Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметі


Жоспар:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
- Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметі
- Ақша жүйесі /қаржы - несие жүйесі/.
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рол атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және үтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы :зор.
Экономика адамзат қоғамының тарихын дамц сатыларында ерекше орын алады. Себебі адамдар өмір сүру үшін алдымен материалдық, рухани игіліктер өндіруі қажет. Қоғамның өндіргіш күштері даму барымында, алдымен адамдар еңбекке қабілеттері өсуіне байланысты алғашқы қауымның өзінде қосымша өнім пайдаланыс болуына сәйкес тайпалар арасында тікелей өнім айырбасы, кейіннен ақша арқылы айырбас жүргізіліп экономикада тауар - ақша қатынасы пайда болды.
Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржының мән-мағынасы болып табылады. Қаржы ресурстарын мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қаржының объектісі , ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіңдегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа ұйымдары оның субъектілері болып табылады.
- Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметі
Тарих құрылуының ұзақ мерзімді уақытында ақшаның пайда болуы және мәні туралы біркелкі шешімін тапқан емес. Экономикалық мектептің бір өкілдері ерте дүниедегі грек ойшылы Аристотель ұсынған қағидаға сүйене отырып, ақшаны - белгілі шарт, адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі деп қараған. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері ақшаны - мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске жатаындығынан айтқан.
Ақшаның пайда болуын түсіндіру, «тауар құны қатынасында қорытындылатын, құнның даму көрінісіне көз салып, оның қарапайым терең байқалатын бейнесін, көзді алатын ақшалай түріне дейін қарау керек. Сонда ғана оның жұмбақтығы да жойылады. »
Тауардың айырбасталу кезеңінде құнның көрінісі төмендегідей түрге ие болады: алғашқы жай немесе кездейсоқ, ол алғашқы қауымдық қоғамда бірінші ең ірі еңбек бөлінісінен соң, жалпы алғашқы қауым тайпасынан малшылар тайпасынан бөлінуі арқылы пайда болды. Бір тайпалар малмен айналысса, ал екіншілері - жермен айналысты, сөйтіп өнімді айырбастау үшін экономикалық негіз пайда бола бастады. Мұндай айырбас алғашқыда кездейсоқ бірегей сипат
қа ие болды:
Т
Т экв
(1 қойға=1 қап астық) экв
Бұл мысалымызда бірінші тауар (қой) өзінің құнын басқа тауарды (1 қап астық) айарбасын көрсетсе, онда салыстырмалы құн түрінде болғаны, ал бір қап астық оның эквиваленті болып табылады, яғни эквивалентті түрде болғаны.
Тауар өндірісінің ары қарай дамуы тауар айырбасын реттілікпен жүргізуге алып келді. Айырбаста екі ғана емес, одан да көптеген тауар түрлері қатысады. Құнның - толық немесе кеңейтілген екінші түрі қалыптасады.
Т
(қой)
Т
1
(1 қап астыққа) экв
Т 2 (1 балтаға) экв
Т 3 (5 құмыраға) экв
Т 4 (2 гр алтынға) экв
Осы қатардағы тауарлар эквивалент болып табылады қойға қайта деген қоғамдық еңбек шығындарын күәландырады.
Құнның кеңейтілген түрінің пайда болуымен қатар, сондай - ақ айырбаста қиындықтар туындады.
Мысалы, қойдың иесіне астық қажет, бірақ астық иесіне қой керек емес, оған балта қажет, ал балта иесіне қой керек. Неғұрлым нарыққа тауар көп түскен сайын, қиындықтар да көбейе түседі. Бұл жағдайда астық иесі қойды алуға келіседі, сөйтіп өзінің астығына айырбастайды, себебі оны (қойды) балта иесі алуға ынталы. Осы жерге қой делдалсық, яғни жылпыға ортақ (жалпылама) роль атқара бастайды. Сөйтіп құнның үшінші түрі қалыптасып, ол жалпылама деп аталады.
Т 1 (1 қап астыққа) экв = 1 қойға (экв)
Т 2 (1 балтаға) экв
Т 3 (5 құмыраға) экв
Т 4 (2 гр алтынға) экв
Кейініректе жалпылама эквиваленттік ролді игілікті металдар (алтын, күміс) атқара бастады, себебі оның өзіне тән бірқатар артықшылығы болды: жеңіл бөлінетіндігі, біртектілігі, жақсы сақталатындығы, ең маңызды артықшылығы сол, осы металдардың ғана бөліктерінде көптеген еңбектің сіңірілген болып табылады. Күннің ақшалай түрін былай көрсетуге болады:
Ақшаны қалай түсінуге болады? құн түрінің дамуы мынаны куәландырады: ақша бұл техникалық айырбастау құралы емес, ол жалпылама эквиваленттік (балама) роль атқаратын тауар. Кез - келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді. Ақша қандай қызметтер атқарады?
Ақшаның бірінші қызметі - құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық тауардың құнын көрсетуге болады. Осы қызметті ойша нағыз ақшалар атқарады. Кез - келген тауардың құнын ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымның әсерінен құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да және сұраным мен ұсынымнан да тәуелді.
Тауар құны мен алтын құнының тәуелділігі ерекше мүдделікті байқатады. Сұраным мен ұсыным сай келгенде баға екі мөлшердің арақатынасымен анықталады: тауар құнымен және алтын құнымен.
Егер тауар бағасы тауар құнына қарайлай өссе, алтын құнның тауар бағасына деген байланысты кері пропорционалды тәуелділікте болады. алтын құны көп болса, тауар бағасы төмен болады және керісінше алтынның құны төмен болса, тауар бағасы жоғары болады.
Сөйтіп тауар бағалары негізінен тауардың өз құнына тура пропорционалды және алтын (ақша) құнына кері пропорционалды өзгереді.
Екінші қызметі - айналым құралы. Осы қызметті ақша қолма - қол түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасына делдалдық жаайды. Тауарды ешкім сатқысы келмейді, егер оның айырбасталуына нақты ақша ұсынылмаса. Бұл қызметті айналымдағы алтынды алмастыра отырып ақша белгілері атқарады. Егер айналым шығындары өсіп кетсе және есептеулер баяуласа және де алтынның қоры шашыраса алтын айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша резервтік (сақтық) қор ретінде қажет.
Үшінші қызметі - төлем құралы. Бұл қызметті тауарды - ақша несиеге (төлемді ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақыны, дивидентті, пәтер төлемін және т. б. төлегенде атқарады.
Несие қатынастарының дамуымен байланысты жаңа айналым құрады - несие ақшалар пайда болды: вексель, банкнот, төлем тапсырысы, чек, пластикалық карточка «электрондық ақша». Несие қшалардың болуы қолма - қол ақшаларды қатыстырмай - ақ қарызды жабудың өзара есептеу мүмкіндігін қарастырады.
Ақшасыз есеп айырысу тауар айналымы тұтынысының қолма - қол ақша белгілерін кәдімгідей қысқартады, сөйтіп әлеуметтік - экономикалық салдарға алып барады: кассирлер мен күзетшілер саны, шығындар азаяды. Ең бастысы - өзара есептеу процесі жеделдейді, ақша бірлігі тұрақтылығы мығымдала түседі.
Төртінші қызметті - қолдану немесе қазына жасау құралы. Ақша айналысын тоқтатады және жиналады. Сөйтіп станок, машина жабдықтарды немесе ұзақ мерзімге пайдаланатын (теледидар, тоңазытқыш және т. б. ) тауарларды сатып алу үшін қорланады. Ақшаның қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өндірушінің белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, сөйтіп өзін нарық кездейсоқтығынан сақтандырады. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін маңызды. Ақшаның соңғы бесінші қызметі сол - әлемдік ақша түрінде болуы. Әлемдік ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады. .
2. Ақша жүйесі
Дүние жүзінде әр түрлі ақша айналымының жүйелері бар ол тарихи даму кезеңдерінен өткен және әр мемлекеттің заңымен бекітілген. Ақша айналымының басты компоненттері мыналар:
1. Ұлттық ақша өлшемі (доллар, теңге, сом, франк, марка, йена, крона және т. б. ) олар арқылы тауарлар мен қызмет көрсету бағалары белгіленеді.
2. Несие және қағаз ақшалар, монеталар жүйесі, олар қолма-қол айналымдағы заңды төлем құралдары болып саналады.
3. Ақша эмиссиясы жүйесі, яғни айналымға ақша шығарудың заңды түрде бекітілген тәртібі.
4. Ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік органдар.
Ақша айналымы жүйесінің негізгі екі түрі бар:
1. Металл ақшалар айналымы жүйесі. Мұнда толыққанды алтын немесе күміс монеталар айналымда болады, олар ақшаның барлық қызметтерін атқарады.
2. Несие және қағаз ақша айналымы жүйесі. Бұлардың ерекшелігі алтынға айырбастала алмайды, алтынның өзін айналымнан ығыстырады.
Тарихи металл ақша айналымының (жүйесінің) биметализм және монометаллизм деген түрлері қалыптасты. Биметаллизм алтын мен күмісті пайдалану негізінде XVI- XIX ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде пайда болды. XIX ғасырдың соңыңда күміс өндірісі жағдайларының өзгеруіне сәйкес ол құнсызданып, алтынмен арасалмағы өзгерді. Күміс монеталардың көбеюі оларды шығаруды тоқтатты. Сөйтіп биметаллизмді монометаллизм ауыстырды, мұнда ақша материалы болып, бір ғана металл - алтын есептелетін болды. Қағаз және несие ақшалары осы металға еркін айырбасталады.
Монометаллизмнің үш түрі белгілі: біріншісі - алтын монеталы стандарт. Ол бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін қолданылып, қағаз және несие ақшалардың алтынға еркін айырбасталуымен сипатталды. Екіншісі - алтын кесек стандарты. Ол Англия мен Францияда бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде енгізілді. Мұның ерекшелігі құн өлшемінің алтынға айырбасталуы, тек ол өлшем алтын кесегі стандартының бағасына сәйкес келуі тиіс. Үшіншісі - алтын девиздер стаңдарты, ол 20-жылдарда көптеген елдерде енгізілді, мұнда банкноттарды алтынға шағылған шетелдік валютаға (девиздерге) айырбастады. 1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс монометаллизм дәуірін тоқтатты.
XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап батыс елдерінде бірте-бірте несие ақша жүйесі қалыптаса бастады. Оның айрықша белгілеріне мыналар жатады: несие ақшалардың үстемдік жағдайы, алтынның айырбастан кетуі, банкнотты алтынға айырбастауды жою және оның алтындық мазмұнын жоққа шығару; жеке кәсіпкерлерге, мемлекетке несие беру мақсатында ақша эмиссиясын күшейту; қолма-қол емес айналымды айтарлықтай кеңейту; ақша айналымын мемлекеттік реттеу.
Қазіргі кезде қағаз және несие ақшаларды шығаруды мемлекет тікелей өз билігіне алды.
Ақша массасы дегеніміз не?
Ақша массасы - халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы. Олар жеке адамдарда, кәсіпорындарда, бірлестіктер мен ұйымдарда және мемлекетте болады.
Ақша массасы құрылымының белсенді-активті белігіне шаруашылыққа нақты қызмет көрсететін ақша құралдары, ал пассивті белігіне ақша қорларының есепшоттағы қалғандары жатады, соңғысы есеп айырысу құралдары рөлін атқарады. Жинақтап айтқанда, ақша массасының құрылымы едәуір күрделі және ол қатардағы тұтынушының ойлағанындай тек қолдағы қағаз ақша мен айырбас монетасы емес. Шындығында қағаз ақшаның ақша массасындағы үлесі өте төмен (25%-тей), ал басқа белігі кәсіпорындар мен ұйымдар арасында дамыған рыноктық экономикада бөлшек сауданың өзі де банктік есепшот арқылы жүреді.
Қазіргі рыноктық экономикада банктік ақша дәуірі басталады. Банктік ақшаға чектер, несие карточкалары және т. б. жатады. Аталған есеп айырысу құралдары банктік депозиттерді де билейді. Тауар мен қызметті төлеуде сатып алушы чек пен несие карточкасы арқылы банктерге өз депозитінен қажетті соманы сатушының есепшотына аудартады немесе қолма қол беруді бұйырады. Ақша массасының құрамына тікелей сатып алу немесе төлем құралы ретінде пайдаланылмайтын компоненттер де кіреді. Әңгіме коммерциялық банктердегі мерзімді есепшоттағы жинақ салымдары, басқа да несие-қаржы ұйымдарының қаржылары, депозиттік сертификаттар, инвестициялық қорлардағы акциялар туралы болып отыр. Ақша айналымының аталған компоненттері "квази-ақша" деп аталады. Ақша айналымы құрылымындағы ең қомақтысы да және ең тез өсетін бөлігі де осы квази-ақшалар.
Профессор П. Самуэльсон квази-ақшаларды етімді активтер деп атады. Өтімді (ликвидный) түсінігі ақша категориясын анықтау үшін маңызды. Қандай болмасын мүліктің немесе активтің етімділігі дегенде оның оңай сатылуы және құнын жоғалтпай ақша түріне айналуы мүмкіндігін айтады. Демек, активтердің ең өтімді түрі - ақша. Жоғары өтімді мүліктерге алтын, бағалы металдар мен тастар, мұнай, өнер шығармалары жатады. Өтімі төмендеу болатындарға - үйлер, құрал-жабдықтар (бизнесмендер оларды "мұздатылған" құралдар деп атайды) жатады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып ақша айналымы құрылымында мынадай компоненттерді бөліп көрсетеді, оларды ақша агрегаттары М 1 және М 2 деп атайды. М 1 - мағынасындағы ақшаны басқаша «іскерлік ақша» деп те атайды. Бұл қолма-қол ақша мен монеталарды, яғни банктен тыс айналатын ақшаларды және банктің ағымдағы есепшотындағы ақшаларды қамтиды. Олар ағымдағы есеп-шоттағы депозиттер қызметтерін түгел атқарады және қолма-қол ақшаға жеңіл айналады. М 2 - кең мағынадағы ақша, ол М 1 -дің барлық компоненттерін қамтиды және коммерциялық банктердің жедел жинақ есепшоттарындағы ақшаны, маманданған финанс институттарындағы депозиттерді де қосып алады. Мерзімдік салымдардың иелері ағымдағы салымдармен салыстырғавда жоғары проценттік табыс табады, бірақ олар салымдарын керсетілген мерзімнен бұрын ала алмайды. Сондықтан мерзімдік жинақ есепшоттардағы ақшаларды сатып алу және төлем қаржылары ретінде пайдалана алмайды, бірақ олар өз потенциалы тұрғысынан есеп айырысуға жарамды, М 1 және М 2 -лердің айырмашылығы М 2 -де квази-ақшалар бар, оларды іс үшін пайдалану қиын, қолма-қол аудару да оңай шаруа емес.
Біздің елімізде соңғы уақытқа дейін ақша агрегаттары есептелмеді және пайдаланылмады. Теориялық жағынан ол маркстік экономикалық теорияның квази-ақша мен қолма-қол ақшаны біріктіруге болмайды, өйткені олар әр түрлі категориялы ақша, бағалы қағаздар мен несиелер деген қағидасына негізделді. Алайда ақша, инвестиция рыногы (орта және ұзақ мерзімді қарыз капиталы) мен бағалы қағаздар рыногының арасында тығыз байланыс бар. Мерзімдік есепшоттағы қалған ақшалары мен бағалы қағаздары есеп айырысуға жеткілікті салымшылар оларды өз қажеттеріне жарата алады. Бағалы қағазды сатудан түскен табыстар тауар, сатудан түскен ақша қаржылары сияқты ағымдағы есепшоттарда сақталады. Ақша агрегаттары күнделікті өмірде мемлекеттің ақша саясатының нысанасы ретінде оң қызмет атқарады.
Ақша-несие саясаты елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге және экономикалық өсу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған мешіекеттің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі болып табылады. Ақша-несие саясаты- бұл ақша айналысын реттеу мақсаты мен мемлекеттің ақша-несие саласында пайдаланылатын өз ара байланысты шаралар жиынтығы.
Қазіргі жағдайдағы қазақстандық экономикада ақша-несиелік реттеу сұрақтарының өзектілігі белгілі бір деңгейде ақша-несие саясатын жасау кезінде талдау және болжау әдістерін, сонымен бірге оны іске асыру механизмдерін жетілдіру қажеттіліктерімен анықталады.
Ұлттық банктің пайыздық саясаты нарықта сапалы параметрді белгілеу жолымен ақша айналысын реттеудің маңызды құралы қызметін атқарады. Банктік несиелер қунын реттеу арқылы ақша айналымына тез және адекваттық әсер етуге қол жеткізуге болады. Ұлттық банктің несие құнына әсер ету мүмкіндігі оның соңғы сатыдағы кредитор қызметін қамтамасыз етеді.
Несие бойынша сыйақы ставкалары ақша-несие саясатын бір құралы ретінде нарықтық сыйақы ставкаларына әсер ету үшін пайдаланылады. Осы құрал Қазақстанның Ұлттық банкісінің белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкаларынан және оның іске асыратын операциялары бойынша тағы басқа сыйақы ставкаларынан тұрады. Ресми сыйақы ставкалары несие бойынша сұраныс пен ұсыныстан құралатын нарықтың жалпы жағдайына, инфляция деңгейіне тәуелді. Қазіргі кезде ресми сыйақы ставкаларының төмендеу тенденциясы байқалуда.
Позитивті пайыздық ставканы Қазақстанның экономикасын және қаржысын сауықтырудың кепілі деп жиі айтылатынын атап өткен жөн. Шынында да позитивті пайыздық ставка инфляцияға қарсы қызметті орындауға қабілетті, себебі ол жинақтарды ынталандыру нәтижесінде пайда болатын сұранысты тежейді және несиені қымбаттату арқылы инвестициялық салымдарды шектейді.
Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформалар жылдарында қайта қаржыландыру ставкасын пайдалану қолайсыз болды. Тек 1994 жылдың екінші жартысынан бастап қана Ұлттық банк жан-жақты сынға қарамастан позитивті ставканы белгілеуге көшті. Қайта қаржыландыру ставкасын 270 %- тен 300 %-ке дейін жоғарылату есебінен сұраныс инфляциясы төмендетілді, содан кейін бір айдан соң 340% ке жоғарлатылды. Ставкалардың нақты мәні және оның нарықтық ставкамен сәйкестілігі несиелік ресурстар аукционында анықталды. Осындай өзгерістердің нәтижесінде валюталық операциялар бойынша табыстылық пен салыстырғанда несиелік операциялар бойынша табыстылықтың жоғарылауы байқалды. Соның нәтижесінде шетел валюталарына деген сұраныс пен валюта бағамының тұрақтылығы байқала бастады. Қайта қаржыландырудың жоғарғы ставкасын ұзақ мерзімге ұстап отыру тиімді болып табылды және қайта қаржыландыру ставкасын 340% деп белгілеген кезден соң бір айдан кейін, яғни қыркүйек айынан бастап Ұлттық банк жылдың соңына дейін оның мөлшерін 230% ке дейін төмендетті. Осындай шараны инфляция деңгейінің төмендеуі және айырбас бағамының тұрақтануы байқалғаннан кейін іске асыру мүмкіндігі туды.
1995 жылы қайта қаржыландыру ставкасын одан әрі қарай 45% ке дейін төмендету осы жылдың қараша айында оның деңгейін 52, 5% ке дейін жоғарлатуға өтті, соның нәтижесінде инфляция деңгейі 2, 4%-тен 4, 4%-ке дейін өсті.
Мемлекеттік қазыналық міндеттемелері, Ұлттық банктің ноталарының және банкаралық несиелер бойынша пайыздық ставкалардың мөлшері олардың нарықтық мөлшерімен сәйкес келіп отырды. 1994 -1995 жылдары аралығында нақты нарықтық пайыздық ставкалар оң нәтиже, ал валюталық спекулятивті операциялар бойынша табыстылық теріс нәтиже берді.
1996 жылы ҚҰБ позитивті пайыздық ставканы белгілеуді жалға отырды. Тек қана 1996 жылдың ішінде қайта қаржыландыру ставкасы он рет өзгерді және жылдың басымен салыстырғанда 24 пунктке, ломбарттық несиелер бойынша пайыздық ставка 31 пунктке төмендеді.
Енді пайыздық ставкалардын позитивтілігін анықтайық. Дәстүрлі анықтамаға сәйкес ол инфляция деңгейін ескеретін нарықтық пайыздық ставканы білдіреді. Яғни, R=І+Rm
Мұндағы, - позитивті пайыздық ставка - бұрын болған пайыздық ставка - инфляция қарқыны. Инфляция кезінде несие бағасынан және кредитордың табыс мөлшерінен басқа, пайыздық ставкаға несиенің капиталдану құнын сақтау қызметі де кіреді.
Несиенің капиталдану құнын құнсызданудан сақтаудың пайыздық схемасының альтернативті әдістемесі болатынын атап өткен жөн. Бұл жағдайда берілген ссудалардан түсетін табысты көбейту міндеті екіге бөлінеді. Біріншісі - капиталдану құнын сақтау, екіншісі - табыс алу. Осындай әдістеме пайыздық схема кезіндегі кездесетін мәселелерден аулақ болуға мүмкіндік беруі мүмкін. Сонымен бірге, схема бойынша пайыздарды алу индекс есебін көрсететін индекстеуге қарағанда техникалық жағынан қолайлы. Сонымен қатар, индекстеу кезектілік тәртіппен іске асырылады және соған байланысты біле тура уақыттық интервалдың пайда болуына әкеледі. Бұл кезде нақтылық жоғарылайды, бірақ интервалдың әсерінен схема тиімділігі төмендейді, яғни төлеу уақыты басталғанша, инфляция оған тиісті құнның бір бөлігін жоюға үлгереді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz