«Ақпараттық менеджмент және сапалы басқару» пәні бойынша электронды-әдістемелік құралды құрастыру


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:
КУРСТЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: ««Ақпараттық менеджмент және сапалы басқару» пәні бойынша электронды-әдістемелік құралды құрастыру»
МАЗМҰНЫ
ПАЙДАЛАНҒАН БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ4
КІРІСПЕ5
1 ХХІ ғасыр - ақпараттық технологиялар ғасыры7
1. 1 Ақпараттық жүйенің мүмкіншіліктері7
1. 2 Электрондық оқулықтарды құру жолдары және оларға қойылатын талаптар10
1. 3 Электрондық оқыту13
1. 4 Сайтты құру технологиялары16
1. 4. 1 HTML17
1. 4. 2 PHP бағдарламалау тілі19
1. 4. 3 MySQL22
1. 4. 4 Macromedia Dreamweaver24
1. 5 Қосымша25
2 «Ақпараттық менеджмент және сапалы басқару» пәні бойынша электрондық оқулықты жүзеге асыру28
2. 1 Сайттың құрылымы28
2. 2 Сайттың жалпы түрі29
2. 3 Сайттың пайдаланушы бөлігі29
2. 4 Сайттың деректер қоры36
2. 5 Сайттың ішкі құрылымының сызбасы38
ҚОРЫТЫНДЫ40
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ41
ҚОСЫМША А43
ПАЙДАЛАНҒАН БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ
Ұсынылған курстық жобаға сәйкес келесі белгілеулер мен қысқартулар тізімі пайдаланылады:
- UML
- HTML
- РНР
- SQL
- WWW
- СSS
- SQL
- ДБ
- ИТ
- АЖ
- World Wide Web;
- Cascading Style Sheets;
- Structured Query Language;
- деректер базасы;
- интерактивті тақта;
- ақпараттық жүйе.
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр - білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Ғылымның барлық салаларында ақпараттандыру үрдісі жүріп жатыр. Компьютерлік технология кеңінен қолданылып, оның маңыздылығы барған сайын артып отыр. Осыған себепті, қазіргі кезде Интернет желісінің кең өріс алуына байланысты сайт жасау жұмыстары өзекті іске айналды. Әрбір мекеме немесе жеке тұлға өзі не бизнесі жайлы жарнамалық мәліметтерді жылдам құрастыратын, өзгертетін деңгейде болуы тиіс.
Заман талабына сай іnternet айтарлықтай қарқынмен дамуда. Маңызды мәселе оқу орындарында білім беру сайттарын өңдеу және білім беру жүйесінде іnternet-технологияларды пайдалану болып табылады.
Шешілетін ғылыми мәселенің қазіргі заманғы жағдайын бағалау: жасалып отырған сайтты жоғарғы оқу орындарындағы менеджмент мамандықтардың оқу жоспарындағы ақпараттық менеджмент пәндерін оқытуда көмекші құрал ретінде қолданылатын болады.
Ақпараттық менеджмент және сапалы басқару студенттердің жан-жақты дайындалуындағы менеджмент мәдениетінің ерекше бөлігі деп санауға болады. Бүгінгі таңда «Ақпараттық менеджмент және сапалы басқару» пәніне байланысты жалпы оқытуға арналған білім беру сайттары аз, осы бір кемшіліктің орнын толтыру курстық жұмыстың өзектілігі болып табылады.
Курстық жобаның мақсаты : «Ақпараттық менеджмент және сапалы басқару» пәні бойынша сауатты, әрі ыңғайлы электрондық оқулықты жасау.
Көзделген мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттер қойылды:
- тақырыпқа сәйкес материалдарды жинап, оларды өңдеу;
- электрондық оқулықты жасау алғы шарттары, құру жолдары және оған қойылатын талаптарды меңгеру;
- сайтты құру технологияcын таңдау және оны компьютерге орнықтыру, баптау;
- «Ақпараттық менеджмент және сапалы басқару» пәні бойынша электрондық оқулықты жобалау және оны жүзеге асыру;
- жасалынған тәжірибеден қортынды шығару.
Зерттеу объектісі: «Ақпараттық менеджмент және сапалы басқару» пәні бойынша электрондық оқулық.
Зерттеу пәні : «Ақпараттық менеджмент және сапалы басқару» пәні және электрондық оқулықты құрастыру жолдары және оған қойылатын талаптар. Сапалы және тиімді электрондық құрал жасау технологиялары.
Зерттеу әдістері: «Ақпараттық менеджмент және сапалы басқару» пәнін оқыту бойынша әдебиеттерді теориялық талдау, саралау әдісі.
Курстық жобаның тәжірибелік маңыздылығы: сайтты жоғарғы оқу орындарындағы «Ақпараттық менеджмент және сапалы басқару» пәнін оқытуда немесе студенттерге көмекші құрал ретінде қолданылуына болады.
Автордың қорғауға шығарылатын негiзгi ережелері :
- жобаның өзектілігі, мақсаты және міндеттері;
- электрондық оқулықтың құрылымдық моделі;
- электрондық оқулықтың функционалдық моделі;
- электрондық оқулықтың интерфейстік жобалауы.
Курстық жобаның құрылымы және көлемi : курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде «Ақпараттық менеджмент және сапалы басқару» пәні туралы мәлімет зерттеу мәселесінің теориялық аспектлері, электрондық оқулық қашықтан оқытудың негізі, оқулықты жасау алғы шарттары, құру жолдары және оларға қойылатын талаптар қарастырылған, екінші бөлімде программалық өнімнің интерфейстік жобалауы, электрондық оқулықтың жалпы түрі, сайттың деректер қоры бөліміне қысқаша сараптама берілген және оқулықтың ішкі құылымының сызбасы ұсынылған [1] .
1 ХХІ ғасыр - ақпараттық технологиялар ғасыры
Алғашқыда қазіргі заманғы есептеу машиналары болмаған кезде адамдар барлық есептеу, іс-жұмыстарын қолмен істеген. Кейін технологияның қарқынды дамуына байланысты көптеген қажетті ақпарат құралдары пайда бола бастады. Осы пайда болған құралдар ішінде әрине өзімізге аса тиімді ақпарат құралы компьютер де бар. Компьютер арқылы ақпаратты сақтауға, өңдеуге, тасымалдауға және де қабылдауға болады. Оның осы тиімді жақтарын пайдалана отырып, тиісті жұмыстарды атқаруға мүмкіндік беріледі. Дами келе көптеген программалау тілдері пайда бола бастады.
Қазіргі таңда дүниежүзілік компьютерлік интернет желісі - ғасырдың 90-жылдары компьютердің дамуына Internet және World Wide Web жүйелері үлкен әсерін тигізгені барлығымызға мәлім. Қазіргі кезде осы бағытта да компьютер өте үлкен қарқынмен дамуда. Оперативті ақпаратты алудағы негізгі құрылғының бірі болуда. Internet желiсi - Бүкiләлемдiк тор - WWW [World Wibe Web] . Берiлген тор құжатттардың өзара бiр-бiрiмен байланысы ретiнде берiледi. Берілуі бойынша Internet желісі түрлі сайттардан тұрады. Сайттарды пайдалана білумен қатар оны құра білуде қажет. Ол әрине көптеген жұмыстарды қажет етеді, ең бастысы ол не мақсатта құрылып жатыр? Әрбiр Web-сайт тексттен, суреттерден, видео үнтаспаларынан тұруы мүмкiн. Мұндай сайттар ғаламшардың кез-келген нүктесiндегi компьютерде болуы мүмкiн. Сондықтан да қазіргі кезде өмірімізді ақпараттық технологиялардың араласуынсыз елестету тіптен мүмкін емес [2] .
1. 1 Ақпараттық жүйенің мүмкіншіліктеріАқпараттың жиналуы, сақталуы, өңделуі және таратылуы қоғамда ақпараттық жүйенің пайда болуына әкелді. Жүйе - бір-бірімен байланысқан және белгілі бір тұтастықты, бүтіндікті құрайтын элементтердің жиынтығы. Жүйе туралы ұғым қашанда элемент, тұтастық, құрылым, байланыс, қатынас, қосалқы жүйе сияқты түсініктермен байланысқан. Жалпы білімнің барлық салаларында бұл ұғым әр түрлі мағыналарды білдіреді. «Жүйе» ұғымына «ақпараттық» сөзінің қосылуы оны құру және жұмыс істеу мақсатымен бейнеленеді. Ақпараттық жүйе нақты экономикалық объект үшін құрылады. Ақпараттық жүйелер қандай да бір облыста тапсырма шешімін қабылдау процесінде қажетті ақпараттарды іздеу, өңдеу және жинауды қамтамасыз етеді.
Ақпараттық жүйелер - мәліметтерді жинақтау, өңдеу және басқару қызметтерін автоматты түрде жүзеге асыратын және құрамына мәлімет өңдеудің техникалық құрылғылары, программалық қамсыздандыру және қызмет етуші персонал енетін қолдану саласына бейімделген арнайы жүйе болып есептеледі [3] .
Қазіргі заманғы ақпараттық жүйе түсінігі, ақпаратты өңдеуге арналған негізгі техникалық құрал ретінде дербес компьютерді пайдаланумен түсініледі. Үлкен ұйымдарда ақпараттық жүйенің техникалық базасы құрамына дербес компьютермен қатар мэйнфрейм немесе супер ЭЕМ кіреді. Сонымен қатар, ақпараттық жүйенің техникалық тағайындалуы адамның кірісуінсіз мүмкін емес, себебі ақпарат оған арналған және онсыз алу және тағайындау мүмкін емес. Компьютер мен ақпараттық жүйе арасындағы айырмашылықты түсіну қажет. Компьютерлер, арнайы программалық құралдармен жабдықталған ақпараттық жүйенің техникалық базасы және құралы болып табылады [4] .
Ақпараттық жүйенің құрылымы - бұл қосалқы жүйенің атқарымдылық тағайындалуы мен олардың ішкі ортадағы өзара әрекетін анықтайтын бөлек қосалқы жүйелері мен элементтері арасындағы ішкі кеңістікте уақытша байланыстары мен қатынастарының салыстырмалы орнықты тәртібі.
Ақпараттық жүйенің құрылымы оның жүйешелер (подсистема) деп аталатын бөлек бөліктер жиынтығынан тұрады. Жүйеше - бұл белгілі бір атауы бойынша ерекшеленген, жүйенің бөлімі [5] .
Ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын пайдалану саласына тәуелсіз, жүйелер жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда құрылымдық мағынасын классификация деп, ал жүйешелерді қамсыздандырушы деп атайды. Ақпараттық жүйенің құрылымы 1. 1 суретке сәйкес көрсетілген.
Сурет 1. 1 Ақпараттық жүйенің қамсыздандырушы жүйеше жиынтығы ретіндегі құрылымы
Ақпараттық жүйе компьютерлер, компьютерлік желілер, бағдарламалық өнімдер, мәліметтер базасы, адамдар, әр түрлі техникалық және программалық байланыс құрылғылары және т. б. элементтерден тұратын орта. АЖ-нің негізгі мақсаты - ақпаратты сақтау мен жіберуді ұйымдастыру. Ақпараттық жүйе ақпаратты өңдеудің адам - компьютерлік жүйесі болып табылады [6] .
Кез келген міндеттегі ақпараттық жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін процестерді мына бөліктерге бөлуге болады:
- ішкі немесе сыртқы көздерден ақпаратты енгізу;
- кіріс ақпаратты өңдеу және оны ыңғайлы түрде ұсыну;
- тұтынушыларға ұсыну үшін ақпаратты шығару немесе басқа жүйеге жіберу;
- кері байланыс - кіріс ақпаратты түзету үшін осы ұйымның адамдарымен өнделген ақпарат.
АЖ келесі қасиеттерімен анықталады:
- кез келген АЖ талқыға салынуға, жүйені құрудың жалпы принциптері негізінде құрылуы және басқарылуы мүмкін;
- АЖ динамикалық және дамушы болады;
- АЖ-ні құру кезінде жүйелік тәсілді қолдану қажет;
- АЖ-нің шығыс өнімі ақпарат, оның негізінде шешім қабылданады;
- АЖ-ні ақпаратты өңдеудің адам -компьютерлік жүйесі ретінде қабылдау керек [7] .
АЖ-нің жұмысын түсіну үшін ең алдымен олар шешетін мәселенің мәнін, сонымен қатар ол енгізілген ұйымдастырушылық процестерін түсініп алу қажет. Мысалы, шешімді қабылдауды қолдау үшін компьютерлік АЖ-нің мүмкіншілігін анықтау кезінде мыналарды ескеру керек:
- шешіліп жатқан басқарушылық есептердің құрылымдығын;
- шешім қабылдану керек болатын фирманың басқару иерархиясының деңгейін;
- шешіліп жатқан есептің бизнестегі функционалдық саласына қатыстылығын;
- қолданылатын ақпараттық технологияның түрін.
Компьютерлік АЖ-де жұмыс істеу технологиясы компьютерлік емес, саладағы мамандарға түсінікті және кәсіптік қызмет процестерін бақылау мен оларды басқару үшін қолданылуы мүмкін.
Қазіргі қоғамның ақпарттануы мен іс жүзінде барлық салалардағы, соның iшiнде бiлiмде де, жаппай жаһанды коммуникациясының мінездемесі - ақпартаттық-коммуникциалық технологиялардың белсендi қолдану процесi [8] .
Соған орай оқу орындарында ақпаратты жылдам, сапалы және ыңғайлы беру үшін ақпарттық технологиялар қолданылады.
Электрондық оқулықтарды құру жолдары және оларға қойылатын талаптарЭлектронды оқулық дегеніміз - мультимедиялық оқулық, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.
Электронды оқыту бейне, аудио, мультимедиа технологиясы мен олардың әр түрлі комбинацияларын енгізуге байланысты болып отыр.
Электронды оқытудың негізгі мәселелері ақпараттық-коммуникативтік технология негізінде ақпараттық білім беру ортасын құру және оны тиімді пайдалану болып табылады [9] .
Электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді: кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады; гипермәтіндік түсініктемелердің көп рет қолданған кезде уақытты үнемдейді; белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады.
Электронды оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулыктарды» пайдалану окушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана коймай ойлау жүйесін калыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай ақпараттандыру арқылы жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет.
Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, оқушыға оқу материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады. Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір оқушымен жеке тұлғалық оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен бірге ұйымдастыруды жобалайды [10] .
Осылайша ақпараттық технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.
Электронды оқытудың технологиялық құралдарын былайша топтастыруға болады:
- Аппараттық құралдар, мультимедиалық бағдарламалар және Интернет.
- Электронды оқытуды әзірлеудің бағдарламалық құралдары.
- Оқу үрдісін басқарудың ақпараттық жүйесі.
Мемлекеттік стандарт бойынша электронды оқулықтың басылымына мынадай талаптар қойылады: оның құрылымы, функциясы, мазмұны, оқыту элементтері, көркемделуі, құжаттандырылуы.
Электронды оқулықты құру жолы. Электронды оқулықты құруда мынадай дидактикалық шарттарды ескеру керек:
- Белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электронды оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуында.
- Электронды оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тапқырыптарға лекция конспектісіні қамтитын негізгі: зертханалық және практикалық тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалға қатысты анықтама библиографиядан тұратын көмекші аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест материалды дайындауда пайдаланылатын әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуын.
- Электрондық оқулықтың кәдімгі оқулықтар мазмұыны қайталамауын, яғни берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру керек.
- Белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен атрық болмауы тиіс. Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын болса, онда экранда пайда болатын оң жақ тік төменгі көлденең жылжыту сызықтарын электрондық оқулықты пайдаланушының көп пайдалануына тура келеді. Мұның өзі пайдалаушының материалға қатысты ойын бөледі және мәтінді жоғары тілмен оңға солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер етеді.
- Бір қатардағы мәтін 62-65 таңбадан аспауы тиіс. Себебеі материлды баспаға шығару қажет болса, ол А4 көлемді параққа дұрыс түсетіндей болуы керек.
- Оқулықты шектен тыс иллюстрациялық, анимациялық тұрғыдан көркемдеу пайланушыға кері әсерін тигізуі мүмкін. Бірақ кейбір пәндерге атап айтқанда, физика, химия, биология сияқты пәндерге қатысты процестерді анимациялап көрсету тіпті кинофильмдер мен диафильмдер үзінділерін MPEG. AVI типті файлдар ретінде сақтап, оларды гипермәтінде формат арқылы электрондық оқулыққа кірістіру оқулықтың көркемдік, әдістемелік деңгейін арттырады [11] .
Электронды оқулықтың құрлымы. Кез келген оқулық екі негізгі бөлімге бөлінеді: мазмұнды және процессті. Сонымен қатар, тағыда екі бөлім қосылады: басқарушы және диагностикалық. Оқулықтың мазмұнды бөлімі келесі компоненттерді қосады: танымдық, демонстарциялық. Процесттік бөлім келесі компонеттерден тұрады: модельдеуші, бақылаушы, бекітуші. Танымдық компоненет оқушыға білім беруге бағытталған. Бұл, мәтіндік ақпарт болып табылады. Демонстрациялық компонент бұл - бақылау тапсырмалары, яғни танымдық компонентті толыққанды ашушы бөлім. Бақылау - бекітуші компонент оқушының материалдық қадам көрсетеді. Бағыттаушы бөлім электронды оқулықтың программалық қабықшасы. Диагностикалық бөлім нақты программының статистикалық ақпаратын сақтайды. Электронды басылымның мазмұнының құрылымына қойылатын талаптар [12] .
Электронды басылым контенті оқытудың үш деңгейі семантикалық бірлігіне бөлінуі тиіс:
- 1-деңгей.
Модуль - оқытудың ірі синтаксистік, семантикалық, фрагматикалық бірлігі болып табылады және блоктан блокқа ақпараттар мазмұны және көлемнің біртіндеп өсуінің байланысы бар блоктардың кезектелуінен тұрады;
- 2-деңгей.
Блок - оқытудың орташа синтаксистік, сегмантикалық, фрагматикалық бірлігі болып табылады және сабақтан сабаққа өтетін ақпараттар мазмұны және көлемнің біртіндеп өсуінің байланысы бар блоктардың кезектелуінен тұрады;
- 3-деңгей.
Сабақ - оқытудың минималды синтаксистикалық, сегмантикалық, фрагматикалық бірлігі болып табылады және оқытудың бірнеше элементтерінен тұрады. Сабақ оқытуда теорияның материал, мысалдар, тапсырмалар, сұрақ - жауаптар және тестілер міндетті элементтері болуы тиіс. Оқытуда міндетті емес болатын элементтер: анықтама, графика, аудио және видео. Электронды оқулықтарды безендіруде қойылатын талаптар.
Электронды оқулықты безендіруде мәліметтерді нақты, ұғынықты және қолдануға жеңіл қылып құру қажет. Мұнда сөздердің шегі болуы қажет.
- Мәтіннің қарібі мемлекеттік стандартқа сәйкес болуы шарт. Негізгі қаріпті көрсету үшін, ең қолайлы қаріпті қолдану қажет. Көлемі кіші және ең қолайлы қаріптер керекті кезде қолданылуы қажет.
- Электронды оқулықты безендіруде ашық фондарды тек қана қалың қаріппен жазған кезде қолданылады. Мәтіні бар беттер ашық фонда болуы қажет. Қара түсті фон қолданылмайды. Қаріптің түсін стандартты қара немесе қою көк түсті қолдану керек. Қызыл қаріп тақырыптардың атын немесе қажет мәліметті алу үшін қолданылады.
- Фондық түс қолданушының назарын ең төменгі мөлшерде алуы қажет. Негізгі мазмұндағы абзацтар үлкен болмау керек. Олар оқыту материалдарының қабылдауын жеңілдетеді.
- Электронды оқытылу басылымында графикада көмекші мәндер болуы керек және ол оқытудан алшақ кетірмей оқыту материалын меңгерудің жеңілдеуіне көмектеседі. Саяси, діни және басқа материалдарды баспаға берген кезде суреттерге баса назар аудара отырып теріп алу керек. Аудио-видео материалдар негізгі мазмұнның контекстінде үйренушінің өз қалауымен қосылуы керек.
- Басқару элементтері түсінікті, бір мәнді және қарапайым, үйренушінің назарын негізгі оқыту материалынан ауытқуын болдырмауы керек.
- Электронды оқытылу басылымында ашық аумақта басылатын графикалық объектілерін және аудио-видео материалдардың саны мен көлемі минималды болуы керек, өйткені олар компьютердің жадысында көп орын алады және оларды алу кезінде компьютермен желі аралығындағы байланыс арнасы критикалық параметр болып табылады [13] .
Электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді: кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады; гипермәтіндік түсініктемелердің көп рет қолданған кезде уақытты үнемдейді; белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады.
Электронды оқулықтың кемшілігіне экраннан ақпаратты қабылдауы (кітапты оқудан қарағанда экраннан мәтіндік ақпаратты қабылдау біршама кері әсері бар) және кітаппен салыстырғанда бағасы әлде қайда жоғары.
Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану - оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой-өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік-жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнетін болады деп ойлаймын.
1. 3 Электрондық оқытуБілім беруді ақпараттандырудың президенттік бағдарламасы электронды оқулықтарды жасауға себепші болды. Бүгінгі күнде мектептегі білім берудің мазмұнының 60%-ы және кәсіби білім берудің 10%-ы түрлі сандық интерактивті мультимедиалық білім беру ресурстарын (СИМБР) : электронды оқулықтарды (ЭУ) ; мультимедиалық оқыту бағдарламасын (МОБ) ; виртуалды саяхаттарды (ВС) ; электронды дидактикалық құралдарды (ЭДҚ) және т. б. жасау жолымен сандық форматқа көшірілгені бізді қуантады.
Электронды оқулықтардың, дәстүрлі қағаз кітаптардан айырмашылығы «жанды» болып келеді және педагогика ғылымдарының негізін салушы Ян Амос Каменский тұжырымдаған: «Барлық мүмкін деген нәрселерді қабылдауды сезіммен жүзеге асыру керек, атап айтқанда: қабылдау үшін көруді, көзбен; естуді есту қабілетімен; иістерді иіс түйсігімен; дәмге тиістіні дәммен; түйсікке қатыстыны түйсіну жолымен. Егер қандайда болмасын затты бірнеше сезіммен қабылдау керек болса, бірнеше сезімді салу» дидактиканың алтын ережелеріне сәйкес келеді [14] .
Оқылатын пәннің әр тақырыбын авторлар көзбен көру арқылы ұсынған. Мектеп оқушылары оқу материалын көру арқылы қабылдауды қамтамасыз ететін түрлі суреттер, сызбалар, фотосуреттерді көре алады, тарихи және географиялық карталарды, көркем экспонаттарды және тағы басқа көптеген нәрселерді қарастыра алады. Электронды оқулықта, қарастырылып жатқан құбылыстардың өзара байланысын және олардың түпкі мағыналарын ашатын жан бітірімдер ерекше орын алады. Мысалы, оқушы физика, химия, биология пәнінен тәжірибелер жүргізіп және зертханалық жұмыстарын үйінде отырып компьютерде орындай алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz