2003 - 2005 жылдары экономиканы дамытудың негізгі қорытындылары және Үкіметтің 2003 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасы


1. Кіріспе
2. 2003 . 2005 жылдары экономиканы дамытудың негізгі қорытындылары және Үкіметтің 2003 . 2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру нәтижелері
3. Бағдарламаның мақсаты және күтілетін нәтижелер
4. Үкіметтің 2006 . 2008 жылдарға арналған бағдарламасының басым бағыттары
4.1. Қазақстан экономикасын жаңғырту және оның серпінділігі
4.1.1. Макроэкономикалық саясат
4.1.1.1. Салық саясаты
4.1.1.2. Бюджет саясаты
4.1.1.3. Ақша.кредит саясаты және қаржы секторын дамыту
4.1.2. Экономиканың отын.энергетика және өндіруші секторлары тиімділігінің жаңа деңгейін ұйымдастыру
4.1.3. Экономиканың өсуін қамтамасыз етудің жаңа бағыттарын қалыптастыру
4.1.4. Бәсекелестікті дамыту және кәсіпкерлікті қолдау
4.1.6. Аумақтық даму
4.2. "Қазақстанның жедел экономикалық дамуы үшін серпінді секірістерді қамтамасыз ету"
4.2.1. Халықаралық маңызы бар серпінді секіріс жобалары
4.2.2. Индустриялық.инновациялық даму стратегиясын одан әрі іске асыру
4.2.3. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
4.2.4. Ғылымды, технологияларды және инновацияларды дамыту
4.2.5. Экспорт.импорт секторының артықшылықтарын қолдау және ДСҰ.ға кіру
Үкіметтің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы осы Баяндама Қазақстан Республикасы Конституциясының 67-бабының 2-тармағына сәйкес енгізіліп отыр.
Баяндаманың негізгі ережелері Үкіметтің қызметіндегі Мемлекет басшысы айқындап берген орта мерзімді кезеңге арналған басымдықтарды толық көлемде ескереді және 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын одан әрі іске асыруға бағытталған.
2. 2003 - 2005 жылдары экономиканы дамытудың негізгі қорытындылары және Үкіметтің 2003 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру нәтижелері
Қоғамдық-саяси тұрақтылық, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму, экономикалық қауіпсіздікті нығайту негізінде халықтың әл-ауқатын өсіру Үкіметтің 2003 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасының басты мақсаты ретінде айқындалған.
Үкімет алға қойылған міндеттерді орындады әрі жоспарланған индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етті.
2003 - 2005 жылдары қоғамдағы тұрақты қоғамдық-саяси ахуал аясында Қазақстан экономикасын өсірудің жоғары қарқынына, халықтың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға қол жеткізілді. Елдің ұлттық қауіпсіздігі нығайды, Қазақстан саяси және әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы өңірлік көшбасшы ретінде қалыптасу үстінде.
2003 - 2006 жылдары жалпы ішкі өнімнің 7-7,5 % мөлшерінде орташа жылдық нақты өсуін қамтамасыз ету жоспарланған.
Үкіметтің теңгерімді экономикалық саясаты және реформаларды серпінді жүргізу 2003 - 2005 жылдар кезеңінде ЖІӨ-нің өсуінің орташа жылдық қарқынын жылына 9,4 % мөлшерінде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 2005 жылы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің алдын ала деректері бойынша ЖІӨ-нің өсуі алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,4 %-ды құрады.
Қазақстан халқының өмір сүру әл-ауқатын арттыру экономикалық өсумен барабар жүргізілуде. Осы салада 2006 жылы халықтың жан басына шаққанда ЖІӨ-нің деңгейін 2600 АҚШ долларына дейін арттыру міндеті қойылды.
Алайда экономиканы өсірудің жоғары қарқыны 2005 жылдың қорытындылары бойынша-ақ осы көрсеткіштен едәуір асып түсуге мүмкіндік берді. Алдын ала деректер бойынша 2005 жылдың қорытындылары бойынша халықтың жан басына шаққанда ЖІӨ 3620 АҚШ долларын құрады. Тұтастай алғанда 2003 - 2005 жылдары халықтың жан басына шаққандағы есеппен ЖІӨ-нің көлемі 1,3 есеге өсті.
Мұндай даму экономикада құрылымдық реформаларды ауқымды жүргізу нәтижесінде мүмкін болды, оған Үкімет басым мән береді.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 67 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 700 теңге




1. Кіріспе
Үкіметтің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы осы Баяндама
Қазақстан Республикасы Конституциясының 67-бабының 2-тармағына сәйкес
енгізіліп отыр.
Баяндаманың негізгі ережелері Үкіметтің қызметіндегі Мемлекет басшысы
айқындап берген орта мерзімді кезеңге арналған басымдықтарды толық көлемде
ескереді және 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын және Қазақстанның
әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын
одан әрі іске асыруға бағытталған.
2. 2003 - 2005 жылдары экономиканы дамытудың негізгі қорытындылары және
Үкіметтің 2003 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру нәтижелері
Қоғамдық-саяси тұрақтылық, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму,
экономикалық қауіпсіздікті нығайту негізінде халықтың әл-ауқатын өсіру
Үкіметтің 2003 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасының басты мақсаты
ретінде айқындалған.
Үкімет алға қойылған міндеттерді орындады әрі жоспарланған индикаторларға
қол жеткізуді қамтамасыз етті.
2003 - 2005 жылдары қоғамдағы тұрақты қоғамдық-саяси ахуал аясында
Қазақстан экономикасын өсірудің жоғары қарқынына, халықтың өмір сүру
деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға қол жеткізілді. Елдің ұлттық қауіпсіздігі
нығайды, Қазақстан саяси және әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы
өңірлік көшбасшы ретінде қалыптасу үстінде.
2003 - 2006 жылдары жалпы ішкі өнімнің 7-7,5 % мөлшерінде орташа жылдық
нақты өсуін қамтамасыз ету жоспарланған.
Үкіметтің теңгерімді экономикалық саясаты және реформаларды серпінді
жүргізу 2003 - 2005 жылдар кезеңінде ЖІӨ-нің өсуінің орташа жылдық қарқынын
жылына 9,4 % мөлшерінде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 2005 жылы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің алдын ала деректері бойынша
ЖІӨ-нің өсуі алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,4 %-ды құрады.
Қазақстан халқының өмір сүру әл-ауқатын арттыру экономикалық өсумен барабар
жүргізілуде. Осы салада 2006 жылы халықтың жан басына шаққанда ЖІӨ-нің
деңгейін 2600 АҚШ долларына дейін арттыру міндеті қойылды.
Алайда экономиканы өсірудің жоғары қарқыны 2005 жылдың қорытындылары
бойынша-ақ осы көрсеткіштен едәуір асып түсуге мүмкіндік берді. Алдын ала
деректер бойынша 2005 жылдың қорытындылары бойынша халықтың жан басына
шаққанда ЖІӨ 3620 АҚШ долларын құрады. Тұтастай алғанда 2003 - 2005 жылдары
халықтың жан басына шаққандағы есеппен ЖІӨ-нің көлемі 1,3 есеге өсті.
Мұндай даму экономикада құрылымдық реформаларды ауқымды жүргізу нәтижесінде
мүмкін болды, оған Үкімет басым мән береді.
Макроэкономикалық ахуал тұтастай алғанда тұрақты болып қалуын жалғастырды
және экономиканың серпінді өсуіне ықпал етті. Мемлекеттік бюджеттің
тапшылығы белгіленген параметрлерден шыққан жоқ, қаражатты Ұлттық қорда
жинақтау жөніндегі саясат жалғасты, оның активтері жыл басында 8 млрд. АҚШ
долларынан асты.
Үкіметтің алдыңғы Бағдарламасын қабылдау сәтінде Ұлттық Банктің ақша-кредит
саясатының негізгі мақсаты орташа жылдық инфляцияны
2003 - 2004 жылдары 4-6 % шегінде ұстап тұру, оны 2005 жылға қарай 3-5 %-ға
дейін және 2006 жылы 4,5 %-ға дейін төмендету болатын.
Алайда 2003 - 2005 жылдары инфляция деңгейінің артқаны байқалды. Қазақстан
Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша инфляцияның
орташа жылдық деңгейі 2002 жылы 5,9 %-дан 2005 жылы 7,6 %-ға дейін ұлғайды.

Инфляция қарқынының жылдамдауы бірқатар микро- және макроэкономикалық
факторларға негізделген. Олардың ішінде шетелдік валютаның елеулі ағынын,
бюджет шығыстарының ұлғайғанын, сондай-ақ халықтың кірісінің өскенін бөліп
айтқан жөн.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының табыстарын барлық халықаралық
қаржы және рейтингілік агенттіктер таныған болатын. Соңғы жылдар ішінде
Қазақстанның іс жүзінде барлық әлемдік рейтингілерінің тұрақты түрде
жақсарғаны байқалады.
2005 жылғы 20 желтоқсанда Fitch Rating,s рейтінгілік агенттігі Қазақстан
Республикасының инвестициялық рейтингін шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді
облигациялар бойынша "ВВВ" дейін және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді
облигациялар бойынша "ВВВ+" деңгейіне дейін өсірді.
Дүниежүзілік экономикалық форум жариялаған Бәсекеге қабілеттік жөніндегі
есепте бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша Қазақстан 2005 жылы тұңғыш рет
қатыса отырып, ТМД-ның барлық елдерін арттыра қалдырып, 61-орынға ие болды.

2006 жылғы қаңтарда жарияланған экономикалық бостандық рейтингінде
Қазақстан бір жыл ішінде 17 орынға жоғарылап, Ресейді (122-орын) басып озып
және Қытайға (111-орын) етене жақындай отырып 113-орынға ие болды.
Сонымен қатар өткен жылдардағы экономиканың даму қорытындыларын талдау,
Қазақстанның беделді халықаралық ұйымдар тарапынан рейтингілік бағасы
олармен жұмыс істеуге тура келетін шешілмеген проблемалар әлі де көп екенін
көрсетеді.
Ең басты проблема белгілі бір табыстарға қарамастан, әлемнің дамыған
экономикасы бүгінгі таңда қызметтер мен технологияларды тұрақты түрде
жетілдіру есебінен дамып отырғанда, Қазақстан экономикасының бәрі бір басым
түрде шикізат болып қалуының жалғасуында.
Дамыған елдерде ЖІӨ өсімінің жартысынан көпшілігі жаңа технологиялық
шешімдермен қамтамасыз етіледі. Мұндай экономика неғұрлым орнықты, өйткені
олар ұзақ мерзімді бәсекелес басымдықтарға ие. Олар әртараптандырылған,
демек - перспективалы және тұрақты.
Үкімет дәл осындай экономика Қазақстанның бәсекеге ең қабілетті елдердің
тізімінде лайықты орынды жеңіп алуына мүмкіндік береді деп санайды.
Мемлекет басшысы өзінің 2005 жылғы ақпандағы Қазақстан халқына жолдауында
қажеттілігін атап өткен елді жедел жаңғырту инновацияларға, экономиканы
өсірудің жаңа бағыттарын құруға және елдің дәстүрлі бәсекелес басымдықтарын
жақсы пайдалануға негізделген дамудың барлық бағыттары бойынша сапалы
серпінді секірісті талап етеді. Бұл адамдардың өмір сүру сапасын және
экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
3. Бағдарламаның мақсаты және күтілетін нәтижелер
Мемлекет басшысы Үкімет алдына қойған мақсаттарға қол жеткізу қажеттілігін
ескере отырып, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі
бағыттарын жалғастыруда сабақтастықты растап, Үкімет басты мақсат ретінде
Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін және ел азаматтарының өмір
сүру сапасын арттыру үшін қолайлы институционалдық және экономикалық
шарттар құруды айқындайды. Бұл таяудағы он жылда Қазақстанның әлемдегі
бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі жөніндегі стратегиялық
міндетті шешуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Таяудағы үш жылда Үкімет Бағдарламаны орындаудың мынадай шешуші
индикаторларына қол жеткізу міндетін алға қояды.
Экономиканың серпінділігін қамтамасыз ету үшін жалпы ішкі өнімнің орташа
жылдық нақты өсімі 8,5 % мөлшеріне жететін болады. Экономиканың жалпы өсімі
үш жыл ішінде 27,7 %-ды құрайды. Бұл 2008 жылы 2000 жылға қарағанда ЖІӨ-нің
екі еселенуі жөніндегі стратегиялық міндетті шешуге мүмкіндік береді.
Тұрақты макроэкономикалық шарттарды қамтамасыз ету мақсатында орташа жылдық
инфляция деңгейі 5 - 7,3 % дәлізінде ұсталатын болады.
Еңбек өнімділігін жыл сайын 6,3 - 7 %-ға өсіру есебінен жылдамдатылған
экономикалық дамуға қол жеткізілетін болады.
Экономиканы дамытудың жоғары қарқынын қамтамасыз ету үшін экономиканың
барлық салаларын жылдам дамыту үшін қолайлы жағдай жасалатын болады.
Өнеркәсіп өндірісінің орташа жылдық өсімі 5 %-ды құрайды, оның ішінде
өңдеуші өнеркәсіпте - 6,7 %. Негізгі капиталға инвестициялар орта есеппен
жылына 14 - 15 %-ға өсетін болады.
Қазақстан халқының өмір сүру сапасы мен стандарттарын арттыру мақсатында
халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 2008 жылы 5450 АҚШ долларына
дейін жетеді, бұл бүгінгі деңгейден 1,5 есеге жоғары.
4. Үкіметтің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасының басым бағыттары
Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес Үкіметтің
2006 - 2008 жылдарға арналған қызметінің басым бағыттары мыналар болып
белгіленді:
• Қазақстан экономикасын жаңғырту және оның серпінділігі;
• Қазақстанның жедел экономикалық дамуы үшін серпінді секірістерді
қамтамасыз ету;
• әлсіздерді қорғайтын және экономика мен елдің дамуын қолдайтын осы
заманғы әлеуметтік саясат.
4.1. Қазақстан экономикасын жаңғырту және оның серпінділігі
Үкімет өз жұмысын мынадай бағыттарда құруды жоспарлап отыр.
4.1.1. Макроэкономикалық саясат
Макроэкономикалық саясат саласында салық, бюджет және ақша-кредит жүйелерін
реформалау жолымен бірқатар міндеттерді шешу алда тұр.
Соңғы жылдары Қазақстан экономикасының дамуына әсер ететін сыртқы факторлар
едәуір өзгерді. Бұл, бірінші кезекте, мұнай экспортының өсуінің жоғары
қарқынына және мұнайға, газ бен металға әлемдік бағаның ұлғаюына, евроға
шаққанда доллардың айырбас бағамы қатынасының өзгеруіне, шетелдік
капиталдың едәуір ағынына байланысты.
Осы факторлардың барлығы макроэкономикалық теңгерімнің бұзылуына едәуір
қатер төндіреді, өйткені инфляцияның өсу, теңгенің айырбас бағамының
шамадан тыс нығаю, экономиканың шикізат емес секторларының бәсекеге
қабілеттілігінің төмендеу және экономиканың "қызып кету" қаупі күшеюде.
Осы жағдайда макроэкономикалық саясат инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге,
теңгенің айырбас бағамына қатысты икемді саясат жүргізуге, мемлекеттік
шығыстар саясатын шектеуге және бюджеттің мұнайдан болмайтын тапшылықты
төмендетуге, бизнесті дамытуды салықтық ынталандыруға бағытталуға тиіс.
Үкімет пен Ұлттық Банк фискальдық және ақша-кредит саясатының келісілген
түрде жүргізілуіне жұмыс істейтін болады.
Үкіметтің экономикалық саясаты елдегі экономикалық өсуді көбінесе еңбек
өнімділігін арттыру есебінен ынталандыруға бағытталған.
Макроэкономикалық теңгерімді сақтау мақсатында, сондай-ақ мұнай байлықтарын
неғұрлым тиімді пайдалану үшін мұнай мен газ өндіруді өсіру қарқынына
қатысты ұзақ мерзімді перспективаға арналған оңтайлы саясат әзірленетін
болады.
4.1.1.1. Салық саясаты
Салық саясаты тұтастай алғанда, салықтық әкімшілендіруді оңайлату, салық
санын оңтайландыру және салықтың жинақталуын арттыру жолымен бизнес пен
халықаралық сауданы дамытуды ынталандыруға бағытталған.
Салық салу мен салықтық әкімшілендіруді оңайлату мақсатында салық
заңнамасына салық есептілігін, салықтық тексеру нәтижелеріне шағым жасауға
өтініштер беру мерзімін ұзарту, сондай-ақ есепті салық кезеңі үшін акциздер
бойынша ақы төлеу мерзімін белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізілетін
болады. Салықты және төлемдерді банкоматтар мен Web-дүңгіршектер арқылы
төлеу тетігін енгізу жоспарланып отыр.
Кеден ісі бөлігінде кедендік ресімдеу рәсімдерін оңайлату жүргізіледі және
кедендік әкімшілендіру жақсартылатын болады.
Бұдан басқа, салық және кеден органдары қызметінің сапасын бағалау өлшемі
өзгертілетін болады. Бағалау өлшемінің кешені бюджет кірістері бойынша
жоспарлардың орындалуын бағалауды алмастыратын болады.
Негізгі салықтардың ставкаларын төмендету көзделуде. Атап айтқанда,
өндірісті дамыту және кеңейту мақсатында қосылған құн салығына, сондай-ақ
корпорациялық табыс салығына ставкалар кезең-кезеңімен төмендетілетін
болады. Әлеуметтік салықты төмендету жалақының көлеңкелі төлемдерін одан
әрі барынша азайтуға ықпал ететін болады. Бір уақытта ҒЗТКЖ-да
инвестицияларды ынталандыратын жеңілдіктер жасалатын болады, бұл
экономиканың өңдеуші секторының технологиялық дамуын жеделдетуге мүмкіндік
береді.
Сондай-ақ салық пен алымдардың кейбіреуін біріктіру жолымен олардың саны
қысқартылатын болады, сондай-ақ арнайы салық режимдерін қолдану тетіктерін
жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
Ішкі отын нарығында айқын салық салуды құру салық ауыртпалығын мұнай
өнімдері нарығының субъектілері арасында қайта бөлуді болжайды.
Уәкілетті органдардың өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық технологияларды
және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін
электрондық бақылауды кеңінен пайдалану жолымен Салықтың жинақталуын
арттырға қол жеткізілетін болады. Жалпыға бірдей декларациялауға көшу
мүмкіндігі де қарастырылатын болады.
Барлық салықтық реформалар бақылаушы органдар сыбайлас жемқорлық деңгейін
едәуір төмендеткен жағдайда ғана табысқа жететін болады, бұл басты
міндеттердің бірі болып табылады. Осы мақсатта салық органдары салық
төлеушілерге ұсынатын электрондық қызметтердің тізбесін кеңейту жолымен
кәсіпкерлік субъектілері мен бақылаушы органдардың жеке байланысын барынша
азайту ұсынылып отыр.
4.1.1.2. Бюджет саясаты
Бюджет саясаты мұнай кірістерін пайдалану тетіктерін жетілдіруге, бюджеттің
әлемдік баға конъюнктурасына тәуелділігін төмендетуге, бюджет қаражатын
пайдаланудың тиімділігін арттыруға, экономиканың басым секторларын дамытуды
ынталандыруға және халықтың неғұрлым аз қорғалған жіктерін әлеуметтік
қолдауды қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
2006 жылғы 1 шілдеден бастап Ұлттық қордың қаражатын қалыптастырудың және
пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасына сәйкес
бюджетті теңгерімдеудің жаңа жүйесіне көшуді жүзеге асыру ұйғарылып отыр.
Осыған байланысты Бюджет кодексіне және басқа да заңнамалық кесімдерге
өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді. Өзгерістер ағымдағы бюджеттік
бағдарламаларды қаржыландыру мұнай емес сектордан түсетін түсімдердің
есебінен, ал даму бюджетін қаржыландыру көбінесе Ұлттық қордың
трансферттері есебінен жүзеге асырылатындығында. Осылайша, ағымдағы
бюджеттік бағдарламаларға арналған шығыстарды ұлғайту мұнай емес сектордан
кірістерді барабар өсірусіз мүмкін емес.
Ұлттық қордың жаңа Тұжырымдамасын енгізу экономикада тұтынушы мен жинақтау
арасындағы қажетті пропорцияларды сақтауды, экономиканың шикізат емес
секторын дамыту үшін қолайлы макроэкономикалық шарттар құруды, мұнай
кірістерінің елеулі бөлігін жинақтауды және Ұлттық қордың әлсіреуіне жол
бермеуді ескере отырып, мұнай кірістерін оңтайлы пайдалануға мүмкіндік
береді.
Бюджет саясатын жүргізу кезінде Үкімет, сондай-ақ экономиканың өсу
қарқынымен сыйымды мемлекеттік бюджет шығыстарының өсу қарқынын қамтамасыз
етудің және бюджеттің мұнайдан болмайтын тапшылығын біртіндеп төмендетудің
қажеттілігін ескеретін болады.
Бюджеттік жоспарлаудың сапасын және бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін
арттыру үшін бағдарламалар әкімшілеріне қойылатын бюджет тәртібін
жақсартуға, бәсекеге қабілеттілікті арттыру призмасы арқылы жұмсауда
басымдықтарды талдау мен есепке алуды жүргізуге, бюджеттік бағдарламалардың
стратегиялық (бағдарламалық) құжаттармен үйлесуіне бағытталған талаптар
күшейтілетін болады. Бюджеттің атқарылу процесін бюджеттің кассалық
атқарылуына емес, бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігі мен
нәтижелілігіне бағдарлау қажет.
Үкімет өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілуін теңестіру қағидатын
мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігін ынталандыру қағидатымен оңтайлы
үйлестіруге бағытталған бюджетаралық қатынастарды жетілдіру жөніндегі
жұмысты жалғастыратын болады.
2007 жылы "2008 - 2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттер
туралы" жаңа Заңның жобасы әзірленетін болады, бұл орта мерзімді кезеңге
арналған субвенциялар мен алулардың мөлшерін бекітудің тұрақтылығын
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл өңірлердің салықтық әлеуетін ұлғайтуда жергілікті атқарушы органдардың
қызығушылығын және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мәселелерінде
жергілікті өкілді және атқарушы органдардың дербестігін арттырады. Салық
салынатын базаны кеңейтуге олардың қосқан үлесінен алынатын барлық қосымша
кірістер жергілікті бюджеттерде қалады және өңірлердің бәсекеге
қабілеттілігін арттыру мақсатында жергілікті атқарушы және өкілді
органдардың қалауы бойынша бөлінетін болады.
Өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілуін теңестіруге, Конституция кепілдік
берген мемлекеттік қызметтерге халықтың тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге
бағытталған бюджеттік алулар мен субвенцияларды есептеудің жаңа әдістемесі
әзірленетін болады, яғни өңірлерді төмен бюджеттік қамтамасыз етуден
республикалық орташа деңгейге көтеру ұйғарылып отыр.
Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру әзірленген Қазақстан
Республикасының 2010 жылға дейінгі мемлекеттік қаржылық бақылауды дамыту
тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік сатып алу жүйесін одан әрі жетілдіру ұйғарылып отыр. Осыған
байланысты негізгі міндеті мемлекеттік сатып алуды сапалы, тиімді және
уақтылы жүргізу болып табылатын "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңға
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңның жобасы әзірленді.
Атап айтқанда, қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне конкурстық өтінімдері
бар конверттерді ашу кезінде конкурстарға бақылаушы ретінде қатысу
мүмкіндігі енгізіледі. Бұдан басқа, электронды мемлекеттік сатып алу
жүйесін дамытуға ықпал ететін және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
барысында сыбайлас жемқорлық іс-қимылдардың деңгейін төмендетуге әсер
ететін электронды мемлекеттік сатып алу ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу
шарттары белгіленеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышты басқару жүйесі қайта
қаралатын болады. Мониторинг мемлекеттік борыш бойынша ғана емес, өзіне
мемлекет қатысатын ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдардың борыштық
міндеттемелерін қамтитын бүкіл мемлекеттік сектор бойынша да жүргізілетін
болады.
Мемлекеттік борышты басқару жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар кешенін
қабылдау үшін мемлекеттік борышты басқару жөніндегі тұжырымдама әзірленетін
болады. Тұжырымдамада мемлекеттің басым қатысуымен ұлттық және акционерлік
қоғамдардың борыштарын қоса алғанда, бүкіл мемлекеттік сектордың борышын
ескере отырып, борышты басқару стратегиясы, мемлекеттік борыш құрылымы
мәселелері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың борыштық
міндеттемелерін реттеу мәселелері және мемлекеттік борышты басқарудың
ұйымдық негіздері көрініс табады.
Үкімет тарифтік саясат тиімділігін арттыруға зор назар аударатын болады.
Бұл үшін тарифтердің айқындылығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар
қабылданатын болады, табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне,
экономика секторларына тарифтердің әсер етуін бағалау модельдері
әзірленеді, монополия субъектілерінің қызметін бақылау және сараптау
тетіктері жетілдіріледі.
4.1.1.3. Ақша-кредит саясаты және қаржы секторын дамыту
Ақша-кредит саясаты және қаржы секторын дамыту саласында инфляция
процестерін реттеу тиімділігін арттыру, валюталық реттеуді кезең-кезеңмен
ырықтандыру, банктердің сыртқы қарыз алуын жанама реттеу құралдарын
жетілдіру, сондай-ақ қаржы жүйесіндегі бәсекелестікті ырықтандыру мен
арттыру, оның орнықтылығы мен айқындылығын қамтамасыз ету негізгі міндет
болып табылады.
Инфляция процестерін реттеу бөлігінде Үкімет пен Ұлттық Банк инфляцияның
монетарлық та, монетарлық емес те жақтарына әсер ету шараларын қабылдайтын
болады.
Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар тарапынан әлеуметтік-экономикалық
дамудың орта мерзімді жоспарының индикаторлары шеңберінде табиғи
монополиялардың тауарлары мен қызметтеріне бағаны өсірудің сақталуына қатаң
бақылау орнатылатын болады, мұнай өнімдерінің, астықтың, электр
энергиясының, көлік және байланыс қызметтерінің бәсекелес ішкі нарықтарын
дамыту үшін жағдай жасалады. Сондай-ақ ішкі нарықты қанықтыру үшін тауарлар
мен қызметтер өндірісін ұлғайту ынталандырылатын болады.
Ұлттық Банк негізгі бағдары инфляция деңгейі болып табылатын ақша-кредит
саясаты шеңберінде банк жүйесінің өтімділігін реттеу арқылы ақша ұсынысының
шамадан тыс кеңеюін тоқтату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қайта қаржыландыру ресми ставкасын қоса
алғанда, ақша нарығындағы ахуалға және инфляция деңгейіне қарай өз
операциялары бойынша ставкаларды реттейтін болады. Ставкалар дәлізін
белгілеу жолымен сыйақының нарықтық ставкаларына Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің әсер етуін арттыру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
Валюталық реттеу саласында валюталық режимді одан әрі ырықтандыруға,
капитал қозғалысына байланысты тәуекелдерді реттеуге жаңа тәсілдерді
әзірлеуге бағытталған саясат жалғасатын болады.
Сыртқы экономикалық операциялар жөніндегі ақпараттық база жетілдірілетін
болады, бұл 2007 жылдан бастап валюталық операцияларды жүргізудің рұқсат
ету тәртібінен кейінгі мониторинг пен іріктемелі бақылау жүйесіне тиімді
көшуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл ретте валюталық режимді ырықтандыру жөніндегі одан арғы шаралар 2007
жылғы 1 қаңтардан бастап валюталық операцияларды лицензиялауды жоюды,
сондай-ақ сыртқы сауда келісім-шарттарында белгіленген мерзімге қарай
валюталық түсімнің қайтарылуын талап етуді белгілеуді көздейді, бұл
валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін едәуір оңайлатады және сыртқы
экономикалық қызметке қатысушылардың шығындарын қысқартады.
Банктердің сыртқы қарыз алуын шектеу жөніндегі жұмыс жалғасады. Валюталық
тәуекелді бақылау мақсатында болашақта әрбір шетелдік валюта бойынша
банктердің ашық валюталық ұстанымының лимиттері төмендетілетін болады. Бұл
шара банктердің валюталық тәуекелін төмендетуге және сыртқы қаржы
рыноктарында банктердің валюталық қарыз алуының өсуін бәсеңдетуге мүмкіндік
береді.
Шығынды өтімділік проблемасының өзектілігін төмендету үшін ең аз резервтік
талаптарды есептеу тетігін одан әрі жетілдіру ұйғарылып отыр. Сондай-ақ
валюталық өтімділік нормативтерін және сыртқы қарыз алудың ең жоғары
лимитін белгілеу мәселелерін қайта қарау ұйғарылып отыр.
Бұдан басқа, банк секторындағы жүйелік тәуекелдерді барынша азайту жолдары
қарастырылатын болады.
Банктік бизнес айқын, жоғары сараланған болуы, жаңа технологияларды және
клиенттерге қызмет көрсету әдістерін белсенді енгізуі үшін қаржы секторында
бәсекелетікті одан әрі ырықтандыру және арттыру үшін шаралар қабылданатын
болады.
Шетелдік банктердің қызметі үшін алынып тасталған шектеулерден басқа
олардың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге арналған шарттар сақталған
кезде Қазақстанның аумағында олардың филиалдарының қызметін шешу ұйғарылып
отыр.
ЕҚ талаптарына сәйкес шетелдік банктердің тарапынан бәсекелестікті дамыту
үшін отандық нарыққа олардың кіруі туралы шешім қабылдау кезінде бағалауы
ескерілетін рейтингілік агенттіктердің тізбесі кеңейтілетін болады.
Банк секторында айқындылықты қамтамасыз ету мақсатында шоғырландырылған
қадағалау, меншік иелерінің құрылымы, қосылма тұлғалармен қарым-қатынастар
бөлігінде банктердің заңнама талаптарын орындауын қамтамасыз етуге
бағытталған банктік қадағалау рәсімдері жетілдірілетін болады.
Бұдан басқа, жүзеге асырылып қойған іс-шаралардан басқа банктік емес
ұйымдарды дамыту үшін:
шағын кредит беру ұйымдары үшін кредит берудің ең жоғары мөлшерін ұлғайту;
кредиттік серіктестіктерге жаңа қатысушыларды тарту тетігін оңайлату;
"Қазпочтаның" халыққа қаржылық қызметтер көрсету жөніндегі мүмкіндігін
кеңейту ұйғарылып отыр.
Инвестициялық банкинг саласында бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін бағалы
қағаздар рыногына кәсіби қатысушылар - инвестициялық портфельді
басқарушылар, атап айтқанда, оларға банктік қарыз операцияларын жүзеге
асыру құқықтарын беру есебінен жүзеге асыратын операциялар кеңейтілетін
болады.
Сондай-ақ коммерциялық ұйымдармен қатар мемлекет қатысатын қаржы
ұйымдарының қызметін реттеуді бір уақытта қамтамасыз ету кезінде олардың
санын қысқарту мүмкіндігін қарастыру қажет.
Банк секторын ырықтандыру жөніндегі шаралар банктердің өңірлік қана емес,
халықаралық бәсекеге қабілеттілігін де арттыруға әкелуге тиіс, бұл
Қазақстанның ДСҰ-ға алдағы кіруіне және оның сауда-экономикалық
байланыстарын кеңейтуге байланысты аса өзекті.
Сондай-ақ корпорациялық басқару мәселелерін реттейтін заңнаманы жетілдіру
жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
4.1.2. Экономиканың отын-энергетика және өндіруші секторлары тиімділігінің
жаңа деңгейін ұйымдастыру
Көз жетерлік болашақта Қазақстан экономикасы экономиканың отын-энергетика
және өндіруші секторларының жұмысына тәуелсіздігін сақтайды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы көрсеткендей, біз өндіруші салалармен
тікелей байланысты жоғары қосылған құны бар салаларды озық дамыту үшін осы
секторларды тиімді пайдалануға тиіспіз.
Осы міндетті шешу үшін Үкімет мынадай бағыттарда жұмыс жүргізуді жоспарлап
отыр.
Жоғары сапалы өнімдермен ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету және экспортқа
бағдарланған өнімдерді өндіру үшін көмірсутек шикізатын терең өндіруді,
сондай-ақ озық технологияларды енгізу негізінде ішкі және әлемдік нарыққа
беру үшін металлургия саласында өндіруші өндірісті дамыту көзделеді.
Жер қойнауын пайдаланудың сервистік нарығы экономиканың өсуі үшін зор
әлеуетті білдіреді. Экономиканың шикізат емес салаларын көтеру және оларды
қайта құрылымдау жер қойнауын пайдалану сервистік нарығын игеру арқылы
жүзеге асырылатын болады.
Жер қойнауын пайдалану жобаларының сервистік нарығын игеру үшін отандық
өндірушілерді тарту жөніндегі нақты тетік әзірленетін болады.
Мұнай-газ компанияларының шағын және орта бизнеспен Қазақстан нарығында
орналастырылатын тапсырыстардың көлемін ұлғайтуға бағытталған
ынтымақтастығын жандандыру үшін 2006 жыл ішінде заңнамаға өзгерістер мен
толықтырулар жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің
қарауына енгізу ұйғарылып отыр. Мұнай-газ және сервистік компаниялар
арасында ұзақ мерзімді келісімдер жасасу, оның ішінде кооперацияның
аутсорсинг сияқты түрлерін қолдану мүмкіндігі көзделетін болады.
Бұл ретте, Үкімет жер қойнауын пайдаланушылардың отандық өндірушілермен
қабылданған шарттық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету үшін заңнаманы
жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізетін болады.
Жоғарыда аталған іс-шаралармен қатар Батыс Қазақстан облысында мұнай-газ
машиналарын жасау кластерін құру жөніндегі жұмыс жандандырылатын болады.
Жоғарыда аталған кластерді дамыту оның қатысушыларын: машина жасау
кәсіпорындарын, білім беру ұйымдарын, жобалау институттарын, консалтингілік
және инжинирингілік компанияларды, өңірлік технопарктерді көлденең
ықпалдастыруды көздейді.
Қазақстанның стратегиялық мүдделірін ескере отырып, елдің жаңа ядролық-
энергетикалық саласын қалыптастыру, экономиканың басқа салаларына неғұрлым
озық ядролық физика технологияларын енгізу мәселелерін шешуде мынадай
міндеттерді шешу қажет:
- арнайы зерттеу кешендерін және олардың негізінде халықаралық зертханалар
құру жолымен осындай зерттеулердің қормен жарақталуын едәуір нығайту,
технологиялардың халықаралық трансферті үшін жағдай жасау;
- жеке меншік капиталдың қатысуымен жаңа инновациялық қызмет субъектілерін
қалыптастыру жолымен зерттеулердің нәтижелерін барынша жылдам
коммерцияландыруды қамтамасыз ету;
- ядролық технолгиялар мен өнеркәсіптің әлемдік нарығында орнықты тауашаны
жеңіп алу.
Үкімет энергиямен сенімді өңірлік жабдықтауды қамтамасыз ету, халықаралық
нарыққа шығу және транзиттік әлеуетті іске қосу мақсатында электр энергиясы
жүйелерін жаңғырту жөнінде жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.
Оңтүстік Қазақстанның тапшылығын жабу үшін 2006 жылы Мойнақ ГЭС-ін салу
басталатын болады. Батыс өңірде тапшылықты жабу үшін ағымдағы жылы
"Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін салу
жобасын іске асыруды бастау белгіленген.
Жабдықтар мен ақпараттық технологиялар сатып алуды қоса алғанда, "КЕGОК"
ААҚ-ты техникалық және ақпараттық қайта жарақтандыруды болжайтын Аяқталу
мерзімі 2008 жыл "Қазақстан ҰЭЖ-ны жаңғырту" жобасын іске асыру жалғасады.
Энергетиканы дамыту саласындағы шараларды іске асыру елдің энергетикалық
тәуелсіздігін және экономиканың одан әрі орнықты өсуі үшін сенімді
энергетикалық базаны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Өнеркәсіптің өңдеуші салалары кәсіпорындарының энергияны көп қажетсінуін
төмендету саясатын жүзеге асыру үшін Үкімет Энергияны сақтау жөніндегі 2006
- 2016 жылдарға арналған бағдарламаны әзірлеуде.
4.1.3. Экономиканың өсуін қамтамасыз етудің жаңа бағыттарын қалыптастыру
2005 жылы Үкімет мынадай жеті кластерді жасау және дамыту жөніндегі
жоспарларды қалыптастырды және бекітті: "Туризм", "Тамақ өнеркәсiбi",
"Мұнай-газ машиналарын жасау", "Тоқыма өнеркәсiбi", "Көлiктiк логистика",
"Металлургия" және "Құрылыс материалдары".
Үкімет дәл осы бағыттар Қазақстан экономикасын өсірудің жаңа нүктелеріне
айналады деп ұйғарып отыр.
Мұнай-химия өнеркәсібін дамыту Үкімет үшін басым міндеттердің бірі болып
табылады.
Бұл бағытта өндірістің қажетті факторлары бар өңірлерде базалық мұнай-химия
өнімдерін - полиэтилен, полипропилен, стирол және полистирол, этиленгликоль
және бензол, метанол және басқа да өнімдер шығару жөніндегі мұнай-химия
өндірістерін құру көзделеді.
Мұнай-газ өнеркәсібінде және басқа да өндіруші салаларда ғылыми-зерттеу
және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ынталандыру, сондай-ақ
жергілікті жұмыс күшінің біліктілігі мен кәсіби дағдыларын арттыру үшін
шаралар қабылданатын болады.
Батыс Қазақстанда Теңіз, Қашаған және Солтүстік Каспий кен орындарының
ілеспе газдары және Атырау МӨЗ-де мұнай-химия өндірістері үшін шикізат
ретінде бензол өндіруді ұйымдастыру жөніндегі жобаның базасында
біріктірілген мұнай-химия кешенін салу ұйғарылып отыр.
Солтүстік Каспий кен орындарының ілеспе көмірсутек газдары базасында
бірлескен мұнай-химия кәсіпорындарын құру мүмкіндігі зерделенетін болады.
Ресей тарапымен бірлесіп, Қарашығанақ кен орнының, сондай-ақ Солтүстік
Каспий кен орындарының табиғи газын терең өңдеуді қамтамасыз ету үшін
Орынбор ГӨЗ базасында БК құру пысықталуда.
Бұдан басқа, инновациялық технологиялар негізінде Қазақстанның көмірсутек
шикізатын терең өңдеу жөніндегі мұнай-химия өндірістерін салу мен кешенді
дамытуға инвестициялар тарту мақсатында "Атырау облысында ұлттық
индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағын құру
мүмкіндігі зерделенетін болады.
Үкімет сондай-ақ Қазақстанда және басқа да елдерде жаңа және жұмыс істеп
тұрған активтерді сатып алу кезінде отандық мұнай-газ компанияларын
қолдауды қамтамасыз етуді, отандық мұнай-газ компанияларының халықаралық
қор нарықтарына шығуына жәрдемдесуді жоспарлап отыр.
Ішкі нарықты одан әрі ырықтандыру жолымен ішкі тұтыну мақсаттары үшін мұнай
өңдеу және газ өңдеу секторын дамытуды ынталандыру жөнінде жұмыс
жүргізілетін болады.
Ауыл шаруашылығы секторының отынға қажеттіліктерін қамтамасыз ету
мақсатында Үкімет отын-энергетикалық резервтік қорды құру мүмкіндігін
қарастырады, оның қаражаты, қажет болған кезде отын өндірушілерге төленеді
не ауыл шаруашылығы өндірісін күні бұрын субсидиялау және фермерлерді егін
жинағанға дейін-ақ ақшамен қамтамасыз ету үшін пайдаланылуы мүмкін.
Жоғары өңделген уран, бериллий және тантал өнімдерімен әлемдік нарыққа шыға
отырып, уран, бериллий және тантал өнімдері өндірісінде ғылымды
қажетсінетін жаңа технологияларды енгізу жүзеге асырылады. Шет елдерге
қазақстандық кәсіпорындарда өндірілген қосылған құны жоғары уран өнімдерін
жеткізу мақсатында осы елдердің атом-энергетикалық кешені кәсіпорындарымен
стратегиялық альянстар құру жалғасады.
"Мұнай-газ машина жасау" кластерінде мұнай-газ кешені үшін бәсекеге
қабілетті техникалық құралдарды, жабдықтар мен тетіктерді шығаруды ұлғайту
мақсатында Іс-шаралар жоспары әзірленді.
Кластерді жасауға бірқатар машина жасау, аспап жасау және металл өңдеу
кәсіпорындарын, "Алгоритм" технопаркін, жоғары оқу орындары мен орта
арнаулы оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттарын, сондай-ақ қаржы
институттарын тарту көзделіп отыр.
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006 -
2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар
жоспарында қаржы, инвестициялық, сақтандыру, ақпараттық институттарды
дамыту және салалық кластерлерді қалыптастыру арқылы ауыл шаруашылығының
қайта өңдеуші секторын, институционалды және өнеркәсіптік инфрақұрылымды
дамытуды қолдау жөніндегі шаралар кешені көзделген.
Металлургияда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта жаңарту және қосылған
құны жоғары тауарлар өндіруді қамтамасыз ететін неғұрлым жоғары қайта
балқытушы, бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындарды салу жөніндегі жұмыс
жүргізілетін болады.
Отандық тоқыма өндірісін дамыту мақсатында неғұрлым жоғары технологиялық
деңгейде "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы құрылды.
Қазақстанның құрылыс кешені ұлттық экономиканың шапшаң дамушы секторларының
бірі болып табылады. Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары,
бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың 2005 - 2014 жылдарға
арналған бағдарламасының іс-шаралар жоспарын іске асыру басталды. Құрылыс
материалдарының жаңа түрлерінің пайда болуына және дамуына, сапаны
жақсартуға және түр-түрлілікті кеңейтуге үрдістер байқалуда.
Үкімет электр энергетикасы саласын дамыту жөнінде жұмыс жүргізетін болады.
Бұл бағытта мынадай ірі энергетикалық жобаларды іске асыру көзделеді:
"Қазақстанның Солтүстігі-Оңтүстігі ВЛ-500 кВ екінші электр беру желiсiнің
құрылысы", бұл Ұлттық электр желісінің транзиттік әлеуетін ұлғайтуға және
орта мерзімді перспективада Қазақстанның Оңтүстігінің электр энергиясына
тапшылығын жабуға мүмкіндік береді;
"Алматы облысында Шарын өзенінде қуаты 300 МВт Мойнақ СЭС-ін салу". Жобаны
іске асыру Қазақстан БЭЖ-інің оңтүстік аймағындағы базалық және ең жоғары
деңгейдегi жүктеменiң орнын толтырудағы мүмкіндіктерді ұлғайтуға, Оңтүстік
Қазақстанның тұтынушыларын энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға,
Орталық Азия елдерінің энергия көздеріне тәуелділігін азайтуға мүмкіндік
береді;
"Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін салу".
Бұл желіні салу электр энергиясының құнын азайтуға және облыс тұтынушыларын
энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға, Ақтөбе өңіріндегі қуаттар
мен электр энергиясының қазіргі және болжамды тапшылығын жабуды қамтамасыз
етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ Батыс Қазақстанның ОЭЖ-і мен Қазақстан
БЭЖ-ін біріктіру үшін алғышарттар жасайды.
Туризмді дамытуды Үкімет экономиканың өсуін қамтамасыз етудің перспективалы
бағыттарының бірі деп санайды. Осыған байланысты бәсекеге қабілетті
туристік индустрия құру және перспективада Қазақстанды Орталық Азия
өңірінің туризм орталығына айналдыру міндеті алға қойылады.
Халықаралық консалтингілік компания жүргізген зерттеулерді ескере отырып,
туризмді дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын халықаралық
сарапшылардың саланы одан әрі дамыту стратегиясы жөніндегі ұсынымдарын
ескере отырып әзірлеу жоспарланып отыр.
Туристік қызметтерге сыртқы сұранысты ұлғайту және Қазақстанның туристік
беделін қалыптастыру мақсатында Үкімет халықаралық бұқаралық ақпарат
құралдары мен жетекші, шетелдік телеарналарды пайдалана отырып, белсенді
жарнамалық-ақпараттық жұмыс жүргізуді ниет етіп отыр.
Бұдан басқа, әлемнің неғұрлым дамыған елдерінің туристер ретінде келетін
азаматтары үшін ҚР-дың шет елдердегі елшіліктері мен консулдықтарында виза
беруді одан әрі ырықтандыру мәселесін қарау ұсынылып отыр.
4.1.4. Бәсекелестікті дамыту және кәсіпкерлікті қолдау
Экономиканың өсуін қамтамасыз етудің жаңа бағыттарын қалыптастыру міндетін
адал бәсекелі орта болған кезде ғана шешуге болады, бұл өз кезегінде, күшті
монополияға қарсы жүйенің қалыптасуына байланысты.
Сондықтан Үкімет бәсекелі ортаны дамыту және нарықтың монополиялануын
болдырмау мәселелеріне бұдан әрі де баса назар аударатын болады.
Бәсекелестікті дамыту саласындағы негізгі міндеттер нарық субъектілерінің
үстем жағдайды асыра пайдалануының алдын алуға, теріс пиғылды бәсекені және
бәсекеге қарсы келісімдердің жасалуын болдырмауға, экономикалық шоғырлануды
бақылауға және тауар нарықтарының тиімді әрі серпінді жұмыс істеуі үшін
жағдай жасауға келіп тіреледі.
Үкімет 2007 жылдың аяғына дейін бәсекелестікті қорғау және дамыту саласында
орта мерзімді салалық бағдарлама әзірлеуді ұйғарып отыр.
Ішкі бәсекелестікті арттыру үшін монополияға қарсы заңнама күшейтіледі.
Қазіргі уақытта Үкімет "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы"
қағидаттық жаңа заң жобасын әзірледі, бұл таяу арада республика
Парламентінің қарауына енгізіледі.
Мегахолдингтердің және мемлекеттік монополиялардың бейінді емес активтері
мен функцияларын бәсекелі ортаға беру жөніндегі жұмыс жалғасады.
Монополияға қарсы органның өкілеттіктерін күшейту, адал бәсеке ережелерін
бұзушыларға санкциялар қолдану жөніндегі тиісті функцияларды ұсына отырып,
оның монополияға қарсы реттеу жөніндегі мүмкіндіктерін кеңейту көзделіп
отыр.
Табиғи монополия салаларын тарифтік реттеуді дамытудың негізгі бағыттары
табиғи монополия субъектілеріне қатысты жүргізілетін тарифтік саясатты
экономикалық дамудың жалпы мемлекеттік саясатына табиғи түрде қосу
қағидатымен айқындалған. Бұл бағыттар ағымдағы жылы қолданыстағы
нормативтік базаны жетілдіру және тариф белгілеудің макроэкономикалық
өлшемін айқындау әдіснамасын әзірлеу арқылы дамытылатын болады.
Табиғи монополия субъектілері жұмылдырылатын экономика салалары
тарифтерінің инвестициялық тартымдылығының болжамдылығы мен артуын
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қолда бар реттеу құралдарын, олардың
инфрақұрылымдық желілерін жаңғырту және кеңейту жөніндегі міндеттерді іске
асыруды кеңінен пайдалану жоспарланып отыр. Осылай, таяу арадағы бірнеше
жылда нормативтік базаға рәсімдік процесті оңайлатуға ықпал ететін қажетті
өзгерістер енгізе отырып, базалық табиғи монополия субъектілерінің
көпшілігін орта және (немесе) ұзақ мерзімді кезеңге арналған белгіленген
тарифтер бойынша реттелетін қызметтер көрсетуге көшіруді қамтамасыз ету
жоспарлануда. Айналыс шамасына қарай инвестициялық тарифтер белгіленетін
болады, оларды есептеу қағидаттары мен әдістерін Агенттік әзірлеп қойған
және олар тиісті әдістемелерде ескерілген.
Тиімді бәсеке үшін жағдай жасау, адал бәсекелестікті қолдау мен қорғау
республиканы әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі бағыттарын іске
асыруға ықпал ететін болады.
Үкімет серіктестік қатынастар негізінде кәсіпкерлікті дамытуға кеңінен
қолдау көрсету қажет деп санайды. Бұл ретте салық режимін жетілдіру
мемлекет саясатының кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі құралдарының бірі ғана
болып табылатын болады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін басты басымдық бәсекені
дамыту болуы тиіс.
Үкімет кәсіпкерлік мәдениетін дамыту мен тарату жөніндегі, сондай-ақ
мемлекеттік субсидияларды емес, жеке капиталды тарту үшін бәсекелестік
негізді құру жөніндегі жұмысты жүргізетін болады. Мұндай көзқарастың
әртүрлі нұсқалары Австрия, Испания, Польша және Құрама Штаттары сияқты
елдерде табысты қолданылған.
Кәсіпкерлік қызметті дамыту мемлекеттік реттеудің қарапайым әрі тиімді
режимімен ынталандырылатын болады. Мысалы, энергияны қажетсінетін салаларда
Үкімет жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа
инновациялық технологияларды енгізетін компанияларды ынталандыру мәселесін
қарайды.
Мемлекеттік-жеке серіктестік тетіктері арқылы кәсіпкерлік үшін мүмкіндіктер
туғызу тұрғысында мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру жөніндегі
жұмыс жүргізілетін болады.
Бизнесті дамыту үшін барлық ықтимал әкімшілік кедергілерді азайтуға
арналған нақты қадамдар қабылдау болжанып отыр. Жеке кәсіпкерлікті
тексерулердің барлығы заңмен ғана реттелетін болады. Бұл нормалардың
барлығы "Жеке кәсіпкерлік туралы" Заңда қарастырылған.
Шағын ксіпкерлікті дамыту қоры тарабынан шағын кәсіпкерлікті қолдаудың
қаржылық-кредит саясатында елеулі өзгерістер болжанып отыр. Ол өздерінде
бар кәсіпкерлік әлеуетті және бастаманы іске асыруды қалайтын халықтың әр
түрлі жіктері үшін нақты көмекші болуы тиіс. Қордың филиалдық-өкілдік
желісін кеңейту, өңірлерде кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған, әсіресе
ақпараттық-талдау, консалтингілік және оқу-әдістемелік қызметтерді ұсыну
бөлігіндегі жұмыстарды күшейту қажет.
Шағын және орта бизнестің ірі кәсіпорындармен тиімді ынтымақтасуы және
өзара іс-қимыл жасауы үшін қажетті жағдай жасалатын болады.
Үкімет шағын кәсіпорындарды озық технологиялармен және басқару
тәжірибесімен алмасу бойынша мемлекеттік көтермелеу, олардың халықаралық
стандарттарды енгізуі мен халықаралық нарықтарды игеруі тетіктерін
әзірлеуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты халықаралық қаржы
институттарымен, бірінші кезекте Қазақстанда экономиканың жеке секторына
кредит беру жөніндегі жобаларды іске асырушы Азия Даму Банкімен және Еуропа
Қайта құру және Даму Банкімен тығыз ынтымақтастыққа негізгі назар
аударылатын болады.
Бұған қоса, өндіруші емес салаларға инвестицияларды тарту бойынша жұмыстар
жандандырылатын болады. Әрі бұл экономикаға қаржы капиталынан басқа, жаңа
технологиялар әкелетін, біздің бизнес-менеджменттің кәсіпқойлығының өсуіне
ықпал ететін, іріктелген басым кластерлердің қосымша құндары тізбектерінің
жетіспейтін тұстарын толықтыратын, нәтижесінде экономиканың бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін инвестиция болуы тиіс.
Осыған байланысты Үкіметтің алдағы кезеңге арналған бағдарламасында
трансұлттық және ірі шетелдік компанияларды экономиканың шикізат емес
секторына тарту жөніндегі тұтас іс-шаралар кешенін жүргізу көзделіп отыр.
Атап айтқанда, Қазақстанның шет елдегі елшіліктерінің жанынан сауда
миссиялары құрылатын болады, олардың міндеттері шетелдік инвестицияларды
Қазақстан экономикасының шикізат емес секторына тарту ғана емес, сонымен
бірге қазақстандық кәсіпорындардың тауарлары мен инвестицияларын сыртқы
рыноктарға экспорттауға жәрдемдесу болады.
Бұдан басқа, шағын және орта кәсіпорындардың қатарынан отандық
инвесторлардың класын дамыту қажет. Бұл үшін инвестициялық заңнаманы,
инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын одан әрі жетілдіру, сондай-ақ
отандық компаниялар арасында инвестицияларды жүзеге асыру мәселелері
жөніндегі белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу бойынша шаралар
қабылданатын болады.
Жеке компаниялар, қарқынды дамып келе жатқан өндірістер мен салалардың,
мысалы, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі қатысушылары
үшін қазіргі заманғы жабдықтар лизингін кеңейту мүмкіндігін қарастыру
жоспарлануда.
Үкімет жеке меншікті қорғау, инвесторлардың құқықтарын қорғау және
қоғамдағы келісім-шарттық қатынастарды нығайту жөнінде бірқатар шараларды
әзірлеуді және қолдануды жоспарлап отыр.
Даулар мен төрелік рәсімдерді тәуелсіз қарау жүйесін нығайту көзделіп отыр.

Өңірлерде әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) желісі құрылатын
болады, олардың қызметі инвестицияларды тартуға және жаңа жобаларды іске
асыруға бағытталатын болады. Кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде жинақталған
пайданың бір бөлігі өңірдегі әлеуметтік саланы дамытуға бағытталатын
болады.
Бұл корпорациялардың қызметі бүкіл елімізде де, одан тысқары жерлерде де
жүзеге асырылатын жаңа жобаларды тартуға бағытталатын болады. Кез келген
ӘКК-нің қызметі әкімшілік округтен үлкен аумаққа таралатын болады және
өндірістік байланыстарға мейлінше жуық болады. Үкімет Қазақстанда 5 ӘКК
құру орынды деп санайды.
Олардың қызметіне қатысты мемлекеттік реттеу мен ынталандыру шараларының
кеңейтілген жүйесі қолданылатын болады. Әрбір ӘКК мөлшері бойынша елеулі
игерілмеген жер учаскелерін қоса алғанда, елдің тиісті өңірінде мемлекеттік
активтерді басқаратын холдингілік компанияны білдіреді.
Жергілікті атқарушы органдардың аудандық және қалалық әкімдіктердің жанынан
құрылған кәсіпкерлік бөлімдері ұйымдастырушылық рөл атқаратын мемлекеттік
басқару жүйесінің тиімділігін арттыру арқылы жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін
қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі рөлі күшеюі тиіс.
Құрылған Кәсіпкерлік практика жөніндегі республикалық оқу орталығының
мәртебесін арттыру бойынша жұмыс жалғасады. Бұл үшін оған құрылған
Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі орталықтардың желісі арқылы өңірлерде
өкілдігі бар кәсіпкерлік проблемалар ғылыми-зерттеу орталығы мәртебесін
беру болжанып отыр.
Мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын объективті
бағалауға мүмкіндік беретін мемлекеттік органдар жұмыстарының нәтижелері
бойынша Кәсіпкерлік еркіндігі индексін сынау және рейтингілік бағалау
жүйесін енгізу жүреді, бұл жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын жеке
кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің заңсыз араласуынан қорғауды қамтамасыз
етеді.
Азаматтық қоғамды дамыту шеңберінде бизнес пен биліктің әлеуметтік
серіктестік қағидаттары сыбайлас жемқорлық әрекеттерге өркениетті қарсы күш
болады.
Үкімет жаңа бизнестерді дамыту үшін рентабельді емес кәсіпорындардың
әлеуетін пайдалану шараларын қабылдайтын болады.
Қайта капиталдандыру жәненемесе өңірлік холдингілерге енгізу арқылы
рентабельді емес кәсіпорындарды қайта құру жөніндегі жұмыс жүргізілетін
болады.
Қазақстанға инвестициялар тарту процесі ескі активтерді қайта сату емес,
жаңа салаларға шоғырлануы тиіс.
Үкімет жаңа бизнестерді дамыту үшін негіз ретінде жұмыс істеп тұрған
рентабельді емес кәсіпорындарды пайдалану жөніндегі жұмысты жүргізетін
болады.
Бұл рентабельді емес кәсіпорындардың активтерін пайдалана отырып, жаңа
басқаруды, жаңа технологияларды немесе өндірістің жаңа факторларын енгізу
негізінде оларды "ширату" жүргізілетін болады.
Үкімет, сондай-ақ бірқатар рентабельді емес кәсіпорындарды оларды толық
кедейлегенге дейін сатып алу мүмкіндігін де қарастырады.
Мұндай кәсіпорындардағы ахуал дағдарысқа қарсы басқаруды енгізу арқылы
жақсы жағына өзгеруі мүмкін. Оларды қайта капиталдандыруға немесе
әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияға беруге болады.
Рентабельді емес кәсіпорындардың базасында жаңа өндірістер мен
технологияларды дамыту мақсатында оларды нәрлендіру және қайта құрылымдау
жөніндегі іс-шараларды тиімді жүзеге асыру үшін мыналар жоспарланады:
1. Нәрлендіру және қайта құрылымдау рәсімдерін қолдану мүмкін болатын
рентабельді емес кәсіпорындар тізбесін қалыптастыру тәртібін бекіту.
2. Кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін және олардың төлем
қабілеттілігі жағдайына мониторинг және талдау жүргізу тетігін айқындау.
3. Қаржылық жағдайға жүргізілген мониторингтің нәтижелері бойынша
нәрлендіруды және қайта құруды жүргізу жолыменжаңа технологиялыр мен жаңа
өндірістерді қолдану мүмкін болатын кәсіпорындардың дерекқорын
қалыптастыру.
4.1.5. Кәсіби Үкімет
Елді жеделдетілген жаңарту көптеген жаңа міндеттерді қойып отыр, оларды
кәсіби Үкіметсіз және тиімді мемлекеттік реттеусіз шешу мүмкін емес.
Осыған байланысты Үкімет өзінің алдына мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі
реформалаудың мынадай міндеттерін қойып отыр:
• алқалы орган ретінде Үкімет жұмысының тиімділігін және әрбір министрдің
жауапкершілігін арттыру;
• қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізу және мемлекеттік
органдарда төрешілдікті азайту;
• саны мен құрамы бойынша тиімді әрі оңтайлы мемлекеттік аппарат құру;
• мемлекеттің экономикаға араласуын шектеу.
Қойылған мақсаттарға жету үшін Үкімет мынадай қадамдарды қабылдайтын
болады.
Мемлекеттің экономикаға оңтайлы қатысуын талдау және мемлекеттік
функциялардың бір бөлігін мемлекеттік емес секторға беру жөніндегі жұмыс
жалғасатын болады.
Мемлекеттік органдардың құрылымында аралық буындарды тарата отырып,
мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының белгіленген сыныптамасын қайта қарау
көзделіп отыр, бұл мемлекеттік органдарда құжаттардың өту мерзімін
қысқартуға және шешімдер қабылдаудың жылдамдығын арттыруға мүмкіндік
береді.
Үкімет маманнан бастап басшыға дейін мемлекеттік қызметтер көрсетудің
стандарттарын әзірлейтін болады. 2007 жылдың соңына қарай мемлекеттік
қызметтер көрсететін барлық мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтер
көрсетудің бекітілген салалық стандарттарының негізінде жұмыс істейтін
болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету көбірек электрондық нысанға көше бастайды,
бұл қызметті тікелей алушының шенеунікпен байланысын азайтуға және
әкімшілік сыбайлас жемқорлықты жоюға әкеледі.
Мемлекеттік органдардың қызметін объективті бағалау мақсатында Үкімет
мемлекеттік органдардың қызметін рейтингтік бағалауды қоса алғанда, олардың
қызметінің тиімділігі мен сапасын бағалаудың кешенді жүйесін енгізуді
көздейді.
Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі мен сапасын бағалаудың
рейтингілік жүйесін енгізу әкімшілік қызметтерді жетілдіру, мемлекеттік
қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру, мемлекеттік қаржы ресурстарын
тиімді басқару үшін жағдай жасайды.
Мемлекеттік қызмет жүйесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік билік органдары
өкілдерінің азаматтар алдындағы және тапсырылған іс үшін жауапкершілігін
арттыру жоспарланып отыр.
Мемлекеттік қызметшілердің лицензиялау жөніндегі құжаттарды қарауды немесе
экономикалық қызметке, бизнесті және басқа да рұқсат беру рәсімдеріне
байланысты сауалдарға жауаптарды, мемлекеттік және үкіметтік
бағдарламаларды іске асыруды кешіктіру жөніндегі қасақана әрекеттері үшін
жауапкершілігін арттыру қажет.
Үкімет кадрларды даярлау мен қайта даярлау мәселесін өз жұмысының маңызды
бағыты деп санайды. Мемлекеттік қызметшілерді оқытудың сапасын арттыру үшін
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару
академиясының базасында шетелдік серіктестердің қатысуымен халықаралық
стандарттарға жауап беретін ұлттық басқару мектебі құрылатын болады.
Орталық мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін жергілікті деңгейге беруді
ескере отырып, орталық және жергілікті басқару органдарының мемлекеттік
қызметшілерін қазіргі заманғы менеджментке жаппай оқыту үшін барлық
жағдайлар жасау қажет.
Үкімет мемлекеттік басқару жүйесі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің
құрылымын одан әрі жетілдіруді маңызды міндет деп санайды.
Үкімет жалпы реттеуші функциялар мен норма жасау жұмыстарына шоғырланатын
болады. Үкіметтің құрылымы мемлекеттік саясаттың басымдықтарына сәйкес, ал
министрліктердің, комитеттер мен агенттіктердің құрылымы мемлекеттік
функциялардың типтері бойынша анық функционалдық бөлу негізінде құрылатын
болады.
Мемлекеттік органдардың қызметі министрліктер арасындағы жауапкершілікті
тең бөле отырып, салалық бағдарламалық құжаттарды тиімді іске асыруға
бағытталатын болады.
Мемлекеттік органдардың өз функцияларын орындпауын тереңдетілген егжей-
тегжейлі талдау жүргізіліп, мемлекеттік институттардың қызметін
ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі зерделенеді, мемлекеттік органдардың
тиімді қызметін қамтамасыз етудің әдістері мен тәсілдері айқындалады,
оларды Қазақстанда қолданудың мүмкіндігі талданатын болады.
Құрамы бойынша оңтайлы мемлекеттік аппарат оңтайлы мемлекеттік органдардың,
оның ішінде бақылаушы құрылымдардың санынан тұруы тиіс.
Осыған байланысты "әлуетті" блокты қоса алғанда, мемлекеттік органдардың
бақылау және қадағалау функцияларын реттеу, жүйелеу және қысқарту бойынша
жұмыс жүргізілетін болады.
Жоғарыда көрсетілген шараларды іске асыру қазіргі заманғы жағдайда
мемлекетке тиесілі емес функциялардың бір бөлігін мемлекеттік емес секторға
беру арқылы мемлекеттік-жеке серіктестікті дамытуға, мемлекет пен жеке
сектор арасында "таза" бәсекелестікті ұстауға, сондай-ақ үкіметтік емес
ұйымдар мен тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, мемлекеттік органдардың
қызметін қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру мен дамытуға ықпал ететін
болады.
Мемлекеттік қызметтерді халыққа барынша тікелей жақындату және өңірлік
мәселелерді шешуде азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз ету мақсатында
жергілікті билік органдарына берілген функциялардың іске асырылуын мұқият
талдау жүргізілетін болады. Орталықтан берілген өкілеттіктерді әкімдер
толыққанды игергеннен және жергілікті мамандар орта мерзімді перспективада
(2008 жылдан бастап) жаңа функцияларды тиімді және сапалы іске асыруда
қажетті тәжірибені меңгергеннен кейін мемлекеттік басқару деңгейлері
арасындағы өкілеттіктердің аражігін одан әрі ажырату бойынша жұмыстар
жалғасатын болады.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мәртебесін, құзыретін,
жауапкершілігін, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін бекітіп
беру арқылы олардың қызметін заң жүзінде реттеу де көзделіп отыр. Осы
мақсаттарда 2006 жылы "Жергілікті өзін-өзі басқару туралы" Заңның жобасы
әзірленетін болады.
Бұдан басқа, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру және дамыту
үшін жағдай жасау мақсатында 2006 жылы ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасы
Алматы облысының 2003-2005 жылдарға арналған кедейшілікті төмендету жөніндегі бағдарламасы
"Қазпочта" ашық акционерлiк қоғамын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған жоспарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы
Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы
Қызылорда облыстық жастар саясатының 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы
2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау және әлеуметтік-экономикалық дамудың 2006 – 2008 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштері
Қазақстан Республика-сының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь