Қазақстан "қайта құру" жылдарында



Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім
1. Қазақстан "қайта құру" жылдарында
2. “Желтоқсан оқиға емес, ол . ұлт.азаттық көтеріліс”

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
"Қайта құру" кезіндегі республиканың қогамдық-саяси өміріндегі өзгерістер. 1986жылғы Желтоқсан оқигасы 1985 жылғы сәуір айында Кеңестер Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Онда Орталық партия Комитетінің Бас хатшысы М. С. Горбачев баяндама жасап, қоғамды демократиялық бағытта қайта қүру жөнінде шешім қабылданды. Бірақ бұл шешім тек сөз жүзінде қалды. Іс жүзінде ол кеңес қоғамын ыдыратуды тездетті. Оны Қазақстанның партия, кеңес органдары қызметінен байқауға болады.
Тоқырау жылдарында Одақтың барлық ауқымында, оның ішінде Қазақстанда да басқару ісінде жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар орын алғаны белгілі. Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамында бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды іріктеуде тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды. Бұл Коммунистік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде корініс тапты. Көптеген басшы партия қызметкерлері мен партия комитеттері ескіше қызмет етті. Казақстан Компартиясының Орталық Комитеті құрамында сапалық өзгерістер аз бол-,ды. Осыдан келіп, аса маңызды мәселелерді шешуде принципсіздік, тұрақсыздық, коғамдағы жағымсыз жағдайларды жасыруға, аздаған жақсы істерді ерекше мадақтап, жоғары көтермелеп тек жақсы жағынан көрсетуге тырысты. Сол кездегі Республика Министрлер Кеңесінің төрағасы Н. Ә. Назарбаев 1986 жылғы ақпан айында өткен Қазақстан Компартиясы XVI съезінде жасаған баяндамасында және съезде шығып сөйлеген басқа да делегаттар осындай келеңсіз жағдайларды өткір сынға алды. Олар көптеген күрделі және маңызды мәселелерді партия комитеттерінің дер кезінде шешпейтінін, олардың қызметі ауқымынан тыс қалатынын, күрделі мәселелерді шешуге ескіше қараудың кеңінен орын алып отырғанын ешқандай бүкпесіз айтып берді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Ч. Мусин: «Қазақстан тарихы»,
2. «Егемен Қазақстан» газеті, 2006, 14 нөмірі.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім
1. Қазақстан "қайта құру" жылдарында
2. “Желтоқсан оқиға емес, ол – ұлт-азаттық көтеріліс”

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

"Қайта құру" кезіндегі республиканың қогамдық-саяси өміріндегі
өзгерістер. 1986жылғы Желтоқсан оқигасы 1985 жылғы сәуір айында Кеңестер
Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Онда Орталық
партия Комитетінің Бас хатшысы М. С. Горбачев баяндама жасап, қоғамды
демократиялық бағытта қайта қүру жөнінде шешім қабылданды. Бірақ бұл шешім
тек сөз жүзінде қалды. Іс жүзінде ол кеңес қоғамын ыдыратуды тездетті. Оны
Қазақстанның партия, кеңес органдары қызметінен байқауға болады.
Тоқырау жылдарында Одақтың барлық ауқымында, оның ішінде Қазақстанда
да басқару ісінде жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты
көптеген келеңсіз құбылыстар орын алғаны белгілі. Бұл жылдары ұлт
саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген
ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамында бұл кезде қоғамдық
ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс
алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының
айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды іріктеуде тек туыстық,
жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды. Бұл
Коммунистік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық
деңгейінде корініс тапты. Көптеген басшы партия қызметкерлері мен партия
комитеттері ескіше қызмет етті. Казақстан Компартиясының Орталық Комитеті
құрамында сапалық өзгерістер аз бол-,ды. Осыдан келіп, аса маңызды
мәселелерді шешуде принципсіздік, тұрақсыздық, коғамдағы жағымсыз
жағдайларды жасыруға, аздаған жақсы істерді ерекше мадақтап, жоғары
көтермелеп тек жақсы жағынан көрсетуге тырысты. Сол кездегі Республика
Министрлер Кеңесінің төрағасы Н. Ә. Назарбаев 1986 жылғы ақпан айында өткен
Қазақстан Компартиясы XVI съезінде жасаған баяндамасында және съезде шығып
сөйлеген басқа да делегаттар осындай келеңсіз жағдайларды өткір сынға алды.
Олар көптеген күрделі және маңызды мәселелерді партия комитеттерінің дер
кезінде шешпейтінін, олардың қызметі ауқымынан тыс қалатынын, күрделі
мәселелерді шешуге ескіше қараудың кеңінен орын алып отырғанын ешқандай
бүкпесіз айтып берді.

1. Қазақстан "қайта құру" жылдарында
Қазақстанның жоғарғы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу
кеңінен орын алды. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі,
республиканың тарихи жағдайы, оның салт-дәстүрі есепке алынбады. Мұндай
жағдай 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Ор-талық
Комитетінің бірінші хатшысы Д. А. Қонаевты орнынан алған кезде айырықша
көзге түсті. Пленум мәжілісі небары 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде 22
жыл Қазақстан Компартиясыи басқарған Д. А. Қонаев қызметінен алынып, оның
орнына Мәскеу жіберген Г. В. Колбин сайланды.
Мұның өзі қайта құру мен демократиядан үлкен үміт күтіп отырған
республика халқының, соның ішінде қазақ жастарының наразылығын туғызды.
Пленум откеннен кейін екінші күні Орталық партия Комитсті үйі алдындағы
алаңға өздерінің Пленум шешімімен келіспейтіндігін білдіру үшін жұмысшы
және студент жастар, оқушылар, т. б. жиналды. Олардың қолдарында ұстаған
ұрандарының арасында "Әр халықтың өз ұлттық косемі болу керек" деген ұран
болды. Мұндай көсемнің Қазақстанда тұратын орыс халқы еөкілдерінен де
мүмкін екендігі айтылды. Міне, осындай күрделі жағдайда Г. В. Колбин партия
Орталык Комитетінің бюро мәжілісін шақыртып, оған С. М. Мұқашев, Н. Ә.
Назарбаев, 3. К. Камалиденов, О. С. Мирошхин, М. С. Меңдібаев, А. П.
Рыбников, Л. Е. Даулетова, В. Н. Лобов, т. б. қатынасты. Бірақ олар алаңға
шыққан жастардың жүрегіне жол таба алмады.
Алаңда болып жатқан жағдай, республика басшыларының, соның ішінде Г.
В. Колбиннің ойында қазақ жастарының арасында елдегі социалистік құрылысқа
қарсы астыртын әрекет, ұлтшыл ұйым бар деген пайымдау мен арам пиғылды
туғызды. Бірақ ондай ұйымның бар-жоқтығы кейін қанша тексерсе де
анықталмады. Алаңда жиналған халық пен милиция және әскерлер арасында
қақтығысулар жүрді. Ереуілге қатысушылар таспен, таяқпен қаруланып жазала-
ушыларға қарсылық көрсетті. Олар жастарға мұздай су шашып, алаңнан қуу үшін
алаңға әкелінген бірнеше өрт сөндіргіш машиналарды өртеп жіберді.
Қақтығысудың ба- рысында Е. Сыпатаев және С. Савицкий деген азаматтар қаза
тапты. Осыған байланысты үкімет органдары алаңға шығушыларға қарсы күш
қолдана бастады. Алматыға ба-сқа жерлерден арнайы әскери бөлімдер әкелінді.
1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық Комитеті "Қазақ республикалық партия
ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру
жұмысы туралы" арнайы қаулы қабылдады. Онда 1986 жылғы Желтоқ-сан оқиғасы
Қазақстандағы ұлтшылдықтың көрінісі деп бағаланды. Бірақ кейіннен бұл шешім
қате деп табылды. Өйткені қазақ халқы ешуақытта ұлтшыл болып көрінген емес
еді.
Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы шеруінің түрі ұлттық
болғанымен ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде орыс
халқына қарсы бағытталмаған болатын. Шеру саяси сипаттағы бейбіт
демонстрация еді, мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқты. Бірақ
республиканың және орталықтың партиялық-бюрократиялық құрылымы тарапынан ол
экстремистік пиғылдағы ұлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланды. Жүйе оны
"Қазақ ұлтшылдығы" деп айыптауға дейін барды.
Осыған байланысты 1987 жылғы 14 наурызда өткен Қазақстан Компартиясы
Орталық Комитеті Пленумының шешіміне сәйкес партия ұйымдарында тазалау
басталды. Атап айтқанда, өздерінің жіберген қателіктерін ашық мой-
ындау, номенклатуралық жетекші қызметкерлерге мінездеме беруді
жаңарту, бастауыш партия ұйымдарында жеке коммунистердің, ал жетекші
қызметкерлердің ез қызмет орындарында, тұратын жерлерде есептері тыңдалды.
Есеп беру барысында, тек 1987 жылы облыстық партия коми-теттерінде істейтін
жауапты қызметкерлердің 28 пайызы, ал қалалық және аудандық партия
комитеттерінің әрбір үшінші қызметкері жұмыстан босатылды. Олардың әрбір
оныншысы қызметте жіберілген кемшіліктері үшін деген мінездемемен орнынан
алынды. Мұндай тазарту жұмыстары сондай-ак кеңес, кәсіподақ, комсомол
органдарында да кеңінен жүргізілді.
Желтоқсан оқиғасы бойынша тергеу барысында 99 адам сотталды, 264 адам
жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды. 1164 БЛКЖО
мүшесіне, 210 партия мүшесіне әр түрлі жаза берілді, 52 адам КОКП қата-
рынан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және
Көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының
12 ректоры қызметінен алынды.
Жергілікті кадрларды қуғынға салған Г. В. Колбин Орталық партия
Комитеті бюро мүшелерініц пікірімен санаспады, олардың талаптарын
қабылдамады, мәселелерді көп жағдайда өз еркімен шешті. 1989 жылы наурыз
айында Г. В. Колбин Халықтық бақылау комитетінің төрағасы болып
тағайындалып Мәскеуге кетті. Оның орнына сол жылғы шілдеде Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Н. Ә. Назарбаев
сайланды.
Мәселені әрі қарай тексеру үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі жанынан
арнайы құрылған, Мүхтар Шаханов бастаған комиссия егжей-тегжейлі тексерді.
Оның барысында, қазіргі кезеңнің талабымен қарағанда, алғаш рет демокра-тия
және жариялылық жағдайындағы халықтың еркіндік үшін көтерген талабы меп
ескі партиялық ойлау арасындағы қақтығыстың болғандығы ашып көрсетілді.
Бір ерекше айтып кететін жәйт, қайта құру жағдайында бұқаралық
хабарлама органдары елдегі, соның ішінде Қазақстанда болып жатқан
жағдайларды, езгерістерді ешқандай бүкпесіз ашық жариялап отырды. Әсіресе,
республикада орын алған әлеуметтік және ұлттық қайшылықтар жөнінде жан-
жақты айтылды. Соның арқасында еңбекшілердің азаматтық және ұлттық сана-
сезімі едәуір өсті. Халық арасында орын алған жұмыссыздық, балалар өлімі,
халықтың мәдени-тұрмыстық, үй-жай жөнінде әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп,
оның қорытындылары ашық жарияланып отырды. Мұның өзі бұқара халықтың саяси-
әлеуметтік белсенділігін күшейтуге көмектесті.
Қайта құру барысында қазақ халқы өзінің тарихы, ұлттық қайта даму, ана
тілі, мемлекеттік егемендік алу жөнінде талаптарын қоя бастады, бұл
мәселелер жаңа қырынан көрініс тапты.

2. “Желтоқсан оқиға емес, ол – ұлт-азаттық көтеріліс”

Осыдан аттай 16 жыл бұрын Республика алаңы халықтың Совет үкіметіне және
олардың көсемдерінің шешіміне деген наразылықтан толқып тұрды. Қазақ халқы
бойындағы соңғы ашу-ызасын сыртқа шығарды. Оларды дубинкамен ұрып, суық
сумен мұздатып, қарумен қырғанымен, ұлт деген асқақ рухын өлтіре алмады.
Сол кезде қазақ жастарына жанашырлық танытып, милициялардың жөн-жосықсыз
ұрып-соғуына қарсылық білдіргені үшін “ұлтшыл” деген айдар тағылып,
Ауғанстанға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы майдандарына аттануы және олардың жанқиярлық ерліктері
Әскери коммунизм
Қазақстан экономикасы - қайта құру жылдарында
Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан жағдайы.
“Қазақстаның қазіргі заман тарихы” пәні бойынша оқу әдістемелік кешен
Орталық Қазақстандықтардың 1940-1945 жылдардағы шаруашылығы
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы соғыс және еңбек майдандарындағы қазақстандықтар
Республика экономикалық аймақтарының мәселелері
Қазақстан Республикасындағы тәуелсіздік декларациясының қабылдану сипаты
Қазақстан қазіргі заман тарихы пәннің лекция сабақтарының әдістемелігі
Пәндер