ҚР-ның тұтыну несиесi


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кiрiспе 3

1 - бөлiм: Несие - несиелендiрудiң теориялық негiздемесi

1. 1. Несие және қарыз капиталының мәнi ………. 6

1. 2. Несие жүйесiндегi несиелiк қатынастар мен банкаралық

бәсекелестiң туындауы (пайда болуы) 10

1. 3. Несиенiң түрлерi мен ерекшелiк сипаттары . . 16

2 - бөлiм: «Қазақстан Халық Банкi» ашық акционерлiк

қоғамының (АҚ) экономикалық сипаты . . . …24

3 - бөлiм: Қазақстан Республикасының экономикасындағы тұтыну
несиесiнiң даму перспективалары

3. 1. «Қазақстан Халық Банкi» АҚ-ы Алматы облыстық

филиалының тұтыну несиесiн клиенттерге беру жағдайы

мен тәртiбi . . . …36

3. 2. Тұтыну несиесiнiң негiзгi формалары және бөлiп - бөлiп

сатып алудың мәнi . . …. . 52

3. 3. Қазақстан Республикасының экономикасындағы тұтыну
несиесін беру мәселелері және тұтынушылық несиелеуді
дамытудың болашағы . . . 67

Қорытынды . …. . 81

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi . . …84

Кiрiспе

Диплом жұмысының тақырыбына “Тұтыну несиесiн” таңдауым кездейсоқтан болған жоқ. Несие (кредит) экономика ғылымдарының iшiнде маңызды категорияға жатады. Тауар өндiрiсiнiң дамуымен ақша, төлем құралы қызметiн атқара отырып айырбас кезiндегi Тауар - Ақша - Тауар өзгерулерi (ауысулары) ендi Тауар - Мiндеттеме - Ақша формасын қабылдайды, яғни тауарды сату мен оған төлем ақыны алу аралығындағы уақытша үзiлiсiне байланысты несиелiк ақшалар пайда болады. Олар алдын ала келiсiлген мерзiмде төленетiн мiндеттемелер болып табылады. Осыған байланысты мұндай төлем түрiнiң құқықтық жағын реттейтiн қаржы - несиелiк қатынастар туындайды.

Несие капитал айналымын жылдамдатуды қамтамасыз етедi, себебi сатып алынған тауар үшін төлемдi кейiнiрек жүргiзуге болады, сол сияқты басқа компаниялар мен банктердiң қаржыларын тарту есебiнен капиталды ұлғайтады.

Барлық меншiк формасындағы кәсiпорындарда өзiнiң қызметiн жүргiзу және пайда табу (алу) үшін көбiнесе қарыз ақша қаражаттарын тарту қажеттiлiгi туындайды. Қаржы тартудың ең көп тараған түрi- несие келiсiмi бойынша банктен қарыз алу болып табылады.

Несиенi зерттеуге, талдап - бiлуге марксизм классиктерi мен көптеген кеңестiк және шетелдiк экономистер өз еңбектерiн арнаған. Дегенмен, бұл тақырып әлі де толық зерттелмеген және қосымша жұмыстар жүргiзудi қажет етедi, себебi қазiргi нарық жағдайында несие қатынастары жоғарғы өрiстеу дәрежесiне жетiп отыр. Қазiргi кездегi сөз етiп отырғанымыз қарызға беретiн ақша капиталдар көлемiн тұрақты ұлғайту туралы ғана емес, сонымен бiрге несие қатынасындағы субъектiлердiң көбеюi мен несиелендiру операциясының көптүрлiлiгi туралы болып отыр.

Тақырып туралы айтқанымызда өтпелi кезеңдегi әкiмшiлiк реттеушiлiктен нарықтық қатынасқа көшудегi бiздiң экономикада кездесетiн проблемаларын естен шығаруға болмайды, яғни ақша - несие сферасындағы мәселелер айтарлықтай радикалдық өзгерiстердi қажет етедi. Выборнованың Е. К. айтуы бойынша : “қазiргi кезеңде несие сферасына тән (жататын) экономикалық рычагтарды (тетіктері) толығымен пайдаланудың керектiгi пiсiп жеттi, елдегi ақша айналымын басқаруға принципальдi жаңа жолдарды жасап жүзеге асыру қажет”.

Төлем қаржыларының айналымдағы аса көптiгi мен несиенiң өз тағайындылығын (назначения) жоғалтуы несиелiк сфера сипаттарының айрықша белгiсi болып табылады. 1987 жылдың басында банктердiң несиелiк салымдары ең жоғарғы деңгейiне жетiп 593, 2 млрд. соманы құрады, бiрақ 1991 жылы шаруашылық салаларға және халықтарға берiлген жалпы несие көлемi 1987 жылдың басымен салыстырғанда 28 %-ға қысқарған. Соңғы жылдары несие салымдарының құрылымында да өзгерiстер болды. Қазiргi кезеңде бюджет ресурстары жетiспеушiлiгiнiң орнын толтыруға берiлетiн несиелердiң үлес салмағы 16, 4-тен 34, 7 %-ға өсiп, халық шаруашылығына беретiн несиелер үлесi 51, 7 - ден 35, 2% - ға кемiген. Бұл келтiрiлген фактiлер несие проблемаларына айтарлықтай көңiл бөлу қажеттiлiгiн бiлдiредi, себебi елдiң экономикалық жағдайы оның ақша-несие жүйесi жағдайынан тәуелдi болып келедi. Сондықтан өркениеттi елдердiң бұл сферадағы жинақталған iс-тәжiрибелерiн есепке алу қажет болып табылады.

Барлық несие жүйесiнде реформа жүргiзiлiп соның нәтижесiнде акционерлiк негiзде несиелендiру мекемелерi құрылды және бiздiң елiмiзде тұтынушылық және комерциялық несиелердiң жаңа формалары өрiс алып, дамыды.

Бұл елiмiздiң экономикасының үрдiсiн жылдамдатып аса тиiмдi етiп жасады. Соңғы кезеңдерде бiздер несие-несиелер сөзiн жиi естимiз. Бiреулер үлкен, ал кейбiреулер кiшi дәрежеде осы “несиемен, несиеде” өмiр сүрiп жатыр. Бiздiң барлығымызға несиенiң көптеген түрлерi бар екендiгi белгiлi: инвестициялық несие, айналым капиталға несие, тұтыну несиесi, т. б. Олардың әрқайсысы бiздiң игiлiгiмiз үшін қызмет атқарады. Бұл диплом жұмысында соңғы келтiрiлген тұтыну несиесi туралы айтылады.

Өткен ғасырдың орта кезiне дейiн тұтыну несиесiнiң бар екендiгi туралы ешкiм бiлмейтiн едi. Ал қазiргi кезде тұтыну несиесi кең таралып бiздiң өмiрiмiзде аса маңызды роль атқарып отыр. Сондықтан да диплом тақырыбы актуальды болып саналады, себебi тұтыну несиесi арқылы мына жағдайларға қол жеткiзуге болады:

1) несие көмегiнсiз ұзақ уақыт күтуге немесе қол жеткiзуге болмайтын заттарды (мүлiктердi, т. б. ) сатып алу мүмкiндiгiне;

2) икемдiлiгiне байланысты ыңғайлы уақытта жәрмеңкедегi баға төмендету кезеңдерiнде сатып алуға және қажеттi қолма-қол соманың болмаған жағдайында да пайдалы келiсiм жасауға;

3) қауiпсiздiгiне байланысты саяхатта болғанда немесе сатып алуды жүргiзгенде төлемдiк кредиттiк карточкалар мен шығындық шоттар (расходные счета) қолма-қол ақшамен салыстырғанда аса сенiмдi және ыңғайлы болып табылады;

4) көмектiк жағынан алып қарағанда алдын ала қарастырылмаған асығыс шығындарды өтеуге мүмкiндiк туғызады (жол оқиғасындағы автомобилдi жөндеу, т. с. с. жұмыстарды) .

Былайша айтқанда бiздi көп жағдайларға босқа бас қатырмай өз жеке басы мен семья қамын ойластыруға мүмкiндiк туғызады.

Тұтыну несиесiнiң осындай жақсы жақтарымен қатар кемшiлiктерi де бар болып табылады.

Мiне, осы айтылғандардың барлығы диплом жұмысының тақырыбын таңдап несиенiң мәнi және оның формаларын тұтыну несиесiнiң негiзгi түрлерi мен берiлу тәртiптерiн оның экономикадағы ролiн қарастыруды және талдау жүргiзудi мақсат етiп қоюға келтiрдi.

Талдау - зерттеу жұмыстары “Қазақстан Халық Банкi” АҚ-ң Алматы облысы филиалының несие қатынастарын ұйымдастыру iс-тәжiрибесi негiзiнде жүргiзiлдi.

1-бөлiм: Несие - несиелендiрудiң теориялық негiздемесi

  1. Несие және қарыз капиталының мәнi.

Несие (кредит - kredo) - сенiм, сенемiн деген ұғымды бiлдiредi. Ақша формасындағы капитал, ссудалық капитал (қарыз капиталы) деп аталады және оны қажеттілікке уақытша белгiлi бiр мерзiмге берiп процент түрiндегi өсiмiмен қайтарылуын айтамыз.

Несие (кредит) - бұл ссудалық капиталдың ақшалай немесе тауардай, әдетте өсiм процентiмен қарызға берудегi қозғалыс формасы;

Кұн-баға экономикалық категория және ақша-тауарлық қатынастардың бөлiнбейтiн элементi болып табылады. Шындығында несие - үдемелi ұдайы өндiрiстiң ажырамас бөлiгi және тауарлы өндiрiс-несие қатынастарының пайда болатын табиғи негiзi. Себебi тауардың пайда болуы маңызды екi жағдайға байланысты: бiрiншiден өнiм тауар болуы үшін оның заттай түрі мен құны болуы қажет; екiншiден өнiм бiр өндiрушiден екiншi өндiрушiге (тұтынушыға) ауысуы қажет, ол ауысу тек айырбас несиенiң пайда болатын ортасы немесе оның көрiнiс берiп туындайтын жерi болып табылады.

Осыған байланысты өндiрiстегi капиталдың қайталама айналымы мен қаражаттардың айналысы - несие қатынастарынан туындайтын және одан әрi дамитын нақты экономикалық негiзi (шығу тегi) болып табылады.

Жалпы, барлық шаруашылықтағы еңбек құралдары мен еңбек заттарының құны өзiнiң қозғалысында бiр уақыт кезеңiнде әрi ақша, әрi өндiрiстiк, әрi тауар формасында әр түрлi қызмет атқаруы мүмкiн және осыған байланысты өндiрiстiк капиталдың қайталама айналымы кезеңдерiнде уақытша бөлiнiп шығып бос тұрған ақша қаражаты қарыз-несие капиталының (қорының) пайда болатын бiрiншi көзi есебiнде саналады.

Ақша қорының уақытша бөлiнiп шығуы мынадай себептермен болады: бiрiншiден негiзгi капитал-құралдарының өндiрiс процесiнде бiрте-бiрте тозуынан, яғни еңбек құралдары өндiрiсте бiрнеше жылдар бойы пайдаланылып олардың құны дайындалған өнiмге бiртiндеп ауысады. Дайын өнiмдi сатқаннан кейiн ол сома тозған негiзгi қорларды күрделi жөндеуден өткiзгенше, не жаңасын сатып алғанша кәсiпорынның банктегi шотында ақша түрiнде толық тозуы мерзiмi бiткенге дейiн шотында ақша түрiнде, толық тозу мерзiмi бiткенге дейiнгi аралықта жинақталып сақталады. Бұндай жинақтап сақтауды амортизациялық (жаңғырту) қор деп атайды. Мысалы, егер 1 млн. теңге тұратын трактор (комбайн) 10 жыл пайдаланылса, онда жылма-жыл амортизациялық қорға оның 100 мың теңге сомасы түседi. Бұл уақытша бос ақша қоры - несие ресурстарының бiр көзi болып табылады.

Екiншiден дайын өнiмдердi сату мен қажеттi материалдарды және шикiзаттарды сатып алу мерзiмдерi барлық уақытта бiрiне- бiрi сай келе бермейдi. Сондықтан сатылған дайын өнiмнен түскен ақша сомасының бiр бөлiгi қолданылған шикiзаттар мен қосалқы материалдардың құнын көрсетедi. Ол сома да уақытша бос ақша қоры-несие ресурстарының бiр көзi есебiнде болады.

Үшiншiден еңбекке ақы төлеу мерзiмi мен дайын өнiмдi сату мерзiмiнiң сай келмеуi. Себебi өнiмдi өндiруге еңбек күшi күнде жұмсалғанмен оған еңбекақы төлеу бiраз кешiгiп жүредi. Еңбекақы төлеуге арналған сома да - уақытша бос ақша капиталы.

Төртiншiден үдемелi ұдайы өндiрiстiң қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін пайданың бiр бөлiгiн жинақтау қажет, яғни кәсiпорынға жаңадан құрал-жабдықтар, машиналар және т. б. сатып алу үшін жылма-жыл пайданың бiр бөлiгiн банктегi есепшотта жинап қою да - уақытша бос ақша капиталы.

Сонымен өндiрiстiк капиталдың қайталама айналымы сөзсiз уақытша бос ақша капиталының пайда болуына әкеп соқтырады. Статистика мәлiметтерi бойынша бүкiл ақша жинағының 20 пайызға жуығы кәсiпорындарда пайда болады екен.

Қарыз капиталының жинақталатын екiншi көзi- бұл мемлекеттiң әр түрлi жолдармен түсiретiн ақшалары атап айтқанда: мемлекеттiң өндiрiстiк, коммерциялық және қаржылық iс-әрекеттерiнен түскен ақша түрлi деңгейдегi бюджеттердiң активтi қалдық ақшалары, сақтандыру мекемелерiнiң, зейнетақы қорларының және басқа да мемлекеттiк ұйымдардың қолда уақытша бос тұрған ақша қаражаттары. Жалпы капитал жинағындағы мемлекеттiң үлесi 10 пайыз шамасында болып келедi.

Қарыз капиталы құрылымының үшіншi көзi - бұл халықтың жинақ қаржылары, яғни күнбе-күнгi қажеттiлiкке жұмсалмай болашақтағы жағдайларға немесе ұзақ мерзiмге тұтынылатын заттарды, қымбат тауарларды, жылжымайтын мүлiктердi сатып алуға сақтап қойған жалақының бiр бөлiгі.

Ақша жинақтаудың осы аталған негiзгi көздерiнен басқа несие - қаржы мекемелерiндегi шоттар бойынша әртүрлi қалдық (сальдо) пен резервтiк сомаларды да жатқызуға болады.

Әрбiр экономикалық категорияның мәнi мен мазмұны оның атқаратын қызметтерiнде көрiнiс таба бередi. Ал оның әрбiр қызметi басқа категориялардан өзгешiлiгiн анықтайтын маңызын сипаттайды.

Тауарлық өндiрiс жағдайында қарыз келiсiмi өндiрiс процесiндегi тауар айналысына қажеттi несиелендiруден туындайды. Өндiрiс- үдемелi ұдайы өндiрiстiң бастапқы, әрi шешушi моментi болып табылса ол басқа фазалармен де тығыз байланысты болып келедi. Үдемелi ұдайы өндiрiс процесi қоғамның материалдық игiлiктерiн үздiксiз өндiруде оның әртүрлi стадиялық фазалардан жүйелi түрде өтуiн қарастырады. Әрбiр стадия-өндiрiс, айырбас - ауыстыру, тарату және тұтыну-фазаларының белгiлi бiр мағына - маңызы бар болып табылады. “Өндiрiс тұтынуға қажеттiлiк сәйкестiкте затты (тауарды-өнiмдi) жасайды; тарату, қоғамдық заңдарға сәйкес оларды таратып - бөледi; айырбас-ауыстыру, жекелеген сұраныс-тұтынуға байланысты бiр рет бөлiске түскен қоғамдық өнiмдердi қайта таратып-бөледi; ақыр соңында осы қоғамдық қозғалыстан шығып өнiм тұтынуға, пайдалануға түседi”.

Өндiрiс болмаған жағдайда шығарылған тауар-өнiмде тұтыну стадиясы да болмайтын сияқты, тұтыну болмаған жерде өндiрiстiк фазада болмаған болар едi, себебi өндiрiстiк стадияда мақсатсыз өнiм-тауар өндiрiлген болған болар едi.

Айырбас процесiнде уақытша бөлiнiп шыққан құнды кейiн өзiнiң алғашқы иесiне өсiм ақысымен қайтарып беру келiсiмi бойынша несие берушi мен қарыз алушының арасында несие қатынастары пайда болады.

Қорыта айтқанда, қарыз капиталы (қоры) өндiрiс және айналыс қорларының ауыспалы айналысынан уақытша бөлiнiп шыққан бос ақшасынан және халық пен мемлекеттiң ақшалары жинағынан құралады. Ақша қоры үнемi айналыста болуы қажет -ол уақыт үнемдеу заңының талабы. Бұл талапқа сай қызмет ететiн құрал -несие. Себебi шаруашылықтардың бiркелкi жұмыс iстеуі үшін және оны ары қарай дамыту үшін де қосымша ақшаға қажеттiлік туындайды. Бұндай қажеттiлiк маусымдық жұмыстарды орындау, атқару кезеңдерiнде айрықша бiлiнедi.

Уақытша бос тұрған қаржыларды жинақтап оны қажет уақытында қажеттi мөлшерде қажеттi жерiне жұмсап және белгiленген уақытта қайтарып алуға мүмкiндiк беретiн құрал- несие болып табылады. Басқаша айтқанда, экономикадағы уақытша бос ақшаны iске (айналысқа) қосып және оны ұтымды пайдаланып мезгiлi келгенде оның қайтарылуын қамтамасыз ететiн-несие қатынастары.

Теориялық жағынан капитал жинақтаушы барлық субъектiлердiң мүмкiндiктерiнiң көптеген күмән келтiруге болмайды, сол сияқты iс жүзiнде оның тек бiреуiн бөлiп көрсетуге де болмайды. Себебi ақша қаражатын несие жүйесi бiр жағынан өзiнде шоғырландырса, екiншi жағынан - ол сол субъектiлерге несие бередi. Нәтижесiнде ақшаны жинау және несие беру процестерi араласып дәл сол уақытта бiр сома әрi қарыз, әрi жинақ болуы мүмкiн.

1. 2. Несие жүйесiндегi несиелiк қатынастар мен банк аралық бәсекенің туындауы (пайда болуы) .

Өркениеттi мемлекеттердiң тәжiрибесiнде несие жүйесi туралы екi түрлi ұғым қалыптасқан: бiрiншiсi несие - есеп қатынастары оның түрлерi мен несиелеу әдiстерiнiң жиынтығы; екiншiсi несие - қаржы институттарының (мекемелерiнiң) жиынтығы.

Несие қатынастары қарыз капиталының қалыптасуымен оның жұмсалуынан туындап несиенiң барлық формалары мен түрлерiн қамтиды. Несие жүйесi несие - қаржы мекемелерiнiң жиынтығы ретiнде жеке және заңды тұлғаларды уақытша бос ақшаларын есепшоттарда шоғырландырып оларды кәсiпорындарға, үкiметке және халықтың әр түрлi топтарына қарызға бередi.

Несие жүйесiнiң қызметiнен несие қатынастары туындайды. Несие қатынастарының мазмұнын несие мекемелерiнде әр түрлi субъектiлердiң уақытша бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды белгiлi бiр мерзiмнен кейiн және белгiлi бiр төлем ақымен қайтару үшін бөлiп беру анықтайды. Сонымен бiрге несие жүйесi мемлекеттiң ақша айналымын реттеп ақша қаражатының экономиканың бiр саласынан екiншi саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыруға ықпал етедi. Несие жүйесi арқылы кәсiпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалы есеп айырысуы мен төлемдерi жүргiзiлiп, сондай - ақ әр түрлi несиелiк, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенiмдiлiк, кеңес беру және с. с. көптеген операциялар өтедi.

Несие жүйесiнiң маңызы мен ел экономикасындағы рөлi бiраз көрсеткiштермен, атап айтқанда: ақша салымдарының жалпы көлемiмен, кәсiпорындар мен мекемелердiң негiзгi және айналмалы капиталын қалыптастыруға банктiк қарыздың үлесiмен, жиынтық төлем айналымымен және т. б. сипатталады. Мысалы: әрбiр қоғамның даму тарихындағы белгiлi бiр кезеңге және қоғамдық - экономикалық формацияның өзiне тән және несие жүйесiнiң құрылымы болады. Мысалы, XX ғасырдың 20 - жылдарынан 90 - жылдардың бас жағына дейiн бұрынғы Кеңестiк Одақтағы (КСРО) жоспарлы - орталықтанған экономикаға сай келетiн қатаң орталықтанған несие жүйесi құрылды.

Несие қатынастарының даму дәрежесi, несие мекемелерiнiң көбеюi, өндiрiс пен тұтыну салаларының банк операцияларын пайдалану жөнiнен дүниежүзiндегi дамыған мемлекеттердiң iшiнде АҚШ алдыңғы қатарда келедi. Оған дәлел, ол елде ақша капиталының орташа алғанда төртен үш (3/4) бөлiгiнiң несие жүйесi арқылы өтуi болып табылады.

Қазiргi кезде экономикасы дамыған мемлекеттердiң несие жүйесiнде көптеген өзгерiстер кездеседi. Олар:

Бiрiншiден банк капиталының шоғырлануы мен орталықтануы нәтижесiнде банк монополиясының пайда болуы: XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында әр мемлекеттерге ақша капиталының көп бөлiгiн жинақтаған iрi банктер бөлiнiп шыға бастады.

Бұл iрi банктер қарыз капиталының нарығында үстемелiк еттi. Олардың капиталының мөлшерi iрi клиенттердi және жинақ салушыларды өзiне тартып, нәтижесiнде үлкен табыс табудан өстi.

Несие жүйесiнде iрi банктердiң үлесiнiң өсуi тек операция жүргiзумен ғана емес, сонымен қатар капиталдардың бiрiгуiнiң интенсивтi процесiмен байланысты болады.

Капиталды шоғырландырудың және орталықтандырудың ашық және жасырын түрлерi кездеседi. Бiрiншiсiн ұсақ банктердiң күйреуi, олардың бiр-бiрiмен қосылуы, бөлiмшелерiнiң дамуы, ал екiншiсiнде корреспонденттiк қатынастар мен көпбанктiк жүйелердiң дамуы жатады. Корреспонденттiк қатынастар деген несие мекемелерi арасындағы келiсiм бойынша жүргiзiлетiн операциялар, олардың мақсаты - бiр бiрiнiң тапсырмасы бойынша төлемдер мен есеп айырысуды жүзеге асыру. Корреспонденттiк шоттар: “лоро” - олардiкi, “ностро” - бiздiң қаржы деп бөлiнедi: Оларда орасан iрi сома жинақталады. Мысалы, АҚШ - тағы барлық коммерциялық банктердiң арасынан бiрнеше iрi банктердiң ресурстары басқа банктердiң ресурстарының сомасынан шапшаң өсуiмен көзге түсуде. 1960 - 1970 ж. ж-да 50 iрi коммерциялық банктердiң депозиттiк сомасы 88, 8 млрд-тан 230, 4 -млрд. долларға жетiп, яғни 2, 5 есе өскен болса, ал осы уақытта басқа коммерциялық банктердiң депозиттiк сомасы 141, 7 млрд - тан 255, 1 млрд. долларға жетiп, яғни тек 1, 8 есе ғана өскен. 1970 жылы осы 50 iрi банктер 13, 705 барлық коммерциялық банктердiң депозисттiк сомасының 47% -iн билеген болып табылады. (10; 292) .

Iрi коммерциялық банктерден азғана алып банктер “Бэнк оф Америка”, “Ферст нейшнл сити бэнк оф Нью-Йорк” және осындай бiрнешеуi бөлiнiп шығып олар өнеркәсiп - қаржы топтарын басқарумен шұғылданады немесе оларда басты рөл атқарады. Олар - iрi банктердiң өзара қосылып, банк холдингiн құруының көрiнiсi болып табылады.

Екiншiден әр түрлi несие мекемелерi арасында бәсекенiң күшеюi. Банк монополиясы мен несие қатынастарының өркендеуi қарыз капиталының нарығында бәсекенi өрбiте түстi.

Бәсеке бiртектес және әр түрлi несие мекемелерiнiң арасында жүредi. Мысалы: коммерциялық банктер немесе сақтандыру компаниялары өзара бәсекеге түседi. Бәсеке нәтижесiнде iрi компаниялар iрi мөлшерде несиенi оңай алып кәсiпорындарды өз ықпалында ұстау үшін несиенi жеңiлдiкпен бередi. Ондай жеңiлдiктер несие алудың жағдайларына (яғни пайдалану мезгiлiне, мөлшерiне, қайтарылуына) жасалады. Бiрақ банк қызметiнде бұрынғысынша жоғарғы тарифтер мен проценттiк төлем ақысы сақталады. Сондай - ақ, клиенттерге банк қызметiнiң қосымша түрлерi көрсетiледi (мысалы, тәулiк бойы төлем құжаттарын қабылдау, әр түрлi сұрақтарға жауап беру, кеңес беру және тағы сол сияқтылар) .

Бәсекенiң келесi түрi әр түрлi несие - қаржы институттарының арасында туындайды. Мысалы: коммерциялық банктер мен жинақ мекемелерiнiң арасында жинақты өздерiне тарту үшін коммерциялық банктер, қаржы компаниялары, несие одақтарының халыққа тұтыну тауарларына берген қарыздың үлкен бөлiгi үшін; ипотека нарығындағы сақтандыру компаниялары, өзара жинақ және жинақ - қарыз банктерiнiң бәсекесi. 1970-80 ж. ж несие мекемелерiнiң бәсекесi өсе түстi, оған себеп болған негiзгi факторлар: қаржылық қызметтердi шектейтін, реттейтiн бiрсыпыра заңдарды алып тастау; қаржылық инновацияның қарқынды өсуi, яғни несие -ақша операцияларының жаңа түрлерiнiң және есеп айырысу мен қарыз капитал нарығының құралдарының пайда болуы; электронды - есептегiш машиналар мен телекоммуникация құралдарын кең қолдану несие аясында монополистiк бақталастықтың мүмкiншiлiгiн арттырды. Осы процестердiң нәтижесiнде клиенттерге көрсетiлетiн қызметтердiң көптеген түрлерiн ұсынатын әмбебап операциялар тенденциясы байқалып көп бағытты несие мекемелерi құрыла бастады. Коммерциялық банктер бұрын шұғылданбайтын жаңа қызметпен, яғни жылжымайтын мүлiкпен операция жүргiзу, лизинг, сақтандыру және сол сияқты қызмет түрлерiн кең қолдана бастады.

Бәсекенi күшейтетiн маңызды фактордың бiрi - қаржылық емес корпорациялардың қаржылық қызмет түрлерiн атқаруы. Бұл мекемелер банк қызметiнiң тек кейбiреулерiн ғана орындайтындықтан несие институтына таралатын заңды шектеулерге бағынбайды. АҚШ-та оларды “банктiк емес банк” деп атайды. Олар - Дженерал моторз, Форд, ИБМ, Америкен экспресс және т. б-ры операциялар жүргiзумен шұғылданады: өнеркәсiптiк және тұтыну несиесiн беру; жылжымайтын мүлiктен сақтандыру, лизинг операцияларын жүргiзiп, қолма - қол ақшаны басқарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несиелік тәуекелді анықтау
Тұтыну несиесі жайлы
Тұтыну несиесі жайлы мәлімет
Коммерциялық банктердің тұтынушылық несиелеу қызметінің теориялық негізі
Тұтыну несиесі туралы ақпарат
Банктің тұтынушылық несие нарығындағы қызметін жетілдіру ( Цеснабанк АҚ мысалында)
Банктік тұтыну несилері
Нарық жағдайына сай коммерциялық банктердегі тұтыну несиесін беруді ұйымдастыру жағдайына талдау жасай отырып, ондағы орын алатын мәселелерді шешу жолдарын іздестіру
Тұтыну несиесінің экономикалық мәні
Түлыну несиесінің классификациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz