Қара ала тұқымдас сиырлардың өнімділігіне экологиялық факторлар
кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 Әдебиеттерге шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Ірі қара малдың қоршаған ортаның абиотикалық факторларына реакциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Ауа, климат, микроклиматтың мал организміне тигізетін әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Ірі қара малды экологиялық таза сумен қамтамасыз етудің маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.4 Мал азығын экологиялық тұрғыдан бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Ғылыми.зерттеу жұмыстарының әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Жайылым шөбінің өөнімділігі мен химиялық құрамының климаттық факторларға қарай өзгеруі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Қара ала тұқымдас сиырлардың сүт өнімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3.1 Сүт өнімділігіне және оның химиялық құрамына әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3.2 Қара ала тұқымдас сиырлардың сүт өнімділігіне азықтандыру факторларының тигізетін әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3.3 Ірі қараның ет өнімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3.4 Қара ала сиырлардың өсіп.жетілу көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... .
2.3.5 Қара ала тұқымдас сиырлардың төлдегіштік қасиеттері мен клиникалық көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3.6 Қара ала тұқымдас малдардың интерьерлік ерекшеліктері ... ... ... .
2.3.7 Сиыр желінінің морфологиялық және физиологиялық қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3 бұзауларды бағыттап өсіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4 Сиырларды мөлшерлеп азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... .
5 ірі қараны өсірудің экономикалық тиімділігі ... ... ...
қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Халқымызды азық-түлікпен (ет, сүт, сүт тағамдарымен) қамтамасыз етуде ірі қара мал шаруашылығының маңызы өте зор. Өйткені сүт өнімінің 99 пайызы, еттің 40-45 пайызы ірі қарадан өндіреді. Сонымен қатар ірі қара мал терісі жеңіл өнеркәсіп шаруашылығында бағалы шикізат ретінде, көңі органикалық отын және тыңайтқыш ретінде кеңінен пайдаланылады.
Кейінгі жылдарда ірі қара мал шаруашылығының даму жолдары қайта айқындалып, сауын сиырларының сүтін 700-800 кг-ға дейін көтеру көзделініп отырса, етті 30-40 пайызға көбейту межеленуде.
Соңғы кездері шет елдерден асыл тұқымды сүтті, етті ірі қараларды әкеліп жергілікті малдың өнімділігін жоғарылатуға айрықша көңіл бөлінуде. Мысалы, АҚШ-тан, Австралиядан әкелінген голштин-фриз, герефорд ірі қараларды жергілікті малмен будандастырып, өнімділігі жоғары табындар қалыптастырылуда. Осының нәтижесінде асыл тұқымды мал зауыттарында сауын сиырлардан 8-10 мың кг-ға дейін сүт алуды жоспарлап, бордақыланатын малдардың тәуліктік салмағын 1000-1500 грамға жеткізу межеленіп отыр.
Қазақстан Республикасының шаруашылықтарында 20дай сүтті, сүтті-етті және 8-етті ірі қараның асыл тұқымды малдары өсірілуде. Айта кету керек, бұл асыл тұқымды ірі қараларының кқпшілігі жаңа өнеркәсіпті технологияға бейімді емес. Сондықтан сүт және ет өнімдерінің сапасы жоғарғы дәрежеде емес, қйткені малды күтіп-бағу технологиясы судың және мал азығының сапасы экологиялық талаптарға сай келмейді.
Интенсивті мал азығын дайындау технологиясы әртүрлі пестицидтерді, минералды тыңайтқыштарды қажет еткендіктен жем-шөптің ластаушы көздері артып, экологиялық таза өнім алуға шектеу қойылып отып.
Тақырыптың маңыздылығы. Өнеркәсіпті оңтүстік өңірінде экологиялық ахуалдың нашарлауы, адамдардың түрлі ауруларға шадығу деңгейінің өсуі жергілікті тұрғындарды экологиялық таза азық-түлікпен, оның ішінде ет және сүт өнімдерімен қамтамасыз етуді аса қажет етеді. Сонымен қатар ірі қараны күтіп-бағу технологиясы экологиялық талатарға сай келмейді.
Оңтүстік өңірде өсірілетін 300 мыңнан аса мүйізді ірі қараның басым бөлігін өнімділігі төмен жергілікті сиырлар құрайтындықтан әсіресе сүт өнімдеріне деген сұранысты қанағаттандыру мүмкіндігі шектеліп отыр. Сондықтан да Оңтүстік Қазақстанның ерекше табиғи-климаттық жағдайында сүт және ет өндіру көлемін арттыру негізінен ірі қараның өнімділігін көтеру арқылы жүргізілуі тиіс.

1. Акимова Т.А., Хаскин В.В., Экология. –М., 1998.
2. Богдановский Г.А. Химическая экология. –М., 1994.
3. Бегімбеков Қ.Н., Төреханов А.Ә., Байжұманов Ә.Б. Мал өсіру және селекция. – Алматы, 2006. – 598 б.
4. Бекмухамбетов Э.А., Рисимбетов Т.К. Кормовые ресурсы Казахстана. – Шымкент, 2010. -379 с.
5. Волков Г.К., Репин В.Ш. Зоогигиенические нормативы для животноводческих объектов. –М., 1986.
6. Евстропов Н.А. Экологическая оценка качества молочной продукции и технологических процессов //Методические рекомендации. –М., 2001. -26с.
7. Испенков А.Е., Санего И.П. Зоогигиенический и санитарный режим на фермах и комплексах. –Минск, 1984.
8. Кондратьева М.И. и др. Микроклимат на животноводческих фермах и комплексах. –Алматы, 1983.
9. Кузнецов А. Гигиена кормления сельскохозяйственных животных. –М., 1991.
10. Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология. –Ростов на Дону, 2009. -601 с.
11. Каримов Ж.К. және басқ. Ірі қара шаруашылығы сүт және ет өндіру технологиясы. –Алматы, 2005. -274 б.
12. Кусаинов К.К. и др. Справочная книга кормовых растений лугов и пастбищ Казахстана. –Алма-Ата, 1982. -212с.
13. Мырзабеков Ш., Ибрагимов П. Ветеринариялық гигиена. –Алматы, 2005. -431б.
14. Нормы и рационы кормления сельскохозяйственных животных (под ред. А.П. Калашникова, Н.И. Клейменова). –М., 1986. -352 с.
15. Оспанова Г.С., Бозшагаева Г.Т. Экология. –Алматы, 2002.
16. Омаркожаев Н. Малды азықтандыру.
17. Одум Ю. Основы экологии. –М., 1987.
18. Рисимбетов Т.К. Зоогигиенические показатели водных источников в каракулеводческих совхозов Юга Казахстана //Сб.науч.трудов КазНИИЖиК. –Алма-Ата, 1974. –Т.2.
19. Рисимбетов Т.К., Реактивность каракульских овец на питьевую воду с разной минерализацией //Совершенствования технологии производства каракуля и улучшения его качества //Сб.науч.трудов КазНИИЖиК. –Т.13. – Алма-Ата, 1975.
20. Рисимбетов Т.К. Оценка пустынных пастбищ по качеству водоисточников //Материалы научно-практ. конференции. Проблемы научного обеспечения сельского хозяйства Республики Казахстан, Сибира и Монголии. –Алматы, 2001. –С.234-235.

кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1
Әдебиеттерге шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1
Ірі қара малдың қоршаған ортаның абиотикалық факторларына реакциясы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2
Ауа, климат, микроклиматтың мал организміне тигізетін әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3
Ірі қара малды экологиялық таза сумен қамтамасыз етудің маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.4
Мал азығын экологиялық тұрғыдан бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2
Жайылым шөбінің өөнімділігі мен химиялық құрамының климаттық факторларға қарай өзгеруі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3
Қара ала тұқымдас сиырлардың сүт өнімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ...
2.3.1
Сүт өнімділігіне және оның химиялық құрамына әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3.2
Қара ала тұқымдас сиырлардың сүт өнімділігіне азықтандыру факторларының тигізетін әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
2.3.3
Ірі қараның ет өнімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3.4
Қара ала сиырлардың өсіп-жетілу көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ...
2.3.5
Қара ала тұқымдас сиырлардың төлдегіштік қасиеттері мен клиникалық көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3.6
Қара ала тұқымдас малдардың интерьерлік ерекшеліктері ... ... ... .
2.3.7
Сиыр желінінің морфологиялық және физиологиялық қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
бұзауларды бағыттап өсіру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
4
Сиырларды мөлшерлеп азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... .
5
ірі қараны өсірудің экономикалық тиімділігі ... ... ...
қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ...
Кіріспе
Халқымызды азық-түлікпен (ет, сүт, сүт тағамдарымен) қамтамасыз етуде ірі қара мал шаруашылығының маңызы өте зор. Өйткені сүт өнімінің 99 пайызы, еттің 40-45 пайызы ірі қарадан өндіреді. Сонымен қатар ірі қара мал терісі жеңіл өнеркәсіп шаруашылығында бағалы шикізат ретінде, көңі органикалық отын және тыңайтқыш ретінде кеңінен пайдаланылады.
Кейінгі жылдарда ірі қара мал шаруашылығының даму жолдары қайта айқындалып, сауын сиырларының сүтін 700-800 кг-ға дейін көтеру көзделініп отырса, етті 30-40 пайызға көбейту межеленуде.
Соңғы кездері шет елдерден асыл тұқымды сүтті, етті ірі қараларды әкеліп жергілікті малдың өнімділігін жоғарылатуға айрықша көңіл бөлінуде. Мысалы, АҚШ-тан, Австралиядан әкелінген голштин-фриз, герефорд ірі қараларды жергілікті малмен будандастырып, өнімділігі жоғары табындар қалыптастырылуда. Осының нәтижесінде асыл тұқымды мал зауыттарында сауын сиырлардан 8-10 мың кг-ға дейін сүт алуды жоспарлап, бордақыланатын малдардың тәуліктік салмағын 1000-1500 грамға жеткізу межеленіп отыр.
Қазақстан Республикасының шаруашылықтарында 20дай сүтті, сүтті-етті және 8-етті ірі қараның асыл тұқымды малдары өсірілуде. Айта кету керек, бұл асыл тұқымды ірі қараларының кқпшілігі жаңа өнеркәсіпті технологияға бейімді емес. Сондықтан сүт және ет өнімдерінің сапасы жоғарғы дәрежеде емес, қйткені малды күтіп-бағу технологиясы судың және мал азығының сапасы экологиялық талаптарға сай келмейді.
Интенсивті мал азығын дайындау технологиясы әртүрлі пестицидтерді, минералды тыңайтқыштарды қажет еткендіктен жем-шөптің ластаушы көздері артып, экологиялық таза өнім алуға шектеу қойылып отып.
Тақырыптың маңыздылығы. Өнеркәсіпті оңтүстік өңірінде экологиялық ахуалдың нашарлауы, адамдардың түрлі ауруларға шадығу деңгейінің өсуі жергілікті тұрғындарды экологиялық таза азық-түлікпен, оның ішінде ет және сүт өнімдерімен қамтамасыз етуді аса қажет етеді. Сонымен қатар ірі қараны күтіп-бағу технологиясы экологиялық талатарға сай келмейді.
Оңтүстік өңірде өсірілетін 300 мыңнан аса мүйізді ірі қараның басым бөлігін өнімділігі төмен жергілікті сиырлар құрайтындықтан әсіресе сүт өнімдеріне деген сұранысты қанағаттандыру мүмкіндігі шектеліп отыр. Сондықтан да Оңтүстік Қазақстанның ерекше табиғи-климаттық жағдайында сүт және ет өндіру көлемін арттыру негізінен ірі қараның өнімділігін көтеру арқылы жүргізілуі тиіс.
Сондықтан мал өнімдерін өндіруді молайтудың тиімді жолдарының бірі - жоғары өнімді генотиптерді, зауыттық мал тұқымдарын жерсіндіру болып табылады. Облыста аудандастырылған әулиеата сиырларымен қатар соңғы жылдары қара ала, алатау сиырлары да көптеп өсіріле бастады. Дегенмен оңтүстік өңірінде өсірілетін негізгі екі зауыттық тұқым - әулиеата мен қара ала сиырлардың өнімділік және биологиялық қасиеттері жергілікті табиғи-климаттық жағдайға бейімделуі әлі толық зерттелмеген. Осы көрсетілген келеңсіз жағдайлар біздің зерттеулеріміздің бағытынан орын алғандықтан тақырыбымыздың өзектілігін айқындайды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты - қара ала тұқымдас сиырлардың өнімділіктері және биологиялық көрсеткіштерін ескере отырып, қоршаған орта факторларының тигізетін әсерін зерттеу болып табылады.
Жұмысты орындау үшін мынадай міндеттер қойылды:
- қара ала тұқымдас сиырлардың сүт және ет өнімділігіне абиотикалық факторлардың тигізетін әсері;
- суға қойылатын экологиялық-санитарлық талаптар;
- мал азығын экологиялық тұрғыдан бағалау;
- мал қораларға қойылатын экологиялық талаптар;
- қара ала тұқымдас сиырлардың сүт және ет өнімділіктері және олардың сапасы;
- қара сиырлардың төлін өсіру ерекшеліктері;
- оңтүстік өңірінде қара ала тұқымдас ірі қара малын өсірудің экономикалық тиімділігі.
1 Әдебиеттерге шолу
1.1 Ірі қара малдың қоршаған ортаның абиотикалық факторларына реакциясы
Малдың денсаулығы және оның өнімділігі негізінде қоршаған ортаның факторларының әсеріне тікелей байланысты. Сондықтан қоршаған ортаның көрсеткіштерін мал организміне қолайлы ету малшылар мен мамандардың басты міндеті. Мал ауруларының алдын алу мақсатында жүзеге асырылатын барлық экологиялық, ветеринарлық-санитариялық шаралар, қоршаған ортаның мал организміне қолайлы гигиеналық-санитариялық нормативтер мен ережелер тек осы орта көрсеткіштеріне сүйене отырып белгіленуі керек [1, 2, 5, 6, 10].
Сыртқы орта және жануарлар денсаулығы өйткені жануарлардың тіршілік ету қабілеті үнемі сыртқы ортаның әсерімен қалыптасады. Сыртқы орта жануарларға тікелей немесе жанама әсер етеді. Оның ең негізгі құрайтын бөліктері ауа, топырақ, су, азық, технологиялық құралдар мен қора-жай. Жануарлар қоршаған ортамен тығыз қимыл-қатынаста өмір сүріп, әрі өз даму, өсуіне қажетті заттарды (азық, ақпарат және т.б.) ала отырып өзін-өзі сақтайды [1, 2, 15, 17].
Олардың дамуы қоршаған ортаның үнемі өзгеріп тұруымен тығыз байланысты. Егер осы қоршаған орта қалыпты жағдайдан ерекше өзгерсе, яғни организм өзіне қажет элементтерді ала алмаса, онда орта мен организм арасында қарыма-қайшылық туады. Сыртқы орта факторлары тіршілік жағдайында организмнің өміршеңдігіне әсер ететін бірден-бір қозғалтқыш күш болып саналады. Сыртқы орта факторлары табиғатына және әсер ету түріне байланысты абиотикалық және биотикалық болып бөліеді [1, 2, 17, 24].
Абиотикалық факторларға жауарлар организміне әсер ететін неорганикалық орта кешені жатады (ауа температурасы, ылғалдылығы, қысымы, ауаның, судың химиялық құрамы, ксенобиоттар және т.б.).
Биотикалық факторларға тіршілік ететін ортадағы организмдердің бір-біріне әсері жатады (жануарлар, микроорганизмдер, т.б.).
Ал өзінің құрамы жағынан сыртқы орта факторлары химиялық, физикалық және биологиялық болып бөлінеді. Физикалық факторларға - температура, ауа қозғалысы, атмосфералық қысым, ауаның су буымен толығуы, күн сәулесінің интенсивтілігі, ауаны иондалуы және т.б. жатады.
Химиялық факторлар химиялық элементттер мен ауа, су, топырақ, азықтағы қосылыстар [1, 2, 17].
Биологиялық факторларға - табиғи жағдайда ауада, суда, топырақта, азықта кездесетін бактериялардың құрамы негізінде сапрофитті микрофлоралардан тұратын әрі қоршаған ортаның патогенді микробтарымен, гельминт жұмыртқасымен ластануы жатады [31].
Қоршаған орта факторларының организмнің тіршілік қабілетіне үш түрлі әсері бар минимум, максимум жне оптимум. Жануарлар денсаулығы үшін ең қолайлысы факторлардыу оптималдық шамасы. Тек дені сау жануар ғана генетикалық потенциалына сай жоғары өнім бере алады.
Денсаулық - организмге тән табиғи жағдай, ол қоршаған орта мен организм арасындағы тепе-теңдікті сипаттайды. Мал денсаулығына баға беру үшін әртүрлі зерттеу әдістеріне сүйенеді (клиникалық, биохимиялық, гематологиялық және т.б.) [13, 19].
Малдың өнімділігінің төмендеуі (сүттілігі, жүнділігі, еттілігі және т.б.) оның денсаулығының төмендеуін дәлелдейді.
Тірі организмнің ең бір маңызды ерекшелігі оның қоршаған орта жағдайларының кең ауқымды диапазонындағы өзгеруінде ағзаның физиологиялық өзіне тән тұрақтылықты бірқалыпты (гоместаз) жағдайда сақтауы болып табылады [3].
Ауру - организмнің табиғи өмір сүру жағдайының бұзылуы және ол функционалдық және морфологиялық өзгерістерінен туындайды. Қоршаған орта факторларының әсерінен жануарлар организмінде қан айналу, тыныс алу, ас қорыту ағзаларының жұмыстары бұзылады. Сондықтан мал организмінде аурудың дамуы оған қоршаған ортаның патогенді факторларының әсер етуімен тығызбайланысты физикалық (жоғарғы немесе төменгі температура, шектен тыс немесе жеткіліксіз күн радиациясы және т.б.), химиялық (ауадағы, топырақтағы, азықтағы улы заттар), биологиялық (патогенді вирус, бактерия, ұсақ саңырауқұлақтар, гельминттер және т.б.) [36].
Зоогигиенада мал қораларының ауасындағы зиянды газдардың (аммиак, күкіртсутегі эәне т.б.) организмге патогенді әсері нақты түрде анықталған [5, 7]. Бұл газдардың әсерінен рениттер, ларинготрахеит, бронхит, өкпенің қабынуы туындайтындығы анықталған. Ал, атмосферада иондардың жоқ болуы малды өлімге душар ететіні экспериментальді түрде дәлелденген. Қоршаған ортаның физикалық және химиялық факторларының ұсақ және шектен тыс әсер етуінен көптеген жұқпайтын аурулар пайда болып, етек жаяды. Мысалы, топырақта биогенді элементтер (кальций, фосфор, йод, мыс және т.б.) жетіспесе жануарлардың өнімділігі мен көбейтушілігінің төмендейтіні белгілі. Ал, рационда ас тұзының аз немесе аса көп мөлшері тиісінше организмде гипопатрисмия немесе токсикоз тудырады. Малды толық құндылығы төмен, бұзылған, зең шалған азықтармен азықтандыру зардабы мол аурулар тудырады (микоздар, микотоксикоздар, гастриттер және т.б.). жануарларды жеткіліксіз азықтандыру - арықтауға, өнімділігінің төмендеуіне, ауруға (алиментарлық дистрофия мен төлсіздік) шалдықтырады. Организмге судың жеткіліксіздігі токсикозға (судың теріс балансы) әкеп соқса, ал ластанған суды пайдалану (өндіріс қалдықтары мен пестицидтермен және т.б. ластанған) гастрит, энтерит, гепатит, токсикоздардың жиі себептері [14, 21, 25, 34].
Ауру тудыратын қоздырғыштармен зардаптанған ауа, су және азық жануарлар арасында көптеген індетті және инвазиялық аурулардың туындауына себепкер (сібір жарасы, туберкулез, бруцеллез, сальмонеллез, аусыл, туляремия және т.б.).
Жалпы айтқанда, жануарлардың денсаулығының бұзылуының басты себептері қоршаған орта жағдайының зиянды әсері болып табылады.
Әрине мал денсаулығын сақтауда қоршаған орта әсерімен қатар тұқымдық факторларды әсерінен де қалыптасады. Бірақ маңызды шешуші роль қоршаған орта факторлары болып табылады. Осыған байланысты оның сапасы бақылау экологиялық тұрғыдан өте маңызды.
Көп жылдық жүргізілген ғылыми зерттеулердің (биологиялық, микробиологиялық, иммунологиялық жән т.б.) қорытындысы бойынша өнімдік малдың денсаулығының бұзылуының ең негізгі себебі қоршаған ортаның қолайсыз факторлары. Сондықтан мал шаруашылығында жануарлардың денсаулығын қорғау табиғи қорғаныс күштерімен төзімділігін күшейту, аурулардың (жұқпалы, жұқпалы емес) алдын алу және өнімділігін өсіру бағытындағы басты мақсат тіршілік ортасын мал организміне қолайлы әрі қауіпсз ету. Ол үшін алғы шарттардың бірі - малды күтіп-бағуды, азықтандыруды, өсіруді, пайдалануды және ұстау жүйелерін гигиеналық талаптарға сай озық техникалық, технологиялық шешімдерді пайдаланған, әрі оларды жануарлардың ерекшеліктері мен физиологиялық қажеттілігіне сай етіп жақсарту, дер кезінде аурудан сақтандыратын ветринариялық-санитариялық шараларға жан-жақты жүргізу [4, 9, 12, 14, 16, 21].
Органиизм мен сыртқы орта арасындағы жылу алмасу. Жануарлар қоршаған орта температурасының өзгеруіне қарамастан өз дене қызуын бірқалыпты шамада сақтайды. Температура тұрақтылығы организмдегі жылу реттеу механизмімен түсіндіріледі. Жылу реттеудің екі түрін ажыратады: физикалық және химиялық. Организмде жылу химиялық жолмен өндірілсе организмнен жылудың шығуы физиалық жолдарымен реттеледі. Сондықтан қалыпты жағдайда жылудың тепе-теңдігі сақталады.
Тіршілік үшін және организмде жылу құрау үшін қажетті энергияның көзі - жем-шөп. Ал өте қиын жағдайда мал денесінің қоры жұмсалады.
Үй жануарларының қалыпты физиологиялық жағдайы мен олардың өнімдлігі организмнің жылу тепе-теңдігін сақтаған кезінде ғана мүмкін болады. Алайда, мұндай жағдай қолайлы микроклимат, яғни температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы және радиациялық температура жағдайында ғана сақталады. Микроклимат көбінесе, организмнен жылу шығарудың немесе сақтаудың физиологиялық механизмдері қызетінің тиімділігіне ықпал жасайды, яғни физикалық жылу реттеу мүмкіндігін күшейтеді месе кемітеді [5, 7, 13, 23, 36, 37].
Малдың, төлдің қыстыкүні темір бетоннан салынған (қабырғасы, едені, төбесі) қорада күтіп-бағылуы организмнің радиация жолымен жылу жоғалтуының артуына, ал жаздыкүні ысып кететін қора-жайда тұруы оларды ыстық ұруға немесе ыстық өтуіне әкеп соғады. Малды серуендетіп немесе жайылымда бағып-күту жағдайында жылу жоғалту күн радиациясы мен топырақ қызуының шамасына байланысты болады. Ауа райының тұрақсыздығы да жылу бөлінуді өзгертеді [5, 8, 11, 28, 36].
Жануарлардың бейімделуі және жерсінуі. Қоршаған орта әрдайым өзгеріп отырады. Соған байланысты мал организмі дамып, жетілу процесінде ортаның өзгеруіне қарай бейімделу қабілетін де өзгертіп отырады. Мұндай өзгерістер организмнің адаптациялық қабілеттілігімен түсіндіріледі [3, 5, 7, 11]. Мысалы, қысы қатал, континентальды климат жағдайында өскен малдың салмақты, қалың терілі, түбіті әбден жетілген ұзын да қалың жүнді келетіні мәлім.
Бейімделу қабілеті төмен болса түліктің өнімділігі кемиді, аурушаң келеді, тіпті өлім-жітімге де ұшырайды. Мұндайда зоогигиеналық, ветеринариялық-санитариялық және аурулардың алдын алу мен емдеу шараларына көп шығын шығады.
Жерсіну (акклиматизация) - мал организмінің сыртқы ортаның жаңа жағдайларына (географиялық және климаттық жағдайлар, азықтандыру, күтіп-бағу сипаты, эпидемилық, тіпті індетті аурулар және т.б.) бейімделу процесі.
Жерсіндіру нәтижесін іс жүзінде өнімділік, ұдайы өсу қабілеті және денсаулығы секілді жайттарға қарап шығарған дұрыс. Өсі, жетілу, сүттілік, тіпті аурушаңдық тәрізді кейбір көрсеткіштерді аз уақыттың өзінде-ақ анықтауға болады [3, 11, 13, 28, 36].
Жерсіну стресінің жасырын өтетін ауруларды, соның ішінде індетті ауруларды да қоздыратынын есте ұстау қажет.
Мал тіршілігінде көптеген факторлар әсеріне тап болады. Алайда тіршілік жағдайы өзгермейтндіктен мал үнемі сол өзгерістерге бейімделіп отыруға тиіс.
Сыртқы орта факторларының қауіпті әсеріне қарсы тұратын қорғаншы немесе қалпына келтіру механизмдері қосылған кезде организмге күш түседі, қажиды. Стресс кезінде физиологиялық өзгерістер жерсіну синдромы. Стресс әрқашан синдром ретінде, өзгерістер жиынтығы ретінде байқалады. Стрестің жалпы синдромы бүкіл организмге әсер етеді.
Стресс-факторлар: азықтық, климаттық (оған микроклиматтың барлық факторлары жатады), технологиялық, тасымалдау және рангалық болып бөлінеді [5, 6, 7, 13].
Стресске қарсы күресте жақсы нәтижеге жету үшін малды өсру және күтіп-бағу кезінде жаттықтыру, шынықтыру, технологияны қатаң сақтау, күтіп-бағудың қолайлы жағдайларын жасау жолымен мал төзімділігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызуды басты назарда ұстаған дұрыс.
Қорыта келгенде, организмнің бейімделуі - ағзалар мен ұлпалардың басқару механизмдерінің функциялық жүйесінің берік белсенділік деңгейіне жету процесі. Сонда ғана мал ұзақ тіршілік етеді, дені сау төл-тума таратады. Стресс организмге үйренген ортадан өзгеше қолайсыз жағдай тудырады. Сондықтан да бейімделу процесі организмді қоршаған ортаның өзгерген факторларына көндіктіруге көмек етеді.
Сыртқы орта факторларын экологиялық тұрғыдан шектеу. Қоршаған ортаның әртүрлі факторларына жануар организмнің бейімделуінің белгілі бір шегі болады. Оның экологияық мәні сапасы мен санына байланысты сипатталады.
Сыртқы қоршаған ортаны тек жануарлар денсаулығына тигізетін ықпалы мал организміне бірде қолайлы, ал кейде кері әсер етеді. Бұл ретті ортаның кері әсері көбінесе оған әртүрлі лас заттар түсіп, сапасының төмендеуіне әкеледі. Сондықтан жануарлардың денсаулығын сақтау бағытындағы сақтық шаралар қоршаған орта факторларының қолайсыз әсерін болдырмау емесе азайту жұмыстары экологиялық тұрғыдан оларды қатаң шектеу (нормалау) негізінде жүргізілуі керек [1, 2, 13].
Мал организміне сыртқы орта факторларының жағымсыз факторларының әсерін төмендетуде және орта сапасын жүйелі басқаруда экологиялық нормалаудың маңызы өте зор.
Қоршаған ортаның әртүрлі нысандарындағы (ауа, топырақ, су) зиянды химиялық заттар үшін шекті жіберілу концентрациясы (ШЖК) бекітілген [1, 2, 5, 10, 13, 15, 18].
ШЖК ұғымы қоршаған орта нысандарында болатын әртүрлі химиялық заттардың бұл концентрациялары жануар денсаулығына тікелей немесе кері әсері болмауына негізделген.
Химиялық заттардың ШЖД (шектеулі жіберілу деңгейі) - ол ауада (мгл), топырақта және азықта (мгкг) кездесетін химиялық заттардың мал денсаулығына зиян келтірмейтін максимальды мөлшері. Ал суда бұл факторлардың ұзақ уақты бойы шектен (ШЖК) артуы (4-8 есе) онда иістің, түстің, бөгде дәмнің пайда болуына әкеп соғады. Судың химиялық заттармен қауіпті мөлшерде ластануы ндағы табиғи өздігінен жүретін тазалану процесін бұзып, судың экологиялық жағдайын нашарлатып, иістеуге және микробтардың жойылуының баяулауына әкеп соғады. Мұндай су мал суғаруға жарамсыз болады.
Суды ластаушы заттардың шекті концентрациялары (ШЖК) ауыз сумен балық шаруашылығы көздеріне бөлек-бөлек жасалады. Айта кететін жағдай, балық өсіруге арналған су көздерінде талап ішетін суға қарағанда анағұрлым жоғары болады [18, 19, 33, 36].
Мал кәсіпорындарында пайда болатын лас сулар негізінде табиғи су көздеріне жіберіліп (кейде толық тазаланбай, залалсыздандырылмай) олардың экологиялық сапасын төмендететіндіктен гигиенада лас сулардың құрамында кездесетін зиянды химиялық заттарды шектеу маңызды орын алады. Бұл ретте лас судың шекті ағызып жіберілу көлемі (ШЖА) анықталады. ШЖА дегеніміз су көздеріне (өзен, көл және т.б.) ағызып жіберілетін құрамында қауіпті заттары бар лас судың максимальды мөлшері.
Ауаның құрамында пестицидтер саны шектен асса (3-4 есе) мал организмінде едәуір физиологиялық және биохимиялық өзгерістер туындайды [5, 8, 29, 37].
Егер ауада бірігіп әсер ететін бірнеше зиянды заттар бір уақытта болғанда (азот пен күкірт диоксидтері, озон, азот диоксиді және формальдегид) олардың суммарлық концентрациясы былайша бір шамасынан аспауы керек [5, 8, 37].
Ал азықтағы токсикалық заттардың шекті жоғарғы деңгейі (ШЖД) максимальды жоғарғы деңгеймен (МЖД) белгіленген. Бұл ұзақ уақты бойы күнделікті азық құрамымен ағзаға түсетін және ешқандай терііс, жағымсыз әсері жоқ. Бұл жағдйда токсикалық заттардың сүтпен бқлініп, соның мал ұлпасында жиналуы байқалмайды және бұл малдардың өміршеңдігі мен көбею функцияларына кері әсері жоқ [6, 13, 27, 29].
Жануарлар үшін физиологиялық норма физикалық факторлардың толық болуымен емес, оның деңгейінің оптимальды жағдайда болуымен сипатталады. Ал осы деңгейден асып немесе төмендесе, ол шектен тыс немесе жеткіліксіз болып саналады.
Бірақ оптимальды жағдайдың белгілі бір аралықта ауытқуын ағзаның теңелту (компенсациялық) жүйесі қалпына келтіріп отырады. Бұлардың ауытқу шекарасы шекті жоғарғы деңгейі (ЖШД) немесе минимальды қажет деңгейімен (МҚД) анықталады.
Демек, физикалық факторлар үшін шектеудің экологиялық нормативті мөлшерінің 3 деңгейі болады: минимальды қажетті, оптимальды және шекті ең жоғарғы деңгейі. Мысалы, мал қора-жайындағы ауаның с буымен қанығуының минимальды қажет мөлшері (МҚД) 40 пайыз, қалыпты оптимальды ылғалдылық 50-70 пайыз, шекті ең жоғарғы деңгейі (ШЖД) - 85 пайыз.
Қоршаған орта объектілері (ауа, су, азық) бірқатар індеттердің таралуы мен берілу факторларына жатады. Індетті аурулардың арнайы емесе алдын алу шараларының ең маңыздысы - қоршаған ортаның микробтық ластануының гигиеналық шектелуі. Қоршаған ортаның биологиялық ластануына - патогенді, шартты патогенді микроорганизмдер, сапрофитті микроорганизмдер, гельминт жұмыртқаларының табылуы жатады. Осыған байланысты қоршаған орта объектілерінде жалпы микробпен ластануына және санитариялық көрсеткіш микроорганизмдеріне арнайы шекті жіберілу деңгейі (ШЖД) анықталған [17, 32, 35].
Жануарлар ауруларының алдын алу шарасын жүргізу экологиялық нормативтерге, ветеринариялық-санитариялық нормалар мен ережелерге негізделген [13, 35].
Экологиялық-санитариялық бақылау кезінде жүргізілетін жұмыстар:
малды ұстау, азықтандыру, пайдалану кезіндегі экологиялық-санитариялық еределерді бақылап отыру. Бұл бақылаулар мал өлексесін утильдеу, көң сақтау, сумен қамтамасыз ету, азық сақтайтын және өңдейтін объектілерде, сонымен қатар жайылым, азық және мекеме территорияларында да жүргізіледі;
тасымалдау көліктерінде (темір жол мен әуе арқылы және т.б.), оның ішінде мемлекет шекарасынан сыртқа жануарларды, олардың өнімдері және мал шикізатын тасымалдағанда, тасымалдау құрал-жабдықтары мен тасымалдау көліктерін тексеру;
малды сою, ет және ет өнімдерін өңдеу мекемелерінің жұмысын қадағалау;
мал шаруашылығы өнімдерін сататын сауда орындары мен базарларда санитариялық жағдайды бақылау.
Бұл экологиялық-санитариялық бақылау жүргізгендегі ең басты мақсат - мал шаруашылығынан жоғары сапалы өнім алу, адамдардың денсаулығын сақтау, әртүрлі аурулардың алдын алу және т.б. [3, 6, 13].
Әдебиеттерге шолудан туындаған қысқаша қорытынды. Малдың денсаулығын қалыпты сақтау іс жүзінде оның қоршаған ортаның әртүрлі зиянды әсеріне төтеп бере алатындай төзімділігін нығайтуда малды дұрыс күтіп-бағу, өз деңгейінде азықтандыру, суару, пайдалану ерекше орын алады. Жануарлар ауруларының алдын алу шараларын жүргізуде экологиялық, ветеринариялық-гигиеналық нормативтерді мүлтіксіз орындау қажет.
1.2 Ауа, климат, микроклимат және олардың мал организміне
тигізетін әсері
Малдың денсаулығын сақтауда ауаның алатын орны ерекше. Ауаны экологиялық тұрғыдан бағалауда оның мына төмендегі көрсеткіштері еске алынуы керек: физикалық қасиеттері (температура, ылғалдылық, қысым және т.б.), химиялық құрамы (тұрақты компоненттер және бөтен газдар), меаникалық құрамы (шаңның, ыстың және т.б. болуы) және бактериялық ластануы (микробтардың болуы). Ауаның қасиеттері мен көрсеткіштерінің шектен тыс ауытқуы мал организміне тікелей әсер етіп, оның өнімділігін едәуір азайтып ауруға шалдықтырады.
Ауа - мал тіршілігі өтетін және олар үнемі қарым-қатынаста болатын сыртқы орта. Ауа тыныс алуға ең қажетті оттегінің көзі, әрі жылу алмасуға, организмнің басқа да функцияларына әсер етеді. Ауа мал тіршілігіне аса қажет және биосфераның маңызды элементі болып табылады [1, 2, 10, 13, 24, 37].
Қоршаған ортаның ауа райы атмосфералық қысыммен, температурамен, ылалдылықпен, жел күшімен, күн сәулесінің кернеуімен, бұлттылықпен және жауын-шашынмен сипатталады.
Ауа райының мал организміне тікелей де, жанама да әсер ететін экологиялық маңызы бар. Ауа райының организмге тікелей әсері оның жылу алмасу процесіне ықпалы арқылы жүзеге асырылған. Ауа райының жылы, ыстық болуы малды қорада ұстағанда да, өрісте баққанда да тіпті тасымалдау кезінің өзінде организмді қыздырып, малға ыстық өтуі мүмкін. Суық ауа райы кезінде малға әсіресе төлге, суық тиіп жиі ауырады. Кұзде, қыста, тіпті көктемнің ызғарлы салқын кезінде, күн сәулесінің, әсіресе ультракүлгін сәулелерінің қарқындылығы төмендейді (50 пайыздан жоғары) [1, 2, 10, 13, 17, 24].
Ауа райының өзгерісі әртүрлі тітіркендіргіштер жиынтығының ауысуымен қатар, организмнің оларға қарсы тұру реакцияларының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Сөйтіп, организмге мұндай факторлар жиі және ұзақ әсер етсе, организмдегі ағзалар ман жүйелер көндігіп, аталмыш әсерлерге бейімделе бастайды.
Оңтүстік Қазақстанның климаты континентальді болып, жаз және қыс айларының аралық температураларының алшақтығымен және ылғалдылық тапшылығымен сипатталады.
Мал шаруашылығында микроклимат деп мал қораның климатын айтады. Мал қораның микроклиматы ауаның физикалық жағдайына оның газбен, микробпен, тозаңмен ластануына тікелей байланысты болады.
Былайша айтқанда, микроклимат ғимарат пен бүкіл технологиялық қондырғылардың физикалық, химиялық және механикалық жағдайларын қоса алғанда, ауаның физикалық жағдайының (температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы, табиғи және жасанды жарықтың, сәулеленудің, шудың болуы және т.б.), газдың құрамының, сонымен қатар, шаң мен микроорганизмдердің болуының жиынтығы деп түсінуге болады.
Мал қораларында микроклимат жасанды болуы да мүмкін. Оны жасау жергілікті климатқа, ғимарат жақтауларының жылу сақтау қасиеттеріне, желдетуге, жылыту көздеріне, канализацияға, малдың орналасу тығызды-ғына, ұстау технологиясына және т.б. тікелей байланысты. Микроклимат жағдайын малға ыңғайлы оптимальды жасау үшін өзгертіп отырады.
Егер ауаны мал тіршілік ететін қоршаған ортаның ең маңыздысы деп атаатын болсақ, онда оны өзгерті арқылы малдың денсаулығы мен өнімділігін арттыруға болады.
Ауа температурасы сыртқы ортаның маңызды экологиялық факторы. Мал денесінің қызуы орта есеппен 36-420С шамасында болады және сыртқы орта температурасының өзгерісіне қарамастан тұрақты болады.
Организмнің сыртқы ортаның жоғарғы және төменгі температурасының өзгерісіне қарамастан белгілі бір деңгейде өз денесінің қызуын тұрақты ұстап тұратыны бар.
Мал организмінде жылу құрайдың өзгеруі сыртқы орта температура-сымен байланысты. Зат алмасу және жылу өнімдері аз, органдардың физиологиялық қызметі мен мал организмі жүйелеріне онша күш түсірмейтін сыртқы орта температурасы ол жылу бейтараптық аймақ немесе қолайлы температура деп аталады. Қолайлы температура дегеніміз малдың белгілі түрі немесе жас тобы азықты аз жұмсап ең жоғарғы өнімділікті көрсететін температура. Негізінде әртүрлі ауыл шаруашылық жануарлардың тіршілігіне ауа температурасының көрсеткіші 5-200С аралығында қолайлы деп саналады. Алайда ірі қара малдың түріне, жасына қарай оптимальды температура - 8-120С, бұзауларға - 20-150С [5, 7, 13].
Мал денсаулығын, олардың жоғарғы табиғи төзімділігі мен өнімділігін сақтау, азық шығымын азайтып, экономикалық тиімді өнім алу үшін қолайлы температураның белгіленген шегін және сәл-пәл зат алмасудың төменгі аймағын ұстаған дұрыс.
Мал организміне төменгі температураның әсері. Ауа температурасы-ның шектен төмендеуі мал организмінде зат алмасу мен жылудың артуына әкеліп соқтырады. Ал бұл жағдай, ең алдымен энергия құрау үшін қосымша азық шығынын қажет етеді.
Төменгі температура әсіресе жас төлдерге (жаңа туылған), ауру және ауырып жазылған малдарда өте қауіпті (зат алмасу бұзылады, ағзалардың функциональдық қабілеті төмендейді, суық тию және үсу байқалады). Сиыр қораларында температураның 18[0]С дейін көтерілуі немесе 5[0]С төмендеуі олардың өсімталдығын төмендетуге әкеп соғады.
Малдың суыққа шалдығуының алдын алу үшін оларды температурасы қолайлы қора-жайларда күтіп-бағуды, сондай-ақ дұрыс азықтандыруды қарастырған жөн [8, 36].
Мал организміне жоғары температураның әсері. Басқа малдарға қарағанда сиыр ыстық ауаға төзімдірек келеді (20-40[0]С). Жоғары температура организмге жылудың жиналуына, соңынан ыстық ұруға ікеп соғады. Малды ыстық ұрғанда (дене қызуы 42[0]С дейін) тері қызуы көтеріледі. Егер дер кезінде шара қолданылмаса тыныс алу орталығы мен жүректің сіреспесінен мал өледі.
Ыстық ұру немесе гипертермия қоршаған ауаның температурасы жоғары болғанда, ауа ылғалдылығы көтерілгенде (тері бетінен ылғалдың булануына кедергі жасайды) және ауа қозғалысы төмендегенде кездеседі.
Жылудың ұзақ сақталуы кезінде семіртілетін малда, оларды жабық, желдетілуі жеткіліксіз қора-жайларда ұстағанда, молынан азықтандырғанда кездеседі. Сондай-ақ мұндай жағдайда жас малды әрі жылы, әрі ылғалды қораларда ұстағанда байқалады.
Ыстық ұру - өте қауіпті ауру. Малды ыстық ұрудан сақтау үшін ең бастысы жылудың сыртқа шығуын күшейтетін және жылу өндіруді азайтатын жағдайлар жасау керек.
Әрине, мал организмінің қалыпты тіршілігі үшін өте төмен де, өте жоғары да температура қажетсіз. Мұндай қолайсыз орта жағдайының салдарынан мал өнімділігі, жем-шөп пайдалану тиімділігі төмендеп, ауру және өсіруге жарамсыз мал саны көбейеді.
Қора-жайларда қолайлы ауа температурасын ұстаса, оған қосымша дұрыс азықтандыра білсе, бүгінгі талапқа сай дені сау, мол өнімді мал өсіруге әбден мүмкін.
Атмосфералық қысым. Бізді қоршаған атмосфера ауасының салмағы (1 м[3] ауа сынап бағанасымен 760 қысымында 1,03 кг тең) бар. Ол жер бетіне, барлық затқа, соның ішінде тірі организмге де (1 шамамен 1,033 кг) үнемі айтарлықтай қысым жасайды. Қысым күрт ауысса сүтті сиырлардың сүті азайып, қоңы төмендейді [13].
Ауа ылғалдылығы. Ол мал тіршілігіне және оның өнімділігіне зор әсер етуші фактор. Температура және ылғалдылық бір-бірімен тығыз байланысты және басты климаттық факторлар. 1 кг атмосфералық ауада орта есеппен 2,34 г су буы болады [13]. Ауаның әр температурасына сәйкес оның су буымен қанығу шегі болады. Егер осы шектен асып кетсе ылғалдылық тқман, шық, қырау және т.б. түрінде бөлінеді.
Ауа температурасы артқан сайын максимальдық және абсолюттік ылғалдылық, ылғал тапшылығы (булану жылдамдығы) және шық нүктесі көрсеткіші де ұлғаяды.
Мал қоралары ауасының ылғалдылығы. Мал қораларының ішкі ауасындағы бу мөлшері әдеттегідей атмосферадағы буға қарағанда көп. Атмосфералық ауа ылғалдылығы қора ауасының 10-15 пайызын құрайды [13].
Ауа ылғалдылығының экологиялық маңызы зор. Ылғалдылық, көбінесе қоршаған ортаның климат пен микроклимат жағдайын көрсетеді. Ауада ылғалдың мол болуы жоғары температура жағдайында организмге жылудың жиналуына (гипертермия), ал төменгі температурада жылуды көптеп шығарға (гипотермия) ықпал жасайды. Жоғары салыстырмалы ылғалдылық организмге, оның жылу шығаруына ауа температурасы ыстық кезде де, суыз кезде де кері әсер етеді. Ылғал ауаның сыйымдылығы құрғақ ауасыйымдылығынан 10 есе үлкен. Соған орай ауа ылғалды әрі суық болса, оның үстіне ызғырық соқса организм тез мұздайды. Сыз, суық қора-жайларда суық тиіп мал жиі ауырады. Мал бордақыланатын қора-жайларда жем-шөп шығыны 20-25 пайызға артып, тәулігіне қосылатын салмағы 12-28 пайызға кемиді және төлдер арасындағы шығын 2-3 есе артады [3, 11, 21].
Мал қораларының жоғары ылғалдылығына қарсы мынандай шаралар жүргізу қажет: мал қораларын жобалағанда және салғанда құрылыс материалдарын дұрыс таңдау, оларды пайдалану кезінде зоогигиеналық талаптарды сақтау, құрғақ сабанан төсеніш төсеу (сонда салыстырмаы ылғалдылық 8-12 пайызға азаяды), сөндірілмеген әк қолдану (салыстырмалы ылғалдылық 6-10 пайызға төмендейді), асыл тұқымды мал шаруашылықтары мен мал өсіретін өндірістерде малды қыста серуендетіп, жазда жайылымға шығарған дұрыс [3, 13].
Ауа қозғалысы. Егер желдің жылдамдығы 4 баллдан асса, малдың терісі әжептәуір тоғазиды. Мысалы, бір сағат шамасында желдеткенде сиырдың терісінің қызуы 3,5[0]С төмендейді. Ауа қозғалысының жылдамдығы секундына 0,1-0,4 метрге дейін артқанда ауа температурасының 5[0]С суығына тең келеді. Тіпті ауа қозғалысының жылдамдығы сәл ғана ұлғайғанның өзінде ауаның суыту қабілеті айтарлықтай өседі. Сондықтан да микрокиматтың бұл факторын температурамен үйлестіре білу керек.
Ауа қозғалысы жылдамдыының секундына 0,1 м артуы оның суыту күшінің бір шаршы метрде секундына 0,19 мкал өсуіне әкеп соқтырады. Сондықтан да экологиялық нормаларда қора-жайлардағы ауа қозғалысының ең аз жылдамдығы қыста төл үшін секундына 0,02-0,03 метр, сақа мал үшін - 0,2-0,5 мс ұстау қарастырылған. Жазда немесе бордақыдағы бұзалар ұсталатын жабық мал қоралары ауасының қозғалы жылдамдығы секундына 0,5 және 1 метрге дейін, ал сырттағы ауаның температурасы 31-32[0]С кезде малға салқын болу үшін секундына 1,5 метрге дейін арттырылады.
Микроклиматқа толығырақ сипаттама беру үшін іс жүзінде ауаның салқындату күші деп аталатын көрсеткіш енгізілген (катаиндекс). Мал қораларында ауаның салқындату күші (катаиндекс): сиыр қорада - 7,2-9,5, бұзауханада - 6,6-8 төмен болуы керек [8, 36].
Мал қора-жайларын жоспарлаған кезде оларды бүкіл көң-қоқыс, түрлі қалдықтар шығарылатын тұстары елді мекенге серін тигізбейтіндей етіліп орналастырылған жөн. Әрбір жеке мал қораларына жел бағыты оның бүйір қабырғасына немесе бұрышына соғатындай етіліп салынуы тиіс.
Төменгі температура мен жоғары ылғалдылық жағдайында ауа қозғалы-сы жылдамдығының артуы организмнің жыу шығынын ұлғайтуға жол ашып, мал ауруға шалдығады.
Жазғы кезеңдегі қалыпты жел өті органимзге едәуір қолайлы әсер етеді. Ауаның 3,4-7,5 мс арасындағы қозғалысы мал шаруашылық территориясы-ның ауасының алмасуына мүмкіндік туғызып, ауаның алмасумен тазалануын, зиянды газдар мен механикалық қоспалардың (түтін, ыс және т.б.) таралуын және жойылуын қамтамасыз етеді [8, 13, 36].
Ауадағы механикалық қоспалар. Шаң негізінен жеңіл қатты бөлшектер түрінде кездесіп, минералдық емесе органикалық шығу тегімен сипатталады. Атмосфераның төменгі қабатының ауасындағы шаңның шоғырлануы 0,25-25 мгм[3] аралығында.
Мал қораларының ауасындағы шаң жем-шөп тарату, төсеніш төсеу, оны жинап ауыстырғанда көптеп жиналады. Шаң мөлшерінің өсуі азықтандыру (4,3 мгм дейін) және қораны тазалау (4,3 мгм дейін) кезінде көбейетіні байқалған. Мал қораларында шаң мөлшері ауаның әр текше метрінде 0,5 мг-нан 6 мг аралығынан аспауы керек.
Шаң теріге, көзге, тыныс ағзаларына тікелей әсер етеді. Ол көп болған жағдайда теріге түскенде термен, май бездері бөлген маймен, эпидермистің өлі клеткаларыменжәне микроорганизмдермен қосылып малды тітіркендіріп қышындырады, қабындырады. Сның салдарынан терінің бөлу және жылу реттеу қызметі мен сезгіштігі бұзылады, дерматит, пиодермия, бөртпелер, тағы басқа аурулар өршиді [4, 9, 14].
Шаң-тозаң өкпе ауруларының көптеген түрлерінің өршуіне альвеола-ларда шаң бөлшектері жинақталатын эксудаттардың жиналуы себепкер болады.
Ауа микроорганизмдері. Ауаға микроорганизмдер, көбінесе топырақ-тан, судан, мал мен адамнан барып тарайды. Олар шаңға араласады (қатты аэрозольдар) немесе тамшыға қосылады (сұйық аэрозольдар) [5, 7, 9, 31, 35].
Мал қоралары ауасында сапрофитті микроорганизмдердің де, шартты патогенді микроорганизмдердің де, кейде патогенді микроорганизмдердің де жетілуіне жағдай баршылық. Мәселен, оған ең алдымен жоғары температураны, ауаның ылғалдылығы мен өте шаңдануын, ультракүлгін сәулелердің жоқтығын және тар жерге шамадан көп малды күтіп-бағуды жақтызуға болады.
Мысалы, ауаның температурасы 0[0]С-тан 10[0]С дейін көтерілгенше қора-жай ауасындағы бактериялар құрамы бірнеше (2-3) есе артады. Ауаның температурасы одан әрі көтерілгенде микроорганизмдер саны есе, тіпті одан ла астам көбейеді. Ауа ылғалдылығы артқан сайын бактериялардың көбеюге деген қабілеті жақсы сақталады.
Көптеген аурулардың, әсіресе тынс жол ауруларының (респираторлық) қоздырғыштары ауа арқылы, көбінесе оның конвекциялық ағымымен тез тарайды да, қорадағы малға аса қауіп туғызады.
Жабық мал қоралары ауасының микроорганизмдері түрі, құрамы бойынша негізінен сапрофиттер болып келеді. Мұнда кокктар, саңырау-құлақтар споралары (аспиргилдер, пеницилдер, мукорлар) көп болады.
Сиыр қора-жайларының 1м[3] ауасындағы микроорганизмдер саны 12-100 мыңға дейін аралықта ауытқып отырады.
Көмірқышқыл газы (СО2). Елді мекендердің атмосфералық ауасында 0,03-0,04 пайыз көмірқышқыл газы кездеседі. Мал қорасындағы көмір қышқыл газының көбісін малдың өзі тыныс алған кезде, ал аз бөлігін зәрмен біге шығарады. Мал демімен шығатын көмірқышқыл газы атмосферадағы көмір қышқылмен салыстырғанда 100 есе көп те, ал оттегі 25 пайыз аз. Оның мөлшері малдың жасына, салмағына, өнімділігіне және азықтануына байланысты. Мәселен, сиыр тәулік ішінде - 250-300 г немесе 114-162 л көмірқышқыл газын бөліп шығарады.
Егер қора ауасының СО2, көбейсе (1 пайыздан жоғары) онда ол ацидоз-ға, ұлпа асфиксиясына әекеліп соғады, әрі зат алмасу және тотығу процес-терін әлсіретеді, шеткі қан тамырларын кеңейтіп, тыныс алу мен жүрек соғысын жиілетеді.
Аммиак (NH3). Мал қораларында аммиак негізінен зәрден ыдырап, көп мөлшерде түзіледі. Ал, топырақта және көң қоймаларында құрамында азоты бар өнімдердің шіруінен пайда болады. Аммиак бұзауханада, садыра жиналған жерлерде, температура жоғары болса, оның мөлшері 35 мгм[3] асып кетеді.
Аммиак организмге тигізетін әсерінің табиғаты бойынша тұншықтыратын (хлор тобы) газ тобына жатады. Ауада аммиак өте көп (0,15 пайыз) жиналмағанымен үздіксіз және ұзақ тұрғандықтан организмнің жалпы жағдайы нашарлайды, бұзауларда бронхопневмония өршиді, жем-шөп нашар қорытылып, оның сіңімі кемиді, мал жиі-жиі ауырғыш келеді.
Демалатын ауадағы аммиактың біраз мөлшері (30 мгл) малдың дыбыс саңылауын, кеңірдек және өңеш бұлшық еттерін қабындырады. Ақырында мал өкпе ісігінен немесе тыныс жолының сіреспесінен өледі.
Аммиактың иісі ауада 35 мгм[3] мөлшерде жиналғанда ғана сезіледі. Бұл газдың қора-жай ауасындағы ең жоғарғы жиналу мөлшері сақа мал үшін 20 мгм[3].
Ауадағы аммиак мөлшерін азайту үшін төсеніш үстіне 250-300 гм[2] есебінен ұсақталған суперфосфат сепкен жөн.
Күкіртті сутегі (H2S). Мал қораларындағы жинақталған қоқыс пен қи сулары, шіріген органикалық заттар, садыра сақталатын орындарында, канализация жүйелерінде көбірек жинақталады.
Қанға сіңген күкіртті сутегі ұлпаның тыныс алуына қажетті активті ферменттерді тежейді. Сөйтіп, малдың тыныс алу жолын салға ұшыратады. Қан гемоглобинінің құрамындағы темір күкіртті сутегімен байланысып, темір сульфидіне айналады да, соның салдарынан гемоглобин оттегін байланыстыруға және алмастыруға қатыса алмайды.
1.3 Ірі қара малды экологиялық таза сумен қамтамасыз етудің маңыздылығы
Адам өмірі үшін, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі үшін су аса қажет. Сонымен қатар су сыртқы орта факторлары есебінде жауарлар денсаулығына едәуір әсер етеді. Сондықтан мал организмі үшін судың алатын орны ерекше. Ол ерекшелік организмнің құрамының үштен екі бөлігінің судың үлесіне тиюімен қатар оның құрамында зиянды заттар мен қауіпті микробтардың болуымен оның малды өсірудегі экологиялық және санитариялық орнымен жан-жақты түсіндіріледі.
Су - негізгі биологиялық сұйық. Су организмде үш сұйық күйде (фазада) кездеседі: клетка ішінде, клетка сыртында және трансцеллюларлық. Жануарлар организміне су азықпен бірге, су ішкенде және органикалық заттардың клетка ішінде ылырауы есебінен пайда болады (метаболикалық су). Судың көбісі теріде, дәнекер ұлпа мен бұлшық еттерде болады. Олар су қоры міндетін атқарады. Жануарлар судың тапшылығында шыдамсыз келеді. Организмдегі су 20 пайыз кемісе ол өледі.
Су жетесе организмде зат амасуы бұзылады. Шөлдеу организмді интоксикацияға ұрындырады. Организмде су көбейсе, электролиттер артып, клеткалар зақымданады. Сөйтіп, организм суға уаланады.
Организмдегі бүкіл процесс (ассимиляция, диссимиляция, резорбция, диффузия, осмос және т.б.) органикалық және бейорганикалық заттардың судағы ерітіндісі күйінде өтеді. Су тірі материяның басқадай компоненттерімен қосылысқа түсіп отырады.
Су тотығу, гидролиздену және басқа да алмасу реакцияларына тікелей қатысады. Ол зат алмасу кезінде құралған түрлі зиянды заттарды организмнен шығару үшін де қажет.
Организмнен шыққан судың ішкен судан едәуір артық болуы шөліркеуге әкеліп соғады. Су өте жоғары жылу сиымдылығымен ерекшеленеді: аз қызып, жылуды мол сіңіреді. Сондықтан оны эталон есебінде қабылдап, басқа заттардың жылу сиымдылығын өлшеу үшін қолданады (калория - 1 кг суды 14,50С-тан 15,50С-қа дейін қыздыруға кететін жылу мөлшері).
Су мал қажеттілігін өтеумен қатар шаруашылықта санитариялық тәртіпті сақтау әрі технологиялық процестерді өтеу үшін де өте қажет (желінді жуу, тазалау, сүт ыдыстары мен қондырғыларын, мал денесін және қораларды тазалау, дезинфекциялау және т.б.).
Су малдың кейбір індетті, вирустық және инвазиялық аурулардың таралуына себепкер болады [13, 18, 19, 20, 33].
Ішетін судың сапасы мен мөлшері малдың денсаулығы мен өнімділігіне тікелей әсер ететін фактор. Қазақстанның көп аймақтарында судың тапшылығы мен оның сапасының төмендігі кеңінен орын алған. Сондықтан республикамызда елді мекендерді таза тұщы сумен қамтамасыз ету мақсатында салалық Ақ бұлақ бағдарламасы қабылданған (2012-2020 жылдарға).
Табиғи су көздерін экологиялық тұрғыдан бағалау. Шығу тегіне қарай су атмосфералық, жер беті және жер асты суы деп бөлінеді.
Атмосфералық су жер бетіне жауын, бұршақ, қар, шық және тұман күйінде түседі. Олар құрамындағы газдардың (азот, оттегі, көміртегінің қос тотығы) жоғарылығымен ерекшеленеді. Бұл сулар құрамында көмір қышқылы болғандықтан қышқыл реакциялы болады. Сондықтан да дәмі ұнамсыз келеді. Мұндай сулар ішуге, көбінесе жарай бермейді.
Жер бетіндегі сулар жер бедерінің (шалшық, тоған, өзен, көл, теңіз) ойпаңдау тұсына барын орын тепкен атмосфералық су мен жер беті суының кейбір бөлігі. Бұл суды да сол қалпында іше беруге жарамайды, алдын ала тазартып барып пайдаланады.
Жер беті суларының сапасы ішетін суға қойылатын стандартқа сәйкес емес. Сырдария, Арыс, Бадам сияқты ірі өзендер қатты ластанған.
Жер асты суы ең алдымен атмосфералық судан тұрады. Бұл сулар жер қыртысы саңылауының су өткізбейтін қабатының үстіне шоғырланып, сулы қабат құрайды. Жер асты суы тайыз, терең су және артезиан суы деп бөлінеді. Тайыз су әдетте жердің үстіңгі қабатында (2-3 м) алғашқы су өткізбейтін қабат үстінде болады. Оның дәмі қанша жақсы болса да көп жағдайда ол ішуге жарай бермейді.
Терең су (15 метрден 2-3 км дейін), алғашқы су өткізбейтін қабаттың астында жатады. Бұл сулар адамдарды ауыз сумен қамтамасыз етудегі ең басты су көзі болып табылады. 15 м тереңдіктегң судың бір литрінде кемінде 1000 мг еріген тұз немесе көмір қышқыл тотығы, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz