«Алтын миллиард» ұғымы


Мазмұны:
Кіріспе: «Алтын миллиард» концепциясы және Жаңа әлемдік тәртіп
- «Алтын миллиард» ұғымының кеңестік кеңістікте пайда болуы
- «Алтын миллиардтан» қалай құтылуға болады?
Қорытынды
Әдебиеттер
Кіріспе: «Алтын миллиард» концепциясы және Жаңа әлемдік тәртіп
«Алтын миллиард» термині заманауи батыс мәдениетінің екі ірі идеясы негізінде: идеологиялық және мистикалық-діни мазмұндамасы негізінде құрылған. Идеяның бірі - прогресс пен бақуаттылықтың «Алтын дәуірі» туралы түсінікке негізделсе, екіншісі - Жер қорының шектеулігі және жер байлығының ғаламшардағы барлық халыққа жетімсіздігі туралы ілімге негізделген.
Әрине, «алтын миллиард» термині метафора ретінде ресми құжаттарда қолданылмайды. Бірақ та, БҰҰ-ның бірқатар ғалымдары мен сарапшылары Жерде бір миллиард қана адам бақуатты өмір сүре алады деп айтқан кезде, олардың айтпағы да осы «алтын миллиард» термині. Ал, соңғы уақытта Батыста «алтын миллиард» термині Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кіретін (Organisatiom for Economic Cooperation and Development - OECD) «бірінші әлем» елдеріна қатысты айтылып жүр. Қазір бұл ұйымға Еуропа мен әлемнің 24 елі ғана кіреді.
«Алтын миллиард» ұғымының кеңестік кеңістікте пайда болуы
КСРО-да «алтын миллиард» терминін халық санын қысқарту идеясымен алғаш рет публицист А. Кузьмич (халықаралық заңгер А. К. Цикуновтың лақап аты) байланыстырды. Оның пікірінше, бұл терминнің сыртында тұтас геосаяси, экономикалық және мәдени тұжырымдама тұр: дамыған елдер өз халқы үшін тұтынудың жоғары деңгейін сақтай отырып, әскери және экономикалық шаралармен қалған әлемді шикізаттық тұрғыда және зиянды қалдықтарды тастайтын аймақ ретінде ұстайды. Бұл «дамымай» қалған мемлекеттер кедейшілік жағдайында кері кетіп, әлеуметтік проблемалардың иірімімен шыға алмай, «бірінші әлем» елдері үшін ешқандай құндылыққа ие бола алмай қалады. Бұл елдердің халықтары жаңа әлеуметтік технологиялар жүйесінің көмегімен қысқартылуы керек болады.
«Воскресенье» газетіне жазған "Россия и pынок (В свете советского и междунаpодного пpава) " мақаласында А. Кузьмич: "біздегі қайта құру - әлемдік қайта құрудың құрамдас бөлігі. Әлемдік қайта құрудың бірінші кезеңі нарықты экономикасы дамыған елдер үшін шикізат пен энергияның жетіспеушілігі қандай қатер әкелетіндігін көрсете бірген 1973 жылғыэнергетикалық дағдарыстан кейін басталды. БҰҰ мәліметтері бойынша, тиімді пайдаланған жағдайда, шикізат мен энергия тек 1 миллиард адамға ғана жетеді екен. 1990 жылы қаңтардың 1-інде Жер үстінде 5, 5 миллиард адам жүрсе, 2000 жылы 8 миллиардтан астам адам өмір сүрген. Және де «алтын миллиард» қорына АҚШ, Жапония, Еуроодақ елдері және т. б. бірқатар ғана елдердің кіріп отырғаны кездейсоқ емес. Себебі, Жердегі халықтың 4/5 бөлігі, яғни, шикізат қорына ие Азия, Африка, Латын Америкасы сияқты елдер жайлы орнынан ысырылып, іс жүзінде жоғарыдағы «алтын миллиард» елдері үшін шикізат колониясы ғана болып қала бермек.
Батыс мамандарының пікірінше, Бүгінде Жер бетінде өмір сүріп отырған 7-8 миллиард халықты ауыздықтап отыру мүмкін емес: себебі «аш бала» «тоқ баланы ядролық қаруымен қоса» жұтып жібермесіне ешкім кепіл бере алмайды. Міне, сондықтан да, ХХ ғасырдың 90-ыншы жылдары «мемлекеттердің интернационалдығы және өзара тәуелділігі» деген жаңа теория қалыптасып, тауарларды, жұмыс күштері және шикізатты бір орталықтан бөлетін ғалами орталықтар - ТрансҰлттық корпорациялар құрыла бастады.
«Ғалами құқық тәртібі мен тұрақтылықты» қамтамасыз ететін бұл корпорацияларды құрудағы басты мақсат - Жердегі табиғи қорларды бақылау билігін әлемдік өнеркәсіптік-қаржылық элитаның қолына ұстату болып табылады.
«Алтын миллиардтан» қалай құтылуға болады?
Өмірдің салыстырмалы түрдегі жоғары стандарттарына тоқталған американдық ғалым Д. Пиментелдың (1987) айтуынша, "Жерде халықтың 1 миллиардға жуығын ғана жоғары деңгейлі өмірмен қамтамасыз етуге болады». Дәл осы стандарттарға Жаңа әлемдік тәртіпті орнату соғысында жеңгендер кіреді, дәл осы стандарттар «алтын миллиард» болады.
Ал, бұл стандартқа кірмейтіндердің хал-жағдайына келер болсақ, Аттали айтпақшы, олардың тағдыры ешкімді қызықтырмайды және оларға ғалами модельде тіптен орын жоқ.
Осы тұрғыда «сөз» бен «істің» алшақ емес екенін атап өту керек. Мысалы, 80-інші жылдары көтерілген еуроцентризм толқыны нгізінде нәсілшілдік идеологиясы орын алды. Яғни, бұл идеологияға сүйенсек, әлемде тек бір ғана өркениет - батыс өркениеті бар, ал, қалған өркениеттің барлығы дамымай, шарана түрінде қалып қойған. Еуроцентризм идеясы түрлі формалармен беріліп, фон Хайектің айтуымен жоғары философияға теңелді, не ТВ репортаждары мен кинорежиссерлардың фәсілшілдік фильмдеріне арқау болды.
Атап айтқанда, Сомалидегі, Парсы шығанағында жүргізілген операциялар барысында кеңінен орын алған идеологиялық репортаждарда ол елдердегі аштықтан өліп жатқан «екінші сортты» адамдармен қатар «бірінші сортты» адамдарды еш салыстыруға келмейтінін насихаттады. Осындай насихаттардың көмегімен ТВ ақ адамдардың санасына нәсілшілдік түсінікті құюға тырысты.
Батыс мәдениетінің санасы мақсатты түрде екі мораль құйылып келеді: адамдар екі түрге - таңдаулыларға және оларға бағынышты, тәуелді адамдарға бөлінеді. Және мұны жұртшылықтың солай қабылдап отырғанына күмән де жоқ: мысалы қарапайым бұқара Бағдадтың күрдтерге қарсы репрессиясына ашына отырып, сол Иракта бүгінде орын алып отырған коалиция күштерінің оккупациялық немесе интервенциялық әрекеттеріне немқұрайды қарауда.
Бұдан шығатын қорытынды, батыс қоғамы Жаңа әлемдік тәртіпке немесе «алтын миллиардқа» қауіп төндіріп отырған «аш-жалаңаш адамдарға» қарсы кез-келген іс-әрекеттерге психологиялық және идеологиялық тұрғыдан дайын.
Бүгінде өркениеттің жолдардың үлкен бір торабында тұрғандығы жайлы көп айтылады. Ал, сондағы адамзаттың таңдамағы не? Осы жоғарыда айтылып отырған мән-жайдың барлығының көпшілікке жария етілмеуі мен жасырылуының өзі қылмыс. Ал, бұл дағдарыстан шығудың екі тәсілі бар: бірі - әлем Табиғатқа, адамзатқа деген жыртқыштық көзқарастан айрылып, нарықтық емес постиндустриализмге, яғни, адамзаттың ынтымақтастығына экологиялық, экономикалық шаруашылықтарды біріктіріп, ең заманауи ғылым мен этиканы білесіп тұтынуға бет бұру болса, екінші тәсіл - бүкіл Жерді ресурстар қоры ретінде «бірінші сортты» әлемге бағындыру, адамзатты екі түрге бөліп, бір-бірімен қырылыстырып қою. Осы соғыста жеңіп шыққаны ғана «алтын миллиардты» құрап, Жаңа әлемдік тәртіп орнатады.
Неолиберализм екінші тәсілді таңдауға әкеледі және бұл жай экономикалық, геосаяси мүдде емес, бұл философиялық, ал астарында діни таңдау болып табылады. Яғни, «алтын миллиард» өкілін - жаңа «таза адамды» жасау - индустриализм жобасының құдаймен күресу жұмысын қорытындылауға саяды.
Неолиберализмнің рухани жетекшісі Ф. Фон Хайектің пайымдауынша, азамзаттың ынтымақтастық және қайырымдылық, аяушылық білдіру сияқты инстинктерін жою керек. Еркіндікке деген осы қадам адамзаттың биологиялық табиғатына қайшы келеді. Бұл инстинктерді жасанды жолмен тұншықтыру ауыр әлеуметтік індеттердің: нашақорлықтың, жүйке ауруларының тууына және неофашистік көтерілістердің мерзім-мерзіммен орын алуына әкеліп тіреді.
Осылайша, бұл жерде екінші таңдаудан келіп ғалами фашизмнің экономикалық және әскери-саяси құрылымын құру, оның иедологиясын насихаттау келіп туындайды. Ерекшелігі сол, бұл жай қарапайым ұлтшылдық емес, бұл фашизм - бүкіл мемлекетердің фашизмі болмақ. Яғни, «кедейлер революциясының» алдын алмақ болып отырған билік жүргізуші жаңа ғалами нәсілдердің «алтын миллиардқа» бірігуі.
Эколюция саласының маманы және ғылым тарихшысы Ю. В. Чайковский «алтын миллиард» тұжырымдамасының перспективасын жүйелі көзқарас тұрғысынан қарастырып, бұл жүйенің ұзаққа бармайтындығы, ал, шын мәнінде ақиқаттан ауылы алыс екендігі туралы қорытынды жасаған. Яғни, оның айтуынша, бұл жерде мальтузиандық утопия туралы әңгіме болып отыр. Ю. В. Чайковский болашақтағы 3 стратегияның үлгісін салыстырады:
1. «Табиғат қорын тиімді пайдаланумен» өзімізді жұбандырып, өмір ағынымен өмір сүре беру, өзімізден кейінгі ұрпаққа тек проблемалар қалдыру, яғни, өскелең ұрпақты өмір сүруге жағдайсыз қалдыру.
2. Техникалық прогресті тоқтатып, табиғатпен қарым-қатынастың ғылымға дейінгі тәсілдеріне қайту. Бір емес, бірнеше қайта талқыланып келген бұл стратегияға тоқталар болсақ, онда, біз орны қайта толмайтын энергияны тұтынудан бас тартсақ, Жер халқының саны алдағы 100 жылдың ішінде 10 есеге қысқаруы мүмкін. Бірақ та, қатаң шараларсыз энергияны тұтынудан бас тарттыруға және отбасында бір ғана балаға шектеу қою мүмкін емес. Яғни, билік басына қанды диктатура келуі керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz