Үш байлық



I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2.1. Үш байлық
2.2. Денсаулық . баға жетпес асыл дүние
2.3. Екінші байлық .ақ жаулық
2.4. Ас . адамның арқауы
III Қорытынды
IV Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Валеология жөніндегі сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған зерттемелік сабақтарға арналған жинақ медицинаның осы бір жаңа әрі қарқынды дамып келе жатқан саласындағы тұңғыш оқу-әдістемелік құрал. Валеология — дені сау адамның саулығын одан әрі сақтау мәсе-лелеріне арналған ғылым. Бұрын ауырған адамның сол қалпын сақтап, саулығын жетілдіру, нығайту жолдарын к.арастырады, яғни, аурулардың алдын алатын алғашқы амалдары хақындағы мағлұматтар катарын зерделейді. Түрғындарды сауықтыру маңыздылығы мемлекеттік деңгейде мойындалды және республика халқына арналған Президент Н. Ә. Назарбаевтың жолдауындада ерекше атап көрсетілген болатын.
Біздің қоғамымызда әлі күнге дейін «дені саудың -жаны сау» деген қағиданың қалыптаспағанын; өкінішке орай, атап өту керек те шығар. Жұрттың басым көпшілігі ауру шымбайға батып, дәрігерге жүгінгенде ғана өз денсаулығы туралы ойлай бастайды. Мұның дәрігерлерге де көп жағдайда қатысы бар, себебі дәрігер өз міндетін ауру адамды қарап, тексеру деп түсінеді. Түрғындар денсаулығын қорғауға жан-жақты мүдделі болу үшін отбасы дәрігерлерін дайындауды қолға алу, соны дамытуға көңіл бөлу керек деп есептейміз.
Жинақта болашақ дәрігерлерді кең ауқымды профилактикалық қызметке дайындаудың теориялық және қолданбалы мәселелері жүйелі, дәйекті түрде қарастырылады. Салауатты өмір салтының үғымы анықталынады. Аурудың пайда болу себептеріне және тұрғындар өлімінің деңгейін төмендету мәселелеріне үлкен мән береді. Қатер факторларының сипаттамасы талданады. Жеке бас гигиенасы- аурудың алдын алатын факторлар ретінде баяндалады.
1. Ж.Ж. Жақанбаев – Валеология, Алматы-2003

2. Х.Қ. Сәтбаева, Ж.Б. Нілдібаева – Валеология (Оқу-әдістемелік құрал), Àëìàòû, “Ғылым” 1999

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2.1. Үш байлық
2.2. Денсаулық - баға жетпес асыл дүние
2.3. Екінші байлық –ақ жаулық
2.4. Ас – адамның арқауы
III Қорытынды
IV Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ.
Валеология жөніндегі сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған
зерттемелік сабақтарға арналған жинақ медицинаның осы бір жаңа әрі қарқынды
дамып келе жатқан саласындағы тұңғыш оқу-әдістемелік құрал. Валеология —
дені сау адамның саулығын одан әрі сақтау мәсе-лелеріне арналған ғылым.
Бұрын ауырған адамның сол қалпын сақтап, саулығын жетілдіру, нығайту
жолдарын к.арастырады, яғни, аурулардың алдын алатын алғашқы амалдары
хақындағы мағлұматтар катарын зерделейді. Түрғындарды сауықтыру маңыздылығы
мемлекеттік деңгейде мойындалды және республика халқына арналған Президент
Н. Ә. Назарбаевтың жолдауындада ерекше атап көрсетілген болатын.
Біздің қоғамымызда әлі күнге дейін дені саудың -жаны сау деген
қағиданың қалыптаспағанын; өкінішке орай, атап өту керек те шығар. Жұрттың
басым көпшілігі ауру шымбайға батып, дәрігерге жүгінгенде ғана өз
денсаулығы туралы ойлай бастайды. Мұның дәрігерлерге де көп жағдайда қатысы
бар, себебі дәрігер өз міндетін ауру адамды қарап, тексеру деп түсінеді.
Түрғындар денсаулығын қорғауға жан-жақты мүдделі болу үшін отбасы
дәрігерлерін дайындауды қолға алу, соны дамытуға көңіл бөлу керек деп
есептейміз.
Жинақта болашақ дәрігерлерді кең ауқымды профилактикалық қызметке
дайындаудың теориялық және қолданбалы мәселелері жүйелі, дәйекті түрде
қарастырылады. Салауатты өмір салтының үғымы анықталынады. Аурудың пайда
болу себептеріне және тұрғындар өлімінің деңгейін төмендету мәселелеріне
үлкен мән береді. Қатер факторларының сипаттамасы талданады. Жеке бас
гигиенасы- аурудың алдын алатын факторлар ретінде баяндалады.
Авторлардың пайымдауынша, дәрігерлерді дайындау үрдісінде болашақ
мамандарға адам денсаулығының қалпын, олардың ағзаларының мүмкіндіктерін
сипаттауды, денсаулығындағы өзгерістерді болжай білуге, болашақта
туындайтын қатер туралы әрбір адамды құлағдар етуге дәрежесі жететіндей
етіп оқыту керек секілді.
Алайда, ең бастысы, дәрігерді Салауатты өмір салтына қалай үйрету туралы
біліммен қаруландыру қажет, оған денсаулықты сақтау, отбасын
әлеуметтендіру, ересектер мен балалар ерекшеліктерін есепке ала отырып,
организмдерін шынықтыру әдістері туралы нақты кеңестер беруге тура келеді.
Оқу-әдістемелік қүралда ҚазММУ-ның қалыпты физиология кафедрасында-
валеологияны оқытудың төрт жылдық тәжірибесі және 1994 жылдан бері, жыл
сайын Денсаулық сақтау министрлігі мен Денсаулық сақтау комитетінің
қамқорлығы аясында өткерілген конференциялардың осы пәннің қолданбалы
проблемаларын тал-қылаудан туындаған қарарлары ескерілген.Бұл әдістемелік
нұсқау тек студенттерге ғана емес, сонымен қатар денсаулығын жетілдірем
деген жұрттың бәріне пайдалы болар деп үміттенеміз.

Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімін де қиюға болады.
Денсаулықсыз өмір қызықсыз әлем деп есептеймін
М.Монтень
Үш байлық.
Адам денсаулығы өте көп факторларға тәуелді, ішкі және сондай-ақ сыртқы
себептермен бірге әркімнің өзінің және әлеуметтің, мемлекеттің денсаулығына
деген кемел, ұтымды да, тиімді көзқарастарына байланысты.
Әркімнің байлығы, шынындада, неден, қалай жинақталатыны жөнінде казақ
халқында бейнелі көркем анықтама бар:
Бірінші байлық — денсаулық,
Екінші байлық — ақ жаулық,
Үшінші байлық — он саулық
яғни айткднда, бірінші байлық — денсаулык, екінші байлық — ана бастаған
отбасы (шығыста күйеуге шыққан әйел тазалықтың, игілікті ойлардың және
отбасы амандығының символы ретінде басына ақ орамал тартатын болған);
үшінші байлық —үй шаруашылығындағы үлкен-кішінің негізгі тағамы
дайындалатын сүт беретін сауын малдар.
Жер шары халықтарын әлеуметтік-гигиеналық тексеріске алу нәтижесінде
жинақталған көп құжаттарды талдағаннан кейін ДДСҮ (дүниежүзілік денсаулық
сақтау үйымы) мынадай қорытындылар жасады: Түрғындар денсаулығының қалпы
49-53% шамасында, өмір сүру салтына байланысты, бір сөзбен айтқанда, өз
денсаулығына деген көзқарасына байланысты, 17-20% шамадан тыс ортаға
(айтқандайын, жыл санап бұл фактор әлемдік, экологиялық жағдайсыздықтардың
асқынуынан кең етек алып келе жатыр), 18-22% түқым қуалайтын себептерге
(генотип), жеке бас ерекшеліктері және т. б., сонымен тек 8- 10% денсаулық
сақтау жүйелерінің қызмет жұмысына байланысты.
Сонымен, денсаулық көп факторларға: мәсіл-тұқым, әлеуметтік-экономикалық,
табиғи орта жағдайлары, денсаулық жүйесінің даму деңгейі, әсіресе адамның
өз денсаулығына деген көзқарасына байланысты болады.
Денсаулық - баға жетпес асыл дүние.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҮ) анықтамасы бойынша, денсаулық
дегеніміз организмде аурудың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана
емес, ол табиғи (физикалық), рухани және әлеуметтік толық аман-есендік.
Академик В. П. Казначеевтің жеке бас денсаулығы туралы анықтамасы бұдан да
толығырақ: денсаулық дегеніміз, организмнің ұзақ өмір сүру барысында
биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің,
әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас ерекшеліктеріне сәйкес дені сау
ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы.
Денсаулық- физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік болып бөлінеді.
Физикалық саулық дегеніміз адам организмінде функциялардың өздігінен
реттелуі, функциялық үрдістердің келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне
бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежелі жағдайда болуы.
Психикалық саулық- ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылу адам өмірінің
мақсаты болуын болжайды.
Әлеуметтік саулық- адамның әлеуметтік белсенділігінің, яғни жеке адамның
айналадағы өмірмен біте қайнау дәрежесі.
Денсаулық, қалып (норма) деген ұғымдар бір-біріне ұқсас. Қалып- дені сау
адам баласының бәріне бірдей тұрақты (стандарт) мақсат ететін үлгі
болатындай денсаулықтың көрсеткіштері. Денсаулық жағдайын бағалау үшін
жасқа байланысты жеке адамдардың, алып көрсеткіштері пайдаланылады. Жасқа
байлайысты қалып көрсеткішін анықтау үшін белгілі көрсеткіштің әрбір
жастағы адам топтарының орташа көрсеткіші есептеліп шығарылады. Әрбір топта
табылған орташа көрсеткішті қалып (норма) стандарт етіп алады, Бірақ та бір
топқа кірген адамдардың көрсеткіштерінің бір-бірінен айырмашылығы әжептәуір
болуы мүмкін. Өйткені, олардың жыныстық, кәсіптік, тұрған жерінің, өмір
салтының т. б. айырмашылықтары болады. Орташа көрсеткіштерді анықтағанда,
айтылған айырмашылықтарды да еске алған жөн. Осыған орай калып деген ұғым
денсаулық деген ұғым тәрізді әр адамның жеке басына ғана тән
көрсеткіштері болмақ.
Денсаулыққа залал келтіретін әсерлерге жалпы мәдениеттің төмендігі,
денсаулықты сақтау, салауатты өмір сүрудің негізін құрайтын санитарлық-
гигиена туралы мәліметтерді көпшіліктің жете білмеуі, гиподинамия (қимыл
жеткіліксіздігі), дене салмағының қалыптан көп жоғарылауы, тиімсіз және
жөнсіз тамақтану, қоршаған айналаның (ауаның, жердің, судың) көптеген
химиялық заттармен ластануы, үйде және жұмыста күйзеліс (стресс) тудыратын
жағдайлардың болуы, залалды әдеттерге әуесқойлық (арақ-шараптарға, шылым
тарту, есірткі заттарды қолдану т. б.) жатады. Ас тұзын, артық қолдану қан
қысымының көтерілуінің бір себебі болуы мүмкін. Кардиология институты Ұйғыр
ауданы тұрғындарының арасында гипертония ауруының жиі кездесетіні туралы
мәліметтер келтіріп отыр.
Қанты бар көптеген тағамдарды жиі қолданудың өзі де диабет ауруына
жиі шалдықтыратыны да белгілі болды. Осыған байланысты казіргі медицинада
сахарализм деген термин бар.
Валеология әдістері осы күнге дейін толық жөнге келтірілмеген. Әлі де
болса толықтыруды керек етеді. Әдістер әркімнің жеке бас денсаулығымен
қатар, қоғамдық денсаулықты анықтайтын және ешбір шек келтірмейтін сапалы,
көпшілік қолдана алатын болуы денсаулықтың әлін (қорын) анықтауға да
мүмкіншілігі болуы қажет. Бүкіл жер жүзінде халық денсаулығының күрт түсуі,
денсаулықтың көптеген демографиялық көрсеткіштерінің төмендеуі денсаулық
туралы жалпы және кең ғылымның (валеологияның) қалыптасуына себепкер болды
және қай жастағы болмасын барлық адамдардың валеологияның негізін білу
қажеттігін тудырды. Валеология көптеген медициналық, биологиялық
ғылымдарға, педагогикаға, экологияға т. б. ғылымдарға негізделген. Осыған
байланысты әдістемеде көпке мәлім көпшілік қолдана алатын әдістер
көрсетілді.
Қатердің негізгі факторларын (ҚФ) анықтау үшін жүрек ауруларының
алдын алуда мән-маңызы, көпшілік іс жүзінде мойындап танылған тәсіддер
қолданылады (Р. Т. Оганов, А. Н. Бритов, 1983).
Артериялық гипертония (АГ). 5-10 минут аралыкпен оң қолдағы артериялық
қысымы отырған қалыпты - 2 мм сынап бағанасы дәлдігіне дейін өлшенеді, 2
өлшем нәтижелеріне орай артериялық қысымының орта өлшемі анықталынады.
Диастолалық қысым деңгейі бұл арада негізгі бағдар болып есептелінеді.
Диастолалық қысымы сынап бағанасы бойынша- 90 мм мәніне жетсе, онда кәдімгі
қалыпты болғаны, егер де сынап бағанасы бойынша мәні- 90-94 мм межені
көрсетсе, артериялық қысымының көтерілер шекарасына жеткені, артериялық
гипертония сонымен, егер 95 мм с. б.-нан жоғары болса, онда артериялық
гипертония болғаны, сынап бағанасы бойынша мәні- 95-104 мм көрсетсе,
артериялық гипертонияның I сатысы болғаны, сынап ба-ғанасы бойынша мәні-
104-114 мм межені көрсетсе, АГ-ның- II сатысы, ал сынап бағанасы бойынша
мәні -115 мм, одан да жоғары көтерілсе, АГ-ның- III сатысы болғаны.
Артериялық қысымның көтерілуі жөнінде анамнезде көрсетілсе, қандай да
болмасын гипотензивтік дәрілерді тексеру алдында кдбылданған болса, бұдан
бұрын артериялық қысымның көтерілгендігі қазіргі анықталған қысымның
деңгейіне қарамай-ақ гипертонияның барлығы мойындалады. Мұнымен бірге
тексерілген адам диспансерлік есепте бар ма, жоқ па және артериялық қысымын
ретке келтіру мақсатымен қандай амал-шара қолданып жүр. Міне, осының бәрі
анықталынады.
Дененің артық салмағы (ДАС). Дененін артық салмағын білу мақсатында
антропометриялық зерттеулер өткізіледі (бой- 0,5 см дәлдікке дейін, дене
салмағы- 0,5 кг дәлдікке дейін). Кетле индексі өлшемінен асып тұрғанда ғана
дененің артық салмағы белгіленеді (29-дан жоғары болса), ол қатерлі фактор
болып саналады. Тұқым қуалайтын салмақ (ТС). Ата-аналарына немесе қаны
бір туысқандарындағы медициналық қалпы сыныптар (классификация) бойынша
аурулар, сонымен қатар олардың асқынған түрлері болса. Темекі шегу- тәулік
бойына, тіпті бір ғана сигара шегілетін болса да қатер факторының барлығы
танылады. Ішімдік ішу — тексерілер адам айына бір рет қана арақ ішетінін
айтса да, бұл тұста қатер факторының
барлығы мойындалады. Қаншалықты жиі ішетіндігі аптасына 2 рет, әдетте,
айына 2-3 рет пе, болмаса сирегіректеу, айына- 1 рет, бұдан да кем өлшем
екендігі, содан былай анықтала басталынады.
Денсаулығыңызда болар өзгерістерді ғылыми негізде күнібұрын айту,
денсаулықты болжау. Бұл өзі әлеуметтік гигиенаның басты тақырыбы, оның
зерттемелері, әр адам денсаулығындағы уақытына орай болып жатқан өзгерістер
заңдылықтарын саралауға негізделген. Мейлінше ғұмыр ұзақтығын болжау қажет
болған тұста, ол болашақ өмірлін орта статистикалық көрсеткіштерімен
шектелінбек. Әр адам ғұмыр ұзақтығының бар болжамы 5 жылдық шамада.
Денсаулық болжамының негізгі қағидалары:
1. Денсаулықты болжау мүмкіндігі.
2. Субъективтік және объективтік көрсеткіштер тіркесі.
3. Ғылыми негіздемелері.
Болжам жасағанда денсаулыққа әсер ететін факторлар қатарын тысқары
және ішкі деп бөлуді ескеру қажет. Ішкілері организмнің тек (генетикалық)
бағдарламасының бағытына байланысты. Осы ішкі факторларға сүйене отырып,
организмнің дамуы кезеңдеріне байланысты болашақ өзгерістердің
қалыптамасьін болжауға болады.
Ең алғаш болжам- тууға дейінгі болжам. Тек туралы генетикалық кеңестер
және тек көрсеткіштерінің (генологиялық) тарихын зерттеу (зерделеу),
болашақ әке-ананың генотипіне, фенотипіне негізделген, туар баланың
жағдайын, нәресте табиғатындағы өзгерістерді тууға дейін, тіпті, ұрық бітер
сәтке дейін де білуге мүмкіндік береді. Тек таралымының тарихын және
конструкциялық табиғи ерекшеліктерді білудің өзі-ақ ересектерде белгілі бір
ішкі аурулардың дамуына себепкер болатын ішкі факторлар туралы мағлүматтар
бере алады.
Денсаулық болжамының түбегейлі мақсаты- саулыктағы нашар, кемшін
қалған жерлерді табу. Болашақта денсаулыққа кеселін келтіретін қауіп-
қатерлердің алдын алып, олардың көзін жою. Белгілі бір аурулардың қатер
факторлары ретінде көбіне мына тысқары факторлар қатары келтіріледі:
а) экологиялық факторлар,
б) тамақтанудың физиологиялық мөлшер өлшемдерінің бүзылуынан
туындайтын аурулар тобы,
в) денсаулыққа семірудің кесірі- бұл әсіресе организмде тағы бір-
әмбебапты фактор гипокинезияның әсерінен накты көрінісін табады,
г) сезім жан күйзелісі,
д) зиянды дағдылар, әсіресе темекі шегу, араққа, есірткі заттарға
үйірсектік.
Тіпті дене салмағының болмашы өсуінің өзі- 5 кг болса, семіздікті былай
алып қойғанда, міндетті түрде зат алмасу үрдісінің бұзылуына әкеліп соғады,
әсіресе липопротеидтердің алмасуын- атеросклероз қатерінің және жүректің
ишемиялық ауруының негізгі факторын қиын-датып жібереді.
Денсаулық жағдайына семіздіктің тигізер кесірі организмде тағы бір
әмбебапты фактордың гипокинезияиың (гиподинамия) қышқылдың
жеткіліксіздігі әсерінен ерекше айқын көрінеді. Сананың сан қилы сарсаңы
жан күйзелісі сияқты гипокинезия әсерін үдетіп, күрделендіріп жібереді. Осы
соңғының бөлек өзіндік маңызы да бар. Темекі шегушілердің арасында жүрек
тамырлары жүйесі аурулары 3,3 есе жиі, асқазандағы және он екі елі ішектегі
ойық жаралар темекіні тартпайтындарға қарағанда 1,5 есе жиі кездеседі.
Темекі тарту қатердің ерекше емес факторы болса, темекі шегу ісі аурулардың
қатер факторы ретінде де саналып жүр. Өлім көрсеткішінің деңгейі жас
кезінен бастап, шылым тартып, ересектер арасында басқа темекіні аузына
алмағандарға қарағанда, көп жоғары. Темекі шегу дағдысының бойға сіңіп
қалуы, оны аузына ала бастаған жас шамасына тікелей тәуелді екендігі
анықталады. Неғүрлым жастар темекіге ерте бой ұрса, соғұрлым есейген
шағында, олардың темекіден бас тартады дегенге күмән бар. Сауал қойған
жастардың көбі темекінің зардабы мол салдары туралы мағлұматтан бейхабар.
Келесі әмбебапты әсері бар қатер факторы болып ішімдік
есептелінеді. Сана дерті, қан қысымының көтерілуінен болатын аурулар,
созылмалы арнайы емес өкпе аурулары, бауыр аурулары, жұқпалы жыныс
аурулары, туберкулез- ішімдікке үйірсек адамдарда, бүған ықыласты
түрғындарға қарағанда, 2-2,5 есе көп кездеседі.
Денсаулық - зор байлық" дейді қазақ. Халықтың денсаулығын сақтау
аурулардың алдын-алу мен оларды емдеу бағыттары мемлекеттік,әлеуметтік,
экономикалық (нарықтық экономика -макроэкономика), медициналық жеке
биологиялық (физиологаялық) мәселе. Адамның еңбек пен тұрмыс жағдайын
жақсарта беру, аурулардың алдын алу. Халықтың дене және рухани күшінің жан-
жақты дами беруіне қолайлы жағдайлар туғызу, халыққа тегін, жалпыға бірдей,
жоғары дәрежедегі мамндандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз
ету біздің тәуелсіз егеменді мемлекетіміздің аса маңызды міндеттерінің
бірі. Бұл туралы біздің ата заңымызда (конституциямызда) кең көлемде
жазылған. Басқадай қаулы-қаралар жеткілікті. Сонымен 2002 жылы- денсаулық
жылы деп атаудың өзі нені аңғартады.
Елімізде денсаулық сақтау ісімен денсаулық сақтау министрлігі
айналысады. Облыстарда, аудандарда денсаулық сақтау бөлімдері жүргізіп
отырады. Кейінгі кезде халықтың денсаулығы өте нашарлап кетті. Оның ең
басты себептерінің бірі экологиялық жағдайларға байланысты. Қазақстан
жерінің экологиясы басқа мемлекеттермен салыстырғанда, өте нашарлап кетті.
Қазақстан Республикасында емдеу-практикалық мекемелер арқылы барлық
медициналық жәрдем көпшілік жағдайда тегін көрсетіледі. Мемлекеттік
бюджеттен арнаулы түрде қаржы бөлініп отырады. Балалар дәрігерлік көмекті
балалар ауруханасы мен емханалардан тегін алады, ал 3 жасқа дейінгі балалар
консультация орындарының бақылауында болады. Денсаулық дегеніміз — ағзаның
айналаны қоршаған сыртқы орта факторларына бейімделуі. Айналаны қоршаған
сыртқы орта факторлары әсерінен адамдардың денсаулығы қалыптасып, ол дами
түседі.
Қазіргі кезде денсаулықтың бірнеше түрі бар екені белгілі болды.
Олар:
1. Физикалық денсаулық- ағза жүйесі мен органдардың өсу деңгейі. Оның
негізін морфологиялық және функциялық кезектер қалайды. Олар ағзаның
бейімделу реакциясын қамтамасыз етеді.
2. Соматикалық денсаулық- ол адам ағзасы мен органдарының арасындағы
биологиялық жағдайы. Оның негізін ағзаның жеке басының дамуының биологаялық
бағдарламасы реттейді.
3. Психикалық денсаулық- ол адамның психикалық сферасының жағдайы.
Ауруды болдырмау, адекватты реакцияларды жасау, адам өмірінің мақсатын
болжау, мұның бәрі биологиялық жене әлеуметтік қажеттіліктен туындайды.
Ағзасында функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық үрдістердің
келісімді түрде өтуі, айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының
әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежелі жағдайда болуы.
4. Рухани денсаулық - ол адамдардың информацияны қабылдау
қабілеттілігі мен мотивациялық іс-әрекетінің арасындағы қарым-қатынастардың
сипаттамасын көрсетеді. Оның негізгі бағалық жүйесі, икдивидтердің
қоғамдағы орны мен оның мотивті түрде орнығуын баяндайды. Ол адамның көңіл-
күйін анықтайды. Өйткені рухани денсаулық жалпы адамдардың жомарттылығын,
сүйіспеншілігін және жан дүниесінің сұлулығын көрсетеді.
Физикалық, соматикалық, психикалық және рухани денсаулықтардың өздерінің
жинақталған көрсеткіштері мен критерийлері болады. Олар:
I. соматикалық және физикалық денсаулықтың критерийі мен бәрін өзім
жасай аламын деп көрсететін критерий;
II. Психикалық денсаулықтың, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материалдық емес байлық
Көпмағыналы сөздер
Ұлттық өнім теориялары және оны өлшеудің тәсілдері
Ф. Кенэнің экономикалық көзқарастары
Дені саудың - жаны сау туралы
САЯСИ БИЛІК АНЫҚТАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ
Құтты біліктің зерттелуі
ҚР Ұлттық байлығы
Ұлттық шаруашылық мазмұны
Материя және форма
Пәндер