Қарқаралы өңірі топонимдері


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Е. А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті

Қазақ тіл білімі кафедрасы

Қорғауға жіберілді.

кафедра меңгерушісі.

ф. ғ. д. Ш. М. Мәжітаева

«» 2002 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ҚАРҚАРАЛЫ ӨҢІРІ ТОПОНИМДЕРІ

мамандығы: 0308 - «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті»

Ғылыми жетекші: филологияғылымдарының кандидаты, доцент Жартыбаев А. Е.

Дипломшы:

Қарағанды-2002 ж.

Е. А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАРҚАРАЛЫ ӨҢІРІ ТОПОНИМДЕРІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

мамандығы: 0308 - «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті»

Қарағанды-2002 ж.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 4-10

І - Тарау

Қарқаралы Өңірі топонимдерінің

жалпы сипаттамасы 11

  1. Қарқаралы өңірі топонимдерінің мотивтері
  2. Қарқаралы өңірі топонимдерінің тілдік қабаттары

а) ана тіліне тән атулар

ә) басқа тілдерге тән атаулар

ІІ - Тарау

қарқаралы Өңірі топонимдерінің лексико-семантикалық топтары

  1. Этнонимдерге сәйкес қойылған атаулар
  2. Түр-түске байланысты қойылған атаулар
  3. Өсімдік атауларына сәйкес аталған атаулар
  4. Жан-жануарлар, құс, жәндік атауларына сәйкес қойылған атаулар
  5. Судың көлемі, түр-түсі, дәмі, ағысына, тереңдігіне және температурасына байланысты аталған атаулар
  6. Адам және жануарлар дене мүшелеріне байланысты аталған атаулар
  7. Географиялық терминдердің қатысы арқылы және орналасу ерекшеліктеріне байланысты қойылған атаулар
  8. Үй құрлысы мен түрлі мүліктері аттарынан қойылған атаулар
  9. Түрлі іс-әрекетке байланысты қойылған атаулар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


КІРІСПЕ

Ономастика (грекше Ohoma Lic - есімге қатысты) тіл білімінің негізгі салаларынаң саналады да, жалқы есімдердің жиынтық атауы болып есептеледі. Ономастика ғылымның терминдік атауы соңғы жылдарға дейін орын теуіп тиянақталмай, әр түрлі аталып келеді. Бұл ғылымның жаңа атауы ретінде кейбір ғалымдар кезінде топонамастика деген терминді де ұсынғаны мәлім. Алайда елімізде жалқы есімдерді зерттеу объектісі ұлғайып, дамуымен байланысты оның терминдік атауына да ерекше мән беріледі. Қазіргі кезде жалқы есімдердің жиынтық атауы ретінде ономастика берік қалыптасып, термин ретінде кеңінен орын алды. Ономастиканың негізгі бөлімдері: топонимика () жер, су, қала атауларын зерттейтін ғылым, антропонимика (адам аттарын зерттейтін ғылым), этнонимика (ру, ел, халық аттарын зерттейтін ғылым), астронимика (жұлдыз, әлем аспанның аттары), зоонимика (хайуандар аттары) . Ономастикаға тән бұл терминдердің әрқайсысы ішінара жеке-жеке тармақтарға бөлінеді. Мәселен, топонимиканың бөлімдері: гидронимия (өзен, су, көл атаулары), оронимия (тау, төбе, шың атаулары), ойконимия (елді мекен атаулары) болып сараланады. Ономастика құрамына енетін атаулардың бір тобы - мекеме, газет, журнал. Кітап атаулары. Бұлар жөнінде, қазіргі тіл білімінде кейбір кіші-гірім мақалалар болмаса, арнайы зерттеулер жоқтың қасы /1/.

Қазіргі тіл білімінің қарқындап дамуымен байланысты ономастика ғылым ретінде қалыптасып, оны зерттеу аясы кеңейіп отыр. Бұның топонимика, антропонимика бөлімдері бойынша бірнеше кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалып, көлемді еңбектер жарық көрді.

Ономастиканы жан-жақты, терең зерттеудің тіл тарихы мен тарихи этнография үшін мәні зор. Ономастикалық материалдар арқылы көне лексикалық қабаттар, грамматикалық формалар мен синтаксистік құрылыстар, халықтық әдет-ғұрып пен ырымдар т. б. жайттар толық байқалады. Табиғаты жағынан олар тілдегі сөздік қорға тән, тілдің жалпы заңына бағынышты. Бұлардың бәрі жалпы есім сөздерден жасалады. Тіліміздегі сол жалқы есімдерді құрамына қарай жіктегенде, төл сөздермен жасалғандарымен қатар, басқа тілдерден енгендері де мол екені мол байқалады. Оларды зерттеу барысында қоғамдық құрлыстың көрінісін, халықтың дүниеге көзқарасын, басқа елдермен жасаған мәдени қарым-қатынасын, тарихи байланысын аңғарамыз. Орыс ономастикасының осындай сипаттарын байқаған ғалым В. К. Чичагов былай жазды: «Орыс есімдері олардың орыс халқы тарихындағы әр түрлі қоғамға тән формалары сол дәуірдегі қоғам жайын айқын көрсетеді, оның мәдени дәрежесін, ол есімді иеленушілердің қоғамдағы алатын орны мен жағдайын сондай-ақ қоғамның таптық толық білдіреді. Орыс халқының тілдік материалдарының ешқайсысы да ономастика сияқты оның тарихымен тікелей байланысты болған емес» /2/.

Демек, орыс халқы ономастикасының кешкен тарихын, оның басты белгілерін қазақ есімдерінің де шығу, жасалу тарихы сырынан толық байқаймыз. Тіліміздегі халық есімдерінің шығу, пайда болуы әр түрлі қоғамдық дәуірлерге тән екені даусыз. Сондықтан олардың шығу, даму кезеңдерінде әлеуметтік, тұрмыстық негіздер, сөз жоқ, әсерін тигізген. Осындай тарихи ономастиканың халық тарихымен байланысына сай өзіндік ерекшеліктері де бар. Бұл ретте ономастика ең алдымен тіл тарихына тән лингвистикалық ғылым. Өйткені оның грамматикалық әрі фонетикалық заңдылығы халық тіліне тән. Сондықтан да олардың құрамында әр дәуірге, түрлі қоғамдық құрлысқа тән сөздер кездеседі. Ономастиканың тағы бір ерекшелігі - бұл да халық ауыз әдебиетіндегі жырлар, ертектер мен мақалалар тәрізді ұзақ ғасырлар жасайды. Есімдер де атадан балаға, баладан ұрпаққа қойылып, кейінгі дәуірлерге жетіп отырады. Ондай есім сөздер арқылы тіліміздің өткендегі тарихын, көне сөздік құрамын, грамматикалық құрылымын біліп, толық мағлұмат алып отырамыз.

Халық есімдерінің жасалу, пайда болу тарихында төтенше орын алатын маңызды мәселенің бірі - тарихи-мәдени жағдайлар. Халық тарихындағы бұл елеулі жағдайлар, біріншіден, атап айтқанда, түрлі қоғамдық құрылыстағы әр түрлі діни ағымға (анизм, шаманизм, исламизм) байланысты болса, екіншіден, көрші елдермен жасаған алуан түрлі мәдени қарым-қатынас, достық байланыстармен ұштасып жатады. Әдетте, бұл тарихи-мәдени байланыстардың тіліміздегі есімдер құрамынан молая түсуіне, лексика-мағыналық және функциялық мәнінің жетілуіне зор ықпал жасағаны аян. Бұл ретте орыс тілінің игі әсерін, тіліміздің ономастиканың байытудағы оның ролін атасақ артық болмас. Өйткені халқымыздың тарихында бұл байланыс ерекше терең сипатталады. Оның тарихи тамырларының өміріміздің барлық саласынан орны алғаны, оның ішінде жалқы есім сөздердің және кісі аттарының жаңа форма, жаңа мазмұн ықпал еткені баршамызға белгілі. Қазақ есімдерінің байып, құрамының молая түсуінің енді бір кезеңі - шығыс халықтарының мәдениетімен де тығыз байланысты. Ең алдымен араб, иран мәдениеті мен тілінің әсерлері еткен ғасырларда мықты болды. Бұл елдерден тілімізге енген есімдер туралы айтқанда үлкен екі себепті ескермей болмайды. Оның бірі - жалпы мұсылман қауымына ортақ ислам дінінің күшті әсері болса, екіншіден, халықтық мәні бар сан қилы қиссалар мен жырлар, сауда-саттық, қарым-қатынас жолдарының күшеюі болады. Сөйтіп, шығыс халықтары мен түркі халықтары арасындағы ежелден келе жатқан бұл тарихи байланыстар салдарынан тіл ауыспалығы, адамдар арасындағы қандастық кеңінен етек алды. Осындай басты себептердің нәтижесінде халық арасындағы есімдердің өзі тегі жағынан екі түрлі болып отырды. Оның бір тобы - діни есімдер, яғни дін иелерінің, пайғамбар, әулие-әнбие, сопы, хажылар есімдері болса, екіншісі - құраннан қойылған діни мағыналы есім сөздер болды. Ал үшінші топтағы есімдер - қарапайым тұрмыстық сөздер, халық арасында жиі қолданылған күнделікті сөздерден жасалған есімдер болады. Мінеки, жалқы есімдердің тарихын, тілдік құбылыстарын жіті байқап, оның көнелері мен жаңаларын салыстыра зерттеу осы ретте тарихи лексикология үшін өте құнды болмақ. Бұны осылайша, лингвистикалық, этнографиялық және тарихи тұрғыдан зерттеу бұрын да, қазір де қолға алынып келе жатқан жұмыс. Ономастиканың зерттелу бағыты әсіресе қазіргі лингвистикалық қаумда ерекше дамып отыр. Жер жүзінде ономастика бойынша жыл сайын қисапсыз ғылыми әдебиеттер мен ресми журналдар: Поляк Халық Республикасының Краков, Варшава қалаларында 1950 жылдан бері «Onomastica: Верклай, Лос-Анжелес қалаларында 1958 жылдан бері «Hames», Хейлденберг қаласында 1949 жылдан «Beitrade zur Hamenfar schund», Парижде 1949 жылдан «Revue internationale d’Onomastique» журналдары шығып тұрады. Ономастика көптеген жоғарғы оқу орындарында пән ретінде жүреді. Оған арналған оқулықтар мен оқу программалары бар. Москва университетінде ономастика бойынша арнаулы курс оқылады Томск, Қазан университеттерінде кружоктар, ресми семинарлар өтеді. Москвада тұңғыш рет «Введение в топонимику» атты оқулық белгілі топонимист В. В. Никонов авторлығымен жарыққа шықты /3/. Қазақстандағы топонимикалық зерттеулер Ғ. Ғ. Қонқашбаев, А. А. Абдрахманов, Т. Жанұзақов, Е. Қойшыбаев, В. Н. Попова, О. А. Сұлтаняев, Е. Ә. Керімбаев, М. Қожанов, А. Е. Жартыбаев, Қ. Сембаев еңбектерінде сөз болады.

Ономастиканы зерттеу, оның ұйымдастыру жұмысн жолға қою мәселелері де ерекше қолға алынды. Украина, Белоруссия, Молдавия, Латвия республикаларында ономастикалық комиссиясы ұйымдасқан. Украина ономастикалық комиссиясы өте қарқынды жұмыс жүргізуде. Олар 1969 жылға дейін төрт рет конференция өткізіп, жеке жинақтар мен бюллетендер шығарды /4/.

Тіл білімінің көптеген салалары сияқты ономастика бойынша халықаралық конгрестер әрбір үш жыл сайын өтіп тұрады. Бірінші халықаралық конгресте А. Дозе бастамасы бойынша, 1938 жылы Парижде өткен еді. Екінші дүниежүзіліксоғыс салдарынан бірінші және екінші конгресс аралығында сегіз жыл айырмашылық болды. Алайда ІІ конгресс тағы да 1946 жылы Парижде өтті. Осыдан кейінгі конгрестер араға екі-үш жыл салып, жоспарлы түрде өтіп отырады. 1963 жылы халықаралық ономастикалық конгрестің 25 жылдығы аталып, оған ономастиканың практикалық мәселелерімен шұғылданушы мамандар қатысады. VIII ономастика конгресінде гидрономия мәселесі қаралса, ІХ конгрестің тақырыбы жалқы есімдердің хронологиясы туралы болды. Ал Вена қаласында 1969 жылы болып өткен Х конгрестің тақырыбы оронимия (тау, шың, төбе, қырат атаулары) еді.

Сонымен, ономастиканы зерттеу қазіргі кезде тіл білімінің негізгі мәселелерінің бірі болып саналады. Ономастиканың негізгі ең басты бөлімінің бірі топонимиканы зерттеу, оның күрделі мәселелеріне арналған мақалалар жеке монографиялық еңбектер де соңғы жылдары шыға бастады. Бұрын бұл мәселемен шұғылданушылар бірен-саран болса, қазіргі кезде оны зерттеуші мамандар саны елімізде көбейіп отыр. Мұның өзі топонимиканы зерттеудің теориялық әрі практикалық мәнің зор екендігін аңғартады. Демек, оның шығу, пайда болу тарихы, стильдік функциясы, этимологиясы мен семантикалық сырлары көп ізденіп, мұқият зерттеуді қажет етері сөзсіз.

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Қарқаралы өңірі топонимдері». Дипломдық жұмысыма қажетті материалдарды сұрақ-жауап әдісімен аталған өңір тұрғындарынан жинадық. Түрлі мерзімді баспасөз, кітап, архив, музей, саяси әкімшілік және географиялық карталардан, энциклопедия материалдарынан алдық.

Біз сөз етіп отырған Қарқаралы өңірі Қарағанды облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. 1930 жылы құрылған. Жері 22, 6 мың км, халқы 51. 0 мың адам. Орталығы - Қарқаралы қаласы /5/.

Аудан территориясы Сатыарқаның шығыс бөлігіндегі аласа таулы (Қарқаралы, Кент, Қоңыршемірші, Кешубай, Қызылтас) өңірді алып жатыр. Пайдалы қазындылардан полиметалл, барит, фиофит, кварцит, молибден, темір, мыс, алтын т. б. қоры барланған. Климаты тым континенттік. Аудан жерімен Талды, Тамды, Үлкен және Кіші Қарқаралы, Жарлы, Нұра, Түндік, Құсақ т. б. өзендері ағады. Қарқаралы жері көктерек, қайың, қарағай, шырша ормандарына бай. Қара, қызыл, қоңыр, сортаң топырақты келетін жерінде жусан, бетеге, селеу, қамыс, ырғай, қарақат өседі. Кең тараған жан-жануарлармен (елік, қасқыр, түлкі, суыр, борсық, сілеусін, қатар ұшан (тиін) мен қабан жерсіндірілген. Құстардан жапалақтар, күндізгі жыртқыштар, сарыторғай, шымшықтар, атбасар, сарымшықтар ұялайды. Аудан территориясында ежелгі адамдардың қоныстары, алғашқы қауым адамдардың жартасқа салған таңбалары, орта ғасырлық қираған қалалар, бертінгі феодалдық бекіністер табылады.

Қарқаралы өңірі жеріндегі аталған жайлар, Қарқаралы топонимдерінде молынан көрініс береді. Ол жайлар диплом жұмысының жазылу барысында сөз болады. «Қарқаралы өңірі топонимдері» атты дипломдық жұмысымыз кіріспе, негізгі бөлім және қортынды мен әдебиеттер көрсеткішінен тұрады.

Негізгі бӨлім

і тарау

қарқаралы Өңірі топонимдердің жалпы сипаттамасы

Қарқаралы өңірі топонимдері тілімізжегі сөздерге тән болғандықтан сөздік қорымыздың бір бөлшегі болып табылады. Олар ежелден ақ мағыналы сөз болғандықтан, тіліміздегі сөздерге тән грамматикалық қасиеттердің бәріне ие келеді. Ол жалпы есімдерден жасалады. Сондықтан тілдегі жалпы сөздерге тән синтаксистік заңдар мен фонетика-морфологиялық және сөзжасамдық тәсілдерге бейім тұрады. Тұрғын халық тіліндегі атаулардың қандай түрлері болмасыв тілдің басқа да көрсеткіштері сияқты, белгілі бір қоғамда пайда болып, қоғамнан тыс өмір сүрмей ді. Сол себептен атаулар сол тіл иелерімен бірге өмір сүріп, берік қатынаста болады. Белгілі бір ел, мемлекеттің тарихи-мәдени, саяси-қоғамдық өміріндегі өзгерістер алдымен осы топонимдерден байланатыны сияқты аудан тарихи да сол жергілікті топонимдер өмірінен тығыз байланысты. Топонимдердің тілдік категория екендігі туралы пікір ежелгі грек және ежелгі рим ғалымдары еңбектерінен мәлім. Бұл мәселені советтік ономастар А. А. Белецкий, Э. М. Мурзаев, А. В. Суперанская, В. А. Никонов, В. А. Карпенко т. б. өз еңбектерінде дамыта түседі. А. А. Белецкий жалқы есім мен жалпы есім айырмашылығын, олардың тілдік және құрылымдық сипатынан емес, атқарар қызметі мен қолданысына байланысты деп біледі. Оның пікірінше: «Жалқы есім мен жалпы есімнің айырмашылығы морфология мен семантикаға байланысты емес, олардың қолданысында, атқаратын қызметінде. Сол себептен жалқы есімді - индивизатор, ал жалпы есімді - классификатор», - дейді /4/.

В. А. Никонов жалқы есімдердің даму заңдылығына тоқтала келіп, былайша ой қорыттады: «Имя - слово и как все слова, подчиняются законам языка, т. е. подлежит ведение языкознания . . . Но собственные имена образуют в языке особую подсистему, в которой и общеязыковые законы переломляются специфический, и возникают свои закономерности, которых нет в языке вне ее» /5/.

Осы аталған теориялық еңбектердің негізгі түйіні - жалқы есімдер, тілдің заңына бағынышты сөздер. Олар адам, қоғам өмірінен тығыз байланыс, берік бірлікте өмір сүріп, қолданылуы, жұмсалуы, қызметі жағынан, негізінен үш түрлі қасиетке ие. Олар: тілдік энциклопедиялық және сөйлеу тіліндегі қоғамдық қызметі. Зат есімнің жалпы есім және жалқы есім болып екіге бөлінетіні белгілі. Мысалы: дала, қол, теңіз, құс т. б. біртектес заттардың жалпы атауы болса, жалқы есімнің негізгі белгісі - белгілі бір зат туралы нақты ұғымды білдіреді. Айталық, Егіндібұлақ, Қаракөл, Қарағайлы, Қарқаралы, Тасұя тәрізді атаулар - жалпы есімдерден ерекше тұрған, белгілі бір географиялық объектілердің атауларын білдіріп, мағыналық жағынан өзіндік ерекшелігі бар, белгілі бір лексика-грамматикалық көрсеткішке ие.

Өмірде, қоғамда, өзіндік қызмет атқаратын атаулық, тілдік категория. Ана тіліміздің сөз байлығынан жасалған атаулар өте көп. Олардың ішінде жаңа тұлғалыларымен қатар күрделі тұлғалы топонимдер саны да аз емес. Жасалу сипатына қарай жіктеп, саралап қарағанымызда, бұлардың көбінің бойынан синкретикалық түбірлер мен жалғау, жұрнақтардың жалғану заңдылықтарын көреміз. Мысалы: Айыртау тауының синкретикалық түбірін Ә. Қайдаров пікірімен келісе отырып, «ай» /а/ синк. разводить, раздвигать, отделять, отводить, отстронять /раздвинутый, разведенный, отделенный/. (айыр - ай-ыр - отделять; разлучать; порвать//вилы, вилка, развалина; «тау» - гора, горы» - деп қараймыз /6/.

Айыртау - «екі айырылған тау» деп түсінеміз. Сол секілді Доғалаң тауының түбірі доқ /dog/ небір домаланған, дөңгеленген: доғал доқ ал камалы: с тупым концом; доғалақ доқ ал ақ-домаланған, дөнгелек, доңғалақ (атарбаның доңғалағы) ; /7/ тау аты Қорғанның синкр. Түбірін «қор» (қорға, сақтау) : қоры-қор и сақтау, қорға, күзет; қорық қор ық көп мағыналы: 1) қорған, шарбақ; 2) қоршаған жер, бөлім, қорықған - аффикс» - деп білеміз /8/. Демек, синкретикалық түбірлері анық көрінетін атаулардың аудан өңірінде көптеп кездесетінің, әсіресе, топонимдік мағыналар жасалатынын анық байқаймыз. Бұл анықтамалар топонимдердің белгілі бір объектінің атауы ретіндегі атауытық қасиетінің әлдеқайда бай да мазмұнды болатынын көрсетеді. Өйткені олар басқа лексикалық топтарға қарағанда, белгілі бір ортада өмір сүрген қоғамдық өмірдің ерекшелік жайларынан хабар береді. Әсіресе, белгілі бір топонимдер сол жердің тұрғындары тіліне танымал, түсінікті болып келеді де, негізгі лексикалық мағынадан басқа қосымша мағынаны да аңғартады. Мысалы: Балықтыкөл, Талдысай, Тасшоқы деген атаулар сол өңірдің өзіндік қасиеті мен географиялық сипатынан мол хабар бермек. Яғни, «талдың қалындығынан, балықтың мол екендігін білдірмек. Негізінен топонимдердің қоршаған ортаның ерекшелігін көрсетуі - басты шарт болып табылады. Бала Бүркітті, Жыртылтылған көл, Шұбапкөл т. б. атаулар тау, өзен, судың көлемі мен үлкенді-кішілігін де аңғартпақ. Бұл мысалдардың барлығы да атаулардың негізгі лексикалық мағыналарымен қатар топонимдік мағыналарға да ие екендігін көрсетеді. Тілдік тұрғыдан қарағанда, топонимдік апеллятивтік мағынасы мен географиялық мағынасы өз ішінде анық сараланады. Әрбір топоним географиялық атауға ие болу барысында семантикалық, морфологиялық, грамматикалық тұрғыдан ерекшеленіп, тұрады. Топонимдік атаулардың мән-мағынасын айқын да анық біллдіретін көрсеткіштің бір-екі сөзден бірігіп жасалғандары: Айнабұлақ, Үшқара, Шөптікөл, Қызылшілік, Көкшоқы т. б. Біз жоғарыда сөз еткен дәлелдер аудан өңірі топонимдерінің мағыналарының әлдеқайда кең екендігін байқаймыз. Бұл жайлар арқылы біз топонимдердің атаушылық, дербестік, даралық қызметіне ие келетінін көреміз. Ал қосымша қызмет ретінде олардың әлеуметтік, эмоционалдық, әдрестік, экспрессивтік, эстетикалық, стилистикалық ерекшеліктері айқын көрінеді. Өйткені, жалқы есімдер нақты тілдік материал ретінде ғылыми дәйекті дерек бола алады /9/. Халықтар арасындағы мәдени қары-қатынасты, тарихи байланыстарды анық көрсетеді. Яғни, жалқы есім мағынасына мәдени элементтердің де тікелей қатысы барын көреміз. Сонау көне заманда-ақ егіпттіктер, гректер, римдіктер жалқы есімдерді, олардың даралық, дербестік қасиетін ескере отырып, кісі есімдері мен жер шарындағы объектілерді сараламай-ақ, оларды лингвистикалық дербес категория деп таныды. Казіргі кезде тілімізде бар географиялық атаулармен біргше қазір өмірде жоқ, ғайып болған атаулар (Отырар, Баласағұн, Баршыкент) секілділер, сондай-ақ әртүрлі ертек, аңыз, дастандағы атауларда жиі ұшырасады. Олардың біріншілері көбіне этимологиялық талдауға оңай көніп, шығу, пайда болу кезеңі айқын анықталып, ауыстырып, алмастырып отыруға бейім келеді. Әрбір атаулардың тарихи атау екендігін дәлелдеудің өзіндік мәні зор. Өйткені топонимдер - тарих айнасы. Олардың бойында замана, дәуір таңбасы, оның құпия сыры, этнографиялық сипаттары, өткендегі қоғамдық өмірдің ізі, дін мен идеология көріністері, ең негізгі - бір, болмаса бірнеше дәуірдің тілі сақталады. Өйткені топонимдер тіліміздегі сөздерден жасалады. Олар сөздік қорға тән алтын қазына, оның бөлінбес бөлшегі болып табылады. Сондықтан да лексикалық, грамматикалық, фоно-морфологиялық жағынан тіліміздің ішкі заңдары мен нормасына сай қалыптасады. Топонимдерде тілдегі жалпы есімдер сияқты күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылып, жиі жұмсалады. Жалпы алғанда, әрбір топоним жасаудағы өзіне тән нұсқа-үлгісі болды да, сол дәуірдің өзіне тән құрылыс материалы, оны салудың өзіндік тәсіліне ие келеді. Топонимдер рухани мәдениеттің жемісі ретінде әрбір қоғамдық өзгеріске бейім. Тілдік фактілерге оның ішінде топонимдік зерттеулерге тарихи тұрғыдан көзқарас В. Гумбольд, Я. Грилем дәуірлерінен бастап лингвистикалық мұра болып қалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық Қазақстан Бұқар жырау ауданы топонимдері
Бұхар жырау ауданы топонимі
Қарағанды қаласының тарихы мен бүгіні
Орталық Қазақстан, Қарағанды облысы
Жезқазған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы
Семей өңірінің тарихи топонимдері географиясын зерттеудің перспективалары мен маңызы
Ақтөбе өңірінің тарихи топонимиясы
Бұқар Жырау ауданы топонимдерінің географиялық ерекшеліктері
Ақмола өңірінің географиялық атауларының қалыптасуындағы геоэкологиялық құрастырушылар ( Зеренді және Атбасар аудандарының мысалында )
Сарыарқа өңіріне тән оронимдер және орографиялық терминдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz