Ақша қозғалысы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

I. Ақша қозғалысы туралы есептілікті құрудын теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Ақша құралдары және оның баламалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Ақша қозғалысы туралы есеп берудің мазмұны мен құрылу тәртібі

II. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Есеп беруді тікелей әдіспен құрастыру және өткізудің тәртібі ... ..
2.2 Есеп беруді жанама әдіспен құрастыру тәртібі және дайындап өткізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

III. «КазФосфат» кәсіпорынның ақша қаражаттарының есебі ... ..
3.1 «КазФосфат» кәсіпорынның ұйымдық . экономикалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Ақша қозғалысы туралы есеп беруді құрудың ақпараттық көзі

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Экономиканың нарықтық жолмен даму барысында кәсіпорын қызметiнiң қаржылық мәселелерi күшейе түсуде. Осыған сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар басшылығының ерекше көңiлi бухгалтерлiк есептiң ұйымдастырылуына мән берiлiп отыр. Әсiресе, елiмiзде халықаралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлiк есеп стандартының енгiзiлуi ел экономикасының дамуына оң әсерiн тигiзуде. Бұл елiмiздiң қазiргi даму кезеңiнде, оның шетел инвесторларымен қарым-қатынастарының нығаю кезеңiнде маңызды болып саналады.
Бүгiнгi таңдағы ауқымды өзгерiстер кезеңi қоғам өмiрiнiң барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себептi қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық-әлеуметтiк және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономикамызда нарықтық қатынастарға бет бұрды.Осы негiзде әлеуметтiк, күрделi мәселелердi шешу – бүгiнгi күннiң басты талаптарының бiрi болып саналады.Әсiресе, соңғы жылдары экономика iлiмiнде түбiрлi өзгерiстер орын алуда. Мұның өзi қоғамдық және өндiрiстiк қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тiкелей байланысты.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның басқарушы тұлғалары өз қызметін дұрыс жоспарлау мен басқару үшін кәсіпорынның және нарықты зерттеу мақсатымен басқа да кәсіпорындардың қаржылық жағдайы туралы ақпаратқа ие болуы маңызды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының нарықтық қатынасқа өтуі барысында нарықтық қатынас заңдарына сәйкес өнiмдi кәсіпорын табысын анықтау өте маңызды орын алады. Осындай негізделген басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін аса ақпараттандырылған нысан болып ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептілік болып табылады.
Кез-келген нысандағы ұйымдарды құру үшін ең қажетті актив – ақша қаражаты болып табылады. Ақша қаражаты шаруашылық қаржысы болып қана қоймай, сонымен қатар ең өтімді есеп айырысу құралы болып табылғандықтан ақша қаражаттарының қозғалысы туралы жеке есеп беріледі. Осы ақша қаражаттарымен жүргізілетін операцияларда заңды бұзу жағдайлары көптеп кездеседі.
Ал 7ХҚЕС (IAS) «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы» халықаралық қаржы есептілігі стандарттары бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының талаптарына сай жасалуы және есепті кезеңге қаржылық есептіліктің құрамында ұсынылуы тиіс деп көрсетілген. Ақша қозғалысы туралы есепті жасау қажеттілігі мен негізгі мақсаты қаржылық есептілікті пайдаланушыларға ұйымның ақша мен олардың эквиваленттерін және ұйым қажеттіліктерін бұл ақша ағымдарын қолдану мүмкіндіктерін бағалауға мүмкіндік беру, сондай-ақ ұйымның қаржылық жағдайындағы өзгерістері және есепті кезеңдегі ақша түсімдері мен кетуі туралы ақпарат беру болып табылады.
1.Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері, Экономика, Алматы , 2006 жыл
2. Алибекова Б.А. «Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына негізделген бухгалтерлік есеп принциптері» Оқу құралы Астана Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті 2006 ж
3. Нурсеитов Э.О. Бухгалтерский учет в организациях. – Алматы: Издательство «LEM», 2009-444с.
4.Халықаралық қаржылық есеп стандарттары- www.Минфин.kz
5. Қаржы есептiлiгiн әзiрлеу және ұсыну тұжырымдамасы – www.Минфин.kz
6. Нүрсейітов Е.О. Үйымдардағы бухгалтерелік есеп/Оқулық құралы. –Алматы, «Издательство ЛЕМ»ЖШС,2009
7.Тулешова Г.К. «Учет и отчетность по международным стандартам». Алматы, 2005 г.
8. Сейдахметова Ф.С. Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп: Оқу құралы. Алматы: LEM, 2007.-336б.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

I. Ақша қозғалысы туралы есептілікті құрудын теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Ақша құралдары және оның баламалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
1.2 Ақша қозғалысы туралы есеп берудің мазмұны мен құрылу тәртібі

II. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Есеп беруді тікелей әдіспен құрастыру және өткізудің тәртібі ... ..
2.2 Есеп беруді жанама әдіспен құрастыру тәртібі және дайындап өткізу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

III. КазФосфат кәсіпорынның ақша қаражаттарының есебі ... ..
3.1 КазФосфат кәсіпорынның ұйымдық - экономикалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.2 Ақша қозғалысы туралы есеп беруді құрудың ақпараттық көзі

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Экономиканың нарықтық жолмен даму барысында кәсіпорын қызметiнiң қаржылық мәселелерi күшейе түсуде. Осыған сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар басшылығының ерекше көңiлi бухгалтерлiк есептiң ұйымдастырылуына мән берiлiп отыр. Әсiресе, елiмiзде халықаралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлiк есеп стандартының енгiзiлуi ел экономикасының дамуына оң әсерiн тигiзуде. Бұл елiмiздiң қазiргi даму кезеңiнде, оның шетел инвесторларымен қарым-қатынастарының нығаю кезеңiнде маңызды болып саналады.
Бүгiнгi таңдағы ауқымды өзгерiстер кезеңi қоғам өмiрiнiң барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себептi қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық-әлеуметтiк және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономикамызда нарықтық қатынастарға бет бұрды.Осы негiзде әлеуметтiк, күрделi мәселелердi шешу - бүгiнгi күннiң басты талаптарының бiрi болып саналады.Әсiресе, соңғы жылдары экономика iлiмiнде түбiрлi өзгерiстер орын алуда. Мұның өзi қоғамдық және өндiрiстiк қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тiкелей байланысты.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның басқарушы тұлғалары өз қызметін дұрыс жоспарлау мен басқару үшін кәсіпорынның және нарықты зерттеу мақсатымен басқа да кәсіпорындардың қаржылық жағдайы туралы ақпаратқа ие болуы маңызды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының нарықтық қатынасқа өтуі барысында нарықтық қатынас заңдарына сәйкес өнiмдi кәсіпорын табысын анықтау өте маңызды орын алады. Осындай негізделген басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін аса ақпараттандырылған нысан болып ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептілік болып табылады.
Кез-келген нысандағы ұйымдарды құру үшін ең қажетті актив - ақша қаражаты болып табылады. Ақша қаражаты шаруашылық қаржысы болып қана қоймай, сонымен қатар ең өтімді есеп айырысу құралы болып табылғандықтан ақша қаражаттарының қозғалысы туралы жеке есеп беріледі. Осы ақша қаражаттарымен жүргізілетін операцияларда заңды бұзу жағдайлары көптеп кездеседі.
Ал 7ХҚЕС (IAS) Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы халықаралық қаржы есептілігі стандарттары бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының талаптарына сай жасалуы және есепті кезеңге қаржылық есептіліктің құрамында ұсынылуы тиіс деп көрсетілген. Ақша қозғалысы туралы есепті жасау қажеттілігі мен негізгі мақсаты қаржылық есептілікті пайдаланушыларға ұйымның ақша мен олардың эквиваленттерін және ұйым қажеттіліктерін бұл ақша ағымдарын қолдану мүмкіндіктерін бағалауға мүмкіндік беру, сондай-ақ ұйымның қаржылық жағдайындағы өзгерістері және есепті кезеңдегі ақша түсімдері мен кетуі туралы ақпарат беру болып табылады.
Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындығы және оларды жабу кездеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Ақша қаражатының козғалысы туралы есеп беру ХҚЕС №7 талаптары бойынша жасалады. Ұйымның ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат қаржы есептілігін жаттарына қажеттілікті бағалау үшін негіз болатындығымен пайдалы. Пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер ақша қаражаттары мен олардың баламаларын жасау қабілетін, сондай-ақ оларды уақытқа қарай бөлу мен оларды жасау айқындылығын қажет етеді. Бұл стандарттың мақсаты ұйымның өткен кезең ішіндегі ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру арқылы ақша қаражаттары мен ақша баламаларындағы тарихи өзгерістер туралы ақпарат беруін талап етуде болып табылады, онда кезең ішінде операциялық, инвестициялық жəне қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерін жіктеу жүргізіледі.
Жалпы мен жасаған курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде ақша құралдары және оның баламалары, ақша қозғалысы туралы есеп берудің мазмұны мен құрылу тәртібі туралы түсіндіріледі. Екінші бөлім ақша қаражатының қозғалысының есебі туралы . Бұл бөлімде есеп беруді тікелей және жанама әдіспен құрастыру және өткізудің тәртібі көрсетіледі. Үшінші бөлімде КазФосфат ЖШС-тің ақша қаражаттарының есебі, осы кәсіпорынның ұйымдық - экономикалық сипаттамасын және ақша қозғалысы туралы есеп беруді көрсетемін. Маған берілген курстық жұмысымның тақырыбымды толық ашуға тырысамын.

I. Ақша қозғалысы туралы есептілікті құрудын теориялық негіздері
1.1Ақша құралдары және оның баламалары

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте негізгі немесе операциондық , инвестициялык, және қаржы жөніндегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған ақшалай қаражат ағыны туралы барлық деректері, сондай-ақ қаржы қызметінде пайдаланылатын таза ақшалай қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылдың басындағы және аяғындағы ақшалай қаражат пен оның эквиваленттері көрсетіледі. №7 халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес субъекттер жасаған "Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп" заңды тұлғаның қаржылық жағдайыңдағы өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді, бұл оларды есепті кезең ішіндегі операциондық және инвестициялық қызметтердің оның ішінде: ұзақ мерзімді алашақтарды сатып алу мен сату және қаржылық қызметі, жеке капиталы мен заем қаражаттарының мөлшері және құрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын заңды тұлғаның қызметі, тұрғыдан алғанда қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы хабарламамен қамтамасыз етеді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп субъекттің есепті жылдың ішіндегі қаржылық есебінің құрамында беріледі.
Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептілікті құру кезінде ХҚЕС-тың 7 "Ақша қаражаттар қозғалысы туралы" есеп беру стандартын басшылыққа алу қажет. Берілген стандартқа сәйкес ақша қаражаттар құрамына кассадағы және банктің ағымдағы шотындағы ақша қаражаттары және қалдықтары кіреді. Ақша қаражаттар есебі түзетуді талап етпесе де, ХҚЕС көшу барысында баланстың барлық баптарына талдау жасауды қажет етеді. ХҚЕС 7 Ақша қозғалысы туралы есептілік стандартына сәйкес есептілікте ақша қаражаттарының түсімі және төленуі, сонымен қатар ақша эквиваленттері туралы мәліметтер қарастырылуы тиіс. Ақша қаражаттар құрамына іс-сапар шығындарына аванстар, жұмысшылар мен қызметкерлердің дебиторлық қарыздары және ақшалай аванстар кірмейді.
Ақша қозғалысы туралы есептілік халықаралық стандарттарға сәйкес қаржылық есептіліктің негізгі компоненттерінің бірі болып табылады. Көп жағдайларда ұйымға ақшаның қайдан келіп түскені және қайда жұмсалғаны туралы мәліметтер қызықтырады.
Ақша - кез - келген бизнестің негізі. Сондықтан ақша ағынының негізін және қайда жұмсалғанын білу өте маңызды. Сонымен қатар ақша қозғалысы турлы есептіліктің негізгі бағыты ретінде есептілік кезеңінде жүзеге асырылған ұйымның ақшалай түсімі және төлемдері туралы ақпараттарды қарастыруға болады. Ақша қаражаттары мен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету және оларды жіктеу кәсіпорынның өтімділік және төлем қабілеттілік деңгейін дәл бағалау үшін қажет. Өтімділік туралы ақпарат кәсiпорынның өз қаржы мiндеттемелерiн мерзiмiнде орындау қабiлетiн болжау үшiн пайдалы. Өтімділіктің таяудағы болашақта ақшаның бар болуына қатысы бар. Сонымен қатар, төлем қабiлеттiлiгiнiң қаржы мiндеттемелерiн олардың мерзiмдерiнiң басталуына қарай дер кезiнде орындау үшiн неғұрлым ұзақ уақыт кезеңi iшiнде ақшалай қаражаттардың бар болуына қатысы бар.
Қаржы нарығының күрделенуіне байланысты ақша қаражаттарын басқарудың маңыздылығы арта түсуде. Қатаң бәсекелестік жағдайында өндірістік жаңалықтарды енгізу және шаруашылық процестерін ары қарай дамыту үшін кәсіпорындардың ақша қаражатттары болуы тиіс. Себебі, ақша қаражаттары мен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету және оларды жіктеу кәсіпорынның өтімділік деңгейін дәл бағалау үшін қажет. Бухгалтерлік есептің №7 Ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп беру деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес ақшалай қаражаттарына компанияның кассасындағы және ағымдағы шотындағы ақша кіреді. Ал ақша қаражаттарының баламаларына - алдын ала белгілі ақша қаражаттары сомасына тез айналатын және олардың құны шамалы тәуекелге ұшырайтын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар жатады.
Оларға қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады. Түрлі ұсталымдар мен айыппұлдар ұйымның ақшалары қатарына жатқызылмайды. Сондықтан да оларды кассадағы ақшалар шотында есептемейді.
Қазыналық вексельдер - үкіметтің айналымға шыққан кезінен бастағанда кемінде бір жылдан соң өтелетін мерзімі бар пайызсыз міндеттемелері. Олар жеңілдікпен сатылады және мерзімінде өтеледі.
Коммерциялық қағаздар - қысқа мерзімді вексельдер, қысқа мерзімді ақшалай қажеттіліктерді қаржыландыру құралы ретінде корпорациялар шығарады.
Депозиттік сертификаттар немесе банктік депозиттер - тез талап етуге болмайтын депозиттер өтеледі. Қосымша ақшалай қаражат тарту үшін кәсіпорын қарыздарға сүйенеді. Кейбір елдерде олар кәсіпорынның ақшалай қаражатын басқарудың ажырамас бөлігін құрайды. Мұндай жағдайларда олар ақшалай қаражат пен оның баламаларының құралы ретінде кіреді.

1.2 Ақша қозғалысы туралы есеп берудің мазмұны мен құрылу тәртібі

Ақша қаражаттары кәсіпорынның қызмет түрлеріне байланысты топталады. Кәсіпорынның барлық шаруашылық қызметтері үш топқа бөлінеді:операциялық, инвестициялық қызмет немесе қаржы қызметі бойынша жіктей отырып ұсынылуы тиіс.
Ұйым операциялық, инвестициялық қызмет немесе қаржы қызметінен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді өзінің қызметінің сипатына неғұрлым сəйкес келетіндей береді. Қызмет түрлері бойынша жіктеу пайдаланушыларға осы қызметтің ұйымның қаржы жағдайына əсер етуін, оның ақша қаражаттары мен ақша қаражаттарының баламаларының сомасын бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты қамтамасыз етеді. Бұл ақпарат сонымен бірге қызмет түрлері арасындағы өзара байланысты бағалау үшін де пайдаланылады.
Бір операцияға əртүрлі жіктелген ақша қаражаттарының қозғалысы кіруі мүмкін. Мысалы, несие бойынша ақша қаражаттарын өтеудің құрамына пайыздарға қоса борыштың негізгі сомасы кіретін жағдайда пайыздарды құрайтын бөлігі операциялық қызмет ретінде жіктелуі, ал негізгі соманы құрайтын бөлігі қаржы қызметі ретінде жіктелуі мүмкін.
Сызба 1 Ақша қозғалысының қызметтердің түрлері

Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының түсімдерінің жəне төлемдерінің мөлшері ұйым операциялары несиелерді өтеу, операциялық мүмкіндіктерді сақтау, дивидендттер төлеу жəне қаржыландырудың сыртқы көздеріне жүгінбестен жаңа инвестицияларды жүзеге асыруға жеткілікті болатын ақша қаражаттарының түсімін қамтамасыз ететін дəрежедегі басты индикатор болып табылады. Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының бастапқы операциялық түсімдер мен төлемдерінің негізгі құрамдас бөлігі туралы ақпарат басқа ақпаратпен үйлесе отырып операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының болашақ қозғалысын болжау үшін пайдалы болады.
Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы ұйымның кіріс келтіретін негізгі қызметіне тікелей байланысты. Сөйтіп, əдеттегідей, олар таза пайданы жəне шығынды айқындауға кіретін операциялар мен басқа да оқиғалардың нəтижесі болып табылады. Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттары қозғалысының мысалдары мыналар болып табылады:
(a) тауарларды сатудан жəне қызмет көрсетуден түскен ақшалай түcімдер;
(b) роялти түріндегі түсімдер, қаламақылар, комиссиялық сыйақылар жəне табыстың басқа да түрі;
(с) тауарлар мен қызмет көрсету үшін жеткізушілерге берілетін ақшалай төлемдер;
(d) қызметшілерге жəне олардың атынан басқа тұлғаларға ақшалай төлемдер;
(e) сақтандыру ұйымының сақтандыру сыйлықтары мен талап арыздары, жылдық жарналар жəне басқа да сақтандыру сыйақылары ретіндегі ақшалай түсімдері мен төлемдері;
(f) егер бұлар тек қаржы немесе инвестициялық қызметтермен байланыстырылмайтын болса, ақшалай төлемдер немесе пайдаға салынатын салық төлемі немесе пайдаға салынатын салық үшін өтемақы; жəне
(g) коммерциялық немесе сауда мақсатында жасалатын келісімшарттар бойынша ақшалай түсімдер мен төлемдер.
Бір өндірістік нысанды сату сияқты кейбір операциялар танылған пайда немесе залалға қосылған пайданың немесе залалдың туындауына əкеп соқтыруы мүмкін. Мұндай ақша қаражаттарының қозғалысымен байланысты операциялар инвестициялық операциялардағы ақша қаражаттарының қозғалысынан болады. Алайда, 16 Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар ХҚЕС-тың 68А тармағына сəйкес басқаларға жалға беруге жəне əрі қарай сатуға арналған активтерді өндіру немесе сатып алу үшін ақша төлемдері операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы болып табылады. Жалға беруден жəне осындай активтердің одан кейінгі сатылулары да ақша қаражаттарының қозғалысы болып табылады.
Ұйымның коммерциялық немесе сауда мақсатында бағалы қағаздары мен қарыздары болуы мүмкін, бұл жағдайда олар арнайы қайта сату үшін сатып алынған босалқы ретінде қарастырылуы мүмкін. Сөйтіп, коммерциялық немесе сауда бағалы қағаздарын сатып алуға жəне сатуға байланысты туындайтын ақша қаражаттарының қозғалысы операциялық қызмет ретінде жіктеледі. Осыған ұқсас, қаржы ұйымдары беретін ақша аванстары мен қарыздары да əдетте операциялық қызмет ретінде жіктеледі, өйткені олар қаржы ұйымының кіріс келтіретін негізгі қызметіне жатады.
Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты жеке ашудың зор маңызы бар, өйткені ол болашақ кіріс пен ақша қаражаттарын молайтуға арналған ресурстарды қалыптастыру мақсатына арналған шығыстарды айғақтайды. Танылған активке ықпал ететін шығындар ғана қаржылық жағдай есебінде инвестициялық қызмет ретінде жіктеле алады. Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының мысалдары мыналар болып табылады:
(a) жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар, материалдық емес жəне басқа да ұзақ мерзімді активтер сатып алуға арналған ақшалай төлемдер. Оларға капиталдандырылған əзірлеу шығындарына жəне меншікті өндірістің негізгі құрал-жабдықтарына байланысты төлемдер жатады;
(b) жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар, материалдық емес жəне басқа да ұзақ мерзімді активтер сатудан алынған ақшалай түсімдер;
(с) басқа ұйымдардың үлестік немесе борыш құралдарын жəне бірлескен қызметке қатысу үлестерін сатып алуға арналған ақшалай төлемдер, ақша қаражаттарының баламалары ретінде қарастырылатын осы құралдар үшін жəне коммерциялық немесе сауда мақсатына арналған төлемдерден басқалары;
(d) басқа ұйымдардың үлестік немесе борыш құралдарын жəне бірлескен қызметке қатысу үлестерін сатудан алған ақшалай түсімдер, ақша қаражаттарының баламалары ретінде қарастырылатын осы құралдар үшін жəне коммерциялық немесе сауда мақсатына арналған ақшалай түсімдерден басқалары;
(e) басқа тараптарға берілген аванстық ақшалай төлемдер мен қарыздар;
(f) басқа тараптарға берілген аванстар мен кредиттер қайтарылымынан алынған ақшалай түсімдер;
(g) фьючерстік келісімшарт, форвардтық келісімшарт, опциондар мен своп келісімшарттар бойынша болған ақша төлемдері келісімшарт коммерциялық немесе сауда мақсаттарында жасалған немесе түсімдер қаржы қызметі ретінде топтастырылатын жағдайынан басқа; Келісімшарт белгілі бір позицияны хедждеу ретінде ескерілген кезде, ол бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы хеджделетін позиция бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы сияқты бағаланады.
Қаржы қызметінен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты жеке ашудың зор маңызы бар, өйткені бұл ақпарат ұйымға капитал беретін инвесторлардың ақша қаражаттарының болашақ түсімдеріне қатысты талаптарын болжау үшін қажетті. Қаржы қызметінен түсетін ақша қаражаттары ағындарының мысалдары мыналар болып табылады:
(a) акциялар эмиссиясынан немесе басқа да үлестік құралдардан түскен ақша түсімдері;
(b) ұйымның акцияларын сатып алу немесе өтеу үшін акция иеленушілеріне ақшалай төлемдер;
(с) қамтамасыз етілмеген облигациялардан, қарыздардан, вексельдерден, қамтамасыз етілген облигациялардан, кепілдік жəне басқа да қысқа мерзімді жəне ұзақ мерзімді кредиттерден ақшалай түсімдер;
(d) кредиттік сомаларды ақшалай өтеу; жəне
(e) қаржылық жалдау бойынша берешекті азайту үшін жалға алушының ақшалай төлемдері

II. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
2.1 Есеп беруді тікелей әдіспен құрастыру және өткізудің тәртібі

Серіктестіктің ақша қаражаттарының жылжуы туралы есептіліктен ақша қаражаттарының түсуі тауарларды сатумен және сатып алушылардың аванстық төлемдерімен байланысты болып келеді.Серіктестіктің ағымдағы жұмысында алынған несиелер бойынша пайыздар төленіп отырады. Ақша қаражаттарының жылжуы инвестициялық қызметінің шегінде жер учаскелеріне, ғимараттарға, құрал-жабдықтарға, материалды емес активтерге, оларды сатумен, басқа кәсіпорындарға ұзақ мерзімді қаржылық салымдарды жүзеге асырумен байланысты.Кез келген бизнес аздаған ақшалай қаражаттар көлемінен басталады. Олар өз кезегінде өндірістік босалқыларға айналады. Одан кейін айналым капиталы өндірістік нысаннан тауарлы нысанға, ал өткізу сатысында ақшалай нысанға өзгереді. Айналым капиталының айналымы негізгі шаурашылық операцияларымен тікелей бйаланысты:
-сатып алулар шикізаттардың, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер
Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы түсінік
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік
7 IAS халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
Ақша қаражаттарының шығуы
Ақша қаражаттары және олардың баламалары
Ақша қаражатының есебі туралы
Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептілік: құру тәсілдері және мазмұны
Кәсіпорындағы ақша қаражатының қозғалысы
Ақшаның пайда болуы және мәні жайлы
Пәндер