Туристік қатынастардың қалыптасу


МAЗМҰНЫ
КІРІСПЕ… . . . . . . …. 3
1 Туристік қатынастардың қалыптасуының ілімдік жӘне Әдістемелік негіздері . . . 5
1. 1 Қазақстанның туризм географиясы . . . 5
1. 2 Халықаралық қатынастар нарығындағы туризмнің ролі . . … . . . 11
1. 3 Қазақстанның туристік имиджінің қалыптасуы. . … . . . 20
2 Ресеймен Туристік қатынастарды қалыптастырудың мемлекет экономикасындағы ролі . . . 33
2. 1 Туристік өнім бейнесі . . . 33
2. 2 Туристік имиджді қалыптастыру және басқару . . . 39
2. 3 Жарнама мен ақпарат жұйесін құру . . . 42
3 Қазақстан Республикасының туристік қатынастарды қалыптастыру концепциясы . . . 48
3. 1 Қазақстан Республикасындағы туристік бизнес қатынастарының мемлекеттік реттеулері . . . … . . . 48
3. 2 Ресеймен туристік қатынастарды, бейнені қалыптастыру және дамытуға қатысты ұсыныстар . . . 52
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 62
КІРІСПЕ
Туризм адамдардың қарым-қатынасын байланыстырады, әлеуметтік шындықты ойлау қабілетін арттырып, қоршаған ортаның өркендеуіне, мәдениет және өнердің дамуына және ел экономикасын өркендетуге өзіндік үлесін қосады және ел имиджін әлемге танытуға мүмкімдіктер береді.
Сонымен қатар ел Президентінің халыққа жолдауында және де ақпарат құралдары материалдарында соңғы кездері туризм мәселелеріндегі халықаралық қатынастарды дамытуға деген назар айрықша. Туризм индустриясы шаруашылықтың бір саласы ретінде бизнес пен кәсіпкершілікті дамытуға танымдылықпен салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудағы ерекше құрал ретінде қарастырылуда.
Тарихи мұраларға қызығушылықтың артуы мен туризмнің кең-құлаш жайып өркендеуінің арасында өзіндік шарты мен өзара байланысы бар. Мұражайландырылған ескерткіштер туристік материалдар базасы болып туристік-саяхатқа қатысушылар қатарын көбейтуге ықпал етеді. Тарихи-мәдени ескерткіштерге байланысты көптеген туристік бағыттар пайда болды. Шетелдіктерді, көрші жатқан елдерді қызықтыратын, солардың ішінде ең белгілісі "Үлы Жібек жолы" бағыты, оған көптеген мұражайлар, ескерткіштер, орта ғасырдың сәулет өнері Түркістан мен Шымкент кіреді. Оңтүстік Қазақстан өлкесінің өткені қызықты, әрі бай аумақтары жатады. Оған куә көптеген тарих, археология, монументальды өнер, архитектура ескерткіштері. Қазақстан жері өзінің ұлан байтақ территориясының барлығымен еліміздегі экономиканы дамытудағы жүріп жатқан, демократиялық өзгерістерге орай және де соңғы жылдары еліміздің әлеуметтік- экономикалық жағдайының бір шама оңалуы ел өкіметінің алдында шикізат ресурстарынан (мұнай газ, темір тағы басқа) гөрі туризм индустриясының қалыптастыру және Қазақстанның геосаяси жағдайын пайдалануды дұрыс жолға қою саясаты тұр.
Осы дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты: Қазақстанның туристік қатынастарын қалыптастыру мәселелерін ілімдік және практикалық тұрғыда сараптай отырып төмендегі міндеттерді шешу:
- нарық жағдайындағы туризм қатынастарына талдау;
- туризм географиясын қалыптастырудағы туристік ресурстар мәселелерін анықтау;
- Ресей мен Қазақстан арасындағы туристік байланыстар мәселелерін талдау мен ұсыныстар беру;
- туристік бейнені қалыптастыруға қатысты ұсыныстар беру.
Зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасының туристік-рекреациялық ресурстары мен туристік нысандары және мемлекеттік құжаттар.
Зерттеу тәсілдері: анализ және синтез, статистикалық, ақпарат құралдары материалдарын сұрыптау, картографиялық тәсіл, туристік фирмалардың жұмыстарымен танысу.
Тақырыптың өзектілігі: Ілімдік негізде Қазақстан туризмі туралы деректерді талдау барысында қатынастар түсінігін туризм индустриясында пайдалану жолдарын көрсету. Туристік өнім бейнесін анықтай отырып, Республикадағы жарнама мен ақпарат жүйесін қалыптастыру. Еліміздегі туристік кластерді туристік бейнені қалыптастыру концепциясын жасауда алғы шарттар берілуі еліміздегі туризм индустриясының дамуына өзіндік септігін тигізуге тиісті.
Дипломдық жұмыс үш тараудан турады. Бірінші тарау - Туристік қатынастардың қалыптасуының ілімдік және әдістемелік негіздері. Екінші тарау - Ресеймен туристік қатынастарды дамыту және оның мемлекет экономикасындағы ролі. Үшінші тарау - Қазақстан Республикасының туристік бейнесін қалыптастыру концепциясы мәселелерін қарастырады.
1 Туристік қатынастардың қалыптасуының ілімдік
жӘне Әдістемелік негіздері
- Қазақстанның туризм географиясы
Еліміздің табиғи-рекреациялық ресурстары өзінің жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Солтүстіктен Оңтүстікке қарай табиғат зоналары: орманды дала, дала, шөлейт және шөл орналасқан. Республикамыздың оңтүстік-шығысында Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Саур, Тарбағатай және Алтай тау иірімдері ұзынынан жатыр. Күнгей Алатау, Теріскей Алатау, Алатауының жоталары мен Хан Тәңірі массивінде тау туризмін, тау шаңғысы спортын және халықаралық альпинизмді дамытуға қолайлы орындар көптеп -саналады. Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарында тау шаңғысы спортын дамытуға қолайлы, тауға өрмелеу мен альпинизм, тау шаңғысы таризмімен айналысуға жағдай жасайтын қонақ үйлер, база т. б. жайлар салуға болатын табиғи-рекреациялық комплекстер бар [1] .
Елімізде тропиктік және экваторлық климаттық белдеуден басқа белдеулердің барлығы кездесуі, климаттық факторлар мен минералды су көздерін, емдік батпақ орындарын қамтитын емдік-ресурстық фонд, емдік-сауықтыру туризмі мен рекреациялық шаруашылықты дамытады.
Сауықтыру туризмнің ресурстары қолайлы ландшафтық-климаттық жағдайлармен, жайлы кезеңнің ұзақтығымен, көл-өзен жүйесінің болуымен, туристік-рекреациялық қызметтің алуан түрлері: қыдыру, суға түсу-жағажай, су спортын дамытуға арналған орындардың болуымен аныкталады.
Республикамыздың территориясында жыл бойына күн сәулесінің түсу ұзақтығы да мол болып келеді. Оңтүстікте 3000-дай сағат болса, солтүстікте 2000-нан аса сағатқа созылады. Қолайлы кезеңнің ұзақтығы солтүстік-шығысына 40-50 күндей, ал оңтүстікте 120-150 күндей болып келеді, таулы жерлердегі сауықтыру туризмін дамытуға қолайлы аймақтардың қысы жұмсақтау болып келуі (орташа температура 2°С- ден 8 °С - қа дейін), ал жазы құрғақ-ыстық болып келуі (орташа температура 20-27°С) туризмге өзіндік ықпал етеді [2] .
Арал теңізінің оңтүстік жағалауында, Балқаш көлінің маңында және еліміздің оңтүстік-шығысында қолайлы кезеңнің ұзақтығы 120 күнге ұласады. Алматының сондай-ақ Аралдың солтүстігіндегі дисскомфорт күндердің ұзақтығы 30 күнге созылса, Оңтүстік Қазақстанда 70, ал Балқаш көлінің маңайында қолайлы кезең 40 күнге созылады.
Суға түсу-жағажайлық, су-спорты мен қыдырыстық туризм түрлерін дамытуға өзен-көлдердің тығыз байланысуының ықпалы зор. Біздегі құрғақ климаттық ауа-райында өзен, көлдік жүйелер нашар дамыған. Солтүстік аудандарындағы жазықта өзендер 100 км 2-3. 5 км ұзындықта таулы жерлерде 20-40 шаршы км дейін көбейеді.
Тау өзендері су ағысының жылдам болуы және температурасының төмендегіден спорттық туризмге ғана жайлы болып отыр. Ішкі тау өзендері Шарын, Шелек, Ақсу, Қаратал, Ертіс, Іле, Сырдария өзендері су туризмін дамытуға мүмкіндіктері зор.
Республикамыздың көлемінде ірі-ірі теңіз, көлдерді Каспий, Арал теңіздері мен Балқашты қоспағанда ірілі-уақты 48 мың көлдер бар. Алакөл, 3айсан, Балқаш көлдері мен Қапшағай, Бұқтырма, Шардара су қоймаларында туризмнің спорттық және суға түсу жаға-жайлық түрлерін дамытуға қажетті бірден-бір қолайлы жағдайы бар.
Минералды сулар гидрогеологиялық ресурстардың ішіндегі емдік қасиеті жөнінен жоғары бағаланады. Бүгінгі күндері елімізде минералды судың 500-дей көздері табылып, 120 емдік батпақтар табылған.
Қазақ халқының құс салып, құмай тазымен аң аулау түрлерін, оқу-танымдық, оқу-ағартушылық, лицензияланған спорттық-аңшылық түрлерді дамытуда, еліміздегі табиғат саябақтары, қорықтардың табиғат ескерткіштерінің сондай-ақ мемлекеттік және
Сурет 1- Баянауыл табиғи ұлттық паркі [44]
кез-келген аң аулау шаруашылықтарының шектеулі болса да, өзіндік ерекше мүмкіндіктерге ие.
Орманды дала және таулы аймақтар жануарлар әлеміне өте бай.
Мемлекеттің табиғи-қорықтық қорындағы ерекше қорғалатын аймақтардағы туристік кызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік ұйымдастырушылық негіздері Қазақстан Республикасының "Ерекше қорғалатын табиғат аймақтары" Заңында қарастырылған. Тарихи мәдени туристiк-рекреациялық ресурстар, үлкен мәнге ие. Тарихи мәдени объектілері мен комплекстер алғашында туристік қызметті ұйымдастыруға қажетті жағдайларының бірі болып есептелінеді. Туристік - рекреациялық ресурстар тарихи категория болып саналады, оның дамуы туристік қызметке жаңа тарихи-мәдени сипаттағы объектілерді тарту қажеттілігінен туындайтын рекреациялық тұтынумен рекреациялық сұранымның көлемі мен құрылымының өзгеруіне байланысты болады [3] .
Қазақстан жеріндегі көшпенділік пен отырықшылық өркениетінің геосаяси, география жоне тарихи кеңістіктеріндегі түркі тілдес халықтардың тарихи-мәдени мұралары, ескерткіш кешендерін республикамыздың туристік-рекреациялық ресурстарына жатқызуға болады.
Республикамыздың Зандарындағы терминологиялық құқықтық жайлар рекреациялық ресурстар төңірегіндегі терминдерді қолдануға мүмкіндіктер береді. Осыдан келіп тарихи-мәдени мұралардың туристік рекреациялық ресурстарына жататын объектілер мен оның түрлеріне жоғарыда аталған Занда белгіленген жайлар жатқызылады. Онда "тарихи-мәдени мұралардың объектісі" болып бүтіндей немесе келісілген бөлікте: материалдық тарихи айғақтар қосылады. Олар:
1. қозғалмайтын, оның ішінде: жекелеген, - архитектура, монументальдық өнер туындылары мен объектілері, археологиялық сипаттағы элементтер мен қүрылымдар. Көне жазулық материалдар, ғылыми және техникалық туындылар, тарихи және мемориалдық мәні бар үйлер, ғимараттар: кешенді объектілер-кала құрылысы өнер туындылары (архитектуралық ансамбльдер мен кешендер, тарихи қалалар мен елді мекендер, кала бөліктері кварталдар, көшелер, кала құрылысы құрылымының элементтері) бау-бақшалық, саябақтық өнер туындылары, тарихи зираттар, тарихи әртүрлі орындар жатады;
2. қозғалатын, оның ішінде жекелеген объектілер-археологиялық мұралар, көне заман заттары, бөлшектелініп кеткен қозғалмайтын ескерткіштердің бөліктері, антропологиялық және этнологиялық материалдар, тарихи құнды заттар, кескіндеме, графика, қолданбалы қолөнердің көркем туындылары, кино және фото өнерлері, сирек кездесетін қолжазбалық және баспалық құжаттар кинофото және видео құжаттар, дыбыстық жазбалар: кешенді объектілер, жекелеген объектілердің элементтерінің тарихи негізінде калыптасқан кешендер, қорлар мен коллекциялар, тарихи мәні бар жаратылыстану-ғылыми құндылықтар кешені, қоры мен коллекциялары: материалдық емес тарихи айғақтар: адамзаттық қауымдастағы дәстүрлі-тарихи, мәдени, діни, түрмыстық, шаруашылықтық: жергілікті сөйлеу ерекшеліктері (диалектілер) мен аз халықтардың тілі, тарихи жер атаулары болып бөлінеді.
Қазақстандық туризм жүйесінің англосаксондық туризм моделінен айырмашылығы, оның территориясы арқылы халықаралық мәні бар, туристік-рекреациялық ресурстарының тарихи-мәдени кешендері орналасқан, Ұлы Жібек жолының Қазақстандық бөлігінің немесе Солтүстік Түрік бөлігі деп аталатын жол бөлгінің өтуі жатады. Қазақстан Республикасының "Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сактау мен сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау" атты мемлекеттік Бағдарлама концепциясына сүйене отырып, тарихи-мәдени мұралардың туристік рекреациялық ресурстарын халықаралық және республикалық маңызы бар ресурстар деп екіге бөлеміз.
Халықаралық маңызы бар тарихи-мәдсни мұралардың туристік-рекреациялық ресурстарына Жібек жолы бойындағы этно-мәдени арсеналдарды, Түркістанның орталықтарындағы бірегей тарихи-мәдени объектілер мен тарихи кешендерді жатқызамыз.
Ұлы Жібек жолы мен оның тармақтарындағы орналаскан тарих, археология, этнография, архитектура, қала қүрылысы мен монументальдық өнер ескерткіштері ежелгі қазақ жеріндегі көшпенділік және отырықшылық-жер әндеушілік өркениеттің материалдық және рухани мәдениетінің тарихи-мәдени мұраларының бірегей туристік нысандары. Қазақстанның тарихында отырыкшылық-жер өндеушілік негіздеп "қалалық" өркениеттің архитектуралық- өндірістік және этномәдени ортасы тарихи мәдени мұралардың бай туристік-рекреациялық ресурстарын қалдырды. Тарихтың кейінгі кезеңін қамтитын бұл өркениет ішінара немесе толығымен сақталған, қозғалмайтын және қозғалмалы жекелеген және кешенді ескерткіштерді, сондай материалдық тарихи айғақтарды камтиды.
Тарихи ескерткіштер Қазақстан халқының өмірінде ерекше орын алатын тарихи оқиғаларды, мемлекет құру мен қоғамдық құрылысты дамытуға қатысты бұқаралық әрекеттер соғыс қимылы болған жерлерді, дипломатиялық қарым-қатынастар өткізілген орындарды, сондай-ақ ғылым, мәдениет және халықтық тұрмысын дамытуға қатынасқан тарихи тұлғалар мен халықтық батырлардың, өнер әдебиет, ғылымға еңбегі сіңген қызметкерлердің өмірін еске ала отырып, сол нысандарды сақтау және қалпына келтіру:
Археологиялық ескерткіштер-ескі қаланың орны, ішінара аталған ежелгі қосындар және соғысуға кажетті орындардың сақталған элементтері, ежелгі елді мекендердегі тарихи мәдени топтардың учаскелері, қарауылдық және қорғаныстық ғимараттардың негізінде әскери-әкімшілдік және сауда-қолөнердің таудағы ескі кен орындары мен балқыту өндірісі мен қолөнер, суландыру жүйелері, керуен жолдары: ескі молалар, тас мүсіндер, ескі заттар, теңгелер, мөрлер мен тұрмыстық әдет-ғүрыптарға қатысты жекелеген бұйымдар тобын құрайды.
Еліміздің территориясында бүгіндері мекендейтін түркі тілдес халықтардың тарихи шоғырлану жүйесінің археологиялық және архитектуралық ескерткіштері, халықаралық және ұлттық маңызға ие кайталанбас кешеннің мемлекеттік бағдарламасының көлемінде, сол мұралардың кейбір бөліктерін туристік-рекреациялық ресурс ретінде пайдалану, біздің елімізде әлемде теңдесі жоқ туризм жүйесін құруға мүмкіндік берері анық. Осыдан келіп тарихи-мәдени мұралардың туристік-рекреациялық ресурстарын көшпенді діни-этнографиялық және отырықшылық жер өңдеушілік "қала" мәдениет ескерткіштері деп екіге бөлуге болады.
Көшпенді - діни этнографиялық мәдениет археологиясының ескерткіштеріне: діни ғимараттарды мазарлар мен кесене, тасқа салынған суреттер, шеберханалар мен тау кен орындары және мұнаралар жатады.
Олардың ішіндегі ең танымалдары Аңырақай шатқалындағы қола дәуірінің мұрасы Таңбалы мен оның петроглифтерін, Көксу өзенінің бойындағы Ешкі өлместегі (б. д-Д. 3 мың жылдық пен 8 ғ. аралығында), Жетісудың батысында орналасқан Қарғалыдағы (б. д. д. 2-1 мың жылдықта) Шымкент маңындағы (Бүргүлік) петроглифтерді айтуымызға болады [4] .
Туристік мақсаттағы маңызды объектілердің негізгілеріне: Іле, Шу, Талас аңғарлары мен Отырар, Сырдария алқаптарындағы қала мәдениетінің шоғырланған жүйесін, Шу өңіріндегі бекіністі елді мекендер, Таластағы Тереңқара (б. д. д. 10-8 ғғ. ) елді мекендерін Сыр бойы және Отырар алқаптарындағы алғашқы қалалар жүйесін: Жетісу аймағының Солтүстік-Шығысындағы б. д. д. 9-8 ғасырларға жататын елді мекендерді: Алматы қаласы мен облыс көлеміндегі қалаларды: әртүрлі тарихи кезендердегі қалаларды: Құлан, Мерке, Жаркент, Түркістан, Сауран, және т. б. калаларды: ежелгі діни ғимараттар мен бүгінгі тарихи кезеңдерде салынған діни ғибадатханаларды: Тараз қаласындағы зороастризм храмдық кешендерін, Тектұрмас несториандық-буддистік зираттарды (8-12 ғғ. ) Лепсідегі несториандық елді мекендерді (б. д. 9-10ғғ. ), 10-12 ғасырлардағы мұсылмандық архитектуралық ескерткіштерді, Ақыр таш (б. д. 8-12 ғғ. ) Өрнек (б. д. 10-11 ғғ. ) мешіттерін Сүмбе қыстағының маңындағы буддистік монастырьды 19-20 ғасырлардағы христиандық шіркеулермен қоса үлттық мақтаныштарымызды Арыстанбаб, Қожа Ахмет Яссауи кесенелерін бөле жарып айтуға болады. Отырықшылық-жер өңдеушілік-"қалалық" өркениет мәдениетіне төмендегі этнографиялық ескерткіштерді жатқызуға болады: Елді мекендер, қалашық пен ескі калалардағы әскери-әкімшілік, үйлердегі шаруашылықтық әдет-ғүрыптарды және тұрмыстық, сондай-ақ қолөнерлік тәртіптерді сақтайтын сыртқы бейнесі мен ішкі құрылымын: Еңбек құралдары мен оның нәтижелерін: Киім, әшекей, қару-жарақтарды: Халықтық қолөнер, сәндік-қолданбалық және көркем шығармашылық өнер туындылары бұйымдарды: Ат әбзелдері мен теріден жасалған жабдықтарды: Музыка, әскери дабыл, би, салт дәстүр, әдет-ғүрыптарды: Ежелгі шоғырланған жүйедегі этномәдени процесстерді идеялық-мәндік негізін көрсететін өмір сүру салтын, философиясын, дінін, мәдениетін растайтын жазба және ауызша деректер Туризмнің әлеуметтік-мәдени ресурстарына шартты және әлеуметтік-мәдени сервистің барлық объектілерінің одан әдейілеп жасалынбаған, тарихи-мәдени мұра ресурстары мен кәдімгі табиғи ресурстарды қоспағандағы, туризмнің индустриясы мен инфрақұрылымының барлығын жатқызуға болады. Туризмнің әлеуметтік-мәдени ресурстарын кең көлемде қарастырғанда, оны экономикалық, қолдан жасалынған табиғат кешендерін, қайта жандандырылып, түгелдей қалпына келтіріліп қайтадан салынған тарихи-мәдени объектілер, туризм индустриясы мен инфрақұрылымын дамытудағы орны ерекше еңбек, финанстық және өндірістік ресурстары мәнінде түсінуіміз кажет. Егер де табиғи жаратылған рекреациялық ресурстар арзан болып келсе, қаржы жұмсауда сақтау мен қорғау қалпына келтіру жұмыстары үшін тарихи мәдени мұра ресурстарына белгілі-бір дәрежеде ғана қаржы жұмсалады, ал әлеуметтік-мәдени ресурстар өте күрделі көлемде капитал мен инвестицияны, еңбек етуге керекті, қаржылық және өндірістік күштерді қажет етеді. Оларсыз туризм индустриясының негізгі элементтерін: тасымалдауды, орналастыруды, тамақтандыруды және сауықтар ұйымдастыруды, сондай-ақ туризмнің инфрақұрылымын дамыту мүмкін емес. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған "Қазақстан-2030" жолдауында шешілуге тиісті басылымдықтардың қатарына жұмыссыздық пен кедейшілікке карсы күрес жаткызылған, қызмет көрсету, әсіресе туристік кызмет көрсетуге қатысты міндеттерді қарқынды түрде шешу қарастырылған. Осыған байланысты: халықаралық көлікті (сауда байланысын, сондай-ақ ТрансАзия магистралі бойынша транзиттік жүктер (және жолаушылар тасымалын) ағынын қамтамасыз ететін теміржолдың негізгі бағыттарын қайта жабдықтау модернизациялау:
халықаралық тасымалдарды қамтамасыз ететін автомобиль жолдарын дамыту, жылдам жүруге лайықталған жол бөліктерін салу мен ондағы көрсетілген сервистік қызметті халықаралық деңгейге жеткізу [5] .
Туризмнің әлеуметтік сұранымы мен мақсатына сай қонақ күтуге қатысты адамдардың қолдан жасаған объектілеріне: Жол бойы коммуникациясын қамтитын тасымалдау қүралдары: авторесурстерге сервистік қызмет көрсететін объектілері бар автомобиль жолдары: транзиттік-сервистік қызмет көрсету объектілері бар, республикалық және халықаралық маңызы бар теміржолдар мен авиалиниялар: туристерді қабылдап көрсететін транзиттік пункттері бар автовокзалдар, темір жол вокзалдары, теңіз өзен порттары, аэропорттар.
Туризмдегі орналастыру қүралдары: қонақүйлер, отельдер, мотельдер, флотелдер, пансионаттар, қонақ күтетін үйлер, жастар үйі (хостел) демалыс үйлері, кэмпингтер орналастырудың экзотикалық қүралдары: биік алпілік пана, жеңіл верандалы жайлар, киіз үйлік қосындар, доңғалақты арбалар, туризм мақсатына сай көшпенділік тұрмыс атрибуттары, тамақтану қүралдары мен оның объектілері, ресторандар, кафелер, барлар, асханалар, буфет, кәуәп жейтін орындар бұқаралық туристерді автоматтандырылған түрде тамақтандыру. Ұлттық асхана мекемелері: жаңадан салынған және қайта өңделген объектілер мен туристік-этнографиялық орталықтар: көшпенді өркениеттің діни объектілері мен арнайы жабдықталған қажылыққа баратын орындар: мерекелік салт-дәстүрлік, тұрмыстық рәсімдер драматургиясының туристік этнографиялық орталықтары: сувенирлік, ескерткіш бұйымдар жасайтын қолөнер шеберханалары: ағарту мен ойын-сауық құралдары, мәдени-думандық және музейлік объектілер, театрлар, көрме залдары, кітапханалар, филормониялар, концерттік залдар, ойын-сауықтық мекемелер, стадиондар, тотализаторлар, клубтар, казинолар, ұлттық-мәдәни орталықтар, сурет галереялары, халықаралық фестиваль, конкурс, бұқаралық мерекелер мен шерулер, ойындар, референдум, форумдар және т. б. сауықтық қызметті ұйымдастыру объектілері жатады [6] .
"Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени-мұрасын сақтау оны сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау" мемлекеттік іске асырушы азаматтар жекелеген субъектілер тарихи объектілерді көркейтіп қолдандырғанда, әлеуметтік-мәдени сервис қызметін көрсететін орындарды қайта жабдықтағанда, архитектуралық құрылыстары қызметінің құқықтық негіздерін реттейтін Қазақстан Рсспубликасы сәулет және қала құрылыстары жайындағы" Заңның төмендегідей принциптеріне сүйену қажет.
Сәулет қала құрылысы мұраларының құндылықтарын сақтау, сәулет пен қала құрылыстарында ұлттық дәстүрлерді дамыту. Туризмді дамыту мақсаттарында және әлеуметтік мәдени сервис обьектiлерiн салғанда, оның инфрақұрылымын дамытуда саулет-қала құрылысы қызметінің негізгі бағыттарын осы Заңның 2 бабына сай төмендегіше белгілеуге болады. Туризмді дамыту мақсатында жұмыс істеп тұрған аймақтар мен территорияларды жобалау, салу және қайтадан қалпына келтіру: ҚР "Тарихи мәдени мұраларды, қала қүрылысы, сәулет және монументальдық өнер ескерткіштерін ландшафтарды сактау, қалпына келтіру және қорғау: саноторилік-курорттық және басқа рекреациялық территорияларды жоспарлы түрде үйымдастыру.
Ғимараттар, сәулеттік ансамбльдер, саябақтар қозғалмайтын тарихи-мәдени ескерткіштер коммуникациясының инженерлік жабдықтары, көркейту мен көгалдандыру сәулет қала құрылыстарының объектісі болып саналады.
Қазақстан Республикасының туризм жүйесін дамытудың ұзақ мерзімдік жобасын іске асыру табиғи рекреациялық ресурстарды, тарихи-мәдени мұра ресурстарын пайдалануда, туристік орталықтарды орналастыруда, республикалық, халықаралық және жергілікті маршруттардың бойынан әлеуметтік-мәдени объектілер салуда, туристік кызметті ұйымдастырушылық құқыктық жағынан қамтамасыз етудің зандық базасын жасауда, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың өзара әрекетін басқаруға катысты жан-жақты ойластырылған шешімдерді қажет етеді. Туризм инфрақұрылымын қалыптастыру Қазақстанның географиялық орны мен соңғы жылдардағы мемлекет тарапынан қабылдаған әрүрлі қаулы қарарлармен шектеліп қана қоймай, жергілікті әкімшіліктер тарапынан қабылданған бағдарламаларға сұйенеміз. Тек қана Ұлы Жібек Жолы трассасы бойынша Пекин қаласынан Тегеранға дейінгі аралықтағы темір жол қатынансын жолға қоя отырып, жол бойындағы туристік экскурсиялық нысандарды да пайдаланамыз. Бұл жоба Ресей және Қытай мемлекеттерімен бірлескен Қазақстанның қатысуымен өтетін халықаралық туристік жоба болып табылады [7] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz