Психологиялық қақтығыс


Мазмұны
Кіріспе . . . 4-7
1 Психологиялық қақтығыстың теориялық мәселелері
1. 1 «Қақтығыс» түсінігінің әлеуметтік психологиялық
мазмұны және топтастырылуы . . . 8-15
1. 2 Қақтығысты зерттеу және оны басқару әдістері . . . 16-24
1. 3 Қақтығысты жағдайларды алдын алу және шешу жолдары . . . 25-32
1. 4 Қарым-қатынас қиындықтары және білімгерлер
қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері . . . 33-47
2 Білімгерлер арасында қақтығысты жағдайды алдын алу және
психокоррекциялауды эксперимент арқылы зерттеу.
2. 1 Білімгерлер арасында қақтығысты жағдайды зерттеу . . . 48-50
2. 2 Білімгерлер арасында қақтығысты жағдайларды алдын
алу жолдары . . . 51-54
2. 2 Зерттеу нәтижесін жинақтау . . . 55-57
Қорытынды . . . 58-59
Әдебиеттер тізімі . . . 60-61
Қосымшалар
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі :
Соңғы жылдарда адамның жан дүниесімен сырласып, оның психологиясын зерттеуде психологтар мен социолог мамандар, ұстаздар мен басқару қызметіндегі жетекшілерге жете зер салып көңіл аударып отырған маңызды мәселенің бірі адамдар арасындағы қарым-қатынас жасап, олардың өзара тілдесе білулерінің құпия сыры және оның кілті неде? Деген мәселенің шешімін табу қазіргі өмір талабы.
Қарым-қатынас - бұл адамның басқа адамдармен өзіндік өзара әсерлесуі және біріккен іс-әрекетте өзара қатынасының дамуы. Қарым-қатынастық кедергілер қарым-қатынастың нәтижелігі біздің қоршаған ортаны және адамдарды қабылдауымызға байланысты. Олар психикалық кедергілер қарым-қатынастағы кедергілер адамның өзара үйлесімді ара қатынас жасауына түрлі сатыдағы кедергілер. Кейде біздің сөзіміз, іс-әрекетіміз қасымыздағы адамға немесе әріптесімізге дұрыс айтылып дұрыс қабылданбайды. Сондықтан олар қатынастың жасалуынан қашады [2] .
Мұның барлығы кез-келген коммуникация, екінші адамға әсер етуі, өзі туралы басқа адамға қатынасы, жанның тыныштығы т. б. Біріккен іс-әрекеттің тиімділігі, көбіне жеке тұлғалық және топтық мүмкіндіктердің қолайлы жүзеге асуына байланысты болады. Топтағы қолайлы ахуал тек оның нәтижелерінің өнімділігіне ғана әсер етпейді, сонымен бірге адамды қайта қалыптастырады, оның жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады. Осыған байланысты өзара әркеттесудің стилін үйлесімді ету қажеттілігі туындайды.
Адамдар жан-жақты дамыған қалпында жаралмаған, сондықтан реніштерді көңілге алып қалып, есесін түгелдей қайтару үшін ызамен жауап береді. Әрине, ренішті кешіре білу - бұл жоғары жетістік және этикамен қоса барлық діндер мұны құптайды. Бірақ осындай жетістікке барлық адам жете қоймаған өз ар-намысын, өз жан тыныштығын сақтау адамзат қажеттіліктерінң бірі болып табылады. Даулы мәселені шешуде адамның бойындағы барлық игі қаиеттерді қалыптастыру үшін адамдармен бірлесіп әр түрлі жаттығулар жасауы, өмірлік жағдаяттарға байланысты пікір алмасуы, оның дұрыс-бұрыстығын талқылауы жүйке жұмысының қызметін нығайтып, түрлі ауру-сырқаудың алдын алуға мүмкіндік береді.
Е. А. Климов атап көрсеткендей, адамдардың жеке-психологиялық ерекшеліктерін бейнелейтін іс-әрекеттің даралық стильдерінің сәйкес келуі - олардың қиналмай қарым- қатынас жасауларының негізгі шарттарының бірі.
Осындай мәселенің байыбын барлап оның себеп-салдарын анықтау, тиімді жолын табу әлеуметтік өмірде адамның мінез-құлқының қалыпты дамуын қамтамасыз ете алмай, оған зиянды әсер етері даусыз. Мұндай жағдайлар адам өмірінің шиеленіскен дағдарысты жағдайында қазіргі заман адамдарына ғана емес, болашақ ұрпақтың бойында да жағымсыз мінез-құлықтардың туындауына ықпал етуі мүмкін.
Қазіргі кезде сондай-жағымсыз қылықтар адамдар арасындағы қарым-қатынаста да жиі байқалып отыр. Қарым-қатынас жасау ақылды адамға ғана тән табиғи қасиет және ол адамның тіршілік бейнесі мен мәдени өмірінде, тұрмыс салтында, күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты шарт.
Қоғамдық өмірден нарықты экономикаға көшу барысында адамның әлеуметтік және кәсіби жүйедегі қақтығыс мөлшері бірден жоғарлады. Адамдармен жұмыс жүргізетін барлық мамандар қақтығыстың алдын алу, болдырмау және шешу заңдылықтарын толық меңгерулері тиіс.
Қақтығыс туралы мәселенің маңыздылығын аша отырып біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Білімгерлер арасында қақтығысты жағдайды алдын алу және психокоррекциялау» деп алдық.
Зерттеу мақсаты - қақтығыс туралы әдебиеттерге теориялық талдау жасау, тәжірибе арқылы білімгерлер арасында қақтығысты жағдайды алдын алу және психокоррекциялау
Зерттеу нысаны - білімгерлер арасындағы қақтығысты жағдай.
Зерттеу пәні - қақтығысты жағдайды алдын алу және психокоррекциялау.
Зерттеу болжамы - білімгерлердің күнделікті өмірдегі тілдесіп қақтығыссыз қарым-қатынас жасауының, оның рухани өмірі мен тіршілік бейнесінің қалыпты дамуына қаншалықты әсер ететіндігін түсінуге болады. Сондықтан әлеуметтік ахуал мен топтың қимыл әрекет стратегиялары арасындағы үйлесімді ұйымдастырып, қақтығысты жағдайлардың алдын алуға болады
Зерттеу міндеттері:
- Қақтығыс мәселесі турал психологиялық әдебиеттерге талдау жасау
- Қақатығыстың алдын алу және психокоррекциялау жолдарын қарастыру.
- Білімгерлер арасында қақтығысты жағдайлардың алдын алу жұмыстарын тәжірибеде қолдану.
Зерттеудің әдіснамалық негізі - білімгерлер арасындағы қақтығысты жағдайлар туралы мәселе психология білімінің теориялық ережелерін толықтырады, зерттеу мәселесіне байланысты конфликтология ғылымының мәні мен мазмұнын ашады.
Зерттеудің теориялық мәнділігі - зерттеудің ғылыми әдістері жүйесін мақсатты қолдану және теориялық тұрғыда негіздеу жүзеге асырылды.
Зерттеудің тәжірибелік мәні - зерттеу барысында қақтығысты жағдайды анықтайтын әдістемелер білімгерлерге бейімделіп пайдаланылды. Білімгерлер арасында қақатығысты жағдайды алдын алуға арналған әдістемелер жинақталды.
Зерттеу әдістері - ғылыми еңбектерге теориялық талдау, психодиагностикалық әдістемелер, бақылау, эксперимент, зерттеу нәтижелерін өңдеу және талдау.
Зерттеу базасы - Тараз қаласы.
Абай атындағы гумманитарлық колледж
Дипломдық жұмыстың көлемі және құрылымы:
Дипломдық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қорытынды және қосымшадан тұрады.
Зерттеу кезеңдері :
Зерттеудің бірінші кезеңінде қақатығыс мәселенің зерттеу заты мен нысаны анықталынып, болжам жасалды, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері құрастырылды. Сонымен қатар жұмыстың мазмұны мен негізгі бағыттары анықталынды. Әдебиеттер жинақталынды.
Зерттеудің екінші кезеңінде білімгерлердің қақтығысқа түсу деңгейі анықталынып, түзету - дамыту жұмыстары ұйымдастырылды.
Зерттеудің үшінші кезеңінде зерттеу жұмысымызға теориялық және тәжірибелік тұрғыда жалпылама қорытынды берілді.
1 Психологиялық қақтығыстың теориялық мәселелері
1. 1 «Қақтығыс» түсінігінің әлеуметтік психологиялық
мазмұны және топтастырылуы
Конфликт жер бетінде тіршіліктің пайда болуымен қатар дамыды десек, қателеспейтін шығармыз, өйткені тіршілік йесінің сұрыпталып, сақталуы үшін, тіршілік етуін жалғастыру үшін күрес жүргізуге тура келеді.
Алғашқы ғасырлардың өзінде-ақ адамзат өмірінде болған қақтығыстар мен олардың шешілу жолдары жайлы көп толғаған. Конфликт бұрыннан ғылыми зерттеудің обьектісі болмаса да, оның өзіндік тарихы бар және кейбір басқа ғылымдармен салыстырғанда оның тарихы көне заманнан бастау алады. Ежелде конфликтінің пайда болу себебі билік үшін, тіршілік үшін күрес соғыстары болған [9] .
Тарихтан бізге жеткен ежелгі грек философтарының айтылған даналықтарын қарастырсақ, антикалық философ Гераклит (530-470ж. б. з. д. ) . дүниеде барлық заттар мен, ұғымдар соғыстың арқасында пайда болған деп ойлайтын. Ол үшін «соғыс - барлық нәрсенің патшасы».
Гераклиттің ойымен бөліскен Эпикур (341-270ж. б. з. д), онда ұрыс адамдарды мейірімді және ұрыссыз өмір сүруге жетелейтін ұрыс деп тұжырымдады.
Бастапқыда адамдарды табиғатынан жүйкесі жұқарған деп санаған Аристотель (384-322ж. б. д) . Аристотель негізгі қақтығыстың қайнар көзі адамдардың тұрмыстық жағдайы-ның жоғары немесе төмендігінен туындайды.
Платон (472-347ж. б. з. д) - халық алдында құл иеленушілік мемлекетті жойып, күштеп жасалатын қақтығыстарға қарсы екенін айтып жеткізген. Ол соғыссыз өткен кезеңдерді «Алтын ғасыр» деп атады.
Орта ғасырда христиан философиясы библиямен сәйкес татулықты, адамгершілікті адамдар арасында татулықты дәлелдегісі келді. Осы тақырыпта ең ұлы ғалымның бірі Фома Аквинский (1224-1274) . Ол:
Сарбазды христиандыққа оқыту санаға симайтындығы туралы ой айтқан;
Ол соғысты күнә деп санаған, бірақ әділ соғыстың бар екендігі туралы, Отанды қорғау мақсатында және мемлекет тарапынан қастандықты жою, әділ соғысты жүргізуді жоққа шығармаған, яғни мақұлдаған.
Жаңару заманының ғалымдарының бірі Эразм Роттердамский(1469-1536) өз ойынша қақтығыстың нақтылығын белгіледі. Қақ-тығыстың тез өршитіндігі және жаңа адамдарды еліктіреді. Эразм Роттердамский қарсылас беттердің табысуы ұқсас рухани ойларды ұстанған жағдайларда қиын екендігі туралы айт-ты. Ал Фрэсис Бэкон (1561-1626) - қоғамдық ұрыстардың сылтауына талдау жасап, оларды қа-лайда жеңу жолдарын қарастырды. Ең басты қақтығыстың туындауы - халықтың төмен тұрмыстық жағдайы. Политикалық жағынан халықты үміттендіру өзіне көңілін аудару қақтығысты болдырмаудың ең мықты жолы деп санады.
Жаңа уақыт ағарту заманында ағылшындық демократтар мен француздық ағартушылар қанау, қарулы қақтығыстар туралы ойларымен бөлісті. Осы уақыттағы ірі тұлғалар Жан-Жак Руссо (1712-1778ж) - оның ойы бойынша адамдар бірдей және тәуелсіз деп санады Кейін мәдениеттің дамуымен бірге бұл қалыпты адамдар жіберіп алды Бірақ қоғамдық келісім шартқа отырып, олар татулық пен ауызбіршілікке қайта оралды
ХІХ-ХХ ғасырларда ғылыми жағынан қақтығыстарды зерттеп және келе-келе қақтығыс-тану өзінше ғылым болып танылды. Қақтығыстын құтыла алмайтын құбылыстарды қарас-тырып, мәңгілік қақтығыстардың себептері туралы теориялары туындап және олардың қайталалнуын қарастыру. Жаңа ғылымның қалыптасуына өз ойларын қосып дамытқан социологтар Томас Мальтус (1766-1834) - ол жұмыссыздықтың себебі халықтың экономикалық өсуіне қарағанда, халық санының артқандығын дәлелдеді. Осы арқылы ол халықтың өмір сүру үшін мәңгілік күресі бар екендігін, қақтығыстың осы себептен туындайтынын қо-ғамның даму факторы деп санады. Герберт Спенсер (1820-1903) - қоғам өмірінің негізі өмір сүру үшін көбінесе бейімдел-ген жеке тұлға күресінің ұстанымы деп есептеді.
Уильям Самнер (1840-1910) - өмір сүру үшін күрес ең басты прогрестік фактор болып табылады. Өмірде әлсіздер, нашар адамдар қауымы өліп, ал жеңімпаздар ең мықты адам және құнды адамдар болып табылады. Уильям Самнер мемлекеттің Қоғам өміріне арала-суына қарсы болған, социолизмге сөгіс айтып әлемді жақсарту идеясына теріс қараған.
Карл Маркс (1818-1883) - автор қақтығыстың социологиялық теорияларын бекітіп, со-циологиялық қақтығыстар ұжымдық күресте қоғам өиірінде өшпейтін құбылыс. Капита-листік қоғамның қақтығысуының себебі жұьысшылар мен капиталистердің табыспайтын-дығынан тұрады.
Толкотт Паронстың Қақтығыстардың қазіргі теориясы бойынша ол даудамайсыз қатынас жүйесін жақтайды. Халықтың табиғи көңіл-күйі-әлеуметтік жағдай, ал қақтығыс қоғамның кеселі, ол кеселді емдеу керек дейді. Парсонс әлеуметтік өсу кезеңінде қақтығыс қалыптасқан еді. Халықтың қажеттілігі мен талабы өсуіне байланысты, қақтығыста, қарама-қайшылықта өседі.
Қоғамға психологиялық қысым көрсету өте қауыпты, ол өсу жүйесін талқандайды. Қоғамның өсуі қалыпты жүйелі түрде қалыптасу керек:
1. Қоғамның қажеттілігін және оның мүшесінің мүддесін өнеу жолымен;
2. Әрбір қоғам мүшесін белгілі бақылау арқылы, белгілі жүйеде тәрбиелеу;
3. Жеке қажеттілік пен қоғам қажеттілігін біріктіру, ұштастыру арқылы
Элтон Мэйоның адам қарым - қатынасының мектебі. Бұл мектептің мүшелері қақты-ғысты әлеуметтік ауытқу деп қарайды. Қоғамның табиғи қалыптасуы - бұл үндестік және әлеуметтік үйлесім. Элтон Мэйо кәсіпкерлер арасында бейбітшілік ынтымақ болуына үгіт-тейді, ал қақтығысты әлеуметтік кесел деп санап, бірқалыпты бірлесу бұл қазіргі қоғам-ның өсу белгісі. Жеке өсуді, ұжымдық түрде өсуге алмастыру керек деді. Адамдар арасын-да тыныштық пен бейбітшілік және жұмысына деген қызығушылық болады. Олар:
1. Жаңа өмір жағдайына икемделу. 2. Экономикалық өсу.
3. Бәсекелестің өсуі.
Кеннет Боулдинг қақтығыстың теориясы адамның жаратылу табиғатында зорлау, жан-жалдасу пайда болған. Ол бұл жағдайды әр түрлі бағытта қарайды, биология, физика тер-миндері бойынша:
Барлық дау-дамай әр түрлі себептермен болады, бірақ алдын алу басып тастауға да бола-ды:
1. Қақтығыстың болу себебін анықтау.
2. Оны басып тастаудың себебін дұрыс табу.
3. Адамның адамгершілік ой-өрісін дамыту.
Қақтығыстың болмауы мүмкін емс, техника жетістіктерінің өсуіне байланысты, адам өмірі өзгерсе де адамның табиғатында қалыптасқан бұл әдет жойылмады. Олардың ойлауынша қақтығыстың болуы адамның тұрған ортасының әсері зор. Қақтығыс қоғамның дамуна зиян келтіреді деп түсіндірді.
А. Г. Здаромысловтың еңбегі қақтығыстың әлеуметтілігі . Мұнда қақтығыс политикалық көзқараспен испатталады. Қақтығыс - дұрыс қоғамда керек нәрсе, өте қажетті құбылыс. Бұ-ған немқұрайлы қарамай белгілі тәртіпке бағынып әділетті шешу қажет [14] .
Қақтығысты жағдайлардың туындауы, оның дамуы және шешу жолдары. Қақтығыс түсінігі, қақтығысты жағдай. Психологиялық заңдылықтары мен себептері. Қақтығысты жағдайды шешудің конструктивті жүесі және өзіндік ерекшеліктері. Қақтығыс типтері: жазық және көлденең.
Қақтығыс түрлері:
- іскерлік өндірістік;
- топаралық;
- тұлғаралық;
- рольдік;
- тұлға ішіндегі;
- энтоұлттық;
- саяси;
- монокаузальды;
Қақтығыстың пайда болу дәрежесіне қарай: ашық, жабық, кездейсоқ және әдейі азғырушы болып бөлінуі.
Қақтығыс нәтижесінің: деструктивтілігі және конструктивтілігі
Қақтығысты әрекеттесудің процесінде оның қатысушылары әртүрлңі ойларын айту мүмкіндігін иелегнелі, шешім қабылдауда альтернитивалардың көптгін көрсету, және бұл қақтығыстың маңызды позитивті мәні болып табылады.
Топаралық және тұлғаралық қақтығыс бұл индивид пен топтың немес топтардың өздерінің арсындағы қақтығыс болып табылады.
Қақтығыстарды түрлерге бөлу шартты ғана, оның түрлері арасында қатаң шекара жоқ және тәжірибеде мынадай қақтығыстар туындайды: ұйымдастырушы, вертикалды, тұлға аралық, горизонталды, ашық, топ аралық және т. б.
Қарастырылған қақтығыстар әртүрлі қызметтер, позитивті де, негативті де, қызметтер атқаруы мүмкін.
Отбасында кездесетін қақтығыстар. Ерлі-зайыптылар жүріс-тұрысына психологиялық талдау жасау. Ата-ана мен бала арасындағы қақтығыстар. Жас ерекшелік деңгейге байланысты пайда болатын қақтығыстар. Жас ерекшелік дағдарысы. Күнделікті өмірде жиі кездесетін қақтығыстар. Педагогикалық қақтығыс: құрылымы, динамикасы.
Өндіріс орындарында ұжымдар ішінде туындап отыратын талас тартысты, дау-дамайлы мәселелер негізінен жеке адамдардың мақсат мүдделерінің, көзқарастары мен қалыпты жағдайлардың өзгеруіне, олардың жеке бастарының мінез-құлық ерекшеліктеріне қанағаттанбау сезімінің салдарынан туындап жатады. Ал қақтығыс ұжымдарда олардың іс-әрекеттерін дұрыс ұйымдастыра алмай іскерлік қасиеттерінің тоқырап қалуына әкеп соқтырады. Сөйтіп талас-тартыстың шығуы негізінен тоқырап қалуға қарсы күрес жүргізуге байланысты екенін аңғартады. Қақтығыс әсіресе жеке адамадардың өзара жалпы тіл тауып түсінісе алмау салдарынан шығады. Өйткені әрбір адамның даралық ерекшеліктері, көзқарастары мен өмір тәжірибесі түрліше. Сондай ақ дау-дамай әрбір адамның өзгелерден тәуелсіз өзіндік міне-құлқына орай бостандықты қалауы деп те түсінуіміз керек. Дегенімен қақтығыс жағымсыз, ұнамсыз жақтарымен бірге, пайдалы да ұнамды сипаттары болатыны атап айтуға тиіспіз.
Қақтығыстың шығу дәрежесіне қарай төрт қақтығысты жағдай және тәрт инцидент типтері анықталынды: әдейі-мақсаттылық, әділ-мақсатталмаған, субъективті (өз пікірінше, өздігіне) мақсаттылық, субъективті-мақсатталмаған
Қақтығыс жағдайлары мен инцидент парамаетрлеріне белгілей келе біз түрлі қақтығыстарды анықтаймыз. адамның еңбек әрекеті кезінде болатың қақтығыстар іскерлік деп аталады. іскерлік қақтығыстардың нәтижесі эмоционалд-тұлғалық қақтығысқа ауысады.
Тұлғалық қақтығыс сипаттамасы, комплекстер, жоғары өзіндік баға, ескертулер, сын қою, жағымсыз психикалық жағдай, өзінің қауіпсіздігіне үрейлену және тб.
Тұлғаралық қақтығыстың себептеріне сипаттама. Мінездердің сәйкес еместігі, қызығушылықтардың қарама-қарсылығы, ішкі өкпе және қарсы тұру, кеңестерді ілу.
Өндірістің іскерлік қақтығыстың себептері: еңбек келісімі, құқық пен мідеттердің сай келмеуі, бәсеке, жалақыға қанағаттанбау, еңбек және жұмыстағы бірқалыпты жағдайдың нашарлығы, басшы беделі, этиканы сақтамау, алдау және тб.
Тұлға аралық қақтығыс - проблемді-қақтығысты ситуация, мұнда адамдар мақсаты, құндылық және нормалары сәйкес келмейтін бір-бірінен өзара қарым-қатынас жүргізуге тырысады немесе қатаң бәсекелесу нәтижесінде бір мақсатқа жетуге тырысады, бірақ қақтығысқа түсуші бір топ немесе жақ жетістікке жетеді .
Топаралық қақтығыс - тұлға аралық қақтығыстың бір түрі. Мұнда қақтығысқа түсуші жақ әлеуметтік топ, бір-бірінен іс-әрекеттері арқылы кедергі жасайды және мақсаттары әртүрі :
а) рөльдік қақтығыс - бір жағдайда адамдардан бірдей екі немесе сәйкес келмейтін бірнеше рольдердң орындауды талап етеді және мінез-құлық типтері.
б) моно және поликаузальді қақтығыс(латынша, causa-себеп), өзіндік ретінде бір немесе бірнеше себептер сәйкестенеді.
Тұлғааралық және өндірістік қақтығыстар бірнеше себептерден тұрады.
Ішкі тұлғалық қақтығыс - ол бір адамды қызығу, қажеттілік және мотивтердің қарама-қарсы соқтығысуынан пайда болады. Олардың негізгі тұлғаның негативті психологиялық жағдайы : ішкі уайым, реніш, көңіл қалу.
Психолог К. Левин ішкі тұлғалық қақтығыстың бірнеше түрлерін анықтады:
а) «Жақындасу-жақындасу» - ситуация, мұнда адамға екі шешімнен біреуін таңдау талап етіледі.
б) «Жақындасу-жою» -ситуация, мұнда таңдауда жағымды және жағымсыз бірдей екі жақ байланыс қатысады.
в) «Жойылу-жойылу» - жағымсыз субъективті қойылым.
Қақтығысты жеке тұлға - ол басқа жеке тұлғаға немесе ұжымға өзіндік пікірі жоғары, үнемі ырзалық білдірмейтін, шағымданушы адамдар.
Ішкі тұлғалық қақтығыс жиі созылмалы және қиын шешілетін мінез-құлық көрсетеді, қайта ол адамды тәрбиелеу және өмірге көз қарасын өзгерту әлдеқайда қиын.
1. 2 Қақтығысты зерттеу және оны басқару әдістері
Қақтығыстың дамып - өршуі мынадай этаптардан өтеді:
І. Қақтығысқа қатысушылар арасындағы қысымның біртіндеп өршуі.
ІІ. Проблемді жағдайлар санының көбеюі және бастапқы мәселенің тереңдеуі.
ІІІ. Қақтығысқа қатысушылар белсенділігінің жоғарлауы, қақтығысқа жаңа адамның енуі.
ІҮ. Эмоционалды қысымның өршуі, қақтығысқа қатысушының әрекетін қадағалау, ол кейде ұйымдастырылмауы қақтығысқа қатысушылар мінез - құлқына әсер етеді.
Ү. Проблемді жағдайдың п. б. және қақтығысқа жалпы қатысушылардың қатынасуының өзгеруі.
Еңбек ұжымының психологиялық климатына қақтығыстың әсер етуі деструктивтіге бөледі, мүнда өзара қарым - қатынас іштей бөлінеді және бұзушы қақтығысқа өтеді, дискомфорт және санасу. Ал конструктивті творчестволық ұжымдағы жағыдайды реттейді. Кейде қақтығыс жағымды жағыдайды тудырады, олар тәртіпке келтіру және еңбекті бұзушылықты жұмыстағы келіспеушіліктерді анықтайды, іскерлік қарым - қатынасты жақсартады. Барлық қақтығыстар, көлеміне қарамастан біртекті динамикалық схема түрінде дамиды. Деструктивті класикалық үшбұрыш принципі бойынша тізіледі
белсенді енжар
дәнекер
Белсенді қақтығысқа түсуші - қақтығыс кезінде авторитарлы және этикаға жатпайтын жағдайларды қолданады: агрессия, қысым, қорқыту және т. б.
Енжар қақтығысқа түсуші - жалтақтап, үндемей және қақтығыстан күрессіз шығуға тырысады. Егер белсенді қақтығысқа түсуші соңында кейде кінәлі сезімінде болса, ал белсенді қақтығысқа түсуші - тек қана реніште болады.
Дәнекер үшінші рольге енеді, авторитетті екеуіне қарағанда. Ол қақтығысты шешуге көмектеседі. ол конфликтолог - маман болуы мүмкін. Қақтығыста екі жағымсыз тактика көрінеді:
күрес - қашу
ұтыс - ұтылыс
Күресте серіктес өзін агрессивті ұстайды: қарсыласты үнемі үзіп отырады, өзінің көзқарасын ғана көреді, өзінікі дұрыс деп санайды, қорқытады және ренжітеді.
Қашуда қақтығыстан шығу мақсатын көздейді, мінезіндегі көріністер: үндеушілік, жалоб, кейде өзіне өкпелеу және бір нәрсені дәлелдеуге қызығушылығының болмауы, «маған бәрібір» позициясын ұстанады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz