Қр-ның экономикалық өсіміне экспортты-импорттық операциялардың әсері туралы


Дипломдық жұмыс
тақырыбы: ҚР-ның экономикалық өсіміне экспортты-импорттық операциялардың әсері
5В050600-«Экономика» мамандығы бойынша
Орындаған:
Ғылыми жетекшісі
э. ғ. к., доцент:
Астана 2015
Мазмұны
бет
Кіріспе . . . 6
1 инвестициялық жобаларды экономикалық бағалаудың теориялық және әдістемелік негіздері . . . 9
- Қазіргі экономикада инвестициялық қызметті атқарудың теориялық
негіздері . . . 9
1. 2 Кәсіпорынның инвестициялық саясаты және инвестициялық ресурстарын
қаржыландыру көздері . . . 15
1. 3 Инвестициялық жобаларды экономикалық бағалаудың теориялық және
әдістемелік негізі . . . 21
2 Кәсіпорындағы инвестициялық жобаларды экономика-лық бағалауды «Жолдас-2000» ЖШС-і мысалында талдау . . . 42
2. 1. «Жолдас-2000» ЖШС-нің жалпы инвестициялық тартымдылығын
бағалаудың қаржы-экономикалық сипаттамасы . . . 42
2. 2 «Жолдас-2000» ЖШС-нің инвестициялық жобасының жалпы
сипаттамасы . . . 55
2. 3 Кәсіпорынның полипропиленді қап өндіруге арналған инвестициялық
жобасын экономикалық бағалау . . . 63
3 Кәсіпорындағы инвестициялық жобаларды экономика-лық бағалау механизмін жетілдіру жолдары . . . 66 3. 1 Кәсіпорынның инвестициялық жобаны тиімді басқару механизмін қалыптастыру жолдары . . . 663. 2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдары . . . 69
3. 3 Мемлекет тұрғысынан инвестициялық процестерді қолдау
шаралары . . . 75
Қорытынды . . . 83
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 85
Кіріспе
Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі - бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраттты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.
Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайы негізгі капиталды қайта құру процесінің төменгі деңгейімен сипатталады. Негізгі капиталдың істен шығуы инвестициялық ресурстар ағымымен толықтырылмай, ал өндірістік аппараттардың жаңаруы техникалық-технологиялық және құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз етпеуде.
Ал отандық коммерциялық банктердің несиелік портфеліндегі экономиканы несиелеуге бағытталған несиелерінің шамамен 20-30%-ы орта және ұзақ мерзімді несиелер үлесіне тиетін болса, ал қалған 70-80%-ы қысқа мерзімді несиелерді құрайды. Мұнда әлі де болса өз шешімін таппаған мәселелер аз емес. Банктердің қысқа мерзімді несиеге көп көңіл бөлуі, біріншіден, ондағы жинақталатын ресурстардың басым бөлігінің қысқа мерзімде тартылуы; екіншіден, ұзақ мерзімді несиелеудегі орын алар несиелік тәуекелдің болуы және т. б. байланысты. Банктердің ұзақ мерзімді несиелеуге ынталы болмауы банктік несиенің маңызы жоғары. Бұл айтылғандар да бүгінгі күні өз шешімін таба алмай отырған өзекті мәселелерді қозғайды.
Қазіргі таңда экономикалық өсуге қол жеткізу үшін шикізатты пайдалану мен бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арасындағы бой алған терең техникалық-технологиялық алшақтықты жоюға ықпал ететін жобаларды іске асыруға бағытталған инаестициялар көлемін ұлғайту қажет. Экономикаға инвестиция тарту өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардағы инвестициялық жобаларды несиелеудің маңызды көздерінің бірі болып табылады.
Алайда, осы көп қатпарлы мәселенің бірқатар сұрақтары өз шешімін таппады. Инвестициялық жобаларды бағалау және олардың ең тиімдісін таңдау әдістерін Қазақстан экономикасының жағдайына сәйкестендіру, жобаларды қаржыландыру үшін ашылған халықаралық несиелік желілердің қызмет етуін және несиелеу механизімін жетілдіру бүгінгікүннің талабы.
Осындай көптеген мәселенің теориялық әдістемелік сұрақтарының жеткіліксіз жерін өз дипломдық жұмысымда ашып көрсетуге тырыстым.
Дипломдық жұмыстың мақсаты экономикалық өсудің инвестициялық тәуелділігін зерттеу арқылы кәсіпорынды инвестициялық жоба ретінде қарастырып оның тиімділігіне негіздеме беру, жобаларды бағалаудыңхалықаралық әдістемесін Қазақстандық кәсіпорын жағдайына сәйкестендіру болып табылады.
Көзделген мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді:
- Әлемдік экономикалық ғылымда орын алған экономикалық өсу қарқынының инвестициялық қызмет белсенділігіне тәуелділігі теориясына баға беру;
- Кәсіпорынның экономикасының өсуіне инвестициялық мультипликативтік және экономикалық белсенділік пен өндіріс көлемі деңгейінің өзгерісінің әсер етуін анықтау;
-Тиімді жобаларды таңдауда жобалық талдау жүргізіудің маңыздылығын анықтау.
Зерттеу объектісіне кәсіпорынның инвестициялық саясатының тиімділігін анықтау және бағалау жатады.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі Жалпылама бағыттар мен зерттеу логикасы жұмыстың ішкі біртұтастығы мен құрылымын анықтайды. Осы диплом жұмысым 60 бет көлемінде баяндалған және ол кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден 5 кесте, 15 суреттен тұрады.
Жұмыстың кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, зерттеу объектісі мен зерттеу заты, жұмысың тәжірибелік маңызы берілген.
1 -тарауда - инвестицияның нарықтық экономикадағы қызмет етуінуң теориялық-әдістемелік негізде, рі зерттеледі. Инвестицияның талаптары көрсетіледі.
2- тарауда - инвестициялық жобалардың тиімділігін, олардың табыстылығын, өзектілігін баяндайды. Сонымен қатар кәсіпорынды инвестициялық жоба ретінде қарастырып, оның инвестициялық саясаты сипатталады.
3- тарауда - Қазақстан мысалындағы полипропиленді қап өндіріетін ЖШС ‘ИТЕКОПЛЮС’ компаниясын инвестициялық жоба ретінде қарастырып оған талдау жасадым.
Қорытынды бөлімінде дмплом жұмысының түйіні көрініс табады.
1 инвестициялық жобаларды экономикалық бағалаудың теориялық және әдістемелік негіздері
1. 1 Қазіргі экономикада инвестициялық қызметті атқарудың теориялық негіздері
«Инвестиция» термині to invest ағылшын етістігінен шығады, қайсысы салу дегенді білдіреді. Инвестицияла р - бұл капиталды оның кейін өсуі мақсатында салу. Инвестициялау нәтижесінде алынған капиталдың өсімі инвесторға ағымдағы кезеңде бар қаражаттардың тұтынуынан бас тартуын өтеу үшін, оған тәуекел үшін сыйақы беру және болашақ кезеңде инфляция салдарынан шығындарды толтыру үшін жеткілікті болу керек.
Инвестициялар - бұл табысты алу немесе өзге пайдалы эффектісіне жету мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне салынатын мүліктік және интеллектуалдық құндылықтар.
Экономикалық категория ретінде инвестициялар келесілерді сипаттайды:
- алғашқы авансталған құнның (табыс түрінде) өсімі мақасатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне салымдар;
- инвестициялық жобаларды жүзеге асыру процесінде инвестициялық қызметтің қатысушылары арасында (құрылысшылар, мердігерлер, банктер, мемлекет және т. б. ) пайда болатын ақшалай (қаржылық) қатынастар;
- инвестициялық қызметтің процесінде пайда болатын ақшалай ағымдарын (ақша қаражаттарының келуін және кетуін) бақылау.
Инвестициялық қызмет - инвестицияларды салу және пайданы немесе өзге пайдалы эффектіні алу үшін практикалық әдістерді жүзеге асыру.
Инвестициялық цикл - нақты шаруашылық субъектінің (кәсіпорынның, шаруашылық серіктестіктің немесе қоғамдастықтың) шегінде авансталған капиталдың жылжуы, қайсысы оның инвестициялау процесінде (жобалы-сметалық құжаттылықтың дайындалуы, объектінің құрылысы және оның кейінгі эксплуатациясы) тікелей қатысуын болжайды.
Инвестициялық процесс - ішінде тапсырыс берушімен қатар басқа шаруашылық субъектілерімен (жобалаушылар, мердігерлер, банктер, құрылыс үшін материалды ресурстарды жабдықтаушылар және т. б. ) бірге қатысатын ашық жүйе.
Инвестициялық портфель - бұл жүзеге асыруға жарамды инвестициялық жобалардың және түрлі қаржылық құралдырдың (бағалы қағаздардың) жиыны.
Экономикалық категория ретінде инвестициялар маңызды функицялардың қатарын орындайды, қайсысысыз қандай да мелекеттің экономикасының дұрыс дамуы мәнсіз болады.
Макродәрежедегі инвестициялардың негізі келесілер болып табылады:
- кеңейтілген өндірістің саясатын жүзеге асыру үшін;
- ҒТП-ң жылдамдатылуы, отандық өнімнің бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ету және сапасын жақсарту үшін;
- қоғамдық өндірістің құрылымдық қайта құрылуы және ұлттық шаруашылықтық барлық салаларының теңдестірілген дамуы үшін;
- өнеркәсіптің қажетті шикізат базасын құру үшін;
- табиғи ортаны қорғау және басқа көптеген мәселелерді шешу үшін.
Инвестициялар микродәрежеде де маңызды роль ойнайды. Бұл дәрежеде олар, біріншіден, келесі мақсаттарға жету үшін қажет:
- өндірістің кеңейтілуі және дамуы;
- негізгі қорлардың тым моральді және физикалық тозуын жібермеу;
- өндірістің техникалық деңгейін жоғарлату;
- сапаеың жоғарлауы және нақты кәпорын өнімінің бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ету;
- табиғи қорғаныс шаралардың жүзеге асырылуы;
- бағалы қағаздарды сатып алу және басқа кәсіпорындардың активтеріне қаражаттарды салу.
Соңғы нәтижеде олар болашақта кәсіпорындардың нормальді қызмет етуін қамтамасыз ету, пайданың максимизациясы және тұрақты қаржылық жағдайы үшін қажет.
Сонымен, инвестициялар маңызды экономикалық категория болып табылады және макродәрежеде сияқты, микродәрежеде де, біріншіден, қарапайым және кеңейтілген қайта өндіріс, құрылымдық қайта пайда болулар, пайданы максимизациялау және осы негізде көптеген әлеуметтік мәселелерді шешу үшін маңызды роль атқарады.
Инвестицияға анықтама берген кезде оның тек мағыналық сипатына ғана көңiл бөлмей, мақсатты түрде бағытталуын да көрсету маңызды. Осы тұрғыдан қарағанда, инвестициялар жалпы ұлттық өнiм өндiрiсiне жұмсалатын табыстардың маңызды бөлiгiн құрайтын жаңа технологияны, материалдарды және басқа да еңбек кұралдарын енгiзумен байланысты өндiрiстi кеңейту және жұмыс жағдайын жақсарту мақсатында жұмсалатын қаражаттардың активтерге салынуы болып табылады.
Бiрақ осы кезге дейiн экономикалық тақырыптағы әдебиеттерде инвестиция деген ұғымға алуан-түрлi түсiнiктер беру орын алып келдi. Көптеген авторлар күрделi қаржы мен инвестициялардың бiр-бiрiнен айырмашылығы жоқ деп көрсетсе, ал кейбiреулерi инвестицияны мақсатты бағытталуына байланыссыз салынған қаражат салымыньң кезкелген түрi деп есептейдi.
Мәселен, Ресей ғалымдары Г. П. Журавлева, И. Ю . Малышева инвестицияны жаңа технологияларды, материалдарды және басқа да кұрал-жабдықтарды өндiрiске енгiзе отырып, өндiрiстi кеңейту және жаңарту iсiне жұмсалатын шығындар деп есептейдi /2, 64 6/. Бұл жерде негiзгi және айналым қорлары аралығындағы айырмашылықтар, сондай-ақ, ғылыми-техникалық прогресс, еңбек ресурстары тағы да басқа факторлар есепке алынбады. Осыған дейін белгілі болғандай инвестиция бүгінгі күнде халықаралық кәсіпкерлік құрамында маңызды рөл атқарады. Тікелей инвестицияның ерекшелігі болып оның басқа кәсіпорындық әдістерге қарағанда өзіндік тұрақтылығында болмақ. Тікелей шетелдік инвестициялар экономикалық реформаға әсер етуде экономикалық басқа нысаналармен салыстырғанда бірсыпыра маңызды, үстемдігі бар: тауар өндіру мен қызметтер атқаруға, күрделі қаржы тауып салудың қайнар көзі, жаңа технологияны пайдаланылған етуде, ноу-хау, басқарудың алдыңғы қатарлы әдістері және маркетингті дамытуға қолайлы. Онымен бірге қарызды өтеуде қаржы жинақтауда керек.
Кәсіпорынның капиталы - қосылған құнның бөлігі түріндегі капитализация ретінде түсіндіріледі. Ол екіге бөлінеді: тікелей инвестициялар - елдің экономикасына инвестордың жеке тәуекелімен салынған шетел капиталы. Портфельдік инвестиция - қаржылық құралдардың тиімді капитал түрінде салынуы. Мысалы акция және облигация сол сияқты бағалы қағаздар. Оспанов М. Т және Мұхамбетов Т. И өзінің жұмыстарында былай деп жазады. Шетелден келетін капитал ағымы 3 канал бойынша жүзеге асырылады: Дамуға ресми көмек; экспорттық кредиттер; кәсіпорынның капиталы. Дамуға ресми көмек ол мемлекеттің құзырына тиелі және 2-ге бөлінеді: техникалық және қаржылық, экспорттық кредиттер бір немесе бірнеше жобалармен байланысты. Бұл тауарды немесе қызметті экспорттаушы елден сатып алу шартымен берілген кредиттер. Шетелдік инвестициялар - өз еркімен әртүрлі формада бір мемлекеттен екінші мемлекет территориясындағы кәсіпорынға салынған шетел капиталы. Қарастырылған инвестициялардың барлық түрлерiн төмендегi 1- сурет бойынша жүйелеп, топтастырып көрсетуге болады.
Сурет 1. Инвестицияның түрлері
Сонымен қатар, инвестицияларды меншiк нысанына байланысты келесiдей түрде бөлiп қарайды:
- Мемлекеттiк меншiк нысанындағы инвестициялар мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландыруды сипаттайды, оның жұмсалу бағыты әлеуметтiк сала болып табылады.
- Жекеменшiк капитал нысанындағы инвестициялар кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын ұлттық шаруашылық субъектiлерiнiң өз қаражаттары мен тартылған қаражаттарының жиынтығын сипаттайды.
Инвестициялық қызметтiң негiзгi объектiсi айналым қаражаты деп түсiнетiн кейбiр қазақстандық экономистер де осыған ұқсас пiкiрдi қабылдайды /3, 27 6/.
Бұл экономистер инвестицияның күрделi қаржыдан басты айырмашылығы инвестицияларды қамту негiзгi капиталға салынған қаражат салымдарымен қатар, айналым қаражаттарын толықтыруға бағытталғандығында деп есептейдi.
Сурет 2. Инвестициялық қызметтiң объектiлерiн және инвестициялаудың түрлерi
ҚР-ның “Шетел инвестициялары туралы” Заңында “инвестиция” деген ұғымға жаңа әрi кең мағыналы түсiнiктеме беру арқылы “инвестиция” және “күрделi қаржы” деген ұғымдардың арасына шектеу қоюға деген талпыныс әрекеттерi қолданылған. Бұл Заңда “Инвестициялар дегенiмiз табыс табу мақсатында кәiпкерлiк қызметтiң объектiлерiне жұмсалатын барлық мүлiктiк, интеллектуалдық қундылықтар және оныиемдену құқы” деп жазылған /4/. Алайда, бұл анықтама өте нақты болмағандықтан, оның мазмұны бiр мағыналы түрде ашылмауы мүмкiн.
Оның үстiне, анықтама пайда табуға мүмкiндiк беретiн кәсiпкерлiк объектiлерге бағытталған салымдарды ғана камтиды.
Қазақстанды қоса отырып, постәлеуметтік елдерде нарықтық қатынастарға өтуімен шаруашылық субъектілердің қызмет етуінің институционалды шарттарының өзгеруі бақыланады. Институционалдық ортаның трансформация процесі нарықтық экономикаға тән ескі институттар рөлінің өзгеруімен және жаңаларының пайда болуымен сипатталады. Ұлттық экономиканың қайта қалыптастыру шарттарында инвестициялық қызметтің белсендірілуі және дағдарыстан өту және экономиканы емдеу талаптарына жауап беретін реттеуінің жаңа экономикалық механизмінің жасалуы қажет. Бұл процестің зерттеуінің теориялық базасын экономиканы инвестициялаудың және трансформациялық дағдарыстың шарттарында нақты секторының мәселелеріне арналған отандық және ресей ғалымдарының еңбектері құрайды.
Инвестициялық нарық капиталды (инвестицияларды) сату механизмін білдіреді. Осыған сәйкес ол нарықтың негізгі қатысушылары (мемлекет, тұтынушы-кәсіпорындар, инвестициялық және қаржылық делдалдар, тұрғындар және т. б. ) жағынан сұраныс пен ұсыныстың әсер етуінде, сонымен бірге нақты және нақты емес нормалар мен ережелер жүйесі арқылы көрсетілетін нарық субъектілерінің қызығушылығын келістіру негізінде оның қызметін реттеу тәсілдері қалыптасады. Инвестициялық нарық несиелік және қор нарығының құрылымын және элементтерін қосатын кіші жүйе ретінде қалыптасады.
Инвестициялық нарықтың негізгі функциялары ретінде келесілерді көрсетуге болады:
Ресурстарды (жинақтарды) қолында барлардан оларды қажет ететіндерге - инвестициялардың рецепиенттеріне бер. Д. Стиглицтің санауынша, бұл процесс ешқашан да нақты болмайды. Берілген функция дамыған нарықтық экономикада капиталдар нарығының негізгі функциясы болып табылады және жинақтарды аккумуляциялайтын және оларды соңғы қарыз алушыларға-кәсіпорындарға және үкіметтерге беретін институттардың гаммасының дамуы есебінен іске асырылады.
Капиталдардың бірігуі: көптеген жобалар инвесторлардың бөлек немесе кішігірім саны ұсына алатын капиталдан көбірек талап етеді. Егер орталықтанған жүйенің шегінде бірыңғай орталықта ресурстардың бірігу мүмкіндігі болса, онда дамыған нарықтық ортада бұл функция шектелген инвестициялық ресурстарға қатынасы бойынша бәсекелестері болатын инвестициялық делдалдармен жүзеге асырылады.
Жобаларды іріктеу: Б. И. Алехиннің пікірі бойынша, «капитал мобильді, әлсіз және сирек, сондықтан ол түсінікті және селективті». Әрқашан да ресурстарды пайдаланғысы келетіндер, қолда бар ресурстардан көп болады. Инвестицияларды бағалау және жобаларды іріктеуінің нарықтық механизміне қажеттілік қазіргі кездегі қаржылық теорияны құрудың жеделдетушісі ретінде болды.
Мониторинг. Ресурстарды дұрыс пайдаланудың бекітіліуі, яғни олардың инвестициялық мақсаттармен сәйкестігінде қолданылуы.
Келісімдерді орындауға күштеу: қарыз алғандар қарызды төлеуінің бекітілуі. Жоғарыда айтылған екі функция нақты және нақты емес институттармен және нормалармен нығайтылатын өтімділік нарықтардың және инвестициялардың жүзеге асырылуының көптеген таңдауларының болуы есебінен дамыған нарықтық жүйеде іске асырылады.
Тәуекелдерді беру, бөлу және біріктіру: инвестициялау институттарының және құралдарының әртүрлілігі салымдардың, кепілдіктердің және сақтандыру тәуекелдерінің диверсификациясы үшін принципиалды базаны құрады. Реттеу және өзін-өзі реттеу жүйелерінің дамыған нарықтарында қатысушылар арасында тәуекелдерді бөлуін анықтайтын нормалар мен ережелерді құрайды.
Нарықтың қатысушылары мен институттарында бөлек функцияларды орындауын бекітудің құрылымдық әртүрлілігі, олардың жүзеге асырылуының орталықтануы және орталықтанбауы, сонымен бірге функциялардың даму деңгейі инвестициялар нарықтарының ұлттық және аймақтық ерекшеліктерін қалыптастырады. Н. К. Нұрланованың пікірі бойынша Қазақстанда инвестициялық дағдарыс, біріншіден, «нарықтық қайта пайда болулармен және саяси жүйенің өзгеруімен экономикалық қатынастардың бұзылуымен күрделенген экономикалық дағдарыстың және құрылымдық қозғалыстардың қойылуынан», екіншіден, жинақтар деңгейінің және көлемінің төмендігінен пайда болды. Қазақстанның инвестициялық сферасы жалпы трансформациялық құлдыраудың қатты әсер етуінен өтті, бұнымен қоса инвестициялардың қысқаруы ЖІӨ динамикасымен салыстырғанда алдыңғы темппен жүрді, нәтижесінде ұлттық экономиканың сипаты ұлттық шаруашылықтың жалпы жағдайымен салыстырғанда аса терең инвестициялық дағадарыс болды. Бұл тезисті дәлелдеу үшін ТМД елдерінің арасында инвестициялардың динамикасы бойынша салыстырмалы статистикалық мәліметтер автормен келтірілген, онда Қазақстан басқа тәуелсіз мемлекеттермен салыстырғанда қайта қалыптасу кезеңіне дейін инвестициялар көлемінің терең құлдырауымен ерекшеленеді. Жаңа институционалдық шарттарда инвестициялық дағдарыс «тек сандық өзгерістерімен ғана емес, сонымен бірге қайта қалыптастырудың инвестициялық моделінің іске аспауынан болған сапалық трансформациялардың түрлі аспектілерінен» сипатталатындығымен анықталды. Бұл:
- жаңа құрылысқа бағытталған таза инвестициялар үлесінің төмендеуі;
- негізгі қорлардың қайта құрылуына және жаңартылуына инвестициялардың өсуі;
- белсенді элементтер, яғни жабдықтаулар мен құралдар үлесінің төмендеу жағына инвестициялаудың технологиялық құрылымының өзгеруі;
- негізгі қорлардың, оның ішінде машиналар мен жабдықтардың тозу дәрежесінің жоғарылауы.
Инвестициялық саясат - бұл инвестициялық қызметті жандандыру мақсатында барлық шаруашылық объектілер үшін жағымды жағдай қалыптастыру бойынша мемлекет жүргізетін мақсатты Бағытталған шаралар кешені.
Жалпы жоспарда мемлекет инвестициялық белсенділікке әртүрлі тетіктер көмегімен әсер ете алады :
- несие-қаржылық және салықтық саясат;
- инвестициялық өндірістің және техникалық қайта қаруланудың дамуына салатын кәсіпорынға әртүрлі салықтық жеңілдіктерді беру;
- амортизациялық саясат;
- шетел инвестициясын тарту үшін жағымды жағдай қалыптастыру жолымен;
- ғылыми-техникалық саясат және т. б. ;
Инвестициялық саясаттың мақсаты болып инвестициялық қызметті жандандыруға, сонымен қатар отандық экономиканы көтеруге және қоғамдық өндірістің тиімділігіне бағытталған Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуының стратегиялық жоспарын жүзеге асыру табылады.
Жалпы мемлекеттік инвестициялық саясаттан басқа салалық, аймақтық және жеке шаруашылық субъектілерін инвестициялық саясатын ерекшелейді. Олардың барлығы өзара тығыз байланысты, бірақ анықтаушы болып жалпы мемлекеттік инвестициялық саясат табылады.
Әлемдік қауымдастық кейінгі кезде Қазақстанға үлкен сенімділікпен қарайды. Бұл заңдық базада құрылған әлеуметтік және саяси тұрақтылық негізінен және бұл экономиканың ерекше салаларына көп инвестицияның құйылуына және оның экономикалық потенциалының жоғарылауына сенуге мүмкіндік береді.
1998 ж. 30 шілдеде Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен «Шетел инвесторларының кеңесі» қалыптасты - Қазақстан Республикасының Президенті кезіндегі кеңестік орган. Ол инвестициялық климатты жақсарту, Қазақстан Республикасы экономикасына шетел инвесторларын тарту стратегиясы бойынша ұсынысты жетілдіруге құрылған. Бұл кезде инвестициялық жобаларды таңдауды жүзеге асыруда және оларды мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына енгізуге қаржы Министрлігі, экономика Министрлігі, Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлауы бойынша Агенттігі маңызды рөл атқарады.
Астана қаласында қабылданған «2030 ж. дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын жүзеге асыру бойынша шаралар туралы» №3834 1998ж28 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығында ҚР-ң экономикалық дамуының жалпы мәселелерінен басқа, экономикалық өсу стратегиясының принциптері анықталған
Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаты ҚР-ң Президенті бекітетін экономиканың ерекше секторындағы қызмет көрсетуді, жұмыс және тауарлар өндірісінің тез дамуын қамтамасыз ету үшін жағымды инвестициялық климатты жасау болып табылады.
Мақсатқа жету процесінде Қазақстан Республикасы келесі мәселелерді шешді:
- жаңа технологияларды, озат техниканы және НОУ-ХАУды енгізу;
- ішкі нарықтың жоғары сапалы тауарлар мен қызметтерге толуы;
- отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру;
- экспортты бағдарланған және импортты алмастыратын өндірістің дамуы;
- ҚР-ң шикізат базасын рационалды және кешенді қолдану;
- менеджмент пен маркетингке жаңа әдістерді енгізу;
- жаңа жұмыс орындарын құру;
- жергілікті кадрларды үздіксіз оқыту жүйесін енгізу, олардың квалификация деңгейін жоғарылату;
- өндірістің интенсификациясын қамтамасыз ету;
- қоршаған табиғи ортаны жақсарту.
Өндірістік позициядағы инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу капитал салымы нысанында жүзеге асырылады және ҚР-ң мемлекеттік билік органымен жүргізіледі, бұл нақты - құрылысқа шығындар - мекемені құру кезіндегі монтаж жұмыстары, машинаны және жабдықтарды жөндеуге сатып алулар; салынатын кәсіпорын дирекциясының мазмұны; кадрларды дайындау және қайта дайындау және т. б.
1. 2 Кәсіпорынның инвестициялық саясаты және инвестициялық ресурстарын қаржыландыру көздері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz