Поштада жұмыс істеудің сипаттамалары


Тақырыбы: Электрондық поштамен жұмыс

Мазмұны

Кіріспе3

1. WWW, FTP, почта дегеніміз не?4

2. WWW, почта және интернеттің басқа сервистеріне

тораптық хаттамалар қалай істейді?6

3. Хаттама дегеніміз не?6

4. ТСР/ІР хаттамасы6

5. ТСР/ІР хаттамасының инсталляциясы7

6. E-maіl8

7. WWW, FTP, почта дегеніміз не?9

8. Хатты толтыру10

9. Поштада жұмыс істеудің сипаттамалары

9. 1 Іздеу серверлері10

9. 2 Модем дегеніміз не?11

9. 3 Провайдер дегеніміз не?11

Қорытынды15

Қосымшалар16

Пайдаланған әдебиеттер тізімі17

Кіріспе

Электрондық почта қашықта орналасқан абоненттермен компьютер арқылы байланысудың ең ыңғайлы түрі болып саналады да, ол кәдімгі почтаның екінші балама түрі болып есептеледі. Информацияны өте жылдам, әрі толық күйінде оны өзгертпей барар жеріне сенімді түрде жеткізетіндіктен (қызметінің салыстырмалы бағасы төменгі деңгейде) қазіргі почта болады деп күтілуде. Компьютерлер көмегімен кез келген ортаны (олар қандай қашықтықта орналасса да) дайын болған әртүрлі құжаттармен, жаңа жобалармен жылдам таныстырып, олардың да осыларға деген пікірін тез жинап алуға болады.

Интернеттегі ескірген сервистің бірі электронды почта болып есептеледі. Ол санаулы сағат немесе минут ішінде жер шарының қай нүктесінде болса да адрес салушының компьютеріне сіздің компьютеріңіздегі текстік хабарлауды жіберуге мүмкіндік береді. Мәтіндік қатынасқа - суреттер, дыбыстық мәліметтер т. б. кез келген екілік ақпаратпен файлдар тіркеуге болады.

Адрес жіберушінің провайдерінің почталы серверіне түспейінше, электронды хат автоматты түрде бір почталы серверден келесіге жіберіледі - (факс немесе телефонды пайдалану жағдайында) . Мұндай почтаны пайдалану кезінде шет компьютерлер арасында тікелей байланыс арнасын орнатудың қажеті шамалы.

Осы серверден адрес салушы оны байланыстың келесі бір санасында алады. Егер де адрес салушының компьютері интернетке үнемі қосулы тұрса, онда хат оның компьютеріне тез арада түседі. Көрсетілген адресте жоқ болған жағдайда жіберуші ескертуге сәйкес хат алады.

1. WWW, FTP, почта дегеніміз не?

Интернетке қосылған клиент интернет сервистеріне ие болады. Сервистер арнайы серверлермен қамтамасыз етіледі және ақылы, ақысыз болуы мүмкін. Олардың ішінде ең белгілі: WWW, FTP, электронды почта.

WWW - World Wіde Web (Дүниежүзілік тор) - бұл дүниежүзілік ақпараттық жүйе, ақпаратты серверлерде түйінделген құжаттардың жинағы ретіндегі технололиясын пайдаланады. Әрбір құжатта мәтінен басқа, график, дыбыс немесе видеобейнелер болады. Ақпарат берудің мұндай формасы мультимедия деп аталады. Құжат Web - беттерден тұрады, олардың әрқайсысы бірнеше тақырыптарды баяндайды. Компьютердің экранында Web - бетті қарай отырып негізгі мәтіні, бейнелерді және де түрлі боялған мәтінді, сызылған сөйлемдерді көруге болады. Мұндай объектілер гипертекстік нұсқау деп аталады. Және олар нұсқау мазмұнын ашатын басқа құжатпен байланысуға арналған. Осындай нұсқауды басқару тетігімен шертіп, Web - беттің экранына басқа құжаттардан, қарастырып жатқан мәліметтерге байланысты құжаттар шығаруға болады. Мұндай тәсілмен пайдаланушы керек аппаратты алады, программаларды көшіріпалады. Бұл үшін интернет және Web - беттерді көру программасы - броузер (ағылшын сөзі browser шолу, байқап қарау), мысалы Іnternet Explorer немесе Netscape Communіcator қажет. Броузер мен Web - сервердің байланысы НТТР хаттамасының көмегімен қамтамасыз етіледі. Хаттамалар туралы төменде айтылады.

ҒТР сервисі - Fіle Transfer Protocol (файлды тапсыру хаттамасы) торапқа түрлі форматтағы файлды тапсыру мүмкіндігін береді. Бұл қор соңғы кезде негізінен кең тараған. Web - серверлері бар көптеген фирмалар кең тарату бағдарламасын қамтамасыз ететін ҒТР серверлеріне қосымша қосты. Мысалы, егер сіз Іnternet Explorer броузерден жаңа хабар алғыңыз келіп, Web - сервердің Mіcrosoft корпорафиясына жүгінсеңіз, сізді қайтадан ҒТР серверіне қайтарып жібереді, ол жерден өзіңізге қажетті программаны көшіріп алуыңызға болады. еске салар нәрсе ол - дистрибутивті программаларды Web - сервер арқылы көшіріп алуға болады. ҒТР - сервердегі тағы да бір қажетті функция ол - жинақтау, сақтау және файлды кең тарату. Осындай сақтау орнына жазылған әр қолданушы өз копьютеріне неше түрлі жолайлы файлдарды жазып, ашуына болады және де арнайы каталог арқылы ҒТР - сервердің нәтижесінде бірге жұмыс істейтін адамының қолдана алатынындай да ете алады. Файлды өз компьютеріне көшіру процессі тиеу downloadіng деп аталады (загруска) . Көп жағдайда скачивание деп те атайды. Өз компьютеріңдегі файлды басқа компьютерге аудару, түсіру (выгрузка) uploaіng деп аталады. ҒТР - сервердің жоғарғы жылдамдығы және файлдың көлемінің мөлшерленбеуінің нәтижесінде бұл сервис өте танымал болып келеді.

ҒТР сервисіне кіру үшін арнайы клиентке программа керек. Егер сізге тек периодты көшіру керек болса, онда бұл жағдайда тек браузер ғана қажет, мысалы, Іnternet Explorer немесе Netscape Communіcator. Ал егер сізге FTP сервермен үнемі жұмыс істеу керек болса, онда сізге арнайы клиенттік программаны қолданған жөн, мысалы, Cute ҒТР немесе Ws - ҒТР 32. Интернет торабының корреспонденциясын жіберуде де қолданылады. Бұны электронды почта (E - maіl) деп атайды. Электронды почта арқылы тақырып, сурет, фотосурет, дыбысты жазылуды жіберуге болады. Корреспонденция арнайы почта-серверлерде жиналады және сақталады. Әр абонент торабының өз "почталы жәшігі" болады. бұл арқылы әр қолданушы әр почталы жәшіктің арасында өзіне қолайлы уақытта корреспонденция ала алады немесе жібере алады. Корреспонденция керекті адресті дұрыс табу үшін, әр компьютерде электронды почта адресі болады, мысалы user@fіrma. ru. Егер жұмыс орында осы торапта бірнеше қолданушы қолданса, онда әр адрес қайсысы ауысып кетпеу ішін өз жеке адресі E - maіl болады, мысалы @ символының алдына іnfo @ fіrma. ru. электронды почтамен жұмыс істеу үшін оған арнайы почталы программа немесе почталы клиент болу керек. Олардың ішіндегі ең танымалы - Outlook Express, TheBat, Eudora, Pegasus.

Интернет сервисінің тағы бір түрі - телеконференциялар (usenet) немесе жаңалықтар, ол бойынша торап абоненттерінің әртүрлі сұрақтар талқыланатын топтық дискуссияларға қатысуына мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта торапта осындай топ немесе телеконференциялардың он мыңнан аса түрі бар. Оларға қатысатындар әртүрлі тақырыптарды - тағам жасаудан бастап НЛО - ға дейін талқыланады. Телеконференциялардың ұйымы почталық хабар алмасуға сырттай ұқсайды, бірақ оның айырмашылықтары бар. Бұл жерде хабар нақты пайдаланушыға жіберілмейді, ол дискуссиялық топ - телеконференцияларға жіберіліп, қатысамын деген адамға ашық болады. Телеконференция хабарламаларының торапта таралуын арнайы жаңалықтар сервері орындайды. Ол NNTP - Net News Transport Protocol (тораптық жаңалықтардың транспорттық хаттамасы) деп аталады.

Сервер жаңалықтарының біреуіне қосылып, ол жердегі топтар мен телеконференциялардың тізімін алуға болады. Өзіңізді қызықтырған тақырып бойынша сол топқа немесе автордың өзіне өз пікіріңізді жіберуіңізге болады.

Сервер жаңалықтарымен жұмысты телеконференцияларды оқуға арналған программалар, мысалы Іnternet News қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Outlook Express почталық программасында да осындай мүмкіндіктер бар.

2. WWW, почта және интернеттің басқа сервистеріне тораптық хаттамалар қалай істейді?

ТСР/ІР хаттамасы бірнеше деңгейді пайдаланады, бір компьютерден екінші компьютерге хабар сол арқылы жүреді. Ең төменгі деңгей - физикалық: бұл тораптық адаптерлердің жұмысы, ол компьютерде сақталған ақпараттың өзгермеуін қамтамасыз етеді. Келесі деңгей - мәліметтер пакетін беруді басқару болып табылады. Берудің дұрыстығы ІР хаттамасының бақылауында болады.

3. Хаттама дегеніміз не?

Компьютерлік тораптар жүздеген мың және миллиондаған компьютерлерді біріктіре алады. Бұл компьютерелер әртүрлі болуы мүмкін. Осындай компьютердің әрқайсысы басқа компьютерлермен байланысуы үшін олар әр торапқа бір қатынас тілін пайдалану қажет, ол хаттама деп аталады. Хаттама - ереже мен үлгілердің жиынтығы, ол компьютерлердің мәліметтермен алмасуына мүмкіндік береді. Тораптағы барлық компьютерлердің бір хаттаманы қолдануы сіздің ІВМ - тіркесетін компьютеріңіз мұхиттың арғы бетіндегі университеттегі Apple фирмасының Macіntosh компьютерімен байланысуына кепілдік береді.

Хаттамалар деңгейлерге бөлінеді, бір деңгейдегі хаттамалар үйлесімді мәселелерді шешеді. Жоғарғы деңгейдегі хаттамалар өздерінің мәселесін шешуге төменгі деңгейдің функцияларын пайдаланады.

Мәліметтер жоғарғы деңгей хаттамасынан мәліметтер арнасының хаттамасына беріледі, әр деңгейде тиісті хаттама мәліметтерге өзінің қызмет ақпаратын қосып жібереді. Ақпаратты ұсақ пакеттерге бөлуі мүмкін, содан кейін ақпарат мәліметтер арнасынан жіберіліп, қайтарда кері ретімен қайтарылады.

4. ТСР/ІР хаттамасы

Интернет торабының жұмысы ТСР/ІР - Transmіssіon Control Protocol/Іnternet Protocol (мәліметтерді тапсыруды басқаратын хаттама/ Интернет хаттамасы) коммуникациялық хаттамаларды пайдалануға негізделген. Берілген хаттама кейбір локальдық тораптарда мәліметтерді беру мақсатында қолданылады. ТСР/ІР хаттамалары қосымша деңгей мен мәліметтер арнасы деңгейінің арасындағы барлық аралық хаттамаларды қосады. Жалпы саны оннан асады. Олардың ішіндегі ең негізгілері:

Транспорттық хаттамалар: ТСР - Transmіssіon Control Protocol/Іnternet Protocol (мәліметтерді тапсыруды басқаратын хаттама) және басқа - компьютерлер арасындағы мәліметтерді беруді басқарады.

Маршруттық хаттамалар: ІР - Іnternet Protocol (Интернет хаттамасы) және басқа - мәліметтердің дұрыс беруін қадағалайды, мәліметтердің адрестерін өңдейді.

Тораптық адресті қолдану хаттамасы: DNS - Domaіn Name System (Аттардың доменді жүйесі) және басқа компьютердің бірегей адресін анықтауын қамтамасыз етеді.

Қолданбалы сервис хаттамасы: ҒТР - Fіle Transfer Protocol (файлдарды тапсыру хаттамасы), НТТР - Hyper Text Transfer Protocol (гипертекстті тапсыру хаттамасы), TELNET және басқа - әртүрлі қызметке қол жету үшін қолданылады: компьютерлер арасында файлдарды беру, WWW-ға қамсыз ету.

Шлюздік хаттамалар: EGP - Exterіor Gateway Protocol (ішкі шлюздік хаттама) және басқа - торап арқылы маршрут пен тораптың жағдайы туралы ақпаратты тасымалдауға көмектеседі; сондай-ақ локальды тораптарға мәліметтерді өңдейді.

Почталық хаттамалар: РОР - Post Offіce Protocol (почтаны қабылдау хаттамасы), SMPT - Sіmple Maіl Protocol Transfer (почтаны тапсыру хаттамасы) - почталық хабарларды тапсыру үшін қолданылады.

5. ТСР/ІР хаттамасының инсталляциясы

ТСР/ІР хаттамасы Іnternet жүйесіне қосылған компьютерде өзімен бірге тілі бар. ТСР/ІР (тапсыру басқармасының хаттамасы/ Іnternet хаттамасы) бастапқы кезде АҚШ қорғаныс министрлігіне арнап жасалған.

Іnternet ТСР/ІР хаттамасымен жұмыс істегендіктен, ол міндетті түрде сіздің компьютеріңізде инсталляциялануы керек. Бірақ егер бұлай болмаса, сізжіберілгеннің есесін толтыра аласыз.

  1. Баптау менюінен Басқару панель командасын таңдаңыз.
  2. Торап пиктограммасына апарыңыз.
  3. Егер торапта келесі компоненттер қойылған тізімінде ТСР/ІР элементі бейнеленсе, онда бұл хаттама инсталляцияланған. Бірақ егер берілген элемент жоқ болса, Қосу батырмасын басыңыз.
  4. Диалогтік терезеде пайда болғанға дейін хаттама элементінде 2 рет басыңыз.
  5. Таңдау терезесінде ашылған дайындаушылар алаңында: Тораптық хаттамада Mіcrosoft элементін белгілеңіз, ал Тораптық хаттама алаңында - ТСР/ІР элементі және ОК батырмасын басыңыз.
  6. CD - ROM жинаушыға 98 инсталляцияланған компакт - дискісін қойыңыз немесе қатты дискідегі инсталляцияланған файлға жол көрсетіңіз және керекті файлдарды көшіру үшін Одан әрі батырмасын басыңыз.
  7. ТСР/ІР хаттамасының инсталляция процесін аяқтаған соң, операциялық жүйені толтырыңыз.

ТСР/ІР хаттамасын инсталляциялауды аяқтаған соң, оны міндетті түрде конфигурациялау қажет. Ол үшін келесі істерді орындаңыз:

  1. Жұмыс жолындағы жүйелік қоршау пиктограммасына апарып басқару тетігінің оң жақ кнопкасын басыңыз, және ашылған менюден Қасиеттер командасын таңдаңыз.
  2. Ашылған терезенің тізімінің алаңында ТСР/ІР элементін (немесе ТСР/ІР элементі аланып тасталған қатынау контроллері) белгілеңіз және Қасиеттер батырмасын басыңыз.
  3. ОК батырмасын басыңыз. Пайда болған терезеде конфигурация DNS қосымша бетін ашыңыз.
  4. DNS - ты қосу опциясын орнатыңыз және компьютердің атын алаңға енгізіңіз.
  5. Сосын провайдер көрсеткен DNS - сервердің адресін, DNS - серверін қараудың реттілігі алаңына қойыңыз және Қосу батырмасын басыңыз.
  6. ОК батырмасы арқылы ашық терезелерді жабыңыз.

6. E-maіl

E-maіl немесе электрондық почта - нақты абоненттерге торап арқылы хабарлар жіберу жолымен мәлімет алмасу тәісілі. Ол арнайы почта программалары көмегімен жүзеге асырылады. Мысал ретінде, Outlook Express программасын атауға болады.

Электрондық почтаның белгілі бір адресін анықтау. Мәлімет алушылардан олардың адресін сұрап алу керек. Әйтпесе хабарлама алғанда оның ”Кімнен:” (“ОТ:” (from:) ) деген адрес өрісін қарау қажет. Электрондық почтаның адрестері Web парақтарында жиі көрсетіледі. Оған қоса, Іnternet Explorer программасының “People on the Web” деген каталогын пайдалануға да болады.

Электрондық почтаны қолдану кезінде одан зиян шегуге бола ма? Иә, болады. Өйткені соңыңызға түскендей тәсілмен мәлімет ұсынудан, мағынасыз үстіне-үсті қайталанып келе беретін хабарламалардан, нақты адрестерден деп келген өтірік мәліметтерден қашық болған дұрыс. Торап арқылы мәліметтермен вирустар ілесіп келуі мүмкін.

7. WWW, FTP, почта дегеніміз не?

Интернетке қосылған клиент интернет сервистеріне ие болады. Сервистер арнайы серверлермен қамтамасыз етіледі және ақылы, ақысыз болуы мүмкін. Олардың ішінде ең белгілі: WWW, FTP, электронды почта және жаңалықтар.

WWW - World Wіde Web (Дүниежүзілік тор) - бұл дүниежүзілік ақпараттық жүйе, ақпаратты серверлерде түйінделген құжаттардың жинағы ретіндегі технололиясын пайдаланады. Әрбір құжатта мәтіннен басқа, график, дыбыс немесе видеобейнелер болады. ақпарат берудің мұндай формасы мультимедийлі деп аталады. Құжат Web - беттерден тұрады, олардың әрқайсысы бірнеше тақырыптарды баяндайды. Компьютердің экранында Web - бетті қарай отырып негізгі мәтінді, бейнелерді және де түрлі боялған мәтінді, сызылған сөйлемдерді көруге болады. мұндай объектілер гипертекстік нұсқау деп аталады. Және олар нұсқау мазмұнын ашатын басқа құжатпен байланысуға арналған. Осындай нұсқауды басқару тетігімен шертіп, Web - беттің экранына басқа құжаттардан, қарастырып жатқан мәліметтерге байланысты құжаттар шығаруға болады. мұндай тәсілмен пайдаланушы керек аппаратты алады, программаларды көшіріпалады. Бұл үшін интернет және Web - беттерді көру программасы - броузер (ағылшын сөзі browser шолу, байқап қарау), мысалы Іnternet Explorer немесе Netscape Communіcator қажет. Броузер мен Web - сервердің байланысы НТТР хаттамасының көмегімен қамтамасыз етіледі. Хаттамалар туралы төменде айтылады.

ҒТР сервисі - Fіle Transfer Protocol (файлды тапсыру хаттамасы) торапқа түрлі форматтағы файлды тапсыру мүмкіндігін береді. Бұл қор соңғы кезде негізінен кең тараған. Web - серверлері бар көптеген фирмалар кең тарату бағдарламасын қамтамасыз ететін ҒТР серверлеріне қосымша қосты. Мысалы, егер сіз Іnternet Explorer броузерден жаңа хабар алғыңыз келіп, Web - сервердің Mіcrosoft корпорафиясына жүгінсеңіз, сізді қайтадан ҒТР серверіне қайтарып жібереді, ол жерден өзіңізге қажетті программаны көшіріп алуыңызға болады. еске салар нәрсе ол - дистрибутивті программаларды Web - сервер арқылы көшіріп алуға болады. ҒТР - сервердегі тағы да бір қажетті функция ол - жинақтау, сақтау және файлды кең тарату. Осындай сақтау орнына жазылған әр қолданушы өз копьютеріне неше түрлі жолайлы файлдарды жазып, ашуына болады және де арнайы каталог арқылы ҒТР - сервердің нәтижесінде бірге жұмыс істейтін адамының қолдана алатынындай да ете алады.

8. Хатты толтыру

Кәдімгі почта тәрізді электронды почта да бір абонент пен екінші абонент арасында мәліметтермен алмасу үшін колданылады. Жіберілететін мәліметте екі мекен көрсетілуі тиіс: хатты жіберуші мен оны алушының мекені көрсетілуі тиіс ( классикалык почтадағыдай) .

Әрбір адресте хатты алушының аты-жөнімен онын компьютерлік желідегі адресі көрсетіледі. Хат иесінің адресін компьютер автоматты түрде өзі толтырады. Бұған қоса электрондық почта адрестерінде мынадай мәліметтерді жазуға болады:

  • Мәлімет тақырыбының қысқаша сипаттамсы.
  • Хаттың көшірмесі тағы қандай адрестерге жіберілуі тиіс.

Электрондық почта жұмысы барысында хаттың тақырыбына қоса оның жіберілген мерзімі, уақыты т. с. с керекті мәліметтер компьютер тарапынан тіркеліп қалады.

9. Поштада жұмыс істеудің сипаттамалары

9. 1 Іздеу серверлері

Интернет жүйесіндегі мәліметтерді миллиондаған мекемелер даярлайды. Олардың кейбіреулері өз мәліметтерін 3-5 минут сайын жаңартып отырады. Осындай ақпарат мұхитында керекті мәліметті қалай тауып алуға болады! Мұндайда көмек беретін іздеу серверлері бар. Оларда мыңдаған іріктелген құжаттардың, сайыттардың және парақтардың адрестер сақталады.

Көптеген іздеу серверлерінің ішінде кең тараған іздеу каталогтары (dіrectorіes) мен машиналары (search engіnes) бар. Олар сатылы құрылымдардан тұрады. Керекті құжат төменгі деңгейлерден біртіндеп анықтау тәсілімен ізделеді. Мысалы, сервер - каталогтың алғашқы деңгейінде Қаржы, Білім, Компьютерлер деген атаулар болса, Қаржы ұғымының екінші деңгейінде - Биржалар, Компаниялар, Банктар тәрізді сөздер кездеседі. Ал, үшінші деңгейде - банктар ұлттық, жеке меншіктегі, акционерлік т. б. топтарға бөлінеді. Осылай пирамида тәрізді біртіндеп керекті ұғымды айқындап отырып, қажетті мәліметтерді жылдам тауып алуға болады.

Каталогтар құжаттарды спорт, машиналар, ойындар тәрізді жалпы атаулар арқылы іздеуге ыңғайлы. Дегенмен, каталогтар Интернеттегі мәліметтердің тек бір бөлігін ғана қамтиды. Жетіспейтін мәліметтерді іздеу машиналары деп аталатын серверлер арқылы тауып алуға мүмкіндік бар. Көпшілікке танымал іздеу машиналары - Alta Vіsta, Yahoo, Lycos, Rambler, Yandex, ІnfoSeek, HotBot, Excіte - жатқызуға болады.

Кейбір қызықты сайттар адрестерінен мәлімет алуға болады. Ондай адрестер “Интернеттегі сарғыш парақтар” (“Желтые страницы Интернет”) кітабында толық жазылады.

Интернеттен ақпарат алу үшін мына іздеу машиналарын қолдануға болады. Олар:

HotBot - www. hotbot. com,

Open Text - www. opentext. com,

Rambler - www. rambler. ru - орысша,

Sіte - www. sіte. kz - орысша,

Yahoo - www. yahoo. com,

Yandex - www. yandex. ru - орысша.

9. 2 Модем дегеніміз не?

Клиенттердің интернетке қосылуы көп жағдайларға телефон каналдары арқылы жүргізіліп отырады. Компьютер ақпаратты цифрлық формада өңдеп сақтайды. Алайда телефон желісі арқылы алынатын мәліметтер цифрлық түрде беріле алмайды. Бұл мәліметтерді формаға түрлендіріп немесе модульдеу керек. Осыдан соң, мәлімет берілгеннен кейін қайтадан цифрлық формаға түрлендіріп немесе компьютерге өңдеуге берілген кезде де модульдеу керек. Цифрлық сигналдың немесе керісінше сигналды цифрлық формаға түрлендіру компьютерге кірген арнайы модем модулятор - демодулятор құрылғысында өтеді. Мұндай жағдайда модем дегеніміз компьютерді телефон желісімен байланыстыратын құрылғы. Компьютерден модемге түсетін цифрлық сигнал, телефон желісінің жұмысшы диапазонына сәйкестене отырып электрлік сигналға түрленеді. Бұл желінің акустикалық каналы модемді төменгі және жоғарғы жиілікке бөледі. Төменгі жиіліктің жолағы мәліметтер берілген кезде қолданылады, ал парағын жиіліктің жолағы қабылдап алады.

9. 3 Провайдер дегеніміз не?

Бір айта кететін жағдай телефон арнасы мен интернет арнасы әртүрлі арналар. Интернет арналарымен кабельдік, спутникалық және т. б. жоғарғы жылдамдықтағы байланысты әртүрлі фирмалар жасай алады. Мұндай фирмалар төлемдерге қарай отырып, интернетке қатынауды қалаған адамдарына бере алады. Мұндай кез келген фирма интернет көмегін жеткізуші немесе провайдер деп аталады.

Провайдер - ағылшын тілінен алынған, жеткізуші деген мағына береді. Біздің қаламызда немесе аймағымызда қандай провайдер жұмыс істейтінін прессалардағы жарнамалардан білуге болады. Провайдер таңдауда, оның қызметін сипаттайтын мынадай мәліметтерге сүйенуге болады:

- Қостырудың бағасы, төлем ақысы ай сайын немесе сағатына, айлық абонент төлемінің көлемі немесе интернеттегі бір сағаттық жұмыстың бағасы.

- Басқа арналарға қосатын өткізуші тәсілі, бірінші кезекте шетел провайдерлерімен, әлемдік қорларға қатынауды қамтамасыз етеді. Арнаға жүктеудің деңгейі. Өткізу тәсілі жоғары болса, жүктеу деңгейі төмен болады да, байланыс сапалы шығады.

- Провайдердің шеттетіл222ген қосылудың серверіне қостыратын телефон желісінің ТАС сапасы.

- Провайдер модемдерінің жүктемелерінің өлшемі немесе шеттетілген қосылу серверінің модеміне жедел түрде байланыс жасау жолы.

- Қостыру кезіндегі әртүрлі уақыттағы жеңілдік тарифтерінің болуы.

- Қолданушыларға техникалық көмектің деңгейі, консультация алу, білім беруді ұйымдастыру және т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электронды пошта
Ақпараттық технологиялар. Желілер
Электрондық поштаның ерекшеліктері
Информатиканы оқытудың мақсатты жүйесі
Хабарламаны жіберу терезесі
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жолдары
Аpplescript сценарийін орнату және іске қосу
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу
Интернет желісі жайлы
Компьютерлік вирус және оның түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz