екі республиканың теміржолдары түйіскен тұста күміс қада қадалды.
Сөйтіп, осы жылдың, яғни 1997 жылдың қыркүйек айында Қытай премьері Ли Пэннің Қазақстанға сапары барысында Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы бірінші Қосымша келісімге қол қойылды.
1998 жылдың шілде айында Қытай төрағасы Цзян Цзэминьнің Қазақстан сапарының негізгі қорытындысы Қазақстан-Қытай шекарасы бойынша екінші қосымша келісімге қол қойылуы болып табылады. Бұл келісім 1999 жылдың 7-ші сәуірінде күшіне енді.
1999 жылғы қараша айындағы Қазақстан президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қытайға ресми сапары барысында ҚР мен ҚХР арасындағы шекара мәселесін толық реттеу туралы Бірлескен Мазмұндама қабылданды. Демаркацияланған шекараның жалпы ұзындығы 1660 км. 1999 жылы 5-ші мамырда Алматыда қабылданған Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесін туралы келісім 2000 жылдың 17-ші мамырында Қазақстан Парламентімен бекітілді.
Қазақстан мен Қытай арасында жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде шекараны делимитациялау туралы келісімге қол қойылғаннан кейін Қазақстан баспасөздерінде әртүрлі пікірталас туындады. Біреулердің пікірінше Қазақстан Қытайға жерін беріп қойды деген болса, ресми көзқарас бойынша ешқандай да жер берілмегендігі айтылды.
Жалпы, 1994 жылы Қазақстан мен Қытай шекара сызығын белгілеуде екі учаске бойынша уағдаластыққа қол жеткізілмегенін жоғарыда айтып кеттік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz