Несиелік-айырысу міндеттемесі
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 б.
І тарау. Несиелік және айырысу міндеттемесінің жалпы сипаттамасы.
1.1. Несиелік және айырысу міндеттемесінің түсінігі ... ... ... ... ... ... ...4 б.
1.2. Заем шартынының түсінігі мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7 б.
1.3. Факторинг шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13 б.
ІІ тарау. Банктік қызмет көрсету.
2.1. Банктік шот шартына жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18 б.
2.2. Банк салымы шартының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21 б.
ІІІ тарау. Айырысу міндеттемесінің түсінігі.
3.1.Есеп айырысудың түсінігі, әдістері және жүйесі ... ... ... ... ... ... ... 26 б.
3.2. Вексель шартының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29 б.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32 б.
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34 б.

Нарықтық экономикада несиелік-айырысу міндеттемесі-экономика, оның ішінде банк жүйесінде маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындар, ұйымдард есеп айырысулары мен төлемдерін жүргізеді.
Несиелік-айырысу міндеттемесі өзі қызментін орындауы барысында несиелік қатынастар туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы төлеу шарттарында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемемен әр түрлі субъектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың мазмұның анықтайды.
Несиелік есеп айырысу міндеттемесі ақша қаражаттары негізінде несиелік операцияларды орындауға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір саласы дегенді білдіреді. Оларды әр алуан несиелік институттар жүзеге асырады.
Несиенің негізгі буыны банктер, себебі, масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді.
Шаруашылық айналымға қызмет көрсетудегі операциялар ауқымы мен мәні бойынша қатынастары пайда болады, осы туындаған қатынастарды екі топқа бөлуге болады:
а) айырысу міндеттемесі;
б) несиелік міндеттеме.
Бұл екеуі бірімен бірі тығыз байланысып жатқан ұғым. Сондықтан да бұл екеуінсіз сатып алу-сату шартының, мүлікті жалдау шартының, комиссия және т.б. шарттардың ақшалай міндеттемелерін орындау мүмкін емес.
Мен өзімнің курстық жұмысымды жазу барысында ҚР-сы "Банк және банктік қызмет туралы" Заңын, "Ақша төлемі мен аударымы туралы" Заңын, "Ұлттық Банк туралы" Заңын, "Вексель айналамы туралы" Заңын және "Валюталық реттеу туралы" Заңын басшылыққа ал отырып жаздым.

Нормативтік-құқықтық актілер:
1. ҚР Конституциясы. 30.08.1995ж.
2. ҚР Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім). 27.12.1994ж.
3. ҚР Азаматтық Кодексі (Ерекше бөлім). 1.07.1999ж.
4. ҚР “Ұлттық Банкі туралы ” Заңы. 30.03.1995ж.
5. “Банк және банктік қызмет туралы” ҚР Президентінің заңы күші бар
жарлығы. 31.08.1998ж.
6. ҚР “Ақша төлемі мен аударымы туралы ” Заңы. 29.06.1998ж.
7. ҚР “Валюталық реттеу туралы ” Заңы. 24.12.1996ж.
8. ҚР “Вексель айналымы туралы ” Заңы.28.04.1997ж.
Арнайы әдебиеттер:
1. Жайлин Г.А. Гражданское право РК: Учебник.-Алматы: Данекер.
Т.1.2001г.
2. Төлеуғалиев Е. ҚР Азаматық құқығы. Оқу құралы.-Алматы: Жеті
жарғы,2001ж.
3. Гражданское право РК: Общая часть.-Алматы,1999г.
4. Гражданское право.//Под ред. А.Г. Калынина.-Москва,2000г.
5. Корнеев И.Л. Практикум по Гражданскому праву.-Москва,2000г.
6. Гражданское законодательство РК-толкования и комментирование.
Алматы,1998г.
7. Гражданское право РК: Общая часть: Учебное пособие в 2-х томах.
Алматы,1998г.
8. Осипов Е.Б. Правовая природа банковских договоров.-Алматы, 1997г.
9. Осипов Е.Б. Совершенствование банковского законодательства.
Алматы, 1995г.
10. Тосунян Г., Викулин А. Исключительная правоспособность банка.
Хозяйство и право. 1999г. №5.
11. Таимов М. Банковская гарантия.Внешно экономическая деятельность в
Казахстане. 1998г. №20
12. Корчевский С.П. Арест и обращение взыскание на денежные средства
юридических лиц, находящехся на банковских счетах. Бизнес и банки. 1999г. №17.
13. Медведов П.А. Банковское законодательство в условиях кризиса. Деньги и кредит. 1999г. №1

Мазмұны.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 б.
І тарау. Несиелік және айырысу міндеттемесінің жалпы сипаттамасы.
1.1. Несиелік және айырысу міндеттемесінің түсінігі ... ... ... ... ... ... ...4 б.
1.2. Заем шартынының түсінігі мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7 б.
1.3. Факторинг шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13 б.
ІІ тарау. Банктік қызмет көрсету.
2.1. Банктік шот шартына жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18 б.
2.2. Банк салымы шартының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21 б.
ІІІ тарау. Айырысу міндеттемесінің түсінігі.
3.1.Есеп айырысудың түсінігі, әдістері және жүйесі ... ... ... ... ... ... ... 26 б.
3.2. Вексель шартының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29 б.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 32 б.
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34 б.
Кіріспе.
Нарықтық экономикада несиелік-айырысу міндеттемесі-экономика, оның ішінде
банк жүйесінде маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындар, ұйымдард есеп
айырысулары мен төлемдерін жүргізеді.
Несиелік-айырысу міндеттемесі өзі қызментін орындауы барысында несиелік
қатынастар туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны
қайтару және ақы төлеу шарттарында қайта бөлуге байланысты несиелік
мекемемен әр түрлі субъектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік
қатынастардың мазмұның анықтайды.
Несиелік есеп айырысу міндеттемесі ақша қаражаттары негізінде несиелік
операцияларды орындауға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір саласы
дегенді білдіреді. Оларды әр алуан несиелік институттар жүзеге асырады.
Несиенің негізгі буыны банктер, себебі, масштабы және маңызы жөнінен
несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді.
Шаруашылық айналымға қызмет көрсетудегі операциялар ауқымы мен мәні
бойынша қатынастары пайда болады, осы туындаған қатынастарды екі топқа
бөлуге болады:
а) айырысу міндеттемесі;
б) несиелік міндеттеме.
Бұл екеуі бірімен бірі тығыз байланысып жатқан ұғым. Сондықтан да бұл
екеуінсіз сатып алу-сату шартының, мүлікті жалдау шартының, комиссия және
т.б. шарттардың ақшалай міндеттемелерін орындау мүмкін емес.
Мен өзімнің курстық жұмысымды жазу барысында ҚР-сы "Банк және банктік
қызмет туралы" Заңын, "Ақша төлемі мен аударымы туралы" Заңын, "Ұлттық Банк
туралы" Заңын, "Вексель айналамы туралы" Заңын және "Валюталық реттеу
туралы" Заңын басшылыққа ал отырып жаздым.
І тарау. Несиелік және айырысу міндеттемесінің жалпы сипаттамасы .
1.1. Несиелік және айырысу міндеттемесінің түсінігі.
Несиелік және айырысу міндеттемесіне түсінік беретін болсақ, оларға банк
шоты арқылы заңды және жеке тұлға ақша аудару және осы шоттарда сақтау
кезінде туындаған қатынастары жатады.
Несиелік және айырысу міндеттемесі акцессорлық міндеттеме емес, өзінше
дербес міндеттеме деп айтуға болады. Кей кезде ақша операцияларын жүргізу
құралы болып табылады. Мысалға, банктік шот шартын жатқызуға болады. Кейде,
ақша қаражаттарын айырысу кезінде бір субъектіден екіншісіне аудару кезінде
туындайтын құқықтық қатынастары болып табылады. Мысалы, ақша аудару шартын
жатқызуға болады[1].

Несиелік және айырысу міндеттемесі қазіргі кезде өте мәнді қатынастар
болып саналады. Кәсіпкерлік айналымда коммерциялық және заңды тұлғалардың
қолма қол ақшамен есеп айырысу мүмкін емес. Сондықтан да, бұл аталған
субъектілер несиелік және айырысу міндесттемесін тиімді деп есептейді.
Несиелік және айырысу кезінде субъектілер қолма қол есеп айырысуды
пайдаланады және бұл кезде субъектілердің қаржылық жағдайын мемлекеттік
тексеруді жүзеге асыратын органдардың жұмысы жеңілдейді.
Тауарлы шаруашылықта нақты ақшаның орнына несиелік және айырысу
мінеттемесін пайдалану үшін қажетті жаңдайлар жасалынған. Сатып алынған
тауармен көрсетілген қызметтер үшін қолма қол ақшасыз есеп айырысуға
байланысты, өзара есептесу бойынша бір шоттан екіншісіне ақша аудару қолма
қол ақша төлемін қысқартуға, ақша айналымының құрылымын жақсартуға, төлем
айналымын кеңейтуге мүмкіндік беріп, нәтижесінде айналыс шығындарын
азайтады. Қазіргі тауарлы шаруашылықта қарызға берілген құң шаруашылығының
айналымында жалпы ақшаның орнына жүрмейді, экономикалық айналымда ақшаны
тек уақытша алмастыру қызметін атқаратының айта кету керек.
Несиелендіру әр түрлі жолмен жүзеге асырылады. Оған коммерциялық
несиелендіруді жатқызуға болады. Коммерциялық несие-ол тауар өндірушінің
басқа тауар өндірушіге сатқан тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып,
оны қарызға береді. Әдетте коммерциялық несие аударым вексельімен
толтырылады[2].
Несиелік және айырысуды реттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл
мемлекеттің экономиканың басты саласын бақылаусыз қалдырмайтының білдіреді
және оны ҚР-сы Ұлттық Банкісінің көмегімен жүзеге асырады. Осыған
байланысты мемлекет несиелік және айырысу міндеттемесін тек қана азаматтық
құқықтың нормалары мен реттейтін қоймай мемлекеттің ақша және несие
саясатын құрылымын анықтайтын нормалармен де реттеледі. Сондықтан да
несиелік және айырысу міндетемесін реттеген кезде-әкімшілік, қаржылық және
құқықтың басқа да салаларының құқықтық актілері қолданылады. Мысалы, ҚР-сы
"Ұлттық Банк туралы" Заңы 30.03.1995ж., және "Банк және банктік қызмет
туралы" Заңы 31.08.1995ж.
Бұл екі аталған заңда көптеген өзгерістер мен толықтыруларды басынан
өткізді. Бұл заңдарда жария құқықтық нормалармен қоса, азаматтық құқықтық
актілер де бар.
Сонымен бірге, несиелік және айырысу міндеттемелерін реттейтін басқа да
нормативтік актілер қабылданған, атап айтсақ, ҚР-сы "Ақша төлемі мен
аударымы туралы" Заңы 29.06.1998ж., ҚР "Вексель айналымы туралы" Заңы
24.04.1997ж.
Көптеген ғалымдар вексельді құңды қағаз деп тұжырымдаса, біздің АК-те
құңды қағаздардың ішінен вексельді алап тастап, айырысудың төлем құжаты деп
өзгертті.
1.2. Заем шартының түсінігі мен түрлері.
Заем шарты бойынша 6ip тарап (заем беруші) басқа тараптың (заемінының)
меншігіне (шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына) ақша немесе тектік
белгілерімен айқындалған заттарды береді немесе шартта көзделген
жағдайларда оларды беруге міндеттенеді, ал заемшы заем берушіге дәл осындай
ақша сомасын немесе осы тектегі және сападағы заттардын тен мөлшерін
уақытында қайтаруға міндеттенеді (ҚР АК-нің 715-бабының 1-тармағы)[3].
Заңнамаларда көзделген реттерде заем шарты нақты шарт болып саналады,
яғни заем беруші ақша немесе мүлік берген кезде, міндетті тарап болып
заемшы табылады, ал заем беруші оған талап етуге құқылы. Біржақты шарттың
сипаты ҚР АК-нің 717 бабының 2-тармағында көзделген реттерде де өзінің
біржақты сипаты сақталып қалады. Заемшы белгілі бір сомадағы ақшаны немесе
мүлікті уақытында беруге міндетті болса, заем беруші келесі кезеңдерде ақша
немесе мүлікті беруге міндетті. бұл екі тараптың да бір біріне талап қоюға
құқылы екенің білдіреді. Заем шартында ақшаны немесе заттарды бөлшектеп
(бөліп-бөліп) беру көзделген жағдайларда, егер шартта өзгеше көзделмесе,
олардын 6ipiнші бөnлігi берілген кезден бастап шарт жасалды деп есептеледі.
Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, заем нысанасын
пайдаланғаны үшін заемшы шартта белгіленген мөлшерде заем берушіге сыйақы
төлейді. Егер заем шарты бойынша заемшыға заттар берілсе, сыйақы төлеу
олардың көлемі мен нысаны (ақшалай немесе заттай) шартта көзделген жағдайда
жүргізіледі (АК-тің 718 бабы).
Заем шартының нысаны.
АК-тің 151-152 баптары ережелеріне сәйкес заем шарты ауызша не жазбаша
нысанда жасалады. Заем шарты заемшының облигациясы, қолхаты немесе оған
заем берушінің белгілі бip соманы немесе заттардың белгілі бip мөлшерін
бергендігін куәландыратын өзге де құжат болған жағдайда да тиістi жазбаша
нысанда жасалды деп танылады.
Шартта тараптардың бір біріне қоятын талаптары, тараптардың міндеттері
мен біржақты тоқтатылу негіздері көрсетілуі тиісті.
2. Заем шарты заемінынын облиғациясы, колхаты немесе оған заем берушшщ
беяпш 6ip соманы немесе заттардьщ белгілі 6ip мөлшерін бергендапн
куэландыратьш өзге де кужат болған жагдайда да тиicтi жазбаша нысанда
жасалды деп танылады.
Заем шартының элементтері.
Заем шартының тараптары болып азаматтық құқықтың кез келген субъектілері
бола алады. Жеке тұлғалар заем шартының тарабы бола алмайды, себебі олар
тиесілі іс әрекет қабілеттікке ие емес. Бұл айтылғандар кейбір құқық
қабілетті арнайы сипатқа ие заңды тұлғаларға да тән. Бұл шартта заем беруші
болып тек қана өзінің жарғысында көзделген реттерде ғана қатыса алады.
Занды тұлғалар мен азаматтарға кәсіпкерлік қызмет ретінде азаматтардан
заем түрінде ақша тартуға тыйым салынады және мұндай шарттар олар жасалған
кезден бастап жарамсыз деп танылады.
Бұл тыйым салу заемшылар депозиттер қабылдауға Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің лицензиясы бар банктер болған жағдайларда, сондай-ақ
шығарылуы заңдарда белгіленген тәpтiппeн тіркелген бағалы қағаздарға ақшаны
айырбасқа қабылдау жағдайларында қолданылмайды.
Заем шартының заты.
Заем шартының заты болып ақшалар және мүліктер саналады. Заем шартының
заты болып мүліктік құқықтар бола алмайды. ҚР-сы "Ақша тқлемі мен аударымы
туралы" Заңының қолма-қол ақша қаражатына кеңінен түсініктеме береді, олар
азаматтық құқықтың дербес объектісі бола алады. Зем шартының заты болып
толық көлемде шетел валютасы бола алмайды, себебі Қр-сы "Валюталық реттеу
туралы" Заңының 1-бабына сәйкес ол валюталық құңдылыққа, ал меншік
құқығының және өзге де валюталық құңдылықтарға ауысуына байланысты
мәмілелер валюталық операцияларға жатқызылған[4].
Заем шартының мазмұны.
ҚР-сы АК-ның 719 бабының 2-тармағы заемның заттарын берудің ережелерін
бекітеді. Заем шартының мерзімі, көлемі, заем затын берудің талаптары
шартта көрсетілуі тиісті. Егер шартта өзгеше көзделмесе, заем нысанасы оны
заемшыға берген немесе оның банктегі шотына тиісті ақша қаражаты есептелген
кезден бастап берілген дeп eceптeлeдi.
Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заемшы заем
берудің шартта белгіленген мерзіміне дейін заем берушіні бұл туралы
хабардар ете отырып, заем алудан толық немесе ішінара бас тартуға құқылы.
Тектік бeлгiлepiмeн айқындалатын заттарды заемға берген кезде олардың
саны, түр-түсi, жинақтылығы, сапасы, ыдысы және (немесе) буып-түйілуі
туралы шарттарды орындау, егер шартта өзгеше көзделмесе, тауарларды сатып
алу-сату шарттары туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырылуға тиic (АК-тің
406-492 бабы).
Егер шартта өзгеше көзделмесе, заем нысанасыз болады және заемшы алынған
заем нысанасын өз қалауы бойынша пайдаланады.
Шарт заемшының заем нысанасын белггілі бip мақсатқа пайдалануы шартымен
(нысаналы заем) жасалған жағдайда, заем берушінің заемның нысаналы
пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар, ал заемшы заем берушінің
осындай бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Заемшы заем нысанасын нысаналы пайдалану жөніндегі міндеттерді, сонлай-ақ
АК-тің 720-бабының 2-тармағында көзделген міндеттерді орындамаған жағдайда
заем берушi заем нысанасының берілмеген бөлігіне қатысты шартты орындаудан
бас тартуға және заемшыдан заем нысанасын және ол бойынша сыйақыны
мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.
Заемшы шартта көзделген тәртіппен және мерзімде заем нысанасын қайтаруға
міндетті.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, заем нысанасы оны заем бepyшiгe берген
немесе оның банктегі шотына тиістi ақша есептелген кезде қайтарылды деп
есептеледі.
Егер заем нысанасын қайтару мерзімі шартта белгіленбесе, оны заемшы ол
туралы заем берушіге талап еткен күннен бастап отыз күн ішінде қайтаруы
тиіc.
Сыйақы төлеу туралы шартсыз берілген заем нысанасы мерзімінен бұрын
қайтарылуы мүмкін. Сыйақы төлеу шартымен берілген заем нысанасы заем
берушінің кeлiciмiмeн не, егер ол шартта көзделсе, мерзімінен бұрын
қайтарылуы мүмкін.
Егер шартта өзгеше белгіленбесе, заем бойынша сыйақы кез келген уақытта
мерзімінен бұрын төленуі мүмкін.
Заем берушінің келісімімен заемшының міндеттемелері: ақша заемы шарты
бойынша-борыш есебіне тектік белгілерімен айқындалған заттарды қабылдаумен;
заттар заемы шарты бойынша-борыштын есебіне ақша қабылдаумен орындалуы
мүмкін. Аталған заттардын құңы тараптардын келісімімен айқындалады.
Егер шартта заемды бөлшектеп (бөлек-бөлек) қайтару көзделсе, заемшы заем
нысанасының кезекті бөлігін қайтару үшін белгіленген мерзімді бұзған
жағдайда заем беруші заем нысанасының қалған барлық бөлігінің тиесілі
сыйақымен бipгe мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.
Егер шартта заем бойынша сыйақыны заем нысанасының өзін қайтару
мерзімдерінен бұрын төлеу көзделсе, сыйақыны төлеу үшін белгіленген мерзім
бұзылған жағдайда заем бepyшi заемшыдан заем нысанасын тиесілі сыйақымен
бipгe мepзiмiнeн бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.
Заем шартының түрлері.
ҚР АК-де заем шартының екі түрі көрсетілген:
1. Мемлекетік заем;
2. Банктік заем.
1. Мемлекеттік заем шарты бойынша заемшы-мемлекет, ал заем беруші-азамат
немесе заңды тұлға болады. Мемлекеттік заемдар epiктi болып табылады.
Мемлекеттік заем шарты заем игерушінің шығарылған мемлекеттік
облигацияларды, сондай-ақ заем берушінің заемшыдан одан қарызға беріген
ақшаны немесе заем талаптарына байланысты өзге де мүліктік баламаны,
белгіленген сыйақыны немесе өзгеде мүліктік құқықтарды осы заемды айналымға
шығару шарттарында көзделген мерзімде алу құқығын куәландыратын басқа да
мемлекеттік бағалы қағаздарды (құжаттық немесе құжаттық емес) алу жолымен
жасалады. Мемлекеттік заем шартынан туындайтын өз міндеттемелері бойынша,
заемшы тиісті қазынаның мүлкімен жауап береді. Қазақстан Республикасының
мемлекеттік заем қатынастарына қатысу ерекшеліктері заң aктiлepiмeн
белгіленуі мүмкін.
2. Банк заемы шарты бойынша заем беруші заемшыға қарызға ақша беруге
міндеттенеді. Банк заемы шартына Азаматтық Кодекстің 728-бабында көзделген
ерекшеліктерімен қоса заем шартына қатысты ережелер қолданылады.
Банк заемы шартының ерекшеліктері.
Банк заемы шартының мынадай ерекшеліктері бар:
1) заем беруші ақша нысанында заем беруге Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің лицензиясы бар банк немесе өзге де заңды тұлға болады;
2) шарттың нысанасы алдағы уақытта берілуі мүмкін ақша болып табылады.
Соңғы жағдайда шарт, егер осы шартта өзгеше көзделмесе, оның жасалған
кезінен бастап (АК-тің 393-бабының 1-тармағы) күшіне енді деп есептеледі;
3) шарт жазбаша түрде жасалуы тиіс. Жазбаша түрді сақшамау банк заемы
шартының жарамсыздығына әкеп соғады;
4) заемды мемлекеттік банктер берген немесе ол мемлекеттің ақша
қорларының есебінен берілген жағдайда заем берудің тәpтiбi мен шарттары заң
aктiлepiмен, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың актілерімен
реттелуі мүмкін. Бұл жағдайда заем беру заем берушінің міндеті болып
табылады, ал онын жасасқан шарты аталған заң актілерінде және (немесе)
уәкілетті органдардың актілерінде белгіленген ол үшін міндетті ережелерге
сәйкес болуға тиіс;
5) банктік заем шартына, банк заңдарында көзделген жағдайларды
қоспағанда, АК-тің 722-бабы 2-тармағының ережелері қолданылмайды[5].
1.3.Ақшалай талапты бepiп қаржыландыру (факторинг) шарты.
Факторинг (ағылшыншадан аударғанда-агент, делдал дегенді білдіреді)
клиенттің айналым капиталына несие берумен үйлесетін сауда-делдалдық
(комиссиялық) операцияларының бір түрі болып саналады.
Ақшалай талапты бepiп қаржыландыру шарты бойынша бip тарап (қаржы агенті)
ақшаны басқа тараптың (клиенттің) билігіне береді немесе беруге
міндеттенеді, ал клиент қаржы агентіне клиенттің (кредит берушінің) осы
үшінші тұлғамен (борышқормен) қатынастарынан туындайтын өзінің ақшалай
талабын қаржы агентіне береді немесе беруге міндеттенеді.
Борышқорға ақшалай талабын клиент қаржы агентіне сонымен бipгe клиенттің
қаржы агенті алдындағы міндеттемелерін атқаруын қамтамасыз ету мақсатында
да бepyi мүмкін.
Ақшалай талапты 6epiп қаржыландыру шарты бойынша қаржы агентінің
міңдеттемелері клиент үшін бухгалтерлік есеп жүргізуді және берудің
нысанасы болып табылатын ақшалай талаптарға (ақшалай талаптар бойынша
шоттар ашу) қатысты құжаттар ұсынуды, сондай-ақ клиентке осы талаптарға
байланысты өзге де қаржылық қызмет көрсетуді қамтуы мүмкін.
АК-пен белгіленген ( АК-тің 339-347-баптары) талаптарды беру туралы жалпы
ережелер, егер осы шартта өзгеше көзделмесе, ақшалай талапты 6epiп
қаржыландыруға қолданылады.
Факторинг кез келген өзінің формасында тауарлар мен қызметтерді өткізу
процесінде, яғни клиенттің дебиторлық берешегіне инкасса қою кезіндегі
өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы туындайтын төленбеген есеп айырысу
құжаттарымен (шот-фактуралармен) байланысты болады[6].
Банк жабдықтаушыдан тиеп жөнелтілген есеп-құжаттарын сатып алуды және
жабдықтаушының өнімдерді сатып алушыдан төлемдерді талап ету құқығын банкке
беруі факторингтік шарттың негізіне жатады. Сондықтан да факторингтік
шартты, сондай-ақ жабдықтаушылардың сатуына несие беру немесе жабдықтаушыға
факторингтік несие беру деп атайды.
Факторинг алғашқы бетте мамандандырылған сауда делдалдарының операциясы
ретінде пайда болып, одан кейінірек-сауда банктерінің операциясын
біріктіретін болды. Ол сондай-ақ ХVI-XVII ғасырлардың өзінде-ақ белгілі
болған еді. Бірақ, өткен жүз жылдықтың 60-шы жылдары ғана факторингтік
шарттар коммерциялық несиені вексель формасына ауыстырды және өнімдерді
өткізу процесінде қызмет көрсету үшін кең түрде қолданыла бастады.
Факторингтің екі түрі өмір сүреді: конвенциялық (ашық) және
конфиденциялдық (жабық).
Конвенциялық факторинг кезінде жабдықтаушы өзінің шоттарында талаптың
фактор фирмаға сатылғандығын көрсетеді. Конфиденциялдық факторинг кезінде
жабдықтаушы контрагенттердің ешқайсысы факторингтік компания арқылы сатуға
оған несие беру туралы хабардар етілмеген. Сондықтан да факторингтің
конфиденциялдық операцияларының құңы конвенциялыққа қарағанда жоғары және
басқа банктік несиелерден маңызды түрде қымбат.
Факторингтік шарт өнімдерді экспорттау кезінде кең дамуға ие болды.
Экспорттық факторинг жағдайында клиент өзінің шоттары бойынша барлық
төлемдерді алуға 100 % кепілдікті пайдаланады.
Нарықтық экономикалық елдерде факторингтік шарттармен, негізінен,
банктермен тығыз байланысты немесе олардың еншілес филиалдары болып
саналатын арнайы факторингтік компаниялар айналысады.
Факторинг шартының нысаны.
Ақшалай талапты беріп каржыландыру шарты АК-тің 346-бабында белгіленген
талаптарды сақтай отырып жазбаша түрде жасалуға тиіс. Яғни, жазбаша (жай
немесе нотариалды) түрде жасалған мәмілеге негізделген талап етуді беру
тиісті жазбаша түрде жасалуға тиіс.
Факторинг шартының элементі.
Факторингтік шарттың элементтері болып, банк операциясына жататын ақшалай
талап табылады. ҚР-сы "Банк және банктік қызмет туралы" Заңының 30-баыны
сәйкес фактортингтік операцияларды жүргізу үшін банкілерге және басқа заңды
тұлғаларға лицензияны Ұлттық Банк қана беруге құқылы.
Факторинг шартының қатысушыларының құқықтарымен міндеттері.
Факторинг шартына АК-тің 339-347 баптарында көзделген жалпы ережелер
қолданылады. Яғни, міндеттеме негізінде несие берушіге тиесілі құқықтың
(талап етудің ол мәміле (талап етуді беру) бойынша басқа адамға берілуі,
немесе ол құқық заң құжатының негізінде басқа адамға ауыстыруы мүмкін.
Несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысуы жөніндегі ережелер регресті
талаптарға қолданылмайды.
Несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысуы үшін, егер заң құжаттарында
немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқордың келісімі талап етілмейді.
Нсие беруші құқықтарының басқа адамға ауысқаны жөнінде борышқорға жазбаша
түрде хабарланса, жаңа несие беруші осыдан туындайтын өзіне қолайсыз
салдарға тәуескел етеді. Бұл жағдайда бастапқы несие берушіге міндеттемені
орындаған тиісті несие берушіге міндеттемені орындағаны тиісті несие
берушіге орындағаны болып табылады.
Міндеттеменің жекелеген түрлері бойынша талап ету құқығын берудің
ерекшеліктері заң актілерінде белгіленуі мүмкін.
Талап етуді берген бастапқы несие беруші жаңа несие берушінің алдында
оған берілген талаптардың жарамсыздығы үшін жауап береді, бірақ бұл талапты
борышқордың орындамағаны үшін бастапқы несие беруші жаңа несие берушінің
алдында борышқор үшін кепіл болуды өзіне алғаннан басқа жағдайда жауап
берілмейді.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, беру нысанасы болып табылатын ақшалай
талаптын жарамсыздығы үшін қаржы агентінің алдында клиент жауапты болады.
Ал, егер клиент ақшалай талапты беру құқығына ие болса және осы талапты
беру кезінде борышқордың ол талапты орындамауға құқығы болатын мән-жайлар
оған белгісіз болса, беру нысанасы болып табылатын ақшалай талап жарамды
деп танылады.
Егер клиент пен қаржы агентінің арасындағы шартта өзгеше көзделмесе,
клиент қаржы агенті оны орындауды ұсынған жағдайда беру нысанасы болып
табылатын талапты борышқордың орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны
үшін жауап бермейді (АК-тің 732 бабы).
Талапты беруге тыйым салудың жарамсыздығы.
Қаржы агентіне ақшалай талапты беру, тіпті клиент пен оның борышқоры
арасында оған тыйым салу немесе оны шектеу туралы келісім болғанда да
жарамды болып табылады. Ақшалай талапты кейін беру егер ақшалай талапты
бepiп қаржыландыру шартында өзгеше көзделмесе, қаржы агентінің ақшалай
талапты кейін беруіне жол берілмейді.Шартта ақшалай талапты кейін беруге
жол берілген жағдайларда оған тиісінше факторинг шартының ережелері
қолданылады. Борышқордың қаржы агентіне ақшалай талапты орындауы, борышқор
қаржы агентіне ол клиенттен немесе қаржы агентінен ақшалай талаптын аталған
қаржы агентіне берілгендігі туралы жазбаша хабарлама алған жағдайда төлем
жүргізуге міндетті. Хабарламада орындалуға жататын ақшалай талап нақты
белгіленуге және төлем жүргізілуі тиіс қаржы агенті көрсетілуі керек.
Борышкордың өтiнiшi бойынша қаржы агенті қисынды мерзімде борышқорға
ақшалай талаптың қаржы агентіне шындығында берілгеніне дәлелдеме ұсынуға
міндетті. Егер қаржы агенті бұл міндетті орындамаса, борышқор клиенттің
алдындағы өзінің мiндeттeмeлepiн орындау үшін оған аталған талап бойынша
төлем жүргізуге құқылы.
Борышқордың қаржы агенті алдында ақшалай талапты орындауы осы баптың
ережелеріне сәйкес борышқорды клиенттің алдындағы тиісті міндеттемелерінен
босатады (АК-тің 735 бабы).
Борышқордың қарсы талаптары, қаржы агенті борышқорға төлем жүргізуді
талап еткен жағдайда, борышқор АК-тің 370-бабына сәйкес талаптың қаржы
агентіне бepiлгeнi туралы жазбаша хабарламаны өзі алған уақытта борышқорда
болған, клиентпен арадағы шартқа негізделген өзінің ақшалай талаптарын
есепке алуға ұсынуға құқылы. Егер клиент борышқор алдында міндеттемелері
бар екені туралы оған хабарламаса, қаржы агенті есепке алудан бас тартуға
құқылы.
Қаржы агенті алған сомаларды борышқорға қайтаруі, клиент борышқормен
жасалған шарт бойынша өзінің міндеттемелерін бұзған жағдайда. соңғысы
агентке ауысқан талаптар бойынша өзі төлеген сомаларды, егер борышқордын
осындай соманы тікелей клиенттен алуға құқығы болса, қайтаруды қаржы
агентінен талап етуге құқығы жоқ.
Талапты берудің нәтижсінде қаржы агентіне төленген соманы тікелей
клиенттен алуға құқығы бар борышқордың қаржы агентінен бұл сомаларды
қайтаруды, егер сонғысының клиент алдындағы талаптын бepiлyi бойынша оны
қаржыландыруды жүзеге асырудагы міндеттерің орындамағаны не борышқордын
алдындағы талаптын берілуіне байланысты қаржыландыруға жататын міндеттемені
клиенттің орындамағаның біле тұра қаржыландыруды жүргізгені дәлелденсе,
дегенмен де талап етуге құқылы.
ІІ тарау. Банктік қызмет көрсету.
2.1. Банктік шот шарты.
Банктік шот шарты бойынша бip тарап (банк) екінші тараптын (клиенттің)
пайдасына түсетін ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші
тұлғаларға ақшаның тиісі сомаларын аудару (беру) туралы өкімдерін орындауға
және банктік шот шартында көзделген басқа да қызметтерді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz