Ұлы Жібек жолы және ортағасырлардағы Қазақстан мәдениеті



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3 . 7


1 ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ: ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ.

1.1 Жібек жолының қалыптасуы мен тармақтары ... ... ... ... ... ... ..8 . 16
1.2 Жібек жолының халықаралық қарым.қатынастары мен мәдениет аралық сұқбаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16 . 25

2 ҮІІІ.ХІІІ ҒҒ. ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ.
2.1 Ортағасырлардағы қалалардың дамуы: сәулет өнері және материалдық мәдениет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26 . 34
2.2 Рухани мәдениет: (тіл, әдебиет, ғылым) ... ... ... ... ... ... ... ... ..35 . 39
2.3 Діндер мен мәдениеттер диалогі (христиан, буддизм,
ислам, зороастризм) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39 . 48

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49 . 51

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .52 . 54
Қазақ тарихында зерттелмей, тың жатқан тақырыптар жеткілікті. Солардың бірі ортағасырлардағы дамыған Ұлы Жібек жолы. Жібек жолының тармақтары қазіргі Қазақ даласын басып өткендіктен көптеген қалалар бой көтеріп, ірі мәдени ошақтар қалыптасты. Азия мен Еуропа арасын байланыстырушы Ұлы Жібек жолының тарихи рөлі тек басты сауда жолы болуымен ғана шектелмейді. Көне керуен жолдары арқылы бейбіт сауда керуендерімен қатар саяхатшылар да, айналасына ажал уытын сеуіп, гүлденген қалаларды тып-типыл еткен шапқыншылар да өткен. Нәтижесінде әлемдік діндердің қатарына енетін ислам мен христиан, буддизм халық арасында насихатталып, таралған. Сондай-ақ қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер бұл күретамыр жолдың мәдени, ғылыми ақпараттарды алмасу құралы ретінде Еуразия халықтарының, рухани мәдениетін дамытуда, аса маңызды қызмет атқарғанын дәлелдейді.
Қазақстан жерін қадым замннан бастап-ақ мекендей бастаған дала тайпаларының кейініректегі түркі-қыпшақ, моңғол қосындыларымен біте қайнасқан, түп-тамыры бірегей, орта ғасырлардағы түркі-араб-парсы рухани жетістіктерімен жалғасқан өзіндік көне мәдениеті болғанын, сол заманғы ойшылдардың еңбектері дәлелдей түседі. Олар: - Әбу Нәсір әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Йасауи, Махмұт Қашғари, Хайдар Дулати, Қыдырғали Жалайыри т.б. Әбу Нәсір әл-Фараби – Аристотельден кейінгі “екінші ұстаз”, “Шығыстың ұстазы” атанған ғұлама ойшылдарымыздың ішінде көренкті орын алады . Ол Ұлы жібек жолы бойындағы Отырар қаласында дүниеге келген /1/. Келесі дана ұсаздарымыздың бірі, Қожа Ахмет Йасауи ХІ ғ. өмір сүрген. “Хикмет” (“Даналық сөздері”) деп аталатын өлеңдер жинағында былай деген:
Құл қожа Ахмет, әрбір сөзің дертке дәрмен,
Тәліптерге (шәкірттерге) баян етсем қалмас арман.
Төрт мың төрт жүз хикмет айт хақ пәрменімен,
Пәрмен болса өлгенше жырласа мен, -
екен /2/. Осы сияқты бірнеше хикметтер жазып, түркі халықтары үшін артынан өшпес мұра қалдырды.
Қазақ халқының тәуелсіз мемлекеті бірнеше ұрпақтың арманы болды. Орталық билік кезеңіндегі Қазақстан тарихы зорлықшыл саясат үстемдік еткен, қасіретке толы кезеңдермен ерекшеленді.
Ал қазіргі күні сол тәуелсіздігімізге қолымыз жеткенде, туған елінің, Отанның шынайы тарихын білуге деген ұлттық сана-сезімнің өрлеуінің куәсі болып отырмыз.
1. Аль-Фараби. Историко-философские трактаты. Изд “Наука”, Алматы, 1973.
2. Ходжа Ахмад Яссави. Диуани хикмет. Ташкент, 1991, С.161.
3. Никитин Е. Ұлы Жібек жолы туристік инфрақұрылым арқылы қайта құрылуы тиіс // Егемен Қазақстан 1997. 18 қараша.
4. Байпақов К.М. Средневековые города Казахстана на Великом шелковом пути. Алматы, 1998
5. Гумилев Л.Н. Көне түріктер. Алматы, 1994.
6. Сыздықов С.М. Қарлық мемлекетінің тарихы: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ Ақпарат, 2000. –263 б.
7. Караев О. История караханидского каганата. Фрунзе, 1983.
8. Агаджанов С.Г. Очерки истории огузов и туркмен Средней Азии ІХ-ХІІІ вв. Ашхабад, 1969.
9. Кумеков Б.Е. Государство кимаков ІХ-ХІ вв. По арабским источникам. Алма-Ата. 1972.
10. Ахинжанов С.М. Кипчаки в истории средневекового Казахстана. Алматы. 1989.
11. Нуртазиана. Н.Д.
12. Махаева А.Ш. Көе түркілердің рухани мәдениеті. Алматы. 2000.
13. Лубо-Лесниченко Е.И. Китай на Шелковом пути: шелк и внешние связи древнего и раннесредневекового Ктая. М., 1994.
14. Иерусалимская А.А. Велики Шелковый путь и Северный Кавказ. Л., 1972.
15. Петров А.М. Великий Шелковый путь. О самом простом, но мало известном. М., 1995.
16. Байпақов К. Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. Алматы, 1992. 200 б.
17. Таймағамбетов Ж.Қ. Жібек жолы бойындағы керуен // Лениншіл жас. 1991. 15 маусым.
18. Бичурин Н.Я. Собрание сведения о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена Т. 1. М.-Л., 1950.
19. Волин С.Л. Сведения арабских источников ІХ-ХІҮ вв. О долине реки Талас и смежных районах // ТИИАЭ. Ан КазССР, 1960.
20. Ақышев К. Ұлы жібек жолы: оның өткені мен болашағы. Қазақстан коммунисті 1991, № 2.
21. Мухлисов Ю. Ұлы жібек жолы туралы тың деректер. Азия. 1992. 17 қазан.
22. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. Том 1. Алматы, 1996. 493 –б.
23. Елеуов М. Шу мен Талас өңірлерінің ортағасырлық қалалары (ҮІ-ХІІІ ғғ. басы) Алматы, 1999. 15-б.
24. Бартольд В.В. Очерк истории Семиречья. Сочинения . М., 1963. Том 2.ч.1. С-31.
25. Караев О. Арабо-персидские источники о тюркских народах. Фрунзе. 1973. С. 242.
26. Мурад Аджи. Кипчаки Огузы. Средневековая история Тюрков и
Великой Степи. – М.: Наука, 2001. – 389 с.
27. Ақышев К.А., Маргулан А.Х., Оразбаев А.М., Кадырбаев М.К. Древняя культура Центрального Казахстана А., 1998.
28. Агеева Е.И., Пацевич Г.И. Из истории оседлых поселений и городов Южного Казахстана. Труды института истории, археологии и этнографии Академи наук КазССР. Алм-Ата, Т.5. 1958.
29. Маргулан А.Х. Древние караванные пути через пустыню Бетпак-Дала // Мир казахов. А.,1994 . С.50.
30. Путишествия в восточные страны. Под. ред. Г.И.Патлина., Алматы, 1993.
31. Шефер Э.Х. Золотые персики Самарханда. М., 1981.
32. Қазақстан тарихы. Т. 1. Алматы. 1996. 501-б.
33. Акышев А.К. Отырардан табылған өрнекті ефрит. Отырардағы археологиялық зерттеу. Алматы. 1977. 74-б.
34. Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. Алматы, 1996. 87-б.
35. Әбсаттар Дербісәлиев. Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы: Рауан, 1995. 233 б.
36. Менандр Протектор. История // Византийские историки: Дексип
Эвнапии Олимпиодор, Малх Патрииций, Менандр, Кандид Ноннос и
Феофан Византиец /Пер. С. Дестуниса. - СПб.: Тип. Изд. Л. Демиса,
1860. - С. 313 - 470.
37. Қойшығара Салғараұлы. Таным тармақтары. Алматы, 1998. 180-б.
38. Боровиков Л.А. Центральная Азия, исторические документы ІІ в. до.н.э. – ҮІІІ в. н.э. М., 1989.
39. Бартольд В.В. О христианстве в Туркестане. Сочинения, т.2. М.Л., 1963. С. 281-282.
40. Бартольд В.В. Отчет о поездке в Среднюю Азию снаучной целью. 1893-1894гг. С.33.
41. Касенов М.С. Карлукское городище Орнек // Взаимодействие кочевых племен и древних цивелизации. Алма-Ата. 1987. С. 168-169.
42. Байпаков К.М. По следам древних городов Казахстана. Алма-Ата. 1990. С. 130.
43. Зуев Ю.А. Тамги лошадей из вассальных княжеств // Труды ИИАЭ. АН КазССР. 1960, т.8. С.98.
44. Книга Марко Поло. Москва, 1955. С.132.
45. Алдабергенов Н. Ұлы Жібек жолының бойында // Алматы ақшамы. 1988. 14 қараша.
46. К. Байпақов. Қазақстанның ежелгі қалалары. А., 2005, 43 б.
47.Бабыр Захир ад – дин Мухаммед. Бабырнама. Алматы, 1993.
48.Байпақов К.М.Оңтүстік Қазақстан және Жетісудағы ортағасырлық
қалалар мәдениеті. Алматы,48-53 бб.
49.Мец А. Мусыльманский ренессанс. М., 1966.
50.Н.Ә. Назарбаев. Тарих толқынында. - Алматы: Атамұра, 1999. - 257
б.
51.Феофилакт Сммокатто. История (Памятники средневековай
История истории народов центральной и восточной Европы) /Пер.
С.П. Кондратева. – М.: Академии Наук СССР, 1957. - 223 с.
52.Литвинский Б.А. Буддизм и буддийская цивелизация. Индиская
культура и буддизм. М., 1972. С. 150
53.Васильев Л.С. История религий Востока. Л., 1983. С. 16.
54.Кляшторный С.Г. Историко-культурное значение Суджинской
надписи // Проблемы Востоковедения. 1959 № 5.
55.Жүсіп Баласағұн. Құтты білік. Алматы, 1986. 414 б.
56.Қазақстан тарихы. 4-томдық. І-том. Алматы, 1996, 324 б.
57.Нуртазина Н.Д. О распространении ислам в средневековом
Казахстане // ҚазҰУ. Хабаршы. Тарих сериясы. 1998. №6. 84-85 бб.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
“Ұлы Жібек жолы және ортағасырлардағы Қазақстан мәдениеті”

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .3 – 7

1 ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ: ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ.

1.1 Жібек жолының қалыптасуы мен тармақтары ... ... ... ... ... ... . .8 -
16
1.2 Жібек жолының халықаралық қарым-қатынастары мен
мәдениет аралық
сұқбаттары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...16 – 25

2 ҮІІІ-ХІІІ ҒҒ. ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ.
2.1 Ортағасырлардағы қалалардың дамуы: сәулет өнері және материалдық
мәдениет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26 –
34
2.2 Рухани мәдениет: (тіл, әдебиет,
ғылым) ... ... ... ... ... ... ... . ... .35 – 39
2.3 Діндер мен мәдениеттер диалогі (христиан, буддизм,
ислам,
зороастризм) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...39 – 48

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 49 – 51

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 52 – 54

КІРІСПЕ

Қазақ тарихында зерттелмей, тың жатқан тақырыптар жеткілікті. Солардың
бірі ортағасырлардағы дамыған Ұлы Жібек жолы. Жібек жолының тармақтары
қазіргі Қазақ даласын басып өткендіктен көптеген қалалар бой көтеріп, ірі
мәдени ошақтар қалыптасты. Азия мен Еуропа арасын байланыстырушы Ұлы Жібек
жолының тарихи рөлі тек басты сауда жолы болуымен ғана шектелмейді. Көне
керуен жолдары арқылы бейбіт сауда керуендерімен қатар саяхатшылар да,
айналасына ажал уытын сеуіп, гүлденген қалаларды тып-типыл еткен
шапқыншылар да өткен. Нәтижесінде әлемдік діндердің қатарына енетін ислам
мен христиан, буддизм халық арасында насихатталып, таралған. Сондай-ақ
қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер бұл күретамыр жолдың мәдени, ғылыми
ақпараттарды алмасу құралы ретінде Еуразия халықтарының, рухани мәдениетін
дамытуда, аса маңызды қызмет атқарғанын дәлелдейді.
Қазақстан жерін қадым замннан бастап-ақ мекендей бастаған дала
тайпаларының кейініректегі түркі-қыпшақ, моңғол қосындыларымен біте
қайнасқан, түп-тамыры бірегей, орта ғасырлардағы түркі-араб-парсы рухани
жетістіктерімен жалғасқан өзіндік көне мәдениеті болғанын, сол заманғы
ойшылдардың еңбектері дәлелдей түседі. Олар: - Әбу Нәсір әл-Фараби, Жүсіп
Баласағұн, Ахмет Йасауи, Махмұт Қашғари, Хайдар Дулати, Қыдырғали Жалайыри
т.б. Әбу Нәсір әл-Фараби – Аристотельден кейінгі “екінші ұстаз”, “Шығыстың
ұстазы” атанған ғұлама ойшылдарымыздың ішінде көренкті орын алады . Ол Ұлы
жібек жолы бойындағы Отырар қаласында дүниеге келген 1. Келесі дана
ұсаздарымыздың бірі, Қожа Ахмет Йасауи ХІ ғ. өмір сүрген. “Хикмет”
(“Даналық сөздері”) деп аталатын өлеңдер жинағында былай деген:
Құл қожа Ахмет, әрбір сөзің дертке дәрмен,
Тәліптерге (шәкірттерге) баян етсем қалмас арман.
Төрт мың төрт жүз хикмет айт хақ пәрменімен,
Пәрмен болса өлгенше жырласа мен, -
екен 2. Осы сияқты бірнеше хикметтер жазып, түркі халықтары үшін
артынан өшпес мұра қалдырды.
Қазақ халқының тәуелсіз мемлекеті бірнеше ұрпақтың арманы болды.
Орталық билік кезеңіндегі Қазақстан тарихы зорлықшыл саясат үстемдік еткен,
қасіретке толы кезеңдермен ерекшеленді.
Ал қазіргі күні сол тәуелсіздігімізге қолымыз жеткенде, туған елінің,
Отанның шынайы тарихын білуге деген ұлттық сана-сезімнің өрлеуінің куәсі
болып отырмыз.
Тарихымызға деген қоғамдық сұраныстың жоғары деңгейін Қазақстан
Республикасының президентінің ХХ ғасырдың соңғы жылдарын Н.Ә. Назарбаевтың
1998 жылды “Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы” және 1999 жылды “Ұрпақтар
бірлігі мен сабақтастығы жылы” десе, 2000 жылды “Мәдениетті қолдау жылы”
деп жариялауының өзі өткен тарихымыз бен мәдениетімізге деген сұраныстың
жоғары екенін көрсетіп берген болатын.
Сол сияқты Ұлы Жібек жолының бойына орналасқан іргелі тарихи, діни
және мәдени қаламыз Түркістанның 1500 жылдығының өзі қаптап жер қойнауында
әлі сырын ашпай жатқан тарихымыздың үлкен бастамасының бірі тәрізді.
Сондықтан да қорғауға ұсынылып отырған диплом жұмысының тақырыбы
ретінде алынған “Ұлы Жібек жолы және ортағасырлардағы Қазақстан мәдениеті”
Отан тарихындағы өзекті мәселенің бірі.
Қазіргі таңда Ұлы Жібек жолы дүние жүзінің көптеген мемлекеттеріндегі
туристердің назарын өзіне қатты аударып отыр. Оларды әсіресе Ұлы Жібек
жолының Қазақстандық торабы ерекше қызықтырады. Өйткені, ұлы құрлықтың қақ
ортасындағы кіндік Азияны басып өтетін бұл тораб кез-келген жиһангез
саяхатшылардың жүріп өту үшін тіпті де оңай болмағандықтан мейлінше аз
зерттелген еді.
Ұлы Жібек жолының адамзат тарихындағы гуманистік және бейбітшілік
қарым-қатынастарды дамытудағы ізгі дәстүрлерін зерттеу мақсатымен ЮНЕСКО-
ның шешімі бойынша жасалып, оның 1987 жылы Парижде өткен бас
конференциясының 24-ші сессиясында мақұлданған халықаралық жобаны жүзеге
асыру қолға алына бастады.
1994 жылдан бастап бұл жобаға бүкіл дүниежүзілік туристік ұйым (WTO)
зор ынта қойып, белсенді қызмет атқаруға кірісті. Өйткені, мұның өзін
халықаралық туризмді дамытудың болашақтағы зор перспективасы бар жобалардың
бірі ретінде таныды. Ұлы Жібек жолы жөніндегі бұл шешім іле-шала Орта-Азия
республикасының ынта-ықыласын арттырды. Қазақстан үкіметі өзінің 1991 жылғы
3-сәуірдегі № 219 және 1992 жылғы 21 қаңтардағы № 41 қаулылары арқылы
ЮНЕСКО-ның Ұлы Жібек жолын кешенді зерттеу жөніндегі бағдарламасына толық
қолдау көрсеткенін мәлімдеді \3\.
ЮНЕСКО-ның жобасын жүзеге асыруға Қазақ КСР-інің қатысуы туралы және
Қазақ КСР-інің “Жібек жолы” ұлттық комитеті туралы қабылданға ол тәуір
нормативті актілер, өкінішке орай, тек қағаз жүзінде қалып қойды.
Қазақстан Республикасының Президентінің 1997 жылғы 30-сәуірдегі
“Түрік тілдес мемлекет басшыларының” Ташкент декларациясын ЮНЕСКО мен Бүкіл
дүние жүзілік туристік ұйымның Қазақстан республикасында Ұлы Жібек жолы
бойындағы туризм инфроқұрылымын дамытуды ұйымдастыру жөніндегі жобасын
жүзеге асыру туралы № 3476 жарлығы жарияланды 3.
Міне, біз бұдан тарихымыздың үлкен мәселелерінің бірі Ұлы Жібек жолы
күрделі де маңызды іс екенін көреміз. Егер жібек жолы бойында жатқан тарихи
ескерткіштерімізді жандандыра білсек, еліміз үшін табыс көзі екені анық.
Ұлы Жібек жолын жандандырудың бір нұсқасы Алматы қаласында жыл сайын
сәір айында Еуразия экономикалық самиті болады. ХХІ ғасырда Ұлы Жібек жолы
арқылы Батыс пен Шығыстың сауда және мәдени қатынастарын одан әрі
жандандыру екені даусыз. Ерте орта ғасырларда Жібек жолының басты қызметін
жібек матасы атқарса, ал бүгінде бұл жобаның жүгін мәдениет (ғылым, білім
т.б.) атқаруда деп айтамыз. Сондықтан Ұлы жібек жолының тарихы мен орта
ғасырлардағы мәдениетті кешенді түрде зерттеу, үлкен жетістіктерге
жеткізетініне күмән жоқ.
Тақырыптың зерттелуі. Қазақстандағы Ұлы Жібек жолы археологиялық
жағынан біршама зерттелген. Атап айтқанда К.М. Байпақов, К. Ақышев, Ә.
Марғұлан, М. Елеуов, У. Шалекенов және т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектері
бар \4\. Түрік дәуірін зерттеген ғалым Л.Н. Гумилев \5\ еңбегінде
түріктердің шығу тегімен бірге олардың Ұлы Жібек жолына үстемдік жасауы
жан-жақты баяндалады. Шығыс танушы ғалым В.В. Бартольд еңбектеріннде де
жібек жолына байланысты мәліметтерді алуға болады. Ғалым түрік дәуіріндегі
жібек жолының Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды басып өту себептерін кең
көлемде қарастырады.
Қарлұқтар мемлекетінен докторлық диссертация қорғаған зертеуші С.М.
Сыздықов 6 еңбегінде Ұлы Жібек жолына біршама жақсы тоқталып өтеді.
Қарахандар дәуірін зерттеген О. Караев 7 еңбегінде қарахандардың
Жетісу жеріндегі күшті мемлекетке айналуындағы Жібек жолының маңызына
тоқталған. Сондай-ақ Жібек жолының бойына орналасқан қалалардың гүлденуіне,
отырықшы мәдениетке тигізген әсерін баяндайды.
Орта Азиядағы оғыздар тарихы зерттеуші С.Г. Агаджанов еңбегінен де
мәліметтер аламыз. Оғыздар Қара теңіз жағалауындағы қыр далаға өтіп,
Повольжеден Маңғыстау мен Үстіртке жүретін сату жолдарын өз бақылауларына
ұстанғандығы жөнінде мәліметтер қамтылған 8.
Қимақ дәуірін зерттеген Б. Көмеков тарихшымыз да Жібек жолының тарихы
мен дамуын араб деректерімен байланыстыра отырып пайымдайды 9.
Ал қыпшақтарды зерттеуші С.М. Ақынжанов аталмыш тайпалық
бірлестіктердің Орталық Азиядағы іргелі елге айналуындағы Ұлы Жібек жолының
маңызына арнайы тоқталып жазған 10.
Түріктердің мәдениетіне байланысты біраз зерттеу еңбектерін арнаған
бірталай өзіміздің факультеттің ғалымдарын да атап айтсақ болады. Атап
айтқанда Н.Нұртазина 11, А.Ш. Махаева “Көне түріктердің рухани мәдениеті”
аттыеңбегінде мәдениеттің дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалын кең көлемде
баяндаған 12.
Жалпы түрік дәірін (ҮІ-ХІІІ) зерттеуші ғалымдардың еңбектерінен жібек
жолының дамуындағы оның мәдениет пен өнерге, қалалардың гүлденуіне тигізген
әсеріне көз жеткізуге болады.
Түрік қағанаты құрылған соң халықарды бір-бірімен байланыстырушы күре
жол жібек жолына үстемдік етіп, моңғол шапқыншылығына дейін бақылау
жасағаны көне тарихымыздан белгілі.
Ұлы Жібек жолының тарихын арнайы зерттеген ғалымдар Е.И. Лубо-Лесничко
қытай тарихын зерттеуші, кандидаттық диссертациясын “Китайские шелковые
ткани периода хан” деген тақырыпта, докторлық диссертациясын “Китай на
Шелковом пути...” мәселе бойынша қорғаған 13. Бірақ бұл зерттеушінің
тақырыбының аты айтып тұрғандай тек қытайдағы жібекке байланысты
мәселелерді кең көлемде қамтыған. Соған қарамастан атлған еңбектен көптеген
мәліметтерді алуға болады. Зерттеуші А.А. Иерусалмская еңбегінен де
көптеген мәліметтерді алуға борлады 14. А.М. Петров 15. Ал,
Қазақстандағы Ұлы Жібек жолының тарихы мен дамуын К. Байпақов пен А.
Нұржановтың еңбектерінен көруге болады. Зерттеуші ғалымдар осы уақытқа
дейінгі жарық көрген материалдарды археологиялық мәліметтермен байланыстыра
отырып баяндайды 16. Мерзімді басылым беттерінде Ұлы Жібек жолына
байланысты көптеген мақалалар жарық көрді. Бұның өзі жібек жолының
маңыздылығын одан әрі айғақтай түседі.
1990 жылы Қазақстандағы “Ұлы Жібек жолы экспедициясына” қатысып, қазақ
делигациясын басқарған профессор Ж. Таймағамбетовтың мақалалары тақырыптың
ауқымдылығын айқұындай түседі 17.
Тақырыптың деректік қоры. Ұлы Жібек жолының тарихи-географиялық
жағдайы, исламға дейінгі Орта Азия жайында деректер сондайлық көп емес.
Аздаған мағлұматтар грек, латын жылнамалында сақталған. Бұл ретте
керуеншілердің өздері жүріп өткен жолындағы елдердің табиғаты, оны
мекендейтін халықтардың тұрмысы мен салт-дәстүрлері, мәдениеті жөнінде
деректерді таратқанын айта кеткен жөн. Бұл мәліметтерді шығыс халықтарына
батыстағы елдерді, ал Еуропаға Азияны танытқан алғашқы географиялық
деректер ретінде бағалауға болады. Жібек жолы туралы басқа да жазба
деректерді айтар болсақ, қытай, араб, парсы жиһангездерінің жазып қалдырған
мәліметтерінен аламыз. Хань әулеті билік еткен кезеңде (б.з.д. ІІ ғ. - б.з.
ІІ ғ.) Жібек жолының негізі салынып, Қытай мен Орталық Азия мемлекетінің
сауда мен саяси байланыстары жанданды. Жібек жолының толысып гүлденуі
Қытайда Тан әулеті билік еткен кезеңге (618 - 907) тұтас келеді. Орталық
Азия халықтары, олардың тарихы туралы мәліметттердің келесі үлкен кешені
сол дәуірге арналған екі хроникада бар. “Тан әулетінің ескі тарихы” (“Цзю
Таншу”), “Тан әулетінің жаңа тарихы” (“Синь Таншу”). Қытай тіліндегі бұл
мәліметті біз атақты тарихшы Н.Я. Бичуриннің еңбегінен алдық 18.
Ортағасырлық араб Тамим ибн Бахрдың Солтүстік – Шығыс Қазақстандағы
Ертіс аңғарында жатқан кимектер елі арқылы Тоғыз-гұз қағанының астанасына
алғашқы саяхаты ІХ ғасырдың бірінші жартысына жатады. Тамим ибн Бахр
кимектердің орналасуы, шаруашылығы туралы мәліметтер келтіреді.
Сондай-ақ, Ибн-Хордадбехтің “Жолдар мен мемлекеттер кітабы” (Китаб
әлмасалик уә-л-мамалик) деген еңбегінде Ұлы Жібек жолына орналасқан
қалаларды тізіп көрсеткен.
Араб географы әрі саяхатшы әл-Истахардің “Жолдар мен мемлекеттер
кітабы” (Китаб әл-масалик уә-л-мамалик) еңбегінде дүние жүзінің картасы
келтіріп, түрік тайпаларының шоғырланған жері көрсетілген.
Әл-Масудидің (Х ғ.) 985 жылы жазылған “Климаттарды тануға арналған ең
жақсы бөлініс” (Ахсан ат-такасим фи-марифат әл-акалим). Әл-Идрисидің “Жер
келбеті” (Сурат әл-ард). Ибн Фадланның “Еділ бойына саяхат” атты еңбектері
тақырыптың деректік қоры болып табылады. Аталған мәліметтерді С.Л. Волиннің
аудармасынан алуға болады 20.
Сонымен бірге О. Караевтың араб-парсы деректерінің аудармасынан
қарастыруға болады.
Тақырыпты зертеудің мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты
Ортағасырлардағы Ұлы Жібек жолының қызметін, Орталық Азияда саяси мәнге ие
болуын және сауда мен қалалардың өсуіне әкелуін біртұтас мәдениеттің
дамуына ықпалын жүйелі түрде қарастыру болып табылады.
Аталған мақсаттарға жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды.
- Ұлы Жібек жолының пайда болуы мен оның тармақтарын
қарастыру;
-ҮІІІ-ХІІІ ғғ. Жібек жолының қызметі мен оның тарихи маңызын баяндау

- Жібек жолының халықаралық қарым-қатынастардағы рөлін көрсету.
-Ортағасырларда мәдениеттің дамуы (рухани және заттай).
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. Жұмыстың хронологиясы ҮІІІ-
ХІІІ ғасырлар аралығын қамтиды. Ұлы Жібек жолының сонау Батыс пен Шығысты
жалғастырушы негізгі жол болғандықтан, оның ауқымының кеңдігіне байланысты,
диплом жұмысының аймақтық шеңберін Орта Азия көлемінде ғана қарастыруды
жөн санадық.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс: Кіріспеден және екі тараудан бес
тармақшадан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Ұлы Жібек жолы: қызметі және тарихи маңызы

1. Жібек жолының қалыптасуы мен тармақтары

Біріншіден, осы Ұлы жол қалай қалыптасты екен деген сұрақ туындайды.
Сондықтан бұл сауалға жауап беруді жөн көрдік.
Адамдар өте ерте кезден-ақ бір-бірімен сауда жасасқан. Алғашында сауда бір
жерде бар, екінші жерде жоқ нәрселер мен құнды заттарды айырбас жасау
түрінде жүргізілді. Кейін келе тауарларды айырбас жасады. Осыдан барып
ақшаға сату басталды. Бұл сауда орындарының – базардың, жәрмеңкенің,
сонымен қатар ел мен елді, қалалар мен халықтарды бір-біріне жалғаған сауда
жолдарының пайда болуына себепші болды. Жолдар біріне-бірі қосылып,
батысқа, шығысқа, оңтүстікке қарай көршілес жатқан жерлердің бірінен соң
біріне жылжи отырып созыла берді. Осылайша Еуропа мен Азияда (Еуразия) Ұлы
Жібек жолы пайда болған деп тұжырым жасаған тарихшы ғалымдар. Жібек жолының
жүйесі адам денесіне нәр беретін тарамдалған қан тамырына ұқсайды. Ол
Еуразиядағы барлық мемлекеттер мен халықтарды бір-бірімен жалғастырып
тұрған 15.
“Ұлы Жібек жолы” деген ежелден келе жатқан ат емес. Бұл атау тек 1877
жылы пайда болған. Оны неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен
қалыптастырды. Сол кезеңнен бастап осы бір сәтті табылған атау адамзаттың
таң қаларлық жетістігінің өзіндік куәсі болып, халықтар соның арқасында бір
– бірімен ғылыми ойларымен, мәдени және діни идеяларымен бөлісе бастады.
Жібек жолы қазіргі күнгі INTERNET жүйесі секілді сан ғасырлар бойы ел мен
елді біріктірген мағлұмат, ақпарат саласы болып табылды деп анықтама беруге
болады.
Сол кездегі сауданың басты тауар айналымы Қытайда өндірілетін жібек
матасы болғандықтан, жол “Жібек жолы” деп аталынды.
Ұлы Жібек жолы – Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей
өтіп жатқан көне дәуір мне орта ғасыр кезеңдерінде осы аймақтағы
халықтардың сауда мне мәдени байланыстарына негіз салған байырғы керуен
жолдарының жүйесі 16.
Ұлы Жібек жолы – сауда жолы ғана емес, жаңа елдер мен жерлерді көріп,
танып-білуге асыққан саяхатшылардың да жолы болған.
Жібек жолы мен оның тармақтары тек ғана табиғат жағдайлары қолайлы
аудандар арқылы өтті деу жетімсіз. Тарихи-топографиялық зерттеулер аса
қатал табиғатына байланысты “Бетпақдала” атанған ұланғайыр шөл арқылы да
көптеген керуен жолдары өткенін дәлелдейді. Жол бойына табылған әртүрлі
белгілер, обалар, құдықтар және т.б. осының айғағы. Кейінгі ғасырларда
Жібек жолының жеке тармақтары сауда қатынасынан гөрі жорықтар мен саяхат
жолдары ретінде танымал болды.
Ұлы жібек жолы – Азиядағы сауда керуен жолдарының жалпы атауы.
Б.з.б. ІІ ғасырдан б.з. ХҮІ ғасырға дейін Орта Азия арқылы Қытайды алдыңғы
Азиямен байланыстырды 14.

Жібек жолдың пайда болуы біздің жыл санауымызға дейінгі ІІІ-ІІ
мыңжылдықтардан басталады. Аталмыш керуен жолы арқылы шұға, жібек, тері,
жүн, иран кілемдері, әртүрлі бағалы металл бұйымдары, әшекей заттар
(моншақ, маржан), ыдыстар т.б тасылды. Қытай археологтары жібектен жасалған
бұйымдардың жұрнақтарын және оның батысқа тасмалдануын біздің жыл
санауымызға дейінгі ҮІ-Ү ғасырларға жатқызуда. Ұлы жібек жолының бір
тармағы – Египет пен Вавилонда, Иранда өте қымбат бағаланатын әдемі көк тас
лазурит тасылған “лазурит жолы” деп аталған. Ол Бадахшан тауың лазурит
(ляпис) кені. Екінші тармағы – Қытайдағы император мен ақсүйектердің
сүйікті заты болған әшекейлер жасау үшін әдемі нефрит тасын тасымалдайтын
“нефрит жолы” болған. Ал үшіншісі – “бұлғын жолымен” қымбат бағалы терілер
тасылған 13.

Бадахшан тауынан шығарылған лазурит Иранға, Қосөзен аңғарына,
Анатолийге, Египет және Сирияға тасымалданды. Бадахшан лазуриті, І
мыңжылдықтың жартысында Қытайға да жеткізілді.

Отра Азия мен Шығыс елдерін Жерорта теңізімен және Үндімен
жалғастырып жатқан “Лазурит жолымен” қатар жаңадан қалыптасқан “Нефрит
жолы” Шығыс Түркістанды Қытаймен байланыстырды.

Қазақ жеріндегі көне керуен жолдарының тарихы б.з.д. І мыңжылдықтың
орта шеніндегі “далалық сақ жолынан” басталады. Тарихтың атасы Герадоттың
жазба деректері бойынша аталмыш жолдың бағыттары мынадай болған: Қара теңіз
жағалауынан Дон жағасына дейін, одан әрі савроматтар мекендеген Орал тауы
етегінен Ертіске, Алтайға, содан Жоғары Ертіс пне Зайсан көлін мекендеген
аргиппийлер еліне созылды. Қазіргі ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері,
ғарыштан түсірілген бейнекөріністер Еуразияның бел ортасыныан өткен осы
көне маршруттың ең қолайлы жол екендігін дәлелдеп отыр. Бір таңғаларлық
нәрсе – қазіргі заман автокөлік жүретін жолдар мен темір жол маршруттарының
сол ежелгі дала жолының бағытын дәлме-дәл қайталауы 20.

Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен. Бас сауда жолы
Тянь-Шань тауларының бөктері мен жүріп, Сырдария, Талас, Шу, Іле алқабын
кесіп өтіп, Қытайға қарай созылып жатты. Оның тармақтары бұрын Яксарт,
кейінірек Сейхунн деп аталға Сырдария жағасымен Аралды бойлап Жайық
өзеніне, қарай Қара теңіз жағалауына, Византияға, Батыс Еуропаға өтті.
Қалаларда, далада, тау етегіндегі сақ, үйсін, қаңлы, тайпалары өмір
сүрді. Кейін олардың орнын ертедегі түркі тайпалары түргеш, шығыл, қарлұқ,
оғыз, қыпшақ, қимақтар басты.

Қытай ғалымдары жібектің пайда болуы мен оның сауда айналымына түсуін
біздің жыл санауымызға дейінгі І мыңжылдықтан емес, одан да әрі ертерек
кезеңдерге жатқызады. Чжецзян аймағынан Тайху көлінің жақын маңынан қытай
археологтары неолит дәуіріне жататын жібек маталары мен белдіктер, жібек
жіптерін тапты. Бұл, табылған заттардың жас мөлшері шамамен 2750-100 жж.
Оларды талдап анықтау жұмысы сол кездің өзінде-ақ, яғни бұдан бес мың жыл
бұрын дерлік, жібек жасап шығару кәсібі қарапайым әдістер кезеңін бастан
кешіп үлгергенін көрсетіп берді. Б.з.д. ҮІ-Ү ғғ. Қытай жібегі басқа
елдерге, оның ішінде Батысқа да шығарыла бастады. Алтайдағы Пазырыктың
“патша қорғандарының” бірінен б.з.д.Ү ғасырға жататын феникстер қолымен
өрнектеліп тігілген жібек жамылғы (ат жабуы) табылды. Сондай-ақ Оңтүстік
және Батыс Еуропа аудандарынан біздің заманымызға дейінгі ҮІ-Ү ғғ. жататын
қабірлерден жүннен жасалған бұйымдарға тігілген жібек маталар мен шашақтар
да табылған. Қымбат бағалы жібек матасын тарату ісін сақтар мен скифтердің
көшпелі әулеттері де атқарға. Солардың қатынас аралық көмегімен сол кезде
қымбат тауар Орталық Азия мне Жерорта теңізіне дейін таралды 16. Айталық,
мына зерттеушілер Ма Юн мен А.П. Франкфор тәрізді ғалымдар жібек жолы
жөнінде, оны ҮІ-Ү ғғ. жатқызып, осы бір асыл тауар шамамен 40 параллель
бойында жатқан далалық аймақпен, яғни Хуанхэ өзенінің үлкен иілісінен
басталып, Алтайдың шығыс және солтүстік иірімдерін, Қазақстан даласы мен
Қара теңіз жағалауын басып өтіп, гректер мен этрустар жеріне жеткізілді
дейді 16. Кемал Ақышев Ұлы Жібек жолының басталу тарихы б.з.д. Ү-ІҮ
ғасырларда жатыр дейді 19.

Қытайдан бастау алады деген пікірге ұйғыр тарихшысы келіспейді. Ол
жібек жолының алғашқы аты “Құс жолы” болғанын, және оның Қашқардан
басталғанын сеніммен айтуға болады деп көрсетеді 21. Бұл кездің өзінде
жібек Үндіге дейін жеткен. Оған Үндінің “синапатто” – “қытай жібегі” деген
сөздері күә, ал бұл сөздерді біздің дәуірімізге дейінгі ІҮ ғасырда жазылған
“Артхашастра” трактатында кездеседі 16. Жібек жолы тек біздің дәуірімізге
дейінгі ІІ ғасырдың орта шенінен бастап қана тұрақты дипломатия мен
сауданың күре тамырына айналды. Ал соның бәрі император У-Дидің көрмеген
Батыс елдеріне жұмсаған князі Чжон-Цзян бастаған елші керуеннің Хань
астанасынан шыққан кезінен, яғни 138 жылы басталды. Чжон-Цзян 13 жылдан
кейін қайтып оралды.Ол осы күнгі Ауғанстанның шет аймақтарына жете алды
және Қытайдың ішкі аудандарынан Орталық Азияға дейін тура жолмен тұңғыш
жүріп өтті. Содан соң жібек тиелген керуен Батысқа соның ізімен аттанып,
Қытайға Жерорта теңізінен,Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан тауарлар
алып қайтты. Көп ұзамай халықаралық сауда тізгіні Орта Азияның Зеревшан
және Қашқадария алқаптарымен Соғда елінің саудагерлерінің қолына көшті.
Шығыс Түркістанның “Тохар”қалаларында және Қытайдың Лончжоу, Дуньхуань,
Чаньон тәрізді қалаларында соғдылықтардың сауда отарлары болды. Мәселен,
Дуньхуаньда мыңға тарта соғдылықтар тұрды. Соғдылар жібек жолы тусылған
жерден Жапонияға да өткен. Жібек жолы жапондардың ертедегі астанасы Нарға
жетіп аяқталған. Осындай бір ғибадатханада соғда тілінде жазылған қолжазба
сақтаулы 22. Қазақстанның батысын Қиыр Шығыспен, Амур бойымен керуен
жолдары байланыстырып жатты. Бұл жол тарихта “Бұлғын жолы” деп аталғаны
белгілі.
Біздің дәірімізге дейінгі І мыңжылдықтың орта кезінен “Дала жолы”
деген жол болған деп жоғарыда айттық. Егер тарихтың атасы Герадоттың
жазбаларына жүгінсек, бұл жолдың сорабы мынадай бағытта болғанын байқаймыз:
Қара теңіз жағалауынан Дон жағалауына дейін, одан әрі савроматтар
мекендеген Орал тауы етегінен Ертіске, Алтайға, содан Жоғарғы Ертіс пен
Зайсан көлін мекендеген агриппилер еліне қарай созылады. Бұл жолмен бағалы
заттар мен бұымдар тасымалданды.
Жібек жолы ІІ-Ү ғасырлар шеңберінде айталық, шығыстан бастайтын
болсақ Чаньиден басталып, Ланчжоу ауданындағы Хуанхэ өткеліне беттейді,
одан әрі Нонь-Шоньның солтүстік сілімдерін қуалай Ұлы Қытай қорғанының
батыс беткейіне және “Яшмо қақпалары” заставасына жетеді. Ол жерде жалғыз
жол Такла – махан шөлінің солтүстігі мен оңтүстігінен орап өтіп үшке
айрылады. Солтүстік тармағы Хами, Турфан, Бесбалық, Шихо алқаптары арқылы
Іле өзені бойына жетеді; Ортаңғы жол тармағы Чаочаннан Қарашәрге, Ақсу және
Ыстық көлдің оңтүстік жағалауына жетеді, оңтүстіктегі тармағы Дунхан,
Хотон, Яркент арқылы Бактрияға, Үнді мен Жерорта теңізіне жетіп, “Оңтүстік
жолы” деп аталды. “Солтүстік жолы” Қашқардан Сирияға жетеді 13.
Ұлы Жібек жолының өзіндік даму (құлдырау) тарихы бар, оның дамуы
негізгі бағытының және онан шығатын (оған қосылатын) тармақтарының өзгеруі
сол кездегі халықаралық қатынастарға, әртүрлі тарихи оқиғаларға және жол
сорабындағы елдердің ішкі өміріндегі өзгерістерге байланысты болды.
Мәселен, ҮІ-ҮІІ ғғ. кезінде Ұлы Жібек жолының Ыстық көлдің оң жағасы
арқылы өтіп Атбасыға (Атбашыға), Арпа өңірін басып өтіп, Қара шұра асуынан
асып, Яссы өзенін жағалап барып Өзгентке, онан әрі Ош, Ферғанаға өтетін
Оңтүстік немесе Ферғана тармағы (жолы) бірте-бірте әлсіреп, саябырсып оны
Солтүстік немесе Шаш – Түрік жолы ауыстырды 23.
Ұлы Жібек жолының негізгі сорабының Түрік жолына ауысуының әртүрлі
себептері болған. В.В. Бартольдтің пікірі бойынша ҮІІ ғасырда Ферғанада
болған өзара қырқысулардың нәтижесінде Оңтүстік Жолмен жүру қауіпті болған
24, ал О.Караевтің пікірі бойынша бұл жолдың жартысына жуығы таулы
жермен, тау шатқалдары арқылы, биікте орналасқан шабындықтармен өткендіктен
онымен жүру қиын болған, осы себепті бұл жол Солтүстік жолмен салыстырғанда
екінші қатардағы жолға айналған 25. Дегенмен Түрік жолының басты жолға
айналуының басты себебі; ең алдымен Шу, Талас өңірінің түрік қағанаттарының
ата жұртына айналып, қағандардың ордаларының осында орналасуы 4, ондағы
қалалар мен елді мекендердің бой көтеріп, көркейіп қол өнер мен сауда-
саттықтың дамуына мол мүмкіндіктердің болуы мен қағанаттардың сыртқы
дүниемен байланыс орнатуға әрекеттенуінен. Сонымен, түрік қағанаттарының
бақылауына алынған Ұлы Жібек жолының осы тармағы арқылы әртүрлі елдердің
керуендері, елшіліктері мен жиһанкездері ерсіл-қарсылы жүріп жатты. Түрік
жолы және оның жекелеген тармақтары туралы деректерді Киликиялық Зимархтың
(568 ж.), Сюань Цзяннан (629 ж.), Тамим ибн Бахрдан, Гордизиден, Ибн
Хордадбектен, Құдама ибн Джафардан, әл Мұкаддасиден кездестіреміз 26.
Енді ҮІ-Х ғғ. жазба деректердің хабарын басшылыққа ала отырып Түрік
жолының Испиджаб (Сайрам) – Суяб (Ақбешім) аралығындағы сорабына және оның
жүйесіне кіретін керуен жолдарына тоқталып кетелік. Испиджабтан шығысқа
жүрген Түрік жолы Шараб (Балықшы төрткүлі), Абаржадж (Бурно-Октябрское)
қалалары мен елді мекендерінен өтіп, Талас өңіріндегі Живухатқа (Бектөбеге,
ҮІ-ХІІ ғғ.), онан Таразға жеткен 24. 629 жылы Тараз қаласын СюаньЦзян
былай суреттейді: “... Қаланың аумағы 8-9 ли. Онда әртүрлі елдердің
саудагерлері мен Хусилар (соғдылықтар) аралас тұрады 23.
Тараздан шығысқа жүрген Түрік жолы төменгі Барсханға онан әрі Қырғыз
Алатауының Солтүстік беткейімен жүріп отырып Касрабасқа (Ақыртас) жеткен.
Осы қалада Түрік жолынан қимақтарға баратын Банджар жолы бөлініп шыққан.
Касрабстан шыққан негізгі керуен жолы Күлшубке (Өрнек) онан Құлан қаласына
келген Құланда бұл жолдан солтүстік шығысқа қарай жүрген Хан жолының Иткешу
тармағы, батысқа – Қырғыз Алатауындағы Шұңқыр алуы арқылы асып, Талас
өңірінің жоғарғы ағысымен өтетін керуен жолына апаратын жол шығады.
ҮІ – ҮІІІ ғасырларда негізгі жол сорабы Сирия – Иран – Орта Азия
–Оңтүстік Қазақстан – Талас алқабы – Шу алқабы – Ыстықкөл қазан шұңқыры –
Шығыс Түркістан арқылы тартылды. Бұл жолдың тармақталған Бір бұтағы,
дәлірек айтқанда тағы бір жол Византиядан Дербент арқылы шығып,Каспий
жағалауын – Маңғыстауды – Арал жағалауын Оңтүстік Қазақстанды кесіп өтіп,
жоғарыда аталған негізгі жолға келіп қосылды 14.
Батыс Түрік қағанаты Византиямен сауда дипломатиялық одақ келісімін
жасасқан кезде, бұл жол олардың қарсыласы Сасанидтік Иранды айналып өтті.
ІІ – І ғасырларда көне Қытай империясы қазіргі Жетісу, Ферғана
алқабына үсті-үстіне экспедиция жіберіп, сол жерлермен жеткілікті танысқан
соң, Ұлы Жібек жолының бірнеше бағытын ашады. Бір бөлігі Ыстықкөлді айналып
өтіп, жолай Баласағұн, Отырар арқылы Ташкентке, одан әрі ауған, парсы, үнді
елдеріне тартылған. Екінші бөлігінің үшінші торабы болды. Яғни, мұның бір
жағы Ыстықкөлден бұрылып, Сымтас асып, Кегенге келетін. Қазір онда орта
ғасырлық қала орны бар. Жалпы Жібек жолының бойында 40-50 шақырымнан кейін
керуен сарай болған. Кегеннен өткен жол Шелек, Қаракемер, Түрген, Есік,
Талғар арқылы Алматыға тірелген. Екінші жол торабы – қазіргі Қорғастан
өтіп, Жаркент, Алтынемен асуымен, Сарыөзекке келген. Онда да ескі қала орны
болуға тиіс. Одан кейінгі жол Арқалы асуы арқылы Шеңгелдіге бұдан өтіп,
Таңбалы тас деген жереге келгенде Іле өзеніне терелген. Өзеннен өткен
керуен Николаевка арқылы Алматыға жеткен. Үшінші жол торабы Жоңғар
қақпасынан өтіп, қазіргі Талдықорған оның маңындағы Қойлық қаласын басып
өтіп, Шеңгелдідегі жолға келіп қосылатын 27.
Ежелгі Тараз қаласы Түрік жолындағы аса ірі сауда , қолөнер орталығы
болған, бірнеше керуен жолдарының тоғысқан жерінде тұрған бұл қаладан
шартарапқа керуен жолдары кетіп жатқан, олар: Ферғана жолы, Жоғарғы Талас
жолы, Телікөл жолы, Қимақ жолы, Талас жолы. Енді осы аталған жолдарға
тоқталып кетуді жөн көрдік:
Ферғана жолы. Тараздан Солтүстік-шығысқа жүрген бұл жол Үлкен қақпа
шатқалынан өтіп шелжі (Садырқорған) қаласына, онан әрі оңтүстікке бұрылып
Қарабура өзенін жағалап барып Талас Алатауындағы Қарабура асуынан асып
Қарақысмақ, шатқал өзендерін жағалап отырып Шанаш асуы арқылы шатқал
жотасының оңтүстік бетіне, онан әрі Ферғанаға өтіп Ұлы Жібек жолының
Оңтүстік (Ферғана) тармағына қосылған 25.
Жоғарғы Талас жолы. Бұл жол Тараздан Шелжіге дейін Ферғана жолымен
бірге жүрген, Шелжіден шығысқа бұрылып Таластың жоғарғы ағысын өрлеп барып,
Өтмес асуынан асып, Сусамыр өңіріне, онан әрі у өзенінің жоғарғы ағысына,
Шуды, жағалап Ыстықкөлдің батыс жағасына шыққан. Жоғарғы Талас жолын Қырғыз
Алатауының асулары арқылы Қырғыз Алатауының солтүстік беткейімен өтетін,
Шу өңіріндегі ортағасырлық қалалар мен елді мекендермен байланыстырып
отырған жолдар болған.
Телікөл жолы. Тараздан шыққан солтүстік-батысқа қарай жүрген бұл жол.
Кіші Бурыл тауының етегіндегі Бесжылдық 1, Бесжылдық 2 мекендерінен өтіп,
Бектөбе (ҮІ-ХІІ ғғ.), Қаракемер қалалары арқылы Тамдыға жеткен.
ҮІ-ХІІ ғғ. Шеңберінде өмір сүрген қалалар мен мекендердің болуына
қарағанда керуен жолы Бектөбе, Қаракемер қалаларынан өткенсоң екіге
бөлінген болса керек: солтүстік – батысқа және оңтүстік-батысқа. Жолдың
батыс тармағы Билікөлдің солтүстік жағасы арқылы тамдыға, онан әрі
саудакент, Құмкент, Шолаққорғанға өткне, ал оңтүстік батысқа бұрылған
тармағы Қарақұм шатқалы арқылы Билікөлдің оңтүстік және оңтүстік-батыс
жағасындағы қалалар мен елді мекендерге, онан әрі Үлкен Ақтау мен Ақтау
тауаралық шатқалдармен өтіп Бабаата қаласына, сосын Шолаққорғанға барғанда
жолдың солтүстік-батыс тармағына қайта қосылған 23.
Қимақ жолы. Түрік жолынан бөлініп шығып қимақтарға кеткен жол туралы
Тамим ибн бахр былай дейді: “Тараздан шыққан жол Кавакет деген жердегі екі
елді мекен, өңделген жерлер арқылы өтеді. Тараздан оларға дейінгі аралық 7
фарсах. Осы жерден қимақ патшалығына дейін өзімен жол азығын алып, суыт
жүрген салт атты үшін 80 күндік жол” 9.
Осы жол туралы деректерді ибн Хордадбек пен Құдама ибн Джафардан да
кездестіреміз 20. Тараздан шығып қимақтарға қарай жүрген жолдың бағыты,
негізгі сорабы жөнінде зерттеушілер әртүрлі болжам жасап жүр. Мәселен, Е.И.
Агаеева мен Г.И. пацевичтердің айтуына қарағанда Тараздан қимақтарға шыққан
жол Солтүстікке бет алып, Талас өзенінің төменгі ағысындағы Оққұм,
Шаруашылық, Тектұрмас, Ақкескен арқылы өтіп, онан әрі батысқа бұрылып
Телікөл жолына қосылған 28.
С.М. Ақынжанов бұл жолды хан жолымен баламалап, ол Таластың
төңірегінен басталып, Мойынқұм арқылы өтіп, Шудың орта ағысына шыққан, онан
Көктеректің маңында солтүстік шығысқа қарай жүріп Сарысудың жоғарғы ағысына
шыққан дейді 10.
Ә.Х. Марғұлан Тараздан шыққан керуен жолы Оққұм Қызылқорғанды басып
өтіп, солтүстікке жүріп Болаттауға барғанда Қарқаралы мен Хан жолдарына
қосылған дейді 29. Осы пікірді Б.Е. Көмеков те қолдайды 9.
Тараздан солтүстікке бет алған қимақ жолы Қоңыртөбе, Шөлтөбе,
Кавакеттегі екі елді мекендер (Қаратөрткүл және Қоңыртөбе) арқылы Оққұмға,
Қазанқұм шатқалынан батыста Таластың оң жағасына өткенсін солтүстік-батысқа
бұрылып, Шу керуен жолын кесіп өтіп, Шудың оң жағасына шыққан. Онан әрі
Қызылтұз шатқалы, Ұзынтау, ақбастау, Соркөл шатқалы арқылы Болаттауға
барғанда Хан жолы мен Қарқаралы жлдарына қосылған.
Қарқаралы жолы. Бұл жлдың бағытын және сорабын Ә.Х. Марғұлан көрсетіп
береді. Шолаққорғаннан шыққан үлкен керуен жолы Құмкент арқылы солтүстікке-
шығысқа жүрген. Болаттаудан Жамши, Тоқырауын өзендерінің жоғарғы ағысына,
Мойынты және Мұқыр өзендері өңірлерін жанай өтіп, онан әрі Қарқаралы
даласына шыққан 29.
Хан жолы. Траихта “Абылай жолы” немесе “Хан жолы” деп танымал болған.
Аталмыж жол жайында Нифонтьев былай дейді: “Бұл атпен Тайатқан, Шұнақ пен
Қойлыбай, Болат тауларынан шыққан екі жол аталады. Олар көк жиде
шатқалынада бір-біріне қосылып, онан әрі бірге Шудың басына қарай жүрген”
23.
Осы жолдың тайотқан-Шұнақ тармағы Қарқаралы жолын Мойынты өзені
маңында кесіп өтіп, онан әрі қарай Кәшке, Қармұрза, Қараайғыр, шақшоғай
шатқалы арқылы Көк жидеге жеткен. Онан оңтүстікке қарай жүрген жол
Қызылеспе, Қой жарылған, Хантау, Үш кербұлақ, Аңырақай, Доланқара,ҚҰопа,
Ырғайты, Кенелі арқылы Шуға шыққан 24.
Хан жолының Иткешу тармағы. Ә.Х. Марғұлан ол кейіннен С.М. Ақынжанов
Хан жолының Таластан (Тараздан) шығып Шу өзенінен Көктеректің төңірегінде
өтіп, Жамбыл, Қайыптың қызыл жартасы, Болаттау арқылы сарысудың жоғарғы
ағысына өткен тармағы туралы айтып өткен 30-10. Шу өңірінің халқы
Құланнан шығып Құрағатты өзенін жағалап Шудағы ит кешу өткеліне баратын
ескі жолды “Хан жолы” немесе “Абылай хан жолы” деп атайды 23.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін Жібек жолының негізгі
торабынан жол тарамдалып, терістік пен шығысқа қарай, Орталық және Шығыс
Қазақстан аудандарына, кейін Сарыарқа атымен мәлім болған Дешті – Қыпшақ
даласына, Ертіс жағалауына, Алтай мен Монғолияға беттеген.Осы арамен атты
көшпелілер тайпалары жүретін дала жолы өткен. Сонымен кенге бай Орталық
Қазақстан аймағы сауда-саттық байланыс жүйесіне, оның ішінде халықаралық
жүйеге тартылып, көптеген керуен сүрлеулері арқылы Жібек жолы торабымен
тоғысады.
Ұлы Жібек жолы арқылы сауда дипломатиялық байланыс І-ІІ ғасырлар
аралығында мейлінше дамыды. Қытаймен көбінесе орта азиялық делдеал
саудагерлер қарым-қатынас жүргізді. 97 ж. қытай саяхатшысы Гань Ин Парсы
шығанағына дейін, ал македониялық май Тицнан 100 ж. Ланьчжоуға дейін
жеткенмен, жол қатынасының қиындығы Қытай мен Рим арасында тікелей байланыс
жасауға мүмкіндік бермеді. Кейін келе жібек жолы халықаралық маңызы арта
түсті.
Жібек жолы мен оның тармақтары бойымен шығыс елдеріне саяхат жасаған
еуропалық миссионер: Плано Карпини (1245-1247 жж.) (Джаовани и Делькарпини
1152-1182) Вильгелм Рубрук (1253-1255 жж.) Ниавом де Рубрук (1221-1230)
құнды географиялық мәліметтер жинап қалдырған. Олардың өз сапарлары бойынша
жасаған есептері шығыс елдері жайлы қызықты географиялық мәліметтер жинап
қалдырған. Олардың өз сапарлары бойынша жасаған есептері шығыс елдері
жайлы географиялық деректерден тұрды деуге болады. Ұлы Жібек жолы – сауда
жолы ғана емес, жаңа елдер мен жерлерді көріп, танып-білуге асыққан
саяхатшылардың да жолы болған. Осы жол арқылы Еуразия құрлығының ішкі
бөліктеріне саяхат жасаған саяхатшы Марко Поло 1269-1296 жылдары Қытайда
болған. И.Магидовичтің болжамы бойынша, Марко Поло Батыс Түркістанды
“көшпенділер өте жақсы білетін Солтүстік жолмен” кесіп өтіп, Шығыс
Түркістанға Іле аңғары немесе Алакөл маңындағы Жоңғар қақпасы арқылы өткен
30.
Қорыта айтқанда ҮІ-ХІІІ ғасырлардағы Ұлы Жібек жолының негізгі сорабы
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерін басып өткен. Ал осы негізгі жолдан
тармақталған керуен жолдары бүкіл Қазақстан аумағын қамтыған. Отырықшы
мәдениет пен көшпелілер мәдениеттің етене араласуында керуен жолдарының
атқарған маңызы жоғары болды.

2. Жібек жолының халықаралық қарым-қатынастары мен мәдениет аралық
сұқбаттары

Ерте ортағасырлар зманының өзінде Жібек жолын сауда мен байланыс жолы
болды десекте артық болмайды. Сол себепті де Ұлы Жібек жолы халықаралық
қатынаста орасан зор рөл атқарды. Ол тек сада – саттық жолы емес, сонымен
қатар елдер мен халықтардың қатынасын нығайтқан, түрлі мәдениеттердің бір-
бірімен алмасқан, алысты жақындатқан сол заманның үлкен байланыс жолы
болды. Жоғарыда айтып кеткендей алғашқы кезеңінде Жібек жолы Қытай жібегін
Батыс елдеріне тасмалдауға қызмет атқарды. Одан келе дамып Жібек жолы бойы
мен Қытайдан, Үндістаннан, Ираннан, Араб халифатынан, Римнен, Византиядан
кейінірек Еуропа мен Русьтен өндірілген тоуарлар бірінен-біріне
тасымалданып жатты.
Жібек Жолы бойымен тасылған тоуарлар мыналар болды; мирро менладан,
жасмин суы мен амбра, кардаман мен мускат жаңғағы, женьшень, кілемдер мен
маталар, бояулар мен минералдық шикізат, алмас пен яшма, янтарь мен маржан,
піл сүйегі, құйма күміс пен сом алтын, қару-жарақ, бағалы аң трілері тағы
да көптеген заттар тасылды. Сондай – ақ Ферғананың асыл тұқымды аттары,
араб және несие арғымақтары, түйелер мен пілдер, құстардың түрлері де
көшпен бірге жүрген. Мәдени өсімдіктерден: жүзім, шабдалы, әр түрлі
жемістер мен көкөністер Жібек жолымен бір елден – екінші елді мекендерге
тасымалданған 31.
Бірақта сауда жасалатын негізгі зат жібек матасы болып қала берді.
Алтынмен бірге жібек халықаралық валютаға айналды, ол патшалар мен
елшілерге сыға тартылды, жалдамалы әскерлерге ақы және мемлекеттік қарыз
ретінде төленді. Қазіргі Орталық Азияны басып өтетін Жібек жолында
тасылатын жібектің және де тоуарлардың да бір бөлігі түркілер тұрған
қалаларда қалып отырғаны табиғи нәрсе болды.
Айталық өзіміздің жерімізден археологиялық қазба кезінде табылған
қымбат тұратын заттар арасынан Жетісу өңірінен күміс құмыралардың
ұқсастығы жағынан Батыс мәдениетінің үлгісі екені айқындалған. Онда
византиялық нұсқаға еліктеп күрестер түрінде қалыппен өрнек салынған.
Құмыраларды жасаған шебер өз жұмысын Византияда істелген деп көрсетуге
тырысқан. Бір сапытаяқ тұтқасының иілген жерінде “көне заман сипатындағы
бас бейнеленген”. Зерттеушілердің пікірінше, Византия үлгілеріне бұлайша
еліктеуге тырысушылықты “империя халқы тұр-тұрпатының әсерлі әсемдісі”
туғызған 32. Жамбыл қаласында Тараздың орнынан І Юстинианның византиялық
алтын солиді табылған, оның бір бетінде дулыға киіп, найза менқалқан
ұстаған император, екінші бетінде қолына крест ұстаған Жеңіс құдайы
бейнеленген. Византияның алтын солидінің кең таралғанын және халықаралық
валюта ретінде қолданылғанын ескерте кеткен жөн. Ортағасырларда Византия
мәдениетінің гүлденіп Батыста саясат пен мәдениетті реттеп, бақылаушы рөлін
атқарған. Ал, сол кезде Шығыста осындай салмақта Қытай елі тұрды.
Сырдарияның ортағасырлардағы қалаларын, атап айтқанда, жиырма жылдай
уақыт бойы зерттеулер жүргізіліп жатқан Отырарды қазу жұмыстары кезінде
шетелдік заттар табылды. Атап айтқанда, шиыршық атып жатқан жолбарыс немесе
барыс бедерленіп бейнеленген нефрит қапсырма. Қапсырманың көлемі
диаметрінде 3,2 – 3,5 см, оның бейнелерінде бекітуге арналған құлақшалар
бар. Бейненің иконографиясы оның Қытайда шығарылғанын дәлелдейді. Жыртқыш
мүсінін көрсету дәстүрлі аспан аждаһалары “лун” және аждаһа сияқты “ақ
жолбарыстар – байху” бейнелеріне өте ұқсас. Мұндай “жолбарысты қапсырма –
регалиялардың ертедегі үлгілері Чжоу дәуірінің Чжанго кезеңіне жатады.
Қапсырмалардың жасалған уақыты – Тан немесе Сун дәуірі. Бәлкім қапсырма
иеленуші адамның рулық эмблемасы болуы мүмкін деген, болжамдар жасаған
зерттеуші ғалымдар 33.
Отырардан табылған күміс көбесі халықаралық сауданы зерттеу үшін аса
маңызды, мәні жағынан өте сирек олжалардың қатарына жатады. Өзінің құрамы
жағынан олар ақшалай – заттай нәрселер. Көмбе жиынтығының теңгелер құрамы
өте құнды: онда Шығыс Түркістан қалалары – Алмалықтың, Пулаттың, Эмилдің
(Омыл), Азам ордасының, Еуропалық құрамының, Кіші Азиялық Сивас, Кони мен
Тебриздің, Қазақстандық Женттің теңге жасау сарайлары соққан құйма
теңгелер кездеседі. Теңгелерді жинау мерзімі ХІІІ ғасырдың 60-шы жылдарының
орта шеңіне, ал шекілген кезі ХІІІ ғасырдың 40 – 60 жылдарына тұспа – тұс
келеді. Көмбенің күміс бұйымдары да әр алуан; олардың ішінде ұйғыр жазуы
жазылған құрама белдіктің күміс жапсырмалары, Орта Азиялық үлгімен Еділ
өңірінде жасалған өрілген және бұрама білезіктер, Кіші Азия қалаларының
біріндегі кәсіпқой шеберханалардың бірінде жасалған белдік доғасы бар.
Көмбе бұйымдары монғол империясы дәуірінде жібек жолында жатқан қалалардың
өзіндік жеке – жеке жатқан қолтаңбасы секілді 16.
Тарихымыздың қызықты оқиғаларға толы замандарының бірі Б.з. ҮІ ғ. ҮІ
ғ. Еуразия континентінің бірталай бөлігін алып жатқан ірі көшпелі мемлекет
құрған – Түрік қағанатын айтпасқа болмас. Қытайдың қазіргі солтүстік-
шығысындағы өлкелерінен бастап Каспий теңізіне дейіңгі ұлан байтақ өңірде
билік құрды. Орта Азияны бағындырғаннан кейін түркілер Қытайдан Жерорта
теңізінің елдеріне келетін сауда жолдарының елеулі бөлігіне яғни “Ұлы Жібек
жолына” билік етті. Жібек керуенін алып өтушілер мен делдалдар, соғдылықтар
мен парсылар болатын. Олар Пайкенттен (Бұхараның маңайы) Сырдарияға
дейіңгі жолға бақылау жасайтын. Жібек маталарды сатяп алушы Византия елі
болды. Жібек саудасы соғдылық түркі хандарына орасан зор пайда түсіретін
34. Түркі тайпалары Шығыс пен Батыс елдерінің арасын жалғаушылар болды.
Осы кездегі түркілердің тарихи рөлі толық зерттелген жоқ. Тек жекелеген
фактілер ғылымжа баяндалған. Мысалы б.д. ІІ –ғасаырында Қытай монахы Цай
Лунның ойлап тапқан қағаздарын ең бірінші таратушы дәл осы түркілер болған.
Жібек саудасы шынайы шаруашылықпен күн көретін халық бұқарасына қызмет
етпейтін, тек сән-салтанат жиһаз-мүліктеріне мұқтаж, әлеуметтік сатының
биігіндегі бай-бағландарға қызмет ететін. Қытайлар мәселен, Ираннан тек өз
патшайымдары үшін аса қымбат тұратын, қас пен көз сүрмелерін (косметика
О.Р.) алдыратын, сол сияқты Вавилон кілемдері сирек кездесетін қымбат мүлік
болды 35. Ақырында Қытайға Сирияның табиғи да жасанды асылтастары, Қызыл
теңіздің інжу-маржаны, Мысыр матасы, Кіші Азияның есіртке нашалары
жеткізілген.
Бірақ сауданың ең маңызды мүлік – жібек саудасы болатын. Византияның
жібекке деген мұқтаждығы аса зор болды. Өйткені ол хан сарайы мен
ақсүйектердің қажетіне ғана емес, көшпелілермен қарым-қатынаста айталық,
көмекші әскер жалдаған кезде валюта есебінде падаланылатын 35. Жібекті
өндіру ісін Қытайлықтар өте құпия ұстаған. Қытай императорлары елден
технологияны емес, тек дайын өнімдерді ғана шығаруға рұқсат берді. Жаңа
материалдар өндірісінің құпиясы қатаң сақталғандығы арқасында, олардың құны
ең алыс жолға жеткізілуге кететін шығындарды толық ақтап келді. Жібек
матасы б.э.д. І мыңжылдықтың аяғында Еуропа рыногында қажеттілікке ие
болған ең алғашқы Қиыр Шығыс тоуары болды.
Жібек саудасына қатысты өте маңызды мәліметтерді Византия тарихшысы
Менандр Протектордың (Протиктор) қолжазбаларынан оқи аламыз 36,гл.561.
Батыстық шығармалардың ішінде бұл дерек түркі тарихына қатысты біршама
мәліметтерді береді. Менандрдың өмірі, туған жылы жайында мәліметтер жоқтың
қасы. Менандр өзі жайында көп айтпайды, оның замандасы Византия
тарихшыларының бірі Феофилакт Симокатта Менандр жайында бір–екі ауыз сөздер
ғана келтіреді. Менандр “Тарих” атты еңбегін 558 жылы Агафий әңгімелерінің
біткен жерінен ары қарай жалғастырады. Яғни, 558 жылы Фракия (Өракія)
жеріне ғұн кутургурларының келген уақытынан бастап, Византия императоры
Тиберидің өлуімен аяқтайды. Ол Протектор немесе Протиктор деп аталады,
себебі 558 жылдан бастап Менандр сарай қызметкері: protektor жұмысын
атқарған. Содан бастап оны көптегегн деректерде Менандр Протектор деп атап
кеткен. Менандрдың сақталған қолжазбаларынан Византия сарайының парсы
патшаларымен және түркі ордаларымен болған қатынас сияқты ежелгі
мәліметтерін оқи аламыз. Өкінішке орай оның жазбаларының үзінділері ғана
сақталған. Бірақ ол империямен Еуразия халықтарының арасындағы қарым-
қатынасқа ерекше мән бергендіктен, оның үзінді жазбалары түркі тарихы үшін
құнды дерек болып табылады. Менандр “варвар” халықтарына дұшпандықпен
қараса да, оның еңбектерінен бұл халықтарды баяндауда объективті болуға
тырысқанын байқаймыз. Ол варварларды былай деп сипаттаған: меншіл,
мақтаншақ және қатыгез, ал славян тайпаларын тәуелсіз және өркөкірек
деген. Сонымен қатар автор, VІ ғ. Алтай маңында өмір сүрген түркі
тайпаларының өмірі мен мәдениеті және Зимарх ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлардағы қалалардың дамуы: сәулет өнері және материалдық мәдениет
Жiбек жолының Қазақстанның экономикасына әсерi
Бас сауда жолы
Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті туралы
Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолының тарихы
Түркілердің рухани мәдениетін дамытудағы исламның маңыздылығы
Рабад - шахристаннан тыс жерде орналасқан қала маңындағы қолөнер елді мекендері
Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызы
Араб – мұсылман білімі және қазақ қоғамы
Мәдениет морфологиясы туралы
Пәндер