Жаңажол мұнай газ өңдеу кешенінің №2 мұнайды дайындау цехы ЦПН бойынша мұнайды демеркантандыру қондырғысының автоматтандырылуын жобалау



КІРІСПЕ
I.ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Автоматтандырылатын технологиялық процесс
туралы мәлімет беру
1.2 Бақыланатын, реттелетін және сигналданатын
параметрлерін таңдау
II. АРНАЙЫ БӨЛІМ
2.1 Технологиялық процесті автоматтандырудың функциональдық схемасын қарастыру
2.2 Принципиалды электрлік схеманы қарастыру
ІІІ. ЕСЕПТЕУ БӨЛІМІ
3.1 Стандарты тарылтылған қондырғылардағы қысымның шамасының түсуі бойыншы шығынды анықтау
IV. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
4.1 Автоматтандыру құрылғыларын пайдалану кезіндегі
техника қауіпсіздігі
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативті. техникалық құжаттар
Автоматты реттеу дегеніміз адамның тікелей қатысуынсыз агрегаттың жұмысын немесе процесстің берілген режимін орындау. Автоматты түрде реттеу ескі технологиялық процестерді түбегейлі түрде жетілдіріп және қарқындатып қана қоймай, сонымен қатар қолмен реттеу кезінде мүмкін болмаған, жаңа процестерді іске асыруға мүмкіндік берді. Бұлреттеу түрі адам еңбегін жеңілдетіп, оның өнімділігін арттырады және денсаулыққа қауіпсіз болады.
Автоматты түрде реттеу кезінде адам рөлі проэкциялаумен, монтажбен, жүйені реттеумен және де оның іс-әрекетін бақылаумен шектеледі. Адам автоматтандырылған реттеу кезінде тікелей процесті басқарудан босайды және бұл бөліктегі оның функцияларын автоматтандырылған реттегіштер деп аталатын арнайы қондырғылар іске асырады.
Қарапайым күкірт – Қазақстан Республикасының экономикасы үшін үлкен мәні бар минералды шикізат, адамның тіршілік етуі және өсімдіктердің дамуы мен өсуі үшін айрықша маңызды инертті, уытты емес минерал. Осы химиялық элемент аз мөлшерде тіршілік иелерінің бәрінде, соның ішінде адам ағзасында да бар және жер қыртысының шамамен 0,05%-ын құрайды.
Күкірт сонымен қатар шикі мұнай мен ілеспе газдың құрамында бар. Мысалы, Теңізде өндіріліп жатқан мұнайдың құрамында шамамен 14% күкіртті сутек пен басқа да күкіртті қосылыстар бар.
Күкірт өнеркәсіптік шикізат ретінде 30 мыңнан астам өнім түрлерін өндіруде қолданылады, соның ішінде бірінші кезекте минералдық тыңайтқыштар және қағаз, резеңке, асфальт, тоқыма, косметика, пластмасса және бояу өндірісінде маңызды компонент болып табылады.
Күкірт нарығының жаһандық болжамына тоқталсақ, күкіртке деген сұранысты 2016 жылға дейін жыл сайын 4%-ға өседі деп бағамдаймыз. Сонымен бірге шикі газ өндіретін ірі өндіріс орындарын іске қосқалы жатқан Қытай мен Өзбекстан тарапынан да таяудағы бірнеше жыл бойына белсенді бәсекелестіктің басталатынын болжап отырмыз. Осының бәрін ескеретін болсақ, Қазақстанның әлемдік нарықтағы жетекші күкірт жабдықтаушы ретіндегі көшбасшылығын сақтау үшін біршама күш жұмсауға тура келеді.
Қазіргі уақытта тиісті инфрақұрылымды дамытуға арналған бірқатар жобалар жүзеге асырылуда, соның нәтижесінде күкірт сату көлемі алға қарай одан әрі артатын болады.
Күкіртті өнеркәсіптік ашық сақтау – бүкіл әлемде өнімнің осы түрін сақтаудың жалпыға бірдей қабылданған тәсілі болып табылады. Польша, Ирак, Мексика, Ресей, АҚШ және Канада елдерінде – күкіртті өнеркәсіптік көлемде ашық сақтау тәжірибесі қалыптасқан.
Ауқымы жөнінен күкіртті ашық сақтайтын ең үлкен қоймалар Канадада, мұнда күкіртті блоктарда сақтау өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бері қолданылып келеді.
1) А.Ф Колягин « Автоматизация производственных процесов и АСУТП газонефтепроводов»
2) В.И Мичков, А.Г Арнополин « Электро-оборудование насосных и компрессорных станций» Москва «Недра» 1991
3) В.Г Зезин, В.А Лазуков « Определение росхода сплошных сред методом переменного перепада давления» Челябинск 2007
4) М.Ю Трахова « Автоматизация производственных процесов в трубопровдном транспорте» Часть 2
5) «Техникалық терминдео» сөздігі Алматы 2009

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Автоматты реттеу дегеніміз адамның тікелей қатысуынсыз агрегаттың жұмысын немесе процесстің берілген режимін орындау. Автоматты түрде реттеу ескі технологиялық процестерді түбегейлі түрде жетілдіріп және қарқындатып қана қоймай, сонымен қатар қолмен реттеу кезінде мүмкін болмаған, жаңа процестерді іске асыруға мүмкіндік берді. Бұлреттеу түрі адам еңбегін жеңілдетіп, оның өнімділігін арттырады және денсаулыққа қауіпсіз болады.
Автоматты түрде реттеу кезінде адам рөлі проэкциялаумен, монтажбен, жүйені реттеумен және де оның іс-әрекетін бақылаумен шектеледі. Адам автоматтандырылған реттеу кезінде тікелей процесті басқарудан босайды және бұл бөліктегі оның функцияларын автоматтандырылған реттегіштер деп аталатын арнайы қондырғылар іске асырады.
Қарапайым күкірт - Қазақстан Республикасының экономикасы үшін үлкен мәні бар минералды шикізат, адамның тіршілік етуі және өсімдіктердің дамуы мен өсуі үшін айрықша маңызды инертті, уытты емес минерал. Осы химиялық элемент аз мөлшерде тіршілік иелерінің бәрінде, соның ішінде адам ағзасында да бар және жер қыртысының шамамен 0,05%-ын құрайды.
Күкірт сонымен қатар шикі мұнай мен ілеспе газдың құрамында бар. Мысалы, Теңізде өндіріліп жатқан мұнайдың құрамында шамамен 14% күкіртті сутек пен басқа да күкіртті қосылыстар бар.
Күкірт өнеркәсіптік шикізат ретінде 30 мыңнан астам өнім түрлерін өндіруде қолданылады, соның ішінде бірінші кезекте минералдық тыңайтқыштар және қағаз, резеңке, асфальт, тоқыма, косметика, пластмасса және бояу өндірісінде маңызды компонент болып табылады.
Күкірт нарығының жаһандық болжамына тоқталсақ, күкіртке деген сұранысты 2016 жылға дейін жыл сайын 4%-ға өседі деп бағамдаймыз. Сонымен бірге шикі газ өндіретін ірі өндіріс орындарын іске қосқалы жатқан Қытай мен Өзбекстан тарапынан да таяудағы бірнеше жыл бойына белсенді бәсекелестіктің басталатынын болжап отырмыз. Осының бәрін ескеретін болсақ, Қазақстанның әлемдік нарықтағы жетекші күкірт жабдықтаушы ретіндегі көшбасшылығын сақтау үшін біршама күш жұмсауға тура келеді.
Қазіргі уақытта тиісті инфрақұрылымды дамытуға арналған бірқатар жобалар жүзеге асырылуда, соның нәтижесінде күкірт сату көлемі алға қарай одан әрі артатын болады.
Күкіртті өнеркәсіптік ашық сақтау - бүкіл әлемде өнімнің осы түрін сақтаудың жалпыға бірдей қабылданған тәсілі болып табылады. Польша, Ирак, Мексика, Ресей, АҚШ және Канада елдерінде - күкіртті өнеркәсіптік көлемде ашық сақтау тәжірибесі қалыптасқан.
Ауқымы жөнінен күкіртті ашық сақтайтын ең үлкен қоймалар Канадада, мұнда күкіртті блоктарда сақтау өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бері қолданылып келеді. Күкіртті экологиялық тұрғыда қауіпсіз өндіру мен сақтаудың өнеркәсіптік стандарттарын жетілдіруде әлемге көшбасшы ретінде танымал Канаданың бұл тәжірибесі Теңізшевройлдың да күнделікті жұмысында кеңінен қолданылуда.
Ғылыми-зерттеулер нәтижесі күкіртті ашық сақтаудың қоршаған ортаға әсері елеусіз.
Газ өңдеу зауыттарында мұнайды өзге қоспалардан айыру барысында алынған күкірт дүние жүзінің көптеген жерлерінде үлкен көлемде арнаулы орындарда ашық күйінде сақталады және аталмыш өнімді сақтаудың осынау түрі ең қауіпсіз тәсілдердің бірі болып саналады. Канада, Ресей, Сауд Арабиясы және АҚШ-та миллиондаған тонна күкірт ашық алаңдардағы блоктарда ондаған жылдар бойы қауіпсіз сақталуда, содан бергі олардың қоршаған ортаға әсері онша елерліктей емес.
Күкірттің күнделікті өмірде де кең қолданыста екенін ұмытпаған жөн, атап айтсақ, күкірт адам денесіне жағатын май мен крем сияқты медициналық препараттар құрамына кіреді, сонымен бірге косметикалық бұйымдар дайындау үшін және күкірт негізінен химия өнеркәсібінде күкірт қышқылын алу үшін, оқ-дәрі жөне сіріңке өндірістерінде кеңінен пайдаланылады. Жалпы күкірт қазіргі заманда ерекше маңызға ие отыз мыңнан астам өнеркәсіптік өнімдер жасауда қолданылатын бағалы шикізат болып саналады.
Күкірт S - элементтердің периодтық жүйесінің VІ тобындағы химиялық элемент.Реттік нөмірі 16.Тұрақты 4 изотопы бар. Сондай-ақ жасанды жолмен алынған 6 изотопы белгілі. Күкірттің жер қыртысындағы салмақ мөлшері 0,05%, теңіз суында 0,08 - 0,09%. Күкірт біздің заманымыздан 2000 жыл бұрын белгілі болған. Қалыпты жағдайда күкірт сары түсті, бейметалл. Табиғатта бос күйінде және сульфидті, сульфатты тағы басқа минералдар түрінде кездеседі. Күкірттің бірнеше кристалдық түрлері белгілі, оның ішіндегі орнықтылары ромбылық α-күкірт және моноклинді β-күкірт. Күкірттің тығыздығы 2,07 гсм3 (α-түрі) және 1,96 гсм3 (β-түрі), балқу температурасы 112,8°С, қайнау температурасы 444,6°С, жылу өткізгіштігі 0,208 Вт(м·град), суда ерімейді, бензолда жақсы ериді, қыздырғанда молекуласындағы атом саны бірте-бірте кемиді: S8-- S6-- S4-- S2 соңында 2000°С-тан жоғары қыздырғанда буында жеке атомдар пайда болады. Салқындатқанда осы процесс кері айналып полимерлену құбылысы жүреді.Қосылыстарында - 2-ден +6-ға дейін тотығу дәрежелерін көрсетеді. Азот, йод, алтын, платина және инертті газдардан басқа элементтердің бәрімен әрекеттеседі. Күкірт металдармен реакцияда болғанда өте көп жылу бөлініп шығады. Оттекпен бірнеше оксид түзеді. Күкірт полиметалдық кендер, газ және мұнайды тазалау кезінде олардан қосымша өнім ретінде алынады.

I.ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
0.1 Автоматтандырылатын технологиялық процесс
туралы мәлімет беру

Жаңажол кен орнындағы мұнайды меркаптансыздандыру қондырғысы Жаңажол газ өңдеу заводының технологиялық мұнайды тазалау қондырғысы болып табылады, оның құрамына Қазақстан Республикасының ААҚ СНПС Ақтөбемұнайгаз кіреді.
Қондырғының I, II кезегі 2003ж., III кезегі 2005ж. Іске қосылды. Технологиялық процесті құрастырушы - Merichem Texas фирмасы. Генералды жобалаушы - Хуадунский проектно-изыскательский институты, Қытай. Ұйымдастыру құрылысы - Қытай мұнайлы инженерлі-құрылыс корпорациясы (ҚМИҚК).
Мұнайды меркаптансыздандыру қондырғысы күкіртсутегіні және С1 - С2 төменмолекулярлы меркаптандарды мұнайдан катализаторлы комплекстің сілтілік ерітінді арқылы меркаптандардан тазалауға арналған. Оттекті ауа беру арқылы меркаптидті дисульфидті майларға тотықтыру. Қондырғы сілті ерітіндісін дайындау бөлімінен, мұнай дайындау бөлімінен, компрессорлық, сораптық, сілті тұрағының резервуарларынан және бөліп таратқыш пункттерден тұрады. Қондырғы 3 кезектен тұрады, оның әрқайсысының қуаты 2,5 млн тжыл. Әр жіпшеде күкіртсутегінен және нафтен қышқылынан ажырайтын бір сыйымдылық, тағы бір сыйымдылық мұнайдан меркаптанды тазарту үшін, сілті ерітіндісін циркуляциялайтын сораптар және құрамына ауа бергіш жүйе кіреді. Тазартылған мұнай МЕСТ - Р 51858-2002-ге сәйкес резервуар паркіне бағытталады. Кеңкияқтың оңтүстік шығысында 40 км жерде Жарқамыс пен Ембі мұнай және газ қорының шығысында Жаңажол кен орны орналасқан. Жалпы осы кен орыны 1978 жылы ашылған. Ал, 1986 жылдан бастап игерілуге берілген.
Бұл кен орынның тереңдігі 3540 метрден бастап, 3550 метрге дейін. Мұнайдың тығыздығы 0,8-0,86 гсм3, ал құрамындағы асфальтендер - 0,59%, күкірт қышқылы 10%.
Жаңажол кенішінің мұнай қорлары екі карбонатты қалыңдықта орналасқан. КТ-1 будаларының қорлары игерілуге 1983 жылдан бастап енгізілген, КТ-2 мұнай қорлары 1986 жылдан бастап, игеріле бастады. Жаңажолдың өнімі көмірсутегі, көмірқышқыл газымен, меркаптанның және мұнайдағы газдың жоғары құрамдылығымен сипатталады. 1997 жылы заводтың жабдықтарының ескеруіне байланысты оны қайта құру жөнінде шешім қабылданды. Өйткені, ол жылына 3 млн тжыл мұнай, 800 млн текше метр газ дайындау бойынша өнімділігін жетілдіру қажет болды.
Қазіргі уақытта өндіріс орында өнімді дайындау негізінен Жаңажол газ өңдеу заводының қайта қондырылған қондырғыларында өңделеді. Су қабатын айдайтын сораптар мен сүзгі (фильтр) жаңартылып, технологиялық схемалар өзгертілді.
Мұнай мен газдың сапасы қажетті технологиялық өлшемдерін қамтамасыз ететін қондырғының мұнайдан меркаптанды, күкіртті тазартатын қондырғылар жетілдірілді. Бақылау мен автоматтандыру жүйесі жолға қойылды, ол объектіден тікелей қызмет ететін қызметкерлердің тұрақты қатысуынсыз-ақ оның қалыпты жұмыс істеуін автоматты түрде реттейді. Объектіні ара қашықтықтан басқаруды, апатты жағдайда технологиялық жабдықтардың автоматты түрде қорғалуын қамтамасыз етеді.
ЖГӨЗ құрылысы жобалағанда қоршаған ортаны ластамау жағы қатты қарастырылған. Мұнай-газ, суды, басқа да құралдарды кешенді пайдалану қатаң ойластырылған. Өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету еңбек жағдайын жақсарту ескерілген.
Қазіргі кезде өндіріс орнында өнімді дайындау, негізінен, Жаңажол газ өңдеу зауытының қайта құрылған қондырғыларда өңделеді.
Негізгі объектілерді қайта құру толық орындалды. 8004 млн. теңгенің күрделі қаржысы игерілді. Негізгі объектінің мұнай дайындау қондырғысы МДҚ-1, МДҚ-2 орнатылды.
Металдық құрылыстың бүкіл кешеніне электрохимиялық қорғау орнатылған. Мұнай газын күкіртсутегіден тазарту үшін КТҚ-1, КТҚ-2 күкірт тазарту қондырғысы салынған. Газды күкіртсутектен тазалау қондырғысының өнімділігі 30%-ға ұлғайған.
Жаңажол газ өңдеу зауытының құрылысын жобалау кезінде қоршаған ортаны ластамау жағына үлкен көңіл бөлінді. Мұнай мен газды, суды, басқаларын да кешенді пайдалану қатаң қарастырылған. Құрылысты бақылауда және орындалған жұмыс көлемін бекіту кезеңдерде олардың халықаралық нормалар мен талаптарға сай болуы қадағаланады.
Өткен жылы (2003 жыл) пайдалануға берілген Жаңажол газ өңдеу зауытының өнімділігі жылына 2млн. тонна мұнай дайындау қондырғысы және сақтау объектілері. Мұнай басқа мұнай дайындайтын 2 резервуар және мұнайды меркаптансыздандыру қондырғысы бар. Қазір 2 кезең де толық ашылды: бірінші кезекті 700млн. текше метр газ дайындау қондырғысы 2003 жылдың 30 тамызында пайдалануға берілді.

0.2 Бақыланатын, реттелетін және сигналданатын
параметрлерін таңдау

Мұнайды меркаптансыздандыру қондырғысы құрамына:
Т-101 - 46 % сілті ерітіндісі бар сыйымдылық;
Т-102 - 6,5% сілті ерітіндісі бар сыйымдылық;
Т-103 - 1,5% қолданылатын сілті ерітінді сыйымдылығы;
V-104 - мұнайдың буферлі сыйымдылығы;
Р-101 АВ - мұнай беру насосы;
BS-101 AB - мұнай сүзгісі (фильтр);
FFС-101; FFС-102 - контактор (реактор);
V-101 - нафтенді қышқылдадан, күкірсутектен тазарту сыйымдылығы;
V-102 - меркаптандардан тазарту сыйымдылығы;
V-105 - БӨП ауасындағы буферлі сыйымдылық;
V-106 - дренажды сыйымдылық;
BS-102 АВ, BS-103 АВ - сілтіден (ерітінді) тазалау сүзгісі;
Р-102 АВ - FFC-101 контакторына сілтіні айналым есебінде беретін насос;
Р-105 АВ - FFC-102 контакторға айналым есебінде сілті беретін насос;
С-101 АВ - ауа беретін компрессор;
MSP-104 - ауа және мұнай араластырғышы;
V-103 - ауа жинағыш (ресивер);
P-103 AB - сілтіні Т-102 сыйымдылығына беруші насос;
P-104 AB, P-106 АВ - суды беру насостары;
P-107 АВ - сілтіні беру насосы;
P-108 - дренажды сыйымдылықтан тазартылмаған мұнайды сору насосы;
SP-102 АВ - статикалық аралыстырғыш

II. АРНАЙЫ БӨЛІМ

2.1 Технологиялық процесті автоматтандырудың функциональдық схемасын қарастыру

Мұнайды демеркантандыру қондырғысының автоматтандырылуын функционалды схемасы
Мұнайды меркаптансыздандыру қондырғысының схемасы мына сатылардан тұрады:
1) КТК ерітіндісін (катализатор комплексі) және ИВКАЗ катализаторын дайындау сатысынан;
2) мұнайды күкіртсутегіден және метил-, этилмеркаптандарды тазарту сатысынан.
1. КТК ерітіндісін (катализатор комплексі) және ИВКАЗ катализаторын дайындау.
Т-101 сыйымдылығы 42 - 46%-тік NaOH сілтісін қабылдайды, оны төмен концентрациялы 3,3 - 9,2%-тік NaOH дайындау үшін қолданады. Т-102 сыйымдылығына 2 - 15%-тік NaOH-тың судағы ерітіндісі мен ИВКАЗ КТК-ны (катализатор комплексін) дайындайды. Ол үшін Т-102 сыйымдылығына есептелген мөлшердегі технологиялық су мен 42 - 46%-тік NaOH ерітіндісін қабылдайды. NaOH ерітіндісін циркуляциялық насоспенен концентрациясы біркелкі болғанға дейін бірнеше рет айналдырып айдайды. Қажетті концентрацияға жеткізгеннен кейін оған есептелген мөлшердегі ИВКАЗ катализаторын қосып, циркуляциялық насос көмегімен КТК ерітіндісін 1 - 2 сағат айналдырады, температурасы 500С шамасында болуы керек. Дайындалған КТК ерітіндісін мұнайдың С1 - С2 меркаптандардан және күкіртсутегіден тазартуға қолданады. Т-103 сыйымдылығында су араластырып 9%-тік NaOH ерітіндісін дайындайды.
ИВКАЗ катализаторы күйдіргіш натрдың сұйытылған су ерітінділерінде жақсы ериді (0,5 - 2,0 % мас. шамамен 1,0 % мас.). Сондықтан ең алдымен Т-103 сыйымдылығында 1 - 2 %-тік сілті ерітіндісін дайындайды, содан соң катализатордың қалқасын (0,5 - 1,0 кг) қолымен салады және механикалық араластырғыш көмегімен 5 минут аралығында араластырады. Ерітінді температурасы 400С аспауы керек. ИВКАЗ катализаторының берілуі насос көмегімен жүзеге асырылады. Т-103 сыйымдылығы насосты мекемеде немесе басқа қыздырылатын мекемелерде орналасуы қажет. Т-103 сыйымдылығы Т-102 сыйымдылығы люгі жанында жұмысшы алаңында орналасуы рұқсат етіледі.
Ерітінділердің қатуын болдырмау үшін Е-1 және Е-2 сыйымдылықтары қыздырылушы имек түтіктермен жабдықталуы тиіс.
2. Жаңажол газ өңдеу заводының мұнай дайындау қондырғысынан немесе Жаңажол газ өңдеу заводының резервуарлы паркінен газсызданған, тұзсызданған, сусызданған тұрақты мұнай 0,25 МПа қысымымен меркаптансыздандыру қондырғысының V-104 буферлі сыйымдылығына беріледі. V-104 аппаратындағы мұнай деңгейін 800 - 2200 мм LIC-106 приборымен өлшейді және 60ºС температурасын ұстап тұрады. Буфер сыйымдылығында азоттың көмегімен 0,25 МПа қысымды ұстап тұрады. Мұнай фазасының LIC-101клапанымен реттеліп, содан кейін өңделген сілті-сілті ағымы жиналатын қоймаға және одан әрі тазалау құрылғыларына жіберіледі. Р-101 АВ мұнай насосына келіп түскен мұнай BS-101 AB фильтрінде сүзіліп, меркаптансыздандырудың I сатысы - күкіртсутегі мен С1 - С2 меркаптандардан экстракциялау сатысына V-101 сепаратор-контакторына беріледі. V-101 сепаратор-контакторына NaOH сілтісін дайындау блогынан Т-102 сыйымдылығынан 3,3 % NaOH ерітіндісі беріледі. Сепаратор-контактордың (реактор) ішінде мұнайдың құрамындағы күкіртсутегі, метилмеркаптан, этилмеркаптанның бір бөлігі, сонымен қатар нафтен қышқылдары NaOH сілтісімен мынадай реакцияларға түседі:
H2S + 2NaOН -- Na2S + 2 H2O
RSH + NaOН RSNa + H2O
RСООH + NaOН -- RСООNa + H2O
Көп мөлшерде бұл реакциялардан су түзілетін болғандықтан, NaOH ерітіндісінің концентрациясы төмендеп кетеді. Сондықтан реакцияны аяғына жеткізу үшін NaOH ерітіндісін жаңа ерітіндімен толықтырып, концентрациясын көтеру үшін потпидка беріп отыру керек. Одан әрі контактордан пайда болған реакциялық қоспа сұйық-сұйық принципі бойынша айыру үшін сепараторға беріледі. Қоспаның ауыр фазасы - сульфидтермен, меркаптидтермен және натрий нафтенаттарымен қаныққан катализатор комплексі (КТК) сепаратордың төменгі бөлігінен жарамсыз ерітінді ретінде Т-103 сыйымдылығына бағытталады.
Сепаратордан жеңіл фаза - жеңілдеген мұнай меркаптансыздандырудың II сатысы - ауаның қатысуында тотықтыру үшін V-102 сепаратор-контакторына бағытталады. Мұнайды меркаптансыздандырудың тотықтыру сатысы MSP-104 араластырғышында басталады. Араластырғышқа бір мезгілде беріледі: күкіртсутегі, нафтен қышқылдары және С1 - С2 меркаптандарынан тазаланған мұнай С-101 АВ компрессорына V-103 ауа ресивері арқылы есептелген мөлшерде технологиялық ауа F-101АВ фильтрінен сүзіліп беріледі. Технологиялық ауа мөлшері мұнай шығымына және ондағы жоғары меркаптандардың құрамына қарай есептеліп беріледі. FFC-101 контакторына кірерде Р-102 АВ дозалаушы насос әрекетімен катализатор ерітіндісі беріледі. Сілті ерітіндісінің 37,4-90 м3сағ мөлшердегі шығыны FІC-103 приборы арқылы бақыланады және де FV-103 клапан-реттегішімен реттеліп отырады. Сонымен қатар жүйе үздіксіз FV-104 клапаны арқылы FІC-104 аспабы көмегімен шығыны 1,74 м3сағ автоматты түрде балғын (жаңартылған) сілті ерітіндісімен толтырылады. Р-105 АВ циркуляциялық насос көмегімен V-102 сепараторына КТК ерітіндісі беріледі. MSP-104 араластырғышы арқылы мұнай, катализатор ерітіндісі және еріген ауа толық араласып, V-102 сепаратор-контакторына (реакторға) түседі. Реакторда 0,8 МПа қысымда 550С температурада жылдам аралстыру нәтижесінде этилмеркаптандар аяғына дейін тотығып, жоғары молекулярлы меркаптандар дисульфидтерге дейін мына реакция бойынша тотығады:
2RSН + O2 RSSR + H2O
Реакциядан пайда болған дисульфидтер мұнайда еріп кетеді, ал түзілген су айналымдағы сілті ерітіндісі мен катализаторды ерітеді. Натрий сульфиді ауа оттегісімен натрий сульфаты және тиосульфатына дейін реакция бойынша тотығады:
3Na2S + 4O2 + H2O Na2S2O3 + Na2SO4 + 2NaOН
Мұнай мен КТК ерітіндісінің қоспасы V-102 сепаратор-контакторының жоғары жағынан шығады. Бұл сепараторда ауырлық күші әсерінен мұнай сілті ерітіндісінен айырылады. Төменгі жағынан тұнған сілті мен катализатор ерітіндісі қайтадан MSP-104 араластырғышына беріледі. Концентрациясы төмендеп кеткен сілті мен катализатор ерітіндісі жарамсыз ерітінді ретінде Т-103 сыйымдылығына бағытталады. Т-103 сыйымдылығынан жарамсыз ерітінді уақытылы полигонға тасымалданып отырады. Ал сепаратордың жоғарысынан шыққан меркаптансыздандырылған мұнай резервуар паркінде 500м3 резервуарларға жиналады. Одан магистральға айдалады. Мұнаймен бірге кетіп қалған тамшылы КТК ерітіндісі әлсін-әлсін дренажды сыйымдылыққа шығарылады.
АТ-101 электропровод анализаторымен су шығымын бақылап, 3,1% деңгейдегі сілті айналымының концентрациясын АІСАНL-101контурының көмегімен және АV-101реттегіш клапаны арқылы тұрақты ұстап тұрады.
Негізгі аппараттары, оның конструкциясы, жұмыс принципі, тоқтату және іске қосу, коррозиядан қорғау
Жаңажол газ өңдеу заводындағы қондырғылардың қатарына әр түрлі технологиялық процестерді жүзеге асыратын аппараттар, сораптар, сыйымдылықтар, контакторлар, қыздырғыштар және де құбырлар қолданылады.
Мұнайды меркаптансыздандыру қондырғысында мұнайдың құрамындағы: күкіртсутегін, нафтенді, қышқылдарды сілтілік ерітінді арқылы меркаптандардан тазалауға арналған түрлі қызмет атқаратын қондырғылар бар. Олар: мұнайдың буферлі сыйымдылығы; мұнайды дайындау дәнекері, қатты немесе сұйық бөлшектерді бөлу және фильтрация қызметін атқаратын аппараттарды қолданады. Сонымен қатар, сілті тұратын резервуарлы парктер және операторлық пунктермен байланысып қосылады.
Мұнайды дайындауда сораптардың қызметі: олар сыйымдылыққа сілті ерітіндісін немесе басқа ерітінділерді, суды, ауаны, буды сорып, сұйықтық энергиясына айналдыратын аппарат.
Мұнайдың буферлі сыйымдылығы мұнай дайындау торабы 2,5 млн.тжыл қуаттылықпен жұмыс атқаратын екі жүйеден құралған. Әрбір жүйеде бір сыйымдылық күкіртсутегіден, нафтенді, қышқылдардан тазартады, ал екінші сыйымдылық мұнайдан меркаптандарды тазалауға арналған. Тазарған мұнай жоғарыда аталған резервуар паркіне бағытталады.

Технологиялық режим нормасы

Кесте 3
Кезеңдер, түйіндер, аппараттар, жабдықтар
Режим көрсеткіштері аталуы және процесс жағдайы. Көрсеткіштердің өлшем бірліктері мен жағдайлары
Режим көрсеткіштері мен процесс жағдайлары ның жұмысшы мәні
Режим көрсеткіш тері мен процесс жағдайларының белгілі тербеліс шектері
1
2
3
4
КТК ерітіндісін және ИВКАЗ катализаторын дайындау секциясы
Т-101 - 42 - 46%-тік күйдіргіш натр ерітіндісін қабылдау және сақтау сыйымдылығы

Т-102 - КТК ерітіндісін дайындау және сақтау сыйымдылығы

Т-103 - ИВКАЗ катализаторы ерітіндісін дайындау сыйымдылығы
1. Қысым, МПа
2. Температура, 0С

1. Қысым, МПа
2. Температура, 0С
3. NaOН концентрациясы, % мас.
4. ИВКАЗ концентрациясы, % мас.
5. 200С кезіндегі КТК ерітіндісінің тығыздығы, кгм3

1. Қысым, МПа
2. Температура, 0С
3. ИВКАЗ концентрациясы,% мас.
атм.
20

атм.
20
6

0,01

1065

атм.
20
0,15
атм.
10 - 50

атм.
10 - 50
2 - 15

0,01 - 0,05

1021 - 1164

атм.
10 - 40
0,05 - 0,15

1.Т-101, Т-102 - 46 % және 6,5% сілті ерітіндісі бар сыйымдылықтар. Т-101 және Т-102 сыйымдылықтары ретінде горизонтальды, түбі эллипсті, тегіс балқытылған, құбырлы шоғыры бар, нақты көлемі 40 м3, 0,6 МПа шартты қысымға келетін аппарат қолданылуы тиіс.
2. T-103 - 1,5% пайдаланған сілті ерітіндісі бар сыйымдылық. D=6500 мм, Н=9600 мм, Т=450С.
3. Р-101АВ - мұнай беру сорабы. Қысым тудыру арқылы сұйықтарды бір бағытты қозғалысқа келтіретін гидравликалық машина. Насостар ортадан тепкіш, поршеньдық, ағындық, плунжерлі, диффузорлық жәй әрекетті насос және т.б. болады.
4. FFC-101, FFС-102 - контактор (реактор). Реактор ретінде диаметрі D=1000 мм, 12 даналы диафрагмалармен, диафрагмалар аралығы һ=600 мм болатын колонналы аппарат қолданылады. Реактордағы қоспа диафрагмалар арқылы төменнен жоғары қарай қозғалады. Диафрагмалар тесіктері арқылы сұйықтың ағуының жоғары жылдамдығы реакция кезінде қарқынды араласуына кепілдік береді және реактордағы өнім фазаларға бөлінбейді, керісінше біртекті қоспа түрінде реактордың жоғарғы бөлігінен шығарылады. Реактор корпусында қысымды және температураны өлшеу датчиктерін орналастыратын штуцерлер қарастырылуы қажет.
Реактор сұйықпен толтырылған аппарат болып саналады. Реактордағы қысым 0,5 МПа ұстап тұрады. Бұл қысым мұнайдағы ауаның толықтай еруі үшін қажет. Реактордағы жұмысшы температура 600С. Еріген ауа және КТК ерітіндісі бар мұнай қоспасы реактордан шығарылады және V-101 сепаратор-контакторына бағытталады.
5. V-101, V-102 - сепаратор-контактор. Сепаратор-контактор мұнай - КТК ерітіндіс қоспасын бөлуді қамтамасыз етуі қажет. Сепаратор-контактордың төменгі бөлігі КТК ерітіндісін жинауға арналған сыртқы қалтамен жабдықталған. Сепаратор-контактордағы КТК деңгейі деңгей өлшегіш көмегімен бақыланады. Мұнайдың сепаратор-контактордан шығу бөлігінде тамшы бөлгіш насадка қарастырылған.
V-101, V-102 сепаратор-контакторлар толықтай сұйықпен толтырылған аппараттар болып саналады. Аппараттардағы қысым 0,4 МПа, жұмысшы температурасы - 600С.
V-101, V-102 сепаратор-контакторлар ретінде цилиндрлі сыйымдылықты сыртқы қалтасы бар, аппарат диаметрі 3000 мм, көлемі 100 м3, шартты қысымы 1,0 МПа, жылу изоляцияланған аппаратты таңдап алынады.
6. MSP-104 - ауа және мұнай араластырғышы. Статикалық араластырғыш фланцтармен жабдықталған модульді болып келеді. Модуль корпусында шнек түріндегі араластырғыш құрылғы орналастырылған. Тұрақтандырылған мұнайды беру сызығында 3 - 8 модульдерді монтаждайды және бұлардың бірінші модулі ағынды сағат тілі бойынша, ал келесісі - сағат тіліне қарсы айналдыруы қажет.
7. V-103 - ауа жинағышы. Ауа жинағыш нақты көлемі 2 м3, жұмысшы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңажол мұнай газ кешенінің секциясындағы мұнайды термохимиялық сусыздандыру процесінің автоматтандырылуын жобалау
Мұнайды дайындау қондырғысындағы құбырлы пештерде мұнайды қыздыру процесінің автоматтандырылуын жобалау»
Жаңажол мұнай газ кешенінің №2 зауытындағы үш фазалы сепаратор қондырғысының автоматтандырылуын жобалау
Ақтөбе мұнай өңдеу зауытындағы газды кептіру процесінің автоматтандырылуын жобалау
Жанажол мұнай газ өндеу кешенінің газды кептіру кондыргысының автоматтандырылуын жобалау
Тауарлы мұнайды сақтайтын резервуарлы парктердің автоматтандырылуын жобалау
Жаңажол мұнай газ кешенінінің 4 зауытындағы шикі мұнайды сусыздандыру процесінің автоматтандырылуын жобалау
Жаңажол мұнай газ кешенінің автоматтандырылуын жобалау
Жаңажол кенорынындағы ұңғыманы газлифті пайдалану
Газ орналасқан қабаттың аумағы 36516 мың шаршы метр, мұнайдың аумағы 71475 шаршы метр
Пәндер